Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.

бет1/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
 
 
 
 
 
 
БҚМУ 
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
Жылына 4 рет шығады 
 
 
№ 1 (61) - 2016 
 
 
ВЕСТНИК ЗКГУ 
Выходит 4 раза в год 
 
 
 
 
 
Орал-Уральск 
 
 
 
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН 
МЕМЛЕКЕТТІК 
УНИВЕРСИТЕТІ 
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ 
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ  
УНИВЕРСИТЕТ  
им. М. УТЕМИСОВА 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 

 
 
 
Выпуск  
1 (61) 
шығарылым
 
Қаңтар –
 
Январь, Ақпан –
 
Февраль, Наурыз 

Март
 
Педагогика,
 
филология,тарих 
 
Педагогика, филология, история 
 
Бас редактор  Главный редактор
ИМАНҒАЛИЕВ А.С. 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор/ 
доктор педагогических  наук, професор 
 
Бас редақторының орынбасары – 
 Заместитель главного редактора 
Ғ.И.ИМАШЕВ 
п.ғ.д.,  М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры 
д.п.н., проректор по НР и МС ЗКГУ им. М.Утемисова 
 
Редакция алқасы – Редакционная коллегия: 
 
Т. Вюнш
 

 
философия докторы (
PhD)
, профессор,
 
доктор философии (
PhD)
, профессор,
 
Пассау университеті (Германия, Пассау қ.)
 
доктор философии (
PhD)
, профессор,
 
Университет
 
Пассау
 
(Германия, г. Пассау)
 
П.М. Кольцов
 - 
т.ғ.д., профессор, Қалмақ мемлекеттік 
 
университеті (Ресей, Элиста қ.)
 
д.и.н., профессор, Калмыцкий
 
государственный университет (Россия, г. Элиста)
 
А.С. Тасмағамбетов
 - 
т.ғ.д., доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, бірінші 
проректор
   
д.и.н., доцент, первый проректор
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Т.З. Рысбеков
 - 
т.ғ.д., профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.и.н., профессор, ЗКГУ им. М.Утемисова
 
А.С. Турчин
 - 
психол.ғ.д., доцент, Иванов мемлекеттік
                                 
университеті (Ресей, Иванов қ.)
 
д.психол.н., доцент, Ивановский
 
государственный университет (Россия, г. Иванов)
 
А.С. Қыдыршаев 
- 
 
п.ғ.д., профессор, 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.п.н., профессор,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Ж.И.Сардарова 
- 
п.ғ.д.,М.Өтемісов  атындағы БҚМУ
 
д.п.н., ЗКГУ им. М.Утемисова
 
А.В. Скали
 

 
 
 
п.ғ.к., доцент, Экономика университеті
 
(Польша, Быдгощ қ.)
 
д.п.н., доцент,
 
Университет экономики (Польша, г. Быдгощ)
 
К. Кайнер
 - 
ф.ғ.д., профессор, Йоханнес Гутенберг
 
атындағы университет (Германия, Майнц қ.)
 
д.ф.н., профессор, Университет 
 
им. Йоханнеса Гутенберга (Германия, г. Майнц)
 
А.Р. Габидуллина
 -   
ф.ғ.д., профессор, 
 
Донбасс  мемлекеттік  педагогикалық  университеті 
(Украина, Горловка қ.)
 
д.ф.н., профессор, Донбасский
 
государственный педагогический университет
 
(Украина, г. Горловка)
 
М.К. Бисемалиева
 - 
ф.ғ.д., профессор,
 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.ф.н., профессор,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Г.К. Хасанов
 - 
ф.ғ.д., профессор, 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.ф.н., профессор,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
А.Г. Абуханова
 - 
ф.ғ.к., доцент,
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
к.ф.н., доцент,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
 
 
 
2000 жылдан бастап шығарылады. Жылына 4 рет шығады. 
Жинақ  ҚР  Қоғамдық  келісім  және  ақпарат,  мәдениет  министрлігінің  келісімімен  07.12.1999ж.  тіркеліп, 
№971 – Ж куәлігі берілген. 
Жинақ  ҚР  Қоғамдық  келісім  және  ақпарат,  мәдениет  министрлігінің  келісімімен  09.08.2000ж.  қайта 
тіркеліп, №1432 – Ж  куәлігі берілген. 
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің келісімімен мерзімді баспасөз 
басылымдарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін 26.01.2011ж. есепке алу туралы №11389-Ж куәлігі берілген. 
Жинақ  филология, тарих  және  педагогика  ғылымдары  бойынша  диссертациясының  негізгі  нәтижелерін 
жариялау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен ғылыми 
басылым Тізіміне енді. 
Издается с 2000 года. Выходит 4 раза в год.  
Свидетельство  о  регистрации  издания  №  971-Ж  от  07.12.1999г.  выдано  Министерством  культуры, 
информации и общественного согласия РК. 
Свидетельство  о  перерегистрации  №1432-Ж  от  09.08.2000г.  выдано  Министерством  культуры, 
информации и общественного согласия РК. 
Свидетельство  о  постановке  на  учет  периодического  печатного  издания  и  (или)  информационного 
агентства    №11389-Ж  от  26.01.2011г.  выдано  Комитетом  информации  и  архивов  Министерства  связи  и 
информации РК. 
Журнал  включен  в  Перечень  научных  изданий  Комитета  по  контролю  в  сфере  образования  и  науки 
Республики  Казахстан,  рекомендованных  для  публикации  основных  результатов  диссертаций  по 
филологическим, историческим и педагогическим наукам.    
 
ISSN 1680-0761 

 М.Өтемісов атындағы БҚМУ,  2016.  
ТІРКЕУ НӨМІРІ  1432
-
Ж
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 

 
 
 
 
 ПЕДАГОГИКА
 
ПЕДАГОГИКА 
PEDAGOGICS
 
 
ӘОЖ: 378.5      
   
Иманғалиев А.С. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
                                             Булекбаева Г.М. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
магистранты 
Е-mail: gulpok_zko@mail.ru 
 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН  
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
                   
Аннотация.  Мақалада  мектепке  дейінгі  мекеме  жағдайында    сөйлеу  тілі 
жалпы дамымаған балалардың қарым-қатынас қабілетін қалыптастырудың құралы 
ретінде сөйлеу әдебіне үйретудің теориясы мен әдістемесі қарастырылады. 
Тірек  сөздер:  мектепке  дейінгі  мекеме,  мектепке  дейінгі  ересек  жастағы 
бала,  қарым-қатынас,  қабілет,  қарым-қатынас  қабілеттері,    сөйлеу  тілі  жалпы 
дамымаған бала. 
 
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен 
тәжірибенің  жетістіктері  негізінде  алынған  білімді  нақты  жағдайда  пайдалану 
икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке 
тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  өз  кезегінде,  қазіргі  қоғамның 
талаптары    білім    берудің    жалпы  және  арнайы  психология  мен  педагогика 
ғылымдарының  салаларында  басым  өзгерістер  енгізілуіне  себеп  болып  отыр. 
Сондықтан  да  бүгінгі  таңда  барынша  қалыпты  баланың  болсын,  ерекше 
қажеттіліктері, қабілеттіктері бар баланың болсын, тұлғалық қалыптасуына, дамуына 
бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жолдарын іздестіру үлкен маңызға ие.  
Қазіргі  уақытта  әлем  бойынша  дамуында  кемшіліктері  бар  балалар  мен 
жасөспірімдерді  қоғамға  әлеуметтік  бейімдеу  мәселесіне  ерекше  назар  аударылуда. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  инклюзивті  білім  беру  жүйесін  дамыту  міндеті 
көзделген  [1].  Баланың  толық  тұлғалық,  жағымды  психофизиологиялық  дамуын 
қалыптастыру, мектепте дұрыс білім алуы үшін уақытында сөйлеу тілін меңгеру өте 
маңызды.  Осыған  байланысты,  соңғы  кездері  арнайы  психология  мен  педагогикада 
мектепке дейінгі жастағы сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалар үлкен қызығушылық 
тудырып отыр. 
Инклюзивті  білім  берудің  негізгі  бағыттары  мен  идеялары  Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  [2],  «Қазақстан  Республикасындағы 
баланың  құқықтары  туралы»  Заң  [3],  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік, 
медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заң [4] және Елбасымыз 
Н.Ә.  Назарбаев  ұсынған  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясында  [5]  айрықша 
көрсетілген. 
Қазақстан 
Республикасының 
«Кемтар 
балаларды 
әлеуметтік 
және 
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы дамуында кемістігі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 

бар  балаларға  көмек  көрсетудің  тиімді  жүйесін  жасауға,  оларды  тәрбиелеу,  оқыту, 
еңбекке  және  кәсіби  даярлау  ісімен  байланысты  проблеманы    шешуге,  балалар 
мүгедегінің алдын алуға бағытталған [6]. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  сөйлеу  тілінің  түрлі  кемістіктері  кездеседі. 
Олардың  ішіндегі  жиі  кездесетіні  және  күрделісінің  бірі  –  сөйлеу  тілінің  жалпы 
дамымауы (СТЖД). Логопедияда сөйлеу тілінің жалпы дамымауы – бұл есту қабілеті 
мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты 
сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының   бұзылуынан 
болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. Мұндай тіл кемістігі бар балалардың саны 
күннен күнге көбеюде.     
Сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  балаларды  қарастыру  бойынша  жүргізілген 
көптеген зерттеулер және оларға деген қызығушылықтар көптеген түрлі астарларда 
болып  отыр.  Атап  айтқанда,  клиникалық  (Е.М.Мастюкова,  О.О.Шацкая,                             
С.Н. Шаховская және т.б.), психолингвистикалық (В.К. Воробьева, Б.М. Гриншпун, 
В.А.Ковшиков және т.б.), психологиялық-педагогикалық (В.П.Глухов, Г.С.Гуменная, 
Л.Н.  Ефименкова,  Н.С.  Жукова  және  т.б.)  қарастырылуына  қарамастан,  фонетика-
фонематикалық, лексика-грамматикалық бұзылыстар, байланыстырып сөйлеу тілінің 
қалыптаспауы,  жеке  психикалық  функциялардың  жетілмеуі,    сөйлеу  тілі  жалпы 
дамымауын  жою  мәселелері  толық  ашылмаған.  Сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған 
балаларды  тұрақты  лексика-грамматикалық  және  фонетика-фонематикалық 
бұзылыстар  -  сөйлеу  процесі  мен  сөйлеу  тілін  қабылдау  процесін  қамтамасыз  етіп 
отырушы,  өздігінен  дамитын  сөздік  дағдылары  мен  біліктіліктерінің  қалыптасу 
мүмкіндіктерін  шектейтіні  дәлелденген.  Сонымен  қатар,  контексті  сөйлеу  тілінің 
жүзеге асуында құрылымдық-семантикалық жетілмеуі тән болып табылады.  
Сонымен  қатар,  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардағы  жалпы  сөйлеу  тілінің 
дамымауын  жою  мәселелерін  қарым-қатынас  астарларында  қазіргі  уақытқа  дейін 
шешімін  таппаған  теориялық  және  практикалық  мәселелер  болып  отыр. 
Қарастырылып  отырған  зерттеудің  өзектілігі,  ондағы  қарым-қатынас  мәдениетінің 
құрамды  бөлігі  ретінде  сөйлеу  тілінің  әдебін  меңгеру  арқылы    сөйлеу  тілі  жалпы 
дамымаған баланың әлеуметтік бейімделуін жүзеге асырумен анықталады. Мектепке 
дейінгі  жастағы  балалар  да,  оқушылар  да  күнделікті  өмірде  түрлі  типтегі  әдепті 
қажеттіліктермен  кездесіп  отырады.  Демек,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды 
қарым-қатынастың типтік жағдайларында саналы, дұрыс жауап беруге үйрету керек.         
Логопедияда  қарым-қатынас  қабілеттерін  қалыптастыру  тілдің  семантикалық 
және  грамматикалық  аспектілерінің  бірлігінде  қарастырылады.  Сөйлеу  тілінің  әдебі 
формулалар  мен  пікірлердің  бірлігі  ретінде,  лексикалық  мағынасы  мен 
грамматикалық әрленуі қарым-қатынас жағдайына тәуелді болады. 
Осы орайда, мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың қарым-қатынас 
қабілетін болады. 
Қарым-қатынас  қабілеттерін  сөйлеу  әдебі  арқылы  қалыптастыру  туралы 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және практикаға талдау жасау негізінде 
келесі тұжырым жасадық:  
1.
 
Сөйлеу  әдебіне  оқыту,  мектепке  дейінгі  баланың  жан-жақты  дамуына 
жағымды  әсер  етеді.  Қазіргі  кезде  сөйлеу  әдебіне  оқыту  қарым-қатынаста  маңызды 
рөл атқарады, баланың жүйке жүйесіне салмақ түсірмейді. 
2.
 
Сөйлеу  әдебін  игеру,  сөйлеу  тіліне  қызығушылық,  тәртіп  ережелерін 
сақтап қарым-қатынасқа түсуді қалау мектеп жасына дейінгі ересек балаларға тән. 
Н.И.Формановская  сөйлеу  әдебіне  былайша  анықтама  береді:  қарым-
қатынасты  таңдалған  үндестілікке  байланысты  қолдаудың  және  тоқтатудың, 
сөйлеушімен  байланысты  орнатудың  қоғам  қабылдаған  және  ұйғарған  қарым-
қатынастың ұлттық ерекшеліктегі таптаурынды орнықты формулалардың жүйесі [7]. 
Осыған  орай,  сөйлеу  әдебі  –  бұл  мінез-құлықтың  әдебін  сөзбен  көрсетіп,  тіл  мен 
сөйлеудің  белгілі  аймағы.  Сөйлеу  әдебі  ұғымына  лингвистикалық  (сөйлеу)  және 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 

қылықтың  астарлары  кіреді.  Бұл  сөйлеу  әдебінің  қызметінің  аясымен  анықталатын 
білімдердің,  іскерліктердің  және  дағдылардың  кешенінің  мазмұнының  негізгі 
бағыттарын анықтау үшін маңызды.  
Қарым-қатынас мәдениетін, сөйлеу әдебіне оқыту үшін маңызды алғы шарты 
ретінде,  мектепке  дейінгі  ересек  балалардың  еркін  үрдісте  қалыптаса  бастауы 
баланың  мақсатқа  бағытталған  қоршаған  ортамен  араласуымен  тәрбиелеудің  негізі 
болып табылады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  мәдени  қарым-қатынасқа  тәрбиелеу  үшін, 
мектеп жасына дейінгі ересек балалар қолайлы екені дәлелдеген. 
Сөйлеу тілі  әдебіне оқытуды біз келесі мазмұнда түсінеміз: 
-
 
қажеттілікті құру және орнықтыруға талпыныс пен айналасындағылармен оң 
қарым-қатынасқа түсіп оны, жалғастыру; 
-
 
нақты сөйлеу тілінде қарым-қатынас  әдебінің формуласын игеру; 
-
 
әр  түрлі жағдайда  және әңгімелесуде әдеп құралдарын қолдану ерекшелігін 
түсіну және сезіну қабілеттерін қалыптастыру; 
-
 
ересектермен және қатарластарымен қарым-қатынасын қалыптастыру. 
Қарым-қатынастық  қабілеттерін  қалыптастырудың  зерттеу  жұмысы  келесі 
түзетушілік-педагогикалық әсер ету бағыттарымен жүргізілді: 
-
 
жалпы  қарым-қатынастық  әрекеттерінің  дамуы;  диалог  құру  мен  диалогқа 
түсу, сұрақ қойып және сұраққа жауап беру, әңгімелесушіні мұқият тыңдау; 
-
 
сөйлеу тілі әдебіне оқыту;  
-
 
мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды сферасының дамыту. 
Өзіміздің  зерттеу  жұмысымызға  сәйкесті  түзету-педагогикалық  жұмысты 
ұйымдастыру барысында, біз білім дағдыларын игеруді үш кезеңге сай жүргіздік. 
І кезең  бірінші екі-үш  сабақты  қамтитын  пропедевтикалық  кезең. Негізгі 
мақсаттары:  балалармен жақсы қарым-қатынасты орнату;  әр түрлі жағдайда  қарым-
қатынас  кезінде  сөйлеу  тілі  әдебін  анықтау  және  белсендіру;  жүргізілген  сабақта 
қарым-қатынасқа  түсуіне  түрткі  болу;  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  сөйлеу  тілі 
әдебі  туралы түсініктерін  қалыптастыру болып табылады. 
Мектеп    жасына  дейінгі  балалардың    қарым-қатынастық    әдебі  туралы 
білімдерінің  қосымша  мүмкіндіктерін  анықтау  үшін  болғандықтан,  түзету-
педагогикалық жұмыстың жүйесінде пропедевтикалық кезеңінің маңыздылығы  мен  
қажеттілігін белгілейміз. Бұдан басқа, осы кезеңнің кіріспе бөлімі  сөйлеу тілі жалпы 
дамымаған  балалардың  сөйлеу  тілі  әдебі  туралы    түсініктерін    қалыптастырумен  
шартталған.  Бұл  кезеңнің  міндеттері  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  келесі 
жүргізілетін  жұмыстарға    эмоционалды    дайындығын    қалыптастыру    болып  
табылады. 
ІІ  кезең  –  негізгі.  Мақсаттарына  мыналар  жатады:  сөйлеу  тілінің  синонимдік 
қатарын  оқыту  негізінде  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорын  молайту 
және  белсендіру;  вербалды  және  вербальды  емес  қарым-қатынастық  құралдарын 
дамыту;  мимика,  пантомимика,  мәнерлі  сөйлеу  арқылы  эмоцияларын  білдіруін 
қалыптастыру. 
ІІІ  кезең  –  жалпылама.  Бұл  кезеңнің  негізгі  мақсаттары  зерттелмеген  әдепті 
лексиканы анықтау және бекіту; әдепті сөйлеу тілі дағдыларын жетілдіру; кез келген 
жағдайларда сөйлеу тілі ережелерін жалпылау және бекіту.  
Берілген бағыттар мен мақсаттарға сәйкес мектеп жасына дейінгі  сөйлеу тілі 
жалпы  дамымаған  ересек  топтағы  балалардың  қарым-қатынастық  қабілеттерін 
дамыту мен қалыптастыруға байланысты сабақ жүйелері құрастырылды.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөйлеу  тілін  дамыту  келесі    тәсілдермен 
және жұмыс түрлерімен қамтамасыз етіледі: 
-
 
балалардың сөйлеу тілі игеруіне педагогтың оң бағасы; 
-
 
сабақ жүргізгенде ойын тәсілдерін пайдалану; 
-
 
қарым-қатынас кезінде әңгімелесушіні ауыстыру; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 

-
 
қатарластары арқылы баланың мотивациялық ортасына әсер ету; 
-
 
мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қарым-қатынасын  қалыптастыру 
үдерісіне ата-аналарды қатыстыру; 
-
 
жағдайаттық мәселелерді туындату. 
Балалардың  қарым-қатынастық  әрекеттерін  белсендету  жұмысының  әр  түрлі 
тәсілдерін қолданумен бірге, көрнекіліктерді де пайдаланған абзал.  
Экспериментелды  оқытуды  ұйымдастыруда  көрнекі  және  дидактикалық 
құралдардың  жеткіліксіздігі  үлкен  қиындық  тудырды.  Осыған    байланысты  
педагогтар    сабақты    жүргізу    үшін    көрнекі  құралдар  басзасын  құрды  (суреттер 
таңдалынып,  карточкалар  дайындалды,  рөлдік  ойындарға  арналған  реквизиттер 
жасалды т.б) Ата-аналар да бұл жұмысқа жұмылдырылды. 
Балаларда  жағымды  эмоциясын  тудыру  мақсатында  келесі  жаттығулар  орын 
алды: 
1.
 
«Есім».  Әр  бала  оң  жағындағы  көршісінің  есімін  айтып  және  оны 
көргеніне қуанышты екенін айтады, оған қарап жымияды. 
2.
 
«Мен  жақсы  баламын».  Сыбырлап  айту,  жай  дауыспен  айту,  айкайлап 
айту: «Мен жақсы баламын». 
ІІ  типтік  сабақ  (интонация,  мимика,  жест,  сөйлеу  әдебіне  оқыту),  келесі 
кезеңдерден тұрады. 
Бірінші  кезең  -  динамикалық,  сөйлеу  тілі  әдебіне  оқытуға  дайындалған 
балалар. 
  
Екінші кезең - үй тапсырмасын талқылау. 
Соңғы үшінші кезең - қарым-қатынасқа араналған тапсырмаларды шешу. 
Сонымен  сөйлеу  тілі  әдебін  қалыптастыруда  негізгі  әдіс  болып  сөйлеу  тілі 
жағдаяттарын моделдеу болып табылады. 
Біз сөйлеу тілі жалпы дамымаған мектепке дейінгі ересек балалардың алғашқы 
сөйлеу  біліктерін  қалыптастыру  мен  автоматтандыру  үшін  микроситуацияны,  ал 
күрделі  сөйлеу  біліктерін  дамыту  үшін,  рөлдік  ойын  түрінде  жүргізуге  болатынын 
макроситуацияны  моделдеуді  ұсынамыз. 
Оқытудың негізгі тәсілдерінің бірі ретінде рөлдік ойындарды қолдана отырып, 
атап айтқанда мектепке дейінгі жастағы берілген іс-әрекет түріне бейім болады деген 
дәлелге сүйендік. Дәл осы ойын іс-әрекеті өзінің айқын эмоциялық көрінісімен, әрбір 
баланы жоғары деңгейде қызықтыруға,  қажетті сөйлеу іс-әрекетін орындауға балада 
мотив тудыруға мүмкіндік береді. 
Түзету  педагогикасында  ойын  негізінен    сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған 
балалардың  дене,  сөйлеу,  сенсорлы,  ақыл-ой,  музыкалық  дамуына  арналған 
дидактикалық құрал ретінде қолданылады 
 
 
Сонымен,  эксперименталды  оқыту  барысында  әдепті  сөйлеу  дағдыларын 
қалыптастыру  мен  бекіту  бойынша  негізгі  әдістемелік  тәсілдер  ретінде  біз  тілдік 
жағдайаттар  мен  рөлдік  ойындарды  қолдандық.  Оқу  және  тілдік  жағдайат  түрінде 
жоғарыда  айтылған  құрылымды  ескеру  арқылы  коммуникативті  тапсырмалар 
ұсынылды. 
Тәжірибелік  жұмыстың  дайындық  кезеңі  мен  негізгі  кезеңнің  алғашқы 
сабақтарында екі түрдегі микроситуациялар модельденді: 
а)  әдепті  сөйлеудің  негізгі  бөлігін  меңгерген    мектепке  дейінгі  ересек 
балалардан  бір  ілікпе  сөзді  айтуды  талап  ететін  ситуациялар;  б)  екі  ұсынылған 
формуладан  қажетті  біреуін  таңдауды  баладан  талап  ететін  ситуациялар.  Мұндай 
ситуацияларды  моделдей  отырып,  біз  балаларға  қажетті  формуланы  таңдауға 
ұсындық. 
Осындай  жағдаймен  тілдік  ситуацияларды  модельдей  отырып,  біз  сен/сіз 
түріндегі  сөздерді  дұрыс  қолдану  мен  сөйлеу  әдебінің  қажетті  формуласын  таңдау 
бойынша  мектепке  дейінгі  ересек  балалардың  жіберетін  қателіктерін  ескеру  мен 
түзетудің  міндеттерін  шештік.  Сонымен  қатар,  есімі  мен  аты,  әкесінің  аты  немесе 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 

адресаттың әлеуметтік ролдің ситуацияны сипаттау кезінде бере отырып, біз қаратпа 
сөздер  көмегімен  әдепті  сөйлеу  формулаларын  түрлендіруге  болатындығына 
балалардың біліктіліктерін қалыптастырып және бекіттік.  
Рөлдік  ойындар  тілдік  ситуация  бойынша  моделдейтін  қарым-қатынастың  әр 
түрлі  жағдайында    сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  балалардың  білімі  мен  сөйлеу 
біліктерін бекіту мақсатымен қолданылды. 
Эксперименталды  жұсымыздада  біздің  қолданған  тәсілдер  сабақ  үстінде 
балалардың  сөйлеу  әрекетін  шынайы  қатынас  жағдайларына  ұластыру,  сонымен 
бірге  күнделікті  қарым-қатынас  әрекеті  жағдайында  алған,  білім  біліктілік  пен 
дағдыны жетілдіру үшін алғы шарт құруға мүмкіндік берді. 
Сабақ  барысында  жалпы  қарым-қатынас  біліктерін  қалыптастыру  мен 
эмоциялық аймағын дамытуға бағытталған тәсілдер қолданылды. 
1.
 
Ойын жаттығулары, олар төмендегілерге бағытталады: 
-
 
Әңгімелесушімен  қатынас  құру  біліктілігін  бекіту  (көру  арқылы  қатынас 
құру); 
-
 
«Мені түсінші» деген секілді сөзсіз қатынас білдіру біліктілігін дамыту; 
-
 
Әңгімелесушіні тыңдай білу іскерлігін дамыту;  
-
 
Сұрақ қоя білу және әңгімелесушіні тыңдау біліктілігін қалыптастыру. 
Жаттығулар мен нұсқалар, олар мынаған бағытталған: 
-
 
балалардың басқа адамның эмоциялық күйін білуі мен түсінуі; 
-
 
сөйлеу мәнерлігін дамытуға; 
-
 
балалар арасындағы эмоциялық қатынасты тәрбиелеуге. 
2.
 
Көркемдік  сөздерді қолдану: өлең, мақал-мәтелдер, әңгімелер балалардың 
сөйлеу әдебінің өнегілік мағынасын түсуіне мүмкіндік  береді. ӨМШТ (өнертапқыш 
міндеттерін шешу теориясы) қолдану: 
-
 
«Егер адамдар әдепті болмаса, не болар еді?», «Егер адамдар бір-біріне игі 
іс жасамаса, не болар еді?»; 
-  Сөздер тізбегі: «Әдептілік-ол..», «Қуаныш-ол..», «Өкініш-ол...». 
3.
 
Қосымша тәсіл  -  музыка тыңдау.  Музыка сипатына байланысты адамның 
эмоциялық күйін айқындау (қуаныш, ыза, өкініш) 
4.
 
Дидактикалық  ойындар:  «Ойыншық  тапсырысы»,  «Әдепті  жұмбақтар», 
«Суретті сипатта». 
Аталған  тәсілдер  мен  оқыту  әдістерінің  жиынтығын  қолдану  әрбір  сабақта 
білімділік, тәрбиелік, түзетушілік мақсаттарды іске асыруға  мүмкіндік берді. 
Оқыту  тиімділігі  сонымен  бірге  сабақ  жүргізудің  дәстүрлі  емес  формасымен 
«әдептілік  мектебі»,  әр  түрлі  ертегі  кейіпкерлерінің  қатысушыларымен,  сабақ 
барысында мәселелік ситуация құру арқылы қамтамасыз етілді. 
Сонымен,  рөлдік  ойындар,  тілдік  ситуация  моделі,  әдеби  туындыларды  оқу 
мен  олардың  мазмұны  бойынша  әңгіме  жүргізу,  баланың    сөйлеу    біліктілігін  
педагогтың    мадақтауы,    мәселелік    ситуация  құру,    сабақта    балалардың  рөлдерді 
ойнауы,  сонымен  қатар  педагогикалық    процеске    ата-аналардың    қатысуы    мектеп  
жасына    дейінгі  ересек    сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  балалардың  әдепті  сөйлеу 
нормаларын  ұғынуы  үшін  қажетті  шарттарды  органикалық  және  табиғи 
қалыптастыру үшін мүмкіндік берді. 
Анықтаушы  экспериментпен  салыстырғанда  тексеру  экспериментінде  мектеп 
жасына дейінгі   сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың енжар сөздік қорындағы 
әдепті лексиканың болуы 30%  жоғары деңгейін көрсетті.  
Мектеп  жасына  дейінгі  сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  балалардың 
қалыптастырушы  эксперименттен  кейін  нәтижесін  талдағанда  төмен  деңгейді 
көрсеткен 
балалардың 
көрсеткіштері 
жоғарылай 
бастағаны 
көрінді. 
Қалыптастырушы экспериментінің соңында көп қателер жібермеді. Сыпайы сөздерді 
қолдана бастады. Анықтаушы экспериментінің басында «жоқ, білмеймін» деп жауап 
берген  балалар  толық  жауап  бере  бастады.  Балалардың  тапсырмаға  деген 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 

белсенділіктері мен қызығушылықтары артты. Қарым-қатынасқа түсу кезінде сөйлеу 
тілі әдебінің формуласын қолдана бастады.  
Қалыптастырушы    экспериментінен    кейінгі  салыстырмалы  талдау  жұмысы  
мектеп    жасына  дейінгі    ересек  сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  балалардың  лексика 
әдебі қарым-қатынастың қалыптасқандығын, сөздік қорының көбейгендігін көрсетті.  
Қорыта  айтқанда,  тексеру  эксперименті  бізге  түзету  бағытында  жүргізілген 
жұмыс  түрлерінің  тиімділігін,  әсіресе,    балалардың  жалпы  сөздік  қорының,  сөйлеу 
әдебінің,  лексикалық-грамматикалық  қатарын  жетілдіру    және  де  таным 
процестерінің  даму жоғарлығын  байқатты.  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. 2010 жыл 14 желтоқсан. 
2.
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  //  Егемен  Қазақстан. 
2007 жыл 15 тамыз. 
3.
 
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заң // Егемен 
Қазақстан. 2002 жыл 10 қыркүйек. 
4.
 
«Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік,  медициналық-педагогикалық 
коррекциялық қолдау туралы» Заң. – Алматы: Юрист, 2005. – 18 б.    
5.
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ» атты Жолдауы // Егемен Қазақстан. 2014 жыл 18 қаңтар. 
6.
 
Қазақстан  Республикасының  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және 
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заң. ҚР 2002 жылғы 11 
шілдедегі  №343  Заңы.  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Жаршысы,  2002, 
№16 152 құжат.        
7.
 
Формановская  Н.И.  Русский  речевой  этикет:  лингвистический  и 
методические аспекты. – М.: Русский язык, 1997. – 158 с. 
 
*** 
Имангалиев А.С., Булекбаева Г.М. 
Формирование коммуникативной способности дошкольников с общим 
недоразвитием речи 
 
В  данной  статье  рассмотрены  проблемы,  задачи  и  основные  направления 
формирования  коммуникативной  способности  у  детей  старшего  дошкольного 
возраста с общим недоразвитием речи посредством обучения речевому этикету. 
Ключевые  слова:  Дошкольное  учреждение,  дети  старшего  дошкольного 
возраста,  общение,  способности,  коммуникативные  способности,  общее 
недоразвитие речи, обучение речевому этикету. 
 
*** 
Imangaliev A.C., Bulekbaeva G.M. 
Formation communication skills of preschool children with the general 
underdevelopment of speech 
This article describes the problems, challenges and main directions of formation of 
communicative  ability  in  preschool  children  with  general  speech  underdevelopment 
through training speech etiquette.  
Keywords:  Preschool,  children  preschool  age,  communication  skills,  abilities, 
communication skills, general underdevelopment of speech, speech etiquette training. 
 
*** 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 

 
 
ӘОЖ: 547(075.8) 
 
Бекишев К. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,  
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Байрысова А.Е. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  
университетінің магистранты 
Е-mail: kurmanbekishev@gmail.com 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал