Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.78 Mb.

бет5/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Ауыспалы егіске мән беріп жүрміз бе?

Әуежай емес, әурежай болып тұр

Көлік прокуратурасының мәліметінше, 

осыдан он жыл бұрын Қызылжар 

әуежайының 100 пайыз акциясы «Солтүстік 

Қазақстан облысы әкімінің аппараты» 

мемлекеттік мекемесінің меншігінде 

болған екен. Бірақ 2003 жылы ол сатылып 

кеткен. Сатуға нендей себеп болғаны 

белгісіз. Бір күннің ішінде әуежайдың 60 

пайыз акциясының иесі «Астана Бизнес 

Транс Консалт» ЖШС атанды. Келісімшарт 

құны 40,5 миллион теңге. Алайда бұл 

компания бір жыл өтпестен өз үлесін 48,3 

миллион теңгеге «Техносервис-3000» 

серіктестігіне сатқан. Ал тағы бір жылдан 

кейін әуежай акциясы басым бөлігінің иесі 

қайта ауысты. Бұл жолы VIP AVIA деген 

фирманың жолы болыпты. Дегенмен 

сауда-саттық бұнымен тоқтай қоймады. 

2007 жылы Қызылжар әуежайына қазіргі 

иесі Altyn Estate жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі келді. Ол 60 пайыз акцияны 

548 мың АҚШ долларына сатып алыпты. 

Бұл – теңгемен 80 миллион шамасында. 

Қолжаулыққа айналған Қызылжар 

халықаралық әуежайына қожайынның 

ауысқанынан еш қайыр болмады. Бүгінде 

қауіпсіздік шаралары – өте нашар 

жағдайда. Ең маңызды бөлігі саналатын 

ұшу жолағына 1974 жылы салынғаннан 

бері күрделі жөндеу жүргізілмепті. 

Қауіпсіздік ережелеріне сай күрделі жөндеу 

белгіленген аралықта жасалып тұруы 

қажет. Ал мұнда ол мерзім сақталмаған. 

Әуежай қызметкерлері тек жолақтың 

тесіктерін жамаумен ғана келген. Ал бұл 

ұшақтардың апатқа ұшырамай аман-есен 

қонуына кепілдік болмасы анық.

Осындай кемшіліктерге байланысты 

халықаралық әуежай бірнеше рет 

жабылып, қайтадан ашылған. Қазір де 

өкілетті орган – азаматтық авиация 

комитеті қызылжарлықтарға ұшуға рұқсат 

беріп отыр. Алла сақтап, әлі апат тіркеле 

қойған жоқ. Бірақ ертең өкініп қалмасақ 

болғаны. Комитет «Боинг», «ТУ-154», «ТУ-

157» маркалы ұшақтардың қонуына 

тыйым салған. Бүгінде Астана мен Алматы 

қалаларына шағын ұшақтар қатынауда. 

Ал кезінде әуежайдан ұшақ гүрілі 

кетпейтін. Облыс орталығынан 15 

шақырым қашықтықта орналасқан әуежай 

алаңқайына «Ил-76», «Ту-154», «Ту-134», 

«Ан-8», «Ан-12», «Ан-26», «Ан-30», «Ил-

18», «Як-40» сияқты ұшақтар мен 

тікұшақтардың түр-түрі қонатын, яғни 

салмағы 190 тоннаға дейінгі әуе кемелерін 

қабылдауға мүмкіндігі бар еді. Ал қазір 

ондай ауыр ұшақтарды қондыру арманға 

айналған, қазіргі міндет – Қызылжардағы 

жалғыз әуежайды қиратпай, сақтап қалу 

ғана. 


Нұрболат ҚАТУОВ, 

Солтүстік Қазақстан облысының көлік 

прокуроры:

– Сот әуежайды сату туралы 

келісімшартты заңсыз деп табу туралы 

шешім шығарды. Шешім заңды күшіне 

еніп те қойды. Бүгінде әуежайды 

мемлекеттің меншігіне өткізу жұмысы да 

соңына жақындап қалды. Бірнеше 

жылда әуежайдың жұмысшылар 

алдындағы қарызы да қарыштап өскен. 

Бүгінде ол 23 миллион теңгені құрап 

отыр. Бұл акцияның басым бөлігінің 

иегері Altyn Estate серіктестігінің өз 

тарапынан қаржыландырмауынан 

туындаған. Прокуратура қарызды 

қайтарту үшін өз тарапынан жұмыс 

жүргізіп жатыр. 2011 жылы әуежайдың 

114 қызметкеріне 19 миллион 211 мың 

теңге еңбекақылары қайтарылды. 

Қызылжар

№25 (707) 

14.02.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Ә.Нұршайықов күнделік жүргізіп, 

қолтаңба жинайтын

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың күнделік жүргізуде өте 

ұқыпты болғаны айтылады. Күнделіктері қанша дәптерді 

құрайды?

Әсия, Ақтөбе

Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», «Махаббат, қызық мол жылдар» сынды 

кітаптары өте көп оқылады. Менің білгім келетіні жазушы кітаптарының таралымы қанша?

Берік, Шымкент

Ә.Нұршайықов шығармалары таралымы 

жөнiнен өз әрiптестерiнiң алғы шебiнде болды. 

Оның қазақ, орыс, украин, чех, қырғыз және 

басқа тiлдерде шыққан кiтап тарының жалпы 

таралымы 1 млн данаға жуықтапты. Соның 361 

мыңы Бауыржан Момышұлы жайында жазыл-

ған «Ақиқат пен аңыз» романына тиесілі. Сон-

дай-ақ «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабы-

ның да таралымы өте үлкен. Жазушы шығарма-

лары туралы жазылған рецензиялар мен мақа-

лалар дың өзi бiрнеше томға жүк болғандай 

екен. Соның бiр нәтижесiндей «Ақи қат пен 

аңыз» роман-диалогына Қазақ КСР-iнiң Абай 

атындағы мемлекеттiк сыйлығы берiлген. 

Мәскеуден 1985 жылы «Дорогой памяти» деген 

атпен орыс тiлiнде 100 мың дана таралыммен 

басылып шыққан «Ақиқат пен аңыз» роман-

диалогы мен әскери повестерi үшiн Ә.Нұр шайы-

қов А.Фадеев атындағы халық аралық сый лыққа 

ие болды. 

Соғыс кезінде жазған күнде-

ліктері 15 дәптерді құрайды. Бұл 

күнде ліктер дің  түпнұсқасын  жа-

зушы көзі тірі кезінде орталық мұ-

ра ғатқа тапсырған екен. Ал соғыс-

тан кейінгі журналистік жылдарын-

да жаз ған дары 200-ден аса дәп-

терді құрайды, ал 1973 жылдан 

бері жазған күн деліктері қалың 

130 дәптер болады. 

Сондай-ақ жазушы түр лі адам-

дардың  қолтаң ба лары  қойылған 

кітаптарды жинаған. Олардың са-

ны 1500 кітапты құ райды. Ол ар-

дың ішінде Дін мұ хаммед Қонаев, 

Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, 

Ғабит  Мү сі ре пов  сияқты  көптеген 

өнер ада мының, ғалымдар мен 

ақын-жазушылардың  қол таң ба-

лары бар.

Әзілхан Нұршайықов шығармаларының 

таралымы қанша?

БІРТУАР


Бауыржан батырдың көрегендігі туралы

Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ:

Қызға бір көргеннен ғашық болу бар 

дейміз. Ол да рас. Мен Баукеңе Александр 

Бектің «Панфиловшылар алғы шепте» де-

ген повесін оқып, бірден ғашық болдым. 

Ол повесть 1943 жылы «Знамя» журналы-

ның 5 және 6 нөмірлерінде басылған. Мен 

оны майданда, алғы шепте, зеңбірек 

окопының ішінде отырып оқыдым. Баталь-

он командирі Бауыржанға ғашық болға-

ным сондай, оны түнде түсімде көретін 

болдым. Повесті бос уақытым болса, 

ғашы ғымнан келген хаттай, қайта-қайта 

үңіліп оқыдым. Әрі дивизионға келген 

жалғыз журнал болғандықтан, жауынгер-

лер мен командирлер кезектесіп оқып, ол 

повесті қайтадан менің қолыма түсірмей 

кетті. Журнал қолымнан шығып кеткенімен 

батальон командирі Бауыржан Момышұлы 

менің жүрегімде қалды. Оған қызға құ-

март қандай ғашық болдым.

Ғашықтығын сүйген қызына білдіре 

алмай, өмір бойы ішінде сақтап өтетін жі-

гіт тер де болады. Достоевскийдің Макар 

Алексеевич Девушкині сияқты (атақты 

«Бей шаралар» романы естеріңізде бо-

лар).

Қымбатты бауырлар!



Сіздер: «Мына кісі не деп кетті? Не ай-

тып кетті? Қызы несі? Ғашығы несі? Бұл 

Баукең туралы ғылыми конференция ғой!» 

– деп ойлап отырған боларсыздар.

Олай ойлауларыңыз дұрыс. Бұл – 

Баукеңе арналған кең құлашты ғылыми 

конференция. Бұл тамаша конференция-

ны ұйымдастырып, өткізіп отырған 

азаматтарға алғыс айтамын.

Ал менікі әскери-ғылыми баяндама 

емес, ағайын. Менің Баукеңе арналған 

жоғары дәрежедегі ғылыми-патриоттық 

конференцияда баяндама жасауға әскери 

өрем жетпейді. Менікі – артиллерия сер-

жантының аға туралы азғантай сөзі ғана. 

Былтыр ЖенПИ-де өткен осындай ғылыми 

конференцияда ғылыми емес баяндама 

жасаған едім. Бұл да сондай.

Енді ғашықтық мәселесіне қайта ора-

лайын. Менің де Баукеңе деген азаматтық 

ғашықтығым айтылмай, өмір бойы өз 

ішімде кетуі мүмкін еді. Сол сырымды 

сыртқа шығаруға қазақ халқының сүйікті 

журналы «Жұлдыз» көмектесті. Мың 

рақмет бұл журналға.

Журнал Баукеңнің 60 жылдығына бай-

ланысты алты бет мақала жазып әкелуге 

тапсырма берді. Мен оған бір ай дайын-

далдым. Баукеңнің 60 жылдығына орай 

60 сұрақ әзірлеп, машинкаға басып, қал-

тама салып алып, Баукеңнің үйіне бар-

дым.


Баукең мені сұсты күйде қарсы алды.

– Неменеге келдің? – деді.

Мен журнал тапсырма бергенін айт-

тым.


– Сіз туралы А.Бек, А.Кривицкий, өзіңіз 

және өзгелер жазды. Солардың кітапта-

рында бар өміріңіз айтылды. Мен не жаз-

сам екен деп, сізбен ақылдасуға келдім, 

– дедім.

– Немене, сол мақаланы мен жазып 

беруім керек пе саған? – деп Баукең бетіме 

ажырая қарады. Бетіндегі барлық түгі 

тікірейіп, үстіңгі ернін жаба салбырап 

тұрған жирен мұрты сояудай-сояудай бо-

лып едірейіп шыға келді.

Содан кейін:

– Кру-гом! – деп команда берді.

Мен барлық сержанттық өнерімді са-

лып, сол жағымнан ұршықтай иіріліп, кейін 

бұрылдым. Енді Баукең «Марш!» дейді де, 

үйінен қуып шығады. Мен «маршқа» жет-

кізбей айтарымды айтып қалуға тырыс-

тым. Жалма-жан 60 сұрақ жазылған қағаз 

жатқан ішкі қалтама қолымды сұғып:

–Бауке, дат! – дедім.

Баукең үн шығара күліп жіберді. Тегі 

менің сасқалақтағанда аузыма түскен 

«дат» деген сөзім ұнап кеткен болу керек.

– Датың болса – айт! – деді қайтадан 

қатал үн қатып.

– Бауке, өзіңізге қарай бұрылуға рұқсат 

етіңіз, – дедім «Смирно» қалпында қақ-

шиып тұрып.

– Бұрылғын! – деді Баукең.

Мен қойнымдағы қағазымды суырып 

алдым да:

– Бауке, сізге әзірлеп әкелген сұрақта-

рым бар. Сіз соларға жауап берсеңіз, өз-

гесін өзім жазамын – Баукең қолын созып, 

мен төрт бет етіп әкелген сұрақтарға көз 

жүгіртті. Әр бетін оқыған сайын сояудай 

тікірейген мұрттары төмендей-төмендей 

келіп, Баукеңнің үстіңгі ернін қайта жауып, 

алғашқы салбыраған қалпына келді.

– Это – серьезно! – деді Баукең сұрақ-

тар ды оқып болғаннан кейін басын көте-

ріп.

Содан кейін сұқ саусағын шошайтып, 



орындықты нұсқады да:

– Садись! Жаз онда! – деп бірінші сұ-

раққа қарай үңілді.

Мен жалп етіп, орындыққа отыра кет-

тім. Сол отырғаннан тапжылмастан төрт 

жыл отырдым. Төрт жыл бойы Баукеңнің 

аузы нан шыққан сөздерді сыпылдатып қа-

ғазға көшірумен болдым. Сөйтіп, «Ақиқат 

пен аңыз» роман-диалогы өмірге келді.

Бұл конференция Баукеңе арналып 

отырғандықтан Баукең туралы Қазақстанда 

шыққан бұл тұңғыш кітаптың баспадан 

қалай шыққан тарихын да қысқаша айта 

кетейін.


Кітап жоспарланған уақытында шық-

пай, баспада бір жарым жыл бөгелді. Цен-

зура сергелдеңге салды. Алты баспа таба-

ғын қысқарттырды. Екі рет қайтадан теріл-

ді. Ол менің инфарктен жаңа тұрған кезім 

еді. Цензура шонжарларымен табан тіре-

сіп, тартыса алмадым. Менің редакторым, 

ол кезде жас жазушы, қазіргі Қазақстанның 

халық жазушысы, Абай атындағы Мемле-

кеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұма-

ділов цензурлармен арыстандай алысып, 

кітапты қорғады. Сол азаматтың күш-қуа-

тымен «Ақиқат пен аңыз» жарыққа шық-

ты...


Баукең туралы 4 том жаза алмасам да, 

бір том жазып, оны Баукеңнің өзі оқып, 

риза болғанына қуаныштымын. Болашақ-

тың жазушысы Баукең туралы 4 томдық 

роман жазса, «Ақиқат пен аңыз» сол жазу-

шыға көмекші құрал бола алатынына қуа-

ныш тымын!

Баукең болашақты алыстан болжайтын 

асқан көреген кісі еді. Осының екі мыса-

лын келтірейік.

Осыдан 46 жыл бұрын, 1958 жылы, 

осы Ғылым академиясының осы үлкен за-

лында, қазір мен сөз сөйлеп тұрған осы 

биік трибунадан Баукең сөз сөйледі.

Шілденің шыжыған ыстық күндерінің 

бірі еді. Баукең мінбеге барды да, үстіндегі 

пиджагін шешіп, президиумға қарай лақ-

тырып жіберді. Мінбе жақ шетте отыр ған-

дардың бірі Баукеңнің пиджагін қағып 

алды.


Баукеңнің бұл қылығына залдағылар 

ду күліп, президиумда отырғандар үрпиісіп 

қалды. «Мынау бірдеңені бүлдірер ме 

екен?» деп сескенді. Баукең шынында да 

«бүл діріп» барып, трибунадан түсті. Бүл-

дір гені сол: сөзінің бір жерінде ол:

– Дүниежүзі тарихында үш қана ең 

атақты қолбасшы болды. Олар Александр 

Македонский, Шыңғыс хан және Иосиф 

Виссарионович Сталин! Сталин ең атақты 

ғана емес, олардың ішіндегі ең данышпан, 

ең кемеңгер қолбасшы Сталин болды! Ста-

линнің әскери кемеңгерлігіне жететін қол-

басшы енді ешқашан тумайды да! – деді.

Бұл 1956 жылғы СОКП Орталық Коми-

тетінің июнь пленумында Хрущевтің Ста-

линді қаралап баяндама жасап, «Жеке 

бас қа табынушылық туралы» деген қаулы 

шығартқан кезі болатын. Ол қаулы Хру-

щевтің жау қолына тұтқынға түскен бала-

сын біздің жақ тұтқынға алған неміс гене-

ралына айырбастап әпермегені үшін және 

Сталиннің атын өшіріп, тарихта өзі ғана 

қалу үшін жасаған әрекеті екені қазір бел-

гілі болып отыр.

Ол қаулы бастауыш партия ұйымында 

талқыланғанда Баукең қаулыны қуаттап, 

қол көтерген жоқ, қалыс қалды. Өйткені ол 

Хрущевтің әрекетінде шикілік бар екенін 

сезді. Сезгендіктен де академия ғалымда-

ры 

мен кездесуге келгенде ол осылай 



деді.

Баукеңнің бұл сөзіне залдың әр жері-

нен қадау-қадау қол шапалақталды. Пре-

зидиумда отырған жоғарыдан келген бас-

шы залға ежірейе қарап, алақанын жайқа-

ды. Жұрт жым-жырт болды.

Баукең трибунадан түсіп, президиум-

дағы өз орнына барды. Орындық арқасына 

іліп қойған костюміне қол созды.

– Немене, менің сөзім сендерге ұнама-

ды ма? – деді басшыларға ежірейе қа-

рап.


Ешкім үндемеді.

– Үндемесеңдер отырыңдар осылай, 

– деді де Баукең костюмін киіп, қолындағы 

әдемі қара таяғын еденге тарс-тарс қадап, 

залдан сыртқа шығар есікке қарай аяң-

дады.


Баукеңді тоқтатуға ешкімнің батылы 

бармады.


Бұл сөзді мен Сталинді мадақтау үшін 

айтып тұрғаным жоқ. Баукең сияқты менің 

де Сталинді жөнсіз жамандайтындарды 

жаратпайтыным рас. Өйткені мен кеше 

786 күн алғы шепте жүріп, Отанды қорға-

ған, қазір жер басып тірі жүрген Сталиннің 

соңғы солдаттарының бірімін ғой!

Мұны мен Баукеңнің әділдігін, әлі көре-

гендігін дәлелдеу үшін айтып тұрмын. Бау-

кең дүниежүзілік көлемде ойлайтын көре-

ген адам болды. Оның көрегендігі ұлт тық 

шеңберден шығып кетті. Рузвельт, Чер-

чилль, Сталин сияқты өз заманының ке-

мең гер лерімен  қанаттас  ойлады.



Енді Баукеңнің екінші бір көреген-

дігін айтайын.

Баукең соғыста, қан майданда жүріп, 

Қазақстан Компартиясы Орталық Комите-

тінің насихат және үгіт бөлімінің меңгеру-

шісі М.Әбдіхалықовқа хат жазды. Қазақтың 

салт-сана, әдет-ғұрып, ұлттық ойындарын 

өшірмей сақтауға жетекші болуды оған 

аманат етті. Әсіресе, халықты спортпен 

шұ ғыл дандырудың, соның ішінде ат спор-

тының Отан қорғау ісінде ерекше маңызы 

бар екенін атап көрсетті. Барлығы 16 пун-

кттен тұратын мұндай хатты жазу Баукеңнен 

басқа қай полковник, подполковник, ма-

йор дың қолынан келіпті? Ол кездегі қазақ-

тан шыққан жалғыз генерал Ш.Жексен-

баев тың мүмкіндігі бола тұрса да, мұндай 

хат жазуға өресі жетпеді.

Ал 1943 жылы 18 наурыз күні Қазақ 

ССР Ха лық Комиссарлары Кеңесінің пред-

седателі Н.Оңдасыновқа жолдаған хатын-

да былай деп жазды:

«Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен 

солдаттың бойында жауынгерлік қасиетті 

тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен 

жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүр-

лердің маңызы зор екеніне көзім жетті». 

«Ұлт тық дәстүрлердің» деп жоғарыда келті-

рілген Әбдіхалықовқа айтқан ойын қай та дан 

шегелеп түсіндірген. Сұрапыл соғыс та жүріп 

Баукең өз ұлтының болашағын ойлады.

«Көк тұман – алдындағы келер заман, 

үмітті сәуле етіп көз көп қадалған» деп 

Абай айтқандай, Баукең алдағы бір ғасыр 

болашаққа көз қадады. Ал соғыста жүрген 

адамдар бір ғасыр емес, бір күнді ғана ой-

лайды. Бүгін қалай, қайтып өлмей тірі қал-

сам екен деп жанталасады. Баукең болса 

өз басының амандығын ғана емес, өз ұл-

ты ның болашағын қоса ойлады. «Үмітін 

сәу ле етіп» көзін болашаққа қадады. Алда-

ғы «көк тұман» болашақтың ішінде жаһан-

да ну деген жайын бар екенін болжады. 

Ту ған халқының салт-санасы, әдет-ғұрпы, 

ұлт тық өнері, халықтық психологиясы сол 

жайынның аузына жұтылып кетпеуін ар-

ман етті.

Соғыс кезінде осыны Баукеңнен басқа 

бір қазақ ойлаған жоқ. Ол кезде данышпан 

Әуезов болса, қазақтың салт-сана, әдет-

ғұрпын қалай қағазға түсіріп, қалай бола-

шаққа мұра етіп қалдырып кетуді ғана 

ойлады. «Абай жолы» эпопеясын қалай 

жазып, аяқтап, баспадан шығаруды, бас-

падан шыққаннан кейін ол перзент – кітап-

ты қалай қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға 

шоқытпай қорғап, сол романы арқылы 

туған халқының атын бүкіл әлемге паш 

етуді арман етті. Баукең болса, жүзеге асы-

рылар Әуезов арманының халық қазынасы 

болып, мәңгі сақталуын көздеді.

ТҰЛҒА

Мінекей, Әуезов және Момышұлы де-



ген қазақтың екі ұлы перзентінің ойлары 

осылай ұштасқан болатын. Көрегендік де-

гені осы емес пе? Бір ғасырды бұрын бол-

жаудан артық қандай көрегендік бол-

мақ?!

Ворошилов атындағы әскери академия-



да оқыған кезде сабақ берген генералдар-

дан Баукеңнің иығы асып жүрді. Өзі әскери 

академияда сабақ бергенде онымен тең-

дес профессор-генералдар болған жоқ. 

Ол атағы жоқ әскери академик болды. Ал 

Қа зақстанда оның әскери білімінің шеніне 

келетін жан жоқ еді. Бірақ, оған Қазақ стан-

ның республикалық әскери комиссары 

қыз меті де бұйырмады. Қайта оның үстінен 

ит жүгіртіп, құс салып, ұлт шыл, оңбаған деп 

күстаналады. Жазықсыз жала жабылды.

Солай бола тұрса да Баукең өз тарапы-

нан тіс жарып, ешкімге ештеңе айтқан жоқ.

Сондықтан Ресейдегі әскери академия-

ны тастап, Алматыға келді де, қолына қа-

лам алды. Сөйтіп, Қазақстан әскери әде-

бие тінің негізін қалады. Қазақ жазба әде-

биетінің негізін салған Абай атасына ұқ-

сады. Баукеңе Абай атындағы мемлекеттік 

сыйлықтың берілуі үлкен абырой болды...

Баукең ұлы адам, ұлы азамат, ұлы пат-

риот еді.

Адам болу – қасиет, азамат болу – мін-

дет, ал патриот болу – парыз. Барлық адам 

патриоттық парызын бұлжытпай өтеуге 

міндетті. Патриотизм әскерге алынып, сар-

баз санатына қосылғаннан кейін ғана бас-

талмайды.

Патриотизм отбасынан басталады.

– Әке-шешеңді құрметтей білу – па-

триотизм.

– Ауыл-аймағыңды ардақтай білу – 

патриотизм.

– Өз ұлтыңды сүю – патриотизм.

– Өз халқыңның өткен жолын (тари-

хын) құрметтеп, оған тіл тигізбеу – патр-

иотизм.

– Өз Отаныңды жаудан қорғау, еліңнің 



азаттығы үшін, қажетті жерде, жаныңды 

қию – патриотизм.

«Отан үшін отқа түскін – күймейсің!» 

деген Баукең. Патриотизмнің ең биік шыңы 

– осы.

Сталинге деген Кеңес халқының сүйіс-



пеншілігі шексіз болды. Сталин өлгенде 

жыламаған жан болмады. Сол жылаған-

дардың бірі менмін.

Қазақ халқының Баукеңге деген 

сүйіспеншілігі де сондай болды.

Баукең өлгенде дос-жолдас, ағайын-

туыстары ботадай боздап жылады. Тек 

жақындары ғана емес, Баукеңді ақырғы 

сапарға аттандырып салуға Балалар және 

жасөспірімдер театрының жанына жинал-

ған халық теңіздей толқып, бірі көзін сүр-

тіп, бірі іштей еңіреп тұрды.

Ағаш табытқа әрең сиып жатқан Бау-

кең ді театр ғимаратынан сыртқа шығарып 

келе жатқанда Баукеңнің сүйікті келіні Зей-

неп ардақты атасын жоқтап, дауыс айтты. 

Театр ішіндегі жұрт Зейнепке қосыла күңі-

ренді.


Баукеңді ақырғы сапарға аттандыру 

рәсіміне өзінің сүйікті інісі Рейхстагқа ту 

тіккен батыр Рақымжан Қошқарбаев жан 

салып қызмет етті. Кеңсай зиратына мені 

өз машинасына отырғызып, Рақымжан 

алып барды. Машинаның алдыңғы каби-

насына Рақымжанның әйелі жайғасып, 

артқы кабинада Рақымжан екеуіміз қатар 

отырдық. Рақымжан марқұм: «Айырылдық 

қой Баукеңнен!» деп мені құшақтап, еке-

уіміз қосыла солқылдадық.

Баукеңді жерлеу комиссиясының мү-

ше лері табыт басында «сөйле» деп маған 

ұсы ныс жасаған еді. Мен сөйлемедім. 

Сөй лемегенім: Баукеңді «өлді» деп айтуға 

аузым бармады. Баукеңді бұл дүниеде жоқ 

деуге көңілім сенбеді. «Қош» деп айтуға 

тілім келмейтін болды. Қайғылы сәтте ау-

зымды аша алмай, мен үнсіз қалдым.

Менің орныма Баукеңнің тағы бір 

сүйік ті інісі Тахауи Ахтанов сөйледі.

Баукең табыты қабырға түсіріліп бара 

жатқанда бір взвод солдат жауынгерлік 

винтовкадан үш рет жоғарыға оқ атып, са-

лют берді.

Мінекей, содан бері 22 жыл болды. 

Бау кеңе арналып бүгін өткізіліп отырған 

осы ғылыми конференция оның өлмеген-

дігінің бір белгісі ғой деп ойлаймын.

Мен Баукеңнің соғысқа қатысқан, қа-

тыс паған көп інілерінің бірімін. Мен Бау-

кеңнің шарапаты тиген інілерінің бірімін. 

Егер өмірде Баукең болмаса, мен мұндай 

атақты, абыройлы адам болмас едім. (Егер 

атақты, абыройлы екенім рас болса?). 

Бұған бір ғана мысал айтайын. Менің шық-

қан кітаптарымның барлық тиражы бір 

миллион данадан асыңқырайды. Ал соның 

361 мың данасы Баукең туралы жазылған. 

«Ақиқат пен аңыз» роман диалогының 

өзінің ғана таралымы. Үштен бірі.

Баукең кеңес өкіметін жамандаған жоқ. 

Баукең социализмді иянаттап, ХХ ғасырды 

қарғаған жоқ.

Мен Баукеңнің шәкіртімін.

Мен Баукеңмен замандас, сыйлас, 

сырлас болғанымды мақтаныш етемін...

Қазақ халқы Баукеңнің даңқын әлемге 

жайған орыс жазушылары А.Бек пен А.Кри-

вицкийге қарыздар. Осы екеуін ұмыт пай, 

Баукең есімімен қоса атай жүрейік.

Мен сөзімді махаббаттан бастадым 

ғой. Енді сөзімді ғашықтық тілекпен 

аяқтайын.

Еркек адамдар тек әйелге ғана емес, 

халықтың асыл азаматтарына да ғашық 

бола білуі керек. Олардың адамгершілігі-

не, ақылдылығына, азаматтылығына құ-

мар тып, соларға ұқсауға (Абай) тырысуы 

абзал.


Жақсыға ұқсауға тырысқандардың бірі 

менмін. Сол тырысқандығымның арқасын-

да арманыма жеттім. Қазақстандағы ең 

армансыз, ең бақытты адамдардың бірі 

болдым.

Мұның бір себебі Баукеңе ғашық бол-



ғандығымнан деп білемін.

Ғашық бола білу де – патриотизм.

Ғашықтар – махаббат отанының патр-

иоттары.


Ғашыққа деген махаббат та отандық 

махаббатқа ұласады.

Қызға ғашық бола білген жігіт Отанды 

қорғай алады.

Махаббат негізі – Отан!

Жас жігіттер, барлығыңызды ғашық 

бо  ла білуге шақырамын. Өтірік емес –шын, 

ал дамшы емес – адал, мың күндік емес – 

мәңгілік ғашық бола біліңіздер. 

2004 жылы 20 ақпан



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал