Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 3.5 Mb.

бет21/26
Дата09.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№38 (949) 



7.03.2013 жыл, 

бейсенбі


 

ДОДА


Нұрғазы САСАЕВ

«Барыс» тұралап қалған жоқ па?

Алматының стадионын жалға алады Дзюдода белдесу ережесіне өзгертулер енгізіле бастады



«Жаңа жылдан бастап дзюдо күресінің ережесіне өзгеріс енеді» деп естіп жүрмін. Сіздердің 

газеттеріңіз арқылы осы бір жапон күресіне қандай ереженің қосылғанын немесе алынып тасталғанын 

білгім келеді.

Мақсат БАБАТАЕВ, Ақтау қаласы

Лондон Олимпиадасы аяқталған соң, дзюдо ере-

жесіне біраз өзгерістер енгізілді. Атап айтар болсақ, әлем 

чемпионаты мен құрлықтық біріншіліктерге қатысатын 

спортшылар тізімі азайды. Бұрын ең көп дегенде қыздар 

мен ерлердің әрқайсысынан 14 спортшыдан апаруға 

болатын еді. Бұдан былай әр команданың сапындағы 

дзюдошылар саны 9-дан аспайды. Яғни тек екі салмақта 

ғана екі спортшыдан қатысуға мүмкіндік бар. Ал бұған 

дейін қолданылған ереже бойынша, әр салмақтан екі 

спортшы әлемдік сынға қатыса беретін. Жаңа ереже 

бойынша белдесуге бір ғана төреші қазылық етеді. 

 

Екінші төреші сырттай бақылау жүргізіп отырады. 



Қазылар бір-бірімен радиоарна арқылы байланыса 

алады. 


«Шидо» бұдан былай қандай да бір спортшыға 

басымдық бермейді (шидо – ережені бұзған дзюдошыға 

тағылатын айып. Мәселен, белдесуден қашқақтап, жүріп 

алатын балуанға шидо жазылады).

Таблода тек техникалық әрекеттерге берілген баға 

ғана тұрады. Тек екі спортшы теңесіп қалған жағдайда 

шидосы аз дзюдошыға жеңіс беріледі. Белдесу кезінде 

балуандардың бірі төртінші рет шидо алса, белдесу 

бірден тоқтатылып, әлгі балуан татамиден аластатылады. 

Дзюдодағы ең жоғарғы ұпай – иппон. Балуан дардың 

бірі қарсыласын татамиге жауырынымен алып ұрса ғана 

беріледі. Осы орайда «көпірдің» де иппонға жататынын 

ескеру керек.

Әлем кубогы додасы да жыл сайынғы күнтізбеге 

ілінген жоқ. Бұл біріншілік енді «Қалалардың ашық 

турнирі» деп аталмақ. Мысалы, Испаниядағы әлем 

кубогы – Мадридтегі Еуропаның ашық турнирі. Сонымен 

қатар Қазақстандағы әлем кубогы Алматыдағы Азияның 

ашық турнирі деп аталуы мүмкін.

Бұл жаңа ережелер ақпан айында Парижде өткен 

«Үлкен дулыға» турнирінен бастап қолданысқа енді.

Талдықорғанның «Жетісу» орталық стадионы жаңа футбол маусымына 

әлі дайын болмай жатыр деп естідім. Енді «Жетісу» командасы ел 

чемпионатының алғашқы ойындарын қай алаңда өткізеді?

Еркебұлан ҚУАНЫШБЕКОВ, Талдықорған қаласы

Иә, Талдықорғанның «Жетісу» фут-

бол клубы биыл да өз алаңындағы ал-

ғашқы ойындарын түзде өткізуге 

мәжбүр. Себеп – «Жетісу» орталық ста-

дио нын  жа ңа  мау сымға  дайындап 

үлгермей жатқан көрі неді. Сондықтан 

клуб уақытша Алма тыдағы Тұрар Рыс-

құлов атындағы Қазақ экономикалық 

уни верситетінің  ста дионын  жалдамақ.

Әзірге стадионды қанша уақытқа 

жалға алатындықтары белгісіз. Деген-

мен 4-турдың ойыны, яғни сәуір айы-

ның 6-сына жоспарланған «Жетісу»- 

«Шах тер»  кездесуі  Талдықорғанда     өтуі 

мүмкін.


Айта кетейік, ел біріншілігінің бірінші 

турын «Жетісу» түзде Алматының «Қай-

ратына» қарсы өткізеді. Одан кейін оң-

түстік астананың «НарХоз» стадионында 

«Ордабасы» командасын қабылдайды. 

Ал үшінші турда «Востокпен» кездесу 

үшін Өскеменге қонаққа барады.

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ



Таңдауым «Қайратқа» түсті

Бразилияда доп теуіп, 

әйгілі «Ботафого» 

клубының намысын 

қорғаған қазақ баласы 

Рауан Сариев елге оралды. 

Енді ол Алматының 

«Қайрат» футбол клубында 

өнер көрсететін болады. 

Кеше «Қайрат» футбол 

клубының басшылығы 

команданың жаңа 

маусымдағы құрамын 

көпшілікке ресми түрде 

таныстырды. Команданың 

жаңа маусым 

қарсаңындағы тұсаукесер 

кешіне Рауан Сариев те 

қатысты. Неліктен мұндай 

шешім қабылдағанын 

футболшының өзінен 

сұраған едік.

– Рауан, елге түбегейлі оралдыңыз 

ба?

– Иә, енді мен Алматының «Қайрат» 

ко мандасында өнер көрсететін боламын.

– «Ботафогода» неге қала бер-

медіңіз? Қазақтың ең болмағанда бір 

баласының Бразилияда доп теуіп 

жүргені жақсы еді ғой.

– «Ботафогода» негізгі құрамда ойнап 

жүрсем де, Бразилияда тек өздерінің фут-

болшыларына көңіл бөледі екен. Жергілікті 

ойыншыларды менен жоғары қоя берді. 

Әйтпесе олардан жаман ойнаған жоқпын. 

Оның үстіне әке-шешемді, бауыр ларым-

ды, Отанымды сағындым. Сосын «Қайрат» 

футбол клубы Бақылау кеңесінің тең төр-

ағасы Қайрат Боранбаев хабарласып, ұсы-

ныс жасағанда бірден келісімімді бердім.

– Қанша жылға келісімшартқа 

отырдыңыз?

– Бұл жағы бүгін-ертең белгілі болады. 

Сондықтан әзірге еш нәрсе айта алмаймын. 

Ең бастысы, жаңа маусымда «Қайрат» са-

пында ойнайтын болдым.

– «Қайраттан» бөлек, Қазақстанның 

басқа командаларынан ұсыныс болды 

ма?

– Әлбетте, болды. Шақырғандар көп. 

Бірақ әке-шешеме жақын болайын деп 

«Қайратты» таңдадым. Оның үстіне клуб-

тың мақсаты айқын көрінді.

ларда қаладан пәтер жалдап тұратын 

боламыз. Әрине, ақшасын клуб төлейді. 

Ал «Қайраттың» базасы дайын болғанда 

сонда көшетін шығармыз.

– Рауан, ғаламтор беттерінде сіз 

туралы «Жалған құжат жасатып алған. 

Ол қазіргі кезінен екі жасқа үлкен» 

деген ақпараттар пайда болды...

– Таңғалып тұрмын. Сөйтіп жазып па? 

Сондай нәрсені жазар кезде неге алдымен 

барлығын тексеріп алмайды екен?! Әлде, 

менің түрім соншалықты ересек көріне ме? 

Ауылыма барып достарымнан, мұғалім-

дерден сұрасын. Сонда көздері жетеді. 

Дегенмен жасырмаймын, кезінде бізбен 

бірге Бразилияға барған жеткіншектердің 

араларында өз жастарын кемітіп алған-

дары болуы мүмкін. Бірақ өз басым он-

дайдан тазамын.



– Түсінікті. Енді жаңа маусымнан не 

күтесіз?

– Әр ойын сайын жеңісімізбен жан-

күйерлерімізді қуантуға тырысамыз. Мен 

де қолымнан келгенше көбірек гол соғып, 

бапкерлердің, тілеулестердің үміттерін 

ақтауға тырысамын.



– Рауан, қалай ойлайсыз, Қазақстан 

футболының деңгейі өскен бе, әлде 

«баяғы жартас – сол жартас» болып 

тұр ма?

– Мен ешқашан Қазақстан чемпионаты 

әлсіз деп айтқан емеспін. Сөзімді бұрма-

лап, бір газеттерде «Рауан Қазақстан 

чемпионатының деңгейі төмен деп айтты» 

деп жазып жіберіпті. Сыртта болсам да, 

көріп жүрмін ғой, Қазақстан футболы жыл 

санап көтеріліп келеді.



– Әңгімеңізге рақмет. 

Сұхбаттасқан 

Әзиз ЖҰМАДІЛ

– Әке-шешеңізбен кездестіңіз бе?

– Жоқ, Алматыға келгенімізге екі-үш 

күн ғана болды. Дегенмен, әйтеуір, бұрын-

ғыдай алыста емес қой. Олар да маған 

сағынтпай қонаққа келіп тұрар.

– Ал жаңа командаңның жаттығу-

ларына қатысып үлгердіңіз бе?

– Түркияда өткен соңғы жаттығу 

жиыны ның төрт күніне қатыстым. Әзірге 

жігіт термен танысып жүрмін. Көп өтпей 

бауыр 

лардай араласып кетерміз деп 



ойлаймын.

– «Қайраттың» бас бапкері Вла-

димир Вайсс сізді қай шептерге ойна-

тып жүр?

– Шабуылшымын ғой. Бірақ Владимир 

Владимирович мені екінші рөлдегі 

шабуылшы ретінде көргісі келетін сияқты. 

Орталық шабуылшыға көмектесіп, қажет 

кезде қақпаға допты алыстан қақырата 

соғып жүрмін.

– Жаңа командаңда қай нөмірде 

өнер көрсетесің?

– Келісімшартқа әлі отырған жоқпын 

ғой. Сондықтан нөмір мәселесі де 

кейінірек шешіле жатар.



– Жалпы, «Қайраттың» жаттығу-

лары мен «Ботафогоның» жаттығу-

ларында қандай айырмашылықтар 

бар екен?

– Әлбетте, әр бапкердің жаттықтыру 

әдісі әртүрлі ғой. Айырмашылықтар бар. 

Дегенмен екі жақтың да жаттықтыру 

жұмыстары ұнайды. Оның үстіне Вайсс та 

көпті көрген заманауи бапкер ғой.



Енді Алматыда қайда тұратын 

боласың?

– Әзірге «Рахат Палас» қонақүйінде 

тұрып жатырмыз. Алайда маусым баста-

САР


АП

Астананың «Барысы» 

үшін биылғы маусым 

аяқталды. Құрлықтық 

хоккей лигасында өнер 

көрсететін жалғыз 

клубымыз биыл да 

(жылдағыдай) Гагарин 

кубогы жолындағы 

доданың бірінші 

сатысынан аса алмады.

Доп додасы басталады

Сенбі күні футболдан ХХІІ Қазақстан чемпионатының пердесі түріледі. 

Ел біріншілігінің премьер-лигасындағы 12 команда еліміздің алты 

қаласында биылғы маусымдағы алғашқы ойындарын өткізеді.

ФУТБОЛ


ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстан клубы Гагарин кубогының 

алғашқы сатысында, яғни «Шығыс» 

конференциясының ширек финалында 

«Трактор» (Челябинск) клубымен кездесіп, 

төрт жеңіске дейін созылған додада 3:4 

есебімен ұтылды. Түздегі екі ойында 

жеңіске жетіп, ширек финалдық доданы 

тәп-тәуір бастағанымен, жалпы есептегі 

осы басымдықты уыстарынан шығарып 

алды.


Әрине, қазір «Барыс» клубының ме-

нед 


 

жменті биылғы маусымда өрнекті 

ойын үлгісін көрсеткендерін, команданың 

биылғы маусымдағы ойындары қызықты 

да тартымды болғандығын айта беретін 

болады. Ресейліктер де «Барысты» «на-

мысты қолдан бермейтін жанкешті ко-

манда» деп мақтайды. Әрине, клуб 

басшылығы биылғы маусымда «Барыс-

тың» көп гол соққандығын, бұл көрсеткіш 

жағынан тек Ресейдің алақанына салып 

отырған командасы СКА-дан ғана кем 

түскенін көлденең тарта береді. Тіпті қар-

сыластарының қақпасына соққы бағыттау 

жағынан ҚХЛ-дағы барлық командадан 

асып түскендігін де тілге тиек етер.

Бірақ осындай шабуылы үздік команда 

плей-оффтың бірінші сатысында сүрінді. 

Бұл жерде де клуб басшылары «Трактор-

мен» тайталасып, оңайшылықпен беріл-

мегендігін мақтан тұтар.

Иә, былай қарасаңыз, бәрі де дұрыс. 

«Барыс» маусым басында «биылғы 

мақсатымыз – плей-оффқа ілігу» деген. 

Сол мақсаттарына жетті. Плей-офф дода-

сына ілікті.

Алайда, екінші жағынан қарасаңыз, 

қашан біздің «Барыс» осы плей-офф 

додасының бірінші сатысынан өтеді?! 

Міне, бес жыл болды, «Барыс» Гагарин 

кубогының алғашқы сатысында сүрініп, 

осы жетістігіне тоқмейілсіп жүр. Ал жан-

күйерлердің көбі «осы бірінші електен 

қашан шығады екенбіз» деп тықыршуда. 

Оған «Барыстың» әлеуеті жететіндей. 

Команда сапындағы жігіттер қайсарлық 

таныта білетіндіктерін, ҚХЛ-дағы кез 

келген клубты ұта алатындықтарын көр-

сетіп жүр. Бірақ осы бірінші белестен 

аспаймыз. Неге? Әлде ҚХЛ-дың «Барыс-

тың» «пешенесіне» жазып қойғаны осы 

ғана ма? 

Мысалы, «Трактормен» болған соңғы, 

шешуші матчта «Барыс» ойыншылары 

білгендерінен жаңылып, бастапқы екі 

матчтағыдай жанкештіліктің үлгісін 

көрсетпеді...

Осы тұста ойлантатын да, толғантатын 

да мәселе – «Барыстың» плей-офф дода-

сы на лайықты деңгейде дайын болмай 

шығуы. Бір қақпашысы жарақаттанып 

қалған (Теему Лассила). Сол финн қақпа-

шысының орнына тәжірибелі қақпашы 

алынбады. Биыл 38-ге толатын Виталий 

Еремеев те жарақаттанып қалып еді, оны 

алмастыратын деңгейі жоғары қақпашы 

болмай қалды. Еремеевтің жағдайы 

түсінікті. Жасы болса келіп қалды. Жарақат 

алып қалады, бұрынғыдай үнемі жоғары 

деңгейде өнер көрсету де оңай емес. Ал 21 

жастағы Павел Полуэктов әлі шыңдалып, 

жетіле қойған жоқ. Кейде шеберлік 

танытып, көпшілікті тәнті етсе, енді бірде 

шайбаны қолынан шығарып алып, аяғы-

ның арасынан өткізіп алып, жаза басады... 

Сондықтан «Барыс» плей-офф қар-

саңында «құрамын неге тәжірибелі 

қақпашымен нығайтпады» деп таңғала-

мыз. Осы жерде барымызды бағалай 

алмайтынымыз да білінеді. Мысалы, үш 

маусым «Барыстың» намысын қорғаған 

Джефф Гласс биыл «Сибирь» (Новоси-

бирск) клубын өрге сүйреді. Плей-оффтың 

алғашқы сатысында «Сибирь» азуы алты 

қарыс «Авангард» (Омбы) клубына дес 

бермей, біраз састырды. Бұл жұпта да 

екеуара дода жеті ойынға дейін созылып, 

«Авангард» 4:3 есебімен басым түсіп, 

келесі кезеңге өтті. Сонда «Барыс» клубы-

ның басшылығы 30 жастағы Лассиланы 

биыл күзде 28-ге толатын Глассқа айыр-

бастағанда не ұтты?

Әрине, биыл «Барыс» сапында Қазақ-

стан ойыншылары көбейіп, астаналықтар-

дың ұлттық құрама мүддесі үшін осындай 

қадамдарға барғанына ерекше қуандық. 

Тіпті қолдайтынымызды білдіріп, бірнеше 

рет жаздық та. Бірақ команда сапындағы 

қазақстандық емес ойыншылардың кей-

біреулері клуб басшылары мен бапкер-

лерінің сенімдерін ақтаған жоқ. Бірінші 

кезекте тафгай Джон Мирастиден титтей 

де пайда болмағандай. Тіпті төбелесіп те 

жарытпады.

Ресейлік Самвел Мнацян Қазақстан 

ұлттық құрамасының мүшесі Артемий 

Лакизадан асып түсті ме? 20 жастағы 

ресейлік Фёдор Беляковты айдынға жиі 

шығарғанша, 19-ға толған өзіміздің 

Данияр Қайыровты шыңдай түскен дұрыс 

па еді?! 

Маусым басында ресейлік жас ойын-

шыларға, яғни Филипп Савченко мен 

Денис Бачуринге сенім артылып еді, бірақ 

олар сенім үдесінен шыға алмады. Бірі 

қаңтар айында өз Отанына кетсе, екіншісі 

«Барыс-2» сапына жөнелтілді. Олардың да 

орындарына қазақстандық жас талант-

тарды ойнатқан пайдалы болмас па еді?! 

Рас, ресейлік жас ойыншылардың ішінде 

көрермендер көзайымына айналған бір 

қорғаушы болды, ол – 22 жастағы Михаил 

Григорьев.

Солтүстікамерикалық үштігіміз, яғни 

Найджел Доус, Брэндон Боченски және 

Дастин Бойд тек қазақстандық жан-

күйерлердің ғана емес, биыл ҚХЛ-да 

клубтары ойнаған жеті мемлекеттің ма-

ман 

 

дарының да ауыздарының суын 



ағызды. Басқалары тізгін тартса да, бұл 

үшеуінің айылдарын тартқан кездері 

болған жоқ. Гагарин кубогының бірінші 

сатысындағы жеті ойында да осы үшеуі 

«Барысты» алға сүйреумен болды. 

Легионер деген осылардай болуы керек 

қой!

Ал бас бапкер Владимир Крикунов 



жайлы айтарымыз, «Барыстың» бұған 

дейінгі жаттықтырушыларымен салыс-

тырғанда, Ресейдің бұл маманының білік-

тілігі жоғары екені байқалды. Александр 

Высоцкий, Андрей Шаянов және Андрей 

Хомутов сынды бапкерлерге қарағанда 

Крикунов өзінің көпті көрген сыралғы 

маман екендігін көрсете білді. Десек те, 

«Барыс» өз тізгінін деңгейі бұдан да 

жоғары маманға ұстатып жатса қуанамыз. 

Өйткені «Барыстың» бас бапкері болған 

бапкер ұлттық құраманың да тізгінін 

қолына қоса ұстайды. Ал Крикунов ұлттық 

құрама алдына қойылған маңызды да 

басты мақсатқа қол жеткізе алмады. Келесі 

жылы біздің құрама Сочи Олимпиадасында 

мұзайдын көрігін қыздырмайды.         

Жалпы, «Барыс» еліміздің ұлттық құ-

рамасының намысын қорғайтын маң дай-

алды клубымыз болғандықтан, оның әрбір 

жеңісі мен жеңілісі қазақстан 

дық жан-


күйерлер үшін қуаныш пен уайым. Әрине, 

«Барыстың» биылғы ойын өрнегіне ри-

замыз. Бірақ көрсеткішіне көңіліміз тол-

майды. Өйткені біз «Барыстың» әлеуеті 

бұдан да жоғары деп санаймыз. Енді тек 

клуб басшылығы биылғы жетістіктері мен 

ағаттықтарынан сабақ алып, қорытынды 

шығарса деп тілейміз.   



Гагарин кубогы. «Шығыс» 

конфе ренциясының ширек финалы

І ойын «Трактор» – «Барыс» – 3:4 

(овертайм)

ІІ ойын «Трактор» – «Барыс» – 3:5 

ІІІ ойын «Барыс» – «Трактор» – 1:3

ІV ойын «Барыс» – «Трактор» – 2:3

V ойын «Трактор» – «Барыс» – 6:3

VІ ойын «Барыс» – «Трактор» – 4:2

VІІ ойын «Трактор» – «Барыс» – 5:3

Жалпы есеп: «Трактор» – «Барыс» – 4:3

Биыл премьер-лигада 12 команда 

додаға түседі. 2013 жылғы ел чемпионаты 

екі кезеңге бөлініп өткізіледі. Оның бірінші 

бөлігінде 12 команда екі айналымдық 

жүйемен (үйде және түзде) 22 ойыннан 

өткізеді. Бірінші айналым 18 мамыр күні 

аяқталып, екінші айналым 22 мамырда 

басталады. Екінші айналым, яғни ел 

чемпионатының бірінші бөлігі 4 тамыз күні 

тамамдалады.

Бұдан кейін осы екі айналымдағы 

ойындардың қорытындыы бойынша 12 

команда екі топқа жіктеледі. 1-6 орын алған 

командалар жүлделі орындарды сарапқа 

салады да, 7-12 орын алған коман далар 

өзара додаға түседі.

Ел біріншілігінің екінші кезеңі де екі 

айналымдық жүйемен өтеді. Мұнда әрбір 

алтылықтағы командалар үйде және түзде 

жүйесімен 10 ойыннан өткізеді.

Ел чемпионатының екінші жартысын 

барлық командалар бірінші кезеңдегі 

жинаған ұпайларының тең жартысымен 

ғана бастайды. Мысалы, бір команда ел 

чемпионатының бірінші жартысында 50 

ұпай жинаса, сол команда екінші кезеңді 25 

ұпаймен бастайды. Ал егер қайсыбір 

команда 49 ұпай жинаса, ол да екінші 

кезеңді 25 ұпаймен бастайды. Себебі тақ 

санды ұпайларды екіге бөлгенде, олар көп 

жағына қарай дөңгелетіледі.

Ел чемпионатының екінші бөлігінде 

7-12 орындар сарапқа салынатын топта 

ойнап, соңғы орынға табан тіреген ко манда 

келесі жылы бірінші топта өнер көрсететін 

болады. Ал осы алтылықта 11-орынға ие 

болған команда бірінші лигада екінші орын 

алған клубпен кездесіп, 2014 жылы 

премьер-лигада ойнауға құ қық беретін бір 

жолдамаға (орынға) таласады.

Ел чемпионатының екі кезеңінде де 

жеңіске жеткен командаға үш ұпай беріледі 

де, ал тең аяқталған ойында екі команда бір 

ұпайдан бөліседі.

Сонымен, 2013 жылғы ел чем 

пио-

натының бірінші туры 9 наурызда еліміздің 



алты қаласында өтеді:

I тур

9 наурыз (сенбі)

«Ақжайық» (Орал) – «Шахтер» 

(Қарағанды)

«Восток» (Өскемен) – «Ақтөбе» 

(Ақтөбе)

«Ордабасы» (Шымкент) – «Ертіс» 

(Павлодар)

«Қайрат» (Алматы) – «Жетісу» 

(Талдықорған)

«Тобыл» (Қостанай) – «Астана» (Астана)

«Тараз» (Тараз) – «Атырау» (Атырау)

Айқын ЖАППАР

Рауан САРИЕВ: 

Биылғы Қазақстан чемпионатында 10 

команда бақ сынады. Олар ел біріншілігінің 

негізгі кезеңінде 54 ойыннан өткізді.

Енді бізде де чемпион мен жүлдегерлер 

плей-офф жүйесі бойынша жалғасады. 

Бірнеше айға созылған мұзайдын дода-

сының қорытындысы бойынша ширек 

финалдық жұптар төмендегідей болды:

/1/ «Арлан» (Көкшетау) – /8/ «Астана» 

(Астана)

/2/ «Ертiс-Павлодар» (Павлодар) – /7/ 

«Барыс-2» (Астана)

/3/ «Арыстан» (Теміртау) – /6/ 

«Алматы» (Алматы)

/4/ «Бейбарыс» (Атырау) – /5/ 

«Горняк» (Рудный)

Ширек финалдық ойындар төрт жеңіс-

ке дейін жалғасады. Алғашқы екі ойын 10  

-11 наурызда бірінші жазылған төрт клуб-

тың айдынында, одан кейінгі екі ойын 14-

15 наурызда түзде өтеді. Осы төрт ойында 

жеңімпаз анықталмаса, 18 наурызда 

турнир кестесінде жоғары орналасқан 

команданың, 21 наурызда «осалдау» 

клубтың айдынында тағы екі кездесу өтуі 

керек. Шешуші ойын 24 наурызға 

белгіленген (турнир кестесінде жоғары 

орналасқан команданың мұзайдынында).

Жартылай финалдық матчтар 27 нау-

рызда басталып, 10 сәуірге дейін созы-

лады. Ал сәуірдің ортасынан аяғына дейін 

қола жүлдегер мен чемпион (және күміс 

жүлдегер) анықталады.



Бізде де бар плей-офф...

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының негізгі бөлігі аяқталып, 

төл біріншілігімізді жалғастыратын сегіз команда анықталды.

о

ж

ож

бж

бұ

оұ

ұ

ш/а

ұп

1. «Арлан» (Көкшетау)

54

37

1



5

0

2



9

231-116


125

2. «Ертіс»-Павлодар

(Павлодар)

54

34



1

4

4



0

11

177-104



116

3. «Арыстан» (Теміртау)

54

24

1



9

2

1



17

194-141


95

4. «Бейбарыс» (Атырау)

54

26

2



2

8

0



16

150-97


94

5. «Горняк» (Рудный)

54

27

1



1

5

1



19

155-152


91

6. «Алматы» (Алматы)

54

27

0



2

2

0



23

158-157


87

7. «Барыс-2» (Астана)

54

21

1



3

3

1



25

151-164


75

8. «Астана» (Астана)

54

15

1



4

5

1



28

152-172


61

9. «Қазцинк-Торпедо-2»

(Өскемен)

54

12



0

2

4



0

36

125-255



44

10. «Сарыарқа-2»

(Қарағанды)

54

5



0

2

1



2

44

77-212



22

Ескерту:  О – өткізген ойындары, Ж – жеңістері, ОЖ – овертаймдағы жеңістері, БЖ – 

буллиттегі жеңістері, БҰ – буллиттегі ұтылыстары, ОҰ – овертаймдағы ұтылыстары, Ұ – 

ұтылыстары, Ш/А – шайба айырмасы, Ұп – ұпайы.



1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал