Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


Араға бес жылдай уақыт  салып, сол қариялар той-жиындарда



жүктеу 0.72 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6

Араға бес жылдай уақыт  салып, сол қариялар той-жиындарда 

Шәмшінің әндерін елге қосылып қалай шырқап кеткендерін 

өздері де байқамай қалса керек. Демек, Шәмшінің құдіреті – 

вальс ырғақты халық әндерімен, Сыр бойының көне әндерімен  

жымдастыра отырып, халықтың төл шығармасына айналдыра 

білуінде. Сөйткен Шәмшісін туған халқы бүгінде сағынады. 

Сағынғанда «Ән-ағаны» әуелетіп шырқасады.  

сүйек пен мүйізден алуан түрлі 

ғажап бұйымдар жасаған. Бұл 

шағын еңбекте қазақтың біртуар 

композиторы Шәмшінің әкесі 

Қалдаяқ Домбаевтың өмір жолы 

баяндалған. Кітап авторы бұл 

зерттеуін  Қалдаяқтың жеке қол-

жаз 

балары мен мұрағат құ-



жаттарына және туыстары мен 

көз көргендердің естеліктеріне 

сүйеніп жасаған. Қалдаяқ ұста 

мен Сақыпжамалдың отбасында 

бес ұл-қыз өсіп-өнген. Олар – 

Тұмар күл, Шәмші, Раушан, Қадір 

және Райхан. Шәмшінің анасы 

1959 жы лы дүние салған, әпкесі 

Тұмар 

күл де бүгінде өмірде 



жоқ.

–  Алғаш Шәмші Қалдаяқов фестивалін 

қолға алуымызға түрткі болған «Азия да-

уысы» фестивалі болатын. Себебі ол бай-

қауды көруге соншалық бір ықыласпен 

кел ген менің көңілім су сепкендей басылып, 

қарным ашты. Неге? Өзіміз жаңадан тә-

уелсіз ел болдық, қазақ болдық деп қуанып 

жат сақ, мына фестивальде қазақтың тіпті 

иісі де жоқ. Сондықтан менде бір ой туды, 

«неге біз өз ұлтымызға тән, ұлттық негізі 

бар, халық сүйіп тыңдайтын әндерді жазған 

композиторларымызға арнап фестиваль 

ұйымдастырмасқа» деген. Бұл ойды сол 

күйінде қалдырмай, іле-шала жүзеге асыру 

қамына кірістік. Жігіттермен бас қосып, 

ақыл дастық, сосын сол тұста мәдениет ми-

нистрі Еркеғали Рахмадиев ағамыз бола-

тын, сол кісіге қоңырау шалып, ойымды 

айттым. Соншалық бір жақын араласып 

жүрмеген де едік, тек Жоғарғы Кеңесте 

депутат болған соң, министр ағамызды жиі 

көріп тұратын, хабарласа алатын мүмкіндік 

бар еді. Әңгіме  барысында  байқауды 

ұйымдастырудың мән-мақсатын айта келе, 

министрлік тарапынан қандай көмек бере 

алатындарын сұрадым.  Байқауды екі 

аталым бойынша ұйымдастыруды көз-

дедік: бірі – Шәмшінің өз әндерін орындай-

тын әншілер арасында, екіншісі – ол кісіге 

ән арнаған композиторларға да. Негізгі 

көмек облыс-облыстардан байқауға қаты-

суға келгендерді бар жағынан қамтамасыз 

етуді ұйымдастыруға керек еді. Содан кейін 

әділқазылыққа кімдер келетінін де 

ақылдастық. Ал енді қазақта басқа да 

композиторлар бар ғой, неге Шәмші 

Қалдаяқовты таңдадық дегенге келсек, 

бала күннен Шәмші әндерімен туған жер, 

ауылымызды, ата-анамызды сүйдік, есейе 

келе Шәмші әнімен қыз сүйдік, Шәмшінің 

бар тақырыптағы әндері бізді жалпы 

қазақты сүюге шақырды. Сол бала күннен 

бергі Шәмшіге деген сүйіспеншілік бар, 

екінші жағынан, менің Шәмші ағамызды 

студент кезімде көргенім де бар еді. 1963 

жылы Шымкентте «Шалқыма» деген ан-

самбль құрылып, соған жетекші болып 

келген. Сол хабарды ести сала, көргенше, 

кездескенше асықтық. Қалтамызда 

ақшамыз болмаса да, вагоннан жүк түсіріп 

ақша тауып, соған ағамызды мейрамханаға 

шақырған болатынбыз. Міне, сол тұстағы 

ол кісінің беделі, біздің ол кісіге деген сый-

құрметіміз қандай еді! Соның бәрі есімізде, 

әрі жоғарыда айтқандай жағдай түрткі 

болды да, кірістік. Бұл 1992 жыл еді. Сене-

сіз бе, 245-тей болуы керек, ұмытпасам, 

соншалық ұсыным түсті қатысушылардан. 

Бұрын-соңды байқау өткізуден тәжірибе 

жоқ қой, сондықтан шақыра бергенбіз. Ал 

же ме-жемге келгенде, соншама орындау-

шы ның бәрін қалай тыңдаймыз деп басы-

мыз қатты. Сосын не де болса бәріне мүм-

кіндік берейік деп, үш күндік байқауда 

қаты 


сушыларға бір шумақтан ғана ән 

орындатуды шештік. Қиындықтың негізгісі 

сол болды ғой. Бірақ халықтың ықыласы 

деген керемет болды. Шәмшінің ағайын-

туған жұртының бәрі жиналды, ел-жұрт 

залға сыймайтын болған соң, Шымкенттегі 

Жұ мат Шанин атындағы драма театры ал-

дын да ашық далада өткіздік. Байқаудың 

ұйым дастырушысы ретінде әділқазылар 

алқасының төрағалығын маған берсе, 

құрамында Роза Бағланова, Рахия Қойшы-

баева апаларымыз болды. Шын мәніндегі 

халықтық фестиваль болды, оның себебі 

Шәмші ағамыздың нағыз халық сүйген 

композитор, сондай-ақ ел аялайтын азамат 

болғандығында деп білемін. Фестивальдің 

дәмі кетіп қалмасын деп оны екі жылда бір 

өткізіп тұруға шешім қабылдағанбыз. Бірақ 

сол 1992 жылы мен орнымнан кеттім де, 

фес тиваль ұмытылды. Арадан үш жыл өт-

кенде Жамбыл облысына келдім ғой қыз-

метке, сол кезде Шәмшінің Жамбылда (қа-

зіргі Тараз) жеті жыл тұрғанын, Жамбыл 

қа ласы ның Құрметті азаматы  екенін, қа ла 

маңында Дунгановка деген жерде қос 

қабатты үй бастап, соның әлі күнге бітпей 

тұрғанын білдім, барып көрдім. Сосын 

арада үш-төрт жыл өткен соң Шәмші 

фестивалін осы Жамбылда қайта қолға 

алдым. Оны халықаралық дәрежеге көтеру 

үшін елшілік арқылы бүкіл қазақ тұратын 

мемлекеттерге Шәмші ағамыздың әндерін 

дискіге, мәтінін қағазға жазып жібердік. 

Со ның арқасында шетелден 70-ке жуық 

орын 

даушы келіп, тұңғыш рет халық-



аралық фестиваль өткіздік. Бұл 1996 жыл 

еді. Алайда толыққанды халықаралық 

фестиваль болуы үшін ол да жеткіліксіз, 

тағы да әділқазылар құрамында кемінде 

екі адам шетелден болуы керек екен. Ке лер 

жылында Полат Бүлбүлоғлы Жамбыл ата-

мыздың 150 жылдығына келгенде ке ліс-

кенбіз, сол кісіні, сондай-ақ Қырғыз стан -

ның мәдениет министрімен келісіп 

отыр ғанда, тағы да қызметтен кеттім де, 

та ғы да аяқсыз қалды. Солай-солай жүріп 

жа тыр ғой бүгінде. Шымкентте өткізіліп 

тұрады. Алматыда да Қалдыбек 

бауырымыз жыл сайын Шәмші әндерінен 

кеш өткізеді. Алайда Шәмші фестивалін 

бүкілхалықтық ету үшін бұлар да аз, 

Мәдениет министрлігі тарапынан үлкен 

қолдау қажет, үнемі назарда ұстайтын 

нақты бағдарламаға ар 

қау ету керек. 

Әйтеуір, Шәмшіні біреудің ен шісіне беріп 

қоюға жол бермеу керек, се бебі ол көзі 

тірісінде елдің перзенті, ха 

лық 


тың 

композиторы болды, қайтыс бол ғаннан 

кейін халқы оны сол дәрежеде дә ріп теуге 

тиіс.


– Біздің алдыңғы толқын аға-апала-

ры  мыздың бәрі Шәмшінің әндерімен 

өсті. Ал менің замандастарымды бесікте 

жатқанда аналары халық әндерімен 

және Шәмшінің әндерімен тербетіп 

өсірді. Бүгінде Шәкеңді көзі тірі кезінде 

ешқандай атаққа ие бола алмады, кон-

серваторияны бітіре алмады, Компози-

торлар одағының мүшесі бола алмады  

деп жүрміз ғой. Егер «Шәкең өмірде 

өзінің бақытты екенін сезе алды ма?» 

дейтін сұрақ қоятын болсақ, мен ай тар 

едім, Шәмші өзінің аса бақытты екенін 

сезді.  Себебі ол шығысқа, мейлі батысқа, 

қазақ жерінің қай қиырына барса да, 

оны халық өз әнімен қарсы алды. Ал 

композитор үшін оны өз әнімен қарсы 

алудан асқан ба қыт жоқ. Шәмші өле-

өлгенше қызғаныш деген ді білмей кетті.  

Ол кез келген қазақтың жақсы әніне өз 

шығармасындай қуанатын. Шәкеңді 

танымайтын адам болған жоқ. Әр қазақ 

Шәкеңді өз жанұясының бір мүшесі 

ретінде қабылдады. 

Осыдан 20 жыл бұрын Шәм 

ші 


Қалдаяқов дүниеден өткенде Шә кеңе 

деген сағыныштан, менің ғана сағы ны-

шымнан емес, халқының сағынышынан, 

іштей күйзелістен «Ән-аға» әні туған 

бола тын. Шәмшінің қай жерде қандай 

кеші өт се, не осы әнмен ашылады, не 

жабылады.  Ән н ің сөзін көрнекті ақын 

Ибрагим Исаев аға мыз жазды. Осы әнді 

халықтың Шәмші Қал даяқовқа қойылған 

ескерткіш деп ба ға лауы біз үшін үлкен 

мәртебе. Шәмші – қа һарман композитор. 

Бұған дәлел – 1956 жылы біздің 

солтүстіктегі  аймақта ры мызды  біріктіріп, 

«Целиноградский край» деп атап, 

Ресейге қосамыз деген мәселе көте ріл-

генде 26 жасар Шәмші 25 жасар Жұме-

кен ге сөзін жаздырып, қызыл импе рия ға 

қар сылығын өзінің «Менің Қазақ станым» 

ұран әнімен білдірді. Сөйтіп, 1956 жылы 

25 қазанда дүниеге келген ән араға 50 

жыл са лып, 2006 жылы Президентіміз -

дің  ше ші мі мен  мемлекетіміздің  Әнұраны 

болып бекітіл ді.   

– Үш-төрт жас үлкендігіне қарамастан, 

мен ол кісіні «Шәмші» деп, атымен ата й-

тынмын. Өзі мені қатты жақсы көрді. Бірақ 

маған қарағанда жұбайым Майрамен 

жақсы араласты. Сыйлағаны соншалық – 

үнемі  «Майроша, Майроша» деп жүретін. 

Майраға арнап тіпті «Қыз сағынышы» 

деген ән де жазды. Ол кезде біз Алматының 

«Тастақ» ықшамауданында Шәмшімен бір 

жатақханада тұрдық. Ән жазылғанда мен 

ел жақта болатынмын. Ұзағырақ жүріп 

қалдым ба екен, әйтеуір, Майраның менен 

хат күтіп, поштаға қайта-қайта барып 

жүргенін Шәмші байқап қалыпты. Сөйтіп, 

алғашқы әндерінің бірін Майраға арнағаны 

бар. Құлаққа жағымды, майда қоңыр 

әуенді керемет ән! 

Жалпы, Шәмші әнді ешқандай қина-

лыссыз, жеңіл-ақ жазып тастайтын. Өйткені 

Шәмшінің дарыны – туа біткен табиғи да-

рын. Әйгілі Моцарт төрт жасында «құла-

ғым шулайды да тұрады» деп, екі құлағын 

алақанымен басып, шыңғырып жылайды 

екен. Шәмшінің басында да сондай бір 

оқиға болыпты. Бір күні түн ішінде жа-

тақханасында бір нәрсе жазып отырса, 

тере 


зе жақтан құлағына бірдеңенің 

сылдырлаған даусы естіледі. «Бұл не болды 

екен?» деп терезені ашса, ешкім жоқ дейді. 

Қайтып келіп отырса, әлгі дауыс қайта есті-

леді. Қайтып барып терезені ашып көреді, 

еш теңе жоқ. Сонда Шәмшінің мазасын 

алған музыканың құдіреті, Алланың берген 

дарыны екен ғой!  Осыны Шәмші маған өз 

аузымен айтып беріп еді. Осы оқиғадан 

кейін Шәмші «Қайықта», «Ақ бантик», 

«Ақмаңдайлым» сияқты ғажап әндерін 

жазды.  Көктен құйылып түскендей, нәзік 

лирикаға толы теңдессіз әуендер содан 

бастап бірінен кейін бірі ағыла жөнел-

ді. 

Шындығында, Шәмшінің әні ғана емес, 



өзі де керемет лирик еді. Оның амандасуы 

да, қоштасуы да жай ғана басталып, жай 

ғана аяқталатын. Ешкімнің көңіліне қаяу 

түсірмейтін, ешкімге қатты сөз айтпайтын, 

ұяң мінезді, келісімпаз еді, әрдайым 

елпілдеп тұратын. Көңілінде бір түйір кірбің 

болмайтын. Бір нәрсеге қатты риза болса, 

«молодец», «мошный» дегенді көп айта-

тын. Өзі юморға да жақын еді. 

Шәмші кісінің пиғылын көзқарасынан-

ақ сезе қоятын өте сезімтал жан еді. Өнері 

жұрттан озық, соншалықты биік бола тұра, 

тым қарапайым еді. Сол қарапайымды лы-

ғына қарап, «әй, қойшы осыны» дегендер 

де болды. Соны сезіп тұрса да, ол ешқашан 

еш кімді жек көрген емес.

– Шәкең саясатқа бойсұна қойған жоқ. 

Бірақ елге, жерге деген сүйіспеншілікті 

арқау еткен шығармаларды ол кісі өзінің 

жүрек қалауымен-ақ жазды, қай жерге 

табан тіресе де сол өңірдің қадір-қасиетін 

танып-біліп, атын асқақтататындай әдемі 

әндер туғызды. Мысалы, «Талдықорған», 

«Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы 

той» деген тәрізді басқа да жігерлі әуендері 

жетерлік. Осының барлығы – барған 

жеріндегі табиғатты көріп тебіренгеннен, 

елдің сүйіспеншілігін көріп толқығаннан 

келіп шыққан туындылар.  

Шәкеңнің қалжыңы үзілмейтін. Қолын 

рояльдің бетінде әрлі-берлі жүгіртетін де: 

«Мен бір тамаша ән шығардым», – деп 

әзілдейтін. «Қандай ән?» десең, Естайдың 

«Қорланын» айтатын. Сол әнді өте биік 

санап, жанындай жақсы көретін. Сөйтіп, 

«Мен өмір бақи Естайдың «Қорланындай» 

ән шығара алмай кеттім» дейтін. 

Шәкең шығармашылық тұрғыда өзін 

бақытты сезінгенімен, моральдық жағынан 

алғанда елеп-ескермеушілікке, немқұрай-

ды лыққа тап болды. Алқалы жиындарда 

«Шәкең қайда?» деп іздеп-сұрап, құрметтеп 

жатқан ешкімнің болмауы да, мүмкін, 

көңіліне қаяу түсірген болар. Әндерінің 

мұңдылау болып келетін себебі – олардың 

бәрінің өмірден алынғандығынан ба деп 

ойлаймын.  Сосын, неге екенін білмеймін, 

әйтеуір, Алматыда онша тұрақтағысы 

келмеді. Көбінесе туған жерінде болды. 

Жастайынан бірге өскен Тұйғынбек деген 

жолдасы Жамбыл облысында II хатшы 

болып қызмет істеді. Бір жағынан, соған 

арқа сүйеп, Жамбыл өңірінде де көп жүрді. 

Тұйғынбек оған дұнғандардың арасынан 

жер беріп, үй салдыртып та бастаған. 

Қысқасы, Шәкеңнің өмірінің көбісі елдің 

ортасында өтті. Адам баласының арманы 

көп қой. Оны терең зерттеу өте қиын, оған 

тұтас бір ғұмыр керек. Жалпы, Шәмші – өз 

құпиясын өзі арқалап өткен адам. Қанша 

жақын араласып, қатар жүргенімен, сыр 

ашып ешкімге ештеңе айтпайтын да... 

Бір-ақ рет берілетін өмірде қолыңнан 

келсе ешкімнен ықпай, бұқпай өту керек. 

Қолыңнан келмесе әркімнен қаймығып, 

тырысып, бырысып, өмірге құл болып 

өтесің. Міне, Шәмші ондай болған жоқ, 

өмір бақи шалқып, өз еркімен өмір сүрді. 

Кетер-кеткенше елдің алақанында жүрді. 

Кездесуден кейін бе, әйтеуір, ел-жұрт 

сыйлап, Шәкеңе костюм кигізіпті. Содан 

артын ша-ақ бұзақылар соқтығысып, үс-

тіндегі киімін шешіп алыпты. Сонда Шәкең 

қабағын да шытпастан: «Халқым өзі 

киіндіреді, өзі шешіндіреді» деген болса 

керек. Қалай дегенмен де, елдің Шәкеңе 

деген махаббаты қай кезде де өлшеусіз 

болды. 


(«Алаш айнасы», 15 тамыз, 2009 жыл)

– Шәмшінің әндері, жалпы, қазақ 

әндерінің биік шыңы десек, артық айт қан-

дық болмас. Әр қазақтың жүрегінде Шәм-

шінің әндері өзіне тән ерекше сарынымен, 

тереңдігімен айрықша орын алады.  Мен 

өзім сазгер болғандықтан, Шәмшінің әнде-

рін дей ән шығарудың жай адамның қолы нан 

келмейтінін білемін. Космостағы ән 

дер 


ді 

композитор антенна секілді қа был дап, оны 

жүрегінен өткізіп, халыққа бе 

р 

еді. 



Ағамыздың жүрегінің тазалығы сон шалық 

– оның әндері мәңгілік. Біз отбасымызбен 

«Арыс жағасында» әнін жиі орындап 

тұрамыз. Жарым Нұржамал Арыс тың қызы 

ғой. Шәмші ағамыздың әндері – сөнбейтін 

шырақ. Бұл кісі өмірде өзіне ла 

йық 

мәртебелерге, дәрежелерге жетпе ген шығар, 



бірақ өмірден өткеннен кейін жыл дар өткен 

сайын  Шәмшінің рухани мәр тебесі биіктей 

бермек. Шәмшідей, Мұ қағалидай қазақтың 

біртуар ұлдары өз кезін 

де қоғамнан да, 

мемлекеттен де өзінің тиісті орнын ала 

алмаса да, олардың  дары 

ны, ұлылығы 

халқының жүрегінде мәңгі қал ды. Адамды 

тірі кезінде бағалай алмау өмір дің кездейсоқ 

бір заңы секілді. Әр шы ғармашылық адамы 

үшін өмірде қалдырған ізі ешқашан өшпесе, 

соның өзі үлкен бақыт деп ойлаймын.    

 

Бетті дайындағандар Р.РАҚЫМҚЫЗЫ, 



М.ӘБСАТТАР, А.СЕМБАЕВА, А.ИСӘДІЛ 

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның Халық әртісі: 

ӘНІ ҒАНА ЕМЕС, ӨЗІ ДЕ КЕРЕМЕТ ЛИРИК ЕДІ

Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ, композитор: 

ШӘМШІ – ҚАҺАРМАН 

КОМПОЗИТОР

Мыңжасар МАҢҒЫТАЕВ, Қазақстанның Халық әртісі: 

ӨЗ ҚҰПИЯСЫН ӨЗІ АРҚАЛАП ӨТКЕН АДАМ

Төлеген МҰХАМЕТЖАНОВ, композитор: 

 ШӘМШІ ӘНДЕРІН ОТБАСЫМЫЗБЕН ЖИІ ШЫРҚАЙМЫЗ

Амалбек ТШАНОВ, қоғам қайраткері: 

ШЫН МӘНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ФЕСТИВАЛЬҒА АЙНАЛДЫ

№35 (717) 

29.02.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

АЛАШ АЗАМАТЫ

ДАТ!

ренциялар, семинар-кеңестер, конкурстар 



өткізіліп келеді. 2011 жылғы қарашада 

Ш.Уә лиханов атындағы Көкшетау мемле-

кеттік уни верситеті базасында «Тәуелсіздік 

және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың 

тарихи сабақтастығы» тақырыбында елі-

міз дің жалпы білім беретін мектептерінде 

қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын 

арттыру мәселелеріне арналған респуб-

ликалық семинар-кеңес ұйымдастырылған 

болатын. 



– Білім саласындағы бүгінгі күннің 

өзекті мәселесі не деп ойлайсыз?

– Менің ойымша, кез келген елдің 

болашағы білім беру жүйесінің және зия-

лылар қауымының деңгейіне байланысты 

болатыны анық. Олай болса білім беру 

жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі 

биік, абыройы да жоғары болмақ. Соны-

мен қатар бүгінгі жаһанданған әлем бізден 

келешек ұрпағымыздың ғаламдық білім 

жарысында бәсекеге қабілетті болғанын 

талап етеді. Өйткені ұлтты ұшпаққа шыға-

ра тын маңызды сала – білім мен ғылым. 

Ел басымыз Н.Назарбаев өзінің «Қазақ-

стан–2030» стратегиясын қамтыған Жол-

дауында: «Жастарды қазақстандық патри-

отизм мен шығармашылық жағынан 

дамы ған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса 

қажет. Олар қазақ, орыс және ағылшын 

тілде рін бірдей жақсы меңгеретін болады. 

Олар осы арқылы және өзінің бейбіт әрі 

қарқынды дамыған, бүкіл әлемге танымал 

елінің патриоты болады», – дегені барша-

мыз ға мәлім. Елбасының осындай алға 

қойған зор міндеттерін іске асырушылар 

– әрине, жастар, келешек ұрпақ. Сондықтан 

да, менің пайымымша, білім саласында 

ғана емес, барлық бағытта да бүгінгі күннің 

ең өзекті мәселесі – жастардың ақыл-ой 

әлеуетін барынша дамыту, ұлттық сезім-

дерін ояту, патриоттық рухты қалыптастыру. 

Бұған біздің министрлік жіті мән беріп ке-

леді. Әсіресе былтырғы жылғы «Отбасы, 

мектеп, қоғам – игілікті болашақ үшін бір-

ге!» тақырыбында өткен педагогикалық 

форум мен тамыз кеңестерінде де тәрбие 

мәселесі кеңінен талқыланды. Демек, 

ұстаз, отбасы, қоғам арасында өзара тығыз 

ынтымақтастық орнаған жағдайда ғана 

білімді де білікті ұрпақты тәрбиелей ала-

тынымыз сөзсіз. Бұл өз кезегінде баршаның 

мойнына үлкен жауапкершілік жүктейтіні 

белгілі. 



– Оқулық сапасына қатысты қоғам 

арасында айтылып жатқан сындарға 

қалай қарайсыз? Әртүрлі мектептердің 

бірдей сыныптарындағы оқушылар 

оқу лығында айтарлықтай айырма шы-

лық бар. Сапалы оқулықтың бірың ғай 

стандарттарын енгізуге не кедергі?

– Рас, ел Тәуелсіздігінен бері көтеріліп, 

өзектіге айналып отырған басты мәселенің 

бірі – оқулық сапасы. Бұл ретте Білім және 



– Бақытжан Тұрсынұлы, әңгімемізді 

білім саласындағы тіл мәселесінен 

бас та сақ. Өйткені тіл аясын кеңейту 

тікелей білім саласына байланысты. 

Осы орайда Елбасының Жарлығымен 

бекітілген Тілдерді дамыту мен қолда-

нудың мемлекеттік бағдарламасында 

мектептегі білімге мейлінше мән бері-

ліп, 2020 жылы оны бітірген түлектердің 

100 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі 

тиістігі көзделген. Мұндай міндет үде-

сінен шығу үшін министрлік қандай 

ша ралар атқарып жатыр? 

– Расында да, мемлекеттік тілді дамы-

туға қазақ тілінде білім беретін ұйымдар 

желісінің кеңеюі үлкен рөл атқарады. Бұл 

орайда алдымен Тәуелсіздігімізді алған 

жылдардан кейінгі кезеңде білім жүйесінде 

болған елеулі серпілісті ауызға аламыз. 

Нақты көрсеткішпен сөзімізді жүйелесек, 

қазақ тілінде білім беретін мектептер 

қатары соңғы 20 жылда үздіксіз өсуде. 

Мы салы, олардың саны 1990-1991 оқу 

жылымен салыстырғанда 1062 ұйымға, 

соның ішінде соңғы 10 жылда 285 мектеп-

ке артты. Жалпы, қазіргі кезде барлық 

мектептің 79,5 пайызын құрайтын қазақ 

және аралас 5931 мектеп қазақ тілінде 

білім береді. Осыған орай қазақ тілінде 

оқитын балалар саны Тәуелсіздік жылда-

рында, яғни 1990-1991 оқу жылынан бері 

600 мыңнан астам адамға өсіпті. Бұл 

барлық мектеп оқушыларының 63,8 пайы-

зын құрайды. Қазақ балаларының 86,1 

пайызы, сондай-ақ 31 мыңнан астам басқа 

ұлт баласы қазақ тілінде білім алуда. 

Пәннің білім беру сапасын көтеруге оқу 

жүкте месі ауқымының да әсері болатын-

дықтан, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерін-

де оқытатын мектептердегі қазақ тілінің 

сағаты әр сыныпта екі сағатқа көбейтіліп, 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталық 

жүктемесі бес-алты сағатқа жеткізілді. Мі-

неки, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айқын-

да ған тіл саясатындағы алға қойылған 

міндеттер осындай ауқымды әрі кешенді 

шаралармен шешімін таппақ. Мұндай игі 

істерді алға қарай да дамытып, мазмұнын 

байыта түспекпіз. Бұдан бөлек, қазақ тілі 

2008 жылдан бастап Ұлттық тестілеу 

бағдарламасына міндетті пән ретінде ен-

гізілгенін білесіздер. Еліміздің орыс, өзбек, 

ұйғыр, тәжіктілді мектептердегі мемлекет-

тік тіл пәнін деңгейлеп оқыту мәселесі де 

жүзеге асып жатыр. Жалпы, оқушылардың 

білім деңгейін көтеруге бағытталған жұ-

мыстар жас ұрпақтың қазақ тілін мемле-

кеттік білім беру стандарты талаптарына 

сай меңгеруіне игі ықпал етері анық.

Сонымен қатар кейде орыс тілінде 

оқы татын мектептерде оқушылар мемле-

кеттік тілді білмейді деген жалпылама 

ұшқары пікірге ұрынып жататынымыз да 

шындық. Шынтуайтында, олай емес. Өйт-

кені барлық оқу пәндері сияқты оқушылар 

қазақ тілін де өздерінің қабілет-бейімде-

ріне қарай әртүрлі дәрежеде меңгереді. 

Орыс тілінде оқытатын мектептерде оқи-

тын орыс және басқа ұлт өкілдері қатарын-

да мемлекеттік тілді жетік меңгерген, пән 

олимпиадасында, конкурстарда жақсы нә-

тиже көрсетіп жүрген, тіпті болашақ ма-

ман дық тарын қазақ тілімен байла ныстыр-

ған оқушылар аз емес және қоғамдағы игі 

ықпалға сәйкес олардың саны да соңғы 

уақытта қаулап өсіп келеді. Бұл – жақсы 

үрдіс.

 Тілдерді қолдану мен дамытудың мем-



лекеттік бағдарламасы аясында мұғалім-

дердің даярлық деңгейін арттыру, жаңа 

технологиялармен таныстыру, білім беру 

жүйесінің алдында тұрған басты міндеттер-

ді талқылау, озық тәжірибелерді тарату 

мақ сатында жыл сайын қазақ тілі мен әде-

биетін оқыту мәселелеріне арналған рес-

публикалық ғылыми-тәжірибелік конфе-

ғылым министрлігі оқулықтар мен оқу 

әде биеттерін әзірлеудегі әлемдік тәжірибе-

ге талдау жасай отырып, осыдан бір жа-

рым жылдай бұрын мектеп оқулықтарын 

әзірлеудің және басып шығарудың жаңа 

ережесін бекіткен болатын. Жаңа ережеге 

сәйкес, оқулық әзірлеу үшін оның құрамы-

на ғалымдар, әдіскерлер және бейіні бо-

йынша педагог практиктер кіретін автор-

лар ұжымы құрылып, оқу әдебиеттерін 

қа зіргі заманғы дәлелденген ғылыми не-

гіздемелер негізінде стандартқа және оқу 

бағ дарламаларына сәйкес әзірлеуі қажет 

етіледі. Әзірлеуші білім алушылардың жас 

және психологиялық ерекшеліктерін еске-

рулері, материалды берудің тиімді әдісте-

рін қолдануы қажет. Сонымен қатар шыға-

ру шыларға өз оқулығын әр төрт жыл са-

йын пысықтап отыру міндеті жүктеледі. 

Ат ал ған ереже бойынша оқулықтардың 

макеттері екі кезеңдік: «Оқулық» республи-

ка лық ғылыми-тәжірибелік орталығының 

және құрамына Қазақстан Республикасы 

Парламенті депутаттары, ғалымдар, мұға-

лім дер, әдіскерлер кіретін Республикалық 

кеңестің сараптамасынан өткізіледі. Осы 

сараптамалардың қорытындыларынан оң 

нәтиже алған оқулықтар ғана жалпы білім 

беру ұйымдарында қолдануға ұсынылады. 

Сондықтан да министрлік оқулық сапасын 

алдағы уақытта да жіті бақылап, қадаға-

лайтын болады. 



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.72 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет