Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5

Қуат ДОМБАЙ, «Алтын қалам» тәуелсіз 

әдеби сыйлығын ұйымдастырушылардың 

бірі:

 – Дүкен сөрелеріндегі қазақша 

кітаптардың аздығы, жас қаламгерлер 

шығармашылығын дамытуға мемле кет 

тарапынан тиісті жағдайдың жасал-

мауы, шетелдік авторлар жазған қызық-

ты туындылардың қазақ тіліне кәсіби 

деңгейде аударылмауы қазақ жастары-

ның рухани сұранысын ана тілінде 

қанағаттандыра алмауына себеп болып 

отыр. Сондықтан да қазақ жастары қа-

ла ған кітабын оқып, қажетін өтеу үшін 

өзге тілді меңгеруге мәжбүр. Біз осын-

дай жағдайда айтылған түйткілдердің 

оң шешілуіне жеке үлесімізді қосу үшін 

дарынды қаламгерлерді қолдайтын 

«Алтын қалам» жобасын қолға алдық.

Досым СӘТПАЕВ«Алтын қалам»  

тәуелсіз әдеби сыйлығын 

ұйымдастырушылардың бірі, 

саясаттанушы:

 – «Алтын қалам» жобасы елге бел-



гі сіз жазушыларды іздейді. Осы жоба 

арқылы жеңімпаздар кітаптарын шы-

ғара алады. Бұл жоба елге таныла ал-

май жүрген таланттардың өсуіне ықпал 

етеді деп ойлаймын. «Алтын қалам»  

тәуелсіз әдеби сыйлығын ұйымдастыру 

дәстүрлі түрде өтетін болады.

Сейілбек АСАНОВ

«Алтын қалам» 

кімге бұйырады?

«Алтын қалам» тәуелсіз әдеби сыйлығына үміткер 75 автордан 

92 шығарма келіп түсті. Бұл туралы кеше өткен арнайы баспасөз 

мәслихатында байқауды ұйымдастырушылар жария етті.

Ақысыз демалысты

одан әрі жалғастыруыма бола ма?

Мен бала күтіміне байланысты үшінші жыл ақысыз демалыста 

отырмын. Қараша айының соңында демалыс уақыты аяқталады. Осы 

орайда менің білгім келгені, ақысыз демалысты одан әрі 

жалғастыруыма бола ма?

 Райгүл НИЕТҚАЗИНА, Шығыс Қазақстан облысы

Жоқ, себебі ҚР Еңбек кодексінің 

195-бабына сәйкес жұмыс беруші 

қыз меткерге бала үш жасқа толғанға 

дейін баланың күтіміне байланысты 

жалақы сақталмайтын демалысты 

ғана беруге міндетті. Ал Кодекстің 

111-бабына сәйкес қызметкердің 

өтініші негізінде оған жалақы сақ тал-

май тын демалыс еңбек шарты тара п-

та 

рының келісімі бойынша берілуі 



мүм кін деп көрсетілген. Бұл бап бой-

ын  ша жұмыс беруші жұмыскерге жал-

 ақы сақталмайтын күнтізбелік бес күн-

 ге дейінгі демалысты беруге мін детті 

жағдайларға: неке тіркеу, бала туу, жа-

қын туыстарының қайтыс бо луы жағ-

дай лары жатады. Осы орайда бала үш 

жасқа толғанға дейін баланың кү тіміне 

байланысты  жалақы  сақ тал май  тын 

демалысыңыз аяқталысымен, жал ақы 

сақталмайтын демалысқа сіз жұмыс 

беруші келісім берген жағ дай да ғана 

шыға аласыз. Бұл ретте, жал ақы сақ-

тал майтын  демалыстың  ұзақ ты  ғы  қыз-

меткер мен жұмыс берушінің ара  сын-

да ғы  келісім  бойынша  бел гі ле неді.



Мен 1998 жылы күйеуіммен ажырасқан болатынмын. Бір балам бар. Күйеуім 

2004 жылы Ресейге тұрақты тұруға көшіп кеткенге дейін алиментті үзбей төлеп 

тұрды. Содан бері, міне, алты жыл өтті. Алимент төлеген жоқ. Сотқа шағымдансам, 

адвокатқа жолдады. Адвокат жалдауға ақшам жоқ. Енді алиментті қалай өндіруіме 

болады? 

 Замира ИЗАТУЛЛИНА, Қостанай облысы

Заңгердің мәліметіне қарағанда, Қазақ-

стан Республикасының «Адвокаттық қызмет 

туралы» Заңының 6-бабының 3-тармағына 

сәйкес, адвокат алименттер өндіріп алу, зей-

нетақылар мен жәрдемақылар тағайын дау, 

ақтау, босқын немесе оралман мәр те бесін алу 

мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасы-

ның қамқорлығынсыз қалған кә ме летке тол-

ма ғандарға заң көмегін тегін көр сетеді, қажет 

жағдайларда құқықтық сипаттағы жаз баша 

құжаттар жасайды. 

«Республикалық бюджет қаражаты есе-

бінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы 

төлеу және қорғау мен өкілдік етуге бай-

ланысты шығыстарды өтеудің ережелері тура-

лы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қау-

лы сына сәйкес, адвокаттарға ақы мем ле кет тік 



бюджет есебінен төленеді.

Ләззат БИЛАН

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 

таратқан мәліметке сенсек, жылына 

жасөспірімдер арасында 10 000-ға 

жуық қыз бала жүкті болып жатады 

екен.

Зерттеу кезінде анық болғандай, 

6000-ға жуық аборттың 90-ын жасы 

он беске толмаған қыз балалар 

жасатқан.

Баласын жалғыз тәрбиелеп 

жатқандар саны барған сайын 

артып барады. Статистикалық 

мәліметті алға тартсақ, мұндай 

әйелдер саны қазір жарты 

миллионға жетіпті. Олардың 

арасында некеге тұрмағандар да аз 

емес. Ресми дерек бойынша әрбір 

бесінші бала әкесінің аты-жөнін де 

білмейді.

Ресми деректердің айтуынша

жетімдер 80 мыңның үстінде.

Ал бейресми дереккөздер бұл 

көрсеткіш 100 000-ға жуық дейді. 

Қазақстанда қазіргі таңда барлығы 

660 балалар үйі мен интернат 

тіркелген.

«Ұят пен адамгершіліктен 

жұрдай әлгі көргенсіздер (жігіттерді 

айтады) қыздың тапталған арын, 

жоғалған пәктігін, көзден бұлбұл 

ұшқан абыройын қайтарып бере 

алмайды. 

Қыздың бойында сұлулық бар 

кезде ғана олар соның маңайын 

төңіректеп, қолдап-қолпаштап еріп 

жүреді де, сұлулық жоғалған кезде 

иттің еті таусылған сүйекті жайына 

қалдырғаны секілді, олар да 

көздеген «құрбандығынан» 

біржолата ат ізін суытады.

Шейх Әли ат-Тантауи

Жаугершілік заманда бір қадым жер 

үшін болған шайқастардан кейін сан мың-

даған үйілген өлік пен қозы көш жерден 

көрінетін қан ұйыған қызғылт дақ тар қа-

лады екен. Бұл ұрыс даласында ата-ба ба-

ларымыздың бір қадым да жер бер мейміз 

деп жаны мен қанын беріп шай қасқан ер-

лігінің бір белгісі іспеттес... Ақиқаты басым 

аңыз әңгімеге сүйенер болсақ, сол батыр 

бабаларымыздың қаны тамған жерлерге 

ара да бірнеше жыл өткен соң қан қызыл 

қыз ғалдақтар шық қан деседі. Қан кешкен 

май даннан қалған бір белгі осы қызғылт 

дақ тар сан ға сырлар көшінен кейін қыз-

ғалдаққа айналған деседі...

ҚЫЗҒАЛДАҚ-АҢЫЗ

«Қызыл кітапқа» енген әрбір өсімдікті 

жұл ғаны үшін жауапқа тартылатынын көп-

шілік біле бермейді. Мәселен, кез келген 

адам қызғалдақты жұлу кезінде қолға түссе, 

он да ҚР Қылмыстық кодексінің 290-ба бы-

мен қыл мыстық жауапкершілікке тар ты ла-

ды. Заң талабы бойынша, бір бас қыз ғал-

дақ  ты жұл ғаны үшін 7 060 теңгеге дейін 

айып  пұл  тө лейді.  Қатып  қалған  қағида 

емес, бұл ай лық есептік көрсеткіш бойынша 

жыл сайын өз  геріп отырады. Істі қарау ба-

ры   сында  та ғы  да  қосымша  айыппұл 

салынуы мүмкін.

ҚЫЗҒАЛДАҚ ПЕН ҚЫЛМЫС

Голландия гүл экспорты жөні нен әлемде жетекші орындардың 

бірінде. Қазақстаннан ұзатылып барған қыз ғал дақ тың голландық түріне 

қызығушылардың көп екені рас. Қызғалдақтың отаны Қазақ стан екені 

ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бүгінде еліміздің әр аймағында оның 

отыздан астам түрі кездеседі. Осы дала төсін жайнатып жіберетін қыр гүлі 

бертінде ғана, ХVІІ ғасырдың соңында зерттеле бас тап ты. Шетелдерге ең 

көп экспортталатын да осы қызғалдақ екен.

Басы 1-бетте

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№193 (419) 6.11.2010 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ТАҒЗЫМ

 

?



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қос арыстың сыйлығына ие болған

«Шабытта» жүлдесі бар

Қазақ журналистика тарихынан айтарлықтай орын алған белгілі көсемсөзші Сапар 

Байжанов атамыздың биыл 80 жылдығы аталып өтіп жатқанын білеміз. Ол кісі көзі 

тірісінде өз еңбегіне лайық бағасын алып, марапатталған ба? Сондай-ақ қандай 

шығармашылық мұралары бар? 

Айнұр, болашақ журналист

Әрине, еліне, ұлтына адал қызмет еткен қай-

раткер Сапар Байжановтың сіңірген еңбегі елеусіз 

қалған жоқ. Қайраткер тұлға Халықтар дос  тығы, 

«Құрмет белгісі» ордендерімен, ме даль  дармен, 

республика Жоғарғы Кеңесінің Құр мет грамо та-

ларымен  марапатталып,  Қазақ стан  ның  еңбек 

сіңірген қызметкері атағы беріл ген. 

Қазақстан Республикасы Гуманитарлық 

ғылым дар академиясының толық мүшесі. С.Бай-

жановтың әдеби мұрасы романдар мен пьеса-

лардан, сондай-ақ аудармалардан тұратын 

жиыр 

мадан астам көркем шығармаларды 



құрайды. 1974 жылы оның “Үш қиян – үш 

даңғыл” очерктер кітабы КСРО Журналистер 

ода ғының сыйлығына ие болды. Соңғы жылдары 

көбінесе архивтік зерттеулермен айналысып, 

көп теген тарихи мәліметтер мен құжаттарды 

ғылыми айналымға ендірген ғалымның «Архив 

– айғақ» кітабы Ахмет Байтұрсынов атындағы 

сый лықты иеленсе, «Абай және архив» туындысы 

Әли хан Бөкейханов атындағы сыйлықпен мара-

пат талған.



Сапар Байжанов атамыздың өмірбаяны мен қызмет жолы жайлы білгім келеді. Және де бүгінде ол 

кісінің атында қандай да бір сыйлық бар ма?

Айжан ҚАСЫМОВА, Алматы қаласы.

1930 жылы Жамбыл облысының Шайқорық ауы-

лында туған С.Байжанов еңбек жолын 1947 жылы Ал-

маты облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауы лындағы 

орта мектептің мұғалімі болып бастайды. 1952 жылы 

ҚазМУ-дың журналистика бөлімін бітір ген, алайда 

1950 жылы университет қабырғасында жүр ген кезінде-

ақ «Лениншіл жас» газетіне әдеби қыз меткер болып 

қабылданып, 1958 жылға дейін онда бөлім меңгерушісі, 

жауапты хатшы, редактордың орын басары қызметтерін 

атқарды. 1958-64 жылдары «Мә дениет және тұрмыс» 

журналында алдымен редак тордың орынбасары, кейін 

бас редакторы бол ды. 1973 жылы С.Байжанов «Социа-

листік Қазақ стан» газетінің бас редакторлығына та-

ғайын далып, онда табаны күректей 11 жыл қызмет жа-

сады. Сондай-ақ қайраткер тұлға Қазақ КСР Жоғарғы 

Кеңесінің де пу таты, Қазақстан Журналистер одағы бас-

қар  ма сы ның  төрағасы,  КСРО  Журналистер  одағы  бас-

қар  масы  төрағасының  орынбасары  болып  сай лан ды. 

Тұлғаның атында жеке сыйлық болмағанымен, 

«Шабыт» фестивалінде жүзден жүйрік шыққандарға 

бері летін атаулы сыйлықтардың ішінде үздік әдеби шы-

ғар ма конкурсы бойынша баспа саласындағы үздік жур-

на листік жұмысқа Сапар Байжанов атындағы диплом 

бе ріледі.

ТҰЛҒА


Ұстаз аға ұлағаты

Газет қызметкерлері бір-бірінен «кім 

екен?» деп сұраса бастады. Әр ұжымның 

үл кен-кішісі болады. Жаңалықтың бәрін, 

әсі ресе аса маңыздыларын, басқадан бұ-

рын еститіндері болады. Біздің ұжымдағы 

үлкендер, құлақтары түрік жүретіндер 

бірінші, екінші, үшінші басшыдан кейінгі ор-

тадағы жетекші буын бөлім мең ге ру шілері 

болатын. Олардың оң қолдары — аға әдеби 

қызметкерлер де көп жағ даят тар ды бізден 

бұрын сезіп, біліп жүретін. «Біз» деп 

отырғаным — кішілер, жас жағы нан емес, 

шығармашылық құрамдағы қыз мет сатысы 

жағынан кіші әдеби қыз мет керлер. Мен 

хабар бөлімінің әдеби қызметкері едім. 

Редакцияда істей бас 

та 


ға 

ныма екі жыл 

болып қалған. Бұл үлкен газет редакциясы 

үшін көп уақыт емес. Сон дықтан жас әрі 

жаңа қызметкер сана 

тын 


дамын. Білгім, 

естігім келіп тұрса да, ешкімнен қадалып 

ештеңе сұрай қой ма дым. Бір кабинетте 

қарсы үстелде отыратын бөлім бастығым 

Совет Шиманбаевтан жай ғана сыр тартқым 

келіп еді, Совет ағам «ес ти сің ғой, асықпа» 

деп, айта қоймайтын ыңғай танытты. 

Редакцияда әйел заты өкілдері санаулы-ақ 

болатын. Бибіш, Сәнәм сияқты тіс қаққан 

машинистка апай лар тобы, ішінде жасы 

Шолпан бар, бір бөл меде отыратын. Оларға 

қалай болса, солай кіріп кете алмайтынмын. 

Мені қойып, бөлім бастығы, азулы аға қыз-

мет кер лер Дәрібай, Ғалымжан, Тәжібайлар 

олардан тайсақтап жүретін. Қай шаруаның 

болсын рет-ретімен жүруін, тәртіпті ұна та-

тын марқұм Бибіш апа отырған бөлменің 

есі гін арнайы жұмысымыз болмаса, аша 

бер мейтінбіз. Әйел қызметкерлердің бір 

бөлігі еңбекшілер хаттары бөлімінде оты-

ратын. Жайшылықта жайдары Нәзигүл, 

Сара гүл апайларымды жағалап, кіріп едім, 

олар да өте маңғаз отыр екен. «Біліп отыр, 

бірақ айтпайды, сұрамай-ақ қояйын» деп 

ой ла дым, қызмет орнымда қағаздарымды 

қа рап, тып-тыныш күтейін деп шештім. 

Көп шілік болған соң, жігіттер жағы емін-

ер кіндеу. Бір-біріне кіріп-шығып, екіден-

үштен сөйлесе қалып, жұмыс бөлмелерінде 

байыз дап отыра алмай, жиі жүргіштеп, жи-

налыс болар уақытты дегбірсіздене күт кені 

байқалып тұрды. Үлкен редак ция ның сол 

күнгі сырткөзге байқала бермейтін іш кі 

тыныс-тіршілігінен мен бірінші бас шы сы 

жоқ мекеме ұжымының иесіздік хал кешіп, 

қиналатынын айрықша сезген едім. Әри не, 

басшының бәрі бірдей емес. Бас шының 

жақ сысын да, жаманын да көретін де, кө-

те ретін де, ең әуелі, оның қарауындағы ең-

бек ұжымы, қала берді, елі, халқы. Ал «Со-

циа 

листік Қазақстан» газеті сияқты 



«Ор талық Комитеттің өзі емес, бірақ Орта-

лық Комитеттен кем емес» мемлекеттік 

баспасөздің басшысы болған газеттің бас 

редакторына жан-жақтан, жоғары-төмен-

нен қойылатын талап та, сын да, жауап кер-

шілік те орасан ауыр еді. Содан да болар, 

сондай үлкен сынға лайық болған кім екен 

деп, дегбірсіздене күткеніміз. Содан да 

болар, осындай аса жауапты орынға келе тін 

кісінің аты-жөнін алдын ала білсе де, ресми 

белгілі болғанға дейін айтуға асық пайтын 

әдеттің қалыптасып, жазыл ма ған қағидаға 

айналғаны.

Мен мұның бәрін іштей сезіп біліп, түсі-

ніп, маған айта қоймады-ау деп ренжіген 

жоқпын. Ал өзімнің еш хабарсыз болғаным 

– менің газет өміріне араласқанға дейінгі 

уақытта мүлдем басқа салада, ресми орта-

ның ішкі өмірінен алыстау,  бейхабарлау 

жүре тін ғылыми ортадан келгендігімнен 

екенін де білдім. Сондықтан асықпай әліп-

тің артын бағып, кім болса да үлкен орынға 

лайық үлкен жүректі жан келсе екен деп 

тіле дім. Бұл бір менің ғана емес, көптің ті-

легі еді.

Кештете жиналысқа шақыру хабары 

келді. Редакция қызметкерлері бірнеше ай 

бойына есігі жабық тұрған бас редактордың 

кең де еңселі бөлмесіне жапырлай кіріп, 

төргі үлкен үстел басында отырған ел 

ағаларына бас изей амандасып, қабырғаны 

жағалай жайғастық. Көп ұзамай-ақ жина-

лыс басталып кетті. Орталық Комитеттен 

келген орта бойлы, дөңгелек жүзді Дәуір-

хан Айдаров деген кісі «Социалистік 

Қазақ стан» газетінің бас редакторы болып 

тағайын 

далған жазушы-журналист, ға-

лым-зерттеуші Сапар Байжановты таныс-

тыруға, жаңа қызметіне кірісуіне жол бол-

сын айтуға келгенін бір сыдырғы қоңыр 

үн мен асықпай айтып шықты. Жаңа бас-

шы мыздың еңбек жолы, өмірбаяны оқыл-

ды. Осылайша саябырлау басталған жиын 

сөз кезегі ұжым мүшелеріне тигенде, 

қызып ала жөнелді. Жиналыс басқарушы 

«айтар тілек, пікір бар ма?» деп айтуы-ақ 

мұң екен, әр тұстан үш-төрт қол қатарласа 

көтерілді. Бірінен кейін бірі сөз алғандар 

жаңа басшыға жақсы тілектерін, жұмысқа, 

ұжымға байланысты ұсыныс-пікір, талап-

ұсыныстарын жарыса айтысты.

Отырғандарға шоли қарап, сөйлеп 

тұрған дарға күлімсірей қарап, ерекше зер 

салып, зейін қоя тыңдап отырған бас шы-

мыз дың толқынды ішкі сезімнен нұрлана 

түскен жылы жүзінен жақсылықтың шуа-

ғын сезгендей, бір уақытта мен өзімнің қа-

лай қол көтеріп, қалай сөзге араласып кет-

кенімді байқамай қалдым. «Жаны жайсаң 

адамның алды кең» деген асыл сөз осын-

дайдан шыққан болса керек. Жас адамға, 

жас журналиске басшының да, ұжымның 

да қамқорлығы қажет деген пікірді айта 

тұрып, мен өмір жолында үлгілі де ұлағатты 

із дері сайрап жатқан Сапар ағаның ке луі-

мен газеттің де, газет редакциясы ұжымы-

ның да бағы көтеріліп, баянды істері, 

жеміс ті табыстары, жақсылығы көп жаңа 

кезеңі басталатынына анық сендім. Бір мен 

емес, сол жылдары «Социалистік Қазақ-

стан» газеті редакциясында қызмет етіп 

жүрген үлкен-кішінің бәрі дерлік қарымды 

қалам иесі әрі басшы-ұйымдастырушы 

қыз метінде әбден шыңдалған, ел-жұртқа 

аса танымал, абыройы биік Сапар ағаның 

кел ген қадамына сәттілік тіледі.

Байжан-Ата Сапар аға «Социалистік 

Қазақ стан» газетін басқарып, он жылға 

тарта қызмет етті. Осы он жылдың төрт жы-

лында тәңірімнің маған Сапар аға бас шы-

лы ғымен жұмыс істеу бақытын бұйырт қа-

нына мың да бір шүкір айтып, қуанамын 

да мақтанамын. Аға газет редакциясында 

мен әуелі секретариаттың, одан кейін 

хабар бөлімінің әдеби қызметкері, ғылым 

және оқу орындары бөлімінің аға әдеби 

қыз меткері болып алты жыл қызмет еттім. 

Осы жылдарымды мен журналистік тео-

рия лық және практикалық оқу мен ең-

бектің көрігі болған университетіме балай-

мын. «Социалистік Қазақстан» газеті 

редак циясы – менің университетім, үлкен 

ұста зым әрі жетекшім Байжанов Сапар 

Ілиясұлы болды.

Бір менің ғана емес, Сапар аға бүгінде 

республикаға кең танымал көптеген 

талант ты қаламгерлер мен ғалым-қайрат-

керлердің ақылшы ұстазы, кеңесші жетек-

шісі болды. Бұған бір ғана дәлел ретінде, 



«Социалистік Қазақстан» газеті ұжымы үшін (қазіргі 

«Егемен Қазақстан») 1973 жылдың бірінші жартысы өте 

ауыр болды. Біразға созылған ауыр науқастан айыға алмай, 

редакторымыз Ұзақ Бағаев қайтыс болды. Қазақ қауымын 

қатты шайқалтқан бұл қазадан сәл бұрын сол Ұзақ ағаның 

бірінші орынбасары қызметіндегі Сапаржан Хайдаров дүниеден 

өтті. Осылайша жарты жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде 

екі бірдей басшысынан, қазақтың екі мықты қаламгерінен, 

аяулы азаматтарынан айырылып қалған үлкен газет ұжымы 

жетімсіреп-ақ қалдық. Өмір ағысы өз дегенін істемей 

қоймайды. Тіршілік тызылы жалғаса берді. Газет шығып 

жатты. Ай соңынан ай өтіп, күзге іліктік. «Әне келеді, міне 

келеді» деп күткенмен, газетке басшы келе қоймады. Сөйтіп, 

газет шығару шаруашылығының тірлігімен қоңырсалқындау, 

қоңыртөбелдеу күй кешіп жүрген ұжым күздің жуан ортасына 

іліккен бір күні елпең-желпең етіп, гуілдей жөнелді. «Орталық 

Комитетте (Қазақстан Компартиясы деген сөз қосылмай, осылай 

қысқартылып айтыла беретін) газет редакторы бекітіліпті, 

жұмыстың соңына қарай орнына отырғызып, ұжыммен 

таныстырады екен» деген хабар шықты.

Сапар аға бас редактор болып отырған 

жыл дарда аға газет редакциясына қаламы 

қарымды бірқатар журналист-жазушы 

жігіттердің шоғырланып жиналып, шығар-

ма шылық үлкен мектептен, қаламгерліктің 

бүкілелдік қатаң сынынан өтіп, абырой, 

атақ биігіне өрлеуінен көруге болады. Мен 

қызмет еткен төрт жылда, Сапар аға 

басқар ған он жылда аға газет ұжымына 

Қара 

ғандыдан – Ақселеу Сейдімбек, 



Шым кенттен –Мыңбай Ілес, Өскеменнен 

– Тоқ тарбек Қызықбаев, Атыраудан – Нұри 

Муфтах, Семейден – Мамадияр Жақып, 

Торғай дан – Бекболат Әдетов, Қойшығара 

Сал 

ғарин, ҚазМУ-дің журналистика 



факуль тетінің дарынды түлектері Сауытбек 

Әбдірахманов, Ержұман Смайыл сияқты 

әрқайсысы жеке-жеке бір-бір басылымға 

бас тұлға болатын талантты журналистер 

келіп қосылды. Таланттарды танып, олар-

дың астанамыз Алматыға, аға газетіміз 

«Со циа листік Қазақстан» газеті редак ция-

сына келуіне, жауапты хатшы, бөлім редак-

торы, аға редактор тағы басқа жауапты 

қыз 


меттің тұтқасына ие болуына бас 

редак 


тор Байжанов Сапардың тікелей 

қам қорлық жасағаны, рудың, жүздің емес, 

елдің, жұрттың мүддесін көздеп, ойы озық, 

қаламы жүйрік жасқа да, жасамысқа да 

шапа ғатын шашып, азаматтық, үлкен аға-

лық жол көрсеткені айқын да анық.

Аға газет редакциясына Сапар ағаның 

басшы болып келуімен бірге еш уақытта 

ұмы тылмайтын көптеген қуанышты жаңа-

лық тар қоса келді. Қызметінің алғашқы 

күндерінен бастап-ақ Сапар аға редакция 

қызметкерлерімен бір-бірлеп сөйлесіп, 

шығар машылық жоспар-жобасымен, тұр-

мы с-жағдайымен  танысып,  ұжым  мү ше ле-

рі нің көңіл күйін бір көтеріп тастады. Мұн-

дай танысу, пікірлесу қай ұжымда болсын, 

бар шығар. Мәселе — нәтижесінде, қоры-

тындысында. Жаңа 1974 жылдың басын-

да, Сапар аға бас редактор қызметіне 

кіріскеннен кейінгі екі-үш айдан соң 

редакцияға жаңа пәтерлер бөлінетіні тура-

лы хабар жетті. Аға газетте істейді деге-

німен, үйсіздіктің тауқыметін тартып жүр-

ген дер үшін де, бастары көбейгеннен кейін 

бір кезде алып қалған бір-екі бөлмелі бас-

паналарында қысылып-қымтырылып тұра-

тындар үшін де бұл аса жағымды жа ңалық 

еді.


Жаз шыға «Социалистік Қазақстан» 

газе ті редакциясы қызметкерлерінің қала 

ішіндегі үлкен көші-қоны басталды да 

кетті. Көші-қон деуімнің мәнісі — редак-

цияға бөлінген 5-6 пәтерді алғандардың 

бұрын нан тұрып келген баспаналары да 

редакция қарауына қалдырылуында. 

Сөйтіп, жаңыл масам, редакцияның 12 

қызметкері бір жаздың, бір айдың ішінде 

үйлі-күйлі бол 

дық та шықтық. Көшіп, 

қона 


тын көлік іздеп те қиналмадық. 

Редак ция әкімшілігі қазіргі «Дәуір» ата ла-

тын баспаның автога ра жы нан жүк таситын 

машина алып берді. Сол машина біреу-

міз дің үй-мүлкімізді тиеп көшір се, екін ші-

міз дің сол пәтерге кіруімізге көмектесті.

Көп жылдан бері редакцияда маши-

нист ка болып жұмыс істеп, енді зейнетке 

шығуды ойлап жүрген Мариям апайдың 

Тимирязев көшесіндегі бұрынғы пәтеріне 

мен ие болдым. Әуелі апайды көшіруге 

көмектестім. Сонда ол кісінің көзіне әлсін-

әлсін жас келіп, Сапар ағаға деген риза-

шы лығын, аналық алғыс сезімін қайта-

қай 

та айтып, тебіренгені әлі есімде. 



«Мар құм Ұзақтан кейін басшымыз кім 

болады екен деп жүргенде, осы Сапар 

келеді дегенді естіп, қатты қуанып едім. 

Ұзақпен дос болған, бір ауылда өскен, 

еңбекшіл, ерекше мейірімді мінезді деп 

еститінбіз. «Сапар редактор болып келеді» 

дегенді естісімен-ақ, кесіріміз тиіп 

кетпесін, алдын ала дабырламайық деп, 

бір-бірі міз дің аузымызға қақпақ болып, 

тілеуін тіле 

дік. Орталық Комитет сөз 

шығып кетсе, шеші мін өзгертіп қоя ма 

дейміз ғой. Ондай да болған. Құдайға 

шүкір, тілегіміз болды. Енді, міне, Сапар-

дың арқасында мәре-сәре болып жатыр-

мыз. Қартайғанда жеке бір бөлмем болса 

деп армандаушы едім. Енді, мына үш 

бөлменің бірі — басы бүтін менікі ғой. Ана 

екі бөлме – балалардікі. Бұл күнге жеткіз-

ген Аллаға, Сапар балама мың да бір рақ-

мет» – деп тебіренген еді Мариям апай. 

Расында, жұмыр басқа жұпыны болса да 

емін-еркін кіріп-шығатын жекеменшік 

пәте рі болғанның өзі – бір бақыт. Сапар 

ағаның басшы ретіндегі бұл тағылымы — 

қандай деңгейдегі қай бас шы ға болсын 

үлгі-өнеге тұтарлық ұлағат.

Редакцияның ішкі тыныс-тіршілігіне 

қатысты қандай істі қолға алса да, Сапар 

ағаның түп мақсаты газеттің мазмұндық 

сапасын барынша байыту, сөйтіп, оның 

таралымын көбейте түсуді көздейтін. Апта 

сайын жарыққа шыққан газет сандары 

сарап талатын лездемелер, алдағы нөмір-

лер ді жоспарлау тағы басқа әртүрлі бас-

қо сулар ашық әңгіме, еркін пікір алы су-

ларға ұласып, ұжымның шығармашылық 

ізденісін, ұйымшылдығын, ортақ іске 

жауапкершілігін шыңдай түсетін.

Сапар ағаның басқару, пікір алысу 

орайын 

дағы бір ерекшелігі — қандай 



мәсе лені болсын ақылдасуды, кеңесуді 

сол мәсе леге қатысты қызметкерлерді, 

лауа зы мының  жоғары-төменіне  қарамай, 

бірге қатыстыра отырып жүргізетін. Ай-

талық, ғы лым және оқу орындары бөлімі 

жұмы сының бағыт-бағдарын айқындау, 

тың тақы рыптарын, оның шығармашылық 

шешім дерін табу сияқты келелі ой-пікірге, 

жаңаша ізденіске, жақсы бастамаға жол 

ашатын маңызды әңгіме-сұхбат өткізуге 

бас редактор бөлмесіне бөлім жұмысына 

жауапты орынбасар Сарбас Ақтаев, бөлім 

бас тығы Тоқтарбек Қызықбаевпен бірге 

сол бөлімнің әдеби қызметкері мен де 

шақырылып тұратынмын.

Осындай отырыстарда Сапар аға өзі 

бас болып ой тарқатып, пікір-ұсыныстарын 

ортаға салып, екшеп, таразылап, тың 

тақырып, жоспарлардың тууына түрткі 

бола тын. Шағын басқосулардан бастау 

алған жоспар, жобалар ұжымдық жиын-

дар 


да көпшілік талқысына ұсынылып, 

ортақ ұйғарыммен бірте-бірте шығар ма-

шы лық ізденіс арналарын тауып жататын.

Жетпісінші жылдардың орта шенінде 

«Социалистік Қазақстан» газетінің апталық 

арнаулы беттері жарық көре бастады. 

Сапар аға ұйытқы болып журналистер 

қызы ға қолға алған бұл жаңалық газет 

оқыр мандарының, зиялы қауымның, әріп-

тес қазақ, орыстілді басылымдардың наза-

ры н аударып, кең қолдау тапты.

Қыз-келіншектерге, аналарға арналған 

«Каламқас» апталық бетін жүргізу, ұйым-

дастыру жауапкершілігі маған тапсырылды. 

Бұл мен үшін университеттің соңғы 

курсында жазылатын дипломдық жұмыс-

пен парапар, нағыз сынақ әрі журналистік 

мүм кіндігімнің шыңдалу мектебі болды. 

Мұндай үлкен сенім көрсеткені үшін Сапар 

ағаға, ұлағатты ұстазыма деген менің ал-

ғыс сезімім шексіз.

Қазіргі «Егемен Қазақстанның» әйел 

қауымға арналған «Сырғалым» арнаулы 

бетін оқыған сайын сонау жетпісінші жыл-

дардағы «Қаламқастың» іздерін көрген-

дей боламын.

Әлі есімде, «Қаламқас» арнаулы 

бетінің бірі Халықаралық әйелдер мерекесі 

– 8 Нау рызға орай шығарылды. Оның 

маз мұндық сапасы, көркемделуі апталық 

лездемеде аталып өтіп, маған сыйлық 

берілетін болды. Сол бетте «Ер-азаматтар 

лебізі» айдарымен Әбділда Тәжібаев, 

Олжас Сүлейменов сияқты әр салада еңбек 

етіп жүрген елге танымал замандас аға-

інілердің ағынан жарылған пікір-тілегі 

сәтті шықты. Ә. Тәжібаев: «Көктегі күн — 

жалпыға ортақ. Ал әр отбасының, үй ішінің 

кішкентай күні — әйел» деп жазды.

Өзінің жарын басқадан ерекше шынайы 

сыйлау, құрмет тұтып, қадіріне жету — ер-

азаматтың асыл қасиеті. Сапар аға алдына 

жан салмайтын еңбекшіл, ұшқыр ойлы, 

мықты журналист әрі ұйымдастырушы 

болуымен бірге, өзінің отбасында осындай 

асыл қасиеттің, биік адамгершіліктің иесі 

еді. Аяулы ағаның көзі тірісінде жиырма 

жыл дан астам уақыт отбасымен, үй ішімен 

жа қын туыстай араласа жүріп, мен Күләш 

апай екеуінің бірін-бірі еркелете аялап тұ-

ратын мінездеріне тәнті болатынмын. Са-

пар ағаның өзінің жары Күләш апайдың 

атын тура «Күләш» деп атағанын естімеп-

пін.


1977 жылдың қазан айында мен 

«Қазақ стан әйелдері» журналы редак ция-

сының жауапты хатшысы қызметіне 

тағайын далдым. Бұрын сырттай танып, 

кейде бас изесіп, жылы амандасып жүретін 

Күләш апаймен, Сапар ағаның үйіндегі 

жең 

геміз әрі әріптесіміз Бейсенбиева 



Күләш пен, енді бір редакцияда қызмет 

ететін болдым. Күләш апай «Қазақстан 

әйел дері» журналында бөлім редакторы 

болатын. Бұл редакцияда бірге жұмыс 

істеген алғашқы күннен бастап-ақ Күләш 

апай мені өзіне жақын тартып, жылы қабақ 

танытты. Келе-келе, ақын-журналист Ырза 

Қунақова (осы редакцияда бөлім редак-

торы еді) үшеуміз жас ерекшелігімізге 

қара мастан, қатар құрбыдай, сыйлас апа-

сіңлі дей қызметте де, отбасында да ара-

ласып, сырласып, сыйласып кеттік.

1983 жылы мен – «Қазақстан мектебі» 

жур  налы редакциясында, одан сәл бұры-

нырақ Күләш апай «Мәдениет және тұр-

мыс» журналы редакциясында қызмет ете 

бас тады.

1991 жылы тағдыр бізді «Қазақстан 

мек тебі» журналында қайтадан тоғыс тыр-

ды. Білім министрлігінің шақыруымен Кү-

ләш апай сол жылы шыға бастаған «От ба-

сы және балабақша» қосымша жур налына 

редак тор болып келді. 1994 жылы бұл 

журнал бөлініп, жеке шаңырақ тікті. Күләш 

апаймен бірге қызмет еткен, жақын сый-

лас қан жылдар ішінде бұрын аса құр-

меттейтін бастығым Сапар ағамен туыстай, 

ағалы-қарындастай болғаныма қуанамын. 

Адамға тек жақсылық тілейтін, жылы жүзі-

нен мейірім шуағы төгіліп тұратын Сапар 

аға менің өмірдегі табысыма қуа нып, жы-

лы сөзін, ақ тілегін айтуға асығатын еді. 

Қи налып жүргенімді сезсе, жымия қарап, 

«біздің Сайраштың қолынан бәрі келеді» 

деп мақтап, демеп жүруші еді. Енді сондай 

аға бүгін өмірде жоқ. Ағаның көзіндей 

Күләш апайды, ұлдары Ұлан, Нұрлан, Ер-

ланды, қызы Назымды көрсем, кез дес тір-

сем, жүздеріне кейде қадала ұзақ тау қарап 

қаламын. Дүниеден өткен асыл ағаның, 

ұстазымның мейірім төгіліп тұ 

ратын 


жанарын, жымия қарайтын са 

быр 


лы, 

терең ойлы жүзін іздейтін сияқ ты мын.



жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет