Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Владимир жириновский



жүктеу 0.63 Mb.

бет5/6
Дата12.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сенген адамына 

шық жуытпаған 

Аты аңызға айналғаны соншалық, бүгінгі 

ұрпаққа ертегі батырындай болып елестейтін 

Қажымұқан бабамыздың сырт бейнесі де ерекше 

болғанға ұқсайды. Бұл ретте Қажекеңді спорт 

журналисі И.Д.Булга ков: «Ол Геркулес десе, 

дегендей екен. Бір қарағанда, ол адамнан гөрі, 

шойыннан құйған сом тұлғаға ұқсайтын сияқты, 

бойы ұзын және қанжырдай тартылған. Бұлт-

бұлт ойнаған бұлшық еттері бір керемет!» – деп 

сипаттаса, жазушы Дихан Әбілев: «Жартас кеудесі 

жалғанның жартысындай, бұлшықты білек тері 

дөңбектей, бура сан, піл сирақ денесіне лайық 

құж-құж құлақтары, жырым-жырым еріндері 

жартасқа түнеген қара бұлттай қалың қабағының 

астында жанған ошақтай қос жанарлы ұясы үлкен 

екі көзі, соқтала біткен сом бітімді мұрны – бәрі-

бәрі ертегіден естіген дәулеріміз тәрізді қияпат 

береді», – деп суреттейді. Осыған қарап, жұртшы-

лықтың Қажымұқан ды тек қана «қара күш иесі» 

деп ойлайтыны рас. Шындығында, Қажекең 

ақындығы, әншілігі, сөзге ұсталығы бір басына 

жетіп-артылатын сан қырлы тұлға болыпты. 

Мәселен, Қажымұқан өмірін зерттеуші лердің 

бірі, әдебиетші-ғалым Ә.Қоңырат баев: «Қазақ-

тың қара сөзіне, ұтымды әзілі не Қажекеңнен ұста 

адамды сирек кездес тірдім. Мақал-мәтелдерді

ел аузындағы шешендік сөздерді араластырып, 

орынды қолданатын. Әзіл үстінде біреуді сөзбен 

ұтып кетуге де ұста», – дейді. Сонымен бірге ол 

өте қазақы, мейлінше табиғи адам болған. 

Біреуге сеніп қалса, оған шық жуытпаған, ал 

өтірігін бір байқаған адамға ешқашан қайтып 

сенбеген. Батырларға тән аңғалдығы да басым 

Қажекең көңілді отырған кезінде жастық шағынан 

естелік айтып, қызықты әңгімелерімен айналасын 

серпілтіп отырған. Және ол кісінің құлаққа жа-

ғым ды қоңыр даусы болған және көбі не се 

домбырасын қолына алып, ғашықтық әндерін, 

әсіресе Балуан Шолақтың «Ғалия», Біржан 

салдың «Жонып алды», Сәкен Сейфуллиннің «Тау 

ішінде» әндерін айтқан. Осы орайда, Қажымұқан 

жайлы еңбек жазғандардың бірі, белгілі жазушы 

Сәуір бек Бақбергенов: «Оның қолынан Қаратау-

дың үшқатынан жасаған кішкене сұр домбыра 

түспейтін. Күй емес, қоңырлата әдемі саз тарта-

тын. Кейде оған қосылып, үңгірден шыққан 

дауыстай, күмбірлеген қоңыр үнмен ән салатын», 

– деп жазған.

Үлкен қарны жіптіктей болып жиырылатын

Қажымұқанның алып палуан ғана 

емес, сонымен бірге, ғажайып цирк әртісі 

ретінде де аса танымал болғаны анық. Ол 

небір қызық та қауіпті, қиын да таңқалар-

лық қойылымдармен көрермен алдына 

шыққан, цирк манеждерінде өнер көрсет-

кен. Жары Бәтима апайдың естелігіне 

сүйенсек, Қажымұқан қалыңдығы бір 

еліден жуан сом темірді мойнына галстук, 

беліне белбеу қылып орап, темірді 

қамырдай илесе, Парижде цирк алаңына 

мініп шыққан түйесін арқасына салып, 

қайта алып кеткен. 75 пұт жүк тиелген 

арба ны тісімен сүйреп, сахнаға шыққан. 

Адам баласына бітпеген алып кеудесіне 

20 пұттық тас қойғызып, екі пұттық 

балғамен уаттырған, тақтайдың астына 

жатып, оның үстінен адам толы автокөлік 

жүргізген. Және бұл өнерлерінің бәрін 

Қажымұқан еш қиындықсыз-ақ көрсеткен. 

Орыстың атақты палуаны Иван Заикиннің 

«ғажап көпір» деп аталатын қиын нөмірін 

палуандар арасында тек Қажымұқан ғана 

орындай алыпты. Палуан өзін тірідей 

молаға салдырып, топырақ астында 30 

минут жата алады екен. Бұл нөмірін ол 

1936 жылы Қызылжар қаласында соңғы 

рет орындаған. 

Өмірінің соңғы жылдарында Оңтүстік 

Қазақстан облысы, Темірлан ауылында 

күн кешкен палуанды күш сынасып көрмек 

болып,ір гелес елдерден арнайы іздеп 

келетін спортшылар да болыпты. Бірақ 

сол кезде жасы 74-75-ке келіп қалған 

Қажекеңе жергілікті басшылар: «Жасыңыз 

болса, ұлғайды. Сізді бүкіл әлем таниды. 

Қазақтың, бүкіл Кеңестер Одағының 

мақтанышысыз. Енді күресуді тоқтатыңыз. 

Қартайған шағы 

ңызда жығылып 

қалсаңыз, барлық абырой дан айырылып 

қаламыз» деп қолқа салса керек. Содан 

кейін күресуді қойғаны мен, Қажекеңнің 

өнерін көрсетуді өле-өлгенше тоқтат-

пағанын көзкөргендер бүгін де ерекше 

тебіреніспен айтады. Мысалы, Шілік 

ауылы 


ның тұрғыны Ихан Исаевтың: 

«Қаже 


кең ауыл адамдарына өнер 

көрсетер алдында бойын сілкілеп кеп 

жіберетін. Қатты сілкі ген де үлкен қарны 

жіптіктей болып жиы рылып қалатын. Тіпті 

екі қолы мен екі аяғы да шымырланып 

кететін. Ал керілген мезетте мойны 

құрықтай болып шыға келеді. Бұлшық 

еттері білем-білем болып кететін. Палуан 

алаңға шыққанда тек спорттық үлгідегі 

киімімен, яғни қысқа іш киім және 

майкамен шығатын. Сондай кездерде 

еркектің үстінен тек қазақша тігілген кең 

дамбалды ғана көретін ауылдың әйелдері: 

«Ойбуй-й, ұят болды-ау, ұят болды-ау. 

Палуан осындай екен-ау!» – деп беттерін 

баса қоятын», – деп еске алғаны бар.

«Әлем чемпионы» атақтарын бірнеше 

дүркін жеңіп алғандығын «естен шығарып» 

алатындары өкінішті. Бірақ ел не десе, о 

десін, Қажымұқан – әріден айтсақ, шын 

мәнінде, «Жер жүзінің балуаны», беріден 

айтсақ, күллі «Қазақ даласының батыры». 

Енді бірегей тұлға өмірінің былайғы жұртқа 

беймәлім беттеріне үңіліп көрелік... 



Басы 1-бетте

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№69 (521) 22.04.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Бұл жерде банк заңды түрде 

әрекет етіп отыр. Банк пен клиент 

арасындағы келісімшартта о бас-

та барлығы көрсетілген. Яғни 

қаржылық қауіпсіздігін қарас-

тыр  ған банк әу баста-ақ келісім-

шартта клиент несиені кешіктірсе 

немесе мүлде төлей алмай қал-

са, айлық жалақысынан, зейнет-

кер лік  қо ры нан,  тым  болмағанда 

жылжы майтын мүлкі арқылы 

өн діріп алу жолдарын атап көр-

сеткен. Көпте ген азаматтар осы 

келісімшартты оқымай-ақ қол 

қоя береді. Соның сал да рынан 

өзі опық жеп қалады. 

Екі жыл бұрын банктен қарыз ақша алған едім. Ол кезде 

айлығым тәуір болып, қарызды дер кезінде өтеп тұрдым. Қазір 

жалақым төмендеп, есепшотымдағы ақшамның барлығы 

банкке кетіп жатыр. Біздің қолымызға ақша да тимейді. Біздің 

жағдайымыз ескеріліп, банк жеңілдік жасай алмай ма?

Маржан СӘБИТҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Банк жағдайымызды ескере ме?

Дәрігерлерден шығынды талап ете аламын ба?

Осыдан бірнеше жыл бұрын балама дәрігерлер дұрыс диагноз қоймай, баламды 

емдетпеген жерім қалмады. Ақыры балам ауруынан әлі күнге дейін айыққан жоқ. Сол 

дәрігерді қазір де көріп тұрамын. Бізді көп әуреге салып, аурудың асқынуына себеп 

болған біліксіз әрі жауапсыз дәрігерлерден моральдық шығын талап ете аламын ба?

Марал БЕКТЕМІРҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Мұндай жағдайда тұрғылықты жер 

бойын ша сотқа талап-арыз жазылып, оған 

дәлелді құжаттардың барлығы қоса тіркелуі 

керек. Яғни шыққан барлық шығындар, чек, 

квитан ция, тіпті жол жүргендегі билеттер, 

дәрігерге көрінер алдындағы талон, барлығы 

да құжатқа тігілуге тиіс. Сосын талап-арыз 

сотқа өткізіледі. Мүмкіндігіңіз болса, бала-

ңыздың дәрігерге көрінгендегі, ауруханада 

жатқандағы кітапша 

сының көшірмесін 

алдырғаныңыз да жақсы. Мұның барлығы да 

Сіздің шығындарыңызбен қатар, дәрігерлер-

дің айыбын анықтауға себеп болады. Егер сот 

талап-арызыңызды қанағат тандырмаса, онда 

тәуелсіз сот сараптамасы тағайындалуы 

керек. Олар дәрігерлер кінәсін дәлелдей алса, 

сот соның негізінде моральдық шығын өндіру 

туралы шешім шығарады.

МЕРЕЙ

ІХ Халықаралық «Алтын микрофон» 



вокалдық байқауының финалдық кезеңі 

мен гала-концерті Е.Өмірзақов атындағы 

Қостанай облыстық филормониясының 

сән-салтанат залында өтті. Ресей, Литва, 

Бела русь және Болгариядан келген кәсіби 

әншілер мен продюсерлерден құрылған 

қазылар алқасының құрамында Қазақ-

стан ның атынан атақты композитор Кеңес 

Дүйсекеев болды.

Үш күнге ұласқан дода қорытындысы 

бойынша, қатысушылар жас шамасына 

қарай үш топқа бөлініп, әр топтың жүлде-

герлері анықталды. Нәтижесінде, бүлдір-

шіндер тобынан бірінші орынды алматы-

лық Әлішер Жақсыбай иеленсе, орта буын-

нан Қызылорданың әншісі Азамат Алтаев 

жеңімпаз болды. Ал ересектер тобында 

бірінші жүлдені Литвадан келген Сигита 

Падваришките мен Болгарияның өнерпазы 

Йордан Марков өзара бөлісіп алды. 

Ал бас жүлде «Алтын микрофон» 

қостанайлық бозбала Ернар Садырбаевқа 

бұйырды. ҚР еңбек сіңірген әртісі Алек-

сандр Калугиннің шәкірті, Қостанай педа-

гогикалық колледжінің студенті Ернардың 

дауыс диапазонының кеңдігіне тәнті 

болған қазылар алқасы оны бірауыздан 

байқаудың ең үздік әншісі деп таныды. 



Ернар САДЫРБАЕВ, 

ІХ Халықаралық «Алтын микрофон» 

байқауының жеңімпазы:

– Біз бұл байқауға ақпан айынан 

бастап мақсатты түрде дайындала бас-

тадық. Қазақша және итальянша ән да-

йын дадық. Андреа Бочеллидің ре пер-

туарынан алынған ән менің даусы м ның 

мүмкіндігін көрсетті деп ойлай мын. Ең 

бастысы, «Алтын микрофон ның» Қазақ 

елінде қалғаны  мен үшін басты бақыт 

боп тұр. Марапаттау рәсі мінде менің 

атымнан бұрын «Қазақс тан» деген сөз 

алғаш айтылды, сон дық тан мен емес, 

менің елім – жеңімпаз!

Әсел МИЗАМҚЫЗЫ

Алтын микрофон 

Ернарда қалды

ШАР


А

– Жақсы іске мұрындық болып отырған 

– Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы 

мен халық шығармашылығы үйі. Мақ-

сатымыз – өңірімізден шыққан өнер тар-

ланы Нұрсұлу Тапалованың есімін дәріптеу, 

жас ұрпаққа үлгі ету, жастардың өнерін 

ұштау, – дейді байқау ұйымдас тырушы-

ларының бірі Зердегүл Үркімбаева.

Нұрсұлу Тапалова – Қазақ ССР-інің ең-

бек сіңірген әртісі,  қазақ өнеріндегі шоқты-

ғы биік балериналардың бірі. Байқау ел 

бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылуда. 

Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ

Нұрсұлудың би 

байқауы басталды

ДАТ!


Самал ТӨЛЕУБАЕВА, 

шығыстанушы, филология ғылымының кандидаты:

Дінді кейде жастарымыз 

сақал қойып, орамал 

тарту деп түсінетін секілді

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Біздің қоғамда шығыстан бір нәрсе келсе, бірден үрпие қараймыз. 

Лаңкестік, исламдық фундаментализм, тағысын тағы деп, күні бұрын 

қауіптенеміз. Ал батыстан күніне мың қауіп келіп жатса да мән бермейміз. 

Мысалы, батыстың түрлі кинолары жастарымыздың санасын улап жатыр. 

Мұның кері нәтижелері де қоғамда әлден байқалуда. Оған сол батыстың 

өзіндегі оқиғалар-ақ куә. Бұл қауіп емей не? Неге біз батыстың дүниесін 

көзді жұмып қабылдаймыз да, шығысқа күдікпен қараймыз? Біздің 

ділімізге, салт-санамызға шығыстың көп құндылықтары жақын екені анық. 

Кез келген мәдениеттің жағымды және жағымсыз жақтары болады. 

Сондықтан исламмен немесе шығыспен байланысты құбылыстардың 

бәрінен қауіп көрмей, сабыр таразысына салып қарасақ деймін. 

– Самал Абайқызы, бірқатар 

жоға ры деңгейлі кездесулерде 

қазақ ша-арабша ілеспе аударма 

жасап жүр сіз. Бұрындары шығыс 

тілдерінен ілеспе аудар ма жасай-

тындар негізінен ер-азамат тар бо-

лып келуші еді. Қиындығы мен 

қызығы мол осы салаға қалай кел-

діңіз? 

– Аударма – мен үшін ерекше сала, жа-

ным сүйетін жұмыс. Ал негізінде мен өзім 

кәсіби аудармашы емеспін. Аудар маға, 

ілеспе аударма ісіне еліміздің Сыртқы істер 

министрлігі арқылы араласып кеттім. Бұл 

үшін министрлікке тек алғыс айтам. 

– Бізде көбіне осы шығыс тіл-

дерінен ғана аударма қазақша бо-

лады да, еуропалық тілдерден не-

гізінен орыс тілінде жүреді. Мұның 

себебі неде деп ойлайсыз? 

– Бізде өзге тілден қазақшаға аудару ісі 

Тәуелсіздік алғаннан бері ғана қолға алын-

ды десек те болады. Оған дейін өзге тілден 

орыс тіліне ғана аударылып келгенін, не се-

бепті олай болғанын да білеміз. Негізгі ма-

мандар да Мәскеу мен Санкт-Петербургтен 

(бұрынғы – Ле нин град) дайындалатын. 

Сондықтан Тәу ел сіз дігімізге тәубе деу керек, 

қазақшаға аудару тәжірибесі де бізде енді 

жинақталып келеді. Батысы да, шығысы да 

солай. Рас, батыс тілдерінен ауда ратын ма-

мандар көбірек. Бірақ олар дың қаншасы 

қазақ тіліне қиналмай тәржі ма лайтынын 

дәл айта алмаймын. Дегенмен бізде бүгінгі 

таң да қазақ мектебін бітір ген, ағылшын, 

француз тілдерін жақсы білетін оқушылар 

өсіп келеді. Олар ертең осы батыс тілдерінен 

қазақшаға, қазақша дан батыс тілдеріне 

аударатын мамандар қатарын толтыраты-

нына сенімдімін. Жалпы, менің ойымша, 

енді бір 5-10 жылда бізде өзге тілден өз 

тілімізге және керісінше еркін аударатын 

мықты кәсіби мамандар тобы қалыптасатын 

болады. Қазірдің өзінде Мемлекет басшы-

сының қасынан, тағы басқа іс-шараларда 

қазақшаға еркін аударып жүрген жастар-

дың бар екенін көріп қалып жүрміз. 



– Ілеспе аудармашы болу үшін 

ең бек тен бөлек, туа біткен қасиет 

қажет деп ойлайсыз ба? 

– Аударманы өз басым, бір жағынан  

– жұмыс, екінші жағынан қабілет-дарын 

деп түсінемін. Ілеспе аударманы жасау кез 

келген адамның колынан келе бермейді. 

Екі тілді жетік білгенімен, аударма жасай 

алмауы мүмкін. Ілеспе аударма жасау үшін 

екі түрлі адамның психологиясын ғана 

сезініп, соны жеткізіп қоймай, екі халықтың 

ділін де жақсы білуге тиіссіз. Мысалы, 

кейбір сөздерді сол күйінде аударуға, жет-

кізуге болмайды. Екінші та рап қа қатты 

тиюі мүмкін. Сондықтан аудар машыға 

бірінші кезекте бір-бірінің тілін білмейтін 

адамдарды байланыстыру шы қызметімен 

қа тар, екі халықты бір-бірі не жақындас-

тыру шы дәнекер міндеті де артылған. 

Барлық келіссөздердің сәтті өтуі 50-60 

пайызға дейін аудармашыға бай ланысты 

болатын дығы да содан шығар. 

Рас, аудармада «аманат» деген ұғым 

бар. Сізге артылған «аманат» – айтылған 

сөз ді бұрмаламай жеткізу. Алайда сол 

айтылған сөзді қатқыл күйінде, өктем си-

патымен жеткізесіз бе, әлде жұмсақ үнмен, 

бейбіт екпінмен жұмсартып жеткізесіз бе, 

ол енді сіздің өнеріңізге байланысты бола-

ды. Демек, сіздің ниетіңіз екі тараптың ара-

сына от салмау болуы тиіс. 

Тағы бір нәрсе бар, аударма 100 пайыз 

дәл шығуы мүмкін емес. Бірақ солай екен 

деп, немқұрайды аударуға әсте болмайды. 

Аудармашы жан-тәнімен, бар зейін-

құлшынысымен сөйлеушінің айтқанын 

толық мағынасында, әр сөзінің көркін жет-

кізе аударуға талпынуы тиіс. Өйткені тіл 

білетін сырт көзге сіздің аудармаңыздың 

қай жері жетпей қалғаны, қай сөз ауда-

рылмағаны байқалып тұрады. 

– Иә, кейде жұмыс бабында 

аудар машыларға  жүгінетіндіктен, 

тілді жетік білмесек те, шетелдік 

мейманның сө зін аудармашы толық 

қамти алмай тұрғанын байқап жа-

тамыз. Мұндайда тілшілер 

қауымына тіпті қиын, басы бар да, 

аяғы жоқ, аяғы бар да, басы жоқ 

тіркестерден жібі түзу сөйлем құрай 

алмай қиналамыз....

– Көрдіңіз бе, аудармашылықтың 

қиындығы да осында. Бір адамның бар лық 

саланы бірдей жетік білуі мүмкін емес. 

Бірақ тілмаштық жұмыс кезінде аударуға 

тура келетін кездер болады. Сондықтан 

аудармашы мейілінше зерек, дүниетанымы 

мол адам болуы тиіс. Сонда қабілетіңіз бен 

зерек зейініңіз көмекке келеді. Мәселенің 

мәнісін негізгі базалық біліміңізбен 

түсіндіре алсаңыз, тараптар сөз арасында 

сізге қажетті сөзді өздері айтып жатуы 

мүмкін, соны тек дер кезінде аңғара білу 

керек. Келесі сөйлемде сол сөзді қолдана 

бересіз. 

Сосын тағы бір мәселе, кәсіби аудар-

машы болу үшін онымен үнемі шұғыл дану 

керек. Ал бізде тек қана ілеспе аудар-

машылықпен айналысатын адамдар өте аз. 

Көпшілігі басқа салаларда жұмыс істейді 

де, қосымша табыс көзі немесе хобби 

ретінде қарайды. 

Мен, мысалы, аудармамен өздігіммен 

жүріп айналысып кеттім. Еркін аудармадан 

бастадым. Сөйтіп, тәжірибе жинақтай 

жүре, аудармашылық деңгейім көтерілген 

болар деймін. 

– Ілеспе аударма жасап отырып, 

қы зықты жайттарға душар болған 

сәттеріңіз бар ма? 

– Қапелімде сондай қызықты оқиға есі-

ме түспей тұр. Дегенмен өз бойымнан 

байқаған бір нәрсе – аударма кезінде бар 

зейінім соған арналатындықтан, екі 

тараптың қандай киімде, қандай галстукте 

екеніне назар аудармайды екенмін. 

Елбасының бір-екі кездесулерінде алғаш 

аударма істегенімде ол кісінің киім киісіне 

мүлде назар аудармаппын. Артынан кезде-

су біткесін, Елбасының қандай киімде 

болғанын есіме түсіре алсамшы. 

Сосын бірде мынадай жайттың куәсі 

болдым: араб елінен бір жоғары лауазым-

ды тұлға келді. Біздің Президентіміз ол 

кісіні Ақордада қабылдады. Сонда 

байқағаным, бір елде әжептәуір үлкен ла-

уазымды қызмет атқарып жүрген адам 

Елбасының алдына келгенде кәдімгідей 

қысылып, жас жігіттей қобалжыған күйге 

түсті. Бұдан біздің Елбасының харизмасы, 

аурасы қандай мықты екенін байқауға бо-

лады. Бірақ сол араб азаматының күйін 

көріп, «егер қазір мен де қобалжысам не 

болады» деген оймен өзімді-өзім іштей 

жинап, қайраттанып алдым да, Президент-

ке де, қонаққа да қарамай, бар зейінімді 

аударуға бұрдым. 

Бұдан шығатын тағы бір ой, Прези-

денттің алдына келген адам шетелдік бола 

тұра, өз тілінде дұрыстап сөйлей алмай 

қалып жатқанда, аудармашыға түсетін жүк 

қаншалық дегенге саяды. 

Сосын өзім үнемі қарым-қатынаста 

жүрген араб елдеріне қатысты бір бай-

қағаным, олар аудармашыға айрықша іл-

типатпен қарайды. Шаршап қалмады ма, 

шөлдеген жоқ па, қарны ашпады ма? Осы 

жағын қатты қадағалайды. Ал кез 

де-


сулердің екінші бөлігі қонағасылар бері-

летін бейресми жағдайларда жалға сады. 

Аудармашы соның бәрінде еріп жүреді. 

Тараптар ас ішіп отырып сөйлеседі. Ондай 

кездерде аудармашы дастарқанға емес, 

қонақтың арт жағына қарай жай ғасады. 

Өйткені міндеті, жұмысы сол. Бір жағынан, 

аудармашының тамақ ішіп отырып сөйлеуі 

де этикалық тұрғыдан әдемі көрінбейді. 

Бірақ соған қарамастан, арабтар аудар-

машыға үнемі алаңдап, ілтипат білдіріп, 

тіпті алдына ас әкелдіріп, шағын дастарқан 

да жайғызып қояды. Өйткені адам болға-

сын күн ұзақ аударма істей жүріп, әдетте-

гіден екі есе энергия жұмсай сың, таңдайың 

кеуіп, шөлдеуің мүмкін. Араб тар осыған 

қатты мән береді. Мысалы, Мысырдың Ва-

куф министрі Мах мұд Закзук Қазақ стан нан 

барған бір ресми делегацияны қабыл дап, 

қонақасы берген кезінде қасын да отырған 

менің алдыма ас-су, тәтті-пәттіге дейін 

әкелдіріп, қайта-қай та қайырылып, ілтипат 

білдіріп отырды. Бұл – бір ғана мысал. Ал 

мұндай жағдайлар көп. 



– Енді әңгіме арнасын өзіңізге 

жа қын осы араб елдеріндегі 

ахуалға бұр сақ. Шығыстанушы 

ретінде, осы ел дер ді жақынырақ 

білетін маман ре тіндегі өз 

көзқарасыңызды білдір сеңіз? 

– Иә, бүгінде әлем назары араб жұр-

тына ауып тұр. Бұл бір жағы, заңдылық та. 

Өйткені араб деген жалғыз мемле кет емес, 

ол – тұтастай бір әлем. Тарихта, өркениет 

қоз ғалысында, геосая сат ағымында ай-

рық 

ша орны, мән-маңы 



зы бар үлкен 

аймақ. Сондықтан араб жұртындағы мұн-

дай оқиғаларға әлем дік қауымдастыққа 

мүше елдердің ешқай сысы да бейжай 

қарай алмайды. 

Енді қаңтардағы оқиғаларға келсек, 

ереуіл Тунистен басталды. Осы хабарды 

естігенде мен, шынымен де, таңдандым. 

Өйткені араб әлемінің батысы – Мағриб 

елдерінің ішіндегі Тунис жақсы дамып келе 

жатқан шағын мемлекет. Бұрындары мұн-

дай ауқымды проблемаларымен аты шыға 

қоймаған туристік ел болатын. Ме ніңше, 

Туниске, Тунис қана емес, жалпы осы мағ-

риб елдеріне де әлемдік қар жы дағ дарысы 

айтарлықтай ауыр салдар әкелген секілді. 

Нәтижесінде, бұрын елеусіз немесе әсері 

аса біліне қоймаған проб ле малар ушығып, 

күрделі сипат алуы мүмкін. Бұл бір жағынан 

болса, екінші жағынан, аталған елдердің 

басшылары билікте ұзақ отырып қалғаны 

да ешкімге жасырын емес. Дей тұрғанмен, 

мәселе санда да емес. Кез келген адамның 

ерік-жігері мен күш-қайраты тасыған, бел-

сенді еңбек ететін жасы болады. Халқы 

риза болса, қолдаса, жақсы көрсе, билікте 

30-40 жыл неге отыра бермеске? Ең бас-

тысы – билеушінің халық көңілінен шыға-

тындай өнімді, нәтижелі жұмыс істей алуы. 

Бірақ қанша дегенмен ұзақ жылдар бойы 

халықтың ризашылығына бөлене беретін-

дей өнімді жұмыс істеу де қиын. Сондықтан 

Тунисте елдегі әлеуметтік ахуал мемлекет 

басшылығына деген нара зылықты тудыр-

ған сыңайлы. Ал Тунисте туған толқу Мы-

сырға да «жұқты». 

Жалпы, Мысыр – ежелден келе жат қан 

мәдениеті бар, сырлы ел. Мысыр – жағра-

пиялық тұрғыдан Жердің дәл ортасында 

орналасқан. Бүгінде 70 мил лион нан астам 

халқы бар үлкен ел бол ғандықтан, демо-

графиялық мәселе лер, жұмыссыздық, со-

нымен байланысты та ғы басқа әлеуметтік 

проблемалары да же тер лік. Мұның бәрін 

оңай әрі тиімді шешу мүмкін емес. 

Сондықтан кейінгі жыл дары бұл елде де 

1981 жылдан бері бас қарып келе жатқан 

Хосни Мүбаракқа нара зылық туа бастады. 

Бұған әлемдік қаржы дағ дарысының сал-

дарлары да түрткі болғаны анық. 

Дегенмен Мысыр ежелден Жердің ғана 

емес, бейбітшіліктің де кіндігі болып кел-

генін тағы бір рет айғақтап, наразылық 

бейбіт шешілді. Мысырдың ыстығына 

күйіп, суығына тоңып, бар күш-қайратын 

жұмсай жүріп алға сүйреген Х. Мүбарак 

халық қалауына қарсы келмей, биліктен өз 

еркімен кетуге ақылы жетті. Егер Тунисте 

президентті күшпен кетірсе, Мысырда бұл 

жайт мәмілемен бітіскендей болды. 

Ливия Солтүстік Африка елдерінің ішін-

дегі ең бай мемлекет саналады. Он ың сая-

си жүйесінің де ерекше екені, «жама-

хирия», яғни «халық билігі» фор масындағы 

ел екені баршаға мәлім. Мұнда елді халық 

көсемі (революция көсемі) Муаммар Кад-

дафи басқарады. Ол да – билікте ұзақ 

отырған басшы. Тағы да мәселе санға бай-

ланысты емес деп қарайық. Зейн әл-

Әбидин бен Әли, Х. Мүбарак та, М. Кад-

дафи де – өз елдерінің дербестігіне, азат-

тығына қол жеткізіп, дамуына айрықша 

үлес қосқан, халқының құрметіне ие болған 

тұлғалар. Бірақ сөйте тұра, олар билікте 

ұзақ отырғандықтары себепті кейінгі кез-

дері елдегі нақты ахуалды дұрыс бағалай 

алмауы мүмкін. Адам болғасын, әлсіз 

тұстары болады, қайраты қайтады, баяғы-

дай қырағылық та азаяды деген секілді. 

Осыны дер кезінде түсінген Х.Мүбарак 

биліктен кетті, ал Каддафи кері сінше әрекет 

етті. Нәтижесінде, ел екіге бөлініп, азамат-

тық соғыс оты тұтанды. Бұл, әрине, өкінішті. 

Ең өкініштісі – қаншама жылдар мен 

қажыр-қайрат жұмсап құ рылған дүниені 

қирату болмақ. Өйткені мың күн құрастыр-

ғанды бір күнде қирату оңай. Ал араб 

елдерінің көпшілігі батыстың отары болға-

нын білесіз. Сол отарлық қамыттан құтылу 

үшін араб елдеріне тізе қосып, күш бірік-

тіруге тура келді. Рулық-тайпалық бөлінісі 

өте күшті, өзара дүр дараздықтары да тым 

көп араб әлемі үшін бұл тіптен оңай емес-

тін. Араб көсемдеріне сол қырық рулы 

тайпалардың басын біріктіріп, бір мәмілеге

ортақ мүддеге тоғыс тыру оңай болған жоқ. 

Бұған қаншама жылдар мен қажыр-қайрат 

жұмсалды. Енді соның бәрін қайта бүлдіріп 

алу қаупі туып тұр. Егер осы дүрбелеңді 

пайдаланып, біреулер ескі проблемаларды 

қозғап, ру-тайпалар арасындағы көне дау-

ларды оятып жіберсе, мәселе қиынға соға-

тыны анық. Ең басты қауіп те – осы. 

Ал Бахрейнге келсек, ол – монархиялық 

мемлекет әрі араб әлемінің шығысы – 

Машриқ елдеріне жатады. Мағриб ел-

дерінде Мароккодан басқасы республика 

болса, Машриқта жеті монархия, бес рес-

публика (Мысырды қосқанда) бар. Мұн-

дағы мемлекеттер де соңғы 50 жылда 

мұнайдың арқасында жақсы дамып келе 

жатыр. Демографиялық жағдайлары да 

ерекше. Жергілікті халық – таза арабтар 

саны аздау, сырттан келушілері көптеу. 

Күнделікті орта және төменгі буын жұмыс-

тарында, түрлі қызмет көрсету салаларын-

да негізінен оңтүстік-шығысазиялық ұлттар 

істейді. Яғни мұнда да әлеуметтік-эконо-

микалық мәселелер бар. Екінші жағынан, 

әлеуметтік-экономикалық проблема қай 

елде жоқ дей аламыз? Барлық әлемде 

бар. 


Бахрейн абсолюттік монархия бол-

ғандықтан, мұндай мемлекет құрылы-

мындағы барлық лауазымдар билеуші 

әулеттің қолында. Байлық та солай деуге 

болады. Мүмкін, осы жайт та халықтың 

көңіл-күйіне ықпал еткен шығар. Мен сая-

саттанушы емеспін, сондықтан бұл мәсе-

лелерде кесімді пікір айта алмаймын. Сол 

елдерді зерттеген шығыстанушы ретінде 

ғана мәселеге үңіле алам. 

Қазіргі басты мәселе – осы дүрбелеңнің 

ОПЕК-ке мүше Сауд Арабиясы, Кувейт, 

Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман 

секілді мұнайды ірі көлемде экспорттайын 

елдерге «жұқпауы». Араб әлемінде онсыз 

да проблема жеткілікті. Мысалы, 50 жылға 

созылған араб-Израиль қақтығысы бар. 

Егемендік сұрап жатқан Оңтүстік Судан, 

соңғы жылдары қиын кезеңдерді өткеріп 

жатқан Ирак, Йемен мәселесі бар. Демек, 

«өрттің» өзге ел дерге жайылмағаны өте 

маңызды. Жағдай бұлай өрбісе, онда ол 

әлемдік экономикаға да әсер етпей 

қоймайды. Араб жұртымен күллі әлем 

тығыз байланыста десек, артық айтқандық 

емес. Араб әлемі Жерорта теңізі елдеріне, 

Таяу Шығыс, Түркия, Иранға жақын. Сон-

дық тан мұндағы ахуалдың тез әрі бейбіт 

шешімін тапқанынан бәріміз де мүдделі 

болуға тиіспіз. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал