№41 (723)
8.03.2012 жыл,
бейсенбі
4
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
www.alashainasy.kz
e-mail: info@alashainasy.kz
ӘЙЕЛ – ГҮЛ
Шашты жаю – салақтықтың, жинап
қою тазалықтың белгісі
Мұсылман елдерінің қыздары хиджаб
киіп, футбол ойнауға қол жеткізбек
МӘСЕЛЕ
Гендер әйелдердің құрсағын құлыптамаса екен...
КӘРІ ҚЫЗДАР ПРОБЛЕМАСЫ
Бүгінде түндігі желбіремей, оң жақта отырып
қалған қыздардың саны елімізде 1,5 миллионға
жетіп қалыпты. Яғни жыл сайын кәрі қыз дар ар-
миясы көбейіп бара ды деген сөз. Мұны де мо-
граф тарымыз қауіпті құбылысқа балап отыр.
Заңды не
ке
де тұрған ақ жаулықтылардың
төрттен бірін 16 мен 49 жас аралығындағылар
құ рай ды екен. Мамандар соңғы жылдары от-
басын құрған арулардың қатары алты есеге
дейін төмендеп кетті деп дабыл қа ғу да. Қазіргі
жастардың 30-40 пайызы отау құруға құлықты
емес. Олар үшін бала та бу емес, жан бағу бірін-
ші кезекке шықты. Әуе лі материалдық жағдайды
ойлайтын олар тұрмыс құруға келгенде тізгінді
тарта тұ руды жөн көреді. Жастардың отау құруы-
на ынталы еместігіне бірнеше мәселе басты
себеп. Жалақының аздығы, баспананың бол-
мауы, материалдық жетіспеушілік. Қыз дардың
көпшілігі ілім қуып, жастық шағын сарп етсе,
жігіттердің дені мате риал дық жағдайын түзеп
алайын деп уақыт өткізіп алады екен. Оның
үстіне, қыз дардың дені ыңғай әйелдер ғана
жұмыс істейтін ортада қызмет етуі өмірлік жол-
дас табуына кедергі келтіріп жатады. Етектен
тар тар тағы бір қауіпті құбылыс қылаң бе реді.
Яғни кеш некенің кесірі кәрі қыз дар мен ғана
шектелмей, олардың дүниеге ұр пақ әкелуі де
қиындай түседі. Дәрігерлер тұрмысқа кеш шық-
қан қыздардың үштен бірінің ұрпақсыз қалуы
мүмкін екендігін айтады. Яғни біз кәрі қыздар
проблемасын да алдымен шешіп алуымыз
қажет. Бірақ қайтіп? Біреулер тоқал алу мә се ле-
сін тү бе гейлі шешу керек дейді. Оған кеңестік
идео логиямен құрсауланған бәйбішелер дес
бере ме? Егер екі-үш әйел алу туралы заң шықса,
«шағын мемлекеттердің соғы сы» басталып кетуі
кәдік деп қауіптенетіндер де жоқ емес. Сонымен,
бұл мәселе басы ашық күйінде қалып отыр...
БЕСІК ПЕН БЕЙІТ АРАСЫ
Өткен ғасырда Америкада бала туу көр-
сеткішінің жедел қарқынмен дамуына бай-
ланысты «бэби бум» болған еді. Елі міз де то қы-
рау жылдарында бала санының ар туы артта
қа
лып көңіл қабаржытқан. Де
ген
мен соңғы
жыл дары әл-ауқаттың ар туы на байланысты біз-
дің елімізде де «бөпе бумы» Қытайдың қар-
қынындай бол маса да алқам шүкір. Елімізде
демографиялық дүмпу 1986 жылы болған екен.
Яғни сол жы лы 417 мың бала дүниеге келіпті. Ал
2008 жылғы есеп бойынша 325 мың ба ла ның
кіндігі кесілген. Сол жылдардан бері бала туу
көрсеткіші көтеріліп келеді. Бұл да кө ңілге демеу.
Дегенмен етектен тартар түйткілді мә селелер
жетерлік. Бала туу артып отыр ға ны мен, сәби
өлімі де өршіп ба рады. Оған бала тууға қабілетті
жастағы ана лардың өлімін қо сыңыз. Бүгінде
пер зен тханаға босануға кеткен аналардың кей-
бірі табытпен оралып жатыр. Соңғы жылдары
сәбилердің өлім-жітімі жөнінен еліміз батыс ел-
де рін де басып озып кетті. Ста тис тикалық мәлі-
мет терге жүгінсек, сәби өлімінің 46 пайызы туа-
біт
ті кемістікпен, 12,9 пайызы тыныс алу
ағза ларының дер ті нен, 4,9 пайызы жұқпалы
аурулардан туындайды екен. Бесікке бөлену
бақыты бұйырмай, бөпелеріміз бейітке бет тү-
зеуде. Қорқыныштысы, аз қазақты кө бейтуді
көз де ген алтын құрсақты аналарға барынша
жағ дай жасауы тиіс ақ халаттылардың сал ғырт-
тығы үрей туғызады. Ал дәрігерлер өз кезегінде
аяғы ауыр аналардың дер кезінде есепке тұрып,
денсаулықтарына жіті көңіл бөлмейтіндігін жіпке
тізіп отыр. Дә рі гер лердің дерегіне сүйенсек, бү-
гінгі таңда ана лардың 60 пайызы анемиямен
ауыр а ды. 5 пайызы уақы тынан бұрын босанса,
80 пайызы әртүрлі жұқ палы дерттерден зар дап
шегеді. Әрбір екінші әйелдің ден саулығы нашар.
Ал әрбір төртінші әйел темекі тартатын болса,
әрбір оныншы әйел ащы сумен достасқан. Бұл
деректерден Қазақ стан әйелдерінің денсаулығы
жыл жыл жыған сайын нашарлап бара жатқан-
ды ғын көрсетеді. Сау анадан сау бала туы ла ты-
нын ескерсек, ертерек ес жиып, ке шенді бағ дар-
лама қабылдау қажеттігі туындайды.
ӘЙЕЛ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС
Әйелдердің бәрі сүттен ақ, судан таза десек
қателесерміз. Өтірік айтып қажеті не? Олардың
арасында да бір қарын май дың обалына қалар
құмалақтар жетерлік. Қырық үйден тыйым
көрмей өскен ер кетотайлар қылмыс әлемінде
«өзіндік өр нек» сала бастады. Нәзікжандылардың
қо лынан келмес деген небір жантүршігерлік
қылмыстар орын алуда. Ізін кескенде соқ пақ тың
сорабы бұрымдыларға барып тіреледі. Жуырда
ғана Шымкенттегі бір мектептің бойжеткені өз
құрбысынан ақша талап етіп, ұрып-соғып оны
ұялы телефонға түсіріп алып интернетке салып,
бүкіл әлемді шарлап кетпеді ме? Өз замандасын
аяусыз ұрып-соққан оған осыншалықты қаты-
гездік қайдан ұялаған? Жауабы жоқ сансыз сұ-
рақтар. Ертеңгі ұрпақ тәрбиелер болашақ ана-
лар осыншалықты мейірімсіз болса, келешекке
үміт артудың өзі қорқынышты сияқты. Бұл ретте
теледидар-ұстаздың тәрбие құралының рөлін
атқарып отыр ғандығын тілге тиек етпей кетуге
бол мас. Қарын қамы мен бала-шағаның жайы-
мен жүгіріп жүрген ата-ананың бала тәрбиесіне
мойын бұруға мұршасы жоқ. Оның үстіне, теле-
арналардың денін шетелдік қантөгіс фильмдер
жаулап алғанын қосыңыз. Күндіз-түні көргені
сол болған соң, бала шіркін үйренбегенде
қайтсін. Осылайша, батыс тан келген балдыр-
бат пақ тамы ры мыз дан суалтып жатыр... Кино
демекші. Бүгінде түрік сериалдарын тама ша ла-
май тын адам кемде-кем. «Зерда» атты теле се-
риал әйелдерге өз құқын қалай қорғау ке рек-
тігін үйрететін әдістемелік құрал іспет тес. Ұлттық
үрдісті жоққа шығарып, күйеу сыйламаудың
неше түрлі әдіс-айласын алдыңызға тосады.
«Бериван» да сол тақылеттес. Ол тек бер жағы
ғой. Әсі ресе АҚШ-тың үздік кинос ту дия ла рын-
да түсірілген кинолардың дені адамды қалай
қинап өлтірудің, азаптаудың неше атасын
үйрететін «ұстаздың» рөлін атқарып отыр. Бұл
бізге Гитлердің атақты пәлсапасындай көрінетіні
рас. Яғни адамды жаулап алу дың, мәң гүрт тен-
дірудің төте жолы күндіз-түні зорлық-зом бы-
лық ты көрсете беру арқылы ұрпақтарымыздың
санасы суалып бара жатқандай. Оған тосқауыл
қоятын кім? Дұрысы кімдер? Телеарналардың
дені осындай фильмдер арқылы қарын той ды-
рып отыр. Рас қой. Ұлттық қаны бар, атой лап
шы ғып осы мәселенің түйінін тарқатып берер
бір азаматтың шықпағаны көңілге қор қыныш
ұялатады. Осының салдары ғой, соңғы жылдары
мектептерде қыздар арасында атамандыққа
таласу, қыздар арасындағы төбелес жиі шаң
беріп қалып жүр. Мектепте жүргенде қаты гез-
діктің неше атасын үйренген қыздардан ертеңгі
күні кәнігі қылмыскер шықпасына кім кепіл?
Бала тәрбиесін мықтап қолға алу үшін әуелі бо-
лашақ бесік иелері – бойжеткендерімізді тыйып
ұстасақ, ұтпасақ ұтылмас едік-ау.
ӘЙЕЛДЕР АТҚА ҚОНСА...
Елбасының әйелдерді қолдау мен олардың
қоғамдағы рөлін арттыру туралы ұсынысы
нәзік жандылардың мерейін көтеріп тастағаны
шындық. Тек қана әйелдердің мәселесімен ай-
на лысатын сан мыңдаған комитеттер, қоғамдық
ұйымдар құрылуда. Олардың дені әйелдердің
құқын қорғаумен айналысады. Мойындаймыз.
Бүгінде қоғамдағы әйелдердің орны зор. Елі-
міздегі мемлекеттік қызметкерлердің 27
пайызға жуығы – әйелдер. Мұндай көр сеткіш
бүкіл ТМД аумағында Қазақ станнан өзге бірде-
бір елде жоқ. Ақ жау лық тыларды атқа қон дыр-
дық. Бұдан өзге тағы бір мәселенің басы қыл-
тия
ды. Әйел
дер мейлі атқа қонсын, таққа
отыр сын, алайда демографиямызға кім үлес
қосады? Карьера қуған әйелдердің дені бір-екі
баладан кейін құрсағы құлыпталып қала ты ны
тағы да жасырын емес. Гендерлік сая сат деп
жалаулатып жүргенде осындай-осындай шетін
мәселелердің шеті шығады да. Қай мәселені
болсын үлкен парасатпен шеше білетін қазақ
әйелі бұл жолы да абдырап қалмас. Қоғам үшін
олардың жап пай саясат қуғаны тиімді ме, әлде
өне гелі перзент тәрбиелегені тиімді ме, мұны
аналарымыздан артық білетін ешкім жоқ.
Хош, сонымен, әйелдерді атқа қондыру
мәсе лесімен мемлекеттік деңгейде ай на лы сып
жатырмыз. Отанасының ошақ қа сын да қалмай,
тізгінді өз қолына алғанына мүмкін отаға сы лар-
дың өзі себепші болған да шығар. Әйтеуір,
жолы жіңішке әйел дер дің соқпағы даңғылға
айналар түрі бар. Әу баста еркектің қисық қа-
быр ғасынан жа рал ған әйелдердің басты бұрып
тұратын мойын рөлін атқарғаны атқарған.
«Қисық қабырғаны» түзеу де, күзеу де қиын.
Өйткені қабырға еркектікі ғой...
Гүлжан КӨШЕРОВА
ОЙТҮР
ТКІ
«Жастығын қайтару үшін» арпа лы са тын дар
бұрын тек шетел асып кететін болса, бү гін де
отандық дәрігерлер де өз елімізде ар зан дау
бағаға әжімді әдіптеп беретін болды. Табиғи
заң дылыққа қарсы шығып, қолдан сұлу бол-
ғысы келетіндердің қатары көбей ме се, азаймай
отыр. Мамандар төсті үрлеген шар дай үлкейту
сәннен қалғанын айтады. Сұра ныс енді қысық
көздерді үлкейтіп, бой ды ұзартып, қамыт аяқты
оқтай түзу аяққа айналдыруға артыпты. «Қисық
аяққа қызыл кебіс не теңімнің» күні өткен. Енді
аяқ тарына май қосып, оны түзулеуге ден қой-
ған дардың қа тары тым көбейіп кеткен. По диум-
ға шы ғып, көркін паш етпесе де, мини юбка киіп
көс теңдеуге құмар келіншектер әлі де болса
бар.
Пластикалық хирургиядағы ең қиыны жілін-
шікті өзгертіп, бой ұзарту болып са на ла ды. Сон-
дай-ақ қалқан құлақты кішірейтіп, қоңқақ мұ-
рын ды пістедей ету де оңай шаруа емес. Әрі
ар зан тұрмайды. Соған қарамастан, сұлулыққа
келгенде құрбандық шалуға құ мар лар жетіп-
артылады. Соңғы әлеттегі сұранысты әжімді
әдіптеп, келбетін ботекспен ажарландырғысы
келетіндер арттырған. Әжім тарттыру – 150
мың теңге, қысық көзді ботадай ету – 50 мың
теңге, қал қиған қалқан құлақты кішірейту 40
мың теңге тұрады. Қалта қақпайтын қаражат.
Әрі бұл қатып қалған баға емес. Еліміздің әр
өңірінде де баға бағамы әртүрлі. Ал мамандар
Әжімді әдіптеудің әлегі аз емес
мұндай күрделі оталар шетелдерде 2-3 мың
доллар тұратындығын айтады.
Мемлекеттік мекемелерде денсаулық сақ тау
министрлігі бекітіп берген баға сая са ты жұмыс
істейді. Ал бүгінде қаптап кеткен жеке кли ни ка-
лар ауызды қалағанынша аша ды. Өйткені құр-
бан дықты қажет ететін сұлу лық үшін ештеңесін
аямайтын нәзі к жан ды лар дың көп екендігін
білгендіктен жанды жер ден ұстап ұтады. Әрине,
туа бітті кеміс тік тің кесірінен, жол апатынан
кейін ота жа са туға бел буғандарға айтар уәж
жоқ. Деген мен өзінің табиғи жаратылысына
қарсы шы ғып, ертеңгі күні тарттырар азабын
біле тұра қауіпті қадамға баратындарға қайран
қалмасқа шара жоқ. Жуырда ресейлік бір ба-
сы лым өнер жұлдыздарының қайсысы плас ти-
калық отаға көбірек жүгінетіндігін жазыпты.
Осындай отадан кейін қатерлі ісік дер тіне ұшы-
рап, қайтыс болғандардың тізімін де қоса бе-
ріпті. Атақтылардың ажалы осы оталардың ке-
сі
рінен болуы да мүмкін деген болжам
жа сапты.
Қауіпті қаперден шығарып, отаға ниет ете-
тіндердің 70-80 пайызы қыз-келіншектер кө-
рінеді. Инъекция енгізу арқылы көз ас тын дағы
әжімдерді тартатын ботекс құралының ба ғасы
бүгінде қолжетімді. 50 мың теңгеден бас талады.
Бірақ оның әсері бір жылға да жет пейтін кө рі-
неді. Ағзаға кірігіп кетпей тұратын гельдерді
инъекциялық енгізудің өте қауіпті екенін айтады
дә рігерлер. Ол кейіннен асқынуы мүмкін. Ке зін-
де беттің әжімін тартатын алтын жіп салдыруға
құмбыл бол ғандар көп еді. Бет терісінің астына
са лынып, сол арқылы әжімді тартатын мұндай
про цедура тым қымбатқа түседі. Өйткені ол
іріңдеп кетуі мүмкін. Айналдырған алты ай ғана
тұратын бұл процедураның кем-кетігі де көп.
Ақшасын желге ұшырып бір, беті ірің деп екі рет
шығынға ұшырайтындар жоқ емес.
Поделитесь с Вашими друзьями: