ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Ұлттық
білім беру статистикасы
және бағалау орталығы
45
2011 жылы республика мектептерінің жаңа үлгідегі пәндік кабинеттермен
қамтамасыз етілудің орташа көрсеткіші 40,7%
-
ды құрады (2010 жыл
–
39,8%). Жаңа
үлгідегі пәндік кабинеттері бар республика мектептерінің саны физика бойынша
3
257 (50,3%), химия 1 473 (22,8%), биология 2501 (38,6%) бірлікті құрайды (қосымша,
2.2.19-
кесте). Республикада 51,1 % мектеп лингафон және мультимедиялық
кабинеттермен (2010 жылы
–
46,2%) жарақтандырылған.
98,9 % мектеп Интернетке қосылған, оның ішінде 98%
-
ы
–
ауылдық мектептер.
Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және
Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдық мектептерінің
100 %
Интернетке қосылған.
Кең жолақты Интернет желісіне республиканың 43,1 % мектептері қосылған, бұл
көрсеткіш 2010 жылғы көрсеткішке қарағанда 5,8%
-
ға жоғары
.
Бір компьютерге 12 оқушыдан келеді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда
4,5 оқушыға кем
.
Облыстардың жылдар бойынша динамикадағы көрсеткіші мектептерді қазіргі
заманғы ақпараттық
-
коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етуді салыстыруға
және оң үрдісті анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 2011 жылы Солтүстік
Қазақстан (2010 жылы
– 1
компьютерге 13 адам, 2011 жылы
-
7), Қарағанды (2010 жылы
-
9, 2011 жылы
-
8) және Батыс Қазақстан (2010 жылы
–
14, 2011 жылы
-
9) облыстары
жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Қаржыландыру
Деректерді талдау жалпы орта білімге бөлінетін мемлекеттік шығыстардың жыл
сайын көбейіп отырғанын көрсетті. 2011 жылы бұл көрсеткіш 429, 6 мың теңгені құрады
,
бұл
былтырғы жылғыға қарағанда 1, 3
%-
ға жоғары.Соңғы үш жылда көрсеткіш 17,3%
-
ға
өскен. Бұл білім алуға деген жоғары қол жетімділік пен білім сапасын қамтамасыз етуге
жағдайлар жасау, білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және олардың ресурстық
базаларын жақсарту жөніндегі мемлекет жүргізіп отырған тиімді жұмыстардың нәтижесін
растайды.
Жалпы орта білім беруге арналған жергілікті бюджеттің (ЖБ) шығындар үлесі
2010 жылға дейін көбею үрдісіне ие болған. Ал, 2011 жылы бұл көрсеткіш мектепке дейінгі
оқыту мен басқа да білім бағдарламаларына қайта бөлінуіне байланысты 3,8
%-
ға кеміген
.
Республикада бір оқушыға арналған орташа шығын тұрақты түрде өсіп
келеді.
2011 жылы аталған көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 66 %
-
ға, 2010 жылмен
салыстырғанда 33 %
-
ға өсті және 216,9 мың теңгені құрады
.
ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Ұлттық
білім беру статистикасы
және бағалау орталығы
46
Оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелері
Білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің сапалық
көрсеткіштерінің
бірі, әрі білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруін бағалау
оқушылардың оқу
жетістіктерін тәуелсіз сырттай бағалау болып табылады.
2011-
2012 оқу жылында алғаш рет республиканың 653 жалпы білім беретін білім
беру ұйымдарында 9
-
сынып оқушылары
үшін оқу жетістіктерін
сырттай бағалау (ОЖСБ)
рәсімі өткізілді.
ОЖСБ бойынша 9
-
сынып оқушыларының жалпы орташа балы республика
бойынша 51,6 балды құрады. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды,
Павлодар, Жамбыл және Ақмола
облыстарына қарасты мектептердің жалпы орташа
балы республика бойынша орташа балдан да жоғары болды.
9-
сыныптар бойынша ОЖСБ нәтижелерін салыстырмалы талдау оқушылардың
«Қазақ тілі» пәні бойынша дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Аталған
пән бойынша республикалық көрсеткіш 14, 2 балды құрады.
«
Химия
»
пәні бойынша
нәтиже
–
13, 1 балл, «Математика
» –
12, 8 балл,
«
Қазақстан
тарихы
» –
11,5 балл. ОЖСБ
бойынша жоғары нәтижені Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының
оқушылары, ал, Қостанай және Қызылорда облысының оқушылары ең төмегі нәтижелерді
көрсетті.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды
аттестаттаудың бір түрі болып табылатын, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім
беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіретін Ұлттық бірыңғай тестілеу
(ҰБТ
-
2012 рәсіміне 117
333 адам қатысты (жалпы мектеп бітірушілер санының 75%).
2012
жылы республика бойынша ҰБТ
-
ның орташа балы 70, 9 балды құрады, бұл
2011 жылғы нәтижеден 15,7 балға төмен.
2012 жылы Ақтөбе (82,68 балл), Қостанай (79,77), Батыс Қазақстан (84,55), Солтүстік
Қазақстан
(79,69) облыстары және Алматы қаласының (84,67) қалалық
мектептерінің
бітірушілері жоғары орташа балға қол жеткізді.
Ақтөбе (73,47 балл), Батыс Қазақстан (73,86), Қостанай (73,82) және Солтүстік
Қазақстан
(75,47) облыстарына қарасты ауыл мектептерінің бітірушілері жоғары нәтижелерге
ие болды. Қала
мектептерінің ең жоғары және ең төменгі балдар арасындағы айырмашылығы
16,23 балды, ал ауылдық мектептер айырмашылығы
–
15,24 құрады.
ҰБТ
-
ның міндетті пәндерінің
нәтижелерін талдау барлық оқу пәндері бойынша орташа
балдың төмен екенін көрсетті. 2011 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орташа балдың
барынша төмендеуі «Математика» (5,48 балл) және «Қазақстан тарихы» (4,47 балл) пәндері
бойынша тіркелді.
ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Ұлттық
білім беру статистикасы
және бағалау орталығы
47
Мектеп бітірушілердің міндетті пәндері арасында былтырғы жылдардағы сияқты орыс
тілінде оқытатын мектептердің «Қазақ тілі» пәні (18,06) бойынша
балы
жоғары болса,
«Математика» пәні бойынша ең төменгі көрсеткіш (9,87 балл) болды.
Білім беру жүйесі жұмысының
тұрақтылығы
мен нәтижелілігі көрсеткіштерінің бірі
білім беру деңгейлері бойынша оқушылар контингентінің
табысты
қозғалысы. 2011 жылы
9-
сыныпты бітірушілердің жалпы санынан 156
200 адам 10
-
сыныпқа өтті, бұл олардың
жалпы санының 61,9% құрайды. Негізгі орта білімнен техникалық және кәсіптік білім
беруге өту пайызы 38,1%
құраған
.
*-
былтырғы жылғы бітірушілерде есепке алынған
2011 жылы ЖАО
-
дар мен ҚР БҒМ
-
ға ведомствалық бағынысты күндізгі жалпы білім
беретін мектептердің 11
-
сыныбын бітіргендер саны 231
155 адамды құрады. 2010 жылмен
салыстырғанда жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын аяқтағаннан кейін бітіруші
оқушылар контингенті 89
899 адамға көбейген. Бұл көрсеткіш Республикалық мектептер
мен Алматы облысын есептемегенде
,
аймақтар
бөлінісінде де көбейген
(2.2.1-
кесте).
2.2.1-
сурет. ЖАО мен ҚР БҒМ
-
ға ведомствалық бағынысты күндізгі жалпы білім беретін мектептердің
11-
сынып оқушыларының бітіруі
Аймақ
11-
сынып оқушыларының бітіруі (мың адам)
2009
2010
2011
Ақмола
5 460
5 382
5 664
Ақтөбе
6 333
6 503
8 431
Алматы
14 765
16 624
18 858
Атырау
4 060
4 460
5 726
Шығыс Қазақстан
11 786
12 015
13 683
Жамбыл
8 668
9 919
11 162
Батыс Қазақстан
5 818
5 904
6 610
Қарағанды
8 043
8 743
9 708
Қостанай
5 643
5 980
6 430
Қызылорда
6 621
6 894
8 405
Маңғыстау
3 661
3 848
4 644
Павлодар
5 109
5 378
5 966
Солтүстік Қазақстан
5 653
5 199
5 347
Оңтүстік Қазақстан
29 980
32 735
38 872
Астана
қаласы
2 664
3 154
3 381
Алматы
қаласы
6 986
7 480
7 609
Республикалық ұйымдар
835
1 000
940
НЗМ
0
38
138
Қазақстан
Республикасы
132 085
141 256
161 574
Дереккөз
:
ҚР
БҒМ мәліметтері
Білім беру деңгейлері бойынша 9
-
сыныпты бітірушілердің қозғалысы
Техникалық және кәсіптік
білім
(
кәсіптік лицейлер
)
Жалпы орта
білім
Техникалық және кәсіптік
білім
(колледждер
)
12,6%*
61,9%
32,2%
*
ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Ұлттық
білім беру статистикасы
және бағалау орталығы
48
Жалпы орта білім беру туралы аттестаттарын алғаннан кейін 2011 жылы
республика мектептерінің 44,9 % бітірушілері өздерінің білімдерін техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарында, ал
55,8 %-
ы жоғары білім беру ұйымдарында
жалғастырған.
*-
былтырғы жылғы бітірушілерде есепке алынған
Статистикалық деректерді талдау барлық оқушылар контингентін жоғалтпастан
4-
сынып оқушыларының бастауыш мектептен негізгі орта білім беру сатысына өтетінін
көрсетті
.
9-
сынып бітірушілерінің негізгі орта мектептен орта білім беру деңгейіне өту кезінде
одан әрі жалпы орта білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруды таңдаған
. 10-
сыныпта
оқуларын жалғастырғысы келетіндердің 9
-
сыныпты бітірушілер арқасында санының көбею
пайызы ата
-
аналар мен оқушылардың болашақта жоғары білім алуға
деген саналы
ұмтылысымен түсіндіріледі.
Білім беру деңгейлері
бойынша 11
-
сынып бітірушілерінің қозғалысы
Техникалық және кәсіптік білім
(
кәсіптік лицейлер
)
6,1%*
Жоғары білім
Техникалық және кәсіптік білім
(колледждер
)
55,8%*
38,8%*
ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Ұлттық
білім беру статистикасы
және бағалау орталығы
49
Негізгі
қорытындылар
мен ұсыныстар
:
2011 жылғы ДЭФ Баяндамасының мәліметтері бойынша жалпы орта білім берумен
қамту коэффициенті 99,6% құрады. Жалпы орта біліммен толық қамтуды қамтамасыз ету
үшін республикадағы көші
-
қон үдерісін есепке ала отырып жалпыға міндетті оқу
аясындағы іс
-
шараларды өткізу жұмыстарын кеңейту қажет.
ШЖМ саны мен ондағы оқитын оқушылар санының айтарлықтай төмендегені
байқалады. ШЖМ білім беру сапасына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтан
оқыту және тірек мектептер
-
ресурстық орталықтарды дамыту бойынша нормативтік және
құқықтық базаны әзірлеуді жеделдету керек.
Жалпы орта білім беретін ұйымдардың түрлері мен типтерінің әркелігіне
қарамастан бейіндік және кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту механизмдерін әзірлеу
қажет. Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту әдістері мен құралдары мазмұнының
сабақтастығы мен дәстүрлі оқытудан оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамытуға бағытталған оқытуға көшу қажет.
2011 жылғымен салыстырғанда ҰБТ
-
ның орташа балы 2012 жылы 15,7 балға
төмендеген. Қалалық және ауылдық мектептердің орташа балының айырмашылығы
жөғары және төмен балдар арасында. Мұнымен қатар оқушылардың қорытынды
аттестациясын өткізу рәсімі мен тестік тапсырмаларды жетілдіру мәселесі өзекті күйінде
қалып отыр.
Заманауи практикалық
-
бағдарлық әдістерді білім беру ұйымдарына ендіру қазіргі
заманғы АКТ технологиясын меңгерген, жаңа формация мұғалімдерін даярлауды қажет
етеді.
Балаларды
жалпы
оқытумен,
сонымен
қатар
арнайы
білім
беру
бағдарламаларымен оқытудың енгізілуі оң үрдіс болып табылады. Мұнда инклюзивті білім
беруді дамытуға кешендік іс
-
шаралар оқу жоспарларын, бағдарламалары және оқу
материалдарын әзірлеуден педагогтардың біліктілігін көтеру мен даярлау, ортасының
кедергісіз болуы, осындай балаларға қоғам көзқарасын өзгертуге дейін ңске асырылуы
тиіс.
•
Оқушыларды қосымша білім берумен қамту әлі де төмен болып отыр. Білім беруді
дамытудың
2020
жылға
дейінгі
мемлекеттік
бағдарламасының
нысаналы
индикаторларына жету үшін жергілікті органдарға қосымша білім беру ұйымдары желісін
дамытуды тездету ұсынылады (2015 ж.
–
қосымша білім берумен 50% баланы қамту).
ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Ұлттық
білім беру статистикасы
және бағалау орталығы
50
2.3. Техникалық және кәсіптік білім беру
Техникалық және кәсіби білім беру
жүйесі алдына
-
«қоғам мен экономиканың
индустриалды
-
инновациялық
дамуының
сұраныстарына және әлемдік білім кеңістігіне
кірігуіне сәйкес ТжКБ жүйесінің мазмұнын
жаңарту
»
стратегиялық мақсаты қойылды.
Экономиканың индустриалды
-
инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып,
ТжКБ құрылымы мен мазмұнының жаңаруы ТжКБ
-
ның нормативтік құқықтық базасының
жаңаруымен басталды.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.
«Кооперативтік оқыту», «колледж», «студент» (1
-
бап) секілді түсініктерді енгізу жаңалық
болды. Білім беру саласындағы уәкілетті органдар құзыры ТжКБ ұйымдарын жабдықтар
және жиһаздармен жабдықтау, осы білім деңгейіне жан басына шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесі мен ережесін (5
-
бап) дайындау және бекіту арқылы
толықтырылды. Жергілікті атқарушы органдардың құзыры қамқоршы кеңестерге көмектесу
(6-
бап) деп белгіленген. ТжКБ жүйесін дамытудың басты аспектісі 6
-
тараудағы
45-
1 «Кәсіби білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік» бабын толықтыру болып
табылады.
ТжКБ жүйесін басқарудың жаңа үлгісі
Экономиканың даму болашағы техникалық және қызмет көрсету саласы
инфрақұрылымын
жаңарту мен кадрлар даярлауды талап етеді. ТжКБ кадрларын даярлау
үшін басқарудың жаңа үлгісі тұжырымдалды. Бизнес және кәсіптік қоғамдастықтың
белсенді қатысуы ҚР Үкіметі жанындағы кәсіптік
-
техникалық білім жөніндегі Ұлттық Кеңес
арқылы жүзеге асырылады.
аймақтың
деңгейде елдің экономикасын білікті мамандармен
қамтамасыз ету мәселелері 16 аймақтық және 14 салалық кеңестер арқылы шешіледі.
ТжКБ дамытудың басты аспектісі 2011 жылы «Кәсіпқор Холдингі» ҰАҚ
-
ның құрылуы
болды. «Кәсіпқор холдингіне» ТжКБ жүйесіне корпоративтік басқару және инновациялық
технологиялар ендірумен қоса, Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында
әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру арқылы жаңа инфрақұрылым
жобалау
міндеті
жүктелді.
Бұл колледждердің мамандануы елдегі үдемелі индустриалды
-
инновациялық даму
Мемлекеттік бағдарлама жобаларын жүзеге асыру үшін білікті мамандар даярлауға
бағытталған (ҮИИДМБ)
.
«…
Отандық кәсіпкерлердің
де, шетелдік
инвесторлардың де білім беру саласындағы
әлеуметтік жауапкершілікті қабылдайтын
уақыттары жетті. Бизнес тек білім беру қызметін
енжар сатып алушы ролімен өзін шектемеуі тиіс»
Н.Ә.Назарбаев
ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Ұлттық
білім беру статистикасы
және бағалау орталығы
51
Әлеуметтік
серіктестік: мамандар даярлауға бизнес пен жұмыс берушілердің
қатысуы
Кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы ел экономикасының жетекші салаларына сай
мамандар даярлаудағы
білім жүйесінің тиімді қызметіне бағытталған әлеуметтік
серіктестіктің жаңа үлгісін қарастырады.
Заңнамалық деңгейде белгіленген аспектілер жұмыс берушілердің ТжКБ мазмұнын
жаңартуына ғана емес, білім алушыларды өндіріс орындарында кәсіптік тәжірибеден өтуі
үшін орын беруіне тікелей қатысуын да қарастырады.
Экономиканың тиісті салаларына сәйкес оқыту процесіне практикалық тәжірибесі
бар жоғары білікті мамандарды тартудың және жұмыс берушілердің ТжКБ түлектерінің
кәсіптік дайындығын бағалауға қатысуының да маңызы айтарлықтай.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуындағы жаңалықтардың бірі
–
мамандарды дуальді даярлауды белсендендіру болды.
Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын іске
асырудың алғашқы жылында ұлттық холдингтер мен компаниялардың даярлау бейініне
сәйкес ТжКБ ұйымдарымен бірлескен жұмыстар белсенді болды. Мәселен, 2011 жылы
ауылшаруашылық, көлік, металлургия, машина
жасау, мұнай
-
газ ісі және химиялық
өндірістер секілді салалар үшін мамандар даярлайтын ТжКБ
-
ның 96 ұйымы «Қазагро
холдингі» АҚ, «Қазақстан ТемірЖолы», «Қазақстан алюминийі», «Дон тау
-
кен комбинаты»,
«ҚазМұнайГаз», «Қазақстан электролиз зауыты», «АрселорМиттал Теміртау», «Қазақстан
Инжиниринг» және «Қазақмыс» корпорациясымен серіктестік туралы екіжақты
келісімшарттар жасасты.
ТжКБ жүйесін дамытуға қатысуда бизнес және кәсіптік қоғамдастық
міндеттемелерінің механизмдерін іске асыру үлгілері ҚР БҒМ мен «KAZENERGY» мұнай
-
газ және энергиялық
кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы, «SPIE/Career
-
Holdings»,ТОО «Pricewaterhouse Coopers Tax&Advisory» Консорциумы арасында жасасқан
техникалық және қызмет көрсету салаларына мамандар даярлау және қайта даярлау
жөніндегі Атырау өңіраралық кәсіптік
орталық басқармасындағы серіктестік туралы
Меморандумы
болды.
Білім беруді дамытудың 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске
асырудың әлеуметтік
-
экономикалық жетістіктерінің бірі Ұлттық біліктілік жүйесінің негізін
құру болды. 2011 жылы ҚР БҒМ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және
жаңа технологиялар, Көлік және коммуникация министрліктері
Ұлттық
экономикалық
палатамен бірлескен Ұлттық біліктілік аясын қалыптастыру, кәсіптік стандарттар әзірлеу
және біліктілікті беруді бағалау жүйесін
жетілдіру жұмыстарын бастады.
Ел экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз ету жөнінде кәсіптік
қоғамдастық
пен білімнің өзара тиімді байланысы «Кәсіптік білім және серіктестердің
ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Ұлттық
білім беру статистикасы
және бағалау орталығы
52
бизнес
-
диалогі» атты Халықаралық форумда (Астана қаласы, 2011 жылы) жан
-
жақты
талқыланды.
Тәжірибеден өту үшін жасалған келісімшарттар мен бөлінген орындар саны
бойынша әлеуметтік серіктестіктің дамуын талдау нәтижелері берілген көрсеткіштердің
біршама өскенін көрсетті. Мәселен, 2010 жылы ТжКБ ұйымдары мен кәсіпорындар
арасында 16,8 мың келісім
-
шарт жасалса, 2011 жылы ол 700 бірлікке артты.
Бұл өз кезегінде 2010 жылға қарағанда (2011 жыл
–
132,1 мың орын) білім
алушылардың тәжірибеден өту үшін берілген жұмыс орнының саны 36,2%
-
ға артуына
әкелді. 2009 жылмен салыстырғанда бұл 2,8 есеге артты (2009 жыл
–
48 мың орын).
Әлемдік
үздік тәжірибені енгізу шет елде ТжКБ жүйесінің инженер
-
педагог
мамандар біліктілігін арттыру, сонымен қатар шетел оқытушыларын жұмысқа тарту
арқылы жүргізіледі.
Кәсіби стандаттар жасау бойынша Герман халықаралық ынтымастықтық
қоғамдастығы, Мұнай
-
газ саласында мамандар даярлау және қайта даярлауға көмектесу
жөніндегі Білім және біліктілікті арттыру орталығы (РКК, Норвегия), Өндірістік оқу
шеберлері мен оқытушылар біліктілігін жетілдіру жөніндегі ИнВент (Германия), түлектерді
даярлау сапасы мен еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі Британ Кеңесі
«ТжКБ жаңғырту» жобасы бойынша Дүниежүзілік банк сияқты
халықаралық жетекші
ұйымдармен серіктестіктер жалғасуда.
2010-
2013 жылдар кезеңінде
орта мерзімдік көмек көрсету стратегиясы аясында
Еуропалық білім беру қоры бағдарламасы
арқылы
«Туриндік процесс», «Білім беру мен
бизнес салалары арасындағы ықпалдастыққа
шолу», «Өмір бойы оқыту мақсатында
кәсіби оқу мекемелерін дамыту» жобалары жүзеге асырылуда.
2011 жылы еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған
маңызы бар бірнеше стратегиялық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды
(ҚР БҒМ және Рогаланд (Норвегия) округінің кәсіптік оқыту және дайындау орталығы,
Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы «ТІКА» халықаралық серіктестік пен дамыту
жөніндегі Түрік басқармасы, Норвегия корольдігінің СІМ, Еуропалық білім беру қоры, Трир
қаласының Қолөнершілер палатасы (Германия), «Роберт Бош» компаниясы).
Осылайша, әлеуметтік серіктестік үдерісінің жағымды дамуы атап өтілген. Бұған
қоса кооперативтік дамуды, оқытудың дуальдық түрін, өндірістегі оқушылар арқылы
бизнестің қатысуын белсендендіру керек.
Поделитесь с Вашими друзьями: |