Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


Фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасында 2014 жылдың желтоқсанына дейін



жүктеу 0.72 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6

Фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасында 2014 жылдың желтоқсанына дейін 

барлық отандық кәсіпорын GMP стандартын алуы тиіс делінген. Бұл қандай стандарт және 

ол не үшін керек?

Майра АЛПАРҚЫЗЫ, 

Қызылорда

GMP еуропалық стандарты – кәсіпорынға қо-

йы латын талаптар жүйесі. Өндіріс жағдайын, тех-

никалық құрал-жабдық және мамандардың кәсіби 

біліктілігін анықтауға арналған. Еуро одақтың GMP 

стандарты ғана өндірушілерге өз өнімін әлемнің 

кез келген еліне экспорттауға және халықаралық 

гуманитарлық жобаларға қатысуға мүмкіндік бе-

реді. Мамандардың айтуынша, еліміздегі фарма-

цевтикалық өндіріс тің әлемдік стандартқа көшуі ең 

әуелі бәсекеге қабілеттілікті арттыруы тиіс. 

Әлбетте, жаңа цех құрылысына, мамандарды 

даярлауға, техникалық жарақтануға едәуір шығын-

дануға тура келеді. Сондықтан мемлекет тарапы-

нан бірқатар қолдау көрсету қарастырылған: кәсіп-

орындарға өнімді сатып алу бойынша ұзақ мер-

зімді келісім жасауға жағ дай жасалады, GMP стан-

дартын алуға жұм саған шығыны корпоративтік 

табыс салы ғы есебінен жабылады. 

Салалық бағдарламада компаниялардың GMP 

стандартына өту мерзімі көрсетілген. Бү гінде «Но-

бель» зауыты мен «Химфарм» осы стан дартты ал ған. 

Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап елі міз дің аума-

ғында жұмысын жүргізуге ниетті кәсіп ор ындардың 

барлығы GMP стандартына қол жеткізеді. 

Бір-екі жыл бұрын «Бизнестің жол картасы – 2020» деген бағдарлама жүзеге 

асырыла бастағаны мәлім. Осы жол картасы аясында бизнеске қандай көмек 

көрсетілді?

Алмас СҮЙІНБАЙ, 

Тараз

2010 жылдың ортасында іске қосылған 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдар лама-

сы бүгінде төрт бағыттан құралады. Осы бағ-

дар лама іске қосылғалы 970 кәсіп орынға мем-

лекет тарапынан қаржылық қол дау көр се тілді. 

Эконо микалық даму жә не сауда ми ни стрлігінің 

Кәсіп 


керлікті дамыту комите 

тінің төрағасы 

Қайрат Әйтекеновтің айтуынша, мем лекеттік 

бюджеттен 10 млрд теңге бөлін се, оның тиім-

ділігі 300 млрд долларды құраған. 

Бірінші бағыт шеңберінде жұмысы жүріп 

тұрған бизнестің жаңа бастамалары мен 

жаңа жобаларына қолдау көрсетілді. Ай-

талық, 700 жоба өндірісті жаңғыртуға арнап 

несие мөл шерлемесі субсидиясын алды. 

Компания лардың 50 пайызға жуығы – 

өңдеуші саладан. Жұмыс істеп тұрған 

кәсіпорындарды сауық 

тыруға ар 

налған 

екінші бағыт бойынша өң деуші саланың 



170 кәсіпорнына жәрдем көр сетілді. Үшінші 

бағытта экспортқа бағытталған кәсіпорын-

дар 

дың тәуекелі төмендетілді. Төр 



тінші 

бағыт шең берінде бизнеске қызметтік қол-

дау жасалды. 

GMP бәсекені күшейтеді



Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

«Елдегі астық саласына қатысты түйінделіп қалған 

түйткілдерді шешу үшін бірыңғай астық холдингтерін 

құру қажет. Бұл – қазақ астығының мерейін аспандатып, 

бидайымыздың брендін әлемдік биікке шығаратын келелі іс...» 

Осы іс жайында күні кеше ауыл шаруашылығы министрі Асыл-

жан МАМЫТБЕКОВ мырза: «Мемлекеттік жекеменшік серік-

тестік шартында бірыңғай астық холдингтерін құру бойынша 

жұмыстар басталды. Сәтін салса, 2012 жылдың шілдесінде бұл 

холдингтер өз жұмысын бастайды», – деген болатын.

«еліміздегі элеваторларға айрықша бап 

керек» екенін баса айтып отыр. Жалпы, де-

рекке жүгінсек, бүгінде елімізде ең ірі 35 

астық қабылдайтын кәсіпорын бар, оның 

16-сында астық сақтайтын элеваторлар 

мүлде талапқа сай емес. Мамандары мыз-

дың пайымдауынша, тіпті қайсыбір сол-

түстік облыстар мен аудандарда астық 

қабылдау элеваторларының сыйымдылы-

ғы мүлдем тар. Сондықтан алдағы уақытта 

бізге барлық қырман, астық қабыл дау 

кәсіпорындары мен басқа да қуаттарды, 

астық кептіргіштерді инвентаризациядан 

өткізіп, елдегі қамбаларды халықаралық 

талапқа сай еткен жөн. «Егер бірыңғай ас-

тық холдингтері элеваторларды модерни-

зациялау үрдісіне назар аударып, техно-

логиялық қарымды арттырса, астық сала-

сын дағы түйткілдер барынша жеңілдер 

еді» деседі мамандар. 

«Соңғы алты айдың ішінде 

«Астана» жинақтаушы зейнет-

ақы қоры табыс табу жағынан 

Қазақстанның зейнетақы 

нарығындағы компаниялар 

арасында көш бастап келеді». 

Бұл туралы кеше Алматыда 

өткен арнайы баспасөз 

мәслихатында «Астана» ЖЗҚ 

басқармасының төрағасы 

Андрей Карягин мәлімдеді.

Заң бойынша, биылдан бастап елімізде-

гі жинақтаушы зейнетақы қорлары муль-

тиқоржын жүйесін енгізуі шарт. Атал ған қор 

жиында бұл міндетті жүзеге асырып жатқан-

дығын жеткізді. «Біз мультиқор жын жүйесін 

енгіздік. Ол салымшының өз активтерін ин вес-

тициялық стратегия – ор нық ты және консер-

вативтік инвестиция лық қоржындар не гі зінде 

басқаруына мүм кіндік береді. Ол үш ін біз 

бизнес-про цес терді дамытып, тех но логиялық 

шешімдер арқылы көрсетілетін қызмет сапа-

сын жақсарттық. Мәселен, тұты ну шылар 

біздің сайттағы «Салымшы бөл ме сін» пай-

даланып, өз салымдарын интернет арқылы 

ба қылай алады», – дейді А.Карягин.

Соңғы кездері қоғамдық талқыда «Ха лық-

тық ІРО» бағдарламасына жинақтаушы зей-

нетақы қорларын тартуға байланысты пікірта-

лас үдеп тұрғаны белгілі. Бұл мәсе леге байла-

нысты қордың көзқарасы оң бағаға ие екен. 

«Жинақтаушы зейнетақы қор ларында қор-

даланған ақша – ұзақ мер зімге белгіленген 

салымдар. Сондықтан біз ондағы қазақ-

стандықтардың ақшасы қа зақ стандық эко но-

микаға жұмыс істеуі керек деп санаймыз. Сол 

себепті Үкіметтің ин фрақұрылымдық жобала-

ры мен «Ха лық тық ІРО» бағдарлама сына 

қатысуға қы зығу шылық танытып отырмыз. Біз 

атал ған жобаларға тікелей қатыса алмаймыз. 

Оған басқарушы компаниялар ар қылы ғана 

шығамыз. Сондықтан бұл арада оның тех-

никалық орындалу жағына қа тысты мәселе 

туындауда. Әзірге бұл мәселе – өзара талқы 

барысындағы дүние», – дейді қор басшысы.

Өткен жылы несиелендіру бойынша 

бір шама жұмыс атқарылды. Екінші дең-

гейдегі банктерден шағын кәсіпкерлікті 

дамыту үшін 20,5 млрд теңге несие бе-

рілген. Сондай-ақ кәсіпкерлер Kaz Micro-

Finance шағын несиелік ұйымы арқылы 

2,2 млрд теңге несие алған. Ауыл дағы 

кәсіп керлерді қолдаумен қатар, ауыл ша-

руа шылық өнімдерді өндіру шілерге қар-

жылық қолдау көрсету мақсатында ауыл-

дық несиелік серіктестіктері 266,1 млн 

теңге несие берді. Бүгінде об лыста шағын 

және орта кәсіпкерліктің 36 142 субъ ек-

тісі жұмыс істеуде. 2011 жыл дың ішін де 

олар 172,51 млрд тең генің өні мін өн-

дірді. Жыл санап қатары артып келе жат-

қан кәсіпкерлердің алдағы уа қытта өнім 

өндіруді ұлғайтатыны сөзсіз. 

Ерлан ДҮКЕНБАЕВ, 

Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және 

өнеркәсіп басқармасының бастығы: 

– Өсім 172,5 млрд теңгені құ рап 

отыр. Бұл арғы жылмен салыс 

тыр-

ғанда 5,1 пайызға артық. Жүйелі жұ-

мыс атқарып отырған субъектілердің 

саны 13,2 пайызға артты. Онда жұмыс 

іс тейтіндердің саны 132 274 адамға 

жетіп отыр.

Гүлжан КӨШЕРОВА

Кәсіпкерлердің 

нәсібі артып отыр

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

«Шамның жарығы түбіне түспейді» де-

ген қағида сөйтіп бұзылды. Төрт жылға 

толар-толмас уақытта облыстың барлық 

аудан орталығына газ жетті. Тек был-

тырдың өзінде 9 мың адам тұратын 11 елді 

мекенге газ барды. 1 млрд 396 млн теңге 

қаржы 153 шақырым газ құбырын тартуға 

жұмсалды. Ал биыл Батыс Қазақстанның 

жеті ауылы табиғи газға қосылмақ. Олар: 

Ақжайық ауданының Базартөбе, Қарауыл-

төбе, Базаршолан, Томпақ, Қазталов ауда-

нының Қарасу, Беспішен және Шыңғырлау 

ауданының Тасмола елді мекендері. Тар-

тылатын құбырдың жалпы ұзындығы – 

177 шақырым, газ игілігін тұтынушылар 

саны – 11 мың адам.

Одан бөлек Жәнібек ауданының Көл-

табан, Құрсай ауылдарына газ құбыры 

тар мағын шығара отырып, «Ақоба – Жас-

қайрат» бағытында газ құбыры құрылысын 

жүргізу жоспарланған. Жаңағы жұмыстар 

жүзеге асқаннан кейін облыс тұрғында ры-

ның 84,7 пайызы көгілдір отынмен қам-

тылады. 


Ауыл-аймаққа газ жеткізумен шұғыл-

данатын мердігерді анықтайтын тендер 

жақында өткізілмек. Содан кейін онымен 

келісімшарт жасалып, есепшотына алдын 

ала төлемақы аударылады. Мердігер өз 

кезегінде ерте көктемнен сақадай сай әзір-

леніп, қара күзге жеткізбей жұмысты аяқ-

тауға тиіс. Қойылатын басты талап – осы.



Ақылбек ӘМІРҒАЛИЕВ,

 

БҚО энергетика және коммуналдық 

шаруашылық басқармасы бастығының 

орынбасары:

– Батыс Қазақстан облысы әкімдігі 

мен ҚР Мұнай және газ министрлігі 

ара сын дағы келісімге сәйкес, респуб-

ли калық бюджеттен биыл 856 млн 806 

мың теңге мақсатты трансферт бөлінді. 

Бұл жеті елді мекенге газ жеткізуге жұм-

салатын қаржының 90 пайызын құ-

райды. Қалған 10 пайызы облыстық 

бюд жетте қаралады. Жалпы, облысты 

кө гілдір отынмен толық қамту 2020 

жылға қарай аяқталуы тиіс. 

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, 

Орал

Жамбыл облыстық кәсіпкерлік 

және өнеркәсіп басқармасының 

берген мәліметтеріне сүйенсек, 

облыс бойынша шағын және 

орта кәсіпкерлік субъектілері 

шығарған өнімдердің көлемі 

өскен. Былтыр облыста 

279 шағын кәсіпкерлік нысаны 

ашылған болатын. Осы 

өндіріс орындарына жұмысқа 

орналасқандардың саны 

1500-ден асып отыр.

Тұрақтандыру қоры күз маусымында 

1,5 млрд теңгенің өнімін сатып алған. Ма-

мандардың ойынша, осы қаржыға ал ын-

ған азық қыс маусымында бағаның ша-

рық тауына жол бермейді. Бүгінге дейін 

тұрақтандыру қорының 247 тонна өнімі 

са тылды.  «Ертіс»  әлеуметтік-кәсіпкерлік 

кор порациясымен келісімшарты бар сауда 

орындары сату ақысын қоса алады. Бірақ 

ол 10 пайыздан аспауы тиіс. Бұл – корпора-

ция талабы. Сондықтан да сауда нүкте ле-

рінің санын көбейту қиын, дүкендер ха-

лықтың қалтасынан гөрі, өз пайдасын 

көбі рек  ойлайды. 

Зульфия ЖАМАЛТДИНОВА, 

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік 

корпорациясының менеджері:

– «Нива» дүкенінде біздің сауда 

нүк теміз болған. Бірақ ол бір аптадан 

ұзамай жабылып қалды. Тұрғындар 

қай тадан ашуымызды өтініп сұрап жа-

тыр, өйткені ол жақтағы көкөніс бағасы 

қымбат. Біздің нүктемізде 48 теңге бол-

са, басқа жерлерде – 70-100 теңгеден. 

Арзан өнім, әрине, тұрғындар үшін 

тиім ді  ғой.

Дегенмен кәсіпкерлер үшін тұрақтан-

дыру қорының өнімін сатудың тиімді тұсы 

да бар. Олар осы өнімді пайдалана оты-

рып, сатып алушылар қатарын көбейте 

алады. Ірі супермаркеттерге бұл тіпті мар-

кетингтік саясат та болар. Мәселен, «Тама-

ша» супермаркеті жарты айдың ішінде 

әдетте бір айда өтетін тауарды сатып 

үлгеріпті. Сауда орталығы қожайынының 

айтуынша, көкөніс алуға келген адам басқа 

да керек-жарағын осы жерден ала кетеді. 

Дүкендегі арзан өнім келушілер қарасын 

көбейткен. Төмен бағадағы өнімді алып-

сатарлар пайдаланып кетпес үшін тауарлар 

бір қолға белгілі мөлшерде ғана босаты-

лады, қаппен ешкім әкете алмайды. Әзірге 

Семейде тұрақтандыру қорының тоғыз 

түрлі өнімі саудалануда. Олар – күріш, күн-

бағыс майы, қарақұмық, қант және көкө-

ніс тер. Көкөністің келісі – 48 теңге, ал қа-

ра құмық 185 теңге болса, күнбағыс майы-

ның литрі – 250 теңгеден. Сауда дүкенде-

рі мен келісу оңайға соқпайтындықтан, 

«Ер тіс» корпорациясы қалада өзінің жеке 

дү ке нін ашу туралы бастама көтеріп отыр. 

«Қалаға муниципалдық базар қажет-

ақ. Біз алдағы уақытта өнімдердің түрін 

бұдан да көбейтеміз. Өйткені тұрақтандыру 

қорының бағдарламасы бес жылға белгі-

ленген. 18 өнім түріне дейін сатуға толық 

мүмкіндігіміз бар. Болашақта ет пен ұн 

өнімдерін де саудаға осылай арзан бағада 

шығара аламыз», – дейді Зульфия Жамалт-

динова.

«Ертіс» корпорациясы Семейде өзінің 



арнайы дүкенін және сегіз жылжымалы 

автодүкені бар жеке дистрибьюторлық 

ком панияны ашуды жоспарлап отыр.

Нұргүл ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ, 

Семей

Халық тұрақтандыру 

қорының игілігін 

көре бастады

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ



Қаладағы сауда орындарында 

бүгінде осы қордың 26 сауда 

нүктесі ашылды. «Ертіс» 

әлеуметтік-кәсіпкерлік 

корпорациясы өкілдерінің 

айтуынша, бұл тұрғындарды 

қыс кезінде қолжетімді азық-

түлікпен қамтамасыз етіп қана 

қоймай, бағаның өсуімен 

күресуге де жол ашты.

ТҮЙІН

Сонымен, біздің есебімізше, бо ла шақта бірыңғай астық холдингтерін 

қол данысқа енгізу – қажеттілік. Әрине, тәжіри беге енуі тиіс холдинг өз 

жұмысының әл қиссасын бастарда жоғарыда аталған үш басты бағытты 

ұстануы тиіс. 

Бірінші: хол динг ұлттық экономиканы көтеруге тиіс және 

бұған қатысты арнайы заң қабыл дан ғаны жөн. 

Екінші: холдингтің 

диқан қауымына деген ықыласы айрықша болуы керек. Қайсыбір 

кәсіпорындар немесе ком паниялар тәрізді кәсіпкерге немесе қа ра-

пайым диқанға қаржы бөлуде және өнімді сақтау мен алмастыру 

кезінде бар мақ басты, көз қысты әрекетке жол бермегені жөн. 

Үшінші: 

технологиялық қуатты лықты арттыру да холдингтің еншісіне енуі тиіс. 

Бір сөзбен айтқанда, аталмыш холдинг астық секторының тамырына 

қан жү гіртетін жаңашылдықтарымен екшеленуі тиіс. Сонда ғана бұл 

салада алар өнім мол, қамбамыз толы, ұқсатуы сауатты болмақ.

Жеті ауылға 

газ жетеді

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА



Бақтықожа Ізмұхамбетов 

Батыс Қазақстан облысында әкім 

болған кезде көп ауыл көгілдір 

отын қызығын көре бастады. 

Қарашығанақтай алып кеніштің 

іргесінде отырғанымен, оған 

дейін шетелдік инвесторды 

иліктіріп, халыққа қарас дейтін 

бір әкім болмаған екен.

Атап айтқанда, банктердің несиелері 

бойынша сыйақы мөлшерлемесін суб-

сидиялау және ішінара кепілдік беру тү-

ріндегі мемлекеттік қолдау «Кабиев и 

К», «Болат Ltd» секілді жеке кәсіпкерлік 

субъек тілеріне  көрсетілді.

Жоба аясында аспаздық, кондитер 

және нан өнімдерін пісіру бойынша өн-

дірістік цехтар ұйымдастыру, заманауи 

құрал-жабдықтарды сатып алу жоспарла-

нып отыр.

Бірінші бағыт шеңберінде «Несиелерін 

кепілдендіру» бағдарламасы бойынша 

жобалардың жалпы құны 604,3 млн тең-

гені құрайтын төрт кепілдік шартына қол 

қойылған.

Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ 

Үшжақты келісім

ҚО

ЛДА



У

Ақтөбе облысында «Биз-

нес тің жол картасы – 2020» 

бағдарламасының бір бағыты 

– «Жаңа бизнес бастамалар-

ды қолдау» аясында «Даму» 

қорының Ақтөбе облысы бойын-

ша аймақтық филиалы, екінші 

деңгейлі банктер филиалдары 

және жеке кәсіпкерлік субъек-

тілері арасында тағы да екі 

субсидиялау шартына және бір 

кепілдік шартына қол қойылды.

ҚАР


ЖЫ НАРЫҒЫ

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

№35 (717) 

29.02.2012 жыл, 

сәрсенбі             



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

БІРТУАР


 

Қалдаяқ ұста болған ба?

ӘН-ҒҰМЫР

Ән байқауының шарты қандай?



Шәмші Қалдаяқов атындағы ән фестивалінің шартта ры қандай? Бұл 

байқау жыл сайын ұйымдастырыла ма?

Гүлнұр, студент, Ақтөбе қаласы

Шәмші Қалдаяқов атындағы Халық-

ара лық «Менің Қазақстаным!» ән фес-

ти валі жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл 

фестивальға негізінен еліміздің әр ай-

мағында орналасқан және Астана мен 

Ал маты қалаларындағы мәдениет бас-

қар маларының ұсынысы бойынша жер-

гілікті жерлерде өткізілген Ш.Қалдаяқов 

атын дағы ән байқауларының жеңімпаз-

да ры (әр тараптан бір үміткер) қатыса 

алады. Сондай-ақ осы фестивальға 

шет ел дердің орындаушылары да қаты-

су ға құқылы. Үш кезеңнен тұратын ән 

байқауына 16-25 жас аралығындағы 

жеке әншілер шақырылады. Қатысушы-

лар конкурсқа Ш.Қалдаяқовтың әнде-

рінен екі ән дайындауы тиіс.

Байқау үміткерлері алдымен өтініш 

беруі тиіс.

Өтінішке қоса, мынадай құжаттар 

та лап  етіледі:

1) тиісті мекеменің ұсынысы;

2) орындаушының шығармашылық 

өмірбаяны;

3) жеке куәліктің көшірмесі;

4) СТН (салық төлеушінің нөмірі) 

көшірмесі;

5) 13х18 см көлемiндегi екі дана 

түрлi-түстi фотосурет;

6) CD және мини-дискіге жазылған 

әндердің нұсқасы.

Фестивальға қатысушылардың 

өнерін бағалау, сондай-ақ қорытынды 

шығару үшін қазылар алқасы құрылады. 

Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік 

органдардың өкілдерінен, көрнекті 

мәдениет және өнер қайраткерлерінен 

құ ралады және Қазақстан Республикасы  

Мәдениет және ақпарат министрлігінің 

Мәдениет комитеті бекітеді. Қосымша 

мәлі мет терді  аталған  министрліктің 

порталынан білуге болады. Былтырғы 

ән байқауы Ас тана қаласында өткен.



Шәмші Қалдаяқовтың ата-анасы кім болған? Атақты 

композитордың әкесі ұста болған деседі. Солар туралы аз-кем 

дерек берсеңіздер.

Айдар, Қарағанды облысы

Осыдан біраз жыл бұрын 

«Арыс» баспасынан «Отырар-Түр-

кістан кітапханасы» сериясымен 

Абдулла Жұмашевтің «Қалдаяқ 

ұста – Шәмшінің әкесі» атты этно-

г рафиялық кітабы жарық көрген. 

Аталған кітаптағы деректерге 

сүйенсек, әйгілі композитордың 

әкесі Қалдаяқ – шебер ұста болған, 

ұлттық өнерге етене жақын болған 

адам. Еңбегін ел ескеріп, кезінде 

ол Ленин орденімен марапаттал-

ған. Қалдаяқ 1891 жылы қазіргі 

Жамбыл облысының Сарысу ауда-

нында туған. 1976 жылы оңтүс-

тіктегі «Темір» совхозында қайтыс 

болған. Бұл жер қазір Шәмші ауы-

лы деп аталып кеткен. Кітапта 

 

Қал даяқ ұстаның өз қолымен жа-



саған бірқатар бұйымдарының 

фо 


тосуреттері берілген. Шебер 

ұста ағаштан, темірден, теріден, 



Шәмшісіз өткен 20 жыл... 

Ибрагим ИСАЕВ, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері: 

ШӘМШІНІҢ ӘНІНЕ СӨЗ ЖАЗУ БАҒЫ МАҒАН БҰЙЫРМАДЫ

– Мен Шәкеңнің көзін көрдім, ол кісімен  дастарқандас та болдық, әңгімелестік те. 

Тұмағаңның қарамағында «Жалын» альманахында істеген кезімде Шәкең одаққа анда-

санда келіп тұратын. Ол кезде біз жаспыз. Шәкең көзі тірі кезінде үйінде екі рет болдым. 

Алғаш ақын ретінде атым шығып, бір-жар композиторлардың әндеріне сөз жазып жүрген 

кезімде Шәкеңмен кездесіп, ол кісінің әндеріне сөз жазғым келетінін айтқанмын. Сол 

кезде Шәкеңнің маған айтқаны әлі есімде. «Айналайын, Ибрагимжан, менің жасым 

болса кеп қалды. Өзіммен қатарлас ақындармен біраз жұмыс істедім, әндер жаздық. 

Бүгінде болашақтарынан үміт күттіретін композиторлар шығып келеді. Сен де өз 

қатарластарыңмен жұмыс жасайсың» деген еді. Сөйтіп, маған  Шәкеңнің әніне сөз жазу 

бағы  бұйырмады.  Ал «Ән-аға, Шәмші аға»  әнін алғаш Қалдыбек Құрманәлиев маған 

алып келгенде «Шәмшіден асырып ән жазу қайда, сондықтан осы әнді ол кісінің өз 

стиліне салып, вальс ырғағына келтіріп жаз» деп ағалық кеңесімді бердім. Біраз уақыттан 

кейін Қалдыбек әннің жобасын қайта әзірлеп алып келді. Мен де әнге мәтінді Шәкеңнің 

әндерін үлгіге ала отырып жаздым. Алғаш бұл әнді белгілі сазгер Бауыржан Тұрғараев 

өңдеді. Әннің алғашқы орындаушысы әнші-сазгер Қадырғали Көбентаев болды. Кейіннен 

белгілі әнші Сәкен Қалымовтың орындауында «Ән-аға» халыққа кеңінен танылды.  

Төрт жылда  бір келетін 29 ақпан – қазақ халқының 

Шәмшідей аяулы перзентінен айырылған күні. Биыл, міне, 

халқымыз Шәмшісіз 20 жылды өткерді. Осыдан дәл 20 жыл 

бұрын Шәмшідей ән арысы өмірден озғанда «Ән аға» немесе 

«Шәмшімен сырласу» әні туған еді. Халқын шексіз сүйген 

Шәмші – өз халқына қандай ән керектігін түйсіне білген,  қазақ 

өнеріне жаңа леп алып келген реформатор.   Шәкеңнің 

алғашқы вальс ырғағындағы әндері шыға бастағанда ауыл 

қариялары композитордың әкесіне «Айналайын, Қалдаяқ-ау, 

анау сенің балаң Шәмші «бәліс» деген бәлені ойлап тауыпты. 

Швед дей ме, неміс дей ме, басқа ұлттың өнерін қайтпек, одан 

да өзіміздің «ахау, сәулем» деп келетін  халық әндерінің 

желісімен неге ән жазбайды» деп ойларын білдірген екен. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.72 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет