Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.78 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Академик жазушының 

мерейтойлық көрмесі 

Бүгін Республикалық 

кітап мұражайында Ғабит 

Мүсіреповтің туғанына 110 

жыл толуына байланысты «Сөз 

зергері» атты көрме өтеді. 

«Ел іші – өнер кеніші» атты байқау өтеді деп естіп едім. Байқаудың ұйым-

дастырушылары кімдер және оның талап-ережелері қандай?

Айбол ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ, Алматы облысы

«Ел іші – өнер кеніші» атты республи-

калық телевизиялық халық шығарма шы-

лығы байқауын еліміздің Мәдениет және 

ақпарат министрлігі жариялап отыр.

Министрліктің баспасөз қызметі тарат-

қан мәліметтерге сүйенсек, байқауға рес-

публикамыздың барлық аймақтарының, 

Алматы мен Астана қалаларының көрке м-

өнерпаз шығармашылық ұжымдары мен 

15-35 жас аралығындағы жеке орын дау-

шылар қатыса алады. Байқаудың басты 

міндеті – жас дарындарды анықтау және 

таланттарға, өзіндік ерекшеліктері бар шы-

ғармашылық ұжымдар мен орындаушы-

ларға қолдау көрсету.

Байқау музыка және би, театр өнері 

және оригиналды жанр, бейнелеу және 

сәндік-қолданбалы өнер сияқты үш аталым 

бойынша өтеді.

Байқау аймақтардағы сұрыптау кезе-

ңінен құрастырылып, Астанада өткізілетін 

гала-концертпен аяқталады және БАҚ 

беттерінде жарияланады. Байқау үстіміз-

дегі жылдың мамыр-қараша айлары 

аралығында өткізіледі. Байқауға қатысуға 

өтінішті жергілікті жерлердегі мәдениет 

басқармалары қалыптастырып, байқау-

дың өткізілу мерзімі мен орны туралы ақ-

па рат ты Мәдениет және ақпарат министр-

лігіне 2012 жылдың мамыр айына дейін 

ұсына ды. Қатысушылардың шығарманы 

орын дау ұзақтығы 3-5 минуттан аспауы 

керек. Ең үздік ұжымдар мен орындау шы-

лар  Астанада өтетін қорытынды гала-

концерт ке қатысады. Байқаудың жеңім-

па зы  әділ қазылар  алқасының  шешімі 

бойынша гала-концертте анықталады. 

Байқау тура лы толық мағлұматты www.

mk.gov.kz алу ға болады.

бұл мұражайдың басты ерекшелігі: мұнда 

тек Қазақстан территориясынан табылған 

жануарлардың сүйектері орын тепкен. 

Ендігі екі мұражай – Қазақстан ғылымы 

тарихының мұражайы мен Сирек кездесетін 

кітаптар мұражайы былтыр ғана ашылған 

ғылыми инновация болып табылады. Оның 

бірі қазақ ғылымының сан қилы тарихынан 

сыр шертсе, енді бірі көне қолжазбалар 

арқылы тарихты сөйлетеді. 



Өмір ТҰЯҚБАЕВ, арабист-шығыстану шы, 

сирек кездесетін кітаптар мұражайы ның 

ғылыми қызметкері: 

– Мұражайдың басты мақсаты – 

Қазақстандағы, шетелдердегі сирек кез-

десетін кітаптарды жинақтау, толықтыру, 

талдау. Жалпы, қазақ жазба мұралары 

түрлі тарихи тағдырларды бастан кеш-

кен. Ең әуелі Қазақстан территориясын-

дағы жазба мұраларды орыс зерттеу ші-

лері мақсатты түрде жинап алып кеткен. 

Тарихта Бөкей ордасының ханы Жәңгір 

орыс зерттеушілеріне 171 кітап берді 

деген дерек бар. Төңкеріс жылдары дін 

  «Ғылым ордасындағы» 

мұражайларға жасаған саяхат, 

ондағы  қызмет кер лермен  болған 

әңгіме бізді біраз ойға қалдырды. 

Президентіміз айтқан дай, «Ғылым-

ға қызмет ету – бұл ең алдымен 

елге қызмет ету, өз зерттеуле ріңді 

халық пен қоғамға арнау». Біздің 

елімізде ғылымды өрге сүй реп келе 

жатқан ғалымдарымыз бар. Тек 

соларды ынталандыру, еңбектерін 

насихат тау, бір жаңалық ашса, соны 

тиісінше бағалау кемшін түсіп 

жатады. Осы тұрғыда болашақта 

отандық ғылымымыздың 

қарыштай түсуіне бәріміз мүдделі 

болсақ дегіміз келеді. Ғалымдар-

дың арасында бәсекелестік болса, 

оларды насихаттайтын басылым-

дар саны көбейсе, ғылымдағы 

үлкен жетістіктердің де ауылы алыс 

емес... 

Марат ӘБСЕМЕТОВ, ҚР Ұлттық мұрағатының 

директоры:

– Күләш Байсейітова – қазақ ұлтының мақтанышы, 

қазақ операсының негізін қалаушы тұлға. Күләш 1930 

жылдары Мәскеуде жүріп ән айтқанда Сталин қатты 

таңғалыпты. «Грузия әншілерінен де мықты болған бұл 

не халық?» – деп тамсаныпты. Бұған намыстанған 

груз индер Күләшті театрларына «Даиси» операсында 

ой науға шақырыпты. Сонда Күләш өзінің даусымен 

Гру зия ның сахнасында тұрып та жұртты мойындатып 

кет кен. Осыдан кейін Сталин: «Бұл қазақтың дауысы 

емес, күллі түркі әлемінің дауысы шырқап тұр», – деген 

екен. 

Раушан БАЙСЕЙІТОВА, Күләш Байсейітованың қызы:

– Өздеріңіз білесіздер, анамыз өнер адамы болып 

қана қойған жоқ, сонымен қатар Жоғарғы Кеңестің 

депутаты да болған. Сонда анамыздың барлық шаруа-

ға қалай үлгеріп жүргеніне әлі күнге дейін таңғаламыз. 

«Қыз Жібек» операсын қояйын деп жүргенде анамыз 

таңертеңгі оннан түскі екіге дейін дайындыққа баратын. 

Дайындықтан шығып, үйге келгенде үйде қаншама 

адамдар күтіп отыратын. Бәрі көмек қолын созуды 

сұрап келуші еді. Сонда анамыз шаршап тұрса да, 

ешбірінің меселін қайтармай, келген мәселесін шешіп 

беруге тырысатын. Ал кешкі сағат жетіде спектакль 

басталады. Оған дейін анамызға жақсылап тынығу 

керек. Біз де анамызды аяп: «Анашым, жатып демалып 

алсаңызшы. Мына кісілердің шаруасымен жүріп, 

демалуға уақыт таппай қаласыз ғой», – дейтінбіз. 

Сонда ол кісі: «Адамдар келіп отырғанда мен қалайша 

демалып жатамын, ұят қой», – деп, келген адамдарға 

шай беріп, ет асып, шаруасы шешілмегендерді үйге 

қондырып, ертесінде Қалалық атқару комитетіне сол 

кісілермен бірге баратын. Солармен жүріп дәрігерге 

қаралуға да уақыты болмайтын. Анамыздың жүрегі 

ауыратын еді. Дәрігерлердің өзі хабарласып: 

«Ауруханаға келіңізші, жүрегіңізді тыңдайық», – деп 

денсаулығына қарайласуды қатты тапсырушы еді. 

Кәкімбек САЛЫҚОВ, ақын:

– Күләш десе – Қыз Жібек, Қыз Жібек десе  Күләш 

еске түседі. Ал Қыз Жібек пен Күләшті байланыстырып 

тұрған Үкілі Ыбырайдың «Гәккуі». Үкілі Ыбырайдың 

«Гәккуін» Күләш Мәскеуде айтып жүргенде Үкілі 

Ыбырай халық жауы атанып, 1932 жылы атылып 

кеткен еді. Менің айтайын дегенім, Сәкен Сейфуллин 

атылып кетсе де, оның Көкшетауын ешкім тоқтата 

алмады. Сол секілді Үкілі Ыбырай атылып кетсе де, 

оның «Гәккуін» де ешкім тоқтата алмады. Күләш 

апамыздың арқасында «Гәкку» күллі әлемге әйгілі 

болды. Осы үшін Күләш Байсейітоваға рақметімізді 

айтамыз. «Жатқан жері жайлы, топырағы торқа 

болсын!» дейміз. 

 

Алдан СМАЙЫЛ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: 

– Күләш Байсейітованы түркі әлемінің бұлбұлы деп 

жатады. Шын мәнісінде, Күләш – адамзаттың бұлбұлы 

болған адам. Шындығын айтсақ, осы уақытқа дейін 

талай әншілерді тыңдап келсек те, Күләштің дауысын-

дай дауысты әлі естімедік. Одан кейін кеше ғана өмір-

ден озған Роза Бағлановадай дауыс әлі күнге дейін 

жоқ. Сондықтан да, біз осындай аз ғана қазақ өнерпаз-

дарын 100, 150 жылдығында ғана емес, ылғи еске 

алып, келе жатқан ұрпаққа үлгі-өнеге етуіміз керек. 

«Күләштей болмасаң да, ұқсап бақ» деп насихаттап 

отыруымыз қажет. Қысқаша айтқанда, «Гәкку» – әннің 

төресі, ал Күләш апамыз – қазақ әнінің гәккуі. Гәкку де 

– мәңгілік, Күләш апамыз да – мәңгілік. 

ұстанған молда, ишандар, жалпы қолы-

на кітап ұстаған қауым көп қуғын көрген. 

Шетелге қашқан молдалар, ишандар 

кітаптарын жерге көміп кеткен екен, 

кейбірі кәмпескелеуге түскен. Сондықтан 

Қазақстанда жазба жәдігерлер өте үлкен 

тауқыметті бастан кешірді. Елбасының 

бастамасымен «Мәдени мұра» бағдар-

ла масы іске асқан жылдары экспеди-

циялардың нәтижесінде 31 мыңнан 

астам жазба мұра жинақталған екен. 

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы 

кітап тарды жинап, тозығы жеткен кітап-

тар ды реставрация жасап, жүйелі түрде 

каталогын құрастырады. Бүгінде мұра-

жайда 500-ге жуық кітаптар мен қол-

жаз балар жинақталды. Қазіргі кезде 

кітап қорын толықтыру мақсатында 

Татарстандағы Лобачев атындағы кітап-

ханаға, Өзбекстандағы Әбу Райхан Би-

ру ни атындағы Шығыстану институтына 

және Ресейдің көптеген қаласындағы, 

басқа да алыс-жақын шетелдердегі 

институттар мен кітапхана қорларына, 

мұрағаттарға хат жазып, қазақ қолжаз-

ба ларын алуға, ең болмаса көшірмелерін 

алдыртуға ынталанып жатырмыз. 

Толстой Күләшқа: «Ғажайып, асыл өнер, 

сұлу, ерекше дарынды жас өнер», – деп 

баға береді. 

Күләш Байсейітова «Ер Тарғын» жы-

рын да – Ақжүністің, «Айман – Шолпан» 

спектаклінде – Айманның, «Біржан мен 

Сарада» – Сараның, Қыз Жібектің, Ажар-

дың, Хадишаның рөлдерін сомдады. 

Күләштің ең үздік туындыларының бірі 

Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» 

операсындағы Сара рөлі болатын. «Мен 

Сара образына берілгенім соншалық, 

екеуміз тіпті кейде бір адам сияқты болатын 

едік», – дейтін кейде әнші. Сара бейнесін 

сомдағаны үшін Күләшқа КСРО Мемлекет-

тік сыйлығы берілді. 

Күләш Байсейітованы әр елдің сахна-

лары да өнер көрсетуге шақырады. Ол 

грузин композиторы Палиашвилидің 

«Даиси» операсында Мароның партиясын 

орындады. Бұл өнерін КСРО халық әртісі, 

профессор Давид Андгуладзе былайша 

еске алады: «Күләш Тбилисиге келді. Біз 

қалай болар екен деп күдіктенгенбіз. Күді-

гіміз алғашқы сәтте-ақ сейілді. Мароның 

бірінші ариясының өзінде-ақ жұртты өзіне 

баурап алды. Ол өзін тамаша өнерпаз әнші 

есебінде танытты. Операда Киазо мен 

Малхаздың Маро үшін төбелесетін сәті 

бар. Сондағы Мароның жанұшырып, 

көпшілікті көмекке шақыратын шағын Кү-

ләш ерекше бейнеледі. Бүкіл зал көтеріліп, 

сахнаға шығып кете жаздады. Ол шынында 

Кеңес Одағы халықтарының бәріне ортақ 

артистка еді. Әттең, ерте дүние салды».

Міне, осылайша Күләш жасаған талай 

тамаша бейнелер қазақ опера өнерінің 

тарихынан берік орын алды. Ол орыстың, 

сондай-ақ шетел классикасының небір 

күрделі образдарын сахнаға шығарды. 

Кеше Астанада Қазақстан Республикасы 

Ұлттық мұрағаты Күләш Байсейітова атын-

дағы Ұлттық опера және балет театрымен 

бірігіп, әншінің 100 жылдығына арналған 

іс-шаралар аясында «Ғасыр бұлбұлы – Кү-

ләш» атты құжаттық көрменің тұсауын кесті. 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


№61 (743) 

12.04.2012 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Кеден ісі мамандығы бойынша алған жоғары білімім бар. Бірақ кеден 



саласында жұмыс тәжірибем жоқ. Кеден органдарына жұмысқа қабылдану 

үшін қандай талаптар қойылады?

Ерлан, 

Алматы қаласы

ҚР «Қазақстан Республикасындағы 

кеден ісі туралы» Кодексінің 479-бабына 

сәйкес, кеден органдары қызметіне рес-

публиканың жеке, моральдық, іскер лік, 

кәсіби қасиеттері, денсаулығы, физи-

калық дамуы және білімі жағынан өзіне 

берілген міндеттерді атқаруға қабілетті 

азаматтар қабылданады. Қойылатын 

талаптар: 1) ішкі істер органдарының 

әскери-дәрігерлік комиссиясы берген 

қызметке жарамдылық туралы медици-

налық қорытындысы; 2) міндетті арнайы 

тексерістің қорытындысы; 3) ҚР мемле-

кеттік қызмет туралы заң на маларында 

бекітілген біліктілік талапта рына сәйкестік. 

Қызметке қабылданғаннан кейін арнайы 

шен берілмейтін үш ай уақытқа сынақ 

мерзімі тағайындалады. Жоғарыдағы 

талаптарға сай келмейтін және бұрын 

мем лекеттік  қызметтен  жа ғым сыз  себеп-

терге байланысты аласта тылғандар кеден 

қызметіне алынбайды.

Заңды тұлғаны қайта тіркеу 

үш күнге созылады

Кеден қызметіне алынудың талаптары қандай? 



– Мейірбек Молдабекұлы, сіз 

бір сөзіңізде «ғарышқа ұшу үшін 

қазақ азаматтарының біліктілігі 

де, қарым-қабілеті де, күш-қуаты 

да жетеді» деген едіңіз. Жалпы, 

маман ретінде, сіздің болжамы-

ңызша, қазақ ғарышкерлерінің 

ғарышқа аттана алатын кезеңі қай 

тұс деп топшылайсыз? Таяу 

болашақта қазақ ғарышкерлерін 

ғарышқа аттандыру мүмкіндігіне 

қол жеткізе аламыз ба?

– Өздеріңізге белгілі, 1999 жылғы сәуір 

айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ға-

рыш керлерді ұшуға даярлау туралы» келі-

сімшарт жүргізу мақсатында Ресей Феде-

рациясына аттанған болатын. Бұл сапардың 

маңыздылығы сол – нақ осы кездесуде 

қазақ ғарышкерлерін ғарышқа ұшыру 

мәселесіне қатысты біраз жайттар шешілген 

еді. Ресей еліне ресми сапары кезінде екі 

елдің басшылары қазақстандық екі ғарыш-

керді ұшуға даярлау жөнінде келісімге қол 

жеткізген болатын. Осыдан кейін 2000 

жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республи-

касы Үкіметінің қаулысымен Гагарин атын-

дағы Ғарышкерлерді даярлау мемлекеттік 

ғылыми-зерттеу сынау орталығына сол екі 

ғарышкерді оқытуға жіберу үшін Қазақстан 

Республикасының Үкіметі жанынан ведо-

мост воаралық комиссия құрылды. 2002 

жылдың қараша айында сол комиссияның 

шешімі бойынша жаңағы екі кандидатымыз 

аталған орталыққа жалпы ғарыштық даяр-

лықтан өтуге жіберілді. Олар екі жыл даяр-

лықтан өтіп, ғарышкер-сынаушы ата ғын 

иеленеді. Алайда бүкіл әлемді шарпыған 

экономикалық дағдарыс салдарынан 2009 

жылдың күзіне жоспарланған отандық 

ғарышкерлерді сапарға аттандыру мүмкін 

болмай қалды. Ал ғарышкерлерімізді 

ғарышқа ұшырудың келесі мерзімі туралы 

айтатын болсақ, бұл мәселе мынадай 

тәртіппен шешіледі: негізінен, Халықаралық 

ғарыш стансысы – халықаралық маңызы 

бар нысан. Оның құқықтық мәртебесі 

Канада, Еуропалық Одақ, Жапония, Ресей 

Федерациясы мен АҚШ елдері үкіметтерінің 

арасындағы ынтымақтастық жөніндегі 

арнайы шарттармен реттеледі. Бұл шарт 

1998 жылы 29 қаңтарда жасалған. Халықа-

ралық ғарыш экипаждарын жасақтау мәсе-

лесін осы серіктестер реттейді. Сондықтан 

қазақстандық ғарышкерді Халықаралық 

ғарыш стансысының экипажына енгізу 

мүм кіндігі жоғарыда аталған серіктес ел-

дер мен келісімге келуді талап етеді. Әрине, 

мұндай келісімдерге келісу үшін уақыт қа-

жет. Осыған байланыстыра айтар болсақ, 

қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа аттана 

алатын нақты кезеңін айту қиын.



– Бүгінде отандық ғалымдар 

«Байқоңырды ресейліктерсіз 

жетілдіре алмаймыз» дегенді жиі 

айтады. Бұл осы саладағы маман 

тапшылығынан туған пікірлер ме, 

әлде біздегі оқып-білім алған 

мамандардың біліктілігі жарамсыз 

ба?

– Оқып даярланған, біліктілік жинаған 

мамандардың жарамсыз болуы мүмкін 

емес. Бұл мамандардың тапшылығын еске-

ріп барып айтылып жүрген пікірлер болуы 

мүмкін. Жалпы, жасыратыны жоқ, бізде ға-

рыш саласындағы мамандар жоқтың қасы. 

Осы жерде басымдық беріп айта кететін 

нәрсе – сапалы мамандарды даярлап ал-

май, ұлттық ғарышты дамыта ал май ты-

нымызды әр кезде есте ұстаған абзал.

 Өзіңіз білесіз, әр салада жұмыс сапасын 

қамтамасыз ету үшін тәжірибелі мамандар-

дың керек екені айдан анық. Сол тәрізді 

ға рыш қызметін дамыту үшін де кәсіби ма-

мандарды даярлау және олардың білікті-

лігін арттыру міндеті дәйім басты назарда 

тұруы қажет. Негізінен, бүгінде біздің 

мемлекетіміз осы күрделі саланы игеруге 

талпынғандарға жан-жақты жағдай жасап, 

қолдау көрсетуде. Мәселен, ғарыштық ма-

мандарды кешенді даярлауды ұйымдастыру 

бойынша «Қазғарыш» пен Білім және ғы-

лым министрлігі арасында ынтымақтастық 

және өзара әрекеттестік туралы келісімге 

қол қойылып, «Қазғарыштың» ұсынысымен 

ғарыш саласына арналған мамандарды 

даярлау бойынша базалық жоғары оқу 

орындары ретінде Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев 

атын дағы Еуразия ұлттық университеті, 

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника-

лық университеті, Алматы энергетика және 

байланыс институты, Азаматтық авиация 

академиясы анықталған. Қазір осы жоғары 

оқу орындарында ғарыштық техника және 

технология мамандығы бойынша маман-

дар ды даярлау жұмысы бастау алды. Атал-

мыш жоғары оқу орындарында нақ қазір 

жиыны 70-ке жуық студент мамандық 

алуда. Сонымен қатар 1996 жылдан бастап 

Байқоңыр қаласында орналасқан «Восход» 

Мәскеу авиациялық институтында 205 

қазақстандық азамат білім алуда. Осы мақ-

сатта еліміздің Білім және ғылым министр-

лігі 2008 жылдан бері жыл сайын 45 оқу 

грантын бөліп отырады. 

– Сондай-ақ «Болашақ» 

бағдарламасы бойынша да сала 

мамандарын дайындау қолға 

алына бастады емес пе?

– Иә, авиация саласы бойынша білікті 

маман дар дайындау «Болашақ» бағдарла-

ма сының аясында да жүзеге асырылуда. 

Бүгінгі таңда 58 стипендиатымыз Ресей, 

Ирландия, Малайзия, Ұлыбритания, АҚШ, 

Франция, Германия, Нидерланды, Қытай 

және Канада мемлекеттерінде өз білімдерін 

шыңдап жатыр. 20-дан астам қазақстандық 

инженер француз елінің кәсіпорындарында 

өндірістік тәжірибеден өтіп, тәжірибелік 

білім алу үшін Англияға аттанып кетті. Ал 

жақында Францияға кезекті қазақстандық 

инженерлер тобы жіберілді. Міне, осы 

жайттарды ескере отырып мысал етер 

болсам, қайсыбір қауымның «Байқоңырды 

ресейліктерсіз игере алмаймыз» деген 

пікірлерінің келешекте салмағы болмай 

қалатынын айтқым келеді. Өйткені ғарыш 

саласына қажетті білікті маман даярлау ісі 

– біздің мемлекетімізде еш уақытта назар-

дан тыс қалмайтын аса маңызды мәселе. 

«Қазғарыш» бұл бағыттағы жұмыстарға 

ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ жас аза-

мат тарымыздың ғарыш мамандықтарын 

игеруіне де қолдау көрсете бермек. 



– Жалпы, өндіріс сапасы 

көтеріліп, ғарыштық технология-

ның тілін жетік меңгеру үшін 

маман дар даярлауда қанша 

мер зім дік  уақыт  қажет  деп 

ойлайсыз?

– Негізінде Қазақстан Республикасының 

Ұлттық ғарыш агенттігі Елбасының 

Жарлығына сәйкес 2007 жылы құрылды. 

Агенттік құрылғаннан кейінгі бес жылда 

Елбасының және Үкіметтің қолдауымен 

елімізде жаңадан ғарыш саласын құруға 

бағытталған жобалар дәйекті түрде жүзеге 

асырылды. Салалық бағдарламаның шең-

беріндегі бұл жобалар Қазақстанда толық-

қанды ғарыштық өндіріс саласын құру 

жолындағы бірінші кезеңді іске асырады. 

Бірінші кезеңнің нәтижесінде елімізге 

заманауи ғарыштық технологиялар енеді 

және меңгеріледі. Толыққанды ғарыш 

саласын құру үшін екінші кезеңде (2015-

2020 жылдары) меңгерілген ғарыштық 

технологиялар негізінде отандық өндіріс 

аяғына тұрады деп үміттену керек. Бұл 

аралықта тәжірибесі бар мамандар саны 

қажетті деңгейге жетеді деп сену керек. 

Өндіріс сапасы халықаралық деңгейге 

көте ріліп, маман біліктілігі жетіліп, Қазақ-

с тан дүниежүзілік ғарыштық нарықта өзінің 

орнын табады. Бұған Алаш жұрты үлкен 

сенім артуы керек. Лайым, елде береке-

бейбітшілік болса ғарыш индустриясын да 

дамыта алатынымызға сенім мол. 



– Өзіңіз білесіз, бүгінде Ресей 

елі Амур облысында «Восточный» 

деп аталатын ғарыш айлағын сала 

бастады. «Байқоңырды» 2050 

жылға дейін жалға алған ресей-

ліктерге жаңа ғарыш айлағы асқан 

қажеттілік пе?

– Негізінде Ресей тарапының мұндай 

шешім қабылдауының бірнеше себебі бар. 

Біріншіден, кез келген мемлекет үшін өзінің 

жеке ғарыш айлағының болуы аса қажет-

тілік. Өйткені, өзіңіз ойлаңызшы, кез келген 

мемлекеттің өзінің жеке ғарыш айлағы 

болғаны дұрыс па, әлде басқа мемлекетке 

қыруар ақша төлеп, жалдаған дұрыс па? 

Сондықтан әр мемлекет өзіне тиімді 

жолдарды іздейді. Бұл – бір. Екіншіден, ке-

зін 


де Қиыр Шығыс дамымай қалды. 

Сондықтан да болар, ол өлкеде жаңа ға-

рыш айлағын салу көптеген жергілікті мәсе-

лелерді шешуге мүмкіндік береді және 

халық 

тың жаппай сол өңірден көшуін 



тоқтатады. Егер Ресей осы Қиыр Шығыста 

ғарыш айлағын салатын болса бірқатар 

мамандарға өзіндік жұмыс орны да табы-

лады. Мұндайда халықтың тұрмысы да 

жақсара түспек. Бұл – екі. Үшіншіден, ша-

ма мен 10 жылдан соң «Байқоңыр» ғарыш 

айлағының материалдық-техникалық 

базасын жаңарту мәселесі туындайды. Осы 

жерде «қаражатты материалдық-техни-

калық базаны жаңартуға жұмсаған дұрыс 

па, әлде жаңа ғарыш айлағын салуға жұм-

саған дұрыс па?» деген сұрақ туындайтыны 

рас. Егер Ресей 2020 жылға дейін аталған 

жаңа ғарыш айлағын салса, онда олар бір-

тіндеп «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға 

алудан бас тартады. 



жүктеу 0.78 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет