Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.72 Mb.

бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ресей тарапынан көтерілген Еуразиялық 

парламент құру мәселесі дәл қазір өзекті ме?

Мен тіпті ортақ валютаға да әлі ерте деп 

есептеймін. Аталған одақ алдымен өзін 

дәлелдеуі керек. Кедендік одақтан кейін 

бірден ортақ валюта құруға немесе пар-

ламент жасақтауға кірісіп кетуге болмайды. 

Алдымен Кедендік одақтың тауар, капитал 

және қызмет көрсетудегі ортақ нарығы 

қалыптасуы керек. Тек содан кейін ғана 

ортақ валюта мәселесі күн тәртібіне шыға 

алады. Еуроодақтың қателіктерін қайта ла-

мау үшін бюджет саясатын тиісті деңгейде 

ойластыру керек. 

Қара шаңырақтағы 

Канада елшісімен кездесу

Шақыруды табыстаған сенатор Икрам 

Адырбеков Христиан ұйымдарының бас-

шы ларымен кездесулер барысында алдағы 

форумның басты тақырыбы мен негізгі 

пікірсайыс секцияларындағы мәселелер 

туралы әңгімеледі. Арнайы өкілмен кезде-

сушілер Қазақстанның өркениеттер үнқа-

тысуын дамыту саласындағы күш-жігерін 

жоғары бағалады және діни лидерлер 

съезі не шақыруға ризашылықтарын біл дір-

ді. БҰҰ Женева бөлімінің басшысы Қ.Тоқа ев 

та шақыруға алғыс айтып, осы халық аралық 

ұйым тарапынан қазақстан дық бастамаға 

қолдау көрсетуге әзір екенін жет кізді. 

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту 

институты» үкіметтік емес ұйымының ди-

ректоры Сергей Худяковтың айтуынша, 

жер гілікті бюджеттердің ашықтығы бюджет 

қар жысының тиімділігін анықтайды. «Жер-

гілікті бюджеттердің ашықтығы мен жария-

лылығына назар аударған негізгі себебіміз, 

ол – мемлекет бюджетінің үштен екі бөлігі 

жергілікті бюджеттерге тиесілі. Әлеуметтік 

бағыттағы мемлекеттік қызметтер де, 

негізінен, осы жергілікті жерлерде жүзеге 

асырылады. Біздің индекс барлық 14 

облыстың өткен жылы атқарған жұмыстары 

негізінде әзірленді. Жергілікті бюджеттердің 

ашықтығы қағидаты 50 ұпайдан 100 ұпай 

аралығында бағаланды. Индекске сәйкес, 

жиналған ең жоғары ұпай 63-ті құрады. 

Бұл орташа деңгейден төмен», – дейді 

С.Ху дяков.

Сонымен, ашықтық индексі бойынша 

Аты р ау мен Қызылорда облыстарының 

бюд жеттері көш бастап келеді. Олардың 

ашық тығы 63 ұпайға бағаланды. 50 ұпай-

дан жоғары алғандардың қатарында Ақ-

төбе, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды және 

Ақмола облыстары бар. Астана мен Алматы 

қа лаларының бюджеттері де атал ған ме же-

ден асып, 57 ұпайды еншіледі. Ал ең тө мен 

көрсеткіш – 32-37 ұпайға Маңғыстау жә не 

Батыс Қазақстан облыстары ие бол ды.    

Арман  АСҚАР   

Әлемдік тұлғаларға IV діни 

форумға шақыру табысталды

Бюджет ашықтығына баға берілді

Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен 

ке 

йін елші Берік Арын Қазақстан 



басшылығы Мысырмен саяси-эко номика-

лық 


 жә не 

мәдени-гуманитарлық                                                

са  ла ла р    да ғы  ынтымақтастықты  дамытуға 

үлкен көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Ал 

өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 

сәлемі мен ізгі тілегін жолдаған фельдмар-

шал Мұхаммед Хусейн Тантауи Мысыр Қа-

зақстанмен екіжақты қатынастарды барлық 

салада белсендіруге ынталы  екенін атап 

көрсетті. 



Айбын БАҚЫТҰЛЫ

Қазақстан елшісі Мысыр жоғары 

әскери кеңесінің төрағасына Сенім 

грамотасын тапсырды

Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Берік Арын 

ақпанның 27-сі күні Каирде Египет Араб Республикасының  Жоғары 

әскери кеңесінің төрағасы,  фельдмаршал Мұхаммед Хусейн Тантауиге 

Сенім грамотасын тапсырды. «Алаш айнасына» бұл туралы еліміздің 

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер 

лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қайрат Мәмидің Астанада 

өтетін кезекті IV діни форумға қатысуға арналған жеке шақыруы 

Женевада дүниежүзілік шіркеулер кеңесінің Бас хатшысы О.Твейтке, 

дүниежүзілік лютеран федерациясының Бас хатшысы М. Юнгеге, БҰҰ Бас 

хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас 

директоры Қ.Тоқаевқа табыс етілді. Бұл туралы ҚР Парламенті 

Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Кеше Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстанның ұлттық 

бюджет желісі мен «Сорос-Қазақстан» қоры жергілікті бюджеттердің 

ашықтық индексін жариялады. Оған сәйкес еліміздегі барлық 

бюджеттердің ашықтығы жалпы 50 ұпайға бағаланды. Бұл орташа 

деңгейден төмен болып тұр.

Былтыр халықтың 37 пайызына қызмет 

қылатын 28 халыққа қызмет көрсету ор-

талығы (ХҚКО) жаңғыртылған екен. Аудан 

орталығынан шалғай жатқан елді мекендер 

үшін 14 мобильді ХҚКО жібе рілген. Соның 

нәтижесінде халықтың ХҚКО қызметіне 

ризашылығы 76 пайызға көте ріліпті. Бұны 

«Қазақстанның азаматтық альян сы» заңды 

тұлғалар бірлестігі де қуат тап отыр. Олар 

Қазақстандағы ХҚКО-лары бойынша 

қоғамдық мониторинг жүр 

гізіпті. 

Бірлестіктің атқарушы директоры Али на 

Хаматдинованың айтуынша, халық 

ты 


кезек күту уақыты қанағаттандырыпты. 

Сауалға қатысқан халықтың 76 пайызы 

күту кезегінде 40 минуттан аз уақыт тұр-

ғанын айтса, жұртшылық ХҚКО қызмет-

кер лерінің халықпен қарым-қатынас жасау 

мәдениетінің де бірталай көтерілгенін ата-

ған. 

Қазақстанның азаматтық альянсы кей-



бір ХҚКО-ларда жаңғыртылғаннан кейін 

тағы да мониторинг жүргізіпті. «Жаңғырту 

жүргеннен кейін төрт айдың ішінде 

халықтың ХҚКО қызметіне қанағаттануы 

тағы 15 пайызға өскенін байқадық. Бұдан 

жаңғыртулар халыққа тиімді әсерін тигізіп 

жатыр деген қорытынды шығаруға 

болады», – дейді Алина Хаматдинова. 



ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ЕНДІ ОНЛАЙН 

РЕЖИМДЕ ТІРКЕЛЕТІН БОЛАДЫ

Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, биыл 

тағы 228 ХҚКО жаңғыртылып, бірталай 

мемлекеттік қызмет автоматтандырылмақ. 

Соның бәріне тоқталмай, маңызды деген-

дерді атап өтсек. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу 

және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу 

онлайн режимге көшіріледі екен. Бұл тір-

кеу уақыты мен қажетті құжаттарды қыс -

қартады. Қазір жеке кәсіпкерлерді 5-30 

күн аралығында, ал заңды тұлғаларды 30 

күнге дейін тіркесе, онлайн режимге көш-

кен соң бұлар 15 минуттың ішінде ешқан-

дай құжатсыз тіркеле алатын болады. Бұ-

рын тіркелу үшін кемі бес құжат жинау 

ке рек болатын, ал онлайн режим үшін бар 

бол ғаны электронды-сандық (цифрлы) 

қо дың ғана болуы керек. 

Тағы бір тамаша жаңалық – баланың 

ту уына және күтіміне байланысты берілетін 

жәрдемақы тағайындау қызметі оңтай лан-

дырылмақ. Бұрын айлап қаншама құжат 

жи нап, тапсырып, оның өзі 10 күннің ішін-

де қаралса, алдағы уақытта бұл жәрдемақы 

еш құжатсыз-ақ жеті күнде тағайындалатын 

бо лады. «Мұндай қызметтер 13-жыл дың 

соңына дейін автоматтандырылатын 

болады», – дейді Асқар Жұмағалиев. Ал 

тағы екі қызмет әзірге еліміздің төрт қала-

сында (Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды) 

тәжірибе жүзінде іске асатын болады. 

Олар: жүргізуші куәліктерін беру орталы қ-

тарын ашу және автокөліктерді тіркеу мен 

тіркеу нөмірлерін беру қызметтері.



«КРУТОЙ» НӨМІРЛЕРДІҢ БАҒАСЫ 

ҚЫМБАТЫРАҚ БОЛАДЫ

Жүргізуші куәліктері енді екі сағаттың 

ішінде берілетін болады. Жаңа жүйе бо-

йынша азамат автокөліктерді тіркеу жә не 

жүргізуші куәліктерін беру орталы 

ғына 


барып, сол жерде отыратын ХҚКО қызмет-

керіне жеке куәлігін ұсынады. Бұдан басқа 

құжат керек емес, өйткені барлық мәліметті 

жеке тұлғалардың мемлекеттік дерек ба-

засынан, «Автомектептің» деректер база-

сы нан және Денсаулық сақтау министр лігі-

нің ақпараттық жүйесінен алады. Бұдан 

кейін жүргізуші куәлігін алушыға қажетті 

төлемдерді төлеу үшін талон беріледі. Оны 

төлеген соң сол жерде теориялық тесті-

леуден өтеді. Бұл сынақтан сүрінбей өтсе, 

тәжірибелік емтиханға жіберіледі. 

Автодром тура тіркеу орталығының жанын-

да орналастырылады. Бұл емтиханнан да 

сәтті өтсе, бірінші келген терезесінен жүр-

гізуші куәлігін алып кетеді. Теориялық және 

тәжірибелік сынақ алаңдарының бәрі 

видео арқылы бақыланады. «Бұл бармақ 

басты, көз қыстыға жол бермейді» дейді 

министр. 

Тіркеу нөмірлері де бір сағаттың ішінде 

берілетіндей жүйе енгізілуде. Бұл жүйе 

бойынша автокөлік иесі өзі қалаған нөмірді 

таңдай алады. «Әдемі нөмірлер» сатыла-

тын болады. «Бұл халықаралық тәжірибеде 

бар», – дейді Асқар Қуанышұлы. Нөмір-

лердің бағасы да әртүрлі болады. «Крутой» 

нөмірлер қымбатырақ болады деген 

секілді. Министрдің айтуынша, қазіргі 

уақытта бұлардың бағасы әлі белгіленбеген. 

Аукцион бойынша да сатылуы мүмкін 

екен.


ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ БӘРІ ЕНДІ 

ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БЕРІЛЕДІ

Асқар Жұмағалиев электронды лицен-

зиялау мәселесіне де тоқталып өтті. Оның 

айтуынша, бүгінгі таңда жалпы лицензия-

лардың 25 пайызы электронды форматқа 

көшкен. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаев Жолдауында лицензияның бар-

лық түрі 2012 жылдың соңына дейін элек-

тронды форматқа көшірілуі керек деп 

тапсырма берген болатын. Министр Пре-

зиденттің тапсырмасын орындауға мүмкін-

діктің толықтай жететінін айтып отыр. 

Бұдан басқа биылдан бастап рұқсат беру 

құжаттарын да электронды форматқа кө-

шіру көзделуде. Министрдің айтуынша, 

биыл ғы жылы көп сұралатын 80-ге жуық 

рұқ сат беру құжаттарын электронды түрге 

өт кізу де жоспарланған. Осылайша, 2014 

жыл ға дейін барлық құжаттар электронды 

түр ге  көшірілмек.   



ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА 

МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАНУЫ МҮМКІН

Айтпақшы, көлік және коммуникация 

министрі селекторлық отырыстан шыққан 

соң журналистерге жеке тұлғалар үшін 

техникалық байқаудан өтуге жарты жылға 

мораторий жариялануы мүмкін екенін 

айтып қалды. «Бұл жайында Үкіметке 

ұсыныс жасайтын боламыз. Шешім 

шыққанда сіздерді міндетті түрде құлағдар 

етеміз», – деді министр. Мораторий 

жариялайтындай жөні бар. Себебі 

техникалық байқаудан өту орталықтары 

әлі күнге дейін жеткіліксіз. Ал ашылған 

орталықтардың көбінде жүк көліктерін 

байқаудан өткізетін мүмкіндік жоқ. Бір 

жағынан халықтың наразылығы да көп.

Екіжақты кездесу барысында тараптар 

Қазақстан мен Канаданың қарым-қаты-

насының маңызына, басымдық берілетін 

бағыттарына тоқтала келе, ынтымақтасудың 

қазіргі мәселелері мен даму келешегі тура-

лы ой қозғады. Университет басшылы ғы 

мен канадалық елшілік арасында жо ғары 

білім беру және ғылымды дамыту саласын-

дағы маңызды келісімдер жасалды. Бұл 

әсіресе екі ел арасында студенттер алмасу, 

ғылыми кадрларды тағылымда 

мадан 


өткізу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзе-

ге асыру сияқты өзекті іс-шараларды қам-

тиды. 

Ресми кездесуден кейін Канаданың 



Төтенше және өкілетті елшісі Стивен 

Миллар және Карлтон университетінің 

профессоры, доктор Петр Дудкевич Әл-

Фараби атындағы ҚазҰУ философия және 

саясаттану факультетінің профессор-оқы-

тушылары құрамымен, докторанттарымен 

және магистранттарымен кездесті. Факуль-

тет деканы, профессор А.Масалимова бұл 

кездесудің аса маңыздылығына тоқтала 

келе, университетте Канада ақпараттық 

орталығын ашу туралы тың идея ұсынып, 

ол қонақтар тарапынан қызу қолдау тапты. 

Мұндай ғылыми орталық екі ел арасындағы 

мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар-

ды дамытуға игі ықпал етері сөзсіз.

Кездесу барысында канадалық ғалым, 

доктор Петр Дудкевич «Көпэтносты мемле-

кеттегі басқару» тақырыбында дәріс оқы-

ды. Бұл елден үйренетін сабақтар мен қа-

пер ге алатын озық тәжірибе жетерлік екен. 

Қазақстан сияқты халқының құрамы күрде-

лі саналатын елдегі ұлт саясаты мәселелері 

жөнінде оқылған дәрістен факультеттің жас 

ғалымдары қызықты мәліметтер алып, 

шетелдік тәжірибенің ерекшеліктерімен 

танысты. Дәрістің соңы қызу пікір алмасуға  

қарай ойысып, екі елдің арасындағы ұқ-

састықтар мен айырмашылықтар жан-жақ-

ты талқыланды. Ал Канада елшісі өз 

өкілеттігін жаңа бастап жатқанын, қызме-

тінің басын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 

ресми сапармен бастағанын жақсылыққа 

жоритынын, екі ел арасындағы қарым-

қаты нас жоғары деңгейде өрбуіне өзінің 

бар күш-жігерін салатынын мәлімдеді. Мұ-

ның барлығы осы екіжақты кездесудің ма-

ңыз дылығымен қатар, Әл-Фараби атын-

дағы ҚазҰУ-дың халықаралық дәрежедегі 

беделінің зор екендігін көрсетеді. 

 

 



 

 

С.МҰСАТАЕВ ,



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

саясаттану кафедрасының 

профессоры, 

саяси ғылымдар докторы 

ТҮЙІН

Ресейдегі сайлауалды науқан кезінде айтылған саясаткердің пікірін әзірге 

ресми әрі салмақты ұсыныс деп қабылдай алмайтынымыз анық. Оның үстіне 

парламент жасақтау барысында да алып елдің ықпалы басым болып кетуі 

ғажап емес. Дәлірек айтқанда, алдымен Еуразиялық одақ идеясын қолдап, 

оның құрамына қосылушылардың саны артуы қажет. Еуропалық одақтың 

сайлау арқылы жасақталатын Парламенті аталған одақ құрылғаннан 

кейін 20 жылдан соң жүзеге асырылды. Яғни әзірге парламенттік ассамблея 

жасақтауға мүмкіндік бар. Дегенмен еларалық мәселелерді заңды тұрғыдан 

қарастыратын депутаттық органның қажет екені сөзсіз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, профессор Ғ.Мұтанов бастаған 

университет ұжымы мен Канаданың Қазақстандағы Төтенше және 

өкілетті елшісі Стивен Миллармен, Канаданың Оттава қаласындағы 

Карлтон университетінің профессоры, басқару мәселелері бойынша ірі 

маман саналатын доктор Петр Дудкевич арасында ресми кездесу өтті. 

Мақтайтын жерде мақтау керек, оның несін жасырамыз, 

еліміздің үкіметі халық үшін қолдан келгенше қолайлы жағдай 

туғызуға тырысып келеді. Анықтама алса да, кәсіпкерлігін құрса 

да, қағазбастылықтан арылу үшін мемлекет «электронды 

үкіметті» жан-жақты дамытып жатқанын жұрт көріп отыр. 

Бүгінгі таңда халыққа 10 миллионнан астам электронды қызмет 

көрсетілген екен. Елбасы да өзінің халыққа Жолдауында 2012 

жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызды қызметтердің 60 

пайызын электронды форматқа көшіруді тапсырған болатын. 

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев 

Президенттің тапсырмасына сәйкес «электронды үкіметтің» 

іс-шаралар жоспарын әзірлеп қойыпты. Кешегі Үкіметтің 

селекторлық кеңесінде жоспардың таныстырылымын жасады. 

Салтан СӘКЕН

Сауалнаманы дайындаған 

Сәдуақас КЕБЕКБАЙ

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

№35 (717) 

29.02.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ПАЙЫМДАМА



Бірыңғай холдинг астық секторының 

тамырына қан жүгірте ала ма?

номикасын көтеруге бағыттап қой ған. Ал 

біздегі холдингтердің алдымен өз ұпай-

ларын түгендеп алуға құлшынып тұра тыны 

жасырын емес. Сондықтан біз астық сала-

сына қатысты құрылуы тиіс бұл бірың ғай 

холдингтің «Азық-түлік» корпора ция сының 

көшірмесіне айналып кетпеуі үшін алдымен 

заңды қатайтып алғанымыз жөн. Бұған 

қатысты жоспарлы жобада арнайы заңды 

бап енгізіліп, ол холдингтің шынымен астық 

саласына тың серпін әке летіні заң бойынша 

анық көрсетілсе, онда мұндай холдингтің 

берері мол болады, – деді.

Сондай-ақ мамандар аталмыш холдинг 

«Азық-түлік» корпорациясының жұмы сын 

қайталамауы үшін жалпыға бірдей қол-

жетімді болуы керектігінен де құлақ қағыс 

жасап отыр. «Ол үшін холдинг пен диқан 

қауымы арасында тығыз әріптестік орнауы 

қажет» деседі мамандар. 



ДИҚАНҒА ПАНА КЕРЕК

Сөйтіп, пайымдауымызша, бірлескен 

әріптестік орната жүріп, шаруаны дөңге ле-

туге болатын тәрізді. Ал бұл ретте нақ қазір 

бірінші кезекте бұл холдинг диқандар мен 

басқарушы орган арасын байланысты-

рушы дәнекер болуы керек. Мысалы, 

холдинг арқылы диқандар тиісті орын-

дарға базынасын жеткізіп, өзіндік ұсы-

ныстарын өткізе алса, соның ішінде 

өнімді сатып алу кезінде астықтың тон-

насына қойылатын бағаны бұл холдинг 

сәл жоғары бағамен сатып алса, жөн бо-

лар еді. Сондай-ақ осы холдинг арқылы 

егістік алқаптарын  әрта рап тандыру,  яғни 

егіс алқаптарына тек би дай ғана емес, 

майлы дақылдар (жүгері, сафлор, соя) егу 

ісін жетілдіруге де болады. Ол үшін хол-

динг тек бидай егушілердің өнімін ғана 

емес, соя, жүгері, сафлор егу шілердің 

өнімін сатып алып, алмастыру жағын рет-

теуі тиіс. Мамандар бұл әрекет елдегі мал 

азығы мәселесіне де септігін ти гі зетінін 

жоққа шығармайды. Бұдан басқа холдинг 

диқандар қауымының қолына тиетін 

қаржыны да бақылауға алып, қадағалау 

жұмыстарымен айналысқаны жөн. Бұл 

ретте  ауыл шаруашылығы ғылымының 



док торы,  профессор Аман ШОТАЕВ:

– Несиеге 14-15 пайыздық төлем қою 

– нақ қазіргі уақытта әлемде жоқ көрсеткіш. 

Әйтсе де бұл біздің елде бар. Өзге елдің 

барлығы диқандарына несиені 3-5 пайыз-

Сөйтіп, министрдің сөзіне сүйенсек, 

бірыңғай астық холдингтері астық трей-

дері қызметін жүзеге асырады. Сондай-ақ 

еркін нарықта «Азық-түлік» корпорация-

сынан астық сатып алу, ірі астық партияла-

рын сақтау, халықаралық нарықтағы қа-

зақ стандық астық экспортын бақылау жұ-

мыстарын да осы бірыңғай астық холдинг-

теріне міндеттеу қажет. Бұған қоса бірыңғай 

астық компаниясы астық алмасу операци-

яларын жүзеге асырып, астықты тасымал-

дау және сақтау инфрақұрылымын дамы-

ту бойынша қызметтерді де өзіне жүк-

темек. 

Әрине, бір қарағанда жобаның бағыты 



жұп-жұмыр. Десек те, бірыңғай астық хол-

дингтерін құру нақ қазір қажет пе? Атал-

мыш холдинг «Азық-түлік» корпора ци я-

сының көшірмесіне айналып кетпей ме? 

Жалпы, бірыңғай холдинг құру астық 

саласындағы мәселелерді шеше ала ма?



ХОЛДИНГ КӨШІРМЕГЕ 

АЙНАЛМАУЫ ТИІС 

Негізінен, мамандардың дені мұндай 

холдингтердің бізге қажеттігін, нарық заң-

дылығын сауатты меңгерген елдердің дені 

әлдеқашан бұл бағытты ұстанып отырғанын 

алға тартуда. Мәселен, байыптағанға 

қазақ елінің ауыл шаруашылығы өнімдері 

рес публика халқының сұранысын қамта-

масыз етіп қана қоймай, әлемдік саудаға 

шығуға потенциалы жоғары. Ал біз осы 

мүмкіндікті дұрыс пайдалану үшін нарық-

тық инфрақұрылымдарды қалыптастыруы-

мыз қажет. Демек, тәжірибені оңтайлы 

пай далана алсақ, біз сөз етіп отырған бір-

ыңғай астық холдингтерінің бастамасы сол 

ин фрақұрылымдық дамудың бір негізі 

болмақ. 

Бұл жайында экономист ғалым Ғали-



жан МӘДИЕВ:

– Бұл – біздің өркениетті кәсіпкершілікке 

ұмтылған қадамдарымыздың бір парасы. 

Ауыл шаруашылығын қолдаудың негізгі көзі 

– инфрақұрылымды дамыту. Сондықтан 

мұн дай бірыңғай холдингтер ауадай қажет. 

Мысалы, АҚШ-та қабылданған заңдар осы 

іспетті ұлттық бірыңғай холдингтерді ел эко-

бен береді. Ал бүгінде біздің диқандарымыз 

үшін несие өте тиімсіз болып отыр. Оларға 

пайда табуға мүмкіндік берілмейді. Мыса-

лы, банк жүйесі бір жылдың ішінде өз ак-

тивтерін екі есеге ұлғайтады екен. Ал астық 

кәсіпкерлері өз активтерін ұлғайтпақ түгіл, 

өзінде бар активін сақтай алмай отыр. 

Осындай ұтымды ұйым дас тырудың жоқ-

тығынан диқандар дың еңбегі еш кетіп жүр. 

Сондықтан жаңағы бірыңғай астық хол-

дингі құрылған күннен бастап диқан дар-

дың қолына тиетін қаржының қол жетім-

ділігін бақылауда ұстағаны жөн. Қаржы 

мәселесі шешілсе, істің алға басуына да 

үміт бар, – деді.

ЭЛЕВАТОРЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Ал енді астық саласына қатысты техно-

ло гия лық  қарымымыздың  да  олқылығын 

сөз еткен мамандарымыз алдағы уақытта 

Өздеріңізге белгілі, соңғы кездері елі-

міздегі зейнетақы нарығы активтерін бас-

қару жағы тығырыққа тірелген. Оған құн ды 

қағаздар нарығындағы тоқырау және әлем-

дік қаржылық дағдарыстың салдары қатты 

әсер етіп отыр. Сол себепті жинақтау шы зей-

нетақы қорлары табысы жағынан еліміздің 

инфляция көрсеткішін де игере алмауда. 

Соңғы кездері осы өзектілік та ныт қан мәсе-

леге байланысты отандық мамандар еліміз-

де зейнетақыға қатысты заң намаға өзгерістер 

мен түзетулер енгізуді ұсынуда. Жинақтаушы 

зейнетақы заңнама сын модернизациялау 

туралы мәселеге Елбасының биылғы Жол-

дауында да ба сым дық берілген.

Міне, аталған нарықта осындай күрделі 

мәселенің барына қарамастан, бүгіндері 

еліміздегі 11 жинақтаушы зейнетақы қоры 

ішінде «Астана» ЖЗҚ табысы жағымды көр-

сеткішке ие болып отыр. Мәселен, 2012 

жылдың 1 ақпанындағы мәліметке сү йен-

сек, бұл қордың өткен 12 ай бойын дағы К2 



Зейнетақы қорларының табысы инфляция деңгейін игеруі әбден мүмкін

табыс коэффициенті 7,6 пайызға жеткен. 

Бұл Қазақстан нарығындағы орта көрсет кіш-

тен екі есеге жоғары, пайызбен есептегенде, 

ол 2,59%-ға тең. Осы жағы нан алғанда, 

атал ған зейнетақы қорын еліміздегі К2 (12) 

көрсеткіші бойынша инфляцияны еңсерген 

бірден-бір қор деп айтуға болады. 

«Өткен жылы «ЦАТЭК» АҚ Еуразиялық 

жинақтаушы зейнетақы қорының акция-

сын сатып алып, оны «Аманат – Қазақстан» 

зейнетақы қорымен біріктірген еді. Сол 

кезде алдымызға қойған үлкен мақсатты 

бүгін игердік деп ауыз толтырып айта ала-

мыз. Осы жағынан алғанда, «Астана» ЖЗҚ 

жемісті жоба болып табылады. Жарғылық 

капиталы да артып, ол қор дамуындағы 

маңызды қадамдардың бірі болып сана-

лады», – дейді бұл ретте «Астана» қоры 

Директорлар кеңесінің төрайымы, «ЦАТЭК» 

АҚ президенті Гүлнәр Артамбаева.

Әрине, бұл арада өзгелерден оқ бойы 

озық шығуға ықпал еткен қандай факторлар 

деген заңды сауал туындайды. Оның жайы-

на А.Карягин мырза былайша тоқтал ды: «Ең 

бастысы, біз әбден електен өткізіл ген инвес-

ти циялық саясатты белсенді жүр гі зіп, оны 

ұдайы қадағалап, салымшыла ры мыздың 

салымын мейлінше көбейтуге басымдық 

береміз. Нарыққа мониторинг жүргізіп, ти-

імді тетіктерді анықтаймыз. Бұл арада аса 

сауаттылық танытса, қателесуге жол беріл-

мейтінін баса айта кетейін. Екіншіден, қор 

жұмысы қоғам үшін ашық және транспа-

рентті. Үшіншіден, қызмет көрсету де біз 

барлық мүмкіндікті пайдаланамыз. Мәселен, 

қызметімізде фейсбук секілді ин терактивті 

әлеуметтік желілерді де пайдаланамыз. Төр-

тіншіден, «Сбербанк» АҚ Қазақ стандағы ен-

шілес  банкімен  страте гия лық  әріптестігіміз ді 

атауға болады. Бұл банк біздегі қор салым-

шыларына тұтыну шы лық несие ұсынуда 

бел гілі бір жеңіл діктер ұсынады».

Мұндағы соңғы жайтқа тоқталар бол-

сақ, бұл банктің қызметіне жүгінуде қор-

дың салымшылары бұрынғы несиесін қай-

та қаржыландыруға мүмкіндік алады екен. 

Осы артықшылық әсіресе заңды тұлғаларға 

тартымды көрінеді екен. 

– Біздің банк серіктестік шеңберінде «Ас-

тана» ЖЗҚ салымшыларына бірқатар қызмет 

түрін ұсынады. Атап айтсақ, қордың әрбір 

тұтынушысы төмен пайызбен тұтыну шылық 

несие ала алады. Оның пайыздық сыйақы 

мөлшерлемесі стандартты несиемен са-

лыстырғанда 1 пайыз төмен. Соны мен қатар 

банк несиені алдын ала ма құл дау жоспарын 

жасап шықты. Сбербанк «Астана» қорының 

өзге банктердің қызме тін пайдаланатын са-

лымшыларына да көмектесуге, олардың 

бұрын алған несиелерін қайта қаржылан-

дыруға дайын. Сонымен қатар Сбербанк 

заңды және жеке тұлғалар үшін төлем кар-

талары бойынша айрықша қызмет түрлерін 

ұсынады. Біздің серіктестігіміз қор салым-

шылары үшін пайдалы әрі қызықты болады 

деп ойлаймын, – дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ 

Жеке тұл ғаларға несие беретін департамен-

тінің бас тығы Роман Гончаров.

НАРЫҚ


Жол картасынан қолдау көп


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал