Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.64 Mb.

бет2/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5

Атлант мұхитынан балық аулағанмын

– Жоқ, қиын болған жоқ. Мен келін 

болып түскен отбасы зиялылардың арасы-

нан болды. Жер аударылып келген кездегі 

қазақтардың құрметпен қарсы алғанын 

айтып, өле-өлгенше қазақтың дарқан мі-

незін аңыз етіп айтып өтті. Мені де қазақтың 

бір қызы ғой деп, мәпелеп отыратын. 



– Балаларыңыз қай тілде сөй-

лейді?

– Балаларым қазақ, орыс тілін еркін 

мең герген. Енді ағылшын тілін үйреніп жа-

тыр. Үш тілді меңгеру уақыт талабы болып 

отырғандықтан, балаларымның қарым-

қабілетіне қарай шет тілін де оқытып жа-

тырмыз.

– Аралас некеге қалай қарайсыз? 

Ертең балаларыңыз өзге ұлттардың 

өкілдерімен бас қосып жатса...

– Егер екі жас бірін-бірі түсініп, сыйлап 

тұрса, еш қарсылық білдірмес едім. Оның 

бәрі бір Алланың бұйрығына байланысты. 

«Теңін тапса, тегін бер» демей ме. Ең бас-

тысы, бақытты болуын тілер едім. 



– Майра Арапқызы, сіз ауа райына 

қарамай, балық аулағанды жақсы 

көреді екенсіз. Балық аулауды ермек 

етіп жүргеніңізге қанша уақыт болды?

АҚОРДА


Жемқорлықпен күрес 

қатаң жүргізіледі

Кездесу барысында Д.Айткен Елба сы-

ға Қа зақстан жайлы жаңа кітап жазаты ны 

туралы жоспарын айтты. «Хабар» теле ар-

на сы  на  берген  арнайы  сұх ба тында  таны-

мал ағыл шын жазушысы жә не биографы 

Тә уел сіз  Қазақстанның  же тістіктеріне  жо-

ға ры баға берді.

– Мен Қазақстан туралы керемет әсер-

демін! Бұдан 20 жыл бұрын бұл республи-

каны әлемде ешкім білген жоқ. Ал бүгінде 

Қа зақстан қол жеткізген табыстары ар қы-

лы халықаралық қоғамдас тыққа кеңінен 

та нымал болды. Нұрсұлтан Назарбаев ел-

ді көшбасшылық деңгейге көтерді. Бұл, 

ра 


сында, таңданарлық құбылыс, – деп 

атап өтті Д.Айткен.

Джонатан Айткен – британ үкіметінің 

жә  не парламентінің бұрынғы мүшесі. Үл  кен 

саясаттан кеткеннен кейін әлемдік та рих  тағы 

белгілі тұлғалардың өмір баянын зерт теумен 

айналысқан, ол – бү гінде 12 кі тап тың авто-

ры.  Оның  қа ла мы нан  туған  кі тап тарға  арқау 

болған Ричард Никсон, Джон Ньютон, 

Чарльз Колсон сынды тұл 

ға 

лардың қата-



рын да Нұр сұлтан Назарбаев та бар.

– Мен әлемдік тарихта Нұрсұлтан На-

зарбаев Ұлыбритания тарихындағы Чер-

чиллден кем рөл ойнамайды деп ойлай-

мын. Қазақстан Президенті қуатты яд ро-

лық арсеналдан өз еркімен бас тартқан 

кез ден бастап әлемдік деңгейдегі ірі сая-

саткерге айналды. Мен Вашинг 

тон 

дағы 


ядролық қауіпсіздік жөніндегі жа һандық 

саммитте Нұрсұлтан На зар баевқа ерекше 

сый-құрмет көрсетілгеніне куә гер болдым, 

Көпірдің ашылу салтанатына Алматы 

облысының әкімі Серік Үмбетов және ҚР 

көлік және коммуникация министрі 

Әбіл 

ғазы Құсайынов қатысты. Тасқын 



құ латып кеткен нысанның құрылысымен 

«Мостостроительный отряд № 25» ЖШС 

айналысқан. Сметалық құны 771 мил-

лион теңгеге жуықтайтын көпірдің жо-

басын «Қазақ жол ғылыми-зерттеу инс-

титуты» АҚ жасады. Жаңа көпір гидро-

логиялық зерттеулердің қорытындысына 

сәйкес 4 x 24 м құрайды. 

Небәрі жеті айдың ішінде салынған 

жаңа көпірдің басты ерекшелігі – бұ рын-

ғыға қарағанда сейсмикалық шы 

дам-


дылығы күшейтілген, аумағы үлкен, ауыр 

салмақты көтере алатындай етіп есептел-

ген, халықаралық талаптарға сәйкес, ірге-

тасы тереңнен құйылған. Көпірдің ұзын-

дығы 101 қума метрді құрайды және 24 

метрден төрт аралық жасалды. Жаңа кө-

Е.Керейдің сөзіне қарағанда, саммит 

өтетін күндері, яғни 1-2 желтоқсан күндері 

Астана әуежайының бар күш-жігері ша ра-

ның ресми қонақтарын қарсы алуға және 

шы ғарып салуға жұмылдырылады. «Сол 

се бепті бұл күндері ішкі рейстер Қа ра ған-

дыға бағытталады. Қарағанды әуежайы 

бү гінгі  таңда  Астананың барлық рейстерін 

қа былдауға толығымен дайын. Азаматтар 

Қа рағандыдан  Астанаға еш кедергісіз же-

ту үшін қосымша теміржол көліктері, авто-

бустар мен электр пойыздары шы ға рыл-

ды», – дейді Есбол Керей. Оның айтуын-

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі британдық 

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі британдық 

жазушы және мемлекет қайраткері, «Нұрсұлтан Назарбаев және 

жазушы және мемлекет қайраткері, «Нұрсұлтан Назарбаев және 

Қазақстанның құрылуы» атты кітаптың авторы Джонатан Айткенді 

Қазақстанның құрылуы» атты кітаптың авторы Джонатан Айткенді 

қабылдады.

қабылдады.

ИГІЛІК


ҚАМ-ҚАРЕКЕТ

Қызылағаштың көпірі салынып бітті

Астана әуежайы саммитке сақадай-сай

Майра АЙСИНА, Парламент Мәжілісінің депутаты:

– деді өз сөзінде бри тан дық жазушы.

Сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаев Қа-

зақ стан  Республикасының  Эко но ми ка лық 

және сыбайлас жемқорлықпен кү 

рес 


агент тігінің (Қаржы полициясы) төр ағасы 

Қай рат Қожамжаровты қабыл дады. Қар-

жы полициясының басшысы Қ.Қо 

жам-


жаров Президентке агенттіктің сыбайлас 

жемқорлықтың пайда болуы 

ның жолын 

кесу және көлеңкелі экономи каны бейта-

раптандыру жөніндегі қызметі туралы 

баян 


дады. Мемлекет басшысы әлемдік 

қо ғам дастық 

Қазақстанның 

сыбайлас 

жем қорлыққа қарсы саясатын жоғары ба-

ға лайтынын атап көрсетті. Алайда отандық 

БАҚ-та бұл жұмыс аз сыналмайды. Атап 

айт қанда, сотқа негізінен, «ұсақ шабақтар» 

тар тылады дегенді желеу етеді. Бірақ ірі 

фи гуралар ұсталғанда, жаппай қарсы тұ-

ру, құқық қорғау органдарын жамандау, 

жем қорларды қорғау басталады.

– Біз бұған жол бермеуге тиіспіз. «Сы-

байлас жемқорлық туралы» Заң қабыл да-

ған  да, мен өз мәлімдемемде күрес қатаң 

бо латынын ескерткенмін. Біз құқық қорғау 

ор 

гандарын бір-біріне айдап салу, бір-



біріне деген сеніміне селкеу түсіру мақ са-

тын дағы барлық өсек-аяң мен арандатуға 

на 

зар аудармастан, оны аяғына дейін 



жеткізуі міз керек. Құқық қорғау органда-

рында,  әсі ре се  сы байлас  жемқорлықпен 

кү рес те,  қа лып ты,  қатаң  жұмыс  жүруде. 

Бар лығы да біз дің бұл жұмысты мүлтіксіз 

жүр гі зетінімізді тү сінуге тиіс, – деп мә лім-

де ді Нұрсұлтан Назарбаев.

пірді су шайып кетуден сақтандыру шара-

лары ретінде әрқайсысының ұзындығы 60 

метр болатын дамбалар қойылды. 

Қалпына келтірілген автожол аумағындағы 

кабельдік байланыс желілерін қорғау ша-

ралары да қарастырылған. 



Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ, 

ҚР көлік және коммуникация министрі:



– Апат болған алғашқы кезеңде Ел-

басының тапсырмасымен 11 күннің 

ішінде айналма жол салып, көлік 

қатынасын тоқтатпаған едік. Енді жеті 

айда жаңа көпірді тұрғызып болдық. 

Мұнда күніне тәулік бойы 50 техника, 

80 құрылысшы жұмыс істеді. Комиссия 

атқарылған жұмысты жоғары сапалы 

деп танып, қабылдады. 

Сағыныш НАМАЗШАМОВА,

Алматы облысы

ша, 1 желтоқсан күні таңсәріде арасына 

бес минут салып Астананың әуежайына 

бі рінен кейін бірі 70 ұшақ қонатын бола-

ды. Ұшақтар бас қаламыздың әуе ке ңіс ті-

гінде ұзақ қалықтап қалмас үшін, қонған 

ұшақ тарға неғұрлым жылдам қызмет көр-

сету үшін Астана халықаралық әуежайы 

қо 

сымша 113 арнайы техника сатып 



алыпты. Бұған қосымша Алматы, Қы зыл-

ор да, Ақтөбе, Көкшетау әуежайларынан 

23 техника жалға алынады. Әуежай қа-

лып ты жұмысына желтоқсанның 2-сінен 

3-іне қараған түні қайта кіріседі.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

«Алматы – Өскемен» күре жолының Қызылағаш өзені арқылы 

өтетін негізгі көпірінің құрылысы аяқталды. Бұрынғы 1959 жылы 

салынған көпір 50 жыл қызмет етсе, жаңа көпір одан да ұзақ жыл 

пайдалануға жарамды дейді мамандар.

ЕҚЫҰ саммитіне байланысты Астана әуежайы 1-2 желтоқсан 

күндері ішкі рейстерді қабылдауын тоқтатады. Бұл туралы 

кеше баспасөз мәслихатында «Астана халықаралық әуежайы» 

компаниясының бірінші вице-президенті Есбол Керей мәлім етті.

Әлемде гуманистік, зайырлы, 

либералды ой-санаға қарсы 

радикалды идеологияны бағдар 

тұтқан «жанкешті» лаңкестік 

ұйымдардың ықпалы барған 

сайын артып барады. Ізгі дін – 

исламның атын жамылған лаңкестік 

ұйымдар ғаламның тыныштығын 

бұзуға бағытталған қорқынышты 

жоспарларын ашық жариялай 

бастады. Еуропа жұртшылығы 9/11 

лаңкестік ықтимал сценарийлерден 

қауіптенуде. Біреулер 9/11 лаңкестік 

сценарийі Америкадағы 2001 

жылғы 11 қыркүйек оқиғасының 10 

жылдығына орай ұйымдастырылады 

десе, енді бірі алдағы 9 қарашада 

лаңкестік жарылыс болуы мүмкін деп 

мазасызданып отыр. Оған себеп «Әл-

Қайда» лаңкестік ұйымының күллі 

Батысқа, әсіресе, паранжы-хиджабқа 

тыйым салғаны үшін Франциядан 

кек алмай қоймайтынын мәлімдеуі 

болып отырса керек. 

ОЙ-ТҰЖЫРЫМ

Грекия, Йеменнен бөлек Дубай мен Британия әуежайларында 

табылған жарылғыш қораптар дүниежүзіне жаңа лаңкестік қауіп-

қатерден хабар береді. Сарапшылар төркіні Йеменнен жеткен жарылғыш 

заттардың артында «Әл-Қайда» лаңкестік ұйымы тұрғанын нық сеніммен 

айтып отыр. Біздіңше, әлем қарулы лаңкестік күштермен күресіп қоймай, 

радикалды идеологияны таратушы басты ошақтарды анықтап, жойып 

жіберуі керек. Өйткені радикалды лаңкестік топтармен күресу қандай 

қиын болса, радикалды көңіл-күймен уланған қалың қауыммен арпалысу 

мүлде қиын болмақ. 


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№193 (419) 6.11.2010 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

Алматыға сырттан келген автокөліктерді кіргізбеу туралы ұсыныс негізді ме?

Әсет ТӨЛЕУШОВ, 

Алматы қаласы 

Жолаушылар көлігі және 

автомобиль жолдары 

басқармасының бас 

маманы:

Әбді ҚИЯЛБАЕВ, 

техника ғылымының 

докторы, «Қазжол» 

ғылыми-зерттеу 

институтының 

маманы:

Амантай 

БІРТАНОВ, 

Алматы қалалық 

мәслихатының 

депутаты:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Сіздер көтеріп отырған мәселе осыдан біраз уақыт бұрын Алматы 

қа 

 

лалық мәслихатында қызу талқыға түскен-ді. Депутаттардың 



әрқайсысы әртүрлі пікір айтты. Өз басым бұған үзілді-кесілді қарсымын. 

Бұл – мүмкін емес нәрсе. Мәселен, Алматыда еліміздің жер-жерінен 

ке ліп білім алып, жұ мыс істеп жатқан жастар қаншама. Олардың ата-

ана лары іздеп келмей ме? Біреудің бір проблемасы болып жатса, енді 

біреуі науқастанып қалады дегендей. Несібесін базардан көріп отырған 

ағайын да аз емес. Айта берсе осы сынды жағдайлар көп қой. Олардың 

бар лығына бірдей «Ал матыға кө ліксіз кел» деп, қалай тыйым саласың? 

Бұл деген адам дардың құқын бұз ғандық әрі Ата Заңымызға қайшы. Сон-

дай-ақ пара қор лыққа жол ашып беруі ғажап емес. Қалаға кіру үшін 

адамдар жол полицейлеріне пара бе ре тін болады. Бұл мәселені көтер-

генде депутаттар қаланың экологиялық жағ дайын ойлады. Олары дұрыс, 

әрине. Менің ойымша, ең абзалы, сырт тан келген көлікті эколо гия  лық 

посттарда мұқият тексеріп, автотранспорт бө ліп шығаратын зиян ды 

заттары белгіленген нор мадан көп болса, бірден кері қайтару керек. 

– Бұл мүмкін емес. Қазір еліміздің қала-далалары арасында қа ты нап 

жұмыс істейтіндер саны өте көп. Олардың қалаға кі руі не тыйым са лу тіпті 

заңға қайшы. Реті келіп отырғанда айта кетейін, қалалық әкім шілікте қала 

маңындағы елді мекендерге қа тынайтын қоғамдық көлік тер ге рұқсат 

бермеу мәселесі көте ріліп, оның арты үлкен пікір та ласқа ұшы рады. Ондай 

қоғамдық кө ліктердің ауаны ластайтындары өз ал дына, мәселен, зей нет-

керлер мен студенттер үшін жол ақысы 50 пайыз ға төмен болуы керек 

болса, «біз қалалық емеспіз» деп жо ға рыда атал ған санаттағы адамдарға 

тиесілі жеңілдікті алып тастап та ере же ні бұзып жүр. Міне, бірінші кезекте 

осы мәселені оң жақты ше шіп алу керек сияқ ты. Қаланың экологиялық 

ахуалын жақ сар ту үшін қоғамдық және му ни ципиалды көліктерді газға 

көші ріп, электро транспорттар санын арт тыр сақ дұрыс болар еді. Ал 

кептелісті азайту үшін бұдан басқа амал  дарды қарастыру керек. Мүмкін, 

ше тел дер дегідей жолдарды ақы лы ету керек шы ғар? Бұған қосылар едім. 

«Сырт тан келген көліктерге тыйым салу арқылы тығырықтан шығамыз» 

деп ойласақ, қатты қате ле се міз. 

– Бәріміз тең құқылымыз, «сен ауылдан келдің, ал сен 

қала лық сың» деп бір елдің азаматтарын бөліп-жаруға 

бол 

майды. Алайда оңтүстік астанамыз – Алматы 



қаласының экологиялық жағдайы шынымен де ауыр 

халде. Ал Ал матыны тұншықтырып отырған көбіне-көп 

сырт 

тан келген көліктер екеніне ешкім дау айтпас. 



Олардың техникалық жағы талапқа мүлде сай емес. 

Әсіресе қала көшелеріне. Сон дай-ақ кептелісті туындатуға 

да үлкен «үлес» қосып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, 

сырттан келген кө лік иелерінің көбісі жүргізуші мәдениеті 

мен жол ережесін дұрыс сақ тамайды десем қателеспес 

едім. Бұл нені білдіреді, ауыл-аймақтарда авто транс порт-

тарды техникалық тексеруден өткізу шаралары мен жүр-

гізуші дайындау курстары жұ мыс та рына тиісті орындар 

жүр дім-бардым қарайды. Сондықтан ең алдымен осы 

проб леманы шешу керек. Ал сырттан кел ген кө лік терге 

тыйым салу – еш ақылға сыймайтын нәрсе. 

ЫҚПА


ЛДА

С

ТЫҚ



ОЙ-КӨКПАР

Басы 1-бетте

Ізбасар БОЗАЕВ,

Алматы Сауда палатасының төрағасы

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ,

Сенат депутаты

Сондықтан шенеуніктер қан-

дай көлік мінем десе, оны өздері 

шешуі керек. Басқа адамдар 

қандай көлік мінем десе де өз 

еркі, ал шенеуніктерді отандық 

көлік мінуге міндеттеу керек деген 

артық дүние. Айта кетер жайт, 

шенеуніктеріміздің жүріп-тұруына 

жұмсалатын қаржы мемлекеттік 

бюджеттен жұмсалатын болған-

дықтын үнемдеу де керек шығар. 

Бірақ ол үшін алдымен отандық 

көліктердің сапасын жақсартып 

алуымыз керек секілді.

Мұндай ұсыныс енгізілген 

күннің өзінде енді сатып алы-

натын көліктердің отандық өнім 

болуын ғана қадағалауға бо-

латын секілді. Ал бұрыннан са тып 

алынып, қол даныста жүр ген кө-

лік терді  шенеу ніктердің  астынан 

тартып алудың, жаппай нау қан-

шылдыққа  салы ну дың  қажеті 

жоқ.

Отандық өндірісті қолдау мақсатында шенеуніктерді тек 

отандық автокөліктерге отыруға міндеттеу керек пе?

Астана мен Вена пәтуалы келісімге қол жеткізді

НАРЫҚ


Біріншіден, бүгінгі таңда мемлекеттік ше-

неуніктердің астына шетелдік көліктерді сатып 

алудан мемлекет қоржынына да шығын келіп 

отырғаны жасырын емес, бұл орайда отандық 

көліктердің бағасы арзан. Екіншіден, көлік 

болған соң бұзылмай, сынбай тұрмайды. 

Мұн дай жағдайда оны жөндеуден өткізу де 

мемлекет үшін арзанға түсер еді. Өйткені 

отан 

дық көліктердің қосалқы бөлшектері 



арзан. Үшіншіден, отандық көліктерімізді 

пай далану шығындары да төмен, яғни олар-

дың жүріп-тұруы да мемлекетіміз үшін ар зан-

ға түседі. Төртіншіден, шенеуніктеріміздің 

отан дық көлікке мінуі отандық өндірісті қол-

дауға себеп болса, бесіншіден шенеуніктеріміз 

отан дық көлікке міну арқылы басқаларға, 

халыққа үлгi көрсете алар еді. Бесіншіден, 

көлік сатып алу арқылы төленетін салық-

тардың да өз елімізде қалуына мүмкіндік 

туғызар едік. 

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыс та-

рында автокөлiк құрастыру зауыттары жұмыс 

жасайды, олардың қосалқы бөлшектерi де 

елiмiзде жасалады. Ендеше, отандық көлікке 

аяқ артуға не кедергі? Меніңше, тек бастама 

жетіспей тұр. Осы орайда көршi мем 

ле-


кеттердiң тәжiрибесiн де алға тартқан жөн. 

Мәселен, Ресей мен Өзбекстанда отандық 

көлiк мiну ең алдымен шенеунiктердiң 

мойнына жүктелген. Егер шенеуніктеріміз 

бас 

таса, басқалар да отандық көліктерді 



алуға ұмтылар еді. Қазір біз шетелдік көлік-

терді сатып алудан қатты ұтылып жатырмыз. 

Себебі Еуропа стандарттарына сай жасалған 

көлiктер бiздiң елiмiзге өте қымбат бағамен 

жеткiзiледi. Ал екi ортадағы алыпсатарлардың 

Қазақстанға жеткiзетiн ескi көлiктерiнiң 

сапасы көңiл көншiтерлiк емес. Бұған кез 

келген жүргiзушi келiседi, себебi елiмiздегi 

көлiктердiң басым бөлiгi шетелден әкелiнген. 

Осы орайда шетелден келетін ескі-құсқы 

темір-терсекті жинай бергенше, отандық 

көліктерге деген сұранысты арттыру керек.

Рас, әзірше отандық өндірістегі көліктердің 

сапасы талапқа сай емес. Алайда жыл ба-

сында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов көлiк 

құрастыратын отандық кәсiпорындар сапалы 

тауар экспорттауға бейiмделуi тиiс деген 

болатын. Сондықтан алдағы уақытта бұл 

кемшілік жойылады деген үміттеміз.

Дайындаған Ләззат БИЛАН

ТҮЙТКІЛ


МӘСЕЛЕ

«Күлшелі бала сүймекке жақсы» демек-

ші, жерінің асты-үсті ен байлыққа толы 

қазақ даласымен бүгінде санаспайтын ел 

кемде-кем. Еліміз аз уақыттың ішінде талай 

алпауыт мемлекетпен терезесі теңесіп, 

сенімді әріптес бола білді. Сондай сенімді 

әріптес елдің бірі – Австрия мемлекеті. Қос 

елдің арасындағы байланыс жылдан-

жылға нығайып келеді. Форумда «Атаме-

кен» одағы» ұлттық-экономикалық пала-

та 


сының төрағасы Азат Перуашев 

Қазақ стан мен Австрия арасындағы тауар 

айна лымы қаңтар мен тамыз айларындағы 

көрсеткіштер бойынша өткен жылғы 

көрсеткіштен бір жарым есеге артқанын 

тілге тиек ете кетті. «Кеден органдарының 

мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың 

қаңтар-тамызында екі елдің арасындағы 

тауар айналымының көлемі 1,82 млрд 

АҚШ долларын, ал экспорт көлемі 1,67 

млрд АҚШ долларын құрады. Бұл – өте 

жақсы жетістік. Себебі дағдарыс жағдайын-

да әдетте екіжақты сауда, керісінше құл ды-

рап кететін. Ал бізде ол, керісінше өсіп 

отыр», – дейді Азат Перуашев. 

Нақты мысалдарға сүйенсек, Қазақстан 

Австрияның ТМД елдерінің арасындағы 

Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші сауда 

әріптесі болып табылады. Яғни осы елге 

импорт көлемі бойынша 19-орында, ал 

экспорт бойынша 47-орында тұрмыз. 

Авст рия – Қазақстанға үлкен инвестиция 

салу шы ел. Бүгінде елде 135 бірлескен 

кәсіпорын бар. Олардың 92-сі қазірдің 

өзін де өнім шығарып, тұрақты жұмыс істеп 

жатыр. Ал еліміз Австрияға ірі көлемде 

мұнай және мұнай өнімдерін, минералдар 

мен шикізат, металл, мақта-тоқыма өнім-

дері мен өзге де бірқатар тауар түрлерін 

тасымалдап отыр. «Австрия болса, 

экспортқа негізделген экономиканы дамы-

туда үлкен жетістіктерге жеткен ел. Осы 

орай да бізге индустрияландыру бағдар-

ламамызды жүзеге асыруда авст рия лық-

тардан көп дүние үйренуге болады. Сон-

дай-ақ Австрия Қазақстан сияқты 

шикізаттық мүмкіндіктерінің жоқтығына 

қара мастан, қосымша құны жоғары өнім-

дер мен тамақ өнімдерін, сондай-ақ өнер-

кәсіп өнімдерін экспорттап келеді. Сонымен 

қатар бұл елде машина құрылысы жақсы 

дамыған. Австрия техникалық құрыл ғы-

ларды да экспорттайды», – дейді «Ата ме-

кен» одағы» ұлттық-экономикалық пала-

тасының төрағасы. 

Австрияның экономика министрлігінің 

мәліметтеріне сәйкес, Австрия өзі тұты-

натын мұнайдың 30 пайызын Қазақстаннан 

алады. Сол себепті екі ел энергетика сала-

сын дағы ынтымақтастыққа ерекше мүдде 

таны 

тады. Форумда да Қазақстан мен 



Авст  рия  арасындағы  гидроэнергетика 

саласы бойынша ынтымақтастыққа ерекше 

назар аударылды. «Біздің пайым 

дауы-


мызша, Австриямен энергетика бойынша 

ынтымақтастықты дамытуға үлкен 

мүмкіндік бар. Әсіресе, шағын гидро стан-

сылар мәселесі. Себебі еліміздің оңтүстік-

шығысында тау өзендері өте көп. Шама-

мен, ол жерден жылына 300 мегаваттан 

астам энергия алуға мүмкіндігіміз бар. 

Алай 


да біз осының бар болғаны 40 

мегаватын ғана өндіріп отырмыз. Бүгінде 

аталған тау өзендерінде қытайлық электр 

стансылары орнатылуда. Себебі бағасы 

басқа елдікімен салыстырғанда әжептәуір 

арзан. Біз болашақта осы стансыларды 

жабдықтау мәселесін Австрия тарапымен 

бір 


лесе шешуге мүдделіміз», – дейді 

индус трия және жаңа технологиялар вице-

министрі Альберт Рау.

А.Рау сөз арасында елімізде тұңғыш рет 

Күн энергиясын пайдаланып, қуат көзін 

алу жобасы дайындалып жатқанын айтып 

кетті. «Біз Германиямен бірлесе күн бата-

рея ларын жасау бойынша жобаны іске 

асырамыз. Неміс фирмасымен бірлесе 30 

мегаваттық тұңғыш күн электр стансысы 

салынады», – деп атап өтті. Ол сондай-ақ 

авст риялық делегация өкілдерін Қазақ-

стан 

да машина құрылысы саласында 



бірлескен жобаларды іске асыруға шақыр-

ды. «Қазақстан импортының 41 пайызы 

– машина құрылысы өнімдерінің үлесінде. 

Бұл көліктік машина құрылысы, энер ге ти-

калық машина құрылысы, мұнай өндіру 

саласына арналған машина құрылысы, 

сондай-ақ ауыл шаруашылығы сек то рын-

дағы машина құрылысына байланысты», 

– деді Рау мырза.

Жарты күнге созылған шара бірнеше 

маңызды құжаттарға қол қоюмен қоры-

тын дыланды. Атап айтар болсақ, қазақ-

стандық-австриялық сауда-экономикалық 

ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық 

хаттамаға қол қойылды. Сонымен қатар 

Австрия экономикалық палатасының 

Еуразия іскерлік конгресінің халықаралық 

ұйымдастыру комитетін құру туралы 

келісіміне қосылу жөніндегі хаттамаға да 

бармақ басылып, келісім жасалды. 

Еліміздің «КАZNEX INVEST» экспорт пен 

инвес тициялар жөніндегі ұлттық агенттігі 

мен Австрияның «ABA-INVEST» бизнес 

агент тігі арасында өзара түсіністік жөніндегі 

ме мо рандумға да қол жеткізілді.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал