Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 3.62 Mb.
Pdf просмотр
бет4/27
Дата09.01.2017
өлшемі3.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

14.02.2013 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

САЯСИ БЮРО

ХІV Людовик бактериологиялық 

қарудан бас тартқан ба?

Еліміз Интерполға қашан мүше болды?

Осы ХІV Людовиктің ойлап табылған бактериологиялық қару қолдануға тыйым 

салғаны рас па?

Айдар, Талғар

Францияның 64-королі, бес жасынан 

бастап таққа отырып, 72 жыл бойы патша-

лық құрған ХІV Людовиктің тарихта үлкен 

қылмысқа ба ру дан бас тартқаны көп айтыла 

бермейді. Бір кү 

ні француз королі  ХІV 

Людовикке  бак те риологиялық  қаруды 

ойлап тапқан италиялық хи мик келіп, өз 

жаңалығын соғыста қол да нудың жоспарын 

ұсынады. Сонда король оның ұсынысынан 

бас тартып қана қоймай, әлгі химикке өзге 

мемлекетке құпия жа 

ңа 


лығын сатып 

жібермеуі үшін өмір бойы зей нет ақы таға-

йындаған екен. Бұл XVII ғасырдың ке 

зі 


болатын. Тарихта 1763 жылы америкалық 

отар лаушылар үндіс халқына қарсы алғаш 

рет ба к териологиялық қаруды қолданған, 

яғни ше 


шек ауруын таратып, қынадай 

қырған деген дерек бар.



СЫНАҚТАР МЕН КЕМШІЛІКТЕРГЕ 

СҮЙЕНІП АЛҒА ЖЫЛЖУ 

БҰЛ ТИІМДІ ЖОЛ ЕМЕС

Айтпақшы, экономист министр Ербо-

лат Асқарбекұлы  мәжілісмендер алдына 

жә не бір заң жобасын ұсынып, ол бойынша 

мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің жаңа 

нысандарына қатысты өзгерістермен та-

ныс тырған еді. Құжаттың астын үстіне төң-

ке ріп, 45 минут бойы талқылаған қа лау-

лылар әупірімдеп отырып, мұны да бірінші 

оқы лымда мақұлдады. «Әупірімдеп» дей-

ті німіз,  министрліктен шикілеу келген заң 

жо басына қызды-қыздымен  айдар тақ-

қан дар да болды. «Өмір ағысы біздің заң 

жобаларымызды шаң қаптырып келеді. 

Со ның салдарынан шығар, кейде біз сал-

мақты әрі өміршең заңдармен бір жарым 

ай ғана жұмыс істеуге мәжбүр болып жа-

тырмыз. Менің ойымша, бұл заң жобасы 

Ел басының бизнестің әлеуметтік жауап-

кер 


шілігіне қатысты жүктеген міндетін 

мой нымен көтеруге тиіс еді. Ал мына жоба 

со ған жауап бере ме? Жоқ. Тек осылай бо-

луы мүмкін дегенді ғана аңғартады. Өкі-

ніш ке қарай, заң жобасы кәсіпкерлер мен 

биз нестің бастамасын, мүддесін еш қа-

растырмайды», – деді Владислав Косарев. 

Со сын коммунистер басшысы әріптестерін 

асық пауға үндеп, заң жобасын ма құл да-

май, кері қайтаруға шақырған еді. «Же тіл-

меген заңды жетектеп болмас. Өмір әл де-

қайда алға озып кетті. Сол үшін мынадай 

«құ 

 

быжық»  құжатты қабылдағанша, 



асық  пай күте тұрайық», – деп салды Вла-

ди с лав Борисович. Алайда өзінің Мәжі ліс-

ке мәпелеп әкелген заң жобасының «құ-

бы жық» аталуына министр Ерболат Досаев 

қар сылық танытты. «Қолданыстағы кон-

цес сия туралы заңмен отырсақ отыра бе-

ре міз, түкті де жүзеге асыра алмаймыз. 

Сол үшін жаңа заң редакциясын әзір ле ген-

ше іске кірісе беруге тиіспіз. Мемлекеттік 

же  кеменшік әріптестікті дамытуды қол дай-

мыз десеңіздер, заң жобасын да қол-

даңыздар», – деп мәселені төтесінен қой-

ды министр Ерболат Асқарбекұлы. Сосын 

Шикі бағдарламалар «шетінеп» кетті

министр «жетілмеген жерлерін келешекте 

жетілдіруге» уәде берді. 

Осындай ұзын сонар талқылаудан соң 

ком мунистердің «қайтару керек» деген 

талабын дауысқа салмас бұрын сөзге 

спи кер Нұрлан Нығматуллиннің өзі де 

араласып кеткен болатын. «Жалпы, кез 

келген мемлекетте экономиканы дамыту 

кезең-кезеңімен жүзеге асатыны белгілі. 

90-шы жылдың өз қиындығы болды, 

тіпті еліміздің қарапайым қаржы жүйесін 

қа 

лыптастыру міндетін шешу күн 



тәртібінде тұр ды. Сосын барып барлық 

бюджет қыз 

меткерлерін жалақымен 

қамтамасыз ету мәселесі көлденеңдеді, 

МӘЖІЛІС

даму, өндірісті әртараптандыру кезеңі де 



болды. Ендігі күні жаңа саты – мем-

лекеттік-жекеменшік әріптестік формасы 

алдыда тұр. Мұнда әріп тестік мәселесі 

ғана емес, оны кеңейту де өзекті. Ендеше, 

мұндай ауқымды жұ мыста арнайы заң 

қабылдамай, құр қайталанған сынақтар 

пен кемшіліктерге сүйеніп алға жылжу 

бұл ең тиімді жол емес», – деді Мәжіліс 

төрағасы. Сосын заң жобасын әлі де пы-

сық тай түсу турасында ай тылған пікірге 

спи 

кер толық қолдау біл 



дірді. Дей-

тұрғанмен, Нұрлан Зай 

рол 

лаұлы әлі 



күнге дейін жақсы жазылған заңдардың 

ке йіннен дұрыс заң актілерінің бол ма уы-

нан, оны орындауға жауап 

ты 


лық 

тың 


жоқ ты ғынан «ақсап» қалатынына ке йіс-

тік біл дір ді. «Бұл ретте бізге ең алдымен 

мем  лекеттік  жекеменшік  әріптестік  фор-

ма сына көбірек үңілу қажет шығар. Осы 

үшін бизнес-қауымдастықты тарта оты-

рып, заң жо басын екінші оқылымда ке-

ңінен тал қы лауға болады. Біз бұған да-

йынбыз. Заң ды шынайы өмірге барынша 

жа қын датуға  тиіс піз,  өйткені  мұнымен 

ме м ле кет тік  инс ти туттар  ғана  емес,  ең 

бастысы, биз 

нес-қауымдастық жұмыс 

істейтін болады», – деді спикер. 

     


Астана

Қазақстан Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына қа-

шан мүше болды? Интерполдың елімізде қандай да бір мекемесі бар ма?

Нұрбек, Алматы облысы

Интерполдың тарихы 1923 жылдың 

7 қыркүйегінен басталады. Халық ара-

лық полиция конгресінде 20 елдің 138 

өкі лі Халықаралық қылмыстық по ли-

ция ның комиссиясын құрды және оның 

жар ғысын қабылдады. 1956 жылы Ха-

лық аралық қылмыстық полиция ко мис-

сиясы «Интерпол – халықаралық қыл-

мыс 


тық полиция ұйымы» болып 

өз 


 

гертілді. Қазіргі уақытта ұйымға 

әлем нің 186 мемлекеті кіреді. Қазақстан 

Рес публикасы 1992 жылдың 4 қа ра ша-

сында Дакар қаласында (Сенегал) Ха-

лық аралық қылмыстық полиция ұйымы 

бас ассамблеясының 61-сессиясында 

Ин терполға қабылданды. «Халық ара-

лық қылмыстық полиция ұйымына 

(Интерпол) Қазақстан Республикасының 

кі руіне байланысты іс-шаралар туралы» 

Қа зақстан Республикасы Министрлер 

Ка бинетінің 1993 жылғы 20 шілдедегі 

№629 қаулысымен Қазақстан Рес пу-

БЕЗБЕН

Жол полициясы шенеуніктерді 

«жетектеуді» қашан шектейді?

ҚАУІПСІЗДІКТІҢ 

БАСҚА ЖОЛЫН 

ҚАРАСТЫРАЙЫҚ

Ал енді бұл мәселенің саяси қырына 

тоқталсақ. Саясаттанушы ғалым Сайполла 

Са панов: «Мемлекеттік қызметтегі лауа-

зым ды тұлғаларға қатысты қауіпсіздік ша-

ра ларын күшейткен дұрыс. Қазіргі біздің 

мемлекеттегі немесе шетелдегі лаңкестік 

жағдайлар сол қауіпсіздіктің мығым болуы 

керектігін аңғартып отыр. Осы тұрғыдан 

алғанда қауіпсіздікке мән берген жөн. 

Бірақ көшелерді көліктен тазалап тастау, 

қозғалысты шектеп қою дұрыс емес. Сон-

дықтан да елімізде қауіпсіздік шара-

ларының басқа жүйесін, басқа жолдарын 

қарастыруымыз қажет. Мәселен, сапалы 

дайындықтан өткен өзіндік жеке күзетші 

ұстауы керек шығар. Ал бүгінде қалыптасып 

отырған, көшедегі жүргіншілерді тоқтатып 

тастау – Кеңестер Одағынан қалған 

тәжірибе», – дейді. 



БҰЛ – БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ 

АРАСЫН АЛШАҚТАТАТЫН ҮРДІС

Саясаттанушы Гүлшат Нұрымбетова 

бол са, Ресейдегі өзгерістердің бізге де 

ықпа лы болатынын айтады. Гүлшат Нұ-

рым бетова: «Менің ойымша, көше қоз-

ғалысын шектеу билік пен халық арасын 

ал шақтатып жібереді. Қоғамдық көлікте 

немесе жекелеген көліктерде келе жатқан 

тұрғындардың да қауырт жұмыстары бар. 

Лауазымды тұлғаға қауіп-қатер төнгені 

туралы астыртын хабар алынса, сол 

себепті шенеуніктерді қорғап жатса, тү-

сін уге болар еді. Бейбіт күні ерекшеленудің 

қажеті қанша? Шенеуніктердің құқығы да 

халықпен тең. Конституцияның алдында 

бәріміздің құқығымыз теңестірілген. 

 

Заңбұзушылықтың бәрі осындай мә се-



лелерден басталады. Мен орта деңгейлі 

ше 


неуніктердің арнайы атқосшымен 

жүруін заң алдындағы алалаудың бастауы 

деп қарастырғым келеді»,– дейді. 

ӨТЕШОВ «РЕСЕЙ БІЗДЕН 

ҮЛГІ АЛСЫН» ДЕЙДІ

Білім және ғылым министрлігі жанын-

дағы Жастар ісі жөніндегі комитет төраға-

сы ның міндетін атқарушы Нұрлан Өте шов-

тің ойы басқаша. Оның пікірінше, Ресей 

біз ден үлгі алуға тиіс. Мысалы, Нұрлан 

Өте шов: «Ресейден үлгіні алып, арнайы 

МАИ қызметкерлерімен шенеуніктерді 

алып жүруге шектеу қою керек деген пі-

кірді жан-жақты саралап көру қажет сияқ-

ты. Қазақстанда арнайы кортежбен 

санаулы азаматтар ғана жүре алады. Бір 

жағынан алып қарасаңыз, Мәскеудегі 

жағдай мен біздегі ахуалды салыстыруға 

келмейді. Мәскеуде кептеліс те, шенеунік 

те көп. 20 миллионнан астам халық тұра-

ды. Әр шенеунік өз көлігіне МАИ қыз мет-

керінің көлігіндегіндей түрлі-түсті жарық 

ой найтын белгі (мигалка) қойып алған. Ал 

бізде мұндай емес. Біз олардан емес, олар 

біздің шенеуніктерден үлгі алсын. Жастар 

ұйымдары әртүрлі акция ұйымдастырған 

кезде МАИ қызмет кер лерінен көмек сұра-

ған болатынбыз. Бірақ олар заң жүзінде 

бізге көмек көрсете ал май тынын айтқан 

еді. Демек, бізде сіздер айтқандай, айтар-

лық тай проблема жоқ деп ойлаймын», – 

дейді. 


 

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Сайполла САПАНОВ, саясаттанушы: 

– Бұл жайт, бір жағынан алып қа ра-

саңыз, биліктің күшін көрсететін ат ри-

бут ретінде көрініс беруі мүмкін. Бі рақ 

бұл  дұрыс  көзқарас  қа  лып тас  тыр-

майтынын да ескерейік. Мә 

 

селен, 

Мемлекет басшысын, Мә жіліс спи кер-

лерін арнайы жасақ ар қылы алып жүр-

ген дұрыс. Десек те, об лыс, тіпті аудан 

әкім дерін арнайы МАИ қызметкерлері 

алып жүруі – күлкілі жайт. Орта дең гей-

дегі шенеуніктердің бұл қылығы халық 

ара сындағы  не га тивті  көз қа рас тың 

тууына себепкер бо лады деп ой лай-

мын. Заң жүзінде шек теу қою қажет 

болса, заң жүзінде шек 

теу қоялық. 

Болмаса саяси мә де ниетке мән беріп, 

сая си насихат жүр гізейік. Себебі мем-

лекеттік қы зметкерлердің құзыры да, 

жа  уап к ершілігі  де  жоғары  болуы  керек. 

Егер үлкен қалалардың немесе об лыс-

тар дың әкімдері арнайы жол по ли ция-

сының жәрдемімен жүрмесе, жұ мыс-

тан, арнайы шаралардан кешігуі 

мүм 

кін деген ой айтылып қалады. 

Олар ға  мем ле кеттік  қызметкер  жұ мыс-

қа ерте тұрып ба руы, уақытты үйлестіре 

білуі керек еке нін айтқанымыз жөн. 

Шетелдерде об лыс әкімдері, мэрлер 

жай қарапайым үйлерде тұрып, 

қарапайым ортамен тығыз араласады. 

Осы үрдіс қалып тас са, халық пен билік 

арасындағы ал шақтық жақындар еді 

деп ойлаймын. 

ҚҰПИЯ АҚПАРАТ, 

МЕН СІЗГЕ АЙТА АЛМАЙМЫН…

Жалпы, соңғы кездері Алматы көше ле-

рін де жол полициясы қызметкерлерінің 

кө ме гімен зуылдаған көліктердің көптігі 

жайлы мәселе қозғалып жүр. Осы жайтқа 

орай пікір білмек болып, Алматы қаласы 

ІІД жол полициясы басқармасының БАҚ-

пен жұмыс істеу бөлімшесінің бастығы Ер-

кін Өтегенов мырзаға хабарластық. Ол кісі: 

«Біз шенеуніктерді арнайы МАИ қыз мет-

керлерімен алып жүрмейміз», – деп қысқа 

қа йырды. Біз де сұрағымызды індете қай-

талап: «Айына бір-екі мәрте арнайы МАИ 

қызметкерлерінің көмегімен кетіп бара 

жат қан көліктерді көріп қаламыз… Жур на-

лис тика саласында жүргендіктен, сол жайт 

болған күні Алматы қаласында не Пре зи-

дент тің, не Мәжіліс спикерлерінің, яғни 

арнайы рұқсат етілген тұлғалардың Ал-

матыға келмегенін де білеміз. Яғни мұның 

өзі ешбір шенеунікті арнайы МАИ қыз мет-

керлері алып жүрмейді деген сөзіңізді 

жоққа шығармайды ма?» дедік. Ал Еркін 

Өтегенов мырза: «Сіздің ойы 

ңыз 

ша, 


Алматыға Германияның президенті кел се, 

қалай жүруі керек? Немесе Қытай пре-

зиденті келсін делік. Әр мемлекеттің өзінің 

күзетке алынуы тиіс тұлғалары болады. 

Кү 

зетуді қажет ететін делегациялар 



болады. Мұның бәрі – құпия ақпарат. Мен 

сізге айта алмаймын» деп, әңгіме ауанын 

басқа жаққа бұрып жіберді. Біз де қоймай: 

«Қаланың немесе облыстың әкімдері 

арнайы МАИ қызметкерлерімен жүруге 

құқығы бар ма?», – дедік. Ал Еркін Өте-

генов: «Жоқ. Сіз менің уақытымды алып 

жа тырсыз…» – деп телефонның тұтқасын 

тас тай  салды. 

Басы 1-бетте

Басы 1-бетте

Парламенттік дипломатияны 

дамытудың Жол картасы жасалады

Жақсы зертханалық техникамен 

жарақтанған полицейдің 

жұмысы да жөнделсе екен

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен 2013-

2015 жылдарға арналған Парламенттік дипломатияны дамытудың Жол 

картасын келісу мақсатында жұмыс отырысы болып өтті.

Осыдан екі апта бұрын Ақордада өткен кеңесте бас прокурор 

А.Дауылбаев еліміздің құқық қорғау саласын сынға алып, 

қылмыстарды ашу деңгейінің төмендеп кеткенін, соның салдарынан 

қазақстандықтардың басым бөлігі полицейлерге сен уден қалғанын 

айтқан. Сол кезде Президент: «Поли ция ға 4 мың адам қосып бердік. 

Енді не жетіспейді?» – деп өз ренішін білдірген еді. Сөйтсек, ішкі істер 

органдарына сапалы техника мен зертхана құралдары жетіспей тұрған 

екен.  Бүгінде министр Қалмұхамбет Қасымов оның бәрін сатып алып та 

үлгерді. Кеше Үкімет басшысы Серік Ахметов жаңа техниканы өз көзімен 

көріп, криминалистік зертханалардың барлығын аралап шықты.

Отырыс жұмысына Сенаттың Халық-

ара лық қатынастар, қорғаныс және қауіп-

сіз дік комитетінің төрағасы Икрам Адыр-

бе 

ков, Мәжілістің Халықаралық 



қа 

ты 


настар, қорғаныс және қауіпсіздік 

ко митетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, 

се натор Мұхтар Алтынбаев, Мәжіліс де пу-

тат тары Қуаныш Сұлтанов, Владислав Ко-

са рев, Жұматай Әлиев, Азат Перуашев

Айгүл Соловьева, ҚР Бас прокурорының 

орын басары Андрей Кравченко, сонымен 

қа 


тар Сенат пен Мәжіліс аппаратының 

қыз 


меткерлері мен сыртқы саяси ве-

домоство өкілдері қатысты.

Кездесу барысында парламенттік ди-

пло матияны дамыту, Қазақстан Рес пу бли-

касының Парламенті мен Сыртқы істер 

ми 


нистрлігі арасындағы өзара ық 

пал-


дастық пен жұмысты үйлестіру мәселелері 

қа растырылды.

«Қазақстан – 2050» стратегиясында 

Ел ба сы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ стан-

 Полицейлердің арнайы көліктерін 

көр геннен кейін Премьер шұғыл кри ми на-

листік орталықтың қызметімен жан-жақты 

та нысты. Бұл жерде арнайы компьютерлік 

бағдарламалардың негізінде қылмыс кер-

лердің сан алуан фотороботтарын жасауға 

бо лады, тіпті жас адамның қартайған ке-

зін дегі бет-әлпетін шығарып алуға мүм кін-

дік бар. Осыны көрген С.Ахметов: «Қар-

тайғанда қандай болатынымызды көруге 

бо лады екен ғой, а?», – деп бір күліп қой-

ды. Бұдан кейін С.Ахметов ерлі-за йып ты-

ның «өлімі» болған бір бөлмелі пәтерде 

бол ды. Мұнда қылмыскердің қолынан қа-

за тапқан адамдардың муляждары жат қы-

зылып, жиһаз бен қабырғаға қып-қызыл 

«қан ның» іздері жағылды. Енді қылмыс 

бол ған ондай жерлерді тексерген кезде 

ар найы сканерлер қолданылатын болады. 

Ол құрылғылар бөлмені толығымен ска-

нер леп, сол қалпында электронды үлгіге 

тү сіріп береді. Осының арқасында тергеуші 

ма мандар компьютерде отырып-ақ, бар-

лық заттардың орналасуын көре алады. 

Бал листикалық зертханаға да жаңа сканер 

сатып алынды. Оның негізінде атылған оқ-

дәрілерді тез арада жан-жақты зерттеп 

шы ғуға мүмкіндік бар. Бұған дейін құқық 

қор ғаушылар осы жұмыспен бір күн бойы 

шұғылданған. Ал тағы бір арнайы бағ дар-

лама жерде қалған іздер бойынша аяқ-

киім нің өлшемін, тіпті оны шығарушы ком-

АҚОРДА

Есеп комитеті Елбасыға есеп берді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық 

бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 

төрағасы Аслан Мусинді қабылдады.

А.Мусин Қазақстан Президентін Есеп 

ко митетінің 2012 жылғы жұмысының не-

гіз гі қорытындылары,  мемлекеттік және 

са лалық бағдарламаларды іске асырудың 

тиім 


ділігіне бақылау жасау, сондай-ақ 

бюд 


жеттік қаражатты пайдалану нә-

тижелері туралы хабардар етті.

Сондай-ақ кездесу кезінде Есеп коми-

те 


тінің төрағасы Мемлекет басшысына 

«Қа зақ стан-2050»  cтратегиясы  қа лып-

тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

ат ты Қазақстан халқына Жолдауында ай-

тылған тапсырмаларды жоғары қаржылық 

ба 


қылау органының орындауы туралы 

баян дады.

Бұған қоса, А.Мусин Мемлекет бас шы-

сына жергілікті бюджеттердің тиімді ат-

қарылуын бағалау жөніндегі Астана мен 

Алматы қалаларының, облыстардың тек-

се ру комиссиялары қызметінің нәтижелері, 

сон дай-ақ трансферттер мен инвес ти ция-

лар түрінде өңірлерге түсетін рес пу бли-

калық бюджеттік қаражаттың жұмсалуы 

туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұр-

сұл 

тан Назарбаев бірқатар нақты тап-



сырмалар берді.      

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұр-

сұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау 

қыз 


метінің директоры Аманжол Жан-

құлиевті қабылдады

А.Жанқұлиев Қазақстан Президентіне 

ве домоствоның ағымдағы қызметі мен ал-

дағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы 

баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мем-

лекет басшысы бірқатар нақты тап-

сырмалар берді. 

ның әлемдік қауымдастықтағы өскен 

беделін және жаңа ғаламдық сындар 

туралы ай тып өтті, бұл өз кезегінде ҚР 

сыртқы сая 

сатын жаңашаландыру мен 

дипломатияны жүр 

гізудің жаңа 

формаларын қолдануды та лап етеді.

Заң шығарушы биліктің барынша бел-

сенді сыртқы саясатты жүзеге асыруға ара-

ласып отырған шетелдердің тәжірибесіне 

сү йене отырып, әсіресе Еуропарламент 

осы ның айқын мысалы бола алады, қа зақ-

стандық депутаттар мен дипломаттар Пар-

ламенттік дипломатияны дамыту жол кар-

тасының жобасын талқылау мен 

үй ле сімділікті нығайту мақсатында жи-

налды.

Отырыс нәтижесінде қатысушылар 



сырт қы саясатты дамыту бойынша ке лі-

сілген жұмыстар жүргізу мен шетелдердегі 

пар ламенттермен ынтымақтастықты бел-

сен детуге  келісті.

панияға дейін анықтай алады. Сол сияқты 

автокөлік шиналарын анықтайтын ком-

пью терлік бағдарлама да бар. 

«Телефон террористеріне» қарсы да-

уыс анықтаушы құралдар қолданылады. 

Ол құрылғылар жалған лаңкестік әрекет 

туралы хабар берген адамның дауысын 

жазып, оны тазартып алғаннан кейін 

бірыңғай мұрағаттан тауып бере алады. 

Дегенмен ол үшін, ең бірінші, дауыс қорын 

жинақтап алу қажет. Сондай-ақ министр-

ліктің жанынан алғаш рет геномдық зерт-

хана ашылды.    

Қайрат АМАНҚҰЛОВ, шұғыл 

криминалистік орталықтың бастығы, 

полковник:

– Осы зертханалық құрал-жабдық-

тар дың арқасында біз қылмыс болған 

жер лерді жан-жақты зерттеп, оқиға 

ор нына кәсіби маманарды жібереміз. 

Сол арқылы өз күшімізді тиімді жұмсай 

ала мыз. Енді құқық қорғаушылар ары-

бе рі шапқылағанды қояды. Қазіргі кез-

де ішкі істер органдарының 120 ау дан-

дық бөлімі тиісті криминалистік 

құ рал дармен жабдықталды. Біз олар-

мен тікелей жұмыс істейміз. Бір тәу лік-

тің ішінде барлық ақпарат бізге түсіп 

оты рады.

   


 

Арман АСҚАР,

Астана

бли касы Ішкі істер министрлігінің ор-

талық аппаратында Интерполдың Ұлт-

тық орталық бюросы құрылды.

Осы күннен бастап Қазақстан Ин-

терпол арқылы қылмыскерлерді және 

із-түзсіз жоғалған адамдарды халық-

ара 


лық іздестіру мүмкіндігін пай-

далануда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Рес пу бли ка-

сындағы Интерпол ҰОБ заңнамаға сәй-

кес, өз өкілеттіктері шеңберінде қа зақ-

стандық құқық қорғау органдарының 

Бі ріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ын ты-

мақтастық ұйымы, Еуропол және басқа 

да  халықаралық ұйымдармен және құ-

қық қорғау институттарымен өзара іс-

қи мыл жасасуды жандандыру жөнінде 

ша ралар  қабылдауда.

ЖИЫН

БІЛІК


Қош! Шенеунік те, халық та тең құқылы! Ендеше, көрші елдің үлгісін біз 

де байқап көру қажет сияқты. Себебі осындай кішігірім мәселенің өзі халық 

пен билік арасын алшақтатып жібереді. Ол аралықты жақындататын төте 

жолды іздеу – сіз бен біздің міндетіміз.

ТҮЙІН

Мансұр ХАМИТ (фото)

№23 (934) 

14

4

.0

0

2.

2.

20

20

13

13

ж

ж

ыл

ыл



жүктеу 3.62 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет