Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.72 Mb.

бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Ұлттық бірыңғай тестіге қатысты 

бірқатар өзгерістер болатыны туралы 

баспасөзде айтылып жатыр. Мән-жай-

ды ашып айтсаңыз?

– 2011-2012 оқу жылында Ұлттық бір-

ы ңғай тесті бұрынғы формат бойынша 

өткізіледі. Дегенмен министрлік тарапы-

нан тесті өткізудің ережесін жетілдіруге 

және оның мазмұнын арттыруға бұрынғы-

дан да қатаң талап қойылады. Тест тапсыр-

маларының сапасына қатысты да бірқатар 

жұмыстарды жүзеге асыруды көздеп отыр-

мыз. Айта берсе, мәселе баршылық. Мәсе-

лен, қазіргі кезде мектеп оқушыларын тек 

ҰБТ тапсыратын пәндер бойынша ғана да-

йындап, басқа пәндерге көп көңіл бөлінбей 

келеді. Білім беру ұйымдарының көбі тү-

лек терді тестіге дайындағанда осындай 

бір жақтылыққа ұрынуда. Мектепте жал-

пыға міндетті мемлекеттік білім беру стан-

дарттарына сәйкес, барлық пәндер бойын-

ша талаптар бірдей орындалуы қажет. 

Сон дықтан да осындай күрмеулі мәселе-

лерді жүйелі түрде шешуді қарастыру қа-

жет. Осы ретте болуы мүмкін шешімге кел-

сек, бұл – тестілеуді өз алдына бөлек екі 

кезеңге бөлу. Оның біреуі орта мектеп кур-

сы үшін қорытынды аттестаттауға бағдар-

ланған ұлттық тестілеу болса, екіншісі жо-

ға ры оқу орындарына қабылдау емтихан-

дары болады. Бұған сәйкес, екінші кезең-

нен жоғары оқу орындарына түсуге ниет 

білдірген бітірушілер ғана өтетін болады. 

Мұндай жағдайда тест тапсыру жоғары 

оқу орындары мен жекелеген мамандық-

тар дың ерекшеліктерін ескереді. Бұл үшін 

мүмкіндіктер Қазақстан Республикасында 

білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл-

дарға арналған мемлекеттік бағдарлама-

сында қарастырылған, яғни 12 жылдық 

білім беру жүйесіне көшумен бірге іске 

асы рылатын болады. Аталған форматты 

ен  гізу арқылы, біріншіден, тестілеудің бі-

рінші кезеңінде қорытынды аттестаттау ке-

зін де және екінші кезеңде мамандықтарға 

бай ланысты блоктар бойынша өткізілетін 

түсу емтихандарына арналған тестілеуге 

қатысу үшін мектепте барынша көп пәндер-

ді оқып, дайындалуға мүмкіндік береді. Ал 

бұл әрекетіміз арқылы біз тек тестілеуге 

қатысты пәндерді ғана оқытудан арылып, 

керісінше, мектепте оқытылатын басқа да 

пәндердің мәртебесін көтеретін бола-

мыз. Екіншіден, жоғары оқу орнына түсу 

үшін мамандықтарды таңдау мүмкін-

діктерін кеңейтуге жол ашамыз. Үшін-

шіден, жоғары оқу орнына түсу жөніндегі 

тестілеуді сапалы өткізуді және жоғары 

оқу орнына түсу үшін сапалы іріктеуді 

(неғұрлым  дайын дал ған  талапкерлерді) 

қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз. 

Әрине, бұл бүгін ғана бай қалып отырған 

құбылыс емес. Министрлік жанындағы 

арнайы жұмыс тобы аталған форматты 

2008 жылдан бастап талқылап келеді. 

Жалпы, жұртшылықтың ой-пікірлері мен 

көзқарас-ұстанымдары дұ рыс. Ендеше, 

қандай да бір өзгерістер болып жатса, 

оның баршасы қоғам үде сінен туындаған 

талаптарды орындауға, жүйені әлемдік 

өркениетпен ықпалдас тыруға бағытталады 

деп айтқым келеді. 

– Білім беру сапасы педагог кадр-

лар әлеуетіне тікелей байланысты де-

сек, елімізде білікті педагогтердің қар-

таюына, мамандардың бәсекеге қабі-

лет тілігінің төмендігіне байланысты да 

проблемалар баршылық. Ендеше, жас-

тарды осы мамандыққа тартудың не-

гізгі идеясы қандай? Ұстаздың беделін 

көтере түсуге не жетпей жатыр?

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбіш-

ұлы Назарбаев өзінің Жолдауында: «Біз 

мұғалім мәртебесі мен абыройын қайта-

руға міндеттіміз», – деп атап көрсеткен бо-

латын. Осы бағытта біршама жұмыстар 

атқарып жатырмыз. Мәселен, «Білім тура-

лы» Заңға педагог мәртебесі туралы жеке 

тарау енгізілді. Аталған тарауда «мемлекет 

қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерек-

ше мәртебесін таниды және кәсіптік қыз-

метін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды» 

деп анық жазылды. Заңның осы тарауын 

орындау мақсатында қазіргі кезде педагог-

терге көтерме ақы беру, тұрғын үй алу үшін 

ұзақ мерзімге жеңіл несие беру, бар лық 

мұғалімдерді тегін медициналық тексеру-

ден өткізу, білім беру гранттарын та-

ғайындау, ауылдық жерлерде коммунал-

дық шығынды өтеу үшін жылына бір рет 

қаражат бөлу, жалақыға 25 пайыз үстеме 

ақы төлеу мәселелері шешіліп жатыр. 2005 

жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет сала-

сы қызметкерлерінің еңбекақысы, оның 

ішінде мұғалімдердің жалақысы 32%-ға, 

2007 жылы 30%-ға, 2009 жылы 25%-ға, 

2010 жылдың 1 сәуірінен 25%-ға, 2011 

жыл дың 1 шілдесінен 30%-ға өсті. 2011 

жыл дың 1 қыркүйегінен мұғалімдердің бі-

лік тілік санаттары үшін үстеме жалақы 

қосылды. Бұдан бөлек, ауылдық елді ме-

кендерге жұмыс істеу және тұру үшін кел-

ген мамандарға 70 еселік айлық есептік 

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР білім және ғылым министрі:

Ұстаздың мәртебесі 

тек қана жалақының 

өсуімен өлшенбейді

Қайың сөлі қандай ауруларға ем?



Теміржол мекемелері жолаушылардың жүгін мерзімінен 

кешіктіріп жеткізіп бергенде немесе басқа да кемшіліктерге 

жол бергенде кінәлі тұлғаларға қандай жауапкершілік 

қарастырылған?

Өтебай БАЙГЕЛДИЕВ, Ақмола облысы

«Теміржол көлігі туралы» Заң

-

ға сәйкес, егер тасымалдаушы 



жүк ті жеткізу мерзiмінiң өтiп кет-

кенi өзiнiң кiнәсiнен болмаға нын 

дәлелдей алмаса, жүк алу шыға 

кешіктірілген әр тәулік үшін, 

соның iшiнде тiкелей аралас 

қатынаста тасымалдаған кезде 

жолдың темiржол бөлiгi үшiн та-

сымал төлемiнiң 5 пайызы мөл-

шерiнде, бiрақ тасымал төлемiнiң 

50 пайызынан аспайтын мөл-

шерде айыппұл төлейдi. Тасы-

мал даушыға тиесiлi емес бос 

вагондарды жеткiзiп беру мер-

зiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн де 

тасы малдаушыдан осы мөлшерде 

айыппұл алынады. 



Қайың шырынының құрамы қандай заттардан тұрады? Бұл 

сусын қандай ауруларға ем? Оны қандай елдер өндіреді?

Жантас АТЫРАУБАЙ, Алматы қаласы

Медициналық  оқулық тар дың 

мәлі метінше, қайың шырыны құ-

ра мында илік зат тар, эфир май-

лары, дәру мендер мен микро-

элементтер және 2% мөл шерінде 

жеміс қанты бар. 10-нан астам 

ор ганикалық  қыш қыл дан  тұратын 

шырынның бір гра мының тығыз-

дығы – 1,0007-1,0046 мл-ге 

тең.  Ха лық тық  ме ди цина  қайың 

сөлін  ағза ны  ны ғайт қыш,  зәр 

айда ғыш  дәрі  ре тін де  қолданады. 

Сонымен бірге қы шыма, темі-

реткі немесе безеу пай да бол ған-

да теріге жа ғады. Қайың шы-

рыны шаш тың түсуін тоқ татады. 

Сусын өк пе, бүй рек, рев матизм 

ауруларына да ем бола алады. 

Әлемде бұл шырын ды өндіру 

жөнінен Беларусь, Украина және 

Ресей елдері көш бас тайды. КСРО 

ке зінде бұл елдерде қайың сөлін 

өндірудің ұзақ жыл дық тәжірибесі 

қалып тасқан. 

Кешіккен жүк үшін қандай жаза 

қолданылады?

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ

Ертеңгі елдің тұтқасы – бүгінгі ұрпаққа сапалы білім беріп, адам-

гершілік жағынан тәрбиелеуде жұмылып еңбек еткен жөн. Әсіресе 

қоғам дамуын тұлға дамуымен барынша тығыз байланыстырып 

отырған қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында бұл аса өткір 

мәселелердің біріне айналып отыр. Білім беру жүйесі білімді 

тереңдетуге бағытталған ұмтылысын сақтай отырып, өзінің басым 

бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан кемелде-

нуіне аудара бастады. Демек, бұл – заман талабы. Әлемнің оқыту 

технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, 

Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ, түпкі мақсаты – баланы 

жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни бірінші орында баланың 

білім, білігі мен дағдысы емес, жеке тұлғаның білім алу арқылы да-

муын қояды. Бұл мәселені мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, 

инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз бен келелі 

тәлім-тәрбие беретін ата-ана ғана мүлтіксіз атқара алады. 

АЛАШ-АҚПАРАТ

Ақтөбелік Олег Кочанов анасын өлті-

ріп, үйді жауапкершіліктен қашып жарған 

болуы да мүмкін. Бірақ бұл – болжам ға на. 

Сот-медициналық сараптамасы  әлі  аяқ-

талған жоқ.

Ақтөбені дүр сілкіндірген осы оқиға дан 

соң Олег Кочановтың көршілері жа зық сыз 

жапа шеккендерін айтып, қала бас шыла-

рына  шағымданған болатын. Жа ры лыстан 

зардап шеккен үйді тексере келе, арнайы 

комиссия  «тұрғындарға қар жылай көмек 

қажет» деп шешті.

Махамбетов көшесіндегі ескі үй екі 

қабатты. Үйдің бірінші қабатындағы алты 

пәтер толық бүлінген. Соның бірін де Олег 

Кочанов анасымен бірге  тұрған екен. «Ақ-

төбе қаласының тұрғын үй инспек ция сы 

бөлімі» ММ бастығы Жұлдызбек Бей сем-

биннің айтуынша, Кочановтардың пәтері 

жөнделуі екіталай. Өйткені әлі күнге  бұл 

пәтердің мұрагері  табылған жоқ. 

Қала басшылары демеушілердің көме-

гімен тұрғындардың бүлінген  дүние-

мүліктерінің де орнын толтыруды ойлас-

тырып отыр. Бірақ жалпы қанша қаржы  

жұмсалатындығы  туралы  мәлімет әзірше  

құпия. 

Жаңагүл  НИЯЗМАҒАНБЕТОВА,

Ақтөбе

Биыл ақпанның 2-сіне 

қара ған түні Олег Кочанов 

есімді азамат жарып жіберген 

Ақтөбенің Махамбетов 

көшесіндегі №20 үй жергілікті 

демеушілердің қолдауы-

мен  жөнделетін болды. 

49 жастағы маскүнем газ 

толтырып, жарып жіберген 

үйдің бірінші қабаттағы 

бес пәтері қатты бүлінген 

еді. Кейін полиция Олег 

Кочановтың пәтеріндегі 

еденнің астынан  оның қарт 

анасының мүрдесін тапты.

Жарылған 

үй жаңаланбақ

2009 жылдың қазан айында Ақтөбе 

облысы, Шалқар қаласынан 10 шақырым 

жердегі қалың қамыс арасынан адам сү-

йектері табылған еді. Кейін оның 1974 

жы 


лы туған жергілікті тұрғын екендігі 

анық талды. Сүйегі қамыс арасынан табыл-

ған әйел 2009 жылдың маусым айында 

із-түз сіз жоғалып кеткен.

Сол жылы жазда жоғалған тағы бір 

әйел, 30 жастағы мұғалімнің мәйітін по-

лиция өткен аптада тапқан болатын. Үш 

баласы бар келіншекті зорлап, өлтіріп, 

мәйітін өртеп, қала сыртына көміп кетті 

де ген күдікпен төрт жігіт тұтқынға алынды. 

Кү діктілер – 27 мен 32 жас аралығындағы 

Шалқар қаласының тұрғындары. Тер-

геу кезінде олар мұғалім келіншекті және 

қамыс арасынан табылған әйелді де өлтір-

ген дерін  мойындаған. 

Күдіктілердің айтуынша, 2009 жыл-

ғы маусымның 7-сі күні олар 37 жас тағы 

әйелмен бірге Шалқар көлінің жаға ла-

уында спирттік ішімдік ішкен, араларын-

да жанжал туындаған соң, жәбірленушіні 

суға батырып өлтіріп, мәйітті қамыстың 

арасына тастап кеткен. «Осы дерек 

бойынша ҚР ҚК 96-шы «Адам өлімі» 

бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды» 

деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД 

баспасөз қызметі.



Жаңагүл НИЯЗМАҒАНБЕТОВА,

Ақтөбе

Ақтөбе облысының 

Шалқар қаласында мұғалім 

келіншекті айуандықпен 

өлтірді деп айыпталып 

отырған  төрт  жігіттің тағы 

бір әйелдің өліміне себепкер 

екендігі анықталды. Бұл 

екі қылмыс та 2009 жылы 

жасалған. Полиция оны араға 

үш жыл салып ашты.

Әйел өлтіргендердің 

тағы бір қылмысы 

ашылды

көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдем-

ақы, тұрғын үй сатып алу үшін несие бері-

луде. 


Педагогтің мәртебесін жоғарылату 

Қазақстан Республикасындағы білім бе-

руді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасының 

басты бағыттарының бірі болып отыр. Пе-

дагог мәртебесін жоғарылату барысында 

2013 жылдан бастап ваучерлік жүйе ар-

қылы педагогтің біліктілігін арттыру; бейін-

дік мектеп үшін педагог-магистрлерді 

дайындау жүйесін жетілдіру; 2015 жылы 

жалақыға қосымша үстемақы қосу, мұғалім 

жалақысын экономикадағы орташа дең-

гей дегі жалақы мөлшеріне жеткізу; «Бола-

шақ» бағдарламасы арқылы ағылшын 

тілінде сабақ беретін мұғалімдерді дайын-

дау қарастырылған. Жалпы, былтырғы 

жаңа оқу жылынан бастап жоғары санат-

та ғы мұғалімдер мен өндірістік оқыту ше-

берлері біліктілік санатына қарап, қыз-

меттік жалақысынан 100 пайыз қосымша 

ақы алады. Бұған қоса, еңбекақы төлеудің 

жаңа үлгісі – біліктілік санатына және нә-

тижеге бағытталған еңбекақы төлеу тетігін 

енгізуді көздеп отырмыз.

Тоқтала кететін тағы бір жайт, ұстаздың 

мәртебесі тек қана жалақының өсуімен 

өлшенбейді. Ұстаздың мәртебесін жоғары 

деңгейге көтеру үшін ұстазға қоғам, ата-

ана, оқушы тарапынан қошемет көрсетіліп, 

мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау 

жасалуы шарт деп білемін. Бұл үшін педа-

гог кәсібін, озық тәжірибе және үздік педа-

гогтердің жетістіктерін белсенді насихаттау-

ды дұрыс жолға қою керек. Министрлік 

осы бағыттағы шараларға баса дем беруді 

ойластырып жатыр. Мәселен, былтыр ма-

тематика мұғалімдерінің I съезі, информа-

тика мұғалімдерінің «Алтын диск» конкур-

сы, «Талантты мұғалім – қабілетті балалар-

ға» атты VI республикалық олимпиада, 

«Отбасы, мектеп, қоғам – игілікті болашақ 

үшін бірге!» тақырыбында республикалық 

педагогикалық форум, «Тәуелсіздік және 

қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тарихи 

сабақтастығы» атты қазақ тілі мен әдебиеті 

мұғалімдерінің республикалық семинар-

кеңесі, «Құрметтейік ұстазды!» атты шара-

лар – осының дәлелі.

Келелі тағы бір мәселе – оқушыны бі-

лім мен сусындататын ұстаздың өзінің білім 

сапасы. Сондықтан да педагогтердің білік-

тілігін арттыру жүйесін түпкілікті қайта қа-

растырудамыз. Назарбаев зияткерлік мек-

тептері жанынан құрылып жатқан Пе да-

гогикалық шеберлік орталығы мен «Ұлттық 

педагогтердің біліктілік арттыру орталығы» 

холдингі осы жүйені жаңғыртудың негізгі 

тұғыры болмақ. Ол барлық облыстық бі-

лік тілік арттыру орталықтарын және Қазақ-

стандағы жетекші бес педагогикалық жо-

ғары оқу орнындағы орталықтарды бірік-

тіретін болады. Жалпы, мұғалімдерді қайта 

даярлауда ваучерлік-модульдік жүйенің 

маңызы зор. Осы жүйе шеңберінде мұға-

лімдерге біліктілікті арттыру курсынан өту-

дің орнын және уақытын таңдау мүмкіндігі 

туып отыр. Одан басқа, біз жаңа формация 

педагогтерін даярлау мен олардың білік-

тілігін арттыруды халықаралық «Болашақ» 

бағдарламасы шеңберінде іске асырамыз. 

Бұл, әсіресе, жас ұстаздар үшін үлкен мүм-

кіндік болмақ. Осының бәрі Елбасымыздың 

мұғалімдерге, жалпы білім беру жүйесіне 

деген ерекше ықыласының нәтижесі екені 

сөзсіз.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Қанат ҚАЗЫ


№35 (717) 

29.02.2012 жыл, 

сәрсенбі                 



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Алматыда хоккейге барсам деп едім...



Әйгілі мотошабандоздың жүргізуші куәлігі жоқ екен

ТАЭКВОНДО

ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫР

ДАН СЕКІР

У

БОК


С

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ



Студенттер 

сүйетін спорт

Жігіттер соңғы 

орында келеді

Болгариядан – 

екі медаль

Облысаралық 

бәсекені 

қыздырдық

Негізі, Халықаралық студенттер спорты 

ода ғы бүкіләлемдік универсиададан бө-

лек, студенттер арасында әлем және құр-

лық чемпионаттарын екі жылда бір өткізіп 

ке леді. Біздің студенттеріміз универсиадада 

ерен жетістіктерге қол жеткізген. Мысалы, 

Гүл нафис Айтмұхамбетова алтын алса, Ер-

кін Айса қола медаль иеленген болатын. 

Өз әріптестерін қолдау мақсатында Ақ тө-

бе ге  таэквондодан Олимпиада ойын да-

ры ның қола жүлдегері Арман Шылманов 

та келді. Осы  өткен ел біріншілігінің қо ры-

тын дысы бойынша жазда Малайзияда, ал 

күз де Оңтүстік Кореяда өтетін әлем чем-

пио нат тарында ел намысын қорғайтын 

құ рама  жасақталмақ. 

Жалпы, біздің елде студенттер арасында 

таэквондо спортына ден қойған жастар 

көп екен. Оны біз осы біріншіліктен анық 

аңғардық. Еліміздің барлық аймағынан 

студент спортшылар келді. Әрі бәсекелестік 

өте жоғары деңгейде өтті. Әсіресе ерлер 

арасындағы айқастар шектен тыс 

шиеленісті болды. Сонымен, екі күнге 

созылған сында ең жеңіл салмақта Арман 

Өтеуов алтынмен апталса, 58 келіде 

Исламғали Әбеуов жеңіске жетті. 63 келіде 

Парвин Гусейновке, ал 68 келі салмақта 

Ақжол Жандауовқа тең келер ешкім 

болмады. Сонымен қатар Жалғас 

Иманбаев пен Нұрхат Насихатов та жеңіс 

тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 87 

келіде Әділжан Қасымов, ал аса ауыр 

салмақта Сергей Пак топ жарды.

Қыздар арасында Аяна Жүрсина, 

Альмира Нұрмирзаева, Рахат Дулатова, 

Арайлым Бәкеева, Екатерина Дмитриева, 

Бану Мансұрова, Әсия Өтепбергенова 

және Мереке Жүнісова сынды арулар өз 

салмақтарында жеңімпаз атанды. 

Бекжан ҚАЛМҰХАМЕД

Арнайы шақыртумен Софияға ұлттық 

құрамамыздың үш боксшысы барды. 60 

келіде Айдар Әмірзақов шаршы алаңға 

шықса, 64 келіде Алмасбек Әлібеков 

жұдырықтасып, 75 келіде Нұрдәулет 

Жарманов өнер көрсетті. 

Өкінішке қарай, Айдарға жеребе ауыр 

тиді. Алғашқы айқасында-ақ ресейлік 

саңлақпен жұдырықтасып, жеңіліп қалды. 

Нұрдәулет Жарманов жартылай финалға 

дейін жетті. Алайда ақтық айқас үшін 

болған жекпе-жекте түрік Адем 

Киличчиден жеңіліп қалды.

Алмасбек Әлібеков қана ақтық айқаста 

жұдырықтасты. Бірақ ол да ресейліктен 

жеңілді. Жартылай финалда дода 

қожайыны Никола Николовтан басым 

түскенімен, финалда ресейлік Авак 

Узляннан ұтылып қалды.

Айта кетейік, «Странджа-2012» додасы 

осымен 63-інші рет ұйымдастырылып 

отыр. Бірақ 1998 жылдан бері қарай әлі 

бір рет те София қаласында өтпеген екен.



Әзиз ЖҰМАДІЛ

Әр белдесу өте тартысты өтті. Бұл бірін-

шіліктен оңай шағылар жаңғақты көрмедік. 

Әсі ресе жартылай финалдық және финал-

дық белдесулерде жеңімпаздар сәл ғана 

басымдылықпен анықталып жатты. Елі-

міздің қазақ күресі федерациясы төл 

өнері мізге деген қызығушылықты арттыру 

мақ сатында «өткен жылғы ел чемпио-

натының қорытындысы бойынша үздік 

бес тікке енген облыстар әр салмаққа үш-

тен, ал 1-10 орындар арасына енгендер 

екі ден, қалғандары бір-бірден әкелсін» 

де 


ген шешім шығарған болатын. Сон-

дықтан да әр облыстың балуандары үздік 

бестіктің қатарына ену үшін қолдарынан 

келгенше жоғары нәтиже қол жеткізуге 

тырысты. Сөйтіп, өз облыстарының намы-

сы үшін аянбай күресті.

Сонымен, екі күнге созылған белде-

сулер қорытындысы бойынша ең жеңіл 

сал мақта шымкенттік Олжас Лесбеков же-

ңімпаз атанды. Ол финалда қарағандылық 

Қобылан Жиенбектен айласын асырды. Ал  

60 келіде кілем иесі Төлеухан Жұлмұханов 

финалда дзюдо мен самбода жүлдеге ілі-

ніп жүрген алматылық Ерлан Жақ сы бе ков-

ті алып ұрып, айқын басымдылыққа қол 

жет кізді. Әрі жергілікті жанкүйер риза шы-

лы ғына бөленді. Бұдан кейінгі салмақта 

та раздық Ринат Махмутов бірінші орын 

ал ды. 74 келіде семейлік Елдар Бей сен-

баев тың мерейі үстем болды. Бес бе л де-

суде қарсылас шақ келтірмеген ол шешуші 

сында қостанайлық Мақсат Жанділдаевты 

да таза ұтты. 82 келі салмақта астаналық 

Ай бек Садықов, ал 90 келіде былтыр жас-

тар арасында әлем чемпионы атанған Ай-

бек Серікбаев өз атағын абыроймен қор-

ғап қалды. Ол барлық  белдесулерін 

мер зімінен бұрын аяқтап, финалда да со-

нысынан жаңылған жоқ. Алматы облы сы-

ның үкілеп әкелген үміті Жәнібек Дүйсем-

баевты да  айналасы екі минуттың ішінде  

кі лемге топ еткізді. Аса ауыр салмақта 

шым кенттік Бекзат Сайлыбеков ел чем-

пионы атанды.

Жалпыкомандалық есепте бірінші 

орын ға оңтүстікқазақстандықтар ие болды. 

Екінші орынды кілем иелері иемденіп, 

үздік үштікті қызылордалықтар қоры тын-

дылады.

Телжан КҮДЕРОВ

ТАРИХТАН СЫР



Биыл таэквондодан 

студенттер арасындағы 

Қазақстан чемпионаты 

Ақтөбеде өтті. Олимпиада 

ойындарының бағдарламасына 

енген спорт түрі болғандықтан, 

қатысушылар саны тым көп 

болды. 

Норвегияның Викерсунд 

қаласында шаңғымен тұғырдан 

секіру спортынан әлем 

чемпионаты өтті. Алайда 

Қазақстанға бұл дода қуанышты 

хабар әкелген жоқ.

Болгария астанасы София 

қаласында бокстан «Странджа-

2012» атты турнир өтті. 

Әлемнің 24 елінің 167 

спортшысы қатысқан бұл 

додаға Қазақстан боксшылары 

да қатысқан еді.

Ақтөбеде қазақ күресінен 

жастар арасында Қазақстан 

чемпионаты аяқталды. Төл 

өнеріміздің беделі жыл сайын 

артып келе жатқандықтан, 

балуандарымыздың да 

шеберліктері әжептәуір өсіпті.

ШАЙБ


АЛЫ ХОККЕЙ

– 1968 жылы қараша айында әскерге 

ша қырылдым, – деп бастады әңгімесін 

Мұ рат Керімбаев. – Бара салысымен спорт 

ше 

бер 


лігіне үміткер нормативін орын-

дадым. Көп ұзамай мені спорттық ротаға 

қа 

былдады. Әрине, әуелі физикалық 



даяр 

лығымды, күш-қуатымды тексеріп 

көр ді. Расында, мен спорттан қара жаяу 

емес едім. Семейдің педагогикалық инс-

ти туты жанындағы денешынықтыру кур-

сында бір жыл оқығаным бар. Содан не 

ке рек, мен өзіміздің әскери бөлімнің стра-

те 


гиялық ракеталар полкінің жат 

тық-


тырушысы болып жұмыс істей бастадым. 

Түр лі турнирлерге қатыстық. Командалық 

есеп те де, жекелей сында да әуелі ди-

визияны жеңдік, одан кейін бүкіл армияны 

ті зе бүктірдік. 58 келі салмақ дәрежесінде 

За байкалье әскери аймағының чемпионы 

бол дым. Ол кезде самбо күресінде ең же-

ңіл салмақ 58 келі болатын. Сондай жа-

рыс тардың бірінде Ресейдің бүгінгі Пре-

мьер-министрі Владимир Путинмен 

жо лым түйісті. Екеуміз бір топқа түсіппіз. 

Пу тин ол кезде студент еді. Ленинградтың 

заң факультетінде оқып жүрген кезі екен. 

Бірақ ол кезде мен оның заң факультетінде 

оқитынын білген жоқпын. Кейін 

өмірбаянын оқығаннан соң ғана білдім 

ғой. Сол күні бір топта төрт адаммен кү рес-

тім. Соның бірі Путин болды. Шынымды 

айт сам, мен ол кезде оның Путин екенін 

біл ген емеспін. Әскери борышымды өтеп 

елге оралғаннан кейін 1972 жылы Томскіде 

Сергей Вицеманның жүлдесі үшін сам-



Путинмен күрескенімді 28 жылдан кейін есіме түсірдім

бодан бүкілодақтық турнир өтті. Сол жолы 

Се мейден Керей Қойшыбеков, Серік Тоқ-

тарғазин секілді жігіттерді бастап мен де 

бардым. Сол кезде бір салмақта 66 адам 

күрестік. Бір қызығы, бұл жарысқа Путин 

де келіпті. Бірақ басқа топта күресті. Қарап 

қоямын, түрі таныс секілді. Айтпақшы, сол 

күні онымен жақынырақ танысудың сәті 

түсті. Таныстырған – әскерде борышымызды 

бірге өтеген челябілік Анотолий Бондаренко 

деген жігіт. Путинді таниды екен. Бұрын 

бір ге күрескен бе, әлде бір жерде бірге 

бол ған ба, әйтеуір, бірін-бірі жақсы біледі 

екен. Сол көргеннен кейін Путинді 28 жыл-

дан кейін бір-ақ көрдім ғой. Өз үйімде, 

те ле дидардан. Жеңгең екеуміз теледидар 

кө ріп отырғанбыз. Теледидардан Ресейдегі 

пре 

зидент сайлауында жеңіске жеткен 



Пре 

зиденттің ұлықтау рәсімі көрсетіліп 

жат ты. Президент келе жатыр. Қараймын, 

тү рі таныс секілді. Әйеліме: «Мен мы наны 

танимын ғой. Менімен күрескен бал уан», 

– деймін. Міне, осылайша, Пу 

тинмен 

күрес 


кенімді 28 жылдан кейін есі 

ме 


түсірдім. 

– Путинмен арадағы күрес қалайша 

өрбіді? Қайсыларыңыз басымдық та-

ныттыңыздар?

– Мен ол кезде 20 жастамын. Путин – 

18 жаста. Екі жас үлкендігім бар. Соған 

қарамастан, Путин жақсы күресті. Бірақ 

мен ұпай санымен жеңіске жеттім.

– Мына құлағымды сындырған – якут-

тар, – дейді ағамыз өткен күндерін ой еле-

гінен өткізіп. –  Әскерде жүргенде бас ты-

ғым мен самбошы болсам да, «Ойбай, 

Ке  рімбаев, округтің балуандары кү ресетін 

турнирде еркін күрестен де қатыса салшы. 

Сені жығатын ешкім жоқ мұнда» деген соң 

шыға салғанмын. Сол жарыста Роман Дми-

трев, Гаврил Дмитрев, Планотов деген 

якут тармен күрескенде мына құлағымды 

сын дырды. 



– Жеңіп сындырды ма, жеңіліп сын-

дырды ма?

– Жеңгеніміз де бар, жеңілгеніміз де 

бар.

– Құлағыңызды якуттарға беріпсіз. 

Иығыңызды кім сындырды?

– Иығымды сындырған – бір орыс 

жігіті. Негізі, менің қолым қысқа ғой. Екінің 

бірі болевойға (күрестегі қолды майыстыру 

– А.Қ) ала алмайды. Бір жарыста әлгі 

орыспен күрестім. Негізінде, болевойға 

буынды алады ғой. Ана жігіт буынды емес, 

мұқым иықты алды. Бір қолым оның мы-

тып ұстаған қолдарында, екінші қолым 

оның астында қалды. Сонда да ұпай бо-

йынша ұтып жатқанмын. Есеп 3:1 болатын. 

Омскіде қазақтар көп тұрады. Бір тобы әлгі 

тур 

нирді көруге келсе керек. Күресіп 



жатқанда «Мұрат, Мұрат, шыда, шыда. 30 

секунд қалды» дегендері есімде. Таныс 

дауыс. Қазақтың дауысы. Сол дауыс маған 

күш берді ғой деймін. Қиналып жатсам да, 

кілемді соғып берілмедім. Сонда екеуміздің 

арамыздағы жекпе-жектің аяқталуына 

санаулы секундтар қалғанда әлгі жігіт 

қолымды қатты басып жібергенде, талық-

сып кетіппін. Төрешінің ысқырығы шыр 

еткенде есімді жидым. Осылайша оны 

жеңіп кеттім. Бірақ иығымды шығардым. 

Төреші қолымды көтергенде айғай сал-

ғаным әлі есімде. Бірден дәрігерлер алып 

кетті. Екінші орын алдым. Кейін кез дес-

кенде әлгі жігіт: «Сен жындысың ба? Мен 

қо лыңды жұлып ала жаздадым ғой», – 

дей ді. Сөйтсем, ол бір застава басты ғы ның 

орынбасары екен.                 

 

Әңгімелескен 

Азамат ҚАСЫМ

«Путинмен күрескен палуан 

Семейде тұрады» дегенді 

естігенде кездескенше тағат 

таппағаным рас. «Кім болды 

екен, қалай кездесті, қашан 

күресті, қандай адам болды 

екен?» деген сауалдар санаға 

тыным бермей, Семейге жол 

тартқанмын. Есікті алпысты 

алқымдаған ел ағасы ашты. 

Қарапайым, орта бойлы, 

мығым денелі, жайдары жүзді 

жанмен әңгімеміз бірден 

жарасып жүре берді.

ДОДА


Мен спорт ойындарының жанкүйерімін. Қысқы спорт түрлерін де жақ-

сы көремін. Жақында допты хоккейден Медеуде өткен әлем чем пионаты 

ойындарының көбін тамашалап, таза ауада серуендеп, жақсы болып 

қалдық. Енді шайбалы хоккей ойындарына барсам деп едім. Алматыда 

хоккей клубы бар екенін білемін, бірақ сол клуб тың ойындарын қайда 

өткізетіндігінен бейхабармын. Сол ко манданың кездесулерін қай жерден 

тамашалауға болады?

Ай дын  А.,  Алматы қаласы

Жолыңыз жеңіл жігіт екенсіз. 

«Алматы» хоккей клубы алдағы екі 

ойынын Алатау бөктеріндегі әсем 

қаланың төріндегі Балуан Шолақ атын-

дағы Спорт сарайында өткізетін бо лып 

отыр. 5-6 наурыз күн де рі «Алматы» 

жоғарыда аталған кие 

лі Спорт 

сарайында елорданың «Ас 

танасын» 

қабылдайды. Бұл – қос команданың да 

биылғы ел чем 

пио 


натының екінші 

кезеңіндегі соң ғы ойындары. Бұдан соң 

плей-офф до дасы басталады.

5-6 наурыз күндері Балуан Шолақ 

атындағы Спорт сарайында өте 

тін 


сыңар кездесулер сағат 19:00-де 

басталады. Екі матчқа да кіру тегін 

болмақ.  

Қосарымыз, бұл кездесуде «Ас-

тана» сапында Қазақстан құра ма сы-

ның намысын қорғаған, көп ші лікке 

та нымал  Спиридонов,  Во рон цов  сын-

ды ойын шылардың мұз айдынға шы-

ғуы мүмкін. Ал «Ал ма ты» са пын да 

Канаданың екі хок кей шісі, яғни Джо-

натан Шупак пен Мэ 

тью Уэй 


ден-

фелдер ойнайды. Барып тамашала-

саңыз, өкінбейсіз.

Испандық мотошабандоз, әлем чемпионы Хорхе Лоренцоның жүргізушілік куәлігі жоқ 

деп естідім. Сонда қос дөңгелекті  көлікпен жүйтки жөнелетін чемпион куәліксіз қалай 

жүр?

Ғ.ОРАЗБАЕВ, Талдықорған

Yamaha командасының шабандозы, мото жа-

рыстан әлемнің 2006-2007 жылдардағы қос 

дүр кін чемпионы Хорхе Лоренцоның шын мә-

нінде жүргізушілік куәлігі бар. Алайда ол куәлікте 

мотоцикл айдауға рұқсат жоқ екен. Испандық  

мотоциклмен жарыс жолына ғана шыққан. 

Жарыс кезінде оған жүргізуші куәлігінің мүлде 

қажеті жоқ. Ал кәдуілгі өмірде мотоцикл айдауға 

ол, расымен де, бейімделе алмай жүр екен. 

Әлем дік рекордтарға талай мәрте түзету енгізген 

Хор хенің басты мәселесі қос дөңгелекті көлікті тез 

жүр гізуінде болып тұр. Ол үнемі жоғары жыл-

дам дықпен жүріп үйреніп қалғанын айтады. Дү-

ние жүзілік жарыстарда жүлде алу үшін қажетті 

жыл дамдықты қарапайым өмірде қолданбауға 

ол барынша тырысып жүр. Көмекшісі Джави 

жол да жылдамдықты арттырып жіберетін Хорхе 

Лоренцоны үнемі бақылап отырады. «Мо то-

циклмен жарысу бір бөлек, ал онымен кө шеде 

жү ру мүлде бөлек нәрсе» деп ағынан жарылған 

Хорхе емтиханның теориялық бөлігін сәтті тап-

сы рып шықты. Ал тәжірибе онда жеткілікті.

Ширек финалға шығатындар белгілі болды

Қазақстан чемпионаты биыл да үш 

ке 

зең 


ге бөлініп өткізілуде. Бірінші 

кезеңде бар 

лық командалар екі 

айналымдық жү йе мен сыңар кездесуден 

өткізіп шықты. Сөй 

тіп, желтоқсанның 

аяғына дейін жо 

ғар 


ғы топтағы 10 

клубымыздың әрқайсысы 36 ойыннан 

өткізді. Жаңа жыл мерекесінен ке 

йін 


Шайбалы хоккейден 

биылғы маусымындағы 

Қазақстан 

чемпионатының көмбесі 

көріне бастады. Ел 

біріншілігінің екінші кезеңі 

де аяқталуға айналды.

екінші кезең басталды. Ел чем 

пио-

натының 9 қаңтарда басталған екінші 



бө 

лігінде 18 ойыннан өткізуі керек. 

Екінші ке  зеңдегі соңғы ойын 6 наурыз 

күні өтеді. Дәл қазір жоғарғы лигадағы 

ко ман да ларымызға  екінші  кезеңнің 

соңына дейін 2-3 ойын ғана қалды. 

Алайда бұл кез де сулерде көп ештеңе 

өзгере қоймайды.

Ел чемпионатының ширек финалында 

немесе плей-офф додасының алғашқы 

сатысында кездесетін кейбір жұптар қа-

зірден-ақ белгілі. Әрі екінші кезең аяқ тал-

ған ша 1-5 орындарға жайғасқан үздік те-

рі 


мізді соңындағылар қуып та жете 

ал май ды, көш басындағы бесеу енді орын-

дарын да ауыстырмайды. Себебі ұпай 

айыр малары біршама алшақ.

«Бейбарыс» былтыр кездейсоқ ел чем-

пионы болмағандығын дәлелдеп, биыл 

же ке-дара көш бастап келеді. «Барыспен» 

бірге Ресейдің Құрлықтық хоккей ли га-

сында ойнағысы келетіндігін маусым ба-

ры сында жиі-жиі мәлімдеген «Сарыарқа» 

биыл көсіле сілтей алар емес. Бұл түрімен 

ҚХЛ-да қалай ойнамақ? Ерлан Сағымбаев 

жаттықтыратын «Ертіс-Павлодар» әзірше 

үшін ші орынды ешкімге берер емес. Те мір-

таудың «Арыстаны» мен «Астанада» да 4-5 

орындарды меншіктеп тұр. Енді осы екі 

команда ширек финалда «шайқасады». 

6-8 орындарға «Горняк» (Хромтау), «Ар-

лан» (Көкшетау), «Алматы» клубтары ор-

на ласқан. Осы үш команда ғана қалған 

ойын дарда орын ауыстыра алады. Тіпті 

ши рек финалда өздеріне қолайлы қар сы-

ласқа тап болу үшін «тазы болып шалуға» 

да болады.  

Жалпы, алғашқы сегіздікке ие болған 

командалар ширек финалдағы (плей-

офф тың алғашқы сатысындағы) олим пиа-

далық жүйемен өтетін ойындарда тө мен-

дегі жұптар бойынша додаға түседі: 

Бейбарыс /1/  – / 8-орындағы команда/

Арыстан /4/ – Астана /5/

Ертіс-Павлодар /3/ – /6-орындағы команда/

Сарыарқа /2/ – /7-орындағы команда/

Әрі қарай биылғы маусымдағы ел чем-

пио натының жүлдегерлері анықталады.

Әр жұп арасындағы ширек финалдық 

ойындар үш жеңіске дейін, ал жартылай 

фи налдық кездесулер төрт жеңіске дейін 

жалғасады. Үшінші орын үшін өтетін теке-

тірес үш жеңіске дейін, финал төрт жеңіске 

дейін созылады.

Ал өрімдей жас хоккейшілерден жа сақ-

талған «Барыс-2» және «Қазцинк-Тор пе до-2» 

клубтары биыл тәжірибе жи 

нақ 

таумен 


шектеледі. Аталған екі ұжым Ресей ли 

-

галарында шеберліктерін шыңдап жүр 



ген 

«Барыс» және «Қазцинк-Торпедо» клуб та ры-

  ның  қосалқы  құрамдары  болып  та бы ла ды.

Нұрғазы САСАЕВ

Үш күнге созылған дүбірлі додада Қа-

зақ стан намысын Радик Жапаров, Евгений 

Лев кин, Алексей Королев, Николай Кар-

пенко және Алексей Пчелинцев қорғады. 

Дегенмен ешқайсысы да көңіл көнші тер-

ліктей көрсеткішке қол жеткізе алмады. 

Тіп ті жеке жарыста ұшқыш қанаттыла ры-

мыз дың ешқайсысы финалдық сынға өте 

ал мады. HS225 тұғырында 110,2 ұпай 

жи наған Пчелинцев 35-орыннан көрінсе, 

Королев 95,2 ұпаймен 36-орынға орна-

лас ты. Одан кейінгі 37-орын Николай Кар-

пенконың еншісінде. Ал 39-орын небәрі 

77,9 ұпай жинаған Радикке бұйырды. 

Айта кетейік, жекелей сында барлығы 39 

ұш қыш қанатты өнер көрсеткен болатын. 

Яғ ни жігіттеріміз соңғы орындарды ғана 

қа нағат қылды. Левкин бұл сынға қатысқан 

жоқ. Бас жүлде словениялық Роберт 

Краньец тің еншісінде кетсе, дода қожа-

йыны Руне Вельта екінші орынға орна ла-

сып, австриялық Мартин Кох үздік үштіктен 

көрінді.


Командалық жарыс та жігіттерге абы-

рой әпермеді. Барлығы 10 команда өнер 

көрсеткен сында жерлестеріміз 342,9 ұпай 

жинап, 10-орынға тұрақтады. Бұл жарыс 

жеңімпазы Австрия құрамасының ұпа-

йынан шамамен бес есе аз. Айта кетейік, 

Қазақстан ұлттық құрамасының намысын 

Жапаров, Левкин, Королев және Пчелин-

цев қорғаған болатын. Бұл жолы да Пче-

лин цевтің көрсеткіші өзге жерлестерімізбен 

са лыс тырғанда тәуір болды. Ал ко ман-

далық сында бас жүлдеге Австрия құ-

рамасы қол жеткізсе, Германия 2-ші, Сло-

вения 3-орынды иемденді. 



Әзиз ЖҰМАДІЛ

БІЛЕ ЖҮРЕР БІР ДЕРЕК

Мұрат Керімбаев 1950 жылы 

Семей облысының Ақсуат 

ауданында дүниеге келген. 

Жастайынан жанына спортты серік 

еткен азамат Семей қаласының 250 

жылдық тойында 52 келі салмақ 

дәрежесінде қазақша күрестен 

чемпион атанды. Абай 

Құнанбаевтың 125 жылдық 

тойында өз салмағында қарсылас 

шақ келтірмеді. Һәкімнің 150 

жылдық тойында ұлттық 

ойындардың бас төрешісі болып, 

спортшылардың шеруін өткізуге 

үлкен еңбек сіңірді. Ақсуат 

ауданының волейбол, футбол 

құрама командасының сапында 

ойнап, бірнеше рет Семей 

облысының жеңімпазы атанды. 

Мұрат Керімбаев – самбо мен еркін 

күрестен спорт шеберлігіне үміткер 

болса, қазақша күрестен спорт 

шебері атанған азамат.

Мұрат КЕРІМБАЕВ:

28 АҚПАНҒА ДЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ:

о

ж

ож

бж

бұ

оұ

ұ

ш/а

ұп

1.

Бейбарыс 



(Атырау)

52

39



0

3

1



1

8

217-67



125 

2.

Сарыарқа 



(Қарағанды)

52

36



1

2

3



1

9

224-



109

118


 3.

Ертіс-


Павлодар 

(Павлодар)

52

33

1



3

1

1



13

188-72


109

4.

Арыстан 



(Теміртау)

51

28



2

3

4



0

14

197-



139

98

5.



Астана 

(Астана)


52

23

1



5

6

1



16

157-


135

88

6.



Горняк 

(Рудный)


52

21

1



2

3

0



25

165-


164

72

7.



Арлан 

(Көкшетау)

52

20

1



2

3

2



24

140-


146

71

8.



Алматы 

(Алматы)


51

16

2



4

4

0



25

139-


162

64

9.



Барыс-2 

(Астана)


52

6

0



0

0

2



44

98-286


20

10.


Қазцинк-

Торпедо-2 

(Өскемен)

52

3



0

1

0



1

47

90-335



12

Ескерту: О – өткізген ойындарыЖ – жеңістеріОЖ – овертаймдағы жеңістері

БЖ – буллиттегі жеңістеріБҰ – буллиттегі ұтылыстарыОҰ – овертаймдағы ұтылыстары, 

Ұ – ұтылыстарыШ/А – шайба айырмасыҰп – ұпайы.

№35 (717) 

29.02.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№35 (717) 



29.02.2012 жыл, 

сәрсенбі             

8

 

 



  

ҚҰЛАҚҚАҒЫС

Бақыт кешіне шақырады

Көктемнің алғашқы күні – 1-наурызда Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ 

Мемлекеттiк филармониясында талантты ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби 

сыйлығының иегерi, «Шабыт» фестивалiнiң лауреаты Бақыт Беделханның «Уақыттың 

жүрегi» атты шығармашылық кешi өтедi.

Қазақ поэзиясына өзгеше леп ала кел  ген Ба қыт 

ақын 1975 жылы Алматы об  лысы, Ұйғыр ау даны, 

Шонжы ауы лын да туған. 1996 жылы Абай атындағы 

Ал 

маты мемлекеттік универ 



ситетінің қа 

зақ фи 


ло-

логиясы факультетін тамам да ған. Бұ дан соң Т.Жүр генов 

атындағы театр жә не көр кем сурет институты театр фа-

 культетінің ре жис серлық бөлімінде оқып, ке йін Абай 

атындағы  Ал МУ-дың  фи  ло софия  кафедрасында  аспи-

ран ту ра да  бі лі мін  ұштаған.  Астана  қа ла сын дағы  мем-

ле  кеттік «Елорда» баспасының ре дакторы жә не Қ.Қуа-

нышбаев атын дағы қазақ му зы калық драма театрының 

әде биет  бө лі мінің  меңгерушісі  қыз мет терін  атқарған. 

«Қа зақстан»  Ұлттық  ар на сында  «Ата жұрт»,  «Саят» 

бағдар ла ма ларын  жүр гіз ген.  Қа зіргі  уақытта  Қа зақстан 

Жазушылар ода ғының Әде биет шілер үйінің ди рек-

торы болып қыз мет ат қарады. Шы ғар малары «Тол-

қын нан толқын туа ды», «Қар лығаш», «Жас ақын-

дардың ан то ло гия сы», «Қос ішек» атты ұжымдық 

жи  нақ тарға  ен  ген.  Бір қатар  республикалық  жыр 

мүшәй ра ла ры  ның  жүлдегері.  Ақын ның  осы  уақытқа 

де йін  «Кең  дүние»,  «Кө ке марал»,  «Уа қыт тың  жүрегі» 

ат ты жыр кі таптары жарық көр ген. «Махамбет» поэ-

ти калық  дра ма сының  және  «Қан талапай»  ки но-

сцена рийі нің  авторы.

Ән мен жырды әуелететін әдеби-саз 

ды кешке 

ақынның әрiптестерi мен бел гілі өнер шеберлерi қа-

тысады. «Алаш ай  на сы» осы кешке ақпараттық де меу-

ші лік көр сетіп отыр. Басталуы сағат – 18:00-де.



Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Ақпанның 29-ы

Алаштың атаулы күні

• Осыдан 20 жыл бұрын (15.08.1930 – 29.02.1992) ком позитор, 

Қазақстанның Халық Әртісі, Шымкент, Тараз, Жетісай 

қалаларының Құрметті азаматы, аса көрнекті сазгер, ән 

жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі 

сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін 

салушылардың бірі, ҚР Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқов 

дүниеден озды. 



Туған күн иелері

Әлия Бобақанова (1948) – Банк саласының құрметті қыз-

меткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;



Ер лан  Сыдықов (1956) – Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлт тық 

университетінің ректоры, тарих ғылымының  докторы, профессор, 

академик;

Серік Аббас-шах (1964) – «Қазақстан» ұлттық арнасының бас 

продюсері;



Сейітбек Сүлейменов (1965) – Алматы мемлекеттік 

политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары;

Еркебұлан Зағыпаров (1988) – айтыскер ақын.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры:

ӘЛИЯ – араби есім. «Әлиъ» сөзі биік, жоғары болу дегенді білдіреді. Ел 

ішіндегі Ғали, Ғалия, Әлия деген ныспылардың түбірі осы «Әлиъ» сөзінен 

шыққан. Ислам діні ел ішіне кеңінен таралған тұста көптеп қойыла бастаған 

ат. Жаңа туған сәбиге «пендешіліктен биік жаралған жан болсын, әрдайым 

жоғарыдан көрінсін» деген ниетпен қояды. Қазақ арасында өте жиі таралған 

есім. 


К

е

зекшi  ред



ак

тор – Гүлнар А

ХМЕ

ТОВ


А

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1484

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №438

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

Та

р



ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

А

ст



ана бюросының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №34 (716) санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Ысқат. Ажа. Зонд. Самум. Жақ. Жозы. Шабата. Ининг. Шарба. Шау. Анна. Одақ. Анар. Аут. Го. Өтіл. Руан. 

  

    



  

ТІГІНЕН: Эспада. Аудит. Бүр. «Базука». Бақал. Том. Тиын. Жан. Натр. Баджо. Ишан. Азына. Ага. Батқы. Гудрон. 

Тамырсыз 

өсімдіктер

Үлкен


Сатурнның 

серігі


Жеңіл-желпі 

баспана


Мейрам

Пейіш


Өсімдік 

сабағы


Күн мезгілі

Үлес, ақы

Г.Данелия 

фильмі


Мосы тұғыр

Олжадан 


берілетін сый

Отырыс


Екпінді, 

жігерлі өлең, 

ән

Ашу


Шалбар 

бөлігі


Катод (ант.)

Кесек үгітетін 

диқан құралы

Үй қоянының 

бір тұқымы

Космети-


калық 

сұйықтық


Негізгі 

қағидалар 

жиынтығы 

(ислам)


Сойдақ тіс

«ВАЗ»


Иоганн

... 


(композитор)

VII ғасырдағы 

араб әріптері, 

жазуы


Төрттаған

Миуа


Аңызақ 

ыстық


Индонезия. 

аумағындағы 

арал

Діни 


атақ

Гипс


Әділетті 

халифа


Ауа райы

-7-9

о

 

 -16-18

о

0-2

о

 

-3-5

о

-6-8

о

 

-11-13

о

0+2

о

 

-2-4

о

 -4-6

о

 

0

о

 

-10-11



о

 

-14-16

о

 

-11-14



о

 

-24-27

о

-9-11

о

 

  -16-18

о

0-2

о

 

-8-10

о

+1+3

о

 

 0-2

о

-7-10

о

 

-14-16

о

-8-10

о

 

-17-19

о

 

-15-17

о

 

 -26-28

о

 

0+2

О

 

-4-6

О

  

0+2

о

 

-10-15

о

        


-10-12

о

 

-21-23

о

 

-3-5

О

 

-13-15

О

  

-15-17

о

 

-28-30

о

07,30

11,10

18,40

ТОҚТЫ

 

Бұл күні өзіңізге ғана 



се ніңіз. Сізге, ең дұ ры-

сы, күр 


делі жоспар-

лар ды  ке йін ге  қалдырып,  өмі-

рі ңіздегі  өз ге ріс терге  көңіл 

бөл  меу  керек.  Қаржылық 

жағ   да йы ңыз ға  көңіл  бөліңіз. 

Жа  қын да   ры ңызға  да  жәр дем-

десуді ес тен шы ғармағаныңыз 

аб зал.


ТОРПАҚ

 

Күніңіз өте сәтті бол-



мақ. Бизнесіңіздің 

қар қынды  дамуына 

үл кен мүмкіндік туып 

тұр. Сондай-ақ ма те -

риал   дық  және  әлеу мет  тік 

жағ   да йыңыз  жақсарады.  Көп-

те ген  жұ мы  сыңызға  бай ла-

ныс  ты  про   бле малар  сіздің 

та л       п ы   н ы   с ы     ң ы з   ғ а  

ә с е р 


етпейді. 

ЕГІЗДЕР

Осы күн шытырман 

оқи ғаларға толы бо-

луы мүмкін. Қиын шы-

лығы да аз емес. Әріп-

тес теріңізбен 

тіл 

та  бы са 



ал  мауыңыз  мүмкін.  Со нымен 

қа тар ұсақ-түйек зат тарға көп 

қар жы ңызды 

жұмсайсыз. 

Жеке өмі ріңізге бай ланысты 

жағымды жа ңа лық осы күннің 

еншісінде бол мақ.

ШАЯН

 

Бүгін сізге жұмыс пен 



де малысты  үйлестірген 

дұ рыс. Ал бос уақытты 

жа қын  туыстарыңызға 

бөлгеніңіз жөн, себебі жақын 

ара да сізді үл кен жұмыс күтіп 

тұр. Осы күні оларға ізгі ықы-

лас  пен  ме йі рі міңізді  сыйлай 

ала сыз. Өйткені туыстарыңыз 

қиын деген сәттерде сізді қол-

дап отырады.



АРЫСТАН

 

Көптен армандаған 



мақ сатыңызға  жетудің 

аз-ақ ал дында тұрсыз. 

Жұ   мы  сыңызға  бай ла-

нысты  істе  ріңіз  сәтті 

аяқ тала ды.  Болашақта  үл кен 

бе лес терден  өтіп,  қаржылық 

жә   не  рухани  жағынан  қо мақ-

ты та быс тарға қол жеткізуіңіз 

мүм кін.

БИКЕШ

 

Осы күні ішкі жан 



дүниеңізге құлақ тү-

ріңіз. Себебі сезім тал-

дығыңыз қаржы жұ-

м ы с т а р ы ң ы з ғ а 

пай дасын тигізуі әбден мүм-

кін. Кездесулерге де өте сәтті 

кезең болып тұр. Жаңа достар 

тауып, жаңадан іс бастайсыз. 

Осы күнге дейін жа 

саған 


еңбегіңіздің жемісін жейсіз. 

ТАРАЗЫ

 

Осы күні абыройыңыз 



бен адал еңбегіңізге еш қан-

дай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Ке 

рісінше, әрі қарай да-



мытуға тырысыңыз. Алдағы 

уа  қыт та  сізді  көптеген  жетістік 

кү туде. Дегенмен, «сақтансаң, 

Құ дай сақ тайды» демекші, тә-

уекелге бел бу май, жағымсыз 

іс терден  ау лақ  болуға  ты-

рысыңыз. 

САРЫШАЯН

 

Бұл күн сіз үшін сәтсіз 



болып, қаржыңыздың көп 

жұмсалуы жүйкеңізге әсер 

етуі мүмкін. Бірақ бұған бо-

ла уайымдап, қиындыққа мо-

 йын сынбай,  батыл  іске  көш  ке-

ніңіз жөн болар еді. Ең 

бол мағанда  бұ рын  бастаған 

істеріңізді аяқтаған дұрыс.



МЕРГЕН

 

Қаржылық  жағ да йы-



ңызды жақсартып, кәсіби 

іс теріңізді 

дамытқыңыз 

келсе, ішкі жан дүниеңізге 

сеніп, шығармашылық 

жұмы сы ңызды  іске  қосыңыз. 

От ба сыңызды  да  ұмытпаңыз, 

осы күн сіз үшін өте көңілді 

өтпек. Сонымен қатар жұ мы-

сыңыз сәтті жүретін бо лады.



ТАУЕШКІ

 

Бұл күні ішкі түйсігіңізге 



сенбеңіз. Одан да өмірлік 

тәжірибеңізге сүйенсеңіз, 

сізді көптеген қолайсыз 

жағ 


дайдан алып шығады. 

Пікі рі ңіз ді  білдіруге,  шешім 

қа былдауға асықпаңыз. Қар-

жы лық  опера ция дан  аулақ 

болған дұрыс, келеңсіз 

жағ дай орын алуы мүмкін.



СУҚҰЙҒЫШ

Сіздің мақсатыңыз көп 

болса, онда оларды ретке 

кел тіріңіз. Осы күні өмі рі-

ңізге жағымды өзгерістер еніп, 

армандарыңызды кү тіп алуға 

ту ра келеді. Сізге, ең дұрысы, 

бас та ған  істеріңізді  аяқтаған 

жөн. Мін детті түрде ойланып 

барып сөй 

леңіз, дос 

та-


рыңыз бен отба сы ңызға кө-

бірек көңіл бөліңіз. 



БАЛЫҚТАР

Күніңіз қарбаласпен 

бас талғалы тұр. Солай бо ла 

тұра, көңіл күйіңіз сіз ой-

лағаннан да керемет бо лады. 

Жалқаулыққа жол бермей, 

еңбек етуге тыры 

сыңыз. 


Денсаулығыңызға көңіл бөліп, 

дә рігерге қаралу да – дұрыс 

шешім. Біт 

пеген шар-

уаларыңызды аяқ таңыз.

Алматтың әзілдері

Әріптестер әңгімесінен:

– Облыс әкімі мен аудан әкімінің айырмашылығы неде?

– Ешқандай айырмашылығы жоқ.  Екеуі де «Джип» 

мінеді.

***

Әкесі баласына:

– Қалай, МАИ-да емтиханнан өттің бе?

– Жоқ.


– Неге?

– Көлікке отырып, қауіпсіздік белбеуін тақтым да, 

инспекторға қарап «сіз де белбеу тағыңыз», – деп бәлеге 

қалдым.


***

Емханада:

– Дәрігер, айтыңызшы, маскүнемдік ауруға жата ма?

– Иә.


– Онда ішіп кеткен күндеріме неге еңбекке жарамсыздық 

туралы қағаз жазып бермейсіздер? 



***

Бір жігіт досына  көрген түсін айтып отыр:

– Мен түсімде ылғи бір есікті ары итеріп, бері итеріп әлек 

болып жатам. Бір кезде ентігіп, терлеп-тепшіп оянып кетем.

– Ол не қылған есік?

– Білмеймін, әйтеуір үлкен құлпы бар...



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық 

опера және балет театры 

(Алматы) www.gatob.kz

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік 

филармониясы 

(Алматы) www.philharmonic.kz

Қ.Қуанышбаев атындағы Академиялық қазақ 

музыкалық драма театры 

(Астана) www.kazteatr.kz

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық балалар мен жасөспірімдер 

театры 

(Алматы) www.teatr-musrepov.kz

К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет 

театры 

(Астана) www.astana-anshlag.kz

29 ақпан


17.00

«Қамар сұлу» (екі қойылымды опера)

Е.Рахмадиев

2 наурыз


19.00

«Гофманның ертегілері» 

(екі қойылымды опера)

Ж.Оффенбах

4 наурыз

16.00


«Жизель» (екі қойылымды балет)

А.Адан


8 наурыз

15.00


«Сазды мейманхана» Халықаралық 

әйелдер күніне арналған концерт

Опера 

жұлдыздары



9 наурыз

«Сильфида» (екі қойылымды балет)

Х.Левенсхольд

29 ақпан


18.30

Отыз ұлың 

болғанша 

(мұңды комедия)

авт. Ф.Буляков, ауд. 

Т.Әлімбеков, реж. 

Ә.Рахимов

2 наурыз


18.30

Премьера! 

«Қилы заман» 

(тарихи драма)

авт.М.Әуезов, 

Н.Оразалин, 

реж. Ә.Рахимов

3 наурыз


18.30

«Сұлу мен 

суретші» 

(драма-ноктюрн)

авт. Т.Ахметжан, 

реж. Н.Жақыпбай

4 наурыз

18.30


«Күлеміз бе, 

жылаймыз ба?» 

(комедия)

авт. Е.Жуасбек, 

реж. М.Ахманов

6 наурыз


18.30

Премьера! 

«Қилы заман» 

(тарихи драма)

авт. Ф.Буляков, ауд. 

Т.Әлімбеков, 

реж. Ә.Рахимов

7  наурыз

18.30

«Құдалар» 



(драма)

авт. Е.Уахитов, 

реж. О.Сәрсенбек, 

9 наурыз


18.30

«Еңлік-Кебек» 

(трагедия)

авт. М.Әуезов, 

реж. Х.Әмір-Темір

29 ақпан


18.30

Камералық 

музыка кеші

Жеке орындаушылар: 

Ә.Бисенғалиев (скрипка) 

Е.Мансұров (фортепиано)

29 ақпан

18.30


«Самұрық» заманауи би 

театры: «Жезтырнақ» 

(екі бөлімді балет)

Б.Ақошев, 

А.Мұқатай

1 наурыз


18.30

«Махаббат шәрбаты» 

(опера)

Г.Доницетти 



2 наурыз

18.30


«Сильфида» (балет)

Х.Левенсхольд

3 наурыз

17.00


«Турандот» (опера)

Дж.Пуччини

4 наурыз

18.30


«Юнона мен Авось» (балет)

А.Рыбников

9 наурыз

18.30


«Кармен-сюита» «Павана 

мавра» (бір актілі балеттер)

Ж.Бизе, Р.Щедрин 

Г.Перселл

2  

наурыз 


18.30

«Махаббат мелодрамасы» 

(мелодрама)

Қ.Жүнісов 

3 наурыз 18.30

«Гамарджоба!» 

(музыкалық комедия)

А.Цагарелли

4 наурыз  18.30

«Қарагөз» (трагедия)

М.Әуезов

7 наурыз  18.30

«Айман-Шолпан» 

(музыкалық  комедия)

М.Әуезов

8 наурыз  18.30

«Мұқағали» (поэтикалық  драма) С.Тұрғынбекұлы

9 наурыз  18.30

«Қызыл алма» (лирикалық 

комедия)


Е.Хушвақтов

29 ақпан


18.30

Премьера! 

«Карменсита» 

(«Кармен» повесіне 

фантазия)

авт. және 

реж. Т.Теменов

1 наурыз 

18.30

Премьера! 



«Карменсита» 

(«Кармен» повесіне 

фантазия)

авт.  және 

реж. Т.Теменов

2 наурыз


18.30

Премьера 

«Карменсита» 

(«Кармен» повесіне 

фантазия)

авт.  және 

реж. Т.Теменов

7 наурыз 

18.30

«Ең  әдемі  келіншек» 



(лирикалық  мұң)

авт. С. Балғабаев 

реж. Р. Сейтметов

8 наурыз 

18.30

«Жұбайлар-ай, 



жұбайлар!» 

(лирикалық комедия)

авт. М. Хасенов 

реж. А. Бектеміров

Ақпан 2012

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық драма театры 

(Алматы) www.teatr-auezov.kz

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал