Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.78 Mb.

бет7/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Өзіңіз айтып отырғандай, енді 

10 жылдан соң «Байқоңыр» ғарыш 

айлағының материалдық-

техникалық базасын жаңарту 

мәселесі туындайды екен. Осыны 

ескергендіктен, қазақстандық 

«Бәйтерек» ғарыштық ракеталық 

зымыран кешенін салу ісі 

ойластырылды. Жалпы, осы 

турасында кеңінен айтып өтсеңіз... 

– Айта кетейік, экологиялық жағынан 

таза «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін 

салу – үлкен болашағы бар жоба. «Бәйте-

рек» ғарыш зымыран кешенін құру Қазақ-

с танның ұлттық мүддесі үшін стратегиялық 

маңызы бар дүние. Бұл жоба арқылы нақ-

ты-нақты жетістіктерге қол жеткізуге бола-

ды. Бірнешеуін нақтылап айтар болсам, 

аталмыш жоба: 

а) көнерген нысандарды жаңарту арқы-

лы «Байқоңыр» ғарыш айлағын сақтап 

қалуды; 

ә) «Байқоңыр» ғарыш айлағын біртін-

деп Қазақстанға өткізуді;

б) Қазақстанның экологиялық пробле-

ма сын шешуді реттеуді;

в) бұдан соң «Бәйтерек» жобасы Қа-

зақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағына 

нақты енуін және әлемдік коммерциялық 

ұшыру нарығына кіру мүмкіндігін, зымыран 

тасығыштарды әзірлеу және ұшырудың 

технологиялық операцияларына тікелей 

қатысуын қамтамасыз етеді. 



– Ал жобаның жалпы құны 

қанша тұрады? Аталмыш жоба 

қаншалықты пайдаға кенелтпек?

– Бір басымдық беріп айта кетерлігі – 

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру 

мәселесі жобалық кезеңнен аспай тұр. 

Жобаның басты проблемасы оны одан әрі 

қаржыландыру мәселесінде болып отыр. 

Соңғы рет Ресей тарапының ұсынған 

техникалық-экономикалық негіздемесіне 

сәйкес,  жобаның  құны  жеті  есеге  өсіп,           

1 млрд 640 млн АҚШ долларын құрады. 

Сондай-ақ пайдалануға беру мерзімі де 

нақты анықталып белгіленбей отыр. Бұған 

қоса, бұл жобаны іске асыруда барлық 

шығындарды Қазақстан тарапы өз мойнына 

алуға міндетті екені де анықталды. Өйткені 

Ресей тарапы жобаны бірлесіп қаржылан-

дырудан бас тартуда. Бұл мәселе бірнеше 

рет «Қазғарыш» пен «Роскосмос» деңгейін-

де талқыға салынды. Қазіргі таңдағы қа-

лып тасып отырған жағдайға сәйкес, Қа-

зақс 

тан мен Ресей арасында жоғары 



дең 

гейде саяси шешімдер қабылдауды 

талап етеді. Әрине, бұл жерде ел мүддесі 

басты назарда тұруы тиіс. 



Соңғы кездері Қазақстан 

Франция, Израиль, Үндістан 

елдерімен үкіметаралық келісімге 

қол қойып, Италия, Корея, Жапо-

ния, Украинаның ғарыш агенттік-

терімен келіссөздер жүргізуді 

қолға ала бастады. Жалпы, 

отандық ғарыш индустриясын 

дамытуда мұндай келіссөздердің 

алатын орны қаншалықты зор?

– Иә, дұрыс айтасыз, осы аталған 

мемле кеттермен біз қызметіміздің басынан 

бастап өзара ынтымақтастықты дамытуға 

күш салып келеміз. Нәтижесінде ғарыш 

саласын игеру аясында көптеген келіссөз-

дерге қол қойылды. Ғарыш қызметі сала-

сын 


дағы стратегиялық әріптестермен 

(Ресей, Франция) және ғарыш кеңістігін 

бейбіт мақсатта зерттеу мен оны пайдалану 

саласындағы әлемдік көшбасшылармен 

халықаралық ынтымақтастық орнатып 

дамытудамыз. Бұл елімізге ғарыш саласын 

құру және ғарыш ғылымындағы жетістік-

терді, экономиканы дамыту мүддесіндегі 

техника мен технологияларды пайдалану 

бойынша міндеттерді барынша тез және 

тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Былтырғы жылдың өзінде Ресей Федера-

циясымен, Біріккен Араб Әмірліктерінің 

болашағы зор ғылыми және технология 

институтымен, Сауд Арабиясы Корольдігі 

Әбдел Әзиз атындағы ғылыми-техникалық 

қалашығымен, Жапония мемлекетімен 

ынтымақтастық жөніндегі келісімдер мен 

меморандумдарға қол қойылды. Осы 

бағыттағы жұмыс одан әрі қарқынды дами 

бермек. Мұндай ынтымақтастық келіссөз-

дер отандық ғарыш индустриясының өзін-

дік дамуына тікелей ықпал етеді. Негі зінен, 

өз басым көріп білгеннің, білетін дерден 

үйренгеннің еш артықшылығы жоқ деп 

ойлаймын. 



– Жалпы, ғалымдар «Байқо-

ңыр дың беделі әлемдік ғарыш 

айлақтарының бәрінен жоғары» 

деседі. Қалай ойлайсыз, «Байқо-

ңыр» Қазақ елінің өзіндік бренді 

болатын мезгіл қай жылдары 

болуы мүмкін? Маман ретінде 

осыған болжам жасай аласыз ба?

– Рас, біздің елімізде әлемдегі ең ірі 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан. 

Әлем біздің ғарыш айлағымызды «Жердің 

бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындай-

ды. Бұл Қазақ елі үшін зор абырой екені 

сөзсіз. «Байқоңыр» ғарыш айлағы бүгінгі 

күні достық пен ынтымақтастықтың ныша-

ны болып табылады. «Байқоңыр» барлық 

кластағы «Союз», «Зенит», «Протон», «Днепр» 

ғарыштық зымырандарының нақты старт-

тық алаңы болып табылады. Әлемде 

зымыран-тасығыштарды ұшыру саны бо-

йын ша және коммерциялық ғарыш аппа-

рат тарын ұшыру саны бойынша бірінші 

орынды иеленді. «Байқоңыр» ғарыш 

айлағында Ресейдің федералдық және 

халықаралық бағдарламалар бойынша 

басқарылатын ғарыш кемелерін де, түрлі 

бағыттағы ғарыш аппараттарын да ұшыру 

жүзеге асырылады. Әлемде 20-дан астам 

ғарыш айлағы бар, бірақ «Байқоңырдан» 

дүниежүзіндегі ұшырулардың үштен бір 

бөлігінен астамы жүзеге асырылады. Әри-

не, мұндай мәліметтердің әр қазақстан-

дықты қуантып, бойында мақтаныш сезімін 

тудыратыны сөзсіз. «Байқоңыр» қазірдің 

өзінде қазақстандық бренд ретінде таныл-

ды. Бүгінде «Қазғарыш» ауқымды халықа-

ралық ғарыштық жобалар аясында 

«Байқоңырды» тиімді пайдалануды іске 

асырып отыр. Бір сөзбен айтқанда, қазірдің 

өзінде «Байқоңыр» Қазақ елінің теңдессіз 

брендіне айналып отыр деуге толық негіз 

бар. Біздің ендігі міндетіміз де, парызымыз 

да осы құндылығымызды шашау шығармай 

сақтап қалу әрі жетілдіре түсу болып 

табылады.



Сұхбаттасқан 

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Жеке серіктестікті қайта тіркетуім қажет болып қалды. Осы мақсат-

пен Халыққа қызмет көрсету орталығына күнде баруға мәжбүрмін. 

Әйтеуір, қажет құжаттарымның бәрін жинап тапсырдым. Енді серік-

тестік қай мезгілде тіркеуден өтіп болады?

Жандарбек БАЙМҰХАНОВ, 

Ақтөбе облысы

ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекет-

тік тіркеу және филиалдар мен өкіл-

діктерді есептік тіркеуге алу туралы» 

Заңының 9-бабына сәйкес, шағын 

кәсіпкерлік нысаны болып табылатын 

заңды тұлғаларды мемлекеттік 

тіркеуге қайта алу үш жұмыс күнінен 

кем емес уақыт ішінде іске асырылуы 

тиіс. Бұл мерзім өтініш пен оған қо-

сым ша құжаттар тапсырылған күн-

нен бастап есептеледі. Заңды тұлға 

қайта тіркеуге алынғаннан кейін оны 

салық органдарына тіркеу бастала-

ды. 

АЛАШ АЗАМАТЫ



АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Бүгінде ғарыш айлағына саусақпен санарлықтай елдер ғана ие. 

Халықаралық сарапшылардың дені сол санаулы елдердің ішінде Қазақ 

елінің мәртебесі биік, шоқтығы жоғары екенін қазір мойындап та жүр. Тіпті 

қайсыбір сарапшылар тарапынан «2020 жылға қарай Қазақстан ғарыштық 

державаға айналуы мүмкін» деген жорамалдар да айтылып қалады. 

Негізінен, ғарыштық даму, ғарыш саласы, ғарыштық инфрақұрылым 

дегенде, біз көбінесе «Байқоңырды», ондағы зымыран-тасығыштарды, 

ғарыш айлағын жалға алу мерзімін, одан түсетін пайда мен ғарышқа 

ұшырылатын қазақ ғарышкерлерінің тағдыры жайында сөз етеміз. Мұн-

дай да көбінесе ғарыштық ғылыми-зерттеу, ғарыштық техника жасау 

жұмыстары тасада қалып жататыны жасырын емес. Осыған орай айтарым, 

қазақта «жердің кілті – аспанда» деген де сөз бар, ал мен бұған байланыс-

ты рып, «ғарыштың кілті – ғылымда» дер едім. Ғарыш индустриясы да мы-

ған ел боламыз десек, ғылым-білімге айрықша назар аударғанымыз 

аб зал. Өсіп-өніп келе жатқан жастарымыз ғылым-біліммен сусындауға 

айрықша мән берсе, болашағымыз кемелді, байлығымыз ерен болары 

даусыз.

ДАТ!


Мейірбек МОЛДАБЕКОВ, 

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары:

«Бәйтерек» ғарыш 

зымыран кешенін құру 

мәселесі жобалық 

кезеңнен аспай тұр

Оқиға өткен жылдың желтоқсан айын-

да болды. Қара нәсілді қос азамат Алматы 

қаласынан Семейге таныстарына қонаққа 

келген. Осы жерде олар жергілікті  кәсіпкер-

мен танысады. Жаңа таныстар дастарқан 

басында бірігіп ішімдік ішеді. Бір уақытта 

жергілікті бизнесмен қалтасындағы 

миллион теңгесін алып шығып, азын-аулақ 

бөлігіне арақ алдыртады. Қомақты 

қаржыны көз дері шалған шетел азаматтары  

оның әбден масайып ұйқыға кеткенін 

күтеді. Ақыры қалтасындағы ақшасын 

жымқырып, ізде 

рін жасырады. Бірақ 

тонаушыларды қолға түсіру полицейлерге 

аса қиындық туғыза қойған жоқ. Өйткені 

сол кезде Семей бо йын ша әлгі екеуден 

басқа қара нәсілділер тіркеуде тұрған жоқ 

болатын. Олардың қылмысқа қатысы жоғы 

анықталғасын, басқа жерлерге іздеу 

салынды.  Көп ұзамай тәртіп сақшылары 

камерундықтарды «Ал 

маты» теміржол 

вокзалында құрыққа түсірді. Олар 

ұрланған қаржының жарты сын жұмсап, 

біразын долларға айырбастап үлгеріпті. 

Кәсіпкерге ақшаның біраз бөлігі сол кезде 

дереу қайтарылған болатын. Осыдан кейін 

қылмыстық іс қозғалып, сот процесі бас-

талып кетті. Үш айға созылған іске таяуда 

нүк те қойылды. Семей қалалық  №2 со-

тының судьясы Зухра Райымханова ның 

үкі мімен Танке Бланс Станисласа Мбатча 

мен Морис Дон Мбонген ҚР ҚК 175-ба-

бының 3-бөлімі «Б» тармағымен кінәлі деп 

танылып,  соның негізінде әр қай сысын бес 

жылға бас бостандығынан айыру жазасы 

беріліп, мүліктері тәркіленді. Енді бұлар 

жазаларын Семейдегі қатаң тәртіптегі түзеу 

мекемесінде өтейтін бола ды.

Айта кетсек, бұған дейін де сотты бол-

ған бұл азаматтар – Камерун Республи ка-

сының тұрғындары.  Алматы қаласында 

бі раз уақыттан бері тұрып жатқан олар еш-

қайда жұмыс істемеген. 2009 жылы Алма-

ты қаласының сотымен алаяқтық факті 

бойынша сотталып, 2011 жылы шілдеде 

босап шыққан. Содан бері полиция бөлім-

деріне келмей, қашып жүрген.  Бірінің 

жасы  43-те  болса, екіншісі – 32 -де. 

Гауһар МҰРАТ, 

Семей

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ



Кәсіпкерді тонаған 

камерундықтар 

сотталды

Контрабандашы 

қазақстандық шетелден 

экстрадицияланды 

Семейде кәсіпкерді тонаған 

камерундық қос азаматқа 

қатысты  сот үкімі шықты. 

Шетелдіктер ел аумағында аса 

ірі көлемде ұрлық әрекетін 

жасады деп айыпталып отыр. 

Ірі көлемде контрабандалық 

тауар тасығаны үшін айыпталып, 

халықаралық іздеуде жүрген 

қазақстандық Румынияда 

ұсталды. Еліміздің Бас 

прокуратурасының ұсынысы 

бойынша Ренат Қарасартов 

Бухарестен Алматыға 

экстрадицияланды. 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз 

қызметінің мәліметінше, Қарасартов 

Қылмыстық кодекстің 209-бабы 3-бөлігінің 

«Б» тармағы бойынша, яғни ұйымдасқан 

топпен бірге экономикалық контрабанда 

жасағаны үшін іздеуде жүрген. 33 жастағы 

азамат 2005 жылы «ALUA Terminal» ЖШС 

бас директоры бола жүріп, республиканың 

кедендік шекарасы арқылы ірі көлемдегі 

тауарлар партиясын контрабандалық 

жолмен алып өткен. «Қорғас» кеден бекеті 

мен өзі басқаратын мекеме қызметкер-

лерінен құралған қылмыстық топтың 

құрамында болған ол кедендік декларация 

жасамаған. Қылмысты болған қазақстан-

дық шекара асып кетіп, Румынияда бас 

сауғалапты. Қазақстан мен ресми Бухарест 

арасында қылмыстық істер бойынша құ-

қық тық көмек көрсетуге қатысты халықа-

ралық келісімдер жоқ. Соған қарамастан, 

екі елдің құқық қорғау органдары іздеуде 

жүрген азаматты еліне экстрадициялау 

туралы өзара келісімге келді. Бұрын осын-

дай өзара келісім қағидасы негізінде 

Испания, Португалия, Швеция биліктері өз 

елдерінде жасырынып жүрген қылмысты 

қазақстандықтарды қайтарған болатын. 

Бас прокуратура мұны Еуропа елдерінің 

Қазақстан құқықтық жүйесіне сенім артуы 

деп бағалап отыр.

 Болатбек МҰХТАРОВ


№61 (743) 

12.04.2012 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Шымкенттен тағы да шу шығып еді...



Телжан КҮДЕРОВ

БИЧ-ВОЛЕЙ

БОКС

Ауыр салмақта тағы да 

жолдамасыз қалдық

ДОДА


Қарсыластарымыз қай елдің хоккейшілері?

Жақында «Ордабасы» футбол клубының үйдегі ойындарын өткізетін 

аренасынан, яғни Қажымұқан атындағы стадионнан ақау табылды деп естідім. 

Қазақстан футбол федерациясы клуб басшылығын жазалап, стадионды жауып 

тастауы мүмкін деген әңгімелер де бой көтере бастады. Сол шын ба?!

А.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, Кентау қаласы

Қазақстан футбол федерациясының 

арнайы комиссиясы Шымкенттегі Қажы-

мұқан  Мұңайтпасов атындағы орталық 

ста дионды тексеру кезінде біраз кемші-

ліктерді байқаған. Атап айтқанда, «Орда-

басы» мен «Қайсар» арасындағы кездесуде 

қатты желдің кесірінен стадионның жарық 

беру құрылғылары құлап түскен. Қуанышқа 

қарай, аталған трибуналарда ешкім бол-

маған. Әйтпесе адамдар жарақат алуы 

мүмкін еді. Осыдан соң, Ұлттық футбол ли-

га сының директоры Олжас Абраев  жан-

күйер 


лердің қауіпсіздігін қамтамасыз 

етпегені үшін клуб пен стадион басшылы-

ғына қатаң жаза қолданатынын жеткізген. 

Шымқалалық жанкүйерлердің қуанышына 

қарай, клуб басшылығы кеткен қателікті тез 

түзетіп, стадионды қалыпқа келтіруде. Бұл 

туралы Қазақстан футбол федерациясының 

ресми сайтында Ұлттық футбол лигасы ди-

ректорының өзі  мәлім деді. Бүгінде ста-

дион 


дағы батыс трибуна жөндеу жұ-

мыстары жүріп жатқандықтан, уақытша 

жабулы. Бі 

рақ, алты турдағы кездесуін 

«Ор дабасы» өз стадионында өткізе ала-

ды. 


Маусым басталғалы «Ордабасы» басы-

нан дау кетер емес. Біресе жанкүйер лердің 

тәртіпсіздігі, біресе клуб басшыларының 

олқылығы... Әзірше, суперкубок иесі үшін 

бәрі ың-шыңсыз аяқталып келеді. Енді 

осын 


дай келеңсіздіктер қайталанбай, 

«Орда басы» осының бәрін өрнекті де нә-

тижелі ойындарымен жуып-шаяды деген 

ойдамыз. Әрі соған тілектеспіз. 



Кеше «шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем 

чемпионатына дайындалып жатыр» деп жазыпсыздар. Бірақ қай топқа 

түскенін жазбапсыздар. Қарсыластарымыз кімдер, қай елдің хоккейшілері? 

Соны білуге бола ма?

Д. БЕЙІМБЕТОВ, ОҚО

Финляндия мен Швеция жүгін бірге 

көтеретін шайбалы хоккейден әлем чем-

пионатында Қазақстан құрамасы «А» то-

бында өнер көрсетеді. Әлемдік додаға 

қатысатын командалар «А» және «В» топ-

тарына бөлінген. Бұл былтырғы әлем 

чемпионаты аяқталған бетте анықталған 

еді. Содан бері біз бірнеше рет қар сылас-

тарымызға тоқталып өткенбіз. Десек те, 

сіздің сұрағыңызға тағы да бір рет жауап 

бермекпіз.

Халықаралық шайбалы хоккей фе-

дерациясы командаларды екі топқа бөл-

генде әрбір құраманың рейтингіне көңіл 

аударды. Әлем чемпионатына қатысатын 

үздік 16 команда арасындағы рейтингте 

Қазақстан ең соңғы орында тұр. Андрей 

Шая нов жаттықтыратын біздің жігіттер-

мен бір топқа түскен құрамалар мыналар: 

АҚШ, Канада, Финляндия, Словакия, 

Швей цария, Белоруссия, Франция. Бай-

қасаңыздар, биыл командалар екі топқа 

сегіз құ рамадан бө лінген. Ал бұ рын төрт 

ко мандадан құралған төрт топ болатын. 

Халықаралық шайбалы хоккей федера-

циясы дүбірлі доданың ережесіне сәл 

өзгеріс енгізді. Әлем чемпио натын дағы 

алдын ала ойналатын матчтар мен іріктеу 

кезеңі біріктірілген. Жеңіліске ұшы раған 

командалардың жоғарғы диви 

зион 


да 

ойнауына мүмкіндік беретін аутсай дер лер 

ара сындағы дода жойылып кетті. Топтағы 

сегіз команда бір-бірімен ойнап шығады. 

1-4 орын иеленген командалар ширек 

финалға өтсе, ең соңғы орында қалған 

құрама бірінші дивизионға «аттанады».

Жағажайдағы 

жағдайымыз 

жаман емес

ВЕЛОСПОРТ



Жақында Халықаралық 

велосипедшілер одағы (UCI) 

бүкіләлемдік рейтингті 

жаңартты.

Дәл қазір «Ұлттық рейтинг» тізіміне 29 

мемлекет еніпті. Көш басында – әдеттегідей 

Испания. Олардың еншісінде әзірше 717 

ұпай бар екен. Бельгия 567 ұпаймен – 

екінші орында да, олардан бір ғана ұпай 

кем Италия үшінші орынға жайғасқан. Ал 

Қазақстанды бұл тізімнен қолыңызға 

майшам алып іздесеңіз де, таппайсыз. 

Себебі бірде-бір велошабандозымыз әлі 

соқыр ұпай да еншілей алмай келеді. 

Соңғы жылдары көбіне алғашқы ондықта 

жүруші едік, ал биыл осы рейтингке ілі-

гудің өзі мұң болып тұр. Біз сияқты коман-

дасы жоқ елдердің өздері жүр осы тізімнің 

ішінде...

Сондай-ақ велошабандоздардың же-

ке 


лей рейтингінде де бірде-бір қа 

зақ-


стандық дүлдүл жоқ. Жекелей рейтингте 

109 велоспортшы бар екен. Алайда бізден 

ешкімнің қарасы көрінбейді. Көш басында 

– Бельгияның бағына біткен әйгілі спринтер 

Том Боонен. Оның ен шісінде 366 ұпай бар. 

«Астана» сапын дағы  велоспортшылардың 

ішінен ең жо 

ғары орналасқаны – чех 

Роман Кройцигер. Ол 78 ұпаймен 17-

орын ға орналасқан. Хорват Роберт Ки-

шерловски 44 ұпаймен 35-орында тұр. 

Словения саңлағы Янец Брайкович алты 

ұпаймен – 69-орынға, Италия тарланы 

Франческо Гавацци бес ұпаймен 72-

орынға тұрақтапты.

Осы велоспортшылардың арқасында 

«Астана» «Про-Турдың» клубтық рей-

тингінде 133 ұпаймен 13-орынды ием-

деніп тұр. Тізімде – барлығы 18 команда. 

Бельгияның Omega Pharma-Quickstep де 

аталатын клубы 547 ұпаймен бәрінен қара 

үзіп кетті. Орыстың «Катюшасы» 382 

ұпаймен – екінші орынға, ал Италияның 

Liquigas-Cannondale атты клубы 376 

ұпаймен үшінші орынға жайғасыпты.

Нұрғазы САСАЕВ

Ұлттық 

рейтингте 

Қазақстан 

әлі жоқ

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ



«Сарыарқа» 

«Арыстанды» 

cан соқтырды

Шайбалы хоккейден 

Қазақстан чемпионатының 

ақтық ойындары басталды. Әуелі 

қола медальді сарапқа салатын 

командалар үш жеңіске дейін 

созылатын додаларын бастап 

кетті.

Биыл үшінші орынды Қарағандының 

«Сарыарқасы» мен Теміртаудың «Арыс-

таны» сарапқа салады. Сыңар кездесулердің 

алғашқы екеуі Қарағандыда өтеді. Өйткені 

ел чемионатының негізгі бөлігінде «Сары-

арқа» «Арыстаннан» жоғары ор на ласқан 

болатын. Нақтырақ айтқанда, «Са ры арқа» 

123 ұпаймен екінші орынға ие болып, 

«Арыстан» 107 ұпаймен төртінші орынды 

меншіктеген. 

Алғашқы ойын шектен тыс тартысты 

өтті. Қонақтар бірінші болып есеп аш-

қандарымен, бұдан кейін айдын иелері 

құйындай орап соқты. Тіпті төрт гол соғып, 

алға шығып кетті. Алайда «Арыстан» да 

айылын тартпай, екінші кезеңнің ортасынан 

бастап, қарқынын үдетті. Үш ол соғып, 

таразы басын теңестірді де. Бірақ матчтың 

аяқталуына сегіз минуттан астам уақыт 

қалғанда «Сарыарқа» бесінші рет 

«Арыстанның» қақпасын бүлк еткізіп, 

қайтадан алға шықты. Осы есеп ойын 

аяғына дейін өзгермей, бірінші ойында 

қарағандылықтар жеңіске жетті.

Екінші кездесу кеше газетіміздің осы 

саны беттеліп жатқанда басталды. Бұдан 

кейінгі екі ойын Теміртауда өтеді. Екі 

қаланың арасы тиіп тұр. Сондықтан бұл 

командалар қайда ойнаса да, өздерін 

түзде жүргендей сезінбес.

Айқын ЖАППАР

Таиландтың Нахон Шри 

Тамарат қаласында жағажай 

волейболынан «Ханом оупен» 

турнирі өтуде.

Азия турлары додасының құрамына 

ене тін бұл турнирде ерлер арасындағы 29 

команда, әйелдер арасындағы 20 жұп бақ 

сынауда. Біздің ел бұл турнирге екі коман-

да дан қосты. Ерлер арасында Алексей Си-

доренко және Александр Дьяченко жұбы 

Қазақстан-1 құрамасы ретінде, ал Дмитрий 

Яковлев және Алексей Кулешов дуэті Қа-

зақстан-2 құрамасы ретінде сынға түсуде. 

Әйелдер арасында осылай. Ирина Цим-

балова және Татьяна Машкова – бірінші 

құрамамыздың, ал Бахтыгүл Самаликова 

мен Любовь Богату екінші құрамамыздың 

намысын қорғауда.

Әуелі топтық ойындар, одан кейін 

ширек финалдық кездесулер өтті. Қазақ-

стан волейболшылары алғашқы електерден 

сүрінбей өтіп, жартылай финалға шықты.

Алексей Сидоренко және Александр 

Дьяченко төрт ойын өткізіп, төртеуінде де 

жеңіске жетті. Қарқындары жаман емес. 

Жолындағыларды қоғадай жапырып 

келеді. Дмитрий Яковлев және Алексей 

Ку лешов жұбы бес ойын өткізді. Өз тобын-

дағы екінші матчта Шри-Ланка жігіттерінен 

ұтылып қалса да, «Ханом оупен» турнирінің 

келесі кезеңіне шықты. Ширек финалдық 

додада екі ойынды жеңіспен аяқтады. 

Бұған өз тобында да екі рет жеңіске жет-

кенін қосыңыз. 

Ирина Цимбалова және Татьяна Маш-

кова дуэті де төрт ойын өткізіп, төртеуінде 

де асықтары алшысынан түсті. Әзірше еш-

бір жұпқа дес берер емес. Бахтыгүл Сама-

ликова мен Любовь Богату өз тобында 

Вьетнам қыздарын ті 

зер 


летіп, ширек 

финалға шықты. Мұнда екі ойын өткізіп, 

біреуінде басым түсті де, екіншісінде 

жеңілістің кермек дәмін татты. Сөйтіп, 5-8 

орындар үшін додаға түсетін болды

Кеше жатылай финалдық және ақтық 

ойындар өтті. Ерлер арсындағы екі жұбы-

мыз финалға дейін жетіп, екеуара кез-

десуде Сидоренко – Дьяченко жұбы же-

ңіске жетіп, бас бәйгені иеленді. Ал 

Цим 

балова мен Машкова финалда 



жергілікті тай қыздарынан ұтылып, екінші 

орынға ие болды. Яғни қыз-жігіттеріміз 

Ханомнан бір алтын, екі күміс олжалады.    

Әлихан ЖАППАР

Қазақтың көк байрағы астынан сая тапқан қайсар қыз

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБ

А

Т

– Соңғы әлем чемпионатында 



спорттық бабыңызда болмаған сияқ-

тысыз. Үш дүркін әлем чемпионы 

атануыңызға не кедергі болды?

– Негізі, жарақатым бар болатын. Бірақ 

аса мазаламайтын. Парижге барған бірінші 

күннен-ақ аяғым ауырып қоя берді. Соның 

кесірінен зілтемір сахнасына көтерілгенде 

де көңіл күйім болған жоқ. Жұлқа көтеру 

жаттығуы кезінде аяғым тіптен қатты 

ауырып, жанымды көзіме көрсетті. Біл-

дірген жоқпын. 136 келіге тапсырыс 

бердім, оны бағындыра алмаған соң, ең-

сем мүлде түсіп кетті. Осы сынақ тезірек 

аяқталса екен деп отырдым. Елге келіп, 

рентгенге түсіп едім, дәрігерлер «жамбас 

буынының қабынуы» деген диагноз 

қойды. Емделуі де ұзақ екен. Ресейде үйде 

жатып, мануальды терапия алдым. 

Сондағы дәрігерлердің айтуынша, жара-

қатым мүлде асқынып кетіпті. Алдымен 

иығым ғана ауырып жүретін. Кейін жам-

басым да сыр бере бастады. Өзі қызық: 

кейде ауырмайды, бірақ бір ауырса, шы-

датпайды. Әлем чемпионаты кезінде қатты 

ауырып, жанымды көзіме көрсетті. Алайда 

сол жарақатпен де бас жүлдені иеленуге 

болар еді. Бірақ ол үшін дайындық кезіндегі 

жаттығуымызды аздап өзгертуіміз керек 

болатын.

– Сол Париждегі әлем чем-

пионатында ресейлік Надежда Евс-

тюхина шынымен де мықты болды 

ма? Ресейлік толағай әлі де бабында 

ма?

– Әлем чемпионаты кезінде серпе 

жаттығуда 163 келіні көтеріп, рекорд 

жаңартты ғой. Міне, оның жеткен жері – 

сол ғана. Сол кезде байқадым, алғашқы 

Лондон Олимпиа да-

сынан алтынмен оралады 

деп үміттеніп отырған 

басты спортшылары-

мыздың бірі – Светлана 

Подобедова. Өзге 

зілтеміршілерімізбен бірге 

негізгі дайындығына енді 

кіріскен толағай аруы-

мызбен әңгімелесудің сәті 

түскен еді. Көкейіміздегі 

көптеген сұрағымызға 

жауап беріп, біраз 

мәселенің басын қайырған 

Света жанкүйерлерінен еш 

нәрсені де жасырып 

қалған жоқ.

мүмкіндіктерінде сыр білдірмегенімен, 

соңғысында зілтемірді өте қиналып кө-

терді. Бет-аузы мыжырайып, зорығып 

кетті. Одан әріге шамасы жетпейтіні көрініп 

тұрды. Дегенмен әлем чемпионатына 

Евстюхина барынша дайындалып барған. 

Менен озу үшін өзінің бар күшін сарықты. 

Егер жарақатым болмағанда, сол кезде 

мен одан асып түсер едім. Бірақ ештеңе 

етпес, Олимпиадада мен оны тақырға 

отырғызуға тырысатын боламын. Лондонда 

ең басты қарсыластарым Надежда 

Евстюхина немесе Наталья Заболотная 

болары анық. Бірақ олардың аяқ алыстарын 

зерттеп отыратын мүмкіндік жоқ менде. 

Негізі, осы айдың аяғында Ресей біріншілігі 

өтуі тиіс. Бір жағынан Олимпиадаға іріктеу 

додасы ретінде ұйымдастырылмақ. Сол 

кезде екеуі де өнер көрсететін шығар. 

Дегенмен бар күшін паш етеді деп ойла-

маймын.


– Бұрын бір тудың астында өнер 

көрсеттіңіздер ғой. Осы екі атлетпен 

бүгінде араласып тұрасыз ба? Жалпы, 

олармен қарым-қатынасыңыз қа-

лай?

– Олармен ешқандай да байланысым 

жоқ. Араласпаймын да. Рас, «Мой мир» 

желісінде Заболотная менің достарымның 

арасында бар. Бірақ сөйлеспейміз де. Бір 

сөзбен айтқанда, ортақ әңгімеміз жоқ. Ал 

Евстюхина әлем чемпионатынан кейін 

«жұлдыз ауруына» шалдықты. Ресейлік 

баспасөз құралдарына мен туралы небір 

сұхбаттар беріпті. Оқып, өзім шошыдым. 

«Парижде мен оның көзіне қарадым. Сол 

кезде Подобедованың көзінен «жеңілдім» 

деген сөздерді оқыдым», – деп өтірікті 

соға беріпті. Шынымды айтсам, екеуміз 

бір-біріміздің көзімізге тікелей қараған да 

жоқпыз. Мүмкіндік те болмады. Оның 

берген сұхбаттарынан мен ғана емес, бәрі 

де жағаларын ұстады. 



– Ал Қазақстанға қоныс аударған-

нан кейін Ресей құрамасының сізді 

қайта кері шақырған кезі болды ма? 

– Жоқ, шақырған жоқ. Олардың ол 

жақта өз «жұлдыздары» бар ғой. Мені 

қажетсініп не қылсын?! Шынымды айтсам, 

өзім де енді Ресей құрамасының атынан 

додаға түспеймін деп түпкілікті шешкенмін. 

Тек Қазақстанды ғана өрге сүйреймін.

– Енді Лондон Олимпиадасына 

дайындығыңыз қалай? Олимпиада 

чемпионы атану кез келген спорт-

шының арманы ғой. Бұл белесті 

бағындыруға шамаңыз жете ме?

– Негізгі дайындық кезеңі енді басталды 

ғой. Түркілерінің қол астында командамен 

бірге жаттығудамын. 19 сәуірде Талды-

қорғанға жол жүреміз. Ол жақта бір жарым 

айдай болатын шығармыз. Бұған дейін өз 

қалпымызға келу жаттығуларымен ғана 

айналыстық. Әзірге Олимпиада жайында 

көп ойлап, бас қатырып жүрген жоқпын. 

Ең бастысы, жаттығу кезінде жарақат алып 

қалмау ғой. Ал өз күшіме сенімдімін. 

Жалпы, дайындығымыз жаман емес. Уәде 

бергенді ұнатпаймын. Бірақ Лондоннан 

бас жүлдемен оралуға тыры самын. Бұған 

менің шамам жетеді. Па риждегі секілді 

қателіктерге де жол бермеймін. Ең бастысы, 

жарақатымнан құлан-таза айықтым. Енді 

тек Алла жар болсын!



– Жалпы, медальдарыңыз өте көп 

екенін білеміз. Өзіңіз үшін солардың 

қайсысы бәрінен қымбат?

– 2010 жылы Түркия астанасы Анта-

лияда жеңіп алған алтын медалімнің орны 

ерекше. Несімен дейсіз бе?! Иә, бұл менің 

әлем біріншілігіндегі алғашқы ал тыным 

емес еді. Бірақ, өздеріңіз де куә болды-

ңыздар, өте тартысты бәсеке болды. Басты 

қарсыластарыммен келілеп тұрып сынға 

түстім. Сөйтіп, ресейлік екі атлеттен де 

асып түстім. Бір байқағаным, егер ресей-

ліктер менің салмағыма бірден екі 

атлеттерін қойса, маған оларды жеңу 

оңайлау екен. Өйткені олар менімен ғана 

емес, өзара да бәсекелесіп, өрескел 

қателіктерге бой алдырып қояды. 

– Света, енді спорттан бөлек та-

қырыпқа ойыссақ. Қазақстаннан бір-

жола тұрақ таптым деп ойлайсыз ба?

– Оны уақыт көрсетеді. Бәлкім, мәңгілік 

тұрағымды тапқан да шығармын. Ең 

бастысы, дүбірлі додаларға тек Қазақстан 

атынан ғана қатысамын. Ал Ресейге, өзім 

туған өлкеме онсыз да барып-келіп жүрмін 

ғой.

– Қазақстанда тұрып жатқаныңызға 

да біраз уақыт болды. Қазақша сөйлеп, 

қазақ тілін түсінетін жағдайға жеттіңіз 

бе? Жалпы, салт-дәстүрлерімізді 

білесіз бе?

– Жалпы, күнделікті қолданыстағы 

сөздерді білемін, біреулер қазақ тілінде 

сөйлесіп жатса, аздап түсінетін жағдайға 

жеттім. Өзіме де қазақша сөйлеп үйрену 

керек еді. Бірақ, бізді білесіздер, жат-

тығудан қолымыз босай бермейді. Негізі, 

өз басым қазақ пен қазақ кездескен де өз 

тілінде әңгімелессе, онда қазақ тілінің 

мәртебесі көтеріліп қалар еді деп ойлай-

мын. Ал қазақтың салт-дәстүрлері маған, 

шынымен де, ұнап қалды. Мәселен, 

халықаралық додалардан оралғанда бізді 

әуежайдан күтіп алып, алдымыздан қой-

дың басын табақпен алып шыққаны 

есімде. Алғашында сол мені таңғалдырған 

болатын. Бұл бір құрметтің белгісі болса 

керек. Сондай-ақ қазақтың үйіне қонаққа 

барғанда міндетті түрде ет асады. Оны 

жеп, ең болмаса, ауыз тиюің керек екен. 

Бұл үй иесіне деген құрметіңді білдіреді. 

Қазақтың салт-дәстүрлерінің барлығы да 

құрмет пен ізетке негізделген секілді.

Сұхбаттасқан 

Әзиз ЖҰМАДІЛ

БІРЖАННЫҢ ЖЕҢІСІ

Жартылай финалда алғаш болып 

рингке қазақстандық 49 келі салмақ 

дәрежесіндегі Біржан Жақып шықты. Оның 

қарсыласы өзбекстандық Шахоббидин 

Зайыров болатын. Екеуі бұған дейін екі 

мәрте қолғап түйістірген. Бір-бірінің айла-

тәсілдерін жақсы біледі. Алғашқы раундта 

өзбекстандық боксшы тезірек қимылдап, 

төмпештеумен болды. Ал Біржан өзіндік 

тактикаға көшіп, қорғанып жүріп алды. 

Оңтайлы сәтте ұрып қойып, тура соқ-

қыларымен ұпай қорын молайта бастады. 

Сөйтіп, бірінші раундта 7:3 есебімен алға 

шықты да, содан кейін ғана алға ұмтылды. 

Екінші раундтың басында тіпті Шахоб-

бидинді шықшыттан бір ұрып, есеңгіретіп 

тастады. Осыдан кейін өзбек боксшысы 

тайсақтай бастады. Ал Біржан болса, соқ-

қыларын қарша боратты. Осылай екінші 

раундта Біржан айқын басымдық танытты. 

Кездесу тағдырын осы раундта шешіп 

тастағаннан кейін соңғы үш минуттықта 

сәл саябырсып қалды. Осыны өзбек бокс-

шысы пайдалып, бір-екі мәрте дәл соққы 

жұмсай алды. Біржан тіпті қателіктерге бой 

алдырып, қарсыласы қарқынын үдете 

бастады. Бірақ біршама ұпай алға ұзап 

кеткендіктен, өзбек боксшысы қанша 

тырысса да, оны қуып жете алмады. 

Қорытынды есеп – 20:11.

Біржанның ендігі жекпе-жегі – өте 

маңызды. Лондон Олимпиадасы лицен-

зиясы үшін айқасады. Жалқы жолдамасы-

ның тағдыры шешілетін жекпе-жекте 

жапон Наое Иноиймен қолғап түйістіреді. 

Кеше ғана 19 жасқа келген жапон жігіті 

жартылай финалда жасөспірімдер ара-

сындағы әлем чемпионы, 16 жастағы 

тәжік Асрор Вахидовтан 21:16 есебімен 

басым түсті.

Бокстан Астанада өтіп 

жатқан Азия аймағының 

лицензиялық турнирінде 

жартылай финалдық 

жекпе-жектер басталды. 

Кеше түстен кейінгі жекпе-

жектерде екі боксшымыз 

жеңіске жетіп, біреуі 

ұтылып қалды. Әрі 

Олимпиада жолдамасынан 

үмітін біржола үзді. 

Мырзағали АЙТЖАНОВ, 

Қазақстан ұлттық құрамасының 

бас бапкері:

– Шынын айтсам, Біржанның өнеріне 

көңілім толған жоқ. Үшінші раундта қор-

ғанудың орнына, алға ұмтылды. Қателіктер 

жіберді. Бір жағынан оны да түсінуге 

болады. Жүйкесіне салмақ түсіп, жауап-

кершілік жүгі екі иығынан басып барады. 

Қиқуға басқан жанкүйерлердің айқайына 

беріліп кеткен сияқты. Бірақ ертең өз-өзіне 

келіп, Олимпиада жолдамасына қол жет-

кізуге міндетті. Әр жекпе-жекке, яғни әр 

қарсыласына өзіндік тактика қолданып, 

жұдырықтасып келеміз. Ертең де солай 

болмақ. 


ДАНИЯР ДА ҚУАНТТЫ 

Қазақстан құрамасының сапындағы 

тағы бір боксшымыз Астанадағы лицензия-

лық турнирдің ақтық айқасына шықты. 64 

келі салмақтағы Данияр Елеусінов 

өзбекстандық Өктемжан Рахмоновтан 16:7 

есебімен «өктем» түсті. Бұл жекпе-жек 

өзбек боксшысы үшін онша маңызды емес 

те еді. Өйткені алатын ли цензиясын алып 

алған. Тек турнир жеңім пазы деген атақ 

керек болмаса. Лондон Олимпиадасындағы 

басты қарсы ла сының бірі Елеусінов болып 

қалуы ықтимал болғандықтан, ол өзі үшін 

жұдырықтасып көр гендей. Бір саусағын 

бүгіп жүруі де ықтимал. Ал Даниярға бұл 

турнирден де алтын алу керек. Олимп 

лицензиясын жан қалтаға салғанымен, 

көрермендерді де қуанту керек. Енді 

соларды риза қылса, нұр үстіне нұр болар 

еді. Соны түсінген Данияр алғашқы 

раундта-ақ шабуылға көшті. Өзі бірінші 

болып соққы жұмсап, ұпай алуға көшті. 

Бірнеше мәрте дәл ұра білді. Бірінші 

раундтан кейін жерлесіміз үш ұпай алға 

ұзап шықты. Есеп – 5:2. Бапкерлер үзіліс 

кезінде де Даниярға: «Өзің бірінші болып 

соққы жаса», – деп тапсырма берді. Бірақ 

Данияр бірінші раундтағыдай емес, сыл-

быр қимылдай бастады. Дегенмен жұды-

рықтасу мәнерінен ауытқы ған жоқ. Дәл 

бірінші раундтағыдай бес соққысы дәл 

тиіп, өзіне екі соққы өткізіп алды. Соңғы 

раундта жергілікті жанкүйер дің қолдауына 

қанаттанған Елеусінов алға ұмтылды. 

Әдемі соққылар жасады. Десек те, жеңіп 

жатқандығын біліп, бар күш-жігерін 

финалға сақтаған сияқты. Қоры 

тынды 


есеп – 16:7. 

Финалдағы қарсыласы Иран және 

Түрікменстан боксшылары арасындағы 

жекпе-жекте анықталды. Атап айтқанда, 

ақтық сында Сердар Құдайбердиевпен 

жұдырықтасатын болды. 



ЛЕВИТ СЕНІМДІ АҚТАМАДЫ

Қазақ боксшыларының Лондон Олим-

пиадасында 10 салмақтың бәрінде де 

өнер көрсететін боламыз деген арман-

ойлары жүзеге аспады. Оны жоққа 

шығарған – 91 келі салмақтағы Василий 

Левит. Бейжің Олимпиадасына да осы 91 

келі салмақтағы боксшылар лицензия ала 

алмаған болатын. Бұл жолы да солай бол-

ды. Сенген серкеміз бүкіл жанкүйерді 

жерге қаратты. Левитке Сирия боксшысы 

алынбастай қамал болды. Екі жыл бұрын 

Гуанжоуда дәл осылай жұдырықтасып, дәл 

осы Гуссоннан жеңілген болатын. Сирия 

боксшысы Астана шаршы алаңына да тым 

сенімді кейіппен шықты. Екі езуінде күлкі. 

Жеңетініне сенімді сияқты. Жақын келіп, 

ұрып қалып, ұпай ала берді. Ал Левит 

секеңдегеннен басқа ештеңе істей алмады. 

Тым болмағанда, нық бір соққысымен кө-

рермендерді ырза қыла алмай, арманда 

кетті. Алғашқы раундта 4:2 есебімен Гуссон 

жеңді. Үзілістен кейін де сол қарқынын 

жоғалтпай, бес ұпай алға ұзап кетті. Бұл 

жерде төрешінің Гуссонға ескерту жасап, 

екі ұпайын алып тастағандығын да айтуға 

тиіспіз. Есеп сонда да 12:7 болды. Ал 

соңғы раундта өзінің жеңіп жатқандығын 

білген Гуссон тек соққы дарытпауға ты-

рысты. Жалпы, Левиттен жеңіске деген 

құштарлықты байқай алмадық. Қолын 

қалай болса, солай сермей береді. Тезірек 

3 минут бітсе екен деп жүргендей. 

Осылайша Гуссоннан есесін қайтара алмай, 

9:15 есебімен ұтылды. Ал Қазақ елі бір 

жолдамадан қағылды. 



Ілияс Сүлейменов те қарсыласын 

15:8 есебімен ұтып, финалға шықты.

№61 (743) 

12.04.2012 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Ең бай адамның табысы 

одан әрі арта түсті



Биыл әлемнің ең бай тұрғынының табысы былтырғыдан 

13,4%-ға өсті. Мексика миллиардері Карлос Слимнің дәулеті 

72,64 млрд долларды құрады.

«Сентидо коммун» мексикалық басылымына 

сілтеме жасаған newsru.com порталының хабар-

лауынша, Forbes өткен желтоқсан айында Слимнің 

жалпы табысының 69 млрд доллар болғанын 

жария еткен. Осылайша, ол үш жыл қатарынан 

ғаламшарымыздың ең бай адамы атанып еді. 

Биыл ең дәулетті азаматтың табысы тағы бірнеше 

миллиардқа көбейіп отыр. Сарапшылардың 

пікірінше, бұған Мексика қаржы нарығындағы 

тұрақтылық пен елдің басты сауда серіктесі – 

АҚШ-тағы экономикалық белсенділіктің артуы 

себеп болды. Бір кездегі ең дәулетті адам – Билл Гейтсті Forbes-тегі биік 

орнынан тайдырған Слим – телекоммуникация саласының магнаты, 

меценат, әрі өнердің ең құнды туындыларын коллекциялаушы. Әлемдік 

қаржы дағдарысы оның бизнесіне титтей де әсер етпеген.

Жазғы ауа райының 

құбылуы қатерлі екен



Жаз мезгіліндегі температуралық ауытқулар созылмалы дертке 

шалдыққан егде адамдардың аяқасты көз жұмуына себеп болуы 

мүмкін. Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінің мамандары алдағы 

маусымда климаттық өзгерістерден сақтануды ескертеді.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, 

ғалымдар климаттың өзгеруі әлемдегі 

жалпы температуралық фонның артуы-

на ғана емес, жаздағы ауа райы тұрақ-

сыз дығына әкеліп соғады деп отыр. 

Әсі ресе Жер шарының орташа ендігін-

дегі Франция, Италия, Испания, АҚШ 

елдері аумағында жазғы құбылмалылық 

артуы ықтимал. Бұл жайт егде адамдар 

арасындағы өлім-жітімнің көбеюіне 

себеп болады. Ғалымдар мұны 1985-

2006 жылдары жүргізілген зерттеу 

нәтижесінде дәлелдеді. Жасы 65-тен 

асқан, созылмалы аурумен ауыратын 

барлығы 3,7 млн адамның денсаулығы 

тексерілді. Зерттеудің нәтижесінде ауа 

температурасының 1 градус Цельсийге 

ауысуының өзі қарттар өлімінің 2,8-

4%-ға көбеюіне ықпал еткені белгілі 

болды. Сусамырмен ауыратын қария-

лардың көз жұмуы – 4%-ға,  жүрегі ау ы-

ра тындардың өлім көрсеткіші 3,8%-ға 

теңелген. АҚШ-тың өзінде жаздағы ауа 

райының құбылуы жыл сайын 10 мың-

нан астам өлім жағдайына себеп бола-

тын көрінеді. Бір қуанарлығы, климат-

тық өзгерістер көгалы көп қала 

тұ р   ғын  да рына  қатты  әсер  етпейді  екен.

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Қошемет, құрмет

Сығайлардың 

қазіргі атауы

Ұран


Елге тауар 

әкелуге, 

шығаруға 

мемлекеттің 

тыйым салуы

Ақ түс


Кавказдағы 

жырау


Туыстық атау

Сатурнның 

серігі

Дәндей 


берілетін 

салық


Құн

Зевстің 


сиырға 

айналған 

көңілдесі

Ұпай, баға

Залал

С. Америка. 



жеңіл аяқкиімі

Гипс


Аспан құдайы 

(шумер)


Аймақ, 

атырап


Криптон, не-

онды ашқан 

ғалым

...


Турман

Сұрыптау 

көрсеткіші

...


Ахеджакова 

(Актриса)

Нейтрон, 

протонның 

жалпы атауы

Саяси 


топтардың 

одағы


Сырткиімдік 

жүн мата


Мойынға 

тағатын 


әшекей

Сақ тайпасы

Бұтағы 

жіңішке түзу 



өсетін бұта

Заттарды 

сақтайтын 

арнаулы орын

Табиғи 

суқойма


Момыш

Білімдар, дана

Жаңа Зелан-

дия түйеқұсы



Алматтың әзілдері

Екі жігіт әңгімелесіп отыр:

– Сенің арманың бар ма?

– Бар.

– Қандай?

– Арақ пен темекіні қойсам деп ем...

– Қоймайсың ба енді?

– Бірақ адам армансыз қалай өмір сүреді?...

***

Полиция бөлімшесіне қоңырау шалынады:

– Кешіріңіздер, кеше сіздер бір баланы бұзықтығы 

үшін ұстап алып, қамап тастап едіңіздер ғой.

– Иә, бірақ ол бүгін қашып кетті.

– Уайымдамаңыздар, мен оның апасымын. Ол 

сәлден кейін барады.

– Түсінбедік...

– Байғұс баланың қарны ашып кетіпті, жаңа үйге 

келіп ас ішіп кетіп еді...

Сәуірдің 12-сі

Алаштың атаулы күні

• 1889 жылы Алаштың ұлы ғалымы, Ұлттық ғылым академиясының 

тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келді.

• 51 жыл бұрын (1961) Юрий Алексеевич Гагарин дүниежүзінде 

бірінші болып «Восток» кеме-спутнигімен ғарышқа ұшты. Ол Жерді 

бір айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін қайта қонған.  

• 17 жыл бұрын (1995) Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында Абай 

Құнанбаевтың (1845-1904) туғанына 150 жыл толуы аталып өтті.

• Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні. Сәуірдің 12-сінде 

Дүниежүзілік авиация және космонавтика күнін тойлайды. 1968 

жылдың қарашасынан бастап Халықаралық авиация федерация-

сының шешімімен бекітілген. 



Туған күн иелері

Есқали Байбосынұлы (1941) – Қазақстан Республикасы Білім беру 

ісінің озық қызметкері;



Өмірзақ Сәрсенов

 (1942) – белгілі меценат, қоғам қайраткері;



Төлеубек Мұқашев (1950) – Алматы қалалық мәслихатының 

хатшысы;


Серік Мұқанов (1953) – Алматы облысы әкімінің орынбасары;

Мұрат Аманбаев (1955) – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика-

лық университеті Халықаралық бизнес мектебінің президенті;



Рүстем Жоламан (1961) – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік 

басқару академиясының ғылым және халықаралық байланыстар 

жөніндегі вице-ректоры, экономика ғылымының докторы, 

академик;



Қайрат Айтуғанов

 (1962) – «ҚазАгро» ҰБХ төрағасының 

орынбасары; 

Ғалымжан Қойшыбаев (1968) – Қазақстанның Литвадағы 

төтенше және өкілетті елшісі.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

РҮСТЕМ – парсы есімі. Парсы тілінде бұл есімге балама басқа есімдерге 

қарағанда өте көп. Атап айтқанда, «Рүстем» деген сөз күшті, алып, алғыр, 

жүректі және қайсар деген мағына береді. 

Ауа райы

і

і

і

06,15

13,17

19,32

ТОҚТЫ

Бұл күн іскерлік бел-

сенділігіңізді арттыруға 

қолайлы болмақ. Алды-

ңыз ға жаңа мақсаттар қо-

йып, жеңіске жету үшін қо-

лы ңыздан келгеннің бәрін 

жасайсыз. Достармен кезде-

сіп, әңгіме-дүкен құруға 

сәт ті  күн.



ТОРПАҚ

Бүгін көптен бері ой-

лап жүрген жоспарлары-

ңызды жүзеге асыра ала-

сыз. Сізге көмекшілер 

табу керек, ол үшін өзіңізге 

кім ниеттес бола алатын ды-

ғын ойланыңыз. Кешке таза 

ауада бір сәт серуендеген 

жөн. 


ЕГІЗДЕР 

Бүгін өзіңізді жұмыс-

та ғы қарбалас сәтте ың-

ғайсыз сезінесіз. Сізге 

бір сарынды тыныш ыр-

ғақ 


пен жұмыс жасаған 

ұнай ды. Сондықтан күн тәр-

тібіне өз геріс енгізіңіз. Әрбір 

іске жет кілікті уақыт бөліп 

қой ған  абзал.

ШАЯН

Жаңа жоспарлар – 

іскерлік салаға да, жеке 

өміріңізге де аса қажет. 

Бүгінгі күн  сізге – барлық 

бастамалар үшін қолайлы 

болмақ. Егер өміріңізді өз-

герту туралы ойланып жү р-

сеңіз, жоспарларыңызды 

іске асыра беруге де бола-

ды. 

АРЫСТАН

Бұл күн айтарлықтай 

күрделі болады. Күні бо-

йы өзіңіз түсінбейтін қо-

лайсыз жағдайдың әсе-

рінен жайсыз күйде бо ласыз. 

Өзгерген жұмыс кес тесі және 

де қызметтегі қо сымша мін-

деттердің  кө бе юіне  байла-

нысты, тыным таппайсыз.  



БИКЕШ

Егер еңбек етуге ері н-

бесеңіз, үлкен табыстар 

мен  өте маңызды жеңіс-

ке жете аласыз. Ал жұ-

мыс қа деген құлшынысыңыз 

бен ынтаңыз төмен болса, 

сенімді серіктер іздеңіз. Бі-

рі гіп жасаған іс, сізге шабыт 

сыйлайды.    



ТАРАЗЫ

Алдыңызға қандай да 

бір нақты мақсат қоя біл-

сеңіз, күніңіз сәтті өтеді. 

Сонымен қатар дереу сол 

мақсатқа қол жеткізуге әре-

кет еткен жөн. Егер уақыты-

ңызды бос әңгімемен өткіз-

сеңіз, онда күніңіз де босқа 

өтті дей беріңіз. 



САРЫШАЯН

Бүгін көңіл-күйіңіз өте 

құбылмалы, соның кесірі-

нен өзіңізге-өзіңіз қиын-

дық тудырасыз. Мысалы, 

көзге көрініп тұрған мәсе-

лені, қайта талқылап қиын-

датып жібересіз. Бір іске бар 

ойыңызды жинақтау үшін, 

сізге тыныштық қажет. 



МЕРГЕН

Сізге бүгін қызықты 

тапсырма беріледі. Оған 

сіз шығармашылық ша-

бытпен қуана-қуана кірі-

сесіз. Сіздің жұмысыңызды 

бақылап отырғандарға ғана 

емес, басқаларға да өзіңіз-

дің ұмтылысыңыз бен құл-

шынысыңызды көрсете ала-

сыз. 

ТАУЕШКІ

Кездескен қиындық-

тарды жеңуге қолайлы 

күн. Жеңіске жету кез ке л-

ген істе оңайға соға бер-

мейді. Сондықтан ерінбей 

еңбек етсеңіз, кейін еште-

ңеге өкінбейтін боласыз. 

Пайдалы кеңестерге құлақ 

түріп жүрген дұрыс. 



СУҚҰЙҒЫШ

Бүгін басшылар сізден 

көп нәрсені талап етпейді. 

Керісінше, сізге көмек ші-

лер мен қамқоршы қол-

даушылар пайда болады. 

Олар өміріңізді өзгертіп, 

жұмысыңызды жеңілде ту-

лері әбден мүмкін. 

БАЛЫҚТАР

Бүгін алдыңыздан жа-

ңа мүмкіндіктер ашылып, 

ойыңыз өзгеруі мүмкін. 

Әрі алға қойған мақса ты-

ңыздың маңыздылығын 

тағы бір рет ой елегінен өт-

кізуге тура келеді. Жоспа ры-

ңызды кез келген жағдайда 

іске асырасыз.   

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

13



14

15

16



17

18

19



20

21

22



23

24

25



26

27

28



29

30

Сәуір 2012



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



12

+22+24

о

 

 +6+8

о

+25+27

о

 

+11+13

о

+23+25

о

 

+8+10

о

 +21+23

о

 

+11+13

о

+24+26

о

 

 +13+15

о

 

+21+23



о

 

+7+9

о

+20+22

о

 

+3+5

о

+27+29

о

 

 +4+6

о

+25+27

о

 

+9+11

о

+25+27

о

 

+11+13

о

+24+26

о

 

+4+6

о

+22+24

о

 

+4+6

о

 

+21+23

О

 

+5+7

О

  

+20+22

о

 

+7+9

о

      


+17+19

о

 

+6+8

о

 

+20+22

О

 

+8+10

О

+20+22

о

 

+0+2

о

 

+19+21

о

 

+0+2

о

№61(743) 



12.04.2012 жыл, 

бейсенбі


8

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

Газетіміздің  №60 (742)  санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Тура. Әмір. Немо. Жент. Сапа. Ати. Піллә. Ира. Көшір. Дерби. Легато. Ажуа. Анар. Нән. Ру. Фрак. Ауыт. 

ТІГІНЕН: Әулекі. Енжар. ЛОР. Тантал. Бланк. Тәкие. Шәмси. Гана. Моа. Ишпан. Пері. Тары. Арба. Аррорут.

 

 



  

ТАБИҒИ АПАТ

Әлемнің 28 еліне 

апат қаупі туралы 

ескерту берілді

Индонезия жағалауында 

бірнеше дүркін болған жойқын 

жер сілкінісінен кейін 28 

мемлекетте цунамидің қаупі 

ескертілді. Ал Индонезияның 

өзінде апаттың салдары мен 

шығыны қаншалықты болғаны 

жөнінде әзірше мәлімет жоқ.

Батыстық бұқаралық ақпарат құралда-

рының хабарлауынша, Индонезиямен бірге 

Үндістан, Шри-Ланка, Австралия, Мьянма, 

Тайланд, Мальдив аралдары, Малайзия, 

Маври 


кия, Сейшель аралдары, Пәкістан, 

Оман, Мадагаскар, Иран, БАӘ, Йемен, Банг-

ладеш, Танзания, Кения, ОАР, Сингапур және 

басқа да бірқатар елдердің аумағында 

цунами болуы мүмкін екені ескертілді. 

Индонезия жағалауларында кеше бес бірдей 

қуатты жер сілкінісі тіркелген. Алғашқы зілза-

ланың күші 8,9 балл болды. Бұдан соң магни-

тудасы 6,6 болатын екінші жерасты дүмпуі 

басталды. Зілзала ошағы Суматра аралына 

жақын маңда анықталған. Табиғи апаттың 

салдары қандай болғаны туралы мәліметтер 

әлі нақтыланған жоқ. Кеше еліміздің Сыртқы 

істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әби-

бул лаев Индонезияда зардап шеккен қазақ-

с тандықтар туралы ақпарат жоқ екенін хабар-

лады. 

Болатбек МҰХТАРОВ

ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ

К

е

зекшi  ред



ак

тор – Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ


Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1510

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №678

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiк

тi 

тiлшiлер қосыны, т



е

л.: 


388-80-62

Тар


ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 414«б»

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


н

а б


ю

росының ж

ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Диханбек 

САТЫЛҒАНОВ, 

ТЖМ департаментінің 

директоры, 

генерал-майор

(perfecting.ru)

«Алаш айнасы» газетiнiң ұжымы, осы газеттiң қызметкерi 

Күнсая Ерғазиеваға анасы

АЙШОЛПАННЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңiл 



айтады.

«Алаш айнасы» елі мен жерін 

ор айтын Алашты  батыр 

азаматтарын т рбиелеуге 

атсалыса берсін!

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал