Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/17
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Осы соғыста біздің аталарымыз өздерін тағы бір рет жауынгер, Отанын 
шексіз сүйетін халықтың ұрпағы  екенін дәлелдеді. 
Тарихи деректерге қарағанда 1 млн 196 мың 164 қазақстандық соғысқа 
алынған.  Сол  боздақтардың  көбі  елге  оралған  жоқ.  Соғыс  зардабын  үш 
ұрпақтың өкілдері тартты, майданда қаза тапқан ата, жетім өскен бала, атасын 
көрмеген  немере.  70  жыл  уақыт  өтсе  де  соғыс  салған  жара  жазылған  жоқ. 
Әкесін көрмеген бүгінде  жасы 70-ке келсе де әкені көру арман болып әлі де 
іздеу салып, үмітпен күн өткізіп келе жатқан баланың көкірегі қарс айырылар 
әңгімелерін теледидардан  көріп, еріксіз көзге жас іркіледі. 
Соғыс  жылдары  аналардың  да  иығына  түскен    жүктің  салмағы  да 
батпандай  болды.  Жарынан  бірі  хабар  ала  алмаса,  бірі  өз  қолымен  кебін 
кигізбей «өлді» дегенге сенбей күн кешті. Соған қарамастан бар күш жігерін 
жарып тамақ ішпей, бүтін киім кимей «барлығы жеңіс үшін» деп еңбек етіп 
тер төкті.  
Бұл Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш- 
әрине,  «бірлік».  Жүзі  басқа,  жүрегі  бір.  Тілі  басқа,  тілегі  бір  әр  түрлі  ұлт 
ұлдары мен қыздары бір тілекпен бір тудың астына күш біріктірді. 
Ешқашан  жауынгердің  ерен  ерлігі  ұмытылмайды.Бүгін  де  бұл  біздің 
азаматтық міндетіміз. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  соғыс  ардагерлеріне  ерекше 
қомқорлық көрсетіп келеді. Биылғы жылды «ардагерлер жылы» деп жариялап, 
ардагерлерге деген құрметті еселей түспекшіміз. Бұл ұрпақтар сабақтастығы, 
ата ұрпақтың алдындағы тағзым  мен құрмет. 
  
Алькенова Еркежан 
8 «а» сынып оқушысы №9 орта мектебінің 
Жезқазған қаласы Қарағанды облысы 
  
Жетекшісі:Абилкайыров Кабден Абилкайырович 
Бір уыс топырақ 
(Болған оқиға  ізімен) 
Аманатқа жасалмасын қиянат. 
Халық  даналығы 
1942 жылдың  күзінде  Отанымызды  неміс фашистерінен  азат етуге 
көптің  бірі  болып,  Нұрмағанбет  әкеміз  де  аттанды.  Отбасында  әйелі, 
кішкентай 3-4 жастағы қызы қалды. 
Майдан даласынан ай сайын үш бұрышты  хат келіп тұрды. Бір хатында 
«Фашистерге күйрете  соққы беріп, Беларусьтің Витебск қаласын азат еттік. 
Сендермен қауышатын күн де алыс емес!» деген  алғашқы қуанышты  хабар 
16 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
да келіп жетті. Айкүміс шешеміз соғыстағы  күйеуінен  келген  жақсы хабарды 
ауылдастарымен  бірге    бөлісті.  Осы  кешке  жиналғандар  өздерінің    қолдан 
жасалған    азық-түліктерін,  жылы  киім-кешектерін  отан  қорғаушыларға 
жіберу  жағдайын тілге тиек етіп отырды. «Жеңісті тездетуге кішкентай болса 
да, септігіміз тисе екен»,- деп қояды әңгіме арасында. Қариялар мен әйелдер 
күні бойғы шаршағандықтарын ұмытып, бір сәт әнге де кезек берді. Тіпті түн 
ортасы болып қалғанын байқамай да  қалды. 
Арада    бірнеше  күн  өткеннен    кейін,    Айкүміс  шешеміз  жұмыстан 
келгенде, кішкентай Шұғасы үйге кісілердің келгенін, «бұларға қиын болды-
ау» деп айтқанын шешесіне жеткізді. Ауыздарын ашып жұмғанша, ауылдың 
екі-үш қариясы келіп,  күйеуінің  Беларусь  жерінде  шейіт болғанын естіртті. 
Бұл – 1943 жылдың көктемі  еді. 
 
Қаяулы ана жеңісті тездету жолында бұрынғыдан да жанын  сала еңбек 
етіп,  өзіне  медеу  болар  қызының  жетімдігін  білдірмеуге  тырысты.  Алайда 
талай  түндерді    жылаумен,  өксікпен  өткізгенін  ертеңінде  ажарынан  байқау 
қиын емес еді. 
Қаралы күннен көп ұзамай, Айкүміс  анамыз дүниеге ұл бала әкеледі. 
Әкеміз әскерге аттанғанда, анамыздың құрсағында үш айлық бала қалған-ды. 
Көрші-көлем жиналып, шағын шілдехана  өткізіп, шақалаққа ырымдап, 
«Амантай» есімін берді. 
Сол күнгі ананың тебіренісін айтсаңызшы! Күйеуі аман-есен отбасына 
оралғандай күй кешті. Әлсін-әлсін әлгі  түйіншекті иіскеп, бауырына басып, 
бірде  көз  жасына  ерік  берсе,  бірде  қуаныштан  бетіне  қызыл  шырай 
жүгіргендей болады. Анамыз үлкен ақ  орамалға түйілген бір уыс топырақты 
медет  санады,  құдайдың  мұнысына  да  шүкіршілік  етті.  Ептеп  ыңқыл- 
сыңқылы  бар  еді,  кейінгі  кезде  еңсесін  биік  ұстап,  өзінің,  тіпті,  сауығып 
кеткенін де айтып  жүрді. Елге өзінің адамгершілігімен, кейінгі ұрпаққа айтар 
ақылымен сыйлы  болған кейуана тоқсанға таяп, бұл өмірден озды. Ақтық демі 
таусылған  кезде, бір-ақ байқадық, бір уыс топырақ түйілген орамалды қолына 
қысып алыпты. 
Осы  жайтты  көрген    туыс-туғандар,  ауыл  қариялары  ақылдаса  келіп 
анамыздың мүрдесімен бірге топырағы бар  түйіншекті  жерлеуді қош көрді. 
Көпшіліктің  осы  бір  әрекеті    «мына  өмірде  бірге  болған    ерлі-
зайыптылардың  ендігі  рухы  о  дүниеде  де  бірге  болсын»    деген  ойдан  туса 
керек. 
Арбатаева Карина 
8 сынып, «№ 40 негізгі мектебі» КММ, Қарағанды қаласы 
Жетекші: Бурленова Сауле Каумбаевна 
 
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген 
17 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
«Соғыс» деген ызғар шашқан суық сөзді естігенде ешкімнің де жүрегі 
бей-жай қалмасы анық. «Соғыс» деген оқ боранған майданның қатігез даласын 
қанқұйлы  жаудың  атқан  оғы  тиіп  қаза  тапқан  жауынгерлердің  тапталып 
жатқан денесін, шашылып жатқан сүйектерін, суық жертөледе қолы дірілдей 
отбасына хат жазып отырған жас жауынгердің жаралы жүрегін, алыстағы қақ 
майданда жаумен жағаласып жүрген перзентін сағынған бейбанананың ыстық 
көз  жасын  немесе  аяулы  жарын  сағынған  көңіл  кірбіңді  келіншектің 
мөлдіреген  жанарын  бір  сәтте  көз  алдыңа  әкеліп,жүрек  тұсыңды  шымыр 
еткізетін  қайғы  мен  қасіретке  толы  зәрлі  сөз.  Ендеше  мені  мазалайтын  бір 
сұрақ  бар.  Осыншалық  қатыгездікті  кім  жақсы  көреді?  Тыныш  та  бейбіт, 
бақытты өмір сүруді қаламайтын қандай адам бар? Тыныш жатқан халықты 
дүрліктіріп, атыстырып-шабыстырып, бір-бірін аяусыз қырғызудың не керегі 
бар? Бұл соғыс деген кімге пайда, кімге жақсылық әкелді? Осындай сансыз 
сұрақ  санамда  сайрап  тұр.  Не  де  болса,  «Күркіреп  күндей  өтті  бұл  соғыс» 
демекші, 1941-1945 жылдар аралығында қалың елді қан қақсатқан сұм соғыс 
болды. Бұл соғыс қазақ халқының есінен мәңгілік өшпестей болды. Себебі, ол 
қазақтың қаншама батыр ұлдары мен ержүрек қыздарынан айырды. 
Осындай  қатал  соғысты  суреттеген  қаншама  ақын-жазушылардың 
жүректі қарс айырар шығармалары бар. Сол шығармалардың арқасында біз 
соғыстың қаншалықты қатыгез де қатал, жаман да жиіркенішті екенін біліп 
өстік. 
 
«Жойылсын жалғыз сөз-соғыс деген, 
Оқ даусы мәңгілік жойылсын. 
Бомбаның орнын тегістеген, 
Күректер музейге қойылсын». 
Немесе, 
Соғыс жалмап аға-іні бауырды, 
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. 
Жалғызынан айырыпты ананы, 
Әкесінен айырыпты баланы. 
Осындай  шумақтарды  оқығанда  қан  майданның  даласын  өз  көзіңмен 
көргендей  жиырылып  қаласың.  Осындай  қорқынышты  қан  сасыған  ұрыс 
даласында  жан  алысып,  жан  беріскен  жауынгерлердің  көрсеткен  ерлігін 
ойлағанда жүрегіңде тағы бір толқыныс пайда болады. 
Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан қазақстандықтардың санына 
байланысты  әртүрлі  болжамдар  бар.    мәліметтерде  соғыстан  оралмаған 
қазақстандықтардың саны 601000-ға дейін жеткен. Мүгедек, жарымжан болып 
елге оралғандарды айтпағанда, сұм соғыс осынша адамның өмірін жалмаған. 
Осынша қазақтың отбасына қайғы-қасірет әкеліп, қабырғасын қайыстырған. 
18 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Жас  баланы  әкесінен,  кәрі  ананы  баласынан,  жас  келіншекті  аяулы 
жарынан  айырған  аждаһадай  төнген  соғыс  халықтың  басына  қара  бұлттай 
үйірілді. Ол қара бұлт тек қана 1945 жылдың жаймашуақ көктемнің, 9-мамыр 
күні шайдай ашылды. Дүние жүзі халқы жеңіске жетті. Халық Отан ұғымың 
терең  сезіне  түсті.  Қаһарман  ерлік  пен  еңбек  жеңіп  шықты.  Зұлымдық, 
басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Содан 
бері біз ол күнді «Ұлы Жеңіс күні» деп атап, ерекше қастерлейміз. Бұл күн 
қарысқан  қабақты  жазып,  халықтың  жүзіне  күлкі  үйіртіп,  бөрікті  аспанға 
аттырған күн. 
9  – 
мамыр  фашизмді  жеңген  қаһарман  халқымыздың  мереке  күні. 
Осынау  қуаныш  үшін  өмірлерін  қиғагдарды  еске  алу  күні.  Бұл  күні 
жеңімпаздардың  олардың  балаларының  немерелерінің  жүрегі  мақтаныш 
сезіммен лүпілдей соғады. Сол күннен бері,міне аттай 70 жыл өтті. Аллаға мың 
да  бір  шүкір,қазақ  елі  тәуелсіздік  алып,  бақытты  өмір  сүруде.  Әсіресе,  осы 
күнге  жетуімізге  себепкер  болған  Ұлы  Отан  Соғысының  құрбандары  мен 
ардагерлеріне дән риза. Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, 
Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов 
т.б.  Ол  кісілерге  құрметпен  бас  иеміз.  Ал  осы  бейбіт  өмірге  жете  алмаған, 
ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп,  еске 
аламыз.  Біз  бұл  жеңістің  қалай  келгенін  ешқашан  ұмытпаймыз.Ұмытуға 
хақымыз да жоқ. Жеңіс үшін өмірін жастық шағын қиған тағдырдың ауыр да 
азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп 
дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі 
қалғандары арамызда жүріп жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен 
санарлықтай.  Біздің бақытты өмір сүріп жатқан  жерімізді сақтап  қалу үшін 
ата-бабамыздың қаны мен тері төгілді. Мынау жатқан кең байтақ қазақ даласы 
сол қан майданның куәсі. Ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша шайқасып, 
қорғаған жерін көзіміздің қарашығындай сақтаймыз. Осы шығармамды мына 
өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр: 
Қайғыны білмесін ана жаны, 
Қазіргі адамда арман сол. 
Әлемнің бар сәби балалары, 
Оянсын ұйқысы қанған соң. 
Ахметова Ақжүніс 
      
9 «А» сынып, № 9 ЖББОМ,       Жезқазған қаласы
Қарағанды облысы.      
 
Мұғалім: Атенов Ербол Кенишбаевич 
Ешкім де, ештеңе да ұмытылмайды! 
19 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Мен соғысты көргенім жоқ, кеш мені, 
Қаралы жыл қасіретін жырламадым кеш келіп. 
Бірақ, мынау мұң танымас ұрпағыңның өскені 
Емес пе ел жадында қанды жолдың өшкені. 
Соғыс  –  адам  басына  келген  қайғы  мұң.  1941  жылы  22  маусымда 
басталған Ұлы Отан соғысы адамзат баласына үлкен қасірет әкелді. Соғыста 
миллиондаған  адамдардың  өмірі  қиылды.Отанын  жаудан  қорғау  үшін  көп 
ұлтты Кеңес Одағы халықтарының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен 
жауға  қарсы  тұрды.  Аты  аңызға  айналған  Бауыржан  Момышұлы  атамыз, 
батыр  қыздар  Мәншүк  пен  Әлия,  Рейхстагқа  жеңіс  туын  тіккен  Рахымжан 
Қошқарбаев, ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың ерліктерін мәңгілік жадымызда 
сақтаймыз.Бұлар біздер үшін үлкен мақтаныш! 
Ешкім  де,  ештеңе  де  ұмытылмақ  емес!  Соғыс  –  күйретуші  күш!  Дәл 
солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының 
бәрін жалмап жұтатын тажал. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе 
де,  ешнәрсе  де  ұмытылған  жоқ.  Ұлы  Отан  соғысы...  Бұл  сол  кездегі  кеңес 
халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын 
күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп, 
ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.  
Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе,  олардың ортасында Ұлы Отан 
соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 
барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 
күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 
жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 
туын жағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы 
ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл 
Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман 
оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған 
арттағы  қалың  елдің  қамығып  жеткен  Жеңіс  күнін,  біз  ұмытсақ  та  тарих 
ұмытпайды.  Ол  –  өмір  заңы.  Біз  Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңіске 
ештеңеге  теңеспейтін  ғажап  күшпен  жеттік.  Ол  күш  –    әрине,  "бірлік”. 
Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. 
«
Күркіреп  күндей  өтті  ғой  соғыс»  –  деп  ақын  Қасым  Аманжолов 
жырлағандай, жер әлемді сілкіткен соғыс өртінің жеңіспен аяқталғанына да 70 
жыл  толып  отыр.  Жеңістегі  басты  жетістік  –  сол  кездегі  ортақ  Отанымыз 
болған  Кеңес    елінің  бүкіл  халықтарының  ынтымағы,  олардың  достық 
бауырластығы, әрбір жеке  азаматтың Отанға деген патриоттық сезімі еді. 
Біздер,  кейінгі  ұрпақ,  соғысты  көрмесек  те,  жеңістің  оңай  келмегенін 
кинолардан, кітаптардан көріп, оқып білдік. Біздің айтпағымыз, аспанымызды 
20 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
бұлт  баспай,  соғыс  болмаса  екен  деп  тілейміз!  Елбасының  сарабдал  да, 
салиқалы саясатының арқасында бейбіт заман болатынына кәміл сенеміз. 
Ахметова Әсем 
       
Жезқазған гуманитарлық колледжі         
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы  Жетекшісі: 
Шахманова Айнагүл Төлегенқызы                  
Қазақтың қаһарман қызы – Хиуаз Доспанова 
Адамзат тарихындағы қанды қырғынның аяқталған сәтінен бізді 70 жыл 
бөліп тұр. Бірақ, Ұлы Отан соғысындағы жеңісті күндер алыстаған сайын, аға-
апаларымыздың ерлігі біздің алдымызда ұлықтана түсуде. Біз қазірдің өзінде 
сол  соғыстың  сабағын,  маңызын  ойдан  шығармақ  емеспіз.  Ұлы  Отан 
соғысындағы Жеңіс үшін халық аз тер төкпеді. Он мыңдаған қазақстандықтар 
майдан даласында ерлік көрсетті, көбісі үйлеріне орлмады. Олардың жарқын 
бейнелері  кейінгі  буын  біздер  үшін  ерлік  пен  Отанға  адалдықтың  нышаны 
ретінде  мәңгілікке  жадымызда  сақталады.    Мен  осындай  батыр 
апаларымыздың бірі Хиуаз Доспанова жайлы айтқым келеді.        
Хиуаз  Қайырқызы  Доспанова  –  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезенде 
қазақтан  шыққан  жалғыз  әйел  ұшқышы,  жауынгер,  батыр,  Қазақстан 
Республикасының Халық Қаһарманы. 
Хиуаз  Доспанова   1922  жылы  мамыр айының 15  жұлдызында Гурьев 
облысының  Ганюшкино  ауылында  дүниеге  келді.  Оның  әкесі  партиялық 
қызметкер болғандықтан, олар отбасымен бір орыннан екінші орынға көшіп 
тұратын. Хиуаз 1940 жылы, Орал қаласындағы №1-мектепті алтын медальмен 
үздік  бітіріп  шықты.  Ол  мектеп  кезінен-ақ  аэроклубта  жаттықтырылып, 
аттестатпен бірге ұшқыш қоры куәлігін алып шықты. 
Мектеп  бітіргеннен  кейін,  Хиуаз  Мәскеуге  оқуға  кетті.  Бірінші  ол, 
Жуковский атындағы  Әскери-әуелік  академиясына құжат тапсырды, бірақ, 
оны  қабылдамағандықтан,  Хиуаз  Бірінші  Мәскеулік  медицина  институтына 
түсті. Бірінші курс бітірген соң, 1941 жылдың жаз айында  Хиуа демалысқа 
Қазақстанға кетіп бара жатқан кезінде соғыс басталды. Мәскеуде қалуына тура 
келді. Ұлы Отан соғысы кезінде  СССР-да тек әйелдерден тұратын, тұңғыш, 
бірден-бір  авиация  полкі  құрылды.  Оның  толық  аталымы:  46-гвардиялық 
Таман Қызылтулы Суворов ордені 3-дәрежелі түнгі бомбалайтын авиациялық 
полкі. Немістер қыздарды қысқаша: «Түнгі мыстандар» - деп атайтын. Әйел 
авиабөлімшесінің  құрастыруына  рұқсат  алған  даңқты  ұшқыш  –  Марина 
Раскова.    Хиуаз  Доспанова    сөйлесуге  барып,  сынақтан  өтіп,  полк  мүшесі 
21 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
атанады.  Қызметтестері  Хиуазды  өте  көңілді,  нәзік,  романтикалық  қыз 
болғандығын айтып еске алатын. 
Полк  шынымен  де  тек  әйелдерге  арналған  болатын,  олар  пилот  әрі 
штурман болып қана қоймай, механика  және техника мамандары да болды. 
Авиаполктегі адам саны – 115 адам, қыздардың жасы бар болғаны 17-ден 22 
жас  аралығында    еді.  Бірінші  Энгельстегі  оқу,  сосын  1942  жылы  алғаш 
жауынгерлік ұшу және бірінші жаттығулар болды. Ұшақта екі қыздан ұшатын. 
Бұл екі ашық кабиналы ағаш биплан.  Максималдық  жылдамдық – 120 км/сағ. 
Пулеметтар  бортта  1944  жылы  пайда  болды,  оған  дейін    қарулардан  тек 
тапанша ғана. Тек түнгі мезгілде ұшатын, күндіз осындай ұшақ қарсыластарға 
оңай  нысана.  Әр  түнде  қыздар  10-15  реттен  ұшуға  баратын.  Мақсаттарына 
жетіп, бомбаларды лақтырып және кері – жаңа снаряд үлестеріне оралатын. 
«Арада  ширек  ғасырдан  астам  уақыт  өтсе  де,  алғашқы  әскери  операцияға 
барғаным  көз алдымда кеше  ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай. 
Даланы  түн  қараңғылығы  жайлаған  кез.  Алдымен  жарық  бергіш  бомба 
тастапты.  Себебі  жау  әскері  мен  техникасының  қай  жерде  орналасқанын 
анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено 
командирі Е.Пескова мен Х.Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын 
бомбалай  бастайды.  Қашанда  сақ  отыратын  жау  әскері  естерін  жинап  та 
үлгермепті.  Неше  мәрте  бомбалап,  даланың  астаң-кестеңі  шығып  жатқанда 
ұшқыш  қыздар  аққан  жұлдыздай  көзден  ғайып  болады.  Алғашқы  әскери 
тапсырманы  осылай  сәтті  орындаған  қос  қыз  жан-жақтан  қаумалап  алған 
майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осыдай маңызды іске дайын 
екендіктерін сезініп, қуанғанды.  Хиуаз  ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте 
ауыр  жарақат  алып,  есін  жиысымен  ұрыс  даласына  қайта  оралып  отырған. 
Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. 
Хиуаз Доспанова  небәрі 300 рет жауынгерлікпен ұшып шықты. Өзінің 
полкімен бірге ол Германияға да ұшты. ''Түнгі мыстандар'' Кубань, Тамань, 
Новороссийк,  Қырым,  Белоруссия,  Польша  егемендіктеріне  қатысты.  Тек 
Германия  төңірегінің  өзінде,  қыздардың  ұшқан  саны  2000-нан  асты.  Соғыс 
жылдары  ұшқыш  қыздар  2  902  980  кг  бомба,  26  000  жалынды  снаряд 
пайдаланған  болатын.  Соғыста  32  қыз  мәңгілікке  көз  жұмды...  Соғыстағы 
ерліктері  үшін  батыр  қыз  «Қызыл  Жұлдыз»,  «ІІ  дәрежелі  Отан  соғысы» 
ордендері мен «Кавказды азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» 
медальдарын  иеленіп,  әскери  атағы  аға  лейтенант  шеніне  дейін  өседі.  Ол 
Қазақстанның  ОК  ЖЛКО  хатшысы,    Қазақ  СССР-ы  жоғарғы  кеңестің 
депутаты  және  бірінші  сессияда  –  Төреалқаның  хатшысы  болды.  Алматы 
горком  партиясының  хатшы  қызметін  атқарды.  Бірақ,    37  жасында  Хиуаз 
Доспановаға денсаулығының салдарынан зейнетке шығуына тура келді.  
Меніңше,  анам  партиялық  жұмысқа  келіспеуі  керек  еді,  -  дейді  ұлы, 
Сатпаев атындағы ҚазҰТУ мұғалімі Ерболат Амиров. Анамның жаны нәзік 
болатын... Саясатқа, қызметке араласқанды онша ұната бермейтін, сондықтан 
22 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
да шығар Қазақ  Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетін  басқаруға 
шақырғанда  ол  бас  тартты.    Қарапайым  үй  шаруасындағы  әйел  қалпында 
қалды.  50  жастан  асқан  шағында,  екі  жарақаттың  зардабы  біліне  бастады. 
Анам соғыста шеккен зардаптары  кесірінен көбіне томаға тұйық отыратын. 
Сондықтан  да  сұхбат  алуға  келетін  тілшілер  анамның  мінезі  ауыр  деп 
ойлайтын. 
2004 жылы көзінің тірісінде, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан ''Халық 
Қаһарманы'' атағын алды.  АлматыХиуаз ның ортасында тұрған, қазір сол үйде 
ескерткіш  тақта  бар.  Бұл  жерде  әлі  күнге  дейін  оның  жолдасы,  ұлы  және 
немересі  тұрады.  Ел  басына  күн  туған  шақта  сұрапыл  соғысқа  араласып, 
бейбіт  заманда  еліне  талмай  еңбек  еткен  «Халық  Қаһарманы»  Хиуаз 
Доспанова 2008 жылдың мамыр айының 20-шы  жұлдызында өмірден өтті. 
Иә, батыр өлсе де, есімі өлген жоқ. Оған дәлел келтіріп кетейін. 2012 
жылы батыр апамыз 90 жасқа толды. Осынау мерейтойға орай «Эйр Астана» 
компаниясы  Embraer  190  деп  аталатын  өзінің  алғашқы  төл  ұшағына  Хиуаз 
апамыздың есімі берілді.  97 жолаушыға  лайықталған ұшақтың жылдамдығы 
сағатына 890 км. Техника 4200 шақырымға дейін ұша алады. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталсам, ешкім де, ешнәрсе де 
ұмытылмақ емес. Соғыс – күйретуші күш. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. 
Жер  бетінде  тіршілік  атаулыны  жалмап  жұтатын  тажал.  Батырларымыздың 
есімдері, ерліктері жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, 
рух береді. «Ер есімі - ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты 
ғұмыр  сыйлаған  аталар  мен  апаларымыздың  ерліктері  ешқашан 
ұмытылмайды.  
Әмзебеков Ерасыл 
4 «Б»сыныбы №9Жалпы білім беретін орта мектебі 
Қарағанды облысы,Жезқазған қаласы 
Мұғалімі: Хамитова Гаухар Шоқанқызы 
Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат! 
«Жерге тер төгіп; халыққа қан төгіп, 
қызмет етуден аянба» 
Б. Момышұлы 
1941-
1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына 
міне 70 жыл толады. Бұл адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болғаны белгілі. 
Аумағы жағынан бұл қырғын дүниежүзілік сипатқа ие болды. Құрбандардың 
саны  жағынан  да  жоғары  тұр.  Тек  бір  ғана  Кеңес  одағының  өзінен  20 
миллионнан астам адам қаза болды. Сондықтан бұл соғысты ұмыту мүмкін 
емес.  Оған  қатысқан  жауынгерлерді,  тылда  жанқиярлықпен  еңбек  еткен 
23 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
еңбекшілерді  ардақтау,  әрбір  ұрпақ  үшін  абыройлы  міндет  болып 
табылады.Біздің  ата-бабамыз  түрлі  қанқұйлы  соғысты  басынан  өткерді. 
Олардың ең соңғысы Ұлы Отан соғысы болды. Соғысқа қатысқан аталарымыз 

ұрпақтарының,  яғни,  біздің  бейбітшілікте  өмір  сүруімізді  қалады.  Уақыт
өткен сайын Жеңістің маңызы артып келеді.  Біздің    жерлестеріміз  майдан 
даласында     ерлікпен  шайқасқан.      Жауынгерлік  ерліктері    үшін 
жүздеген    мың    қазақстандық    медаль-ордендермен  марапатталса,    500-
дей     адам    Кеңес  Одағының  Батыры,    100-ден    астам  адам  -  Даңқ 
орденінің    толық  иегері  атанған.    Төрт  қазақстандық    екі    мәрте     Кеңес 
Одағының  Батыры  атанды,  олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, 
Иван 
Павлов 
 
және 
Леонид 
Беда.  Кеңес    Одағы    Батырларының    қатарында    қазақтың  екі    қызы 
-   
мерген    Әлия  Молдағұлова  мен    пулеметші 
Мәншүк 
Мәметова    бар.    Рейхстагқа     Жеңіс  туын    тіккендердің 
бірі 
-  
қазақ  жігіті   Рахымжан  Қошқарбаев.    Жаудың   тылында  партизандарды
ң    қатарында  да    қазақстандықтар  шайқасқан.  Солардың  бірі    -  Қасым 
Қайсенов.   
Ал  танымал    қолбасшы,        әскери    жазушы 
Бауыржан 
Момышұлының 
«28 
 
панфиловшылардың 
ерлігін»
білмейтін 
қазақ 
жоқ 
шығар.  Ұлы 
Отан  соғысы   4   жылға  созылды.    Майдан даласында  600 мыңнан  астам 
қазақстандық    қаза    тапты.   Бүгін    Қазақстанның  барлық  қалалары  мен 
ауылдарында 
Даңқ 
 
монументтеріне, 
 
Ұлы 
Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің ескерткіштеріне  гүл шоқтарын 
қою  рәсімдеріөтуде.Бұл  соғысты    ешкім    де    ұмытпауы,  ешнәрсе    де 
ұмытылмауы  керек.  Ардагерлерді  құрметтеу-біздің  міндетіміз.Жеңіс  үшін 
аштыққа да,ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Қаншама 
азапты  күндерді  басынан  кешіріп,  бүгінгі  көк  аспанында  ақ  көгершіні 
қалықтаған  бейбіт  күнді  сыйлады.  Сол  үшін  ардагерлерімізге  рахмет 
айтқымыз келеді. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға біз сөз 
береміз. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал