болып, көз жұмған. АҚШ-ты
ау руына айналғаны мәлім. Са-
ы.
қар қынды дамып келеді. Бұл са ла-
лінеді. Мәдениет орталығы – Ита-
.
зор ұмтылысын байқаймыз. Сіз дер-
Саверио.
ы.
екені аңғарылады. Мұның ма ңы зы
в.
тү сетініне сенім білдірді.
қатысты.
тоқтату қажетін айт ты. БҰҰ де-
.
құқығы бар.
www.alashainasy.kz
3
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№38 (949)
7.03.2013 жыл,
бейсенбі
Ойын-сауық нысандарын тұрғын үй секторларынан оқшаулау керек пе?
Мырзабек
АМАНБАЙҰЛЫ,
заңгер:
Ақмырза
РҮСТЕМБЕКОВ,
ҚР Сәулетшілер
одағының
президенті:
Алдан
СМАЙЫЛ,
Мәжіліс
депутаты:
? А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
– Ірі қалаларымызда ғана емес, облыс орталықтары мен аудандардағы шағын
қа ла лардағы тұрғын үйлердің астының барлығы түрлі мақсаттағы ойын-сауық ны-
сан да рына айналған. Алайда мен ресторан мен кафелерді тұрғын үйлерден
аластату керек деп айта алмаймын. Алайда аталмыш нысандардың жасөспірімдер
мен ба ла лар ға қызмет етпеуін арнайы орындар қадағалап отыруы тиіс. Ал сауна,
ойын ав томаттары, букмекерлік кеңселер мен бильярд залдарын тұрғын үйге
жолатпау ке рек. Олар сол жердегі тұрғын үйлердің мазасын ғана алып қоймай, сол
үйлердің ба лаларының да тәрбиесіне кері әсер етуіне үлес қосып жатыр. Тіпті ба-
лалар ғана емес, бүгінде ересектер де адам психологиясына кері әсер ететін әлгі
ны сандардың тұтқынына айналуда. Сондай-ақ бүгінде сауналардың да кез келген
жерден ашылып, бей-берекет жұмыс істей бастағаны алаңдатады. Оларға мүлдем
бақылау жоқ. Сау надағы тәртіпті қадағалап отыруға тиісті полиция қызметкерлерінің
өзі сауна ие лерімен ауыз жаласып алғанына байланысты факт көп кездеседі.
Сондықтан саунаны тұр ғын үйдің астынан ғана емес, жалпы қаладан аластау керек.
Олар қаланың ше тінде, елеусіздеу жерде орналасуы тиіс. Бүгінде Мәжіліс депу тат-
тары тұрғын үйлердің ас тында мұндай нысандарды орналастырмауға қатысты заң
жо басын талқылап жа тыр. Сондықтан алдағы уақытта біз бұл мақсатқа заң арқылы
жетеміз деген үміттемін.
– Әрине ойын-сауық нысандарын тұрғын үй лер-
ден оқ шаулау керек. Олар сол жердегі тұр ғын дар дың
ма засын қашырып жатыр. Көп жағдайда тұр ғын дар
қо ғамдық тәртіпті бақылау полициясына ха бар лас қа-
нымен, олар еш жаза қолдана алмай жа
тады.
Сон дықтан мұны заң жүзінде реттеу қажет се кіл ді.
Мә се лен, бала үйден шығады. Дәл үйінің ас тында қы-
зылды-жасылды түстермен жарқылдап, жар намасы
шақырып тұрған ойын-сауық ордасын кө реді. Кіріп
көруге аңсары ауады. Еріксіз бір күн де рі ол бала сол
жердің тұтқынына айналады. Са бақ оқу ды қойып,
бала санасы психологиялық өз ге ріс ке ұшы рап, ойын
баласынан әлгі ойын-сауық ор да сының баласына тез-
ақ айналады. Демек, біз тұр ғын үй секторларының
астын түрлі мақсаттағы ме ке ме лер дің жаулап алуынан
бала тәрбиесін бұ зып жатырмыз.
– Негізі, кез келген құрылыс нысаны бас жоспарда көрсе-
ті луі керек. Барлық қаланың арнайы бас жоспары болады,
сон да бар лығы талапқа сай алдын ала көрсетіледі және әр
қа ланың ал дағы 15-20 жылдағы даму функциясына сай бәрі
ес керілуі тиіс. Мұның сыртында бас жоспарда ескерілмей тұр-
ғызылған ны сандар заңсыз болып саналады. Осы орайда айта
кетер жайт, ке йінгі жылдары көптеген тұрғын үйдің асты түрлі
ойын-сауық ордаларына, саунаға, бильярд залына айналуы
жиілеп кетті. Мұның барлығын қалалық әкімдікке қарасты
Қала құрылыс бақылау мекемесі бақылап отыруға міндетті.
Тіпті олар алдын ала әрбір құрылысты талқылап, бекітсе ғана
қалалық мәслихат депутаттары бұл ұсынысты қабылдауы
қажет. Шыны керек, бүгінгі күні бұлардың бақылауынсыз тұр-
ғы зылып жатқан немесе тұрғын үйден ойын-сауық ордасына
ай налып жатқан жайттар өте көп. Мен мұны сәулетші ретінде
құптай алмаймын. Сондықтан осы саладағы болып жатқан
заң сыздықтарды тыю үшін тиісті орындар тарапынан ба қы-
лауды күшейту қажет.
Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
АЛАШ-АҚПАРАТ
23 әйел жаңа
пәтерге ие болды
Қомақты олжа,
күтпеген шығын
Алматыда баспана кезегінде тұрған 23 әйелге жаңа пәтердің кілті
табыс етілді. Бұл – әкімдіктің әйелдердің халықаралық күніне арналған
сыйы.
160 келі жайын ұстаған оңтүстікқазақстандық балықшыға айыппұл
салынды. Естеріңізде болса, ақпан айында Сырдария өзеніне қармақ
салған балықшы ұзындығы үш метрге жететін алып балықты ұстап алған
болатын.
Қала әкімі баспасөз қызметінің хабар-
ла уынша, жаңа пәтерге ие болғандардың
ара сында дәрігерлер, білім беру сала сы-
ның қызметкерлері, құқық қорғау қыз мет-
керлері, мүгедектер мен көпбалалы ана лар
бар. Жамбыл облысынан көшіп келіп, Ал-
матыда тұрып жатқан Гүлзира Мұ ха мед-
жанова да пәтерлі болды. Үшемді дү ниеге
әкелген ана Алматы қаласы ау ма ғында
тұрғылықты мекенжайға тір келмегенімен,
жергілікті билік оған ре
зервтік қордан
пәтер беру туралы шешім шы
ғарған.
Мерекелік сый баспанаға мұқ
таж
азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қо-
рынан пәтер беру туралы мемлекеттік бағ-
дарлама шеңберінде іске асырылды. Пә тер
кілттерін Алматы қаласы әкімінің жа
ңа
орынбасары Зәуреш Аманжолова табыс
етті.
Болатбек МҰХТАРОВ
Тәжірибелі балықшы мұндай олжаны
20 жыл күткен еді. Енді оған «балық аулау
ережесін өрескел бұзды» деген айып та ғы-
лып, 85 мың теңге айыппұл салынды.
Шар дара балық инспекциясының бастығы
Бақ тияр Толыметов әлгі «супер» балық шы-
ны тым үлкен балықты ешқандай құжатсыз,
әрі тыйым салынған жерде аулаған деп
отыр. Оған қоса, балықшы шекті мөлшер
– 5 келіден асатын балық ұстағаны үшін де
жазықты болып шықты.
Мақпал ЖОЛДАСБЕК,
Оңтүстік Қазақстан облысы
МӘСЕЛЕ
Жетімдер үйі жоқ ел болсақ...
Жетімін жылатпаған жұрттың дүние та-
ны мында ата-анасынан көз жазып қалған
тұл жетімді тағдырдың тәлкегіне тентірет-
пей, ағайын арасында жылатпай өсіріп,
қо ғам назарынан тыс қалдырмауға ты-
рысты. Қазір сол қалыптасқан дәстүрлі үр-
діс пен қазақ арасындағы нәзік жіп үзіл-
гендей. «Бір қызым бір қызымнан сорақы»
де мекші, түсінігімізге мүлдем жат тірі же-
тім дер, қазіргінің тілімен айтқанда, «әлеу-
мет тік жетімдер» деген топ пайда бол ған.
Дә лірек айтқанда, ата-аналары көз дері тірі
бола тұра, түрлі әлеуметтік се бептерге бай-
ла нысты бас тартқан жәудір көз дер. ҚР Бі-
лім және ғылым министрлігіне қа расты
Ба лалар құқығын қорғау ко ми тетінің мә-
лі меттеріне сүйенсек, 2011-2012 жылғы
оқу жылына арнайы жүр
гі
зілген санақ
бойынша елде 36 800 мың жетімек тір-
келген. Оның ішінде 21 600-і қам қор шы-
лар үйлерінде тәлім алып жатса, 2300 ба-
ла патронаттық тәрбиеде көрінеді. Ал 13
мың бала интернат-мектептерде кү нел-
туде, 1600 бала денсаулық сақтау ме ке-
мелерінің қарауында (бұлар 1-4 жас ара-
лығындағы сәбилер – авт.). Сондай-ақ,
800-ге жуық мүгедек бала ҚР Еңбек жә не
халықты әлеуметтік қорғау ми нистрлігінің
қа рауына берілген. Ресми де рек тер бо-
йынша, мемлекет бюджетінен әр же ті мек-
тің бір жылдық қамы үшін 1 млн тең генің
кө лемінде қаржы бөлінеді екен. Алайда
ешқандай қомақты қаражат баланың от-
ба сынан алған тәлім-тәрбиесін де, өзге
құн дылықтарды да өтей ал май тынын ма-
ман дар жарыса айтады. Сон дық тан күн
өткен сайын күрделеніп, күрмелене түс кен
әлеуметтік жетім сынды әлеуметтік мә-
селенің алдын алып, томардай түйінін тар-
қатар жауапкершілігін ең алдымен әлеу-
меттің өзіне жүктеген жөн бе?!
Ма ман дардың пікірінше, елдегі интернат-
мек тептердегі, әсіресе 18-23 жас ара лы-
ғындағы жасөспірімдер үйінің жұ мыс тәр-
тібі көпшіліктің көңілін көншітпейді. Се бебі
қағаз жүзінде жұмыс істеуге әдет тенген
балалар үйінде балаларға күш көрсету,
зорлық-зомбылық жасау, тамақтану ба ры-
сында санитарлық талаптардың сақ тал-
майтындығы жөнінде фактілер жиі тір кел-
ген. Сол себепті тығырықтан шығаратын
жол біреу деседі, ол – елде ба ла асырап
алу, қамқорлыққа алу, па тро нат тық тәрбие
жүйесін дамыту арқылы же
тімдердің
отбасында тәрбие алып, өсуіне жағдай
туғызу.
Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени
даму комитетінің төрайымы:
– Жетім балалардың тағдырына жа-
уап ты шенеуніктер мен мекемелер же-
тім
дердің мәселесін қашан шешеді
екен деп, қол қусырып отыра беруге
бол майды. Жыл сайын балалар үйінен
тұр мыс-тіршілікке бейімделмеген жүз-
деген жастар өсіп шығып жатыр. Бұған
бей
жай қарауға болмайды. Қа
зақ-
станда бүлдіршінге қамқор қолын соза
ала тын қаншама азаматтар бар, әр ба-
ланың отбасында тәрбиеленуіне жағ-
дай тудыру керек. Өкінішке қарай, әлі
күнге дейін әр баланың отбасы жағ-
дайында өсуіне мүмкіндіктер ту
ды-
ратын жүйе қалыптаспай келеді. Бұл –
елдегі әлеуметтік қорғау саласындағы
жүйенің шалалығы. Бала мен отбасыға
бағытталған әлеуметтік қызмет көрсету
саласының дамымағандығын көр се-
теді. Елде балалар құқығын қорғауда
бірыңғай саяси жүйенің қалыптасып,
же
тімдер мәселесі мемлекет дең
ге-
йінде, жалпыұлттық стратегия дең ге-
йінде шешілуі тиіс. Жетімдердің құ-
қығын қорғау жауапкершілігіне
кел генде мекемелер арасында бір із ді-
лік жоқ, олар қағаз жүзінде ғана жұмыс
іс тейді. Сондықтан жетімдердің тағ ды-
рын бастан-аяқ жауапкершілігіне ала-
тын бір-ақ ведомство болуы керек. Ол
– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі.
Тағы бір соны мәлімет, Қазақстанда же-
тім балаларды қамқорлығына алу шы лар
мен патронат тәрбиешілер қатары артпай
отыр. Мұның бір ғана себебі бар – қам-
қор шылар мен патронаттық тәрбие беру
са ласына бөлінетін қаржының мар дым-
сыздығы. Мұның қасында интернат тәр-
бие шісі ай сайын 70 мың теңге көлемінде
жа лақы алса, ал бір бала үшін қам қор-
шылар 17 мың теңге, патронат тәр бие-
леушілер 27 мың теңге алады екен. Жетім
балаларды асырап алу мәселесіне келсек,
көбінесе қолжетімді ақпараттың болмауы
асырап алушылардың қолын тастай
байлайды. Себебі – шынайы ақпарат
беру ге интернат мекемелерінің қыз мет-
шілері де мүдделілік танытпайды екен.
Аружан САИН, «Қайырымдылық»
еріктілер қоғамының бас директоры:
– 2012 жылы «Қайырымдылық»
ерік
тілер қоғамы Балалар құқығын
қор ғау комитетімен біріге отырып, ата-
ана қамқорлығынсыз қалған жетім ба-
ла
лардың мәліметтері жинақталған
онлайн-банк ашқан болатынбыз. Се бе-
бі елдегі жетім балаларды есепке алу
ісінде жариялылық пен ашықтық болуы
керек. Ресей бұл жүйені 2001 жылы
қол ға алды. Бала асырап алуға, қам-
қор лық жасауға ниет білдірген адамдар
қол жетімді ақпаратты онлайн-банктен
ала ды. Қазақстанда үгіт-насихат жұ-
мыстарының жеткіліксіздігінен жомарт
аза маттар тиісті деңгейде жетім ба ла-
ларға қамқорлық көрсете алмай ке-
леді. Мәселен, біз бір жылдың кө ле-
мінде онлайн-банк базасына 2200
ан
кета жинап үлгердік. Есесіне, 57
жетім ба ла осы портал арқылы өздеріне
от басы тапты. Өкінішке қарай, анке та-
лар ға қол жеткізу қиямет-қайым. Осы
тығырықтан шығу үшін ауқымды дең-
гейде интернет-банк ашсақ деген ойы-
мыз бар. Қазақстанда 13 мың бала
бол са, базаға сол 13 мың баланың
бар
лығының мәліметі жинақталуы
керек.
Жетімдер үшін ең өзекті мәселенің бі-
ре гейі – баспаналы болу. Дәл қазіргі таңда
ке зекке тұрған 8000-ға жуық жетім бас-
панадан дәмелі. Алайда бюрократиялық
се бептердің салдарынан 2000-нан астам
жетім баспана кезегіне тіркеле алмаған.
Жетімдердің баспаналы болуы өз алдына
бөлек әңгіме, қазір кейбір жетімдердің
иелігінде бар үйлерді сақтап қалудың өзі
мұңға айналып отыр. Ресми деректерге
сүйенсек, соңғы жеті жылда республика
бойынша 14 мың баланың 832-сі ғана
өздеріне тиесілі пәтердің кілтіне ие болған.
Поделитесь с Вашими друзьями: