Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Владимир жириновский



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата12.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6

Құбаш МЕҢДIҒАЛИЕВ

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан об лы сын дағы 

учаскелердің біразы әлі де сатып алынбаған. 

Жерді мемлекетке сатып алу үшін қазынадан 

қа ражат  бөлінгенімен,  оны мен  сауда ла су-

дың жайы жақсы емес се кілді. Тіпті соңғы 

кез дері  әлгі  жер  учас ке лерімен  саудаласу 

мүлдем тоқтап қалған сыңайы бар. Өйткені 

Жер кодексіне енгі зіл ген соңғы өзгерістер 

мемлекет қа жет тілігіне қатысты жерді алуды 

жер гілікті әкім дікке жүктейді. Алайда мұн-

дағы ор талық органның құзыреті де анық 

ашыл  мапты. Қазір жерді қай деңгейдегі ор-

ган ның сатып алатыны, ол бағыттағы мә се-

ле мен кімдер айналысатыны туралы мә се-

ле мен Бас прокуратура айналысып жатыр 

екен. Сондықтан бұл ұзын сонар әңгіме әлі 

таусылмақ емес.



Қуаныш АЙТАХАНОВ, сенатор: 

– Батыс Еуропа – Батыс Қытай дә лі-

зі не байланысты Парламент ондаған 

мил лиард долларды құрайтын ке лі сім-

дерді қабылдады. Алайда сол ба ғыт-

тағы жұмыстың қалай орындалып жат-

қа ны түсініксіз. Қаражат игерілмей жат-

қан секілді. 2012 жылы бітуі тиіс жер 

учас келері 2013 жылға ысырылып отыр. 

Жер телімін уақытында алу мә се ле сін 

бір орган екіншісіне сілтейді. Бюд жеттен 

қаржы бөлінсе, осы уақытқа дейін неге 

шешімін таппай отыр? 

Көп елдер тәжірибесінде Жастар ми-

нистр лігі туризм мен спортқа телінеді. Де-

ген мен бізде оны Білім, ғылым және жас-

тар министрлігі деп өзгерткен қисынды. 

Гер ма ния дағы  отбасы  ісі,  егде  азаматтар, 

әйелдер және жастар министрлігі қалың 

әлеуметтік қамын көбірек ойлауға 

мүмкіндік береді. Кезінде Балғымбаев үкі-

метінде (1997ж. қазан – 1999 ж. 1 қазан) 

Т.Дос мұхамбетов Жастар ісі, ту  ризм және 

спорт министрлігін бас қар ған. 

Ине-жіп шығармайтын елімізде жеңіл 

өнер кәсіптің мүлде кенже қалғаны жа-

сырын емес. Біздегі Индустрия және жаңа 

тех нологиялар министрлігінің құра мын-

дағы өнеркәсіп комитеті осы олқылықтың 

орнын толтырып жүр дей алмаймыз. Төрт 

тү ліктің ырзығын түгел жаратқан қазақ 

бүгінде тері, жүнді кәдеге асыра алмай 

отыр. Елде шикізат ағыл-тегіл болып тұр-

ған да 33 Қазақстан азаматына елімізде тек 

бір киімнен өнді ре тініміз масқара жағдай 

емес пе? Түрік мен стандағыдай Тоқыма 

өнер кәсібі министрлігі секілді Жеңіл өнер-

кәсіп министрлігіне неге өз алдына енші 

бөліп бермеске? 

Бұдан ұдайы табиғат апаттары: өрт, су 

тасқыны т.б. төтенше жағдайлардың алдын 

алу бағытында Төтенше жағдайлар ми-

нистр лігінің құзырын кеңейту, оның ма-

териалдық-техникалық базасын арттыру 

қажет. Мәселен, Қытайдағы сияқты Тө тен-

ше жағдайлар министрлігіне қоғамдық 

қауіпсіздік атауын қосу керек деп ой лай-

мыз. Ресейде де Азаматтық қорғаныс, тө-

тен ше жағдайлар, табиғат апаттары сал-

да рын жою министрлігі бар. Бұл ми нистр-

лік тің тиімді жұмыс істеуіне себін тигізер 

еді.


Жапония жағдайға қарамастан, қарыз беруге әзір

Министрліктерді қалай оңтайландыру керек?

Кеше Елбасы Н.Назарбаевтың Эстонияға ресми сапары жалғасты. 

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының 

Президенті мен Эстония Республикасының Президенті Бірлескен мәлім-

демеге қолдарын қойды. Тараптар сондай-ақ Қазақстан Рес пуб ликасы 

Үкіметі мен Эстония Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияны 

өзара қорғау және ынталандыру туралы үкіметаралық келісімге және 

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі мен 

Эстония Республикасының Ұлттық мұрағаты арасындағы мұрағат 

істері саласындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге 

қол қойылды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Эстонияға мемлекеттік 

сапары аясында «Атамекен» ҰЭП мен Эстонияның сауда-өнеркәсіптік 

палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол 

қойылды.

Қазақстан жастары өздерін қаншалықты патриотпын деп санайды? 

Осыған зерттеу жүргізген ұйым бар ма?

Азамат БЕРГЕНБАЕВ, Алматы облысы

Халықаралық саясат туралы ақпараттардан «РИО тобы» 

дегенді жиі естимін. Бұл халықаралық ұйым ба?

Ермек ДҮЗКЕН, Өскемен

Патриоттық көңіл күйді зерттей-

тін ұйымдар жоқ емес. Горшенин 

институтының сарапшылары жүргізген 

2010-2011 жылдары Украина, Ресей, 

Қазақстан мен Польшада өткізілген 

«Студенттер – келешектің келбеті» атты 

жылдық халықаралық социологиялық 

зерттеулердің нәтижесін жариялап, 

қазақстандық жастар өз еліне деген ең 

ұлтжандылар болып табылады деген 

қорытындыға келді. Жас қазақтардан 

сұрау нәтижесінде ұлтжандылығы 

басым мемлекет ретінде Қазақстан 

68,2% алға шықты. Одан кейінгі 

орындарда Ресей (66,5%), Поль-

ша (61,9%) және Украина (45,4%) 

нәтиже көрсеткен. «Ұлтжандылыққа 

қалайсыз?» деген сұраққа орта есеп-

пен, Қазақстанда – 9,1%, Польшада 

– 10,5%, Ресейде – 12,1%, Украи-

нада – 13,5% респондент теріс жау-

ап қайтарған. Аталған үш мемлекетте 

шамамен үштен бір адам осы сұраққа 

жауап қайтаруда қиналған.

РИО тобы – саяси кон суль-

тациялар механизмі. Яғни ха-

лық аралық ұйым емес. Латын 

Америкасы елдерінің халық ара-

лық саясатқа қатысты көз қа рас-

тарының бір жерден шығуы үшін 

мемлекеттердің бас қосатын 

ортасы. РИО-ға – Оңтүстік және 

Орталық Америкадағы 21 мем-

лекет мүше. Ең алғаш Бразилия, 

Ар гентина, Колумбия, Мексика, 

Панама, Перу, Уругвай, Ве не суэ-

ла  мемлекеттерінің  баст а ма сы-

мен құрылды. Және 2000, 2006 

жылдары кеңейіп, құрамындағы 

мү шелер 21 мемлекетке дейін 

жетті. 1983 жылы алғаш рет 

Кан тадор тобы деген атпен құ-

рылған консультациялар ме ха-

низмі 1986 жылдың 18 жел-

тоқсанында қайта жаңартылып 

РИО тобы деп өзгертілді.

Эстонияның электронды 

үкімет тәжірибесі керек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жексенбіде өткен 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен, әкімдермен, орталық 

мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» ХДП және «Самұрық-Қазына» 

ҰӘҚ жетекшілерімен кеңейтілген мәжілісінде Үкіметтің және барлық 

мемлекеттік органдардың басты міндеті – таяу бесжылдықта Қазақстан 

табысы жоғары деңгейлі елдер тобына енуі үшін 2016 жылға қарай 

ЖІӨ деңгейін жан басына шаққанда кемінде 15 мың долларға жеткізу 

екендігін атаған еді. Ал бұл үшін экономика жыл сайын кемінде 7 

пайыздық өсім көрсету керек. Мемлекет басшысы принципті түрде 

алғанда, Үкіметтің және әкімдердің жаңа міндеті – шағын және орта 

бизнесті, шикізат емес секторды жіті дамыту есебінен экономиканың 

жыл сайынғы өсімін тағы да қосымша 3 пайызға жеткізуді қамтамасыз 

ету болып табылатынын атап көрсетті.

ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК:

АҚШ-та да Ардагерлер ісі жөніндегі 

министрлік бар екен. Израильде Әлеу-

меттік қамсыздандыру министр лігі өз 

ал дына, 2007 жылы құрылған Пен  сио-

нер лер ісі жөніндегі министрлік бар.

ТҮЙІН:

Жалпы министрліктердің санын 

көбейтіп, атауын өзгерткеннен бәрі 

ке ремет болады деген ой тумауы ке-

рек. Бірақ ішкі құрылымдық және са-

палық жағынан оңтайландыру үлкен 

қа жеттілік екені анық. Өйткені тарих-

шы Сирил Паркинсон айтқандай, үкі-

мет құрамындағы мүшелер саны 19-

22-ден асып кетсе, жұмыс өнімділігі 

тү сіп кетуі ықтимал.

Сенаттың жаңа та ғайын-

дал ған төрағасы Қайрат Мә-

мидің жетекшілігіндегі ал-

ғаш қы жиын кеше өтті. Бұ ған 

дейін сот билігінің жо ғары 

лауазымында әбден ысы-

лып, төрағалық тәжірибені сол 

тармақтан жинақтаған жаңа 

басшы заң шығарушы ор ган-

ның спикерлігін қымсынып, 

жатырқаған жоқ. Әйтсе де 

бұған дейінгі лауазым биігі 

бұқарамен соншалықты ете-

нелікті сұрамаса, ендігі күні 

жаңа басшы апта сайын 

сенаторлармен ғана емес, 

палата отырысы ар қы-

лы қалың қазақтың жұрт-

шылығымен де жиі жүздесетін 

бо лады.

ЖИЫН


Кеше Алматыда «ҚР 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі 

индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында 

Алматы қаласында туризм саласын дамыту» атты республикалық 

семинар болып өтті. 

Визалық жеңілдік

туризмге жол ашады

«Қазақстанның тәуелсіздік жылдары 

Ал маты қаласы сыртқы саяси шараларды 

өт кізу орнына айналды. Ірі халықаралық 

жә не аймақтық ұйымдардың кеңселерінің 

ашылуы оның Орталық Азиядағы ха лық-

ара лық ынтымақтастық орталығы ретіндегі 

рөлінің өсіп келе жатқанын көрсетеді. Мұ-

ның бәрі оңтүстік астанадағы туризм сала-

сының дамуын белсендіруге ықпал етуде», 

– дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ал-

ма ты қаласындағы өкілдігінің басшысы 

Бақыт Оспанов. Оның айтуынша, туристер 

үшін визалық кедергілерді жою ба ғы тын-

дағы жұмысқа әлемнің 60-тан астам 

еліндегі 60-қа жуық Елшілік пен 20-дан 

астам Консулдық мекемелер жұмыл ды-

рыл ған. Алматыда 18 бас консулдық пен 

18 елшілік өкілдіктері, 26 халықаралық 

және аймақтық ұйым өкілдіктері жұмыс 

жа сайды. Сондай-ақ 56 елдің азаматтарына 

Қазақстан визасы жеңілдетілген үлгіде 

рәсімделеді. 2010 жылы Қазақстан 50 ел-

мен дипломатиялық төлқұжатпен, 33 ел-

мен қызметтік куәлікпен, 15 елмен ұлтық 

төл құжатпен визалық режимсіз жүру ту-

ралы келісімге қол қойды. Қазіргі таңда 

Еу роОдақ Қазақстанның визалық жүйе ту-

ра лы ұсынысын қарап жатыр.

Сәкен КӨКЕНОВ

Қазақстан жастары – нағыз патриот

Мансұр Х

АМИТ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№69 (521) 22.04.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

 Көшеге көкесінің, ауылға атасының 

атын беретіндерге түбегейлі тыйым салу 

арқылы ғана тоқтата аламыз. Бұл жө нін де 

Елбасының өзі кезінде қалаларға кісі атын 

бермеу туралы пікір айтқан болатын. Мен 

де осы пікірді қолдаймын. Тереңіне үңі ле 

ҚОҒАМ

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Дулат ИСАБЕКОВ,

жазушы, драматург, қоғам қайраткері

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ,

Мәжіліс депутаты

Елді мекендерге кісі атын беруді 

түбегейлі тоқтату керек пе?

білсек, әр өңіріміздің тарихи, байыр ғы 

атаулары бар. Тарихи атаулардың ма ғы-

налылығы соншалық, жердің бедері мен 

орналасуына қарай дәл тауып қойыл ға-

нына еріксіз таңғаласың. Мамандар осы 

атауларын зерттеп, қайтарса, нұр үстіне 

нұр болар еді. Бір ауылдың атауын бір 

адамның атына меншіктей салғаннан гөрі

байырғы атауларын зерттеп қайтарудың 

маңызы өте зор. Бір адамның атымен атай 

салу көпшіліктің көңілінен шықпай, кері-

сін ше, ренішін туғызуы да әбден мүмкін. 

Осы орайда айта кетер жайт, депутат тар 

да талай рет ономастика туралы заң қа-

былдамай, жер-су атауларына қатысты 

мәселелерді шешу мүмкін еместігін талай 

рет айтып, мәселе көтерді.Тіпті заң жоба сы-

на дейін жасап, Үкімет назарына ұсы н ды. 

Бірақ мәселе әлі шешімін таппай жа тыр. 

Тәуелсіздік алғанымызға 20 шақты жыл өтсе 

де, әлі күнге дейін атауы қаза қы лан баған 

жер-су, көше атаулары өте көп. Шынына 

келсек, жер-су атауларына қа 

тыс 

ты 


мәселенің әлі күнге дейін рет тел меуі нің өзі 

осы арнайы заңның жоқтығынан туын дап 

отыр деуге де болады. Заң жү зін де осы 

мәселелердің бә 

рін реттесек,  бүгін де  

мұндай әңгіме туын дамаған да бо лар еді. 

Әлі де болса жер-су атауларын тәуел  сіз мем-

лекеттің мүддесіне қызмет ете  тіндей қы лып 

заңмен реттеп, бір тәртіпке келтіру керек.

 Сондықтан реті келсе, қазақы лан ба-

ған ауылдарымызға сол өңірді дамытуға 

еңбегі сіңген немесе сол өңірден шыққан 

белгілі адамдардың атын берсек, ештеңе-

ден ұтылмас едік. Тек сол атауларды беру 

кезін де алдын ала арнайы құрылған ко-

мис сияның елегінен өткізу қажет. Әйтпесе, 

кім көрінгеннің білдей бір ауылдың атын 

иемденіп кететіні де рас. «Ел іші — алтын 

бесік» дегендей, әр ауылдан шыққан бел-

гілі адамдар баршылық. Тек соларды дәл 

табуымыз қажет. Ауылдарға сол өңірден 

шыққан тұлғалардың есімін беру арқылы 

ке лер ұрпаққа сондай болуға ұмтылуды 

насихаттауға болады. Қанша айтқанмен, 

кішкентай балаға өз ауылынан шыққан 

белгілі тұлғаның жеткен жетістігі жақсы 

әсер етеді. Әрі сол өңірден шыққан белгілі 

адамды туған жерінен артық ешкім дә ріп-

тей алмайды. Сондай-ақ Абылай хан, Ба-

рақ сұлтан, Төле, Қазыбек, Әйтеке би ле рі-

міздің қайсысы болсын — ауыл түгілі, қала 

атын беруге тұрарлық тұлғалар. Ендеше, 

олардың атын дәріптеуден неге тартына-

мыз?! Тіпті Қонаев атамыздың өзі — бір 

қаланы ием денуге тұрарлық тұлға. Сон-

дықтан осыны ойластыру керек. 

Тағы бір айта кетерлік жайт, үлкен қа-

ла лар мен аудандарға бұрынғы тарихи 

атын қайтарып, ал кішкентай ауылдарға 

кісі есімдерін беру керек. Ал олардың 

талапқа сай болуын арнайы комиссия тек-

серіп отырса, артық мәселе туындамас еді. 

Жақында Талдықорған қаласына қарас ты 

Абай елді мекеніне Көшкентау деген 

бұрынғы атын қайтарды. «Көшкентау» 

атауы құлаққа қандай жағымды естіледі! 

Егер әр өңірдің осындай атауларын зерттеп, 

қай тар сақ, тіпті дұрыс болар еді. Рас, Абай 

деген атауы да жаман емес, бірақ Абай аты 

берілген ауылдар жетерлік, ал өзінің 

байыр ғы атауы, қанша айтқанмен, жақсы 

естіледі. Тағы бір айта кетер жайт, кейбір 

кезде асыра сілтеп, қазақша атауларды 

қай тадан қазақша өзгертіп, әлек болып 

жа тамыз. Одан да Солтүстік облыстағы 90 

пайыз орысша атауларды иемденген елді 

мекен атауларын қазақшаға айналдыруға 

тырысу керек. Сондай-ақ кім көрінгеннің 

атын елді мекенге беруге сақ болу керек. 

Өйт кені кейін олардың атауын қайтарып 

алу дың өзі қиындық тудырады.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Смағұл ЕЛУБАЕВ, Алматы қалалық ономастика комиссиясының мүшесі, жазушы: 

– Тәуелсіздік алған уақыттан бері жер-су атауларын нақтылап, бұрынғы та ри хи деректерге негіздеп 

белгілеуде біраз шаруа атқарылды. Ресми ста тис ти каға сүйенсек, бес облыс, 13 қала, 53 аудан, жеті қалалық 

ау дан, 43 теміржол стан сасы мен бекеттерінің атаулары өзгертіліп, алты облыс, 12 қала, 14 аудан, 76 темір-

жол стансасы мен 30-дан аса елді мекен атауларының орыс тілін дегі транскрипциясы анықталған екен. 

Де генмен біздің елімізде әлі де болса өзінің тарихи атауларын алмаған қалалар мен елді мекендер 

же тіп-артылады. Мәселен, шекара төңірегіндегі кейбір елді мекендер әлі күнге ол өңірдің тарихына 

еш қатысы жоқ атауларды иемденіп тұр. Сол секілді Сол түстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 

да ұлтымызға үш қайнасы сорпасы қосылмайтын елді мекен атаулары саптан қалмай келеді. Осы орайда 

мо раторийдің жариялануы осы саладағы орын алып жатқан ретсіздікке тос қауыл болып, атқарылып 

жатқан істерге сараптама жасауға мүмкіндік туғызса, дұрыс болар еді. Негізі, өз басым кісі атауларынан 

гөрі, тарихи жерлеріміздің атаулары ның қайтарылуын қолдаймын. Кеңестік кезеңде саяси мақсатта қойылған 

атаулар бірінші кезекте жойылуы тиіс.

БЕЙТАРАП ПІКІР

Тиімді тәсіл Израиль елінде кеңінен 

қолданылады. Таулы және шөлейтті 

ай 


маққа қоныс тепкен мемлекетте су 

дегеніңіз қасқалдақтың қанындай қат 

дүние саналады. Осыны ойлаған жер-

гілікті жұрт бұл қиындықтан құтылудың 

тиімді жолдарын тапты. Жайқалған егісті 

тамшылатып суару әдісі арқылы өсіруге 

болатынын айдай әлемге дәлелдеп отыр. 

Өнім деңгейі де жаман емес. Қарапайым 

тәсілмен егілген көкөністен екі-үш есеге 

дейін артық жиналады. Нақты дерекке 

жүгінелік. Кәдімгі әдіс бойынша 1 гек-

тардан 30 тонна өнім алынады екен. 

Ал тамшылатып суару ар қы лы 60-100 

тоннаға дейін көкөністі қам баға жинап 

алуға болады. Бүгінгі таң да біз көкөніс-

бақша дақылдарымен өзіміз 

ді қам 

та-


масыз ете алмай келеміз. Ал табиғи жағ-

дайы нашар, жері сортаң, таулы, қы ратты 

болып келетін Израиль алыс-жақын ше-

телдерге өз өнімдерін шығарып отыр. 

Біздің елімізде аталмыш әдіспен 

көкөніс егіп жүрген диқандар баршылық. 

Өкініштісі, ол тек тәжірибелік негізде ғана 

жасалып жүргенін несіне жасырамыз? Сон-

да дейміз-ау, біз үшін судың тапшылығы 

басты мәселе емес пе?! Сырдағы диқандар 

қауымы жылма-жыл дарияның деңгейіне 

алаңдайды. Сырдарияның арнасы кей-

бір жылдары толып ағып жатса, кейде 

азайып кетеді. Алайда жергілікті еңбекші 

қауым қолдағы су ресурстарының өзін 

тиімді пайдалана алмай жүр. 20 жылдан 

астам уақыттан бері жөндеу көрмеген ка-

налдар қаншама суды шығын етіп отыр. 

Мамандардың айтуынша, дариядан жі-

берілген судың небәрі 60 пайызы ғана 

егістік алқабына жетеді екен. Қаншама су 

ысырап болып жатыр десеңізші! Бұл тек 

Сыр өңіріне тән жағдай емес. Еліміздің кез 

келген аймағында осындай келеңсіздік 

кездеседі. Әсіресе суармалы егіспен айна-

 

Дәрі-дәрмек саудасын бір орталыққа бағындыру дұрыс па?



Совет-Хан 

ҒАББАСОВ, медицина 

және педагогика 

ғылымының докторы, 

профессор:

Кеңес ҮШБАЕВ, 

фармацевтика 

ғылымының 

докторы, 

профессор:

Талғат НҰРҒОЖИН, 

медицина 

ғылымының 

докторы, профессор:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

— Мемлекеттік тұрғыдан алып қарайтын 

болсақ, дәрі-дәрмек саудасын бір орталыққа 

бағындыру дұрыс. Өйткені дәрі-дәрмектің са-

пасын, оның емдік әсерін тек қана мемлекет-

тік тұрғыдан бақылап, қадағалап отыруға 

тиіспіз. Бұл халықтың денсаулығына тікелей 

әсер ететін болғаннан кейін, бұған немқұрайды 

қарауға болмайды. Егер кез келген жеке 

кәсіпкер дәрі-дәрмек саудасымен шұғылдана 

берсе, онда сапасыз дәрілер көбейіп кетуі 

мүмкін. Ол – халық денсаулығы үшін үлкен 

қауіп. Сондықтан дәрі-дәрмектің саудаға 

түсуіне аса мұқият болғанымыз жөн. Кезінде 

біз дәрі-дәрмек саудасын жекеменшікке беріп 

те көрдік. Нәтижесінде сапасыз дәрілер 

көбейді. Сол себепті дәрі-дәрмек саудасын 

мем лекеттің құзыретіне бергеніміз дұрыс.

— Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің фармацевтика 

саласы екі рет реформаланды. Алғашқысы 1997 жылы 

болса, екіншісі осы жуырда орын алды. Шынымды 

айтсам, осы екеуіне де менің көңілім толған жоқ. Бір 

тығырықтан шыға алмай жатып, екінші бір тығырыққа 

тірелеміз. Соңғы реформа да алғашқы реформаның 

кебін киіп отыр. Бұл жерде дәрі-дәрмек саудасын бір 

орталыққа бағындырайық-бағындырмайық, одан 

ешқандай пайда жоқ. Бұл тығырықтан шығудың жолы 

емес. Ең бастысы, қадағалау механизмін дұрыс жолға 

қоя білуіміз қажет. Егер дәрі-дәрмек сататын орын-

дарды бақылайтын мамандар өз жұмысына адал 

болса, ыждағатты жұмыс істейтін болса ғана бұл сала 

ретке келеді. Сапасыз дәрі-дәрмек сатып алынбас еді. 

Бақылау дұрыс болмаса, бәрі – бос әңгіме.

— Дәрі-дәрмек саудасын бір орталыққа бағындыру дұрыс емес. Мен бұған қар-

сымын. Біріншіден, дәрі-дәрмек саудасын бір орталыққа бағындыру арқылы біз 

жеке кәсіпкерлікке қатысты заңға қайшы әрекет етеміз. Ол кезде бәсекелестіктің жо-

лын кесеміз. Екіншіден, мұндай жағдайда дәрі-дәрмек саудасында монополияға жол 

ашылады. Ал бұл жемқорлықтың кең етек жаюына әкеліп соқтырады. Сондықтан бұл 

жерде бәсекелестік қалыптастыру үшін жеке кәсіпкерлердің де дәрі-дәрмек саудасы-

мен айналысуына рұқсат беру керек деп есептеймін. Ал халыққа өте керек деген 150-

ге жуық дәрінің сатып алынуына бір орталықтан бақылау жасалуы керек. Денсаулық 

сақтау министрлігінің ішінен арнайы бөлім ашып, үш-төрт адамды компьютердің ал-

дына отырғызып қойсақ, олар халыққа қажетті деген дәрілерді шығаратын зауыттар-

мен байланыс жасап, өздеріне алдырып, үстіне 10-15 пайыз ақша қосып, әр аймаққа 

таратуына болады. Ал дәрі-дәрмек саудасын түбегейлі бір орталыққа бағындыратын 

болсақ, мұның арты үлкен жемқорлыққа әкеліп соқтыруы мүмкін. Кезінде қиын-

қыстау кезде мемлекет өзі дәрі-дәрмек саудасын жеке кәсіпкерлердің құзырына 

берді. Енді олар жұмысын дөңгелетіп алған соң, олардың жұмысына тыйым салу 

әділеттілікке жата ма? Сондықтан мұндай қадамға бару үшін алдымен бұл саланың 

ұңғыл-шұңғылын терең зерттеп, аса ұқыптылық танытқан жөн.



Дайындаған Серік ЖҰМАБАЕВ

лысатын өңірлерде осындай оқиғалар жиі 

орын алады. 

Елімізде бір гектар алқапқа жұмсалатын 

су мөлшері қалыпты деңгейден артық. 

Суды пайдалану коэффициенті өте тө-

мен. Айталық, республика бойынша су 

пай 


далану коэффициенті 0,72 текше 

метр ді құрайды. Бұл олқылық – негізінен 

Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән 

жағдай. Атап айтқанда, Жамбыл, Оң түс-

тік Қазақстан, Қызылорда облыстарын-

да су пайдалану коэффициенті 0,6 текше 

метрді шамалайды. Сондықтан бұл дең-

гейді көтеруді ұмыт қалдыруға болмай ды. 

Елімізде су пайдалану коэффициен ті жо-

ғарыласа, 127 мың гектар алқаптан 1 млрд 

272 млн текше метр су үнемделеді. Өр-

кениетті елдерде 1 текше метр суға 2,5-6 

келі ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. 

Ал бізде оның көлемі небәрі 0,4-0,8 келіні 

құрайды. Бір сөзбен айтқанда, өнімді ал-

ты-жеті есеге аз жинаймыз. 

Сол себепті біз үшін көкөністі тамшыла-

тып суару әдісі өте тиімді деп айта аламыз. 

Ол суды екі-үш есе үнемдейді, тыңайтқыш 

та көбірек жұмсалмайды. Өнімділік бірне-

ше есеге артады. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет