Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сағымбек ақсақалдың 

қойындәптерінен

• «Ұят» деген сөз Айсұлудың ұраны еді. 

Өмір бойы сол ұранын орындап өтті. Өзінің 

әйелдік, аналық, жұбайлық міндетін адал 

атқарды.

• Ақырғы рет екеуара оңаша қалғанда 

«Мен сенен бұрын өлсем екен десем, жоқ, 

сен өлсең мен сені дұрыстап жөнелте ал-

маймын, мен өлсем сен дұрыстап жө нел те 

аласың, артымды жоқтатпайсың ғой», – 

деп өзінің көптен бері айта алмай жүрген 

ойын, ақырғы сапарға аттанардағы амана-

тын қалдырып кетті.

• Сақалыңды өсірме, шашыңды қобы-

рат па, жағаңды қисайтпа. Ұнжырғаңды 

тү сірмей, тік жүр. Жұрт сені «әйелі қайтыс 

болғаннан кейін жүнжіп кетіпті», – демесін 

дейтін жарықтық. Балаларың қарар, олар 

не тамақ жасап берсе, соны іш. «Анау жоқ, 

мынау жоқ» деп, олардың мазасын алма, 

жек көріп кетеді. Өз балаларыңа ұрыссаң 

да, келіндерге ұрыспа. Келін ұрпағыңның 

анасы ғой!

• Айсұлу институттың өзінде-ақ тың-

даған сабақ, естіген лекцияларын, шы ғар-

ған есеп терін артынан бұлжытпай айтып 

бере 

тін. Ерекше қабілетті жан еді. Өз 



бойынан неше түрлі талант төгіліп тұрса да 

(ісмер тігінші, шебер кестеші, емші, қобыз-

шы, ман долинші деген сияқты басқа да 

қа  сиет тері бар еді), соның бірде-біріне 

мақ  тан байтын.  Ісмерлігін,  іскерлігін  мүлде 

елеусіз нәрсе ретінде бағалайтын. Түнімен 

тыным таппай, ойындағы ісмерлік ісін істеп 

оты рып, ертеңіне жұмысына қалмай бара-

тын. Ұстаз ретінде сабаққа дайын дал май 

бар ған емес. Ол маған тұрмысқа шықпай, 

бас қа біреуге барса немесе сол қабілетін 

ғылым-білімге арнаса, атақты ғалым әйел-

дердің бірі болатын ба еді деп те ой лай-

тын мын кейде. Ол өз бойындағы осы та-

ма ша талантты мәртебелі махаббат жолы-

на құрбан еткен адал жар болды...

• Қырық бес жыл бірге тұрсақ та, маған 

бір рет те кінә қойған емес. Ол менің мінім 

жоқтықтан болмаса керек. Ол оның 

 

«жоқтан өзгеге жармасып, жарымның жа-



нын жараламайын» дегендігі шығар. Өзін 

аяп, аялап, аяншақтану дегенді біл мей тін. 

Керісінше Айсұлу жұртқа өзі күңше қызмет 

етуге ерінбейтін.

• Адамға деген қамқорлығы ерекше 

еді. Өзі бір жұмысын бітіре алмай жатса да, 

екінші біреуге қамқорлық жасауға дайын 

тұратын. Ешкімнің алдына барып арыз 

айтпайтын. Жан жарымның жылағанын 

көрген емеспін. Күлгенде де жай ғана 

жымиятын да қоятын . 

• Балаларын да, мені де көпшілік ара-

сын да асыра мақтап көрген жоқ. Егер әке 

мен бала бір нәрсеге келіспей қалса, ол 

үнсіз отырып қалатын. Ешкімді де жақ та-

май тын. Кімнің теріс, кімнің оң екенін 

үнсіздігімен ұқтыратын. Қонақта, әлде бір 

жиын ортасында отырғанда өзін біреу 

қолпаштай бастаса, көңіл күйін сездірмей, 

қалыпты қабылдайтын.

• Оның жаны ар мен ұяттан жара тыл-

ған дай еді. Бірде қызық жағдай болған. 

Мен жоқта біреу әлдеқашан тигізген кө ме-

гіміздің өтеуі деп үйге бір қой әкеп береді. 

Бірақ ол әлгі кісінің бергенін алмай, қай та-

рып жібереді. Біреуге істеген жақсылығын 

ешуақытта жария етпейтін.

• Қонақ күтуге де пейілді еді. Өзі таны-



Өмірдегі ең қымбат – ар мен ұят

Мақаш ТӘТІМОВ, демограф-ғалым: 

– Қыз кімге тұрмысқа шығады, ол азаматтыққа байланысты емес. Некеге тұрғаннан кейін де қай елдің азаматтығын 

алу да – олардың өз еркі. Мәселе бұл жерде некелесуде де емес, адамның өмір жасы, ерлер санының аздығы деген 

мәселелер бар. Ал енді қыздарымыздың шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуы біздің ұлтымызға ешқандай зиянын 

тигізбей ме десең, онда ол – басқа мәселе. Әрине, зиянын тигізеді, егер қытайға тиіп, одан тапқан балаңды қытай 

қылып тәрбиелесең. Ал, керісінше, неміске тұрмысқа шығып, одан туған баланың атын Мағжан деп қойып, қазақша 

тәрбиелесең, ол бізге ұтыс болады. Солай, керісінше, қазақстандық неміске тиіп, Германияға қоныс аударып

балаңның атын Фридрих деп қойсаң, онда зияны тиді деп соны айтуға болады. Қазақтың қызы ретінде ол бізге 

ұтылыс алып келген болып саналады. Міне, осылай деп түсіну керек. Ресми дерек бойынша, елімізде 350 мыңдай кәрі 

қыз бар, соның ең құрығанда 50 мыңы шетелдікке тұрмысқа шығып, күйеуі осында қалып, еліміздің азаматтығын 

алып, баласын қазақша тәрбиелесе, біз үшін пайда.

Дайындаған Мәриям ӘБСАТТАР

Сағымбек Әшірбеков – Жамбыл 

об лысының Мойынқұм ауданында 40 

жыл дан астам ұстаздық еткен. 36 жыл 

бойы мектеп директоры қыз ме тін ат-

қар ған. Қазақ КСР, КСРО оқу ісінің 

үздігі, Қазақ КСР еңбек сі ңір ген мұ ға-

лімі. Ұстаздық еңбегі үшін кейін Тәуел-

сіз Қазақстанның «Құр мет» ор де нін 

иеленді. Сәкеңнің құдай қосқан қо са-

ғы Айсұлу Рах ме то ва да бар ғұ мы рын 

ұстаздық етуге арнаған. Ол кісі де 

Қазақ КСР, КСРО оқу ісінің үздігі. Бес 

ба ла тәрбиелеп өсірген аяулы ана.

май тын, бұрын-соңды көрмеген, маған 

келген адамдарды жылы шыраймен қа-

был дап, құрметтеп күтіп, риза көңілмен 

шы ғарып салатын. Қонақ күтіп жүріп, еш-

қа шан «шаршадым» деген емес. Қайта, 

керісінше, қонақтарды разы етіп аттан дыр-

ға нына қуанып, қуаттанып қалатын.

• Айсұлу көршілеріне, таныстарына, 

жа қындарына ілтипат білдіріп, сыйлық 

жасап отыратын. Ол тек шақырған жерге 

ғана қонаққа баратын, шақырмағанға 

ренжімейтін, өкпелемейтін, өсек айт пай-

тын. Көп сөйлемейтін, бірақ айтса тоқсан 

ауыз сөздің тобықтай түйінін қарапайым 

тіл мен ғана айтып жеткізетін. Сол бір қа-

ра 

пайым сөздерінің өзі нақылға ұқсап 



кететін. Оны өзі де аңғармайтын. 

• Көп нәрсені үндемей үйрететін, үнсіз 

ұқтыратын. Балаларын жан-жүрегімен 

аялап, менің ішімдегіні білдірмей аң ға ра-

тын. Үйге келген-кеткен кісінің де ішкі ойын 

қабағынан білетін. 

• Айсұлу мен де, балаларымыз да да 

қи 


налмасын деп, өзінің 17 жыл бойы 

ауыр ғанын, қатты қиналғанын бір рет те 

сез дірген емес. Қайран өмір-ай, қамшының 

сабындай ғана қысқа ғұмыр-ай. Жақсы 

жар жадыңнан өшпейді екен. Сол өшір ме-

ген қалпы біз де уақыты келгенде арманда 

өтер ме екенбіз?! Тағдырға шара бар ма?! 

Ұр пағымызға ұзақ ғұмыр бергей, құдіреті 

күш ті бір Алла!

Өмірде жақсы адамдар көп. Бірақ біз оларды елеп-ескере бермейтін 

сияқ тымыз. Олардың әрбір ісі мен айтқан сөздері ұрпаққа өнеге әрі өсиет. 

Сондай бір ақжарқын, адал жандардың бірі, ғұмырын ұстаздық тәрбиеге 

арнаған Сағымбек Әшірбеков ақсақалдың қойындәптерінен алынған 

жүрекжарды сөздерін отбасын жаңадан құрып жатқан жастар ға, жалпы, 

жас ұрпаққа үлгі болар ма екен деген оймен жариялап отырмыз.

Нұрболсын ҚАЛИЕВА, қолындағы келіні:

– Өзім үлкен кісілердің ортасында өскендіктен, олардың тілін жақсы білемін. 

Оларды өз ата-анамдай сыйлаймын. Ертең өзіміз де осы кісілердей боламыз. 

Сондықтан олардың тәлімін тыңдап, ісін жалғастырып отырғаныма қуанамын кейде. 

Үйде үш баламыз бар. Бізге қарап, олар да үлгі алуы керек деп ойлаймын.

Алмат ИСӘДІЛ

ҚАПЕРГЕ

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№40 (492) 5.03.2011 жыл, сенбі     



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz



Әсел ИСАЕВА,

Алматы облысы бойынша кедендік

бақылау департаменті кеден

бекетін бақылау басқармасының бастығы:

– Біздің ұжымның қызметкерлері бір үйдің жан да-

рындай өте тату. Ер-азаматтар қыз-келіншектерді үнемі 

қолдап отырады. Өзіме келер болсам, менің үш балам 

бар. Жұмысыма өте ризамын. Барлық қыз-келіншектерді 

мейрамдарымен құттықтаймын!

ӘЙЕЛ – ІСКЕР

НА

ЗАР


СА

ХНА


Еңбектің ауыр-жеңіліне қарамастан, ортақ мақсат үшін бар 

қызметкері бір адамдай қимылдап, жұдырықтай жұмыла білетін 

ұжымдар бар. Сондай ұжымдардың қатарына Алматы облысы 

бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлерін де 

жатқызуға болады. Барлық қиындықтарға қарамастан, 

экономикамыздың қауіпсіздігін сақтауға атсалысып келе жатқан 

ұжымның нәзікжандыларын әйелдердің халықаралық 

мерекесімен құттықтау үшін жуырда біз аталған департаментте 

болып қайтқан едік.

Көктем жаршысындай әр жыл сайын Аналар мерекесі 

қарсаңында қыз-келіншектерді қуанта келетін үрдіске айналған 

бір концерт бар, ол – «Жан анам». Қазақстанның еңбек сіңірген 

әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Майра Ілиясованың 

ұйымдастыруымен болатын бұл жоба биыл сегізінші жыл 

наурыздың 7-сі күні сағат түскі 15.00-де және кешкі сағат 19.00-де 

Студенттер сарайында өз көрермендерін күтеді. 

Кеденші қыз-келіншектер

мерекені жетістіктермен атап өтеді

Алматы облысы бойынша Кедендік ба-

қылау департаментінің қызметкерлері 

бүгінде тек қызметте емес, өнерде де көп-

теген табыстарға қол жеткізіп келеді. 

Мәселен, жуырда департаменттің көр кем-

өнер шеберлері Алматы облысы бойынша 

өткізілген көркемөнерпаздар жарысында 

үшінші орынды иеленді. Әрине, бұл ұжым-

дағы қыз-келіншектердің еңбегі мен өнері 

арқылы қол жеткізген табыс деуге болады. 

Мереке қарсаңында біз осындай биік 

жетістіктерде көрініп жүрген ұжымның 

қыз меткерлерін сөзге тартқан бола тын-

быз. 

Биылғы концертке көбіне жаңа есім-



дерден гөрі ел үнемі іздейтін, сәл көзден 

таса болса сағынатын танымал өнер жұл-

дыздары қатысады. Мәселен, қазақ эс тра-

дасындағы аға буын өкілдерінен Ескендір 

Хасанғалиев, Роза Рымбаева, Мақпал 

Жүні совалар, сондай-ақ «Каспий», «Нұр-

Мұқасан» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, 

Қара қат Әбілдина, Мәдина Сәдуақасова, 

Бейбіт пен Тоқтар т.б әншілеріміз ана, әпке, 

қыз-келіншектердің мейрамына ар нап ән 

шырқайды. 

МЕРЕЙ


Алматыны билеткен қыз

Дэвид Гетта, Эминем Pitbull және 

Mohombi. Ритм-н-блюз бен чил-аутқа қа-

тысты кез келген жаңа хит өзгелерден бұ-

рын алдымен Маржанның әнжинағынан 

та былады. Ол әлемдік музыканың ағым-

ба ғыттарын да ең пысық деген тиней д жер-

лер ден артық біледі. Клуб әуендерін елеп-

екшеу – Маржанның сүйікті ісі. Ал мұның 

бәрі сонау 90-жылдары басталған еді. 

Көше де – тоқыраудың салқыны. Көңіл 

көтеру орындарын магнитофоннан естіле-

тін ретроәуендер билеп тұрған кезең. Мар-

жан ға бұл әуендер әсте ұнамайтын. Уақы-

ты нан сәл бұрын туған «келешектің адамы» 

өз ортасында қазір біз «клуб музыкасы» 

атап жүрген бағыттың өркендегенін іштей 

қалады. «Диджейлікті Аграрлық уни вер-

си теттің 2-курсында оқып жүргенде бас-

тадым десем болады. Жатақханадағы құр-

бы ларыма қонаққа келетінмін. Олардың 

дискотекасындағы әуендер көңілімнен 

шықпайтын. Оған билеп жататын адам да 

аз болатын. Сол кезде жатақханаға өзім 

мек теп кезінен жинап жүретін ырғақты 

музы 


калардан құралған аудиотаспаны 

әкеліп, «өз дискотекамды» өткізгім келді. 

Менің әуендерім студенттерге ұнайтын. 

Кейін кеш ұйымдастырушы ретінде атым 

шыққан мені өзге жатақханалар шақыра 

бас тады, университетте бәрі танитын бол-

ды», – деп еске алады Маржан. Оның бұ-

ХОББИ


Көтеріңкі көңіл күй, 

рухани тазалық, позитивті 

ойлар және ең бастысы – 

ырғақ. Кейде ол қым-қуыт 

тірліктің мазасыздығынан 

құтқаратын шексіз пәлсапаны 

тапқандай болады. Иә, оның 

ішкі нәзіктік әлеміне қоса, 

тағы бір өзіндік кеңістігі бар. 

Әңгіме Алматының алғашқы 

диджей қыздарының бірі 

туралы. Бүгінде қаржы-

есеп саласының маманы 

Маржан Тұңғышбаеваның 

есімі 90-жылдары түнгі клуб 

әуендерімен байланысты 

болатын. 

«Несие-махаббат» немесе 

ғашықтар тіліндегі кино

Бүгінде «ақшаға бәрін 

сатып алуға болады, 

ақшаң болмаса, ешкім де 

емессің» деген көзқарас 

қоғам санасын жаулап 

алған. Болашақ жарын 

«агент» арқылы іздеген 

жас жігіт кездескен 

қыздарының өзіне мен сін-

бей қарауынан соң, өмірін 

180 градусқа өзгертпекке 

бел буады. Себебі қандай 

қызбен кездессе де, 

мұның үстіндегі арзан 

киімі, астындағы ескі 

көлігіне бір қарап, тіпті 

тілге де келмей, кері 

бұрылып кетіп қалғаны 

көңіліне қатты тиеді. 

«Демек, махаббат та 

ақшаға сатылады екен 

ғой» деген асығыс ой 

жігітті дедектетіп апарып 

несие берушілердің 

алдынан бір-ақ шығарған. 

Содан шытырман оқиғаның ортасына 

күмп берген ол аяғына дейін шырғалаңнан 

шыға алмай қалады. Бұл – таяуда ғана 

тұсауы кесілген «Несие-махаббат» фильмі-

нің қысқаша мазмұны. Басты рөлдегі 

Қайрат Әділгерейдің бірінен-бірі өтетін 

әумесер қылығы көрерменнің күлмесіне 

қоймайды. Режиссер әрі продюсері Сәбит 

Әбдіхалықовтың айтуынша, сценарий әу 

бастан осы Қайрат Әділгерей мен Сафуан 

Рыспайға арналып жазылыпты. Ішек-

сілеңіз қата отырып тамашалайтын кино-

ның өне бойында бүгінгі заманның келбеті, 

ащы шындығы жатады. Жалғанды жал па-

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Халықаралық ауыл әйелдері күні бар ма? 

Болса қай кезден бері атап өтіледі?

Жанар, Алматы қаласы

Посткеңестік елдердің

ең бай әншісі кім?

Ауыл әйелдерінің

өз мерекесі бар ма?

Ауыл әйелдерінің 

ха лық  ара лық  күні  деген 

айтулы күн бар. Біріккен 

Ұлттар Ұйы мының ше-

ші мімен 2008 жылдан 

бері қазан айы ның 15-і 

күні аталып өтеді. Да-

таны белгілеудегі БҰҰ 

Бас Ассамблеясының 

мақ саты – ауылдық елді 

ме кен дердегі 

әйел 

адам дар дың  тұрмыстық 



жағ дай  ларын  жақсарту. 

Бұл туралы арнайы ре-

зо  лю ция  да  қа был дан-

ған. Мұндай құжат әр 

екі жыл сайын қа был-

данады.


Болатбек МҰХТАРОВ

ғынан басқан байлар, алаяқтыққа иек 

артып, адамдарға қақпан құрған банкир, 

әлдінің әлімжеттігі... Алайда аяғында 

барлығын шынайы сезім, махаббат жеңеді. 

Жігіттің алыстан іздеген аруы күнде жанын-

да жүріп, бұл байқамаса да, мұның әрбір 

сәтін: мұңайғанын, күлгенін, барлық қылы-

ғын қылқаламмен өрнектей беріпті. «Түгің 

жоқ» деп жігітке мін тақпағаны былай тұр-

сын, соңында ол қыз тіпті мұның тығы рық-

тан  шығуына  барынша  көмек те седі.  Мі не-

кей, адамның баға жетпес асылы – ма хаб-

баттың ешбір ақшаға сатыл май тындығы, 

сезімді сатып алу мүмкін емес ті гінің нағыз 

дәлелі. 


Эпизодтық көріністердегі ең бір елді 

елең еткізген тұсы – Лидия Кәденованың 

қалыңдық кейпінде көрінуі. Шын өмірінде 

ақ көйлек киіп көрмеген актриса өз арма-

нына осы фильмге түсу арқылы қол жет-

кізсе керек. 

Ең бір қызығы, кино – сөзсіз. Бірақ 

мыл қау емес. Арагідік сөздер болады, 

бірақ кейіпкерлер арасында диалог жоқ. 

Мұның мәнісін фильмнің продюсері Сәбит 

ӘБДІХАЛЫҚОВ әзіл-шынын араластырып 

былай түсіндірді: 

– Қазақша түсірейін десем, «қара 

орыс тар», яғни орыстілді қазақтар түсінбей 

ме дедім. Орысша түсірсем, қазақтар өре 

түрегеледі. Ағылшынша түсіруге әлі ерте. 

Сосын осылай шештік. Жалпы, киноны тү-

сі руге аса көп көлемде қаржы жұмсалған 

да жоқ, бас-аяғы 300 мыңдай АҚШ дол-

ла ры кетті. Әртістердің түгелі дерлік өз 

ойы нына ақы сұраған жоқ. Сол үшін рақ-

мет бәріне де. Алдымен Алматыда тұсауын 

кесіп, сонан соң еліміздің біршама басқа 

қа лаларына аттанғалы отырмыз. Көрермен 

көңілінен шығады ғой деген ойдамыз. 

 

Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ



София Ротаруды «әлемдегі ең бай әнші әйелдердің бірі» 

дейді. Сол рас па?

Динара ЫСҚАҚОВА, Астана қаласы

София Михайловна Ротару, 

шы нында да, әлемдегі ең табысты 

әнші әйелдердің бірі және бұ-

рынғы КСРО көлеміндегі ең бай 

әртіс. Бұл жайт осыдан үш жыл 

бұрын әнші табысын дек ла ра-

циялаған кезде мәлім болды. 

2008 жылы Ротару 500 млн гри-

венді, яғни 100 млн долларды 

рәсімдеді. Оның жылдық табысы 

да осы шамада. КСРО, Украина 

және Молдованың халық әртісі 

концерттік қызметімен және 

кәсіпкерлікпен айналысады. Ол 

– ТМД көлеміндегі ең еңбекқор 

ән 

шілердің бірі. Сондай-ақ 



Ротару шоу-бизнестің өсек-аяңға 

ілікпейтін өкілі саналады. Әнші 

жеке өмірі жайлы ешкімге тіс жа-

ра бермейді және саясат атау лы-

дан аулақ жүреді. 64 жастағы 

Ротару сирек кездесетін қуатты 

сопрано дауысқа ие, ол өзінің 

ұзақ жылдық шығар ма шылығы 

барысында украин поп-фолкінен 

бастап, европоп пен хард-рокқа, 

ритм-н-блюзге дейінгі жанр лар-

дың бәрін қолданып, заман ағы-

мынан қалыспай келеді. 2000 

жылы ол «ХХ ғасырдағы үздік 

эст рада әншісі» атанды. София 

Рота 


ру бүгін Алматыда әйел-

дердің халық аралық мерекесіне 

орай өзінің жеке концертін 

бермек. Кеш «Сүю мезгілі» деп 



аталады.

8 Наурызға арналған

сегізінші концерт

АЛАШ-АНЫҚТАМА

Диджей – (ағылшынның disc jockey деген қысқарған 

сөзінен жасалған) — техникалық құралдардың көмегімен 

дыбыс тасымалдаушыларға жазылған музыкалық шығар-

маларды бұқара алдында ойнатушы. «Диджей» сөзі ең 

алғаш 1935 жылы америкалық комментатор Уолтер 

Уинчел 

лдің аузынан шыққан. Ол бұлай деп әлемдегі 

тұңғыш диджей, радиожүргізушісі Мартин Блок ты атады. 

Диджей лер екі ойнатушы құрылғысы мен дыбыс реттегіші 

бар микшер пульті арқылы композицияларды туғызады. 

Дыбыс  тасы мал дау шылар  ретінде  грампластинкалар, 

магнитті таспалар мен MP3 фор 

ма 

тын 

дағы компакт-

дискілер қол данылады. Түрлі виртуалды дыбыстық жүйе-

лер орнатылған ком пьютерлік жабдықтарды қолданатын 

диджейлер де бар.

Ритм-н-блюз (ағылшынның Rhythm and blues немесе 

R&B қысқарған сөзінен жасалған) — афроамерикалық 

музыканттар блюз, джаз және госпел ырғақтарын 

біріктіре отырып қалыптастырған бұқаралық танымал 

музыканың бір жанры. Термин 1949 жылы қолданысқа 

енді. Billboard журналы нәсіларалық алалаушылық 

туғызатын race music атауын R&B дегенмен сәтті 

алмастырды.

Чил-аут (ағылшынның Chillout, Chill out music деген 

тір кесінен жасалған) — мағынасы «деміңді бас», «бо-

саңсы» дегенді білдіретін сленгпен аталатын электронды 

музыканың бір стилі. 1990 жылдардың басында пайда 

болған клуб әуені даунтемпо, трип-хоп, хаус, транс, 

псибиент, лаунж, ню джаз, эмбиент, ай ди эм стильдерімен 

аста сып жатыр. Көңіл көтеру орындарында адамдарды 

өзіне жылдам баурап, босаңсытатын мұндай әуендерді 

соң ғы кездері танымал әншілер өз шығармаларына пай-

да ланатын  болды.

Майра ІЛИЯСОВА, ҚР еңбек сіңірген әртісі: 

– Ел аузынан менің «Сағындырған әндер-ай» мен «Жан анам» жайлы «осы екі 

жоба қазақ эстрадасында брендке айналды» деген сөздер естіп қалып жүрмін. Сон-

дай-ақ осы «Жан анам» өткен соң әр жыл сайын мен ол жайлы газеттер не жазыпты 

деп оқып отырамын. Сонда «осы Майраның концертіне арнайы Қызылордадан кел-

дім», «осындағы балам билет сатып алып қойып, мені Шымкенттен арнайы шақырды» 

де ген сияқты адамдардың жылы лебізіне, концертті өз көзімен көруге деген құш тар-

лығына тәнті боламын. Бір ауыз жылы сөздің өзі көңілімді көкке көтеріп тастайды. 

Со нан соң гастрольдерге «Жан анам» және «Сағындырған әндер-ай» концертімен 

шығамыз.

Мерей МАТАЙ

дан кейінгі арманы түнгі клубта жұмыс 

істеу болды. Өйткені қас диджейдің қызмет 

орны – сол. Арада бірнеше жыл өткенде 

Маржан Алматыдағы танымал клуб – 

Tequila Sunrise-тің төрінен табылды. Мұнда 

«қышқыл» музыканың ырғағымен жан 

алып, жан берісуге келетін жастардың 

есінен «DJ Марлен» әлі күнге дейін кеткен 

жоқ. «Ол кезде қазіргідей емес, музыкалық 

орталық сияқты жабдық болатын. Соның 

дыбыс реттегіші арқылы түрлі ырғақты 

әуен дерді бірінен соң бірін жымын біл дір-

мей әдемілеп құбылтып, бас-аяғы бүтін 

ком позициялар жасайтынбыз. Сол кездегі 

дид жейлік өнердің сипаты шамамен осы-

лай болды. Кейін бұл салаға кәсіби му зы-

кант тар келіп, диск айналдыру арқылы 

туын 

дылар жасап, өзіндік концерт 



ұйымдастыру үрдісі басталды. Мен бұл 

кезде сүйікті ісімнен қол үзген болатынмын, 

бірақ табақша айналдыруды да әбден 

меңгердім», – дейді Маржан. Винил табақ-

ша ларының көмегімен әуен құбылту, яғни 

тернтейблизмнің шебері болған Маржан 

– бүгінде қаржы-есеп саласының да білгірі. 

Есеп-қисап пен ритм-н-блюз ырғақтары 

қашанда онымен бірге. Күндіз кеңсе 

жұмысының ортасындағы Маржанды түн 

ортасында клубтан, өзінің әлемінен көру 

– таңсық емес. Ал қарапайым есеп ші нің 

кезінде Алматыдағы алғашқы дид 

жей 


қыздардың бірі болғанын біреу біліп, біреу 

білмейді.



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет