Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Владимир жириновский



жүктеу 0.63 Mb.

бет3/6
Дата12.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6

Бақыт ЖАҚАНОВ, Қызылорда 

облыстық ауыл шаруашылығы 

басқармасының бастығы: 

– Облыста ауыл шаруашылығы 

дақылдарын тамшылатып суару әдісіне 

көңіл бөлініп отыр. Екі жыл бұрын 200 

гектар алқапқа аталмыш тәсіл бойын-

ша көкөніс өсірілген. Былтыр оның 

көлемі 240 гектарға ұлғайды. Осының 

нәтижесінде жергілікті диқандар көкө-

ніс, картоп және бақша өнімдерін жи-

нап алды. 

Жер шарындағы су ресурстарының 

көлемі түрліше. Біздің елімізде су көздері 

тапшы болып келеді. Мәселен, еліміздегі 

табиғи судың көлемі ТМД елдеріндегі су 

ресурстарының 4 пайызына да жетпей-

ді. Өзен суы жер көлеміне шаққанда 42 

миллиметрді шамалайды. Бұл достастық 

елдеріндегі ең төменгі көрсеткіш болып 

табылады. Ол Түркіменстанда – 139, 

Өзбек станда – 250, Тәжікстан мен Қыр-

ғызстанда – 600, Грузияда 985 милли-

метрге тең. 

Исатай АЛДАБЕРГЕНОВ, 

су шаруашылығы саласының ардагері:

– Бізде су шаруашылығы саласын 

дамытуға дұрыс көңіл бөліне бермей-

ді. Үлкен құрылымдар мен меншік иесі 

жоқтығынан көптеген гидроқұрылыс 

жайы алаңдатып отыр. Олардың бар-

лығы дерлік әбден көнерген. 

Бүгінде қара судың өзі үлкен проб-

лемаға айналып отыр. Сондықтан осын-

дай түйткілді тарқату үшін жаңа шылдық 

әдістер қажет екені анық. Бұл мақсатта 

шаруа қауымға жеңілдетілген несие 

берудің тиімділігі зор. Болмаса, бұрынғы 

әдетімізбен шашпа-төкпеліктен әріге аса 

алмаймыз. Жұмыр жерде су көздері тап-

шы болып барады.



Қызылорда облысы

САҚТЫҚ


Соңғы жылдары кененің келтірген кеселі аз болмады. Естеріңізге 

салсақ, осыдан екі жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында 

кене шағу салдарынан бірнеше адам конго-қырым қанды безгегі 

инфекциясын жұқтырып, бірнеше шаңырақ қара жамылды. Сол 

қайғылы оқиғадан соң жауапты органдар кенеге қарсы күреске 

бар күшін жұмылдырып бақты. Үкімет тарапынан қосымша 

қаржы бөлініп, ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Алайда 

өткен жылы кене шаққан 17 адамның, өкінішке қарай, үшеуі қаза 

болды. Әрине, кенені біржола құрту мүмкін емес. Сондықтан да 

санитарлық-эпидемиологиялық сала мамандары халықтан сақтық 

шараларына аса көңіл бөлуді сұрайды.

Кененің кесірі 

тимесін десеңіз... 

Көктем шығып, күн жылысымен-ақ, 

кенелердің белсенділігі артады. Кенелер 

адам мен малдарға көктем мен ерте жазда 

шабуыл жасайды. Олар теріге байқатпай, 

яғни ауыртпай жабысады. Сол себеп-

ті адам денеге кене жабысқанын білмей 

қалады.


Сәуір айының алғашқы онкүндігіне 

дейінгі мерзімде Оңтүстік Қазақстан облы-

сында кене шағудың 79 фактісі тіркелген. 

Олардың 30-ы – қала тұрғындары. Абы-

рой болғанда, олардың ішінде жұқпалы 

ауру жұқтырғандар жоқ.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсау-

лық сақтау басқармасы бастығының 

орынбасары Ғалымжан Әбіштің айтуын-

ша, Оңтүстік Қазақстан облысы конго-

қырым қанды безгегі ауруын тарататын 

кенелердің табиғи ошағы болып табыла-

ды. Осыған орай облыстық санитарлық- 

эпидемиологиялық қадағалау департа-

менті Бәйдібек, Төлеби, Түркістан аудан-

дарынан жинап алынған 1808 кенені тек-

серген. Тексеру бойынша, олардың 11-і 

конго-қырым қанды безгегіне оң нәтиже 

берді. Демек, қауіп бұлты әлі де сейілген 

жоқ. Сондықтан жауапты органдар барлық 

залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, 

сонымен қатар әрбір адам сақтық 

шарасын ескергені абзал.

Бүгінге дейін Алматыда да 

48 кене шағу фактісі тіркелген. 

Кене шаққан кезде немесе кенені 

жабысып тұрған жерінде сығып 

өлтіргенде адамға жұқпалы ауру-

лар жұғуы мүмкін. 

Кене шаққанда адамға жұға-

тын қауіпті аурулардың бірі – кене 

энцефалиті.



Қажығали ҚАРДАСІНОВ, 

«Алматы қалалық 

дезинфекциялық стансасы» 

РМҚК маманы:

– Кене энцефалиті – адам ның 

орталық жүйке жүйесін зақым дай-

тын, кене шағу салдарынан пайда 

болатын аса қауіпті ауру. Энцефалит 

вирусын тасымалдаушы кене шаққан 

жағдайдың 20-30 пайызында адам 

өте ауыр кеселге ұрынып, сал ауруы-

на шалдығып, мүгедек болып қалуы, 

тіпті қазаға ұшырауы мүмкін. 

Өкінішке қарай, бұл ауру ере-

сек адамдармен қатар, балаларда 

да жиі кездеседі. Сондықтан тауға 

шыққанда, далаға, саяжайға 

барғанда төмендегі сақтық шара-

ларын ескерген жөн.

— жеке бас гигиенасын сақтау;

— кене шағудан қорғану үшін ар-

найы киім кию;

— кенеден сақтанатын заттар қол-

дану;

— үйге келген соң, киімді қағып, 

сіл кіп  жуу;

— душқа түсіп жуыну.

Ең бастысы, кене энцефалитінен 

сақтану үшін оған қарсы егілген дұ-

рыс.

Егу тұрақты мекенжайыңыздағы 

ем ха наның жұқпалы ауру кабинетін-

де жүргізіледі. Егер денеге жабысып 

тұрған кенені байқасаңыз, жедел дә-

ріг ерге көрініңіз. Мұндай жағдайда 

ауру ханалардың жарақат бөлімдері 

ақысыз тәулік бойы жедел жәрдем 

көрсетеді. Кене шағу фактісін ес-

керусіз қалдыру өміріңізге қауіп 

төндіруі мүмкін. 

Кенелер Қазақстанның қылқан жапы-

рақты, жалпақ жапырақты орманды, дала-

лы аймақтарында кездеседі. Кене ауруы 

Шығыс, Орталық, Солтүстік Қазақстан да-

лалары мен орманды аймақтарында және 

Алматы қаласының таулы аймақтарында 

кездеседі және ауру тасы малдау шы болуы 

мүмкін. 

Қалдар БЕК

ТҮЙТКІЛ


Судың да сұрауы бар 

екенін қашан ұғамыз?

Атамыз қазақтың «судың 

да сұрауы бар» деген тәмсілі 

ойға оралады. Қазақ дала-

сында ағып жатқан өзен-

дердің көбі өзге елдерден 

басталады. Қашаннан да 

кісі де гінің кілті аспанда бо-

латыны белгілі. Су ресурс-

тарына тәуелділік біз үшін 

басты проблемалардың біріне 

айналған. Әрине, транс-

шекаралық өзендерді бірлесе 

пайдалану бағытында тиісті 

іс-шаралар қолға алынуда. 

Дегенмен біздің де қолдағы 

барды бағалап, суды үнем-

мен қажетке жаратуға көңіл 

бөлгеніміз артық емес. 

Ашығын айтқанда, біздің 

еліміз де су ресурстарына де-

ген үнемшілдік жоқ қа тән. 

Оны ел-сел ағып жатқан 

дүние көреміз. Бұрын ғы 

жүйеден қалған ескі көз-

қарас тан әлі арыла алмай 

келе жатқан жайымыз бар. 

Елімізде тамшылатып суару 

әдісі күні бүгінге дейін қана-

тын кеңге жая алмай отыр. 

Бұл әдіс талай мінбеден ай-

тылып келеді. Өкінішке қарай, 

сол айтылған күйінде қалып 

қойып жатқандай. Әйтпесе, 

осы күндері оны кәдеге жа-

ратып жүрген жандардың 

қатары көбейер еді ғой.

Әділжан ҮМБЕТ

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ!

Жыл сайын көктемнің келуімен кенелер белсенді 

бола бастайды: олар адамдар үшін көптеген аса қауіпті 

жұқпалардың тасымалдаушылары болып табылады. 

Қазақстанның анағұрлым қауіпті аймақтары жыл сайын 

наурыз-тамыз айларында кене энцефалит вирусының 

иксодтық кенелер-тасымалдаушыларының анағұрлым 

көп саны байқалатын Шығыс Қазақстан, Алматы 

облыстары және Алматы қаласы, сол сияқты қырым-конго 

геморрагиялық сызбасы байқалатын Оңтүстік Қазақстан, 

Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумақтары болып 

табылады. 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№69 (521) 22.04.2011 жыл, жұма               



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Зейнетақы қоры сатылса да бұрынғысынша жұмыс істей береді

НАРЫҚ

ТА

ЛҚЫ



АГРОӨНЕРКӘСІП

Басқа тұқымдастарындай емес, пияздың кейде аспандап 

«ғарыштық» бағаға бір ақ секіріп, тосын мінез танытып тұратыны 

бар. 2007 жылы көктемде оңтүстік облыстарда пияздың бағасы 

200 теңгеге шығып, талайларды «таңғалдырғаны» бар. Қыс 

бойы 25-30 теңгеге сатылып келген пияздың бірден қымбаттауы 

шынында да қызық көрінгені рас. Бұрын-соңды мұндай бағаға 

өскенін көрмегендіктен болар, сатушылар мұны қоймада өнімнің 

таусылып қалғандығымен, яғни «дефициттігімен» түсіндірді.

Пияз өсіргенмен,

сақтайтын қоймалар аз

Сол тұста пияз қоспаса дәмі кірмейтін 

ман ты мен самса сатушылар қайтер екен 

де ген сауал туындаған. Самсашылар сас-

па ды. Кәдімгі қырыққабатты майдалап 

тура са, пияздың орнын баспаса да, орнын 

алмастырушы ретінде пайдалануға болады 

екен. Сонымен күзгі пияз өнімі піскенше 

осылай амалдағандары бар. Пияз еккен 

ди қан қауымы сол жылы пайдаға батып 

қал ған болатын. Таңдай қақтырған бағаға 

қымбаттаған пияздан үміт күткендер келер 

жылы жаппай пияз егіп, өнімнің бағасының 

түсуіне септігін тигізді. Алайда келер мау-

сым да пияз өсірушілер ұтылды. Бағасы 25-

30 теңгеден асқан жоқ. Құрық салдырмай 

тұрған бүгінгідей қымбатшылық кезеңінде 

пияз тосын мінез танытпағанымен, бағасы 

қымбат. Оңтүстік облыстарда әзірге 85-

100 теңгенің о жақ, бұ жағында ауытқып 

тұр. 

Пияз жуа тұқымдастарының ішінде көп 



та раған түрі болып саналатыны белгілі. Не-

гізгі отаны – Орта Азия мен Ауғанстан. Бү-

гінде пияз еліміздің барлық облыстарында 

өсі 


ріледі. Оны өсірумен көбіне кәріс 

ағайын дар айналысуда. Өсірген өнімдерін 

Ресейге асырып, пайда көретіндері бар. 

Бейнеті көп жұмыстың берері де кейде 

базардағы бағаға тәуелді. Оның жалпы аю, 

жабайы, жеңіс, қаратал деген түрлері бар. 

Аю пиязы біздің елімізде өсірілмейді. Ол 

көбіне Батыс Еуропада мол өнім береді. Ал 

жеңіс атты түрі Орал, Ақтөбе өңірлеріне 

бейім келеді. Сондай-ақ дәміне қарай ащы 

пияз, батун, шнитт, шалот деп те бөлінеді. 

Шнитт пиязының рязаньдық, сібірлік түрі 

бар. Ғалымдардың айтуынша, пияздың хи-

мия лық құрамында азоттық заттар, ми-

нералды тұздар, органикалық қышқылдар, 

глю козидтер, С,В,А дәрумендері бар. Көзді 

ашытатын қасиеті – оның құрамындағы 

эфир майының көп болуынан. Сондай-ақ 

оның жуа түрі де көп өседі. Оның жүзге 

жуық түрі бар. Шығыс Қазақстан, Алматы, 

Жамбыл, Талдықорған облыстарындағы 

тау беткейлерінде көптеп кездеседі. Алтай 

тауында өсетін жуаның дәрілік қасиеті өте 

күшті. Жуаның құрамында 2-3 миллиграмм 

каротин, 60-70 пайыз С дәрумені, 10 мил-

ли грамм аскорбин қышқылы бар. Ең бас-

тысы, жуаның құрамында дәрумендермен 

қоса эфир майлары, аса залалды мик ро б-

тар ды өлтіретін фитоницидтер бар. 

Жамбыл облысында агроөнеркәсіп ке-

шені қызметкерлері 2014-2015 жылдары 

ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 

79,0-84,0 миллиард теңгеге жеткізуді 

мақсат етіп отыр. Облыс агроө нер кәсіпші-

лері нің «азық-түлік себеті» тізіміндегі 20-ға 

жуық әлеуметтік мәні зор тамақ өнімдерінің 

ішінен 12 түрі бойынша өңірді жеткілікті 

қам тамасыз ете алатын жағдайда. Соның 

ішінде пиязға басымдық беріліп, оны егу 

көлемін ұлғайту жоспары бар. Өткен жылы 

облыс бойынша 18,2 мың гектардан көк-

өніс өнімдері жиналып, жалпы түсімі 383,6 

мың тоннаны құраған. Қордай ау данының 

«Алмаз» шаруа қожалығы пияз алқап та-

рының әр гектарынан 700-800 центнерден 

өнім жинады. Алдағы маусымда бұдан ірі 

түсімге қол жеткіземіз деп отыр. Диқан дар-

дың қолын байлайтын бір кедергі – сақтау 

қоймаларының аздығы. Тау боп үйілген 

өнімді келер жылға дейін кертіп жеткізу 

үшін ауқымды қоймалар қажет. Арнайы 

қой малар болмаған жағдайда пияз көк-

темге дейін өніп кетіп, жарамсыз күйге тү-

седі. «Сол үшін де тез арада осы мәселені 

шешу қажет» дейді диқандар.Өткен жылы 

«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік кор по-

ра циясының құрамында бірнеше сервистік 

дайындау орталықтары ашылған бола тын. 

«Түркістан» сервистік дайындау орта лы ғы 

өткен жылы ғана қоймасында бес мың 

тонна пияз сақтап шыққан. Ол қоймада 10 

мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік бар. 

Бұл қойманың сыйымдылығын 20 мың 

тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Егер 

ол жүзеге асса, Атырау, Маңғыстау, Орал, 

Ақтөбе, Қызылорда облыстарының тұр-

ғын дарын қыста пиязбен қамтамасыз етуге 

мүмкіндік мол. Баға бағамының көтерілуіне 

байла ныс ты биыл еліміз пияз өнімдерінің 

экс пор тын азайтуды көздеп отыр. Пияздың 

экспорттық бағасы былтыр бір тоннаға 170 

долларға түсті. Ал бұрын тоннасына 225 

доллар болатын. «Қазақ-астық» корпо ра-

циясы биыл пияздың екі түрі ғана экспортқа 

тон насына 600 доллардан сатылады деп 

отыр.


Шекара бойын кімге тастап барамыз?

Ал ауданның бүгінгі жағдайына ден 

қойсақ, талай нәрсеге куә болар едік. Тү-

зеле бастаған халық тіршілігіне қаншалықты 

тәубә айтқанмен, бүгінгі көрсеткіштер бас-

қа ша сөйлейді: баяғы Нарынқолдың таны-

мал, сапалы картобы көзден бұлбұл ұшты. 

Бұрынғы аудан орталығындағы арнайы 

картоп сақтайтын ірі қойма қирап, то нал-

ған. Кезіндегі Сарбастау мен Қайнардағы 

асыл тұқымды қой фермаларының жұ-

мысы жоқтың қасы. Жалпы, аудандағы 

мал ды асылдандыру жұмыстары тоқ та тыл-

ған. Мал бордақылайтын кешендер толық 

тоналып біткен. Ауыспалы егістік жүйесі 

қағаз жүзінде болмаса, жүзеге асудан қал-

ған. Аудан орталығындағы балабақша, 

ор талық дүкен тоналып, қирап біткен. Бұ-

зыл ған, босап қалған үйлерде есеп жоқ, 

ха лық ескі үйін бұзып алып, шекара ай ма-

ғын дағы туған жерін тастап көшіп жатыр.

Кезінде көрші Қытай елі барлық жұ-

мыс 

тарын қолмен атқаратын. Сүмбе 



өзенінің басынан тартылған тоғанды 

күрекпен қазып, биіктегі егістік жеріне су 

шығарғанын көзімізбен көргенбіз. Сол 

жылдары бізге қызыға қарайтын көршіміз 

бүгіндері бізді азық-түлік пен киім-

кешектің барлық түрімен қамтамасыз етіп 

отыр. Біраз жыл бұрын жолым түсіп, сол 

Қытайға, Сүмбенің арғы жағындағы Түр-

ген бұлақ ауылына барғаным бар. Ша руа-

лары мықты, біз бидайдан гектарына 25 

центнерді зорға алып жатқанда, олар 50 

центнерден өнім алып отыр. Байқағаным, 

ше каралық аудандарда қытайлықтар ди-

ви зиондарға бірігетін «жұмысшы полкын» 

орналастырып қойған. Жай кездері ауыл 

шаруашылық жұмыстарымен айналысады, 

ал шын мәнінде, олар – әскери тәртіппен 

өмір сүретін, жыл сайын арнаулы дайын-

дықтан өтетін дайын жауынгерлер сияқты. 

Сонда көрші елге тыныш жатқан қазақ 

шека ра сы на  сонша  жауынгер  ұстау неге 

керек? Оның арғы жағында қандай мақсат 

жатыр, оны зерттеп-біліп отырған арнаулы 

орын дар бар ма? Қазір баспасөздегі ақпа-

раттарға көз салып, Қытайға барып-келіп 

жатқандардың және онда тұрып жатқан 

қандастарымыздың сөздеріне құлақ ассақ

олар шекараға жақын орналасқан жер-

МӘСЕЛЕ

лер ге өз ұлт өкілдерін, яғни ханзуларды 



топ тас тыруда екен. Сондай-ақ басқа ұлт 

өкілдерін қытайландыру саясаты ашық 

түрде жүргізілуде. Қытайдың осындай 

әрекеттерін көріп-біле тұра, халқы ауып, 

жалаңаштанып қалған шекаралық аудан-

дар ды неге күшейтпейміз? Мықтап ой ла-

натын жағдай.

Меніңше, біз де еренсіз болмауымыз 

керек, бұрынғы Нарынқол ауданын қал пы-

на келтіріп, қайтадан құруымыз қажет. Егер 

аудан қайта құрылса оның экономикасы 

жан данып, жұмыс іздеп жан-жаққа көшіп 

кеткен халқы қайта оралатыны сөзсіз. Ал 

ауданымыздың керемет ауыл шаруашылық 

әлеуетін айтпағанда, оның жұмақтай таби-

ғаты экологиялық туризмді дамытуға тап-

тыр майтын жер. Оның сыртында шекара 

күзеті де жақсара түсер еді. Қытай жағы да 

қазақ жерінің қаңырап бос жатқанын емес, 

халқы жиылып, өз атамекенінде нық отыр-

ғанын көрер еді. Ауданды қайта құру, 

шекара бойындағы елді мекендерді, ауыл-

ды, ауданды күшейту, ондағы халықтың 

әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесінің 

осындай үлкен мемлекеттік маңызы бар, 

ауқымды жұмыс екенін ескеріп, оған аса 

жауапкершілікпен қарасақ. Мәслихат 

депутаттары осы мәселені қолға алса, 

қанеки!

Біздер, осы қара шаңырақты күзетіп 



қал ған аз ғана тұрғындар, бабамыз Райым-

 бек батырды тербетіп, Бердібек, Мұ  қағали, 

Сағат, Еркін, Баққожа сияқты ақын-

жазушыларды дүниеге әкелген қа сиетті 

жеріміздің келешегі кемел бо латынына 

кәміл сенгіміз келеді.



Беркін ӘКЕБАЕВ

Салтан СӘКЕН

Басты мақсат – малды ысырапшылыққа 

жол бермей асылдандыру

Ет өнімдерінің экспорттық 

әлеуетін арттыру үшін 

шетелден қымбатқа мал 

сатып алу – жеткіліксіз. 

Дұрысы – сол малдарды 

ғылыми тұрғыда тиімді пай-

да ла нып  қалу.  Себебі 

бүгінде мұхиттың ар 

жағынан мал әкеп жүрген 

жеке кәсіпкерлердің 

қорасында малдың асыл 

тегін зерттеп, 

асылдандырумен айна лы-

сып жүрген ғалымдарды 

көре бермейміз. Ал Қытайда 

«кез келген оқу шы 

ауылындағы  пункт тер ден 

эмбрион көшіру әдісін 

меңгеріп, қорадағы мал-

дарын өздері-ақ асыл дан-

ды ра береді» дегенді есті-

ген де  таңғалғанбыз. 

Осындай деңгейге жету үшін 

бізге қанша жыл керек екен. 

Кеше Астанада «Етті және сүтті мал ша-

руашылығын дамытуды ғылыми және ақ-

па раттық қамтамасыз ету» атты халық ара-

лық ғылыми-тәжірибелік конференция 

өтті. Екі күнге созылатын конференцияға 

АҚШ, Канада, Франция, Германия, Италия, 

Ресей, Литва елдерінен келген ғалымдар 

қатысуда. Конференцияның негізгі мақсаты 

– келешекте мал шаруашылығын мақсатты 

түрде дамыту үшін халықаралық тәжірибеге 

сүйеніп, осы салаларды ғылыми және ақ-

па раттық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін 

жасап шығару. Былайша айтқанда, ше тел-

дің озық технологияларынан өзімізге қа-

Расында,  «Еуразиялық қаржылық ком-

паниясы» АҚ «Еуразиялық жинақтаушы 

зейнетақы қоры» АҚ-тың 100 пайыз пакет 

акциясын бір инвесторлар тобына сатқан 

екен. Бұл туралы аталған компанияның ди-

ректоры Бақытжан Қожрақов: «Акцияның 

100 пайызы инвесторлар тобына сатыл-

ды. Компания қызметінің жаңа бағытын 

дамытуға байланысты қабылдаған жаңа 

стратегиясына сәйкес акцияны сату тура-

лы шешім шығарған. Осы келісімшарт-

тың арқасында қол жеткізген қаражат 

Қазақстанның маңызды стратегиялық жо-

ба ларын дамытуға бағытталады деп жос-

парланып отыр. Ал бұл сауда-саттық келі-

сімшарты жинақтаушы зейнетақы қоры 

тұтынушыларына, сондай-ақ «Еуразиялық 

банк» АҚ, «Еуразия» сақтандыру компа-

ниясы» АҚ, «Еуразия капитал» АҚ сияқты 

компанияның кіріккен басқа ұйымдарына 

еш әсер етпейді», – дейді. 

«Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы 

қоры» АҚ 1998 жылы құрылған. Аталған 

қордың еліміздің әр өңірінде 16 өкілдігі бар.

Мен Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қорының мүшесімін. Таяуда осы 

зейнетақы қорының акциясы сатылды деп естідім. Ол қор салымшылары үшін кері 

әсер етіп жүрмей ме?

Мәриям, Астана қаласы

жетті дүниелерді алып, еліміздегі малдарды 

асыл дандырып, мал шаруашылығын да-

мыту. 


«Асыл түлік» мал шаруашылығын асыл-

дандыру орталығының төрағасы Ай бын 

Төрехановтың  айтуынша,  асыл тұ қым ды 

мал басын көбейтудің бір жолы – эм брион 

көшіру. «Бүгінгі күні мал шаруа шы лығын 

дамыту үшін шетелден мал әкеліп жа тыр-

мыз, ол да дұрыс. Өйткені бізде асыл-

тұқымды мал саны өте аз. Егер мы салы, 

озық елдердегі асылтұқымды мал саны 20 

пайыздан кем емес болса, бізде 6 пайыздан 

аспай отыр. Сондықтан оны көбейту үшін 

бізге тірідей мал әкелу керек. Одан басқа 

жолы – эмбрион көшіру әдісі. Бұның бір 

мүмкіншілігі – біз жоғары өнімді сиырдан 

20 бұзауға дейін ала аламыз. Екінші 

мүмкіншілігі – бір жынысты ұрықпен 

ұрықтандыру арқылы ұрғашы малдардың 

санын көбейте аламыз», – дейді ол. Яғ ни 

дәстүрлі жолмен жылына бір сиырдан бір 

ғана бұзау ала аламыз. Ал мына жол мен 

бірнеше бұзау алуға болады. (Әрине, 

мұнда ұрықты басқа сиырларға салу әдісі 

меңзеліп отыр – автор). 

Табын малды (100 бас мал) асыл дан-

ды рып шығудың түрлі тәсілдері бар кө рі-

неді. Егер сол тәсілдердің шығынын есеп-

теп көрсек, бәрінен де тиімдісі эм брион 

көшіру әдісі екен. Түсінікті болу үшін кесте 

бойынша көрсеткенді жөн көрдік (кесте). 

Ғалымдардың есептеуінше, осы әдіс-

пен алынған асылтұқымды мал қар жыны 

үш есе үнемдеуге мүмкіндік бе ре ді екен. 

Ал ветеринарлық тұрғыдан алар болсақ, 

эмбрион көшіру әдісі ин фекциялық ау ру-

лар дың тасы мал да нуы ның жол берілмеуіне 

100 пайыз кепілдік береді. Ең маңыздысы 

сол, бұл әдіспен алынған түлік Қазақ стан-

ның климаттық жағдайына максималды 

бейімделіп туылады екен. Яғни жерсінбеу 

деген мәселе болмайды. Міне, негізінен, 

кон фе ренцияның маңыздылығы – шетел-

дің тәжірибелерінен озығын өзімізге қол -

да нып, ысырапшылыққа жол бер меу.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал