Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.78 Mb.

бет5/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Базаралы МҮПТЕКЕЕВ: Қазақтың жо-

ғалып бара жатқан рухани мұрасының 

ауқымды бөлігі ауыз әдебиетінде жатыр. 

Кезінде фольклорлық экспедиция деген 

болатын. Бұл халық арасындағы мұра-

лардың барлығын сақтап қалу үшін қызмет 

ететін еді. Елдің түкпір-түкпірінен салт-

дәстүрді, наным-сенімдердің озық үлгісін, 

жыраулық пен күйшілік өнерді жинаумен 

экспедиция айналысатын. Қазір бұл жоқ. 

Сол болмаған соң көп дүние де өңірлерде 

жойылып жатыр. Қазақтың тұрмыс-салт тық 

сарындары қазір ұмытылуға айналды. 

Сыңсудан бастап, жоқтауға, жарапазанға 

дейінгі мұралар қатары кеміп кетті. Күйшілік 

өнердің өзі білім ордаларында академиялық 

оқу жүйесімен шектеліп қалған. Расында, 

дәстүрлі күйшілік өнерді дәріптеушілер қай 

өңірден де табылады. Әзірше табылып тұр. 

Келер онжылдықта ондай мұраны жал-

ғастыратындар саны сиреп, біртіндеп 

жойылуы да ғажап емес. Жетісу, батыс, 

Арқа, Сыр мақамдарының мол мұрасы 

түгенделіп біткен жоқ. Шын 

дығында, 

көкірегі шежірелі бір ақсақалдан айырылсақ, 

сонымен бірге мол мұраның да кететінін 

түсінсек игі. Сондықтан да материалдық 

емес мәдени мұраны дәріптейтін ауылдық 

мектептер ашылуы керек. 



Евфрат ИМАМБЕК: Бізге байқалмаға-

ны мен, материалдық емес мәдени мұраға 

жататын ауқымды элементтер жойылудың 

шегінде екені рас. Мәселен, Алматыдағы 

мемлекеттік қуыршақ театрына кеңестер 

бере жүріп, «Ортеке» жанрын ЮНЕСКО-ға 

енгізуді ұсындым. Біз мұны музыкалық-

қуыршақ өнер мұрасы ретінде белгіледік. 

Расында, «Ортекені» 50-60 жылдары мең-

герген азаматтар болғанымен, қазіргі ұрпақ 

оны мүлдем естен шығарып алған. Тіпті өз 

ұлтының төл өнері екендігін естіп таңғалысып 

жатқандары да бар. Біз осыны ЮНЕСКО 

тізімінде тұруы тиіс деп санадық. Сонымен 

қатар «Қара жорға» биін ұсынып қойғанбыз. 

Нәтижесін күтіп отырмыз. Ол бір жарым 

жылдан кейін белгілі болады. 

Әлібек КҮЗЕРБАЕВ: Нақтылай кетейін, 

Қазақстанның Ұлттық кеңесі Қазақстан 

аумағындағы материалдық емес рухани 

мұралардың алдын ала тізбесін жасап шық-

ты. Соның ішіндегі екі мұра ЮНЕСКО-ға 

жолданды. Оның бірі – «Қара жорға» биі, 

екіншісі – «Ортеке». Ал бұған дейін өзге ел-

дердің бастамасымен ЮНЕСКО-ның тізіміне 

енген Наурыз мейрамы мен сұңқармен аң 

аулау дәстүріне алдағы уақытта Қазақстан 

да қосылуы тиіс деп ойлаймыз. Осы 

бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

ЮНЕСКО-ның талаптары на сәйкес, Наурыз 

тәрізді көпұлтты ата лымдарды ортақ мұра 

ретінде дайындап, ұсыну оңай жұмыс емес

ол көп уақытты қажет етуі мүмкін. Айталық, 

осы мұраны алғаш ЮНЕСКО-ға ұсынуға 

бастамашы болған Иран, Түркия, Әзір-

байжан, Қыр ғыз стан сияқты елдермен біз-

дің мем 


ле 

кетіміз бірлесіп ортақ өтініш, 

видео ма териал  дайындауы  керек.

Қанат ҚАЗЫ: 

- Киіз үй жасау өнерін қырғыздармен 

ортақтасып ұсынамыз деп жүрміз. Сол 

секілді түркі әлеміне ортақ дүниелер де 

жеткілікті ғой. Мәселен, «Алпамыс» 

жырының өзі бірқатар түркі жұртының 

ортақ қазы насы. Өзбектер өзіне тартып 

жатса оған шара бар ма? Бұл жағдайда 

қалай қыламыз? Бәлкім, түркілердің де 

ортақ материалдық емес мәдени мұ-

раларын жасауымыз керек шығар? 

Альмира НАУРЫЗБАЕВА: ЮНЕСКО 

ережесіне сәйкес, егер материалдық емес 

мәдени мұраның қандай да бір элементі 

бірнеше елдерде болатын болса, оларға 

өзара қосыла алады. Қосылу үшін мем-

лекеттер өзара келіссөз жүргізсе болды. 

Оның үстіне, түркі әлемінің ортақ дүниесіне 

қатысты түсініспеушілік пен талас бола 

қояды деп ойламаймын. Дегенмен ойды 

дамыта түссек, менің пайымымша, бүгінгі 

күні қазақтың материалдық емес рухани 

мұрасын түгендеуі оның ұлттық идеясына 

айналмай, мемлекет бұған ұйытқы бол-

майынша, оны түркілік әлемінің деңгейіне 

де, ЮНЕСКО деңгейіне де шығару мүмкін 

болмайды. Мұны түсіну керек. Бұл – біздің 

жалпыұлттық идеямыз. Міне, бұған терең 

мән берсек, әрбір азамат осыны түсіне білсе, 

оның өзі жалпыұлттық идеяның іргетасы 

бола алар еді. 



Саида ЕЛЕМАНОВА: Дұрыс айтасыз. 

Шынымен, ЮНЕСКО аясында қорғалатын 

қазақтың дүниесін алдымен қоғамның тұтас 

талқысына шығарып алайықшы. Біз, 

расында, материалдық емес мәдени мұ-

раны қорғауға енді ғана мойын бұрып 

келеміз. Ендеше, басынан бастағалы тұр ған 

осы кезеңде мәселені мемлекеттік жалпы-

ұлттық деңгейде көтере білсек екен. Мы-

салы, біз қазақтың күйі мен жырын ұсын-

ғымыз келеді. Мұны қоғам біліп, ол туралы 

пікірін, ұсыныстарын берулері шарт. Егер біз 

мұндай пікірлерді естуге мүмкін 

дігіміз 


болмаса, онда оны әлемдік деңгейде де 

көтеріп, басқа жұрттың ал дында да жарытып 

қорғай алмауымыз кәдік. 

Евфрат ИМАМБЕК: Шындығында, 

ЮНЕСКО тізімінде қауымдастықтың, қоғам 

тарапының бастамаларына баса назар 

аударылады. Ең алдымен ондай материал-

дық емес мәдени мұраны тасымалдаушы-

лардың пікірі тыңдалады. Осы тетікті тү сінуге 

тиіспіз. Сосын, менің ойымша, мем   лекеттен 

көп дүниені күтіп отыра бермеу керек. 

Өйткені біз бұған дейінгі жағдайымыздың, 

өскен ортамыз 

дың әсеріне орай бәрін 

мемлекет істейді, жоғары жақ шешеді деп 

үйреніп қалғанбыз. Бұдан арылып, қоғам-

ның өзі мәдениеттің қорғалуына мүдделі 

болса екен. Расында, ЮНЕСКО соған көбірек 

кө ңіл бөледі. Ал жаңағы түркі әлеміне ортақ 

дүниеге келетін болсақ, қазақ ондай дүние-

лердің бәріне «ЮНЕСКО ережесі солай 

екен» деп үсті-үстіне қосыла беруден қашуы 

керек. Ортақ дүниелердің үсті-үстіне қосыла 

берсек, одан пайда шамалы. Өйткені біз өз 

құнды лығымызбен  ерекше лене  алмай 

қаламыз. Тіпті ортақтыққа салсақ, өзіміздің 

ерекшелігіміз дің жойылып кетуі қаупі де 

туындайтыны анық. Сондықтан да біздің 

Ұлттық кеңестің саясаты өзіндік қасиетпен, 

қазақ мәдениетімен ерекшеленуі шарт. Біз 

жалпытүркілік элементтермен ортақтасып 

ұсынсақ та, қазақтың өзіндік ерекшелігін 

айрықша атап жазуымыз, көрсетуіміз 

керек. 

Қанат ҚАЗЫ: 

- Осы тұста тағы бір мәселе туын-

дайды. Мәселен, қазақтың өз ішіндегі 

мәдени-рухани мұрадан бөлек, сырт-

тағы отандастарымыз да мұраны сақ-

таушы, жеткізуші, тасымал 

даушы 

болып табылады. Жаңағы ЮНЕСКО-ға 

ұсынған «Қара жорға» биінің өзі бізге 

шеттегі қандастары мыздың жаңғыртуы 

арқылы қайтып келді емес пе? Сол се-

кілді кезінде шетел асқан қазақ тардың 

тарапынан сақталып келген мұ рамызды 

ЮНЕСКО тізіміне енгізу жайын қалай 

қарасты рамыз? 

Евфрат ИМАМБЕК: Бұл – өте орынды 

мәселе. Расында, Атажұрттан жырақта жүр-

ген қазақтың арасында жыршылар, шежіре 

көздері, әншілер – ұлттық мұраны сақтаудың 

дәнекері. Сол үшін біз Ұлттық кеңестің жа-

нынан сарапшылар мен консультант тардың 

басын қосатын арнайы комитет құрғымыз 

келеді. Бұл – бір. Екіншіден, бір мысалды 

келтіре кетейін. Қырғыз ұлтының бірден-бір 

мақтанышы саналатын «Манас» жыры 

ЮНЕСКО-ға Қытайдың бастамасымен енді. 

Анықтап айтайын, Қытайда тұратын қыр-

ғыздар «Манас» жырын ЮНЕСКО-ға енгізді. 

Осын дай болмас үшін біз де айтыстың да, 

киіз үйдің де, басқа түркілермен ортақ 

дүниеміздің де ерекшелігін көрсетіп жа-

зуымыз керек. Шеттегі қандастарымыз дың 

қолында бар мұрасын да осы жолмен жүзеге 

асыратын тетіктер баршылық. 

Қанат ҚАЗЫ: 

- Пікірлеріңізге тоқталсақ, бізге ма-

териалдық емес мәдени-рухани мұра-

ларды түгендеу үшін жалпыұлттық іс-

қимыл жоспары керек дегенге 

то     қай   ла  сатын  секілдіміз.  Сосын  бұл 

бағытта ұлттық заңнама болуы керектігі 

туралы да ұсыныс айтылды. Тағы қандай 

мәселелер өзекті? 

Альмира НАУРЫЗБАЕВА: Елімізде 

«Мәдениет» телеарнасының ашылғанына 

да біраз болды. Әйтсе де ондағы бағдар-

ламалар көңілден шыға бермейді. Бәлкім, 

жаңадан кірісіп жатқандықтан шығар. Де-

генмен бұл арна ең алдымен біздің мә-

дениетімізді дәріптесе екен. Шетелден кел-

ген деректі фильмдерді қазақшаға ау дарып 

бергеннен гөрі қазақтың төл дүниесін өзіне 

таныстырумен айналысса... Сол үшін 

«Мәдениет» арнасы аясында экспедициялар 

да өңірлерге шығып, насихаттау жүйелі 

жүр гізілсе... Бұл да үлкен күш болар еді. 

Базаралы МҮПТЕКЕЕВ: «Мәдени мұра» 

бағдарламасы шеңберінде мате риал дық 

емес мәдени мұраны жаңғырту бойынша 

бағыт қалыптасса деп ойлаймын. Әйтпесе 

жеке материалдық емес мәдени мұраны 

қорғауға арналған арнайы мемлекеттік 

бағдарлама қабылдануы керек. Өйткені 

біздің рухани дәстүріміз өте бай. Оны бір 

ғана бағдарлама шеңберіне сыйғызу да 

мүмкін емес. Мемлекет қолдау білдіріп, 

бәл 

кім, біз материалдық емес мәдени 



мұраларымыздың бір электрондық базасын 

құруымыз да керек секілді. 



Әлібек КҮЗЕРБАЕВ: Жалпы, «Мәдени 

мұра» бағдарламасы шеңберінде 2004-

2011 жылдар аралығында елімізде көп те-

ген жұмыстар атқарылғанын естен шығар-

мауға тиістіміз. Оның ішінде өзіміз айтып 

отырған рухани мұралар қайта жаң ғыр-

тылды. Мысалы, бірнеше томдық «Бабалар 

сөзі» жинағының шығуының өзі еліміздің 

мәдениеті үшін үлкен олжа болды. Одан 

бөлек, қазақтың 1000 әні мен күйі таспаға 

түсіріліп, олардың тұсаукесерлері аса қы-

зығушылықпен Астанада өткені баршаңызға 

белгілі. Міне, осы сияқты жұмыстар одан әрі 

жалғасын табады деген сенімдемін. 



Тамара ЖҰМАЛИЕВА: Бүгінгі тол қын-

ның бір ғана мақсаты болуы тиіс деп са-

наймын. Бұл – ұлттың асыл құндылық тарын 

кейінгі ұрпаққа жеткізу. Бабалар жәдігерін 

келешекке аманаттау біздің еншімізде. Өйт-

кені біз – алтын көпірміз. Ендігіде асыл қа-

зынадан айырылып, оның себебін жаһан-

дануға жаба салуға бол 

майды. Са 

налы 


жұрттың қамын жасайық, оған мүм кіндік те 

бар. Сіздердің «Алаш айнасы» газеті де осы 

ұлттық құндылықтарды түген деуге кіріссе, 

соған қосылса екен. Мате риалдық емес 

мәдени құндылық – бұл ауқымды дүние. 

Оның ішінде салт-дәстүр де, әдет-ғұрып та, 

қолөнер де, фольклор да, музыка да

әдебиет пен жөн-жоралғы да қамтылады. 

Әрбір қазақ осыған жанын аямай кірісуі 

керек. Ертеңгі күні ағылшын тілінде сөйлеп 

тұрған біздің ұрпағымыз адамзаттың асыл 

мұрасы арасынан өзінің жәдігерін адаспай 

тауып алатын болуы шарт. ЮНЕСКО тізіміне 

де сол үшін жанталасу керек. Тізім жасауды 

осы бүгін, мына Алаш тың жүгін арқалаған 

газеттен бастасақ та болады. Сонымен қатар 

қазақ азамат 

та 


рының арасында іскер 

жігіттер көп. Соларға үндеу жария лауымыз 

керек. «Ей, Алаштың азаматы, қазақтың 

баласы! Ұлттық құн ды лығыңды жоғалтпа! 

Оны адамзат өр ке ниетінің деңгейіне көтере 

біл» деп газет арқылы ұран тастасақ та 

болатын секілді. 

Қанат ҚАЗЫ: Мұны баршамыз 

құптап, ұранға Алаш баласы үн қосар 

деген үміттеміз!

Қанат ҚАЗЫ,

Астана


№61 (743) 

12.04.2012 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ӨРКЕНИЕТ


 

«Ел іші – өнер кеніші» байқауының шарттары қандай?

КСМА қандай сыйлық?

ҒЫЛЫМ


ТҰСА

УКЕСЕР


Ағартушы бейнесін 

елге танытқан еңбек

Қалжан Ахун Бөлекбайұлы 1862 жылы 

дүниеге келген. Қалжан Ахун – ғалым 

және діни ағартушы. Ол араб, парсы 

тілдерін жетік меңгеріп, Хиуа мен Бұхарада 

(Көкел-таш медресесі) жоғары білім алып

Қызылорда облысының Тереңөзек ауылын-

да ағартушылық қызметтермен айналыс-

қан. Қалжан Ахун ислам дінін насихат тау-

мен шектелмей, өз шәкірттерін шығыстың 

ғылыми және рухани бай мұрасымен 

таныстырған.  

Бұл кітап – Қалжан Ахунның немересі 

Шәмсия Уамыққызы Қалжанованың 2002 

жылы «Санат» баспасынан жарық көрген 

«Қалжан Ахун» атты кітабының 2012 

жылы қазақ тіліне аударылып шыққан 

басылымы. Кітапқа Уамық Қалжанұлының 

және оның замандастарының ҚР Ғылым 

академиясының, М.Әуезов атындағы Өнер 

және әдебиет институтының мұрағатта ры-

нан табылған өлеңдері енгізілді. Кітапта 

қазақ халқының тарихында күрделі із қал-

дырған XIX ғасырдың тарихи кезеңдері 

орын алған. Автор Қалжан Ахунның өмірі 

мен еңбек жолын, жарқын бейнесін еліне 

танытқан, ұрпақтарына жеткізген, әкесінің 

адал еңбегін теріс таныған кеңестік саясат-

тың қудалауына ұшыраған Уамық пен Ма-

ғұ мардың еңбектерін ашып жазған. Тұсау-

кесерге автордың отбасы, мемлекет және 

қоғам қайраткерлері, кітапхана оқырман-

дары мен қызметкерлері қатысты.

Құралай ҚОҢЫР

Кеше ҚР Ұлттық 

кітапханасында Шәмсия 

Қалжанованың «Санат» 

баспасынан жарық көрген 

«Қалжан Ахун» атты кітабының 

тұсаукесер рәсімі өтті.

ТАҒЗЫМ


Күләш Байсейітова сахна төрінде ширек 

ғасырға жуық уақыт қана өнер көрсетсе 

де, қазақ операсының мәңгілік мақтаны-

шына айналды. Жастайынан әкесі Жасын-

ның айтқан жыр-дастанына қанығып 

өскендіктен де: «Ән менің жас күнімнен 

серігім еді, – дейді екен Күләш Байсейітова. 

– Әкем домбыра тартып, ән салатын. Әнге 

деген сүйіспеншілігім маған сол кісіден 

дары ды. Ол әндерде жабыққан көңілдің 

мұңлы сазы, келер күннен күткен асыл 

арман естілетін. Осы жарқын заманның 

лебі есетін».

1936 жылы Қазақ өнерінің Мәскеудегі 

тұңғыш онкүндігінде үлкен театр сахна-

сында Күләш Байсейітова Қыз Жібектің 

рөлін сомдап, «Гәкку» ариясын орындайды. 

Осылайша қарапайым қазақтың қызы 

өзінің дарынымен күллі жұрттың жүрегінен 

орын алады. Сол жылы ол әлемге әйгілі 

Станиславский, Нежданов, Немирович-

Данченко секілді режиссерлермен қатар 

КСРО халық артисі атағын алады. Ол кезде 

Күләш небәрі 24 жаста еді. 

Осыдан кейін қазақ бұлбұлының өне-

рі не тәнті болған орыс жазушысы Алексей 



Қазақтың Күләші – адамзаттың бұлбұлы 

Қазақстан ғылымы бір ортаға шоғырланды 

Еліміздегі ғылымды дамытудың маңыз-

дылығын жиі-жиі қадап айтатын Елбасының 

бастамасымен соңғы жылдары Қазақстан 

ғылымы біршама жетістікке жетті. Әсіресе 

ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 

қабылданған «Ғылым туралы» Заң ғылым-

ның дамуына жаңа серпін берді деуге бо-

лады. Соңғы уақыттарда ғылым саласында 

атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде 

республикамыздағы ғылыми жұртшылық 

ғылым мен білімді дамыту мақсатында бір 

ортаға шоғырландырылды. 

Роза КӘРІБЖАНОВА, «Ғылым ордасы» 

РМК бас директоры: 

– Біздің орталықтың басты мақсат-

тарының бірі – Қазақстан ғылымының 

тарихы мен бүгінге дейінгі жетістіктерін 

ғылым-білім және мәдени-ағартушылық 

қызмет арқылы көпшілікке насихаттау. 

«Ғылым ордасы» РМК ғимаратының 

жалпы аумағы – 40 мың шаршы метр. 

Осы аумаққа Қазақстан Республика сы-

ның Ұлттық академиясы, 11 ғылыми-

зерт  теу институты, қорында 6 миллионға 

жуық кітабы бар Орталық ғылыми кітап-

хана, академик Қ.Сәтбаевтың мемор-

иал дық мұражайы, үлкен зал, концерт 

залы, кино залы, кіші зал, қысқы бақ жә-

не сурет галереясы орналасқан. «Ғылым 

ордасы» сынды көпфункциялы орталық 

ғылым және білім, мәдениет салаларын-

Бүгін – Қазақстан ғылымының күні. Бұл айтулы күннің қазақ 

ғылымының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті қазақ геологі, 

қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің 

өзінде үлкен мән бар. Қаныш Имантайұлы алғаш Қазақ КСР Ғылым 

академиясының негізін қалап, өзі осы ғылым ордасының тұңғыш 

президенті атанған еді. Кезінде академик Қ.Сәтбаевтың тер төгуімен 

1948-1953 жылдары салынған Ғылым академиясының ғимараты 

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде 

«Ғылым ордасы» атты көпфункциялы республикалық мемлекеттік 

кәсіпорынға айналды. Таяуда осы «Ғылым ордасына» шоғырланған 

бірнеше мұражайдың қызметкерлері журналистерге арнайы саяхат 

ұйымдастырып, ғылым орталығында атқарылып жатқан іс-

шаралармен кеңінен таныстырды. 

да қызмет ететін құрылымдар дың мүд-

делерін жүзеге асыруға қол ұшын бере ді. 

Мұнда  көптеген  диалог  алаңы  ұй  ы  м -

дастырылып,  конферен ция лар,  сим-

позиумдар, ғылыми форумдар, дөң гелек 

үстелдер, семинарлар, шығар машылық 

кештер, көрмелер өтіп тұра ды. 

«Ғылым ордасы» республикалық 

мемлекеттік кәсіпорнында бізді қатты 

қуантқан жағдай: мұнда кітапханатану, 

мұражай ісі, ғылыми тарихнама салаларын-

да келелі істер атқарылып, ғылыми-техни-

калық бағдарламалар мен жобалар әзірле-

нуде екен. Сондай-ақ бір орталыққа 

бір не ше ғылыми мұражай кешені шоғыр-

ла ныпты. Ондағы негізгі мұражайлар – 

Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы, 

Табиғат мұражайы, Археология мұражайы

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. Қа-

зақстанда алғаш құрылған Ғылыми мұра-

жайлар кешені ғалымдардың, мұражай 

қызметкерлерінің, дизайнерлер мен сурет-

шілердің, инженерлердің басын біріктіру 

арқылы іргелі істерді атқаруға негізделген. 

Аталған мұражайлардың экспозицияла-

рының құрамына ғылыми жұртшылық үшін 

де, түрлі әлеуметтік бұқара үшін де қызығу-

шылық тудыратын зерттеулер, ғалымдардың 

интеллектуалдық еңбектері енген. Мұра-

жай 


лар кешеніне кіретін әр мұражайда 

белді-белді ғалымдар, ғылыми қызметкер-

лер қызмет етеді. БАҚ өкілдерін осы мұра-

жайларға саяхат жасатып, ондағы әрбір 

экспонат туралы кеңінен мағлұмат берген 

ғылыми қызметкерлер болашақта жазылуы, 

насихатталуы тиіс біршама қызықты дерек-

термен бөлісті. 

Біздің елімізде Археология мұражайы 

1973 жылы белгілі тұлға Д.Қонаевтың ұсы-

нысымен алғаш ашылып, онда Ә.Марғұлан, 

А.Нүсіпбеков, К.Ақышев, М.Қадырбаев 

сын 

ды ғұлама ғалымдардың еңбектері 



орын алып, ғылыми-зерттеу базасына ай-

нал ған болатын. Қазақстандық археология-

ның ең маңызды жәдігерлерінің бірі – Есік 

қорғанынан табылған «Алтын адам». 

Өткен ғасырда құрылған көне мұражай-

лардың тағы бірі – Табиғат мұражайы. Мұн-

дай палентологиялық мұражай академик 

Қ.Сәтбаевтың көрегендігімен 1958 жылы 

құрыла бастап, ресми түрде 1961 жылы 

ашылды. Геология ғылымы үшін Қазақстан 

территориясынан табылған жануарлардың 

сүйектері өте маңызды. Бүгінде мұражай 

бірнеше жылдық үзілістен кейін қайта 

жаңғырып, жаңаша бағытта қызмет етуде. 

Қайта өңделіп, қалпына келтіріліп жатқан 

Табиғат мұражайында бүкіл әлемді таңғал-

дырған экспонаттар қойылған. Сондай-ақ 

Айнұр СЕНБАЕВА

Салтан СӘКЕН

Күләш... Құйқылжыған 

әсем дауысымен күллі 

қазақ жұртына, қазаққа 

ғана емес, әлемге мәшһүр 

болған қазақ бұлбұлы. Әлем 

сахнасының төрінде аса сирек 

кездесетін колорантуралық 

сопрано даусымен талайды 

мойындатқан қазақтың 

маңдайына біткен жарық 

жұлдызы. Түркі халқының 

даусына айналған әнші. Сұлу 

сырлы әнімен қанқұйлы 

Иосиф Сталиннің өзін 

тамсандырып, таңдай 

қақтырған, бас идірткен 

күміс көмей ән падишасы 

Күләш Байсейітованың биыл 

100 жылдығы. Қамшының 

сабын дай ғана ғұмырында 

жарқ етіп өткен «қазақтың 

шоқжұлдызы» артында өшпес-

тей із қалдырды. Ол із бүгінде 

қазақтың дарынды жастарына 

мәңгілік жол сілтеп қала 

бермек. 

КҮЛЛІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДАУЫСЫ ШЫРҚАП ТҰР

Елімізде жаңадан бір музыкалық сыйлыққа байқау жарияланғаны рас па? Ол 

қандай сыйлық? Кімдерге беріледі екен?

Жанар АЙДАРБЕК, Астана

Ағылшынша Kazakhstan Chosen Music 

Awards деп аталатын бұл сыйлықтың қыс қаша 

атауы – КСМА.  Мақсаты қазақстандық әнші-

лердің ендігіде Азия, Еуропа елдерінің әнші-

лерімен теңесерлік сапалы музыка жасауына 

мүмкіндік туғызу болса керек. 

Үздік орындаушы, музыкалық продюсер, 

ұлттық әртіс, домбырашы, сондай-ақ үздік 

монтаж, дыбыстық режиссер, хореогра фия-

лық жұмыстар, үздік музыкалық жүр гізуші 

және т.б. 27 аталым бойынша бері летін КСМА 

сыйлығының бас үйлестірушісі – көпшілікке 

цирк өнерпазы, сондай-ақ «Екі жұлдыз» жоба-

сының қатысушысы ретінде жақсы таныс 

Мұрат Мұтырғанов.  

KCMA сыйлығы ғаламтор мен ұялы теле-

фонның SMS хабарламасы арқылы дауыс беру 

негізінде жүргізіледі, сондай-ақ халы қаралық 

аудиторлық компанияның дауысы да есепке 

алынады. Байқау қорытындысы  мен сыйлық-

тар ды тапсыру қазанның үшінші сенбісінде 

өткізіледі, 21 қазанда гала-кон церт болады, 

оған байқау мүсіншелерін ие лен ген жеңім паз-

дар мен шетелдік орындаушылар қатысады.

Қазақ әдебиетіндегі әңгіме, очерк, пуб-

ли цистика, повесть, роман, драма жанр-

ларының қалыптасып, дамуына айрықша 

үлес қосқан, сондай-ақ әдеби сын мен 

әдебиеттану саласында да үлкен еңбек 

сіңірген әдебиетші ғалым әрі ірі аудармашы 

Ғабит Мүсірепов – майталман сөз зергер-

лерінің бірі. Қаламгердің қазақ әдебиетіне 

қосқан үлесі зор. Заңғар жазушының 110 

жылдық мерейтойына арналған көрмеге 

1955 және 1992 жылдары шыққан таңда-

малысының үш томдығы, 1935 жылы ба-

сыл ған – «Қыз Жібек», 1945 жылы басыл-

ған ең алғашқы кітабы – «Қазақ батыры», 

1948-1950 жылдары жарық көрген – 

«Ана туралы аңыз», «Қозы Көрпеш – Баян 

сұлу», Мәс кеуде орыс тілінде басылған 

«Амангелді», «Оянған өлке», «Ұлпан» атты 

роман-по вес тері  қойылған. 

Социалистік Еңбек Ері, академик жазу-

шының шығармалары әлем тілдеріне көп 

аударылғаны белгілі. Солардың ішінен 

мұражайдағы көрмеден венгр, чех, словак, 

латын, орыс тілдерінде сөйлеген «Солдат 

из Казахстана», «Ұлпан» романдарын кө-

руге болады. Осы шығармалардың ішінен 

жазушының «Қазақстан Республикалық 

кітап музейіне сыйға тартамын» деп өзі 

жазып, қолтаңбасын қалдырған, автордың 

тұңғыш рет 1945 жылы араб әрпімен ба-

сы лып шыққан «Қазақ батыры» атты кіта-

бының маңызы ерекше. Сондай-ақ көр-

меге жазушының өзі пайдаланған қаламы 

мен көзәйнегі де қойылған. Көрме сөре сі-

нен атақты суреткердің шығармашылығын 

зерттеген Ә.Тәжібаев, Ш.Елеукенов, М.Қа-

ра 


таев, Ә.Нарымбеков, Н.Ғабдулин, 

 

Ж.Мол дағалиев тәрізді ғалым-жазушы-



лардың еңбектерімен де танысуға болады. 

Көрмеге Алматы қаласының зиялы қауы-

мы, академик жазушының қыздары Гүл-

нар, Гауһар Мүсіреповалар, Ғ.Мүсіре пов-

тің жұбайы Раиса Мұхамедиярова, 

әдебиетші ғалым Темірхан Тебегенов, жа-

зу шы Нұрдәулет Ақыш, ақын  Әділғазы 

Қа йырбеков тағы басқа да зиялы қауым 

өкілдері қатысып, Ғ.Мүсірепов атындағы 

№86 мектеп оқушылары өнерлерін көрсе-

теді.

Ғ.Мүсірепов көрмесі жазушының сирек 



құжаттарымен, фотосуреттерімен, мерзімді 

басылымдардағы мақалаларымен, заман-

дастарының ол туралы айтқан сөздерімен 

көркемделген.

КӨРМЕ



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал