Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 3.62 Mb.

бет7/27
Дата09.01.2017
өлшемі3.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

Қош! Шенеунік те, халық та тең құқылы! Ендеше, көрші елдің үлгісін біз 

де байқап көру қажет сияқты. Себебі осындай кішігірім мәселенің өзі халық 

пен билік арасын алшақтатып жібереді. Ол аралықты жақындататын төте 

жолды іздеу – сіз бен біздің міндетіміз.

ТҮ

Й

ЙІН

Мансұр 


ұр

ХАМИ


Т

 (фо


то)

)

ф



                

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№23 (934) 



14.02.2013 жыл, 

бейсенбі


Дайындаған Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

ҚОҒАМ


ТҮЙТКІЛ

Аурудың әлеуметтік дейтін түрі бар

Шикізатты үнемдеу үшін тағамға түрлі қоспалар қосатын өнім өндірушілерді жазалау керек пе?



Нұрлан 

ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ, 

заңгер:

Артық 

СЕЙІТҚАЛИЕВА, 

«Адал» тұтынушылар 

құқығын қорғау 

қоғамдық 

бірлестігінің 

президенті:

? А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Кез келген жағдайда жаза қолданбас бұрын 

алдымен мәселенің мәніне терең үңіліп көру 

керек. Мәселен, бүгінгі күні тағам құрамындағы 

қоспалар стандартты нормамен арнайы құзырлы 

орган тарапынан бекітіледі. Алайда соңғы кездері 

тағамдық қоспалар күрт көбейіп кетті. Соған сай, 

қоспалардың өзінің құрамы да өзгерді. 

Жекеменшік өнім өндірушілер де жетерлік. 

Сондықтан да тағамдық қоспалардың көбейгенін 

ескеріп, стандарттау нормаларын қайта қарап, 

бекіту қажет секілді. Сонда ғана күрт көбейіп 

кеткен өнім өндірушілердің өнімін бақылауға да, 

қадағалап отыруға да, қажет кезде тіпті жазалау 

да оңайланар еді.

– Бұл жерде мәселеге біржақты қарауға болмайды. Мәселен, нормативті 

құжаттар бойынша кейбір тағам құрамындағы қоспалар стандарттық 

нормалармен бекітілген. Егер өнім сол стандартта белгіленген нормадан 

ауытқымаған болса, шикізат өндірушіні жазалай алмаймыз. Өйткені ол – 

құзырлы орындар тарапынан өзіне бекітіліп берілген нормамен ғана жұмыс 

істеп отырған өндіруші. Ал егер арнайы зертхана тексеріп, өндірушінің өнімінің 

құрамындағы қоспалар қалыпты стандарттан ауытқығанын анықтаған жағдайда 

түрлі жолдармен өндірушіні жазалауға болады. Шын мәнінде, шикізатты 

үнемдеу үшін тағам құрамына түрлі қоспалар қосқан болса, халық денсаулығына 

залал келтіргені үшін оған үлкен көлемде айыппұл салып, тіпті кәсіпкерлікпен 

айналысу құқығын шектеуге де болады. Бұл тұрғыда жаза барынша қатаң болуы 

керек. Халықты алдағанымен қоймай, жалған өнімі арқылы денсаулыққа зиян 

келтіргені дәлелденсе, оған қандай жаза қолданса да жарасады. Негізі, өнім 

құрамын зерттеп, оның қаншалықты талапқа сай екенін тексеріп отыратын 

елімізде арнайы құзырлы орган бар. Бірақ мәселе олардың қалай тексеретінінде 

болып тұр.

Саябек 

ХАСЕНОВ,

халал өніммен 

шұғылданушы 

кәсіпкер:

ДӘРІГЕРІ АЗ, ДЕРТТІ КӨП

Атырау облысы – туберкулез ауруы 

бойынша эпидемиологиялық ахуалы күр-

делі аймақ. Өткен жылдың тоғыз айында 

ғана осы ауруға шалдыққан 421 адам тір-

келген. Әсіресе Қызылқоға, Индер, Мақат 

аудандарындағы көрсеткіштер – алаң да-

тар лықтай деңгейде. Әлеуметтік ауру деп 

ата латын бұл дерттің қанат жаюына қайта-

лап ауру жағдайларында ем нәтижесінің 

төмен болуы және дәріге төзімді аурулар-

дың көбеюі де – бір себеп. 



Өмірзақ ЗИНУЛЛИН,  Атырау облыстық 

мемлекеттік  санитарлық-эпи де мио ло гия-

лық қадағалау департаментінің директоры:

– Қалалық, аудандық емханаларда 

туберкулезді емдеу өз деңгейінде 

еместігін, облыстық туберкулезге қарсы 

күрес диспансері мен аудандық өкпе 

аурулар ауруханасының емдеу жұмыс-

та рының тиімділігі төмен. Бұл жағдайға 

ауруды дер кезінде анықтаудың қиын-

ды ғы да өз әсерін тигізуде. Айталық, 

әлі күнге облыс орталығынан шалғай 

орна  ласқан Қызылқоға, Исатай аудан-

да рында флюорографиялық тексеру 

қондырғылары жоқ. Аурудың алғашқы 

белгілерінен бейхабар ел «суық тиді, 

жөтеліп жүрмін» деп біраз уақытын 

жоғал 

тып, әбден асқынғанда ғана 

артынып-тартынып жолға шығатыны да 

сондықтан. 

Жағдайдың ушығуына кадр жетіс пеу-

шілігі де айтарлықтай кері әсер еткен. Об-

лыстық туберкулезге қарсы күрес дис пан-

се рінде қазір 52 дәрігер-фтизиатр жұмыс 

жасай 


ды. Негізінде, бұл жерде штат 

бойынша 80,25 бірлік қарастырылған 

екен. «Ал, жалпы, облыс бойынша рент ге-

но лог, бактериолог, фтизиопедиатр ма-

ман дары қат болып отыр», – дейді Өмірзақ 

Зиноллаұлы. Оның айтуынша, дәрігерлер 

әсіресе аудандарда жетіспеуде. Облыстың 

бас санитарлық дәрігері бұған қоса, тубер-

ку лездің алдын алу мақсатында атқарылып 

жатқан шаралар да мардымсыз екендігін 

жасыр майды. ҚР Денсаулық сақтау ми-

нистр  лігінің бұйрығына сәйкес, тубер ку-

лез ге қарсы күрес ұйымдары елді мекеннен 

алшақ жерде орналасып, аумағының 

қоршалуы, бейнебақылаумен, күзет жүйе-

сі мен, ауруханаішілік киім-кешекпен қам-

ты 

луы тиіс болғанымен, әзірге бұл 



мәселелер шешімін таппай келеді. 

ТУБЕРКУЛЕЗ ЖАСАРЫП БАРАДЫ

Құрт ауруының балалар мен жас өс пі-

рім дер арасында азаймай тұруы өңірдің 

әлеуметтік-экономикалық жағдайының 

аса бір керемет еместігінен хабар бере тін-

дей. Бүгінде атыраулық балалардың ара-

сын дағы құрт ауруының көрсеткіші рес-

пуб ликалық деңгейден екі есеге жоғары. 

Құрт ауруын жұқтырған балаларды оқшау-

лау үшін облыс орталығында арнайы мек-

тепке дейінгі мекемелер жұмыс жасайды. 

Бірақ бұл мекемелер аталған проблеманы 

жою 

ға аздық етіп отыр. Санаториялық 



үлгі дегі жабық мекеме қажет-ақ, өйткені 

қазір дертті жасөспірімдерді оқшаулау 

мүм кін болмай келеді.

Жаңабай САҒИЕВ, Облыстық туберкулезге 

қарсы диспансердің бас дәрігері:

– Аурушаңдықтың көбеюіне эколо-

гиялық ахуалдың нашарлығы да себеп. 

Біз қазір манту, БЦЖ болмаған, қар жы-

ландырудың жоқтығынан көптеген 

алдын алу шаралары жасалмаған кез-

дер дің зардабын шегудеміз. 90-жыл-

дарға тап келген тоқырау кезеңінде 

туыл ған жасөспірімдер арасында құрт 

ауруы көп көрініс тауып отыр. 1994-97 

жылдары ауруханада біз пациенттерге 

таңғы асқа – шай, түскі асқа – екінші 

тағам, кешкі асқа бірінші тағам беретін 

едік. 

ТЕРІС НАНЫМ ДА

ТЕРІС ӘСЕР ЕТІП ОТЫР

Еліміздегі Денсаулық сақтау министр-

лігінің арнайы бұйрығына сәйкес, перзент-

ханада әрбір жаңа туған сәби БЦЖ екпесін 

мін детті түрде алуы керек. Бірақ діни кері 

ағымдарға ілесіп, сәбиіне екпе салдыр-

тудан бас тартатын ата-аналар Атырауда да 

кездеседі. «Дәстүрлі емес дінді ұстанатын 

ата-аналардың жаңа туған нәрестелеріне 

вакцина жасатудан бас тартуы біраз проб-

лема тудырады, – дейді дәрігер. – Мұндай 

екпе алған баланың ағзасында Кох таяқ-

ша сына қарсы иммунитет қалыптасады. 

Өкініш ке қарай, осының мән-жайын түсін-

бейтін ата-аналар нотариустан құжат 

әкеліп, балаларына екпе салудан азар да 

безер болып қашады». 

Ал облыстың бас санитарлық дәрігері 

Өмірзақ Зинуллин бұл жағдайдың белең 

алуына екпе салар алдында баланың 

анасына екпенің қажеттілігі, одан бас 

тартудың соңы неге апаратыны жайында 

түсінік жұмыстары дұрыс жүргізілмеуі 

себеп болып отырғанын алға тартады. 



Д.ТАЙПАНОВА,  Облыстық туберкулезге 

қарсы диспансер бас дәрігерінің орын-

басары: 

– Бұл мекемеге келіп түсетін ауру-

лардың 5 пайызы осындай теріс діни 

ағым өкілдері және олардың көпшілігі 

ауру әбден асқынған кезде ғана меди-

цинаның көмегіне жүгінеді. Олар намаз 

оқып, құлшылық қылып, дерті міз ден 

айығамыз деп ойлайды. Ақырында 

ауруды әбден өткізіп алады. Өткен 

жылы жасы 20-дан енді асқан, хид жаб 

киген қыз бала қабылдау бөлмесіне 

келген сәтінде көз жұмды, құрт ауруы 

әбден құртқан кезде ғана ауруханаға 

келген. 

Теріс діни ағымның жетегінде жүріп 

құрт ауруына шалдыққан әйелдердің 

медицина рұқсат етпесе де, сәби көте ре-

тіндері бүгінде ақ халаттылар қауы мының 

ренішін тудыруда. Өйткені құрт ауруы мен 

екіқабат болу деген ұғымдар бір-біріне 

мүлде кереғар. Дәметкен Тайпанова құр-

сақтағы нәресте үшін туберкулездің қауіпті 

екенін айтады. Бұл аурудан емдеуге қол-

да нылатын дәрілер де іштегі сәбиге теріс 

ЕМ-ДОМ


Ғарыш мәселесі талқыланды

Бүгінде Қазғарыш өз қызметін екі негізгі 

бағытта жүргізіп келеді. Олар - «Ғарыш 

инфрақұрылымын құру және дамыту» 

және «Ғарыш қызметінің ғылыми және 

ғылыми-технологиялық базасын дамыту». 

Бірінші бағыт бойынша KazSat байланыс 

және хабар тарату ғарыштық жүйесін құру, 

Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық 

жүйесін құру, ғарыш аппараттарын құрас-

тыру-сынау кешенін құру, сондай-ақ 

дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйе-

сін құру жұмыстары атқарылуда. «2011 

жылдың қарашасында пайдалануға беріл-

ген KazSat-2 ғарыш аппараты қазіргі 

уақытта қалыпты жұмыс жасап жатыр. 

Бүгінде оның жүктемесі 56%-дан асты. 

Спутниктің ресурсын Қазақстанның тоғыз 

байланыс операторы пайдаланып отыр», 

– дейді Т.Мұсабаев. Қазіргі кезде KazSat-3 

ғарыш аппаратын құру жұмыс 

тары 


ойдағыдай атқарылып келеді. Екінші 

бағытқа сәйкес, «Ғарыштық зерттеулер 

мен технологиялар ғылыми орталығы» 

акционерлік қоғамы су объектілеріне 

ғарыш 

тық мониторинг жүргізу техно-



логиялары кешенін әзірлеу, белдеулеу 

жүйелері, трансшекаралық өзендер ала-

бын дағы төтенше жағдайлар қаупін баға-

лау, сондай-ақ республиканың 11 облы сы-

ның аумағында төтенше жағдайларға 

ғарыштық мониторинг жүргізу жұмыс-

тарын атқарды. 

Ал Байқоңыр ғарыш айлағын пайда-

лану жұмысы Қазақстан мен Ресей 

Президенттерінің келісімі аясында жүргі-

зіле ді. Бұған қатысты Қайрат Келімбетов: 

«Байқоңыр» ғарыш айлағын бірлесе пай-

далану жөніне келер болсақ, 2004 жылғы 

Қазақстан мен Ресей басшыларының 

арасында қол қойылған аталмыш ғарыш 

айлағын 2050 жылға дейін жалдау туралы 

келісімдердің мүлтіксіз орындалатындығын 

ресми түрде атап өткім келеді. Екі ел тек 

ғарыш саласында ғана емес, сонымен 

қатар барлық салада одақтас әрі стра тегия-

лық әріптес болып табылады. Сондықтан 

ғарыш саласындағы барлық мәселе жұмыс 

барысында Ресей Федерациясы Үкімет 

басшысының орынбасары Игорь Шувалов 

екеуміз басқаратын үкіметаралық 

комиссияның шеңберінде қарастырылады. 

Ал Қазақстанның экологиялық ахуалына 

кері әсерін тигізетін зымырандарды ұшы-

руды азайту мәселесіне келер болсақ, 

Ресей  жағы  «Протон»  зымы ран та сы ғыш-

тарын ұшыруды кезең-кезеңімен азайтуға 

келісті. Енді стратегиялық әріптестігімізді, 

сондай-ақ барлық келісімді сақтай отырып, 

Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау 

біздің басты мақсатымыз болуы шарт», – 

деп атап көрсетті.



Арман АСҚАР,

Астана

 Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ 

АЛҚА МӘЖІЛІСІ



«Науқастар 

мектебінің» пайдасы

«Науқастар мектебінде» туберкулез 

ауруы жайлы толық ақпарат алуға барлық 

мүмкіншілік қарастырылған. Мектеп 

теледидар, DVD, компьютер және науқас-

тар ға қажетті әртүрлі жаднамалар, кітап-

ша лар, үндеулермен қамтамасыз етілген.

Әрбір науқас, науқастың туыстары 

және олармен араласатын адамдар өз 

қалау 


лары бойынша жалпы туберкулез 

ауруы туралы, оның таралу жолдары, 

тексе рілу түрлері, қалай емделу керектігі 

және емнің ұзақтығы, ем алу барысында 

адам ағзасында болуы мүмкін өзгерістер 

және де науқасты толғандыратын басқа да 

көптеген сұрақтар жайлы толық ақпарат 

ала алады.

Өздеріңізге белгілі туберкулез ауруы 

ұзақ уақыт емделеді, ал емнің ұзақтығы 

аурудың таралу үдерісіне байланысты 

болады.


«Науқастар мектебі де» тек ересектер 

ғана емес, диспансерлік есепте тұратын 

(туб вираж,  гиперпроба,  химио про фи лак-

ти 


камен) балалардың ата-аналары да 

толықтай ақпарат ала алады.

Мектебіміздің бекітілген дәрістер тізімі 

бар. Оның ішінде, мысалы, туберкулез 

ауруы на қарсы препараттар, туберкулезді 

емдеудегі негізгі әдістер, науқастың дәрі-

гердің үздіксіз қарауында болуы, науқас-

тың емделу процесіндегі өзін-өзі бақы-

лауы, зиянды әдеттер тағы да басқа 

тақы  рыптар  қамтылған.  Сонымен  қатар 

«Нау қастар мектебінде» жүргізілген әңгі-

мелерден кейін әртүрлі сауалнамалар 

жүргізіліп отырады. Сауалнама нәтижелері 

көрсеткеніндей, өкінішке қарай, көптеген 

адамдар, бұл жұқпалы ауру жайлы әлі де 

көп біле бермейді. Мысалы, сауалнамадағы 

«өзіңіз туберкулезбен ауырып қалсаңыз не 

істейсіз?» деген сұраққа көп адам өз 

беттерінше емделетіндіктерін айтады. 

Соны мен қатар туберкулез ауруына тексе-

рілу мен емделудің тегін екендігін екінің 

бірі біле бермейді.

«Науқастар мектебінің» бір жылға жуық 

жүргізген жұмысы жұртшылық көңілінен 

шықты. Бұл, әрине, өте аз уақыт, алда атқа-

рылатын жұмыстар, әртүрлі шаралар күтіп 

тұр. Науқастардың саналы түрде, өз ауруы-

мен күресу үдерісіне қатысқаны жөн. Әрбір 

адам ауырған сәттен бастап ем соңына 

дейін жауапкершілікпен ем қабылдаса, 

«Нау 

қастар мектебінің» негізгі жеткен 



жетіс тігі де сол болмақ.

Гүлнара ӘЛІМОВА, 

Медеу аудандық қалалық 

туберкулезге қарсы диспансерінің 

«Науқастар мектебінің» үйлестірушісі 

Кеше Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев 

кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Агенттік басшысы KazSat-2 

аппаратының қазіргі жағдайы туралы айтып, алдағы мақсат-

міндеттермен бөлісті. Ал Премьер-министрдің орынбасары Қайрат 

Келімбетов Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге жалға беру 

бойынша Қазақстанның бүгінгі ұстанымын жеткізді. 

әсерін тигізеді. Сондықтан да дәрі герлер 

мұндай аналардағы екіқабаттық кезеңді 

ерте анықтаса, жасанды түсік жасайды, ал 

кеш болып қалған жағдайда, амал жоқ, 

босандыруға тура келеді, бірақ кеудесін 

құрт кезіп жүрген анадан туған баланың 

ден 


саулығы мықты болады деу қиын. 

«Бізге бір қиыны, теріс діни ағымды ұста-

ну шы қыз-келіншектер туберкулезден не 

емделмейді, не баласын алдырып тастауға 

келісім бермейді. Осындай жағдайдағы 

бір әйел үшін ауруханаға имам шақыруға 

да мәжбүр болғанымыз бар, дін өкілдері, 

құқық қорғау қызметкерлері келіп, түсінік 

жұмыстарын жүргізгенімен, одан нәтиже 

шықпады. «Алла өзі береді, өзі алады, 

біздің өмірімізге ешкімнің де қол сұғуға 

құқы жоқ» деп қасарысып отырып алды», 

– дейді дәрігер.

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Евгений ГОРБАЧЕВ,

«Интермотосервис» ЖШС техникалық 

тексеру орталығының директоры

Жеңіл көліктердің міндетті техникалық 

бақылауын алып тастау керек пе?

ИƏ

ЖОҚ

Мырзабек БЕКБЕРДІ,

заңгер

Жақында Қырғызстан көліктердің тех-

ни калық бақылауынан бас тартты деп біздің 

тарап та қалысар емес. Мысалы, неге 

Германия, керісінше, бұл тексерісті күр -

делендіріп, дамытып, қолға алып жатыр? 

Бұл елде техникалық бақылау жүйесі 1994 

жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әйтпесе 

автокөліктердің түр-түрін шығарып жатқан 

алпауыт елдің өнімін де бүкіл әлем мойын-

даған. Сонда да халық тың қауіпсіздігі бірін-

ші орында тұр. Қазақстан Респуб ли ка сының 

Консти ту ция сын да  «мемлекеттің  ең  қымбат 

қазынасы – адам және адамның өмiрi» 

делінген. Оның үстіне жыл сайын жол-көлік 

оқиға 


ла 

рының саны артып келеді. Егер 

техни ка лық бақылау алынып тас талса не 

болмақ? Мысалы, «жол апат 

та 

рының 


себептері көлік тердің техникалық жағдайы-

мен байланысты емес» дейді. Тіпті 1%-ға 

да жетпейді деп асыра сіл те гендер болды. 

Оған кім сараптама жүр гі зіп ті? Ешқандай 

статистикалық нақты мәлі 

мет жоқ, мен 

бұған толық сенімдімін. Тех никалық тек-

– Егер өнім өндіруші, расымен де, қалыпты 

нормасынан ауытқып, шикізатты үнемдеу мақсатында 

тағамға түрлі қоспалар қосатын болса, онда ондай тағам 

өндіруші міндетті түрде жазалануы керек. Өйткені ол сол 

әрекетімен тұтынушылардың құқығын таптап, тіпті 

денсаулықтарына зиян келтіріп отыр деуге болады. 

Шыны керек, соңғы кездері тағам құрамдарында гендік 

модификацияланған қоспалар күрт көбейіп кетті. Ал 

гендік модификацияланған қоспалардың адам 

денсаулығына қаншалықты зиян екені аз айтылып жүрген 

жоқ, дәлелденіп те жатыр. Тіпті бүгінгі күні сыртына 

«халал» деп жазылғанымен, іші күмәнді өнімдер де 

толып жүр. Сондықтан халықты алдап, пайда тауып 

отырған, өнім құрамына белгіленген нормадан артық 

түрлі қоспалар қосатын өнім өндірушілерді жазалауды 

қолдаймын.

жүктің күшіне төтеп бере алмастан, ауда-

ры лып қалған жайттары да тіркелді. Бірақ 

бұл оқиғалардың жеңіл көліктерге еш 

қатысы жоқ. Сондықтан жүк көліктерін 

емес, жеңіл көліктерді міндетті техникалық 

бақылаудан өту талабынан босату керек 

деп есептеймін. Әркім өз көлігіне, өз қауіп-

сіздігіне өзі жауап берсін. Бұл мәселеге 

саналы түрде қарайтын болсақ, адамның 

адамгершілік қасиетімен шешуге болатын 

ша руадан ақша жасап, жемқорлықты өр-

шіте берудің керегі шамалы.

Алматы қаласы Медеу аудандық туберкулезге қарсы қалалық 

диспансерінде 2012 жылдың ақпан айынан бастап «Науқастар 

мектебі» ұйымдастырылып, жемісті жұмыс істеп келеді.

БЕЙТАРАП ПІКІР

Ерболат БАЛТАБАЕВ, көлік жүргізуші:

– Көліктерді міндетті техникалық тексерістен босатуға болмайды. Себебі 

еліміздегі көліктердің 70 %-ы ескі. Егер жеңіл көліктердің міндетті техникалық 

бақы лауын алып тастасақ, жол-көлік оқиғаларының саны одан әрі артуы 

мүмкін. Онсыз да көлігінің техникалық жағдайына көңіл бөлмейтін азамат-

тарды осы жылына бір рет өтетін техникалық бақылау реттеп отыр емес пе? 

Тым болмаса жылына бір рет көлік иелері темір тұлпарларының техни калық 

ахуалын тексеріп қойсын. Біз тек өзіміздің ғана емес, кез келген қазақ стандықтың 

қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық танытуға тиіспіз.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)



Кох таяқшасы әр адамның ағзасында болады. Егер адам өз 

денсаулығына немқұрайды қарап, салауатты өмір салтын ұстанбаса, 

кеудедегі таяқша да тіріледі. Сөйтіп, күні кеше жадырап жүрген жан 

бір мезетте айналасына қауіпті адамға айналады. Өкінішке қарай, құрт 

ауруын түбірімен жою мүмкін болмай келеді. Атырау облысында ауру 

көрсеткіші республикалық деңгейден біршама жоғары болып тұр.

Бақытгүл БАБАШ

Атырау

КЕРЕК ДЕРЕК

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйы-

мының деректері бойынша әлемде жыл 

сайын 9 млн адам құрт ауруының құры-

ғына түседі екен. Өткен жылдың қаң тар-

қараша  айларында  ғана  Қазақ станда     

11150 адамның тубер кулез жұқ тыр ғаны 

белгілі болыпты. Ал олар дың санын 20-

ға, яғни 20 жылға көбейт сек, 250 мың-

ға жуықтайды. Статис тика деректері ел 

бойынша бұл дерттің әр жүз адамның 

72,6-сында кездесетінін көрсетіп отыр. 

Кейінгі кез дері ауру көрсеткіштері кеміп 

келе жатыр дегенімізбен, қауіпті кесел-

мен күрес те Қазақстанның Орталық Азия 

елде  рінің арасында әлі де артта екенін 

мойын дауымыз  керек.

БІЛІМ


Үздік студенттерге 

квота берілді

Түркістандағы Мәдениет орталығында Қ.А.Ясауи атындағы 

Халықаралық қазақ-түрік университетінің жылдағы дәстүрі 

бойынша университетте білім алатын дарынды жастарға бөлінетін 

арнайы квотаны беру комиссиясының жұмысы ашық түрде өтті. 

2012-2013 оқу жылында Түркия Рес-

пуб ликасының тарапынан университетте 

бір семестр бойына үздік көрсеткішпен 

білім деңгейін көрсеткен студент жоғары 

ұпаймен рет бойынша комиссияның 

сарап тауымен квота алуға құқылы болады. 

Комиссияның шешімі бойынша 195 қазақ-

стандық студент Түркия тарапынан бөлі-

нетін қаржы есебінен білім алатын болды. 

Жалпы, Түркия Республикасынан бөлінген 

квота саны 250 орын болатын. Оқу жылы 

басында дінтану, түрік тілі мамандықтарына 

және спортшылар мен көркемөнерпаздарға 

комиссияның шешімімен алдын ала 55 

орын үлестірілген болатын. Квота иеленген 

студенттер мен олардың ата-аналары 

универ 


ситеттің Өкілетті кеңес төрағасы 

Осман Хората мырзаға екі ел арасындағы 

достықты нығайту жолында жасап жатқан 

істері үшін алғыстарын білдірді. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал