Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Владимир жириновский



жүктеу 0.63 Mb.

бет1/6
Дата12.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Владимир ЖИРИНОВСКИЙ, 

Ресей Думасының депутаты, 

ЛДПР төрағасы: 

(Ресей премьер-министрі Вла-

ди мир Путиннің Дума депутат тары 

алдындағы төрт сағат қа созылған 

жылдық есебі жайында)

– Бәріміздің асқорыту жүйе-

мізді бұздыңдар. Мұнда 500 

адам отырмыз, дәретханаға да 

ке зекпен барамыз. Ылғи солай, 

1917 жылдан бері қайталанып 

ке леді.

(www.interfax.ru сайтынан)

№69 (521) 

22 сәуір

жұма


2011 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

2-бет

3-бет

7-бет

Өзбектер Ривалдоны 

лақтырып кеткен бе?

Судың да сұрауы бар 

екенін қашан ұғамыз?

Министрліктерді 

қалай оңтайландыру 

керек?


АПА

Т

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз 



хатшысы Светлана Жұмашева: «Зымыран Ресей Фе-

дерациясымен арадағы мемлекеттік шекарадан жеті 

шақырымдай жерге, Атырау және Астрахань облыста-

ры түйіскен аумаққа құлаған. Зымыран құлаған нүкте 

Атырау облысы Құрманғазы ауданының Балқұдық 

ауылынан 30 шақырымдай жерде орналасқан. Құла-

ған зымыран жарылмай қалған, сондықтан да жа-

уынгерлік жаттығулар өтіп жатқан Ресейдің Астрахань 

облысындағы полигоннан ұшырылған зымыран әскери 

емес, жаттығу зымыраны деп пайымдауға болады. 

Зар дап шегушілер жоқ. Оқиға орнын аудандық әкімдік 

пен төтенше жағдайлар ведомствосының өкілдері 

тексеруде. Соңғы мәліметтер бойынша, зымыранның 

ұзындығы 4 метрден асады. Оның үш қанаты бар, ал 

ортасында «00202» нөмірі жазылған».

Ербол АЗАНБЕК

Атырау облысына 

зымыран құлады

Қазақстанның Ресей Федерациясымен 

шектесетін тұсына жақын жерге белгісіз ұшатын 

аппарат құлады. Бұл туралы жергілікті атқарушы 

органға сілтеме жасап, облыстық прокуратура 

хабарлады.

Алматы облысындағы Райымбек ауданының 

орналасқан жері ерекше: бір жағы сонау 

Ойқарағайдан басталып, Қытаймен шекарада 

орналасқан таулы аймақ. Шекара сызығының 

бойында орналасқан Сүмбе, Қызылшекара, 

Қостөбе, Нарынқол, Жамбыл және Қаратоған 

халқының күнделікті жұмыстары мен тыныс-тір-

шілігі сол шекарамен тығыз байланысты. Шекарада 

орналасқан аудан болғандықтан, оны күзетуді 

аудан тұрғындары өз жауапкершіліктері деп 

түсініп, оны бүкіл аудан халқы болып күзеттік 

десем, артық айтқандық болмас еді. Шека-

раны бұзған талай адамды қарапайым ауыл 

тұрғындары ұстап берген мысалдар да жетіп-

артылады. Ауданға сырттан бір-ақ жол кіреді 

және шағын аудан болғандықтан, келген-кеткен 

бейтаныс адамдарды қадағалап отыру – біздің 

қанымызға сіңген қырағылық. Кезінде мектеп-

терде «Шекарашылардың жас достары» деген 

үйірмелер жұмыс істейтін. Әр шаруашылық бір-бір 

заставаны қамқорлыққа алатын...

ДАТ!

6-б

етте

Самал ТӨЛЕУБАЕВА:

Дінді кейде 

жастарымыз 

сақал қойып, 

орамал тарту 

деп түсінетін 

секілді

Ж

АҢҒЫРЫҚ



Жер жүзіне палуандықпен атын жайған...

Күллі қазақ «күш атасы» 

ретінде қадір тұтқан 

Қажымұқан – ғибратты ғұмыр 

кешкен сан қырлы тұлға. 

15 жасынан топқа түскен 

Қажекеңнің жасы 70-ке 

келгенше күресті тастамауының 

өзі – оның жаратылысы бөлек 

саңлақ спортшы екендігінің 

айғағы. Бір айта кетерлігі, 11-

атасы Қарақыпшақ Қобыланды 

болып келетін Қажымұқанның 

дара бітімі бала жасынан-ақ 

байқалған.

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

145,31

212,66

5,21

22,30

1,46

12453,54

2054,27

1731,01

124,35

1498,30

Шекара бойын кімге тастап барамыз?

Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге 

жазатайым қолы тиіп кетсе, оңдырмайды екен. Соған байланыс-

ты шағым айтып келген адамдарға әжесі Айсары: «Өгізге мініп 

ойнап жүреді де, ол зорығып жатып қалса, лақтай көтеріп, 

иығына салып, үйге әкеледі. Өгіз көтеріп ойнайтын бала менің 

ұрғанымды елең қыла ма?» – дейтін көрінеді. Толағайлық күш-

қуат тумысынан дарыған Қажымұқан осылайша бала күнінен 

ерекшеленіп, 12-13 жасында 20-дағы жігіттің кейпіне енеді. 

Жоқшылық салдарынан еңбекке ерте араласуға мәжбүр болған 

ол Қызылжарда Масликов деген саудагерге жалданып, соның 

жұмысын істейді: малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. 

Бірде қыстыгүні шанамен шөп алып келе жатқан да жеккен аты 

болдырып, алға аттап бас пай, төрт аяқтап тұрып алады. Ыза 

кернеген шөпші бала қарға көмілген шананы артынан итеріп кеп 

жібергенде, ортаға жеккен ат шананың астына түсіп өледі. Оны 

таудай маяның үстіне тастай салып, екінші атты шананың артына 

бос байлаған Қажымұқан дәу шананы өзі сүйреп, ауылға 

жеткізеді. Қабырғасы әлі қатпаған қаршадай ғана баланың 

жойқын күші маңайдағы үлкен-кішіні түгелдей таң-тама ша 

қалдырады. Қажымұқан 18 жа сын да Омбыға келіп, қалалық 

циркте өтіп жатқан күресті көреді. Сондай кезекті сайыстардың 

бірінде чемпионаттың күшті палуандарының бірі А.Злобин: 

«Көрер мен дер арасында күрескісі келетін адам бар ма?» – деп 

сұрайды. Ортаға Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған 

белдесуде орыстың кәсіпқой палуаны жасөспірім баланы әрең 

жеңеді. Осы белдесуден соң-ақ Қажымұқанның спорттағы үлкен 

жолы басталады. А.Злобин оған күрес мектебінде оқуға кеңес 

береді. 

1997 жылдың мамыр айында Кеген 

ауданы таратылып, Райымбек ауданына 

қосылды. Орналасқан жерінің ыңғайына 

байланысты Кеген ауылы аудан орталығы 

болды. Халықтың әрдайым орталыққа 

қарай қоныстанатыны белгілі. Сол кез-

ден бастап нарынқолдықтар аудан ор-

талығына, қалаға, қала төңірегіне көше 

бастады. Нәтижесінде бұрынғы аудан ой-

сырап қалды. Қазір қосылған екі аудан-

ның әлеуметтік-экономикалық көр 

сет-

кіштері бұрынғы бір Нарынқол ауданы-



ның көрсеткішіне де жетпей қалды. 

Қазіргі жайды салыстыруда өткенімізге 

көз жіберетініміз бар. Оған сүйенсек, 

кезінде Нарынқол ауданы бойынша 

3000 гектар жерге картоп егіліп, оның 

гектарынан 100-120 центнерден өнім 

алынатын. Жекелеген звено жетекшілері 

210-220 центнерге дейін картоп алып 

жатушы еді. Мал басы жыл соңына қарай 

500 мың қой-ешкі, 17 мың ірі қара, 10 

мыңға жуық жылқы малын құрайтын. 

Ол жылдары аудан мемлекетке 900 мың 

тонна ет, 6 мың тонна сүт, 850 тонна би-

язы жүн, жүздеген мың тонна картоп 

өткізетін. Әрине, бұл көрсеткіштердің 

өздігінен келмейтіні белгілі. Бұл сол кез-

дегі аудан, шаруашылық жетекшілері мен 

қарапайым еңбек адамдарының жетістігі 

еді. Адал еңбектерімен көзге түскен Күлән 

Әбдібаева, Санақ Далабаев, Аманкел-

ді Ботанбеков, Қажымұқан Диқанбаев 

сияқты еңбек майталмандарының есім дері 

– бүгінде ел жадында. Шаруашылық же-

текшілері Нүсіпбек Әшімбаев, Сәрсенбай 

Байғұлов, Қанатай Қамыров, Динамжан 

Дауытов, Кеңесбай Байқанов, Тұрсын 

Шорманов, Ғазиз Көтшібаев тәрізді ел 

басқарған азаматтардың есімдерін де 

ұмыта қойған жоқ. Бүгіндері олардың 

атын қайталап жаңғыртып отырсақ, бұл 

елі мен жерінен еңбегін аямаған ер-аза-

маттарды бүгінгі ұрпақ есіне салып қою 

деп білген жөн...

ОЙ-КӨКПАР 



Елді мекендерге кісі атын беруді түбегейлі тоқтату керек пе?

ИӘ

– Өз басым елді мекендерге кісі есімін 

беруді түбегейлі тоқтатуды қолдаймын. Не-

гізі, елді мекендерге кісі есімін берудің еш 

қа  жеттігі жоқ. Өйткені бұл қазіргі таңда жер-

гілікті жердегі қолында билігі немесе қал -

тасында  ақшасы  барлардың  ойын шы ғы на 

айналды. Біреу бірдеңе қылып, елді ме кенге 

бүгін өзінің атасының атын өткізсе, уа қыт өте 

тағы біреу келіп, бабасының есімін ұсы нады. 

Осылайша, бұл үрдіс жалғаса бе ре ді.

Елді мекеннің бүгінгі атауы – ертеңгі та-

рих. Ендеше, тарихты бұлай ойыншыққа ай-

нал дыруға бола ма? Бүгінгі таңда елді мекен-

дерден аты да, заты да белгісіз адамдардың 

атын көп кездестіреміз. Мұны істеп отырған 

— жақын-жуығының атын шығарғысы келетін, 

жер гілікті жердегі қолында билігі бар адам. 



3-бетте

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, 

драматург, қоғам қайраткері:

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, 

Мәжіліс депутаты:

Жақында еліміздегі елді мекендерге кісі есімін беруге 

мораторий жарияланды. Осы уақытқа дейін жер-

су атауларын өзгертуге қатысты мәселелер өте көп 

талас-тартыс туғызған еді. Кейбір мамандар жер-

су атауларын өзгерту құзырын жергілікті биліктен 

алып, бір орталыққа беретін заң керектігі жөнінде 

ұсыныс жасаса, енді бір мамандар «бұл қызметті 

орталықтандырғаннан гөрі, арнайы комиссия құру 

арқылы шешкен жөн» деген пікір айтқан еді. Ал 

енді бәрін ысырып қойып, елді мекендерге кісі атын 

беруге уақытша тыйым салынып отыр. Осы орайда 

елді мекендерге кісі атын беруді түбегейлі тоқтату 

жөнінде ұсыныс айтушылар да баршылық. Бұл пікірді 

жақтаушылар «кім көрінгеннің елді мекендерге өз 

жақын-жуығының атын тықпалауына осылай тыйым 

салуға болады» дейді. Жер-су атауларына орай 

туындап отырған пікірлерді көпшіліктің талқысына 

салып көрген едік...

ЖОҚ

– Жоқ, елді мекендерге кісі атын беруге 

тыйым салудың қажеті жоқ. Өйткені мұндай 

тыйым салу арқылы біз осы саладағы қор-

далаған мәселелерді шеше алмаймыз. Не-

гізі, 20 жыл ішінде талай белесті ба ғын-

дырып, іргелі мемлекетке айналған елі міз 

үшін мұндай шаралар шешімі қиын мә селеге 

айналмауы керек еді. Өкінішке қарай, 

әркімнің көңіліне қарап, жалтақ күй кешіп 

отыр ға ны мыз дың  арқасында  елімізде  әлі 

күнге қазақ ша ланбаған қала, аудан, елді 

мекен атаулары өте көп. Астана маңайы, 

Арқа, Шығыс Қазақ стан облыстарында қаза-

қыланбаған елді мекен атауларынан көз 

сүрінеді. Сол түстік Қазақстанда Мағжан 

Жұмабаев, Сегіз сері, Ғабит Мүсірепов, 

Сәбит Мұқанов ау дан дарынан басқасының 

бәрі дерлік – орыс ша атаулар. 

Жалғасы 4-бетте 

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ



Жалғасы 5-бетте 

қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар?



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№69 (521) 22.04.2011 жыл, жұма               



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

РИО тобы ұйым ба?

САЯСИ  БЮРО

СЕНАТ


Құбаш МЕҢДІҒАЛИЕВ

Қанат ҚАЗЫ

САПАР


ПАЙЫМ

Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ-ға ат та-

нар алдындағы соңғы отырыста Қазақ стан 

мен АҚШ арасындағы келісімді қа был да-

тып кетіп еді. Қайрат Мәмидің жетек ші лі-

гін дегі алғашқы жиын да ха лық аралық ке-

лісіммен ашылды. Әйтсе де бұл сыртқы 

саяси ықпалдастық бағыттан гөрі, ел дің ішкі 

мәселесін, оның ішінде ел да муына қолдау 

болатын экономикалық мә селені қаузайтын 

келісім болып отыр. Бұ ған дейін Мәжілістің 

мақұлдауын алған ке лісім негізінен Қазақ-

стан Үкіметі мен Жа пония Ха лықаралық 

ын тымақтастық  агент тігі  ара сында  жасал-

ған. Құжат «Батыс Еу ропа-Батыс Қытай» 

дәлізінің үш учаскесін қар жыландыруға 

арналады. Халықаралық дә лізді жүзеге 

асыруға қатысты қаржылық қол дауға мүд-

де лілік танытқан жапон агент тігі Қазақстанға 

6 млрд 361 млн жа пон йені сомасында қа-

рыз ұсынады. Бұл ша мамен 68 млн доллар. 

Бұ дан бөлек, бірақ дәл осы көлік дәлізін 

жүзеге асыруға бағытталған келісім Азия 

даму банкімен де жасалған. Одан алатын 

қа рызымыз 173 млн доллар шамасында 

болып отыр. 



ЖАПОН ЖҰРТЫНАН КӨП НӘРСЕ 

ҮЙРЕНСЕК ИГІ 

Әрине, жаһан халқы жапон елінің ба-

сына түскен қасіретпен етене таныс. Алайда 

бүтін бейнетті жұрт болып арқалаған 

самурайлар елінің бейшара хал ге түсіп 

Осы бағытта Президенттің тап сыр ма сы-

мен бірқатар құрылымдық өзгерістер жү зеге 

асырылды: қаржылық бақылау агент тігі Ұлт-

тық банк құрамына енді, «Са мұ рық-Қазына» 

әл-ауқат  қорының  қа ра ма ғындағы  бірқатар 

даму институттары министрліктерге берілетін 

болды. Жаңа Үкіметте Жанар Айтжанованың 

эконо ми ка лық  интеграция  министрі  болып 

та ғайын далуы КО, БЭК, ДСҰ секілді ұйым-

дар мен  байланысты  жан дан дыруға  себін 

тигізбек. Сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаев 

Үкі  метке  атом  сала сы ның  жоғары  техно ло-

гиялық деңгейде да мыту үшін Атом энер-

гетикасы жөніндегі агенттік құру мәсе ле сін 

тапсырды. Бұдан өзге архитектура-құ рылыс 

саласындағы  қа да ғалау  мен  ли цен зиялауды 

ор та лық тандыру жайын ойласуды да еске 

салды. Осы ретте басқару жүйесін оң тай лан-

дыру бағытында өзге елдердің де тәжірибесін 

қаперге алу керек сияқты. Жапониядағы 

«Фукусима-1» АЭС-індегі апатты жағдайдан 

кейін атом қуатын қауіпсіз пайдалану өзекті 

жайтқа айналды. Сонымен бізге тиімділікті 

арттыру үшін та ғы қандай министрлік немесе 

агенттік ке рек? Үкімет ұзақмерзімді стра те-

гия лар мен бағдарламалар қабылдап жа-

тыр. Ал «ғұ мы ры ұзақ» бағдарламаларды 

жү зеге асы руға нақты жауап беретін құзыр-

лы орган керек. Мысалы, көптеген сарап шы-

кетпегенінен де хабардармыз. Деген мен 

алапаттан бұрын жасалып қой ған мұндай 

мәміленің ендігі күшіне қатысты алаң-

дайтын сауалдар да болуы заңды. Ке лісім 

туралы түсінік берген көлік және ком му-

никация вице-министрі Еркін Дүй сен баев-

қа алғашқы сауал да осындай кү мән 

тұрғысынан болды. «Жолдас Дүй сен баев 

мырза! – деп кеңестік һәм бүгінгі қа рат па 

сөз ді қосақтай қолданған сенатор Иран 

Әміров вице-министрге сұрақты төтесінен 

қойды. – Қазақстан мен Жапония ара сын-

дағы өзара келісім 2010 жылғы тамызда 

Аста нада  жасалды. Бүгінге дейін сегіз ай 

уақыт өтті. Сол аралықта алапат жер сілкі-

ні сінен миллиардтаған сомаға жа пон елі 

за лал тартып отыр. Мына заңды қа был-

дасақ, біз сол қаражатты ала аламыз ба? 

Менің осы күмәнімді сейілтіңізші!» 

Сөйтсек, жапон елі бұған дейін атал-

мыш қаражатты кейінгі резерв ретінде сақ-

тап қойған екен. «Халықаралық ын ты мақ-

тастық агенттігі Жапониядағы жағдайдың 

қалай қарай белең алуына қарамастан, қа-

ражаттың сақталатынын растады. Сон дық-

тан да еш күмән жоқ. Қаражат Қазақ стан ға 

жетеді», – деді Е.Дүйсенбаев. 

Расымен, аталмыш қарыздың Қазақстан 

үшін тиімділігі зор. Бір жағынан жылдық 

үстеме 1,7 пайыз дегеніңіз тиынмен тең. Әсі-

 лар дың Құ рылыс министрлігін құру қа жеттігі 

ту ралы айтып келе жатқанына бірнеше жыл 

болды. Айшықты Астананың құрылысы жал-

ғасын таба бермек. Ең көп айқай ту ғызған, 

кенеуі кеткен, бақылаудан шыққан, заң сыз-

дық  жайлаған,  алаяқ  ком па ния лар дың 

үлес керді ұлардай шулатқан ахуал құ ры лыс 

саласында екенін ескерсек, қалың жұрт тың 

баспанасыздығын ойласақ, «Авгийдің ат 

қорасын» тазалауға қазіргі құрылыс және 

тұрғын үй-коммуналдық ша руашылығы 

істері агенттігі аздық ететін сияқты. Көп ел-

дер де,  мысалы,  Түрік мен станда  Құрылыс 

министрлігі, Украинада Аймақтық даму 

және құрылыс министрлігі, Белоруссияда 

Ар хи тек тура және құрылыс министрлігі (Бе-

ло рус сияда  Тұрғын  үй–коммуналдық 

шаруашылық министрлігі өз алдына бөлек), 

Израильде Құ рылыс және қоныстандыру 

министрлігі, Арменияда Қа ла құрылысы 

министрлігі, АҚШ-та Тұр ғын үй және қаланы 

дамыту министр лі гінің болуы құрылыстың 

жүйелі әрі қарқынды жұмысын қамтамасыз 

етіп тұр. Негізі, бұ рындары Үкіметінде 1994-

1997 жылдары А.Тшан басқарған Тұрғын үй 

құры лы сы  және  территориялардағы 

құрылыс  ми нистр лігі  болған-тұғын. 

Сондай-ақ Президент 1-мамырға дейін 

Үкіметке әкімдермен бірлесіп, жұ мыс пен 

қамтудың жаңа стратегиясын қа былдауды, 

тұрғын үй-коммуналдық ша 

руа 


шылық 

жүйе сін модернизациялауды және халықты 

сапалы ауызсумен қамту секілді жаңа бағ-

дар ламаларды әзірлеуді тапсырған болатын. 

лі күншығыстағы осы елдің ешбір пайда табу 

мақсатында қарыз беріп отырмағаны анық 

секілді. Бұны сенатор Өмірбек Бай гел ді де 

мысалға келтіріп, рухы мықты жа пон хал қы-

ның алдында бас июге шақырды. «Тағ дыр-

дың тауқыметіне ұрынып, қиын дықты бастан 

кешіп отырған жұрттың ал дын да ақша жа-

ғын ғана алға тартып отыр ға нымыз болмас. 

Жа понның жақсы қы лығын еске алып, жа-

нашырлық білдірейік, тыныш күн шапшаң 

келсін деп тілейік», – деп бастады сенатор. 

Әри не, Сенаттан шық  қан сырлы сөз сонау 

жа пон жеріне же тер-жетпесін кім біліпті?! 

Алай да көңіл білдіріп отырудың пар ла мент-

шілдік па рызын Ө. Бәйгелді былай көрсетті: 

«Адам гер  шілік  жөнімен  келсек,  жапоннан 

көп нәрсе үйренсек игі. Басына туған қиын-

дықта тістеніп, есі кетпей, ақырып-ша қыр-

май, келген тауқыметті шыдаммен көтере 

білудің үлгісін танытты, жер жүзіне. Ел мен 

Отанның алдындағы парызы үшін атом 

реакторына басын өлімге тігіп түсетіндер 

бала-шағасы алдында басын иіп, қоштасып 

кетіп жатыр. Бұл елдің осындай көп өнегесі 

– халыққа сабақ. Қазақтың да үйренері бар 

екен. Аман болсын!» 

Айтпақшы, «Батыс Еуропа-Батыс Қы-

тай» дәлізіне қатысты жарыссөз бары сын да 

осы халықаралық бағыттың бойын дағы 

біршама проблемалардың да беті ашыл ды. 

Әсіресе таза ауыз су мен қамту жайы дұрыс 

жолға қойылмай келеді. Елбасы тапсырмасы 

бойынша 2020 жылға қарай орта лық тан ды-

рыл ған сумен жабдықтау жүйесіне қа ла лық-

тардың 100 пайызы қол жеткізуі, ал ауылдың 

көрсеткіші екі есе өсіп, бұл 80 пайызды 

құрауы тиіс. Үкімет былтыр қазан айында 

2011-2020 жыл дарға арналған «Ақбұлақ» 

атты сала лық бағдарламаны қабылдаған 

еді. Ал мұн дай ұзақмерзімді он жылдық бағ-

дар ламаны жүзеге асыруға АШМ Су ре сурс-

тары комитетінің мүмкіндігі жете ме? Ор та-

лық Азия елдерінің су шаруашылығы ми-

нистрліктері шеше алмай отырған су мә-

селесі біздегі Су ресурстары комитетіне зіл-

батпан салмақ емес пе, заң-зәкөн жа сап, 

дербес шешім қабылдай ала ма? Бұл да – 

үлкен сұрақ.

Қазақстан – өзін-өзі және ауыл шаруа-

шы  лығы өнімдерін дамытуды қамтамасыз 

ете алатын бірден-бір ел. Сондықтан 2020 

аграрлық нарығы – индустрияландыру бағ-

дар ламасының перспективалық ба сым-

дықтарының бірі. Дегенмен елде азық-түлік 

бағасы ырыққа көнбей, күннен-күнге 

шарық т ап  барады.  Қымбатшылық  мем лекет 

те, тұтынушыларға да қиын. Бұған министр-

лік те, әкімдер де шарасыз. Бәлкім, АШМ-

ды Беларусь еліндегідей ҚР Ауыл шаруа шы-

лығы және азық-түлік министрлігі етіп қайта 

құ рылымдау керек шығар. Осындайда Гер-

маниядағы Тұтынушыларды қорғау, азық-

түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің 

аты да, заты көңілге қоным ды көрінеді. 

Ресми бағдарлама аяқталған соң, 

Қазақ стан Республикасының Президенті 

Нұр сұлтан Назарбаев пен Эстония Рес пуб-

ли касының Президенті Тоомас Ильвестің 

бірлескен баспасөз мәслихаты өтті.

– Қазақстан Эстониямен ынты мақ тас-

тық ты дамытуға маңызды мән береді. 

Тәуел сіздік жылдарында Сіздің еліңіз зор 

та быстарға жетіп, Еуропалық одақтың, 

НАТО мен Экономикалық ынтымақтастық 

және даму ұйымының толыққанды мүшесі 

болды, сондай-ақ жалпыеуропалық валюта 

евроны қабылдады. Қазақстан-Эстония 

қа  ты настарының  үдемелі  дамуын  қуа ныш-

пен атап өтемін. Сенімді диалог жоғары 

деңгейде орныққан, өзара іс-қимылдың 

негізгі бағыттары анықталған, келісімшарт-

құ қықтық базасы құрылған. Бүгін Пре зи-

дент Ильвес мырза екеуміз Бірлескен мә-

лім демеге қол қойдық. Онда жан-жақты 

ын тымақтастықты кеңейтуге өзара ұмтылыс 

кө рініс тапқан. Біз Эстонияның Астанада өз 

Елшілігін ашу туралы шешіміне ризамыз, 

– деген Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 

Қазақ станда және Эстонияда экономикалық 

өсімнің жоғары қарқынмен қалпына 

келгені өзара тиімді сауда қозғалысына 

қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. 

2010 жылы Қазақстан мен Эстония ара-

сын дағы сауда айналымы 37 пайызға өсіп, 

74,5 миллион долларды құрады. Қазақстан 

мен Эстонияның мүдделеріне транзит-

көлік әлеуетін белсенді пайдалану жауап 

береді. Қазақстан эстониялық порттардағы 

тер минал мен тарату орталығын қазақ-

стан дық жүктер мен энерготасымалын еу-

ропалық рынокқа жеткізу үшін асу ретінде 

пай далануға мүдделі. Мұнда Таллин және 

Силламэ порттарымен өзара тиімді ын ты-

мақ тастық  перспективалары  бар.

– Қазақстан – Еуропалық одақ үшін өте 

ма ңызды ел. Және біз бұл туралы барлық 

еуропалық құрылымдарда айтып жүрміз. 

Осыған байланысты Эстония Қазақстан 

мен Еуропалық одақ арасындағы ынты-

мақ тастықты Қазақстан Республикасы мен 

ЕО арасындағы әріптестік және ынты мақ-

тастық туралы келісімнің жаңа қо ры тын-

дысы жолымен тереңдетуді қолдайды. Біз 

осы мемлекеттік сапарға маңызды мән 

береміз, оның барысында көлік, транзит, 

энергетика, ауыл шаруашылығы және білім 

тәрізді салалардағы ынтымақтастықтың 

негізгі бағыттары анықталатын болады. 

Қазақ стан Орталық Азияда саяси да, эко-

но микалық та жағынан өте маңызды рөл 

атқарады. Біз Қазақстанның 2010 жылғы 

ЕҚЫҰ-ға төрағалығын, сіздердің елдің 

Шан хай ынтымақтастық ұйымын және сіз-

дер биылғы жылы төрағалық ететін Ислам 

кон ференциясы ұйымын дамытуға қосқан 

үле сін жоғары бағалаймыз. Эстония сон-

дай-ақ Қазақстанның аймақта тұрақ ты-

лықты қамтамасыз ету жөніндегі және 

Ауған стандағы көлік жүктерін қамтамасыз 

етудегі күш-жігерін жоғары бағалайды. 

Қазақстан-Эстония үкіметаралық комис-

сиясы жұмысының жандануы көлік пен 

логистика, энергетика және инновациялық 

тех нология тәрізді экономиканың басым 

бағыт тарындағы экономикалық өзара іс-

қи мылды тереңдету үшін жаңа серпін 

бере ді деп үміттенемін, – деді Эстония 

Президенті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұр-

сұлтан Назарбаев Эстония Рес пуб ли ка-

сының премьер-министрі Андрус Ансиппен 

кездесті.

Кездесуде Эстония премьер-министрі 

Мем лекет басшысына IT-технология сала-

сындағы Эстонияның тәжірибесі туралы 

айтты. 2000 жылдан бастап Эстонияда Еу-

ропадағы үздік электронды үкімет жүйесі 

енгізілген. Халыққа электронды қызмет 

көрсететін дерекқорда 500-ден астам 

аталым сақтаулы.

– Біз сіздердің мамандарыңызды ша-

қы  руға және Эстонияның халыққа элек-

трон ды қызмет көрсету жөніндегі тәжі ри-

бесін қабылдауға дайынбыз, – деп атап 

өтті Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Мем-

лекет басшысы Нұрсұлтан Назар баев тың 

құр ме тіне Эстония Республикасының Пре-

зиденті Тоомас Ильвес пен оның зайыбы 

атынан мем лекеттік қабылдау болды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар-

баев Эстония Республикасы парламентінің 

спикері Эне Эргмамен кездесті. парламент 

спикері Мемлекет басшысын президенттік 

сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Өз 

кезегінде Президент Эне Эргманы Эстония 

Парламентінің Спикері қызметіне қайтадан 

сайлануымен құттықтады.

Кездесу кезінде сондай-ақ қазақ стан-

дық-эстониялық ынтымақтастық мәселесі, 

атап айтқанда, парламентаралық бай ла-

ныс тарды нығайту, Қазақстан мен Эстония 

арасындағы әуе қатынасын дамыту, Тар ту 

университеті  мен  Назарбаев  уни вер си теті 

арасындағы ынтымақтастықты ны ғайту 

мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар-

баев Таллин қаласының Бостандық ала-

ңын дағы Жеңіс монументіне гүл шоғын 

қою рәсіміне қатысып, қала мэрі Эдгар 

Сави саармен кездесті. Елбасының «Викто-

рия-1» паромында ірі эстондық ком па ния-

лардың басшыларымен кездесу де жос-

пар ланған.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал