Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


– Аймақтардағы театр ахуалының



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Аймақтардағы театр ахуалының 

төмендігін айтып қалдыңыз...

– Шыны керек, облыстық театрлардың 

қызметкерлері ең төменгі жалақы алады. 

Театр сыншысы деген атымен жоқ. Режис-

сер лер жетіспеушілігі әу бастан орын алған. 

Әлі күнге дейін екі-үш адамға қойылым 

қойып беріп отыратындары да бар. Ай ты-

ңыз шы, мұндай сүреңсіз жағдайда өнер 

қай тіп  дамиды?

– Оған кімдер кінәлі?

– Облыстағы театрлар сол аймақтағы 

әкім дерге қарайды. Ең бірінші, әкімқаралар 

өнерге деген көзқарасын оң бағытта 

өзгертпей, іс алға баспайды. Ал Мәдениет 

министрлігі облыстың театрлар мен өнер 

ошақтары бізге тиесілі емес деп енжарлық 

танытады. Мәдениет деген – үлкен ұғым, 

бүтін кәсіби сала деп қарасақ, облыстағы 

театрларға «жетім баланың» күйін кештіру 

жөн бе? 

– Кейде ұлтымыздың шынайы да-

рын 

ды тұлғаларын елеп-ескермей, 

көз ге жиі түсетіндерін ғана қолпаштап 

кететін тәріздіміз... 

– Талантты адамдарды танып, оларды 

халыққа көрсете білудің өзі –үлкен өнер. 

Мәселен, Асқар Сүлейменов қандай біл ім-

ді, талантты адам еді. Бірақ оны көзі ті рі сін-

де кім жазды? Сол сияқты Нұрмұқан Жан-

тө ринді, Ыдырыс Ноғайбаевты қазіргі 

жас тар біле ме? Әлі күнге дейін олардың 

толық бейне-болмысын аша алған жоқпыз. 

Асқар Тоқпановтың жан-жақтылығы, ой 

ұшқырлығы ғажап болатын. Тіпті Сәкен 

Сей фуллиннің тұлғасын сахнада бере 

алдық па? Тек оның «Қызыл сұңқарлар», 

«Тар жол, тайғақ кешу» сияқты жазған шы-

ғар малары ғана сахналанып жүр. Ахмет 

Бай тұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет 

Майлин, Ілияс Жансүгіровтер ше? Олардың 

бізге шығармалары қажет те, өздерінің ке-

регі жоқ па? Шындап қолға алынса, алын-

байтын қамал бар ма? Жазушы-дра ма тург-

тер мен режиссерлерге жақсы ақша 

тө леніп, мемлекеттен қомақты қаражат 

бөлінсе, қанеки? Елімізде осы мәселелермен 

айналысатын арнайы мекеме бар ма? 



– Оқу орындарыңызда ұлттық ән-

күй кафедралары ашылған екен. Төл 

өне рі мізге деген құлшыныс артқандай 

ма, қалай? 

– Кезінде бет әрлеушілердің жоғары бі-

лім ді кәсіби маманын тек Мәскеу мен Ял-

тада ғана әзірлейтін. Небір ұлылардың гри-

мін Виктор Щербаков деген кісіні ша қырып, 

бет әрлеушілердің арнайы кур сын өмірге 

әкелдік. Ұлттық музыкамыздың өкіл дерінің 

көбінде жоғары білімі болмады. Жү сіпбек 

Елебеков атындағы Эстрада және цирк 

колледжін, Чайковский атындағы Ал маты 

музыкалық колледжін бітіргендердің бәрі 

консерваторияға түсуге мүмкіндік ала 

бермейді. Ұлттық өнеріміз өркендеп, қана-

тын кеңге жайса деген ниеттен ұлттық ән 

мен күйдің кафедрасы дүниеге келді. Сол 

сияқты университет басшыларының баста-

масымен эстрададан, жеке ән салудан да 

кафедралар іске қосылды. Кино мен теле-

дидар, цирк режиссерлері де елімізде қат 

мамандықтар қатарында болатын. Бізде 

қуыршақ театрының мамандары мен әртіс-

тері әлі де жетіспейді. Жүргенов академиясы 

осындай олқылықтардың орнын толтыруға 

қадам жасап, өнердің сан тарауынан кәсіби 

қызметкерлер әзірлеуде. Ал қабылдау 

грант тары  өте  аз. 



– Театрдың жас әртістері қазақ 

тілінің әуезін дұрыс игермеген дегенге 

қалай қарайсыз?

– Мәдени әлемнің қайнаған қазанына 

енді қосылып жатқан жас буын қай кезеңде 

дүниеге келді? Жоғарыда айтып өткенімдей, 

олар – егемендіктің алғашқы қиын-қыстау 

тұсының, яғни халықтың ұрпақ тәрбиесін 

ой лаудан бұрын қара бастың қамын ойла-

ған шақтың жемісі. Қазақтың әдемі әуезді 

дыбысына, көркем сөзіне мән беретін мұр-

шамыз болмады. Небір асыл қасиет-

терімізден қол үзіп қалдық. Дұрыс сөйлей 

білу, жағымды мінез-құлық әуелі отба сы-

дан, балабақша мен мектептен, өскен ор-

та сынан басталады, сосын барып оқу 

орын дар әрмен қарай жетілдіреді. Бұрын 

балалардың құлағына ата-әжелеріміз ор-

фоэпиялық заңдылықтарды неше түрлі 

аңыздар мен ертегілер, жыр-дастандар, 

жа ңыл т паш сияқты ауыз әдебиетінің фоль-

к лорымен-ақ сіңіріп тастайтын. Отар шыл-

дар кесірінен одан да айырылып қалдық. 

Қазақша әріптерді бұрап сөйлеуде театр 

әртістерін эстрада әншілері мен теле жүр гі-

зушілер жолда қалдырады. Бұрын жүргізуші 

бірнеше көркемдік кеңестің сынынан өтіп 

барып эфирге шығуға мүмкіндік алатын. 

Қазір дұрыс сөйлеу былай тұрсын, эсте ти-

калық талғамы төмен, киінуі, боянуы ба-

тыс қа еліктеген, тіпті басын тақырлап алған 

қыздарымыз бағдарлама жүргізеді. Құй-

рық-жалы күзелген, кім екеніміз белгісіз 

халге жеттік. Бұрын Шерхан Мұртаза ақса-

қал басқарған басты телеарнамыз «Қазақ-

станның» қазақылығы мықты еді. Тізгін ші-

лердің қазақша оюланған киімі, өзін-өзі 

ұстауы, сөйлеу мәнері ұлттығымыздан 

хабар беретін. 

– Жекеменшік театрлар бәсеке лес-

тік ті арттыратыны даусыз. Алайда ұлт-

тық театрларымыздың өзі қалт-құлт 

етіп отыр ған біздің қоғамымызда же-

ке  мен шік  театрлардың  болашағы  бар 

деп ойлайсыз ба?

– Жекеменшік театрлардың неғұрлым 

көп болғаны жақсы. Содан әртүрлі өнердің 

бағыттары, мектептері қалыптасады. Жас 

әртістер өз шығармашылықтарын шыңдап, 

жемісті еңбек етуге жол ашылады. Болат 

Атабаев тұңғыш болып «Ақ сарай» жеке-

меншік театрын ашты. Бұл эксприменттік 

театр дың бастапқы қарқыны бәрімізді 

қуантты. Халықты жаңа сападағы қойы-

лым дармен қауыштырды. Алайда кейін 

қолдау болмаған соң, құлдырай бастады. 

Енді қайтеді? Не арнайы ғимараты жоқ, не 

тұрақты әртістерге жалақы жоқ. Қаз-қаз 

басқан жобаларды дер кезінде қолдауға 

келгенде сараңдық танытатынымыз өкініш-

ті-ақ. Бұл – «мұсылмандық кімде жоқ, тілде 

бар да, ділде жоқтың» дәл өзі... 



 Әңгімелескен Арман СЕРІКҰЛЫ

Танысым көшеден үй-күйі жоқ адамның мәйітін көрген кезде 

қайда хабарласарын білмеген. Әлгі адам аяздан үсіп қалғанға 

ұқсайды. Мұндай жағдайда ішкі істер органдарының қандай 

бөліміне хабарласқан жөн?

Нұрбол,

 Астана қаласы

Сұраққа  Астана қалалық ішкі 

істер департаменті мамандары жауап 

береді: 


– Егер кімде-кім Астана қаласы 

аумағында танылмаған және сұрау 

салынбаған мәйіттер туралы ақ-

паратқа ие болса, жақын маңдағы 

учаскелік полиция бөліміне, ішкі 

істердің бірыңғай байланыс желісіне 

немесе қалалық ішкі істер депар-

таментінің криминалды полиция 

басқармасының іздестіру бөлімінің 

байланыс нөмірлеріне хабарласуы 

керек.  Байланыс  телефондары:            

8 (7172) 71-60-29, 71-62-95, 71-

60-32, 71-61-69.

АЛАШ АЗАМАТЫ

Ақмола облысы ішкі істер департаменті 

баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйым-

дас қан үш жігіт жас қыздарды жезөкшелікке 

тартумен айналысып келген. 



Гүлнар ПИНЧУК,

  Ақмола облысы ішкі 



істер де партаментінің баспасөз хатшысы:

– Қыздарды алдап-арбап керемет 

өмір сүретініне сендірген жігіттер алдын 

ала дайындап қойған пәтерге кіргізіп, 

онда ойларына келгенін істеген. Құ жат-

тары мен байланыс құралдарын тартып 

алып, оны қайтару үшін жезөкшелікке 

жегіп алғандығы анықталды. 

Қазір аталған үш азамат құқық қор ғау-

шы лардың қолына түсіп, бұлтартпас дә-

лел дермен жасаған қылмыстарын мой-

нына алуға мәжбүр болды. «Жеңгетай» 

жі гіттерге Қазақстан Республикасының 

Қыл мыстық кодексінің төрт бабы бойынша, 

атап айтсақ, «заңсыз бостандығын шектеу», 

«жезөкшелікке тарту», «зорлау» және «жы-

ныс тық сипаттағы зорлық» айыбымен қа-

мау ға  алынды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Көкшетау

АЛАШ-АҚПАРАТ



«Жеңгетай» 

жігіттер 

қолға түсті

Шипажайдан 

ши шықты

Қарағанды облысы, Саран 

қаласындағы құрт ауруын 

емдейтін «Сәуле» 

шипажайының басына қара 

бұлт үйірілді. Мекемені 

тексерген Санитарлық 

қадағалау департаменті 

мамандары бірқатар 

былықтың бетін ашып, 

экономикалық сотқа 

шипажайдың жұмысын 

тоқтату туралы шағым 

жолдаған. Ал шипажай 

басшылығы ғимаратқа 

жуырда ғана көшіп 

келгендерін, уақыт тапшы 

болып жатқанын айтып 

ақталуда. 

Қазіргі уақытта ол жерде 50 шақты 

бала құрт ауруының алдын алып, ем-дом 

қабылдап жатыр. Шипажайды тексерген 

облыстық санитарлық қадағалау депар-

таменті мамандары шипажайда балаларға 

жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өсімдік 

майынан тағамдар әзірленгенін анықтап 

отыр. Қадағалаушы орган жарамсыз 

майды тәр кілеп, көзін жойды.



Азамат СҮЛЕЙМЕНОВ,

  Қарағанды об-



лыс 

тық мемсанэпидқадағалау депар-

таментінің баспасөз хатшысы:

– Кәріз жүйесі ескірген. Соның сал-

да рынан таза су мен лас су ағындары 

ара ласып кетеді. Бұл – жұқпалы ауру-

лар дың таралуына әкеліп соғуы мүмкін. 

Ағынды суларды зарарсыздандыруға 

арналған құрылғылар жоқ. Палаталарға 

тұсқағаздар жапсырылған, ол жуып-

шаюға келмейді. 

Зейнолла ТЕМІРБЕКОВ,

  «Сәуле» бала-



лар ға арналған түберкулезге қарсы ши па-

жайы ның  бас  дәрігері:

– Бұл – аяқасты болған тексеріс. 

Бірін шіден, біздің мұнда көшіп келге ні-

мізге 1,5 ай. Екіншіден, қыс мезгілі. 

Үшін шіден, ғимарат 1967 жылы салын-

ған дықтан, кәріз жүйесі, коммуникация 

әбден тозған. Соны жөндегенше уақыт 

кетіп қалды.

Айша АХАН,

Қарағанды

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Ел-жұртымыздың болашағы жарқын болуы үшін салт-дәстүр мен ұлттық 

тәрбие басты орында тұруы керек. Сосын тынымсыз ізденіс пен еңбексіз 

ешқандай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әлбетте, денсаулық пен 

әлеуметтік ахуалдың оқу-білімге әсірі мол. Ой тәрбиесі мен дене тәрбиесін 

қатар жүргізген абзал. Әрине, келеңсіздіктер де көп. Әйткенмен, оқимын 

деген жастарға жағдай да жасалуда. Оған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 

жастарға деген қамқорлығы – осы сөздерімнің айғағы. 

Бүгінде бар әлемді торлап 

алған құлдықтың жаңа 

түрі, яғни адамды заңсыз 

жыныстық қызмет көрсетуге 

итермелеп ақша табу 

оқиғалары жиілеп кеткені 

жасырын емес. Жуырда 

Көкшетау қаласында қос 

қызды жезөкшелікке салған 

«жеңгетайлар» құрыққа түсті. 

№40 (722) 

7.03.2012 жыл, 

сәрсенбі                 



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Франция клубы Италия боксшыларын тізерлетті



Кличко тағы да жеңген бе?

СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ

КҮРЕС

ХОККЕЙ


Бір алтынмен шектелдік

Ендігі «ермегіміз» – «Ермак»

Жолдамаға жармасайық, жігіттер!

Жер жаннаты Бурабайда өткен әлем 

кубогы додасында Қазақстан құрамасына 

бір-ақ жүлде бұйырды. Бірақ жүлде бол-

ған да қандай! Бұған дейін хабарла ға ны-

мыз дай, әйелдер арасындағы 3,2 ша қы-

рым 

дық спринтте Ольга Новикова саф 



алтынды өңірінде жарқыратты.

Қалған бәйгелерге қысқаша тоқталар 

болсақ, алыс қашықтықтағы жарыста Қа-

зақ  стан спортшыларына жүлде бұйырмады. 

Әйелдер арасындағы 15,4 шақырымдық 

сын да швед қызы Туве Александерссон топ 

жар 

ды. Басты үмітіміз Ольга Новикова 



5-орынға ие болды. Ал Эльмира Молда-

шева, Дарья Корнева, Меруерт Имашева, 

Ан на Ткачева, Любовь Макоско, Әсел Аса-

нова сынды қыздарымыз көш соңында 

сап тай тізіліп, 17-22 орындарға табан ті-

реді.


Ерлер арасындағы 23 шақырымдық 

жарыста финн Тунис Штаффан жеңімпаз 

атанды. Өкі нішке қарай, біздің жігіттер 

алғашқы он  дыққа да ене алмады. Ең үздік 

бағ дар лаушымыз Михаил Сорокин 12-

орынға ие болса,  Аслан Тоқбаев 28-

орынды, Денис Власов 29-орынды, Дми-

трий Адамович 31-орынды, Виталий 

Ли личенко 32-орынды қанағат тұтты. Ал 

Артем Степашкин жарысты аяқтай да ал-

мады.

Орта қашықтықтағы аламанда да жүл-



деге ілікпедік. Бірақ әйелдер арасындағы 

9,1 шақырымдық бәйгеде былтырғы VІІ 

қыс 

қы Азия ойындарының төрт дүркін 



чем пионы Ольга Новикова қола медальға 

сынық сүйем жетпей, төртінші орынды 

иеленді. Бұл сында швед қыздары 

алтынмен апталып (Жо зефина Энгстрем), 

күміспен күптелді (Туве Александерссон). 

Біздің қыздар орта қашықтықтағы аламан 

жарыста да соңғы, 18-23 орындарға мына 

ретпен жайғасты: Молдашева, Имашева, 

Корнева, Макоско, Ткачева, Әсем Назирова 

және Асанова.

Ерлер арасындағы 12,3 шақырымдық 

аламан жарыста да алтын мен күміс 

Швецияға кетті. Петер Арнессон мен Эрик 

Рост ресейлік Андрей Григорьевтен бірер 

секунд озып кетті. Ал біздің Михаил Со-

рокин 9-орыннан көрінді. Тоқбаев 26-

орынды иеленсе, Власов 28-орынмен, 

Ли личенко 29-орынмен, Иван Неклюдов 

34-орынмен, Адамович 35-орынмен, 

Юрий Михайлов 36-орынмен шектелді. 

Бұ лар қырғыздың үш спортшысынан және 

Ита 


лия мен Швейцариядан келген қо-

нақтардан жоғары орналасқандарын ғана 

кө ңілдеріне медеу тұта алады.

Көкше жеріндегі әлем кубогы аралас 

эста фетамен тамамдалды. Ресейлік  Поли-

на Мальчикова мен Андрей Григорьев 

Скан динавия спортшыларынан асып түсіп, 

қуа нышқа бөленсе, біздің Ольга Новикова 

мен Михаил Сорокин жүлделі орындарға 

сына қаға алмай, 7-орынға тұрақтады. 

Қалған қыз-жігіттеріміздің көрсеткіштеріне 

көз жүгіртер болсақ, Эльмира Молдашева 

мен Аслан Тоқбаев 16-орынға орналасып, 

Әсем Назирова мен Денис Власов 19-

орын ды еншіледі. Ал Әсел Асанова мен 

Дми трий Адамович, сондай-ақ Меруерт 

Има  шева мен Виталий Лиличенко көмбеге 

жете алмай, жарыстан тыс қалды.



Айқын ЖАППАР

Ресейдің Жоғарғы хоккей лигасында да 

биылғы маусымның негізгі бөлігі аяқталып, 

плей-оффтың алғашқы сатысында кезде-

се тін командалар жұбы анықталған. Шы-

ғысқазақстандықтар «Шығыстың» ширек 

фи налында «Ермак» (Ангарск) клубымен 

кез десетін  болды.



Екі конференцияның ширек 

финалында кез десетін командалар 

жұбы:

«Батыс» (ойындары 6, 7, 10, 11 

және 14 наурыз күндері өтеді)

«Донбасс» (Донецк) – «Титан» (Клин)

«Дизель» (Пенза) – «Лада» (Тольятти)

«Локомотив» (Ярославль) – ХК ВМФ 

(Санкт-Петербург)

«Нефтяник» (Альметьевск) – «Ариада-

Акпарс» (Волжск)

«Шығыс» (7, 8, 11, 12 және 15 наурыз)

«Рубин» (Тюмень) – «Спутник» (Нижний 

Тагил)

«Торос» (Нефтекамск) – «Молот-

Прикамье» (Пермь)

«Южный Урал» (Орск) – «Мечел» 

(Челябинск)

«Ермак» (Ангарск) – «Қазцинк-Торпедо» 

(Өскемен)

Әр конференциядағы ширек финалдық 

және жартылай финалдық кездесулер үш 

жеңіске дейін жалғасады. Бұдан кейінгі 

шешуші кездесулер, яғни Ресей Жоғарғы 

хоккей лигасының жартылай финалдық 

жә не финалдық кездесулері төрт жеңіске 

де йін созылады. Үшінші орын сарапқа са-

лынбайды. Қола жүлде Ресей Жоғарғы 

хоккей лигасының жартылай финалында 

жеңіліске ұшыраған екі команданың қай-

сысы биылғы маусымның негізгі бөлігінде 

жо ғары орналасса, соған беріледі.

Ресей Жоғарғы хоккей лигасының 

жартылай финалдық жұптары мына ереже 

бойынша құрылады. Бірінші жұпта «Батыс» 

конференциясында неғұрлым жоғары 

орынға орналасқан команда «Шығыс» 

конференциясында неғұрлым төменгі 

орнындағы ұжымымен кездеседі. Спорттық 

тілмен айтқанда: «1Б – 2Ш». Ал екінші 

жұпта – қалған екі команда (1Ш – 2Б).

Егер плей-оффтағы ойындар тең аяқ-

талса, онда 20 минуттық овертаймдарға 

жүгінуге тура келеді. Овертаймдар санына 

шек теу қойылмайды. Яғни ойын екі ко ман-

даның бірі гол соққанша жалғаса береді.

Әлихан ЖАППАР

Алғаш болып боз кілемге еркін күрес 

бал 

уандары шығады. Біздің жігіттердің 



қор жынында төрт жолдама бар. Енді Ас-

тана кілемінен қалған үшеуін алуымыз ке-

рек. 66 келі салмақта Ақжүрек Таңатаровқа 

се нім артылып отыр. Ол 2010 жылы әлем 

чем пионатында белдескен. Ұлттық құрама 

са  п ында бұрыннан бері келе жатқан бал-

уан дардың бірі. Кім белдессе де ел на мы-

сын өз жігіттеріміздің бірі қорғағаны дұ рыс 

болды.  Әйтпесе  Олимпиада  жа   қын дағанда 

ғана жанын салатын Леонид Спиридонов 

тағы да құраманы жа ғалап жүр еді. 84 

келіде Семен Семенов кү ресетін болды. 

Бұл екі салмақта Азияның азу 

лылары 


жолдама алғандықтан, біздің жі гіт терге 

финалда белдесу оңайға түсуі ке рек. Ал 

аса ауыр салмақта тағы да Марид Му-

талимов бақ сынамақ. Әлем чем 

пио-

натында жолдама алатын мүмкіндікті мүлт 



жі беріп, Муталимов белдеспей қойған еді. 

Ен ді өз жерімізде күресетін шығар. Басты 

жә не байырғы қарсыласы – өзбекстандық 

Артур Таймазов. 

Ал грек-рим күресінде төрт салмақта 

жол дамаға жармасуымыз керек. Ең жеңіл 

салмақта бапкерлер алқасы тағы да Асхат 

Құдайбергеновке сенім артқан көрінеді. 

Марат Кәрішалов, Артур Үмбетқалиев жә-

не Жанкелді Әзікеновтің арасынан Асхатқа 

ли цензиялық турнирде белдесу бақыты 

бұ йырыпты. Былтыр әлем чемпионатында 

Ас хат соншалықты тәуір күреспеген бо ла-

тын. Жоғарыда аталған жігіттердің бар лы-

ғының деңгейлері шамалас болғандықтан, 

таң дау Асхатқа түскен. Оның бер жағында 

жақында Иранда өткен халықаралық 

турнирде өзін-өзі көрсете білді. Сол секілді 

66 келі салмақта да екі балуан арасында 

қайсысының белде сетіндігі соңғы сәтке 

дейін белгісіз болып келді. Дархан Баях-

метов пен Бейбіт Нұғыманов үміткер бол-

ған. Бірақ бапкерлер бүйрегі Дарханға бұ-

рыпты. Оның Бейбітке қарағанда 

тә жі рибесі мол. 84 келіде Ресейден келген 

Да н иал Гаджиев бақ сынамақ. Жақында 

Түр кия да өткен халықаралық турнирде кү-

міспен күптелген. Ал 96 келі салмақта жас 

балуан Ерұлан Ысқақовқа үлкен үміт ар-

тылып отыр. Бұл салмақта құраманың ба-

йырғы балуаны Марғұлан Әсембековке 

мол мүмкіндік беріліп еді. Ол оны пай да-

лана алмады. Ал Ерұлан болса Ирандағы 

ха 


лық 

аралық турнирде көпшілікке та-

нымал білекті балуандарды жеңіп, көзге 

түскен. 


Әйелдер күресінде 55 келіде Айым Әб-

ділдина, 63 келі салмақта Елена Шалы ги на 

белдеседі. Екеуі де міндетті түрде жолдама 

алулары керек. 

Естеріңізге сала кетейік, Лондон Олим-

пиа 


дасының лицензиясы финалда бақ 

сынаған балуандарға беріледі.



Телжан КҮДЕРОВ

СЕМСЕРЛЕСУ СПОРТЫ



Бапкер-әке арманына жетсе екен...

Нояндар да кейбір спорт түрлерінде-

гідей Олимпиада ойындарында сынға 

түсу құқығына қол жеткізу үшін ұпай жи-

най ды. Бекітілген халықаралық турнир-

лер  көрсеткіштеріне орай, ұпай ен ші леп, 

Олимпиадаға дейін ұпай қорларын 

толықтыра түсуге тырысады. Негізі, бұл 

қиын әрі әділетті. Өйткені лицензиялық 

турнир өткен кезде кейбір спортшылардың 

көңіл күйлері болмауы, спорттық бапта-

рына келе алмай қалулары мүмкін ғой. 

Мы салы, біздің боксшы Б.Жақыпов, де-

несі темірдей балуан қызымыз Е.Шалы-

ги на былтыр әлем чемпионатында жол-

дамаға ие бола алмай қалды. Енді соңғы 

мүмкіндіктері қалды деуге болады. Ал 

Олим пиада ойындарына дейін ұпай жи-

нау жүйесінде нағыз мықтылар сұрып та-

лады. Бірде спорттық бабында болмай 

сү рін се, басқасында соның орнын толты-

руға мүм кін дігі бар. Бірақ Олимпиадаға 

де йін қан шама уақыт босаңсымай, шү-

мек тетіп тер төгуің керек. Қайсыбір спорт 

түрле рін дегідей,  Олимпиада  жолдамасын 

қал таға ұрып, арқаны кеңге сала алмай-

сың.

Семсерлесу спортындағы осы сұрып-



тау сүзгісі бір жылға созылды. Бір жыл-

дың ішінде алты лицензиялық турнир, 

әлем және Азия чемпионаты өтті. Сонда 

бар лығы – сегіз сын. Бір жылдан астам 

уа қыт бойы осындай ауыртпалық пен жа-

уапкершілікке төзу де оңай емес. Ал Эль-

мир Әлімжанов осы қиындықтың бәрін 

Щучинскіде шаңғымен спорттық бағдарлаудан әлем кубогы 

додасының үшінші кезеңдік жарыстары аяқталды.

Бүгін Өскеменнің «Қазцинк-Торпедосы» үшін Ресейдің Жоғарғы 

хоккей лигасындағы плей-офф додасы басталады. Қарсыласы – «Ермак» 

(Ангарск) клубы.

Астанада күрес түрлерінен наурыздың 30-ы мен сәуірдің 1-і 

аралығында өтетін Азия аймағы бойынша лицензиялық турнирде бақ 

сынайтын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.

Лондон 

Олимпиадасында ел 

намысын қорғайтын 

спортшыларымыздың 

қатары бір ноянмен 

толысты. Семсерлесу 

спортындағы серкеміз 

Эльмир Әлімжанов 

Таллиннен Олимпиада 

жолдамасын жан қалтасына 

басып қайтты.

жеңе білді. Бір жылдан астам сұрыптау 

циклінің ауыртпалығына шыдай алмай 

морт сынғандар қаншама. Тіпті Олим-

пиа да чемпионы болған әйгілі спортшы-

лар дың өздері Лондон жолдамасына қол 

жет 

кізе алмай, қатардан тыс қалып 



жатыр.

Шпагадан Лондонға жолдама алған-

дар сапында әзірге Ресей спортшы сы да 

жоқ. Ал ресейліктердің семсерлесу 

спорты ның көшбасшыларының бірі еке-

нін білесіздір. Бұл елдің нояндарының 

ше жіресі қандай десеңізші. Бұл да болса 

Эль мир Әлімжановтың табандылығына 

дә лел бола алады деп ойлаймыз.

Негізі, семсерлесу спортында ноян-

дарды Олимпиадаға екшеу жүйесі тым 

күрделі. Мысалы, Лондон төрінде 32 

шпа гашы ғана бақ сынайды. Қазір солар-

дың 12-сі ғана белгілі. Қалғандары 15 

нау рызда Парижде басталатын соңғы 

елек тік сында анықталады. Бір жылдың 

ішінде қасықтап жиған ұпайларының 

арқасында Эльмир қазір Олимпиадаға 

іріктеу рейтингінде 111 ұпаймен 10-

орын да тұр. Олимпиада жолдамасы қал-

та сында. Енді Эльмир тағы бір ерлік жа-

сай алады. Париждегі соңғы сында 

12-орыннан төмен түспесе, онда біздің 

ел ге тағы бір жолдама сыйлайды. Онда 

Дми трий Алексанин де Лондон Олим-

пиа дасында бақ сынау құқығына ие бо-

лады. Былай қарасаңыз, алғашқы 12 

спортшының қатарына ілігу Таллинндегі 

турнирде үшінші орын алған Эльмирге 

аса қиын болмауы керек. Тек жолы 

болып, бағы жансын дейік. 

Шпагашылар арасындағы Олимпиада 

лицензияларын бөлудің ерекшелігі сол 

– Лондонда әр елден тек екі спортшы 

ғана бақ сынай алады. Өйткені шпагашы-

лар арасындағы командалық сын Олим-

пиада бағдарламасынан алынып тас тал-

ған. Сон дықтан ендігі түйіні шешілген 12 

жол дамадан бөлек, әр құрлыққа бірнеше 

ли цензия бөлінеді. Яғни Париждегі ли-

цен зиялық турнир аяқталған соң Еуро-

паға, Америкаға, Азияға және Африкаға 

екі жолдамадан беріледі де, рейтингіде 

неғұрлым жоғары орналасқан спорт-

шылар Олимпиадада бақ сынау құқығына 

ие болады. Сондықтан Азия шпа га шы ла-

рының көбісі Таллиннде Эльмир 

Әлімжановтың тілеуін тілеп, ол үздік 12 

ноян сапына іліккенде, өздері бәйгеден 

бірінші келгендей қуанған. Себебі рей-

тин гіде олардың көбісі Эльмирден кейін 

тұр. Қазақстан нояны 12 үздіктің сапына 

ілікпей қалса, кейін Азияға бөлінген екі 

жолдаманың бірін алып кетуші еді. Енді 

олардың бәріне бір орын болсын босады. 

Мүмкіндіктері артты.

Біз кеше Эльмирдің әкесі әрі жаста-

йынан семсерлесу спортына баулығын 

жаттықтырушысы Эльдар Әлімжановпен 

тілдестік. Эльдар аға өте қуанышты екен. 

Көптен бері оның осылай қуанғанын бі-

рін ші рет көріп тұрмыз. Себебі былтыр 

ма мыр айының басында Эльдар ағаның 

кіші ұлы, семсерлесу спортынан жас өс пі-

рімдер арасындағы 2005 жылғы әлем 

чемпионатының күміс жүлдегері, та лант-

ты жас ноян Энвер Әлімжанов мез гіл сіз 

қаза тапқан еді. Жол апатынан 23 жастағы 

ұлы көз жұмып, Эльдар аға көп қиналды. 

Ұлын жоқтап, жүрегі егілді, жаны езілді. 

Оның бәрі жүйкесіне әсер етіп, бір 

көзінен айырылды.

Сондықтан Эльдар Әлімжанов үлкен 

ұлы 


ның осы жетістігіне қатты қуанып 

жүр. Ендігі арманы Эльмир Лондонда 

жүл деге іліксе дейді. Жатса да, тұрса да 

со ны ой лайды. «Бұрынғы статистикаға 

қа ра са ңыз,  Таллинн  турнирінде  жүлдеге 

ілік  кен дер  Олимпиада  жолдамасын  өз-

ара сарапқа салады екен. Соны жақ сы-

лық қа балап отырмын», – деді кеше кү-

лім деп.

Эльдар Әлімжанов – екі баласын 

сем серлесу спортына баулып, соларды 

ха лықаралық аренаға шығару үшін ерін-

бей еңбек еткен балажан адам. Екі ұлын 

шетелдердегі турнирлерде шыңдап, 

шеберліктерін арттыру үшін асаба да 

болып, тірнектеп ақша тапқан. Екі ұлын 

өз күшімен халықаралық деңгейдегі қас 

шебер етіп шығарған. Біз кеше «Эльдар 

аға, енді сол еңбектеріңіз ақталсын, тек 

қуаныш құшағында шаттанып, арма ны-

ңызға жетіңіз» деп жүрекжарды ле бі зі-

міз ді  білдірдік.

Шынымен-ақ, бапкер-әке арманына 

жет се  екен...



Нұрғазы САСАЕВ

Әзиз ОРАЗБАЕВ

ШАЙБ


А

ЛЫ ХОККЕЙ

Қорытынды есепке қарап, «соңғы ойын 

оңай болған екен» деп ойламаңыз. Ай-

дын да жан алысып, жан беріскен айқас 

бол  ды.  Астанаға жеңілуге келмегенін 

сездірген «Металлург» бірден қақпамызды 

нысанаға алып, Еремеев жиі мазалаумен 

болды. Тіпті есепті бірінші болып ашқан да 

– солар. Дегенмен тез арада еңселерін 

тіктей алған елордалықтар екінші және 

үшін  ші кезеңдерде таразы басын өз жақ-

тарына аударды.

Астана халқының хоккейді жақсы кө-

ретіні рас екен. Еңбектеген баладан ең кей-

 ген кәріге дейін «Қазақстан» спорт ке ше-

ніне ағылды. Қыз-келіншектер де аз емес. 

Бәрінің әңгімесі мұның алдындағы ойын 

туралы. Біреулер «кеше талай мүмкіндік-

теріміз бол ды, оп-оңай ұтуға болар еді» 

десе, «Елбасымыздың алдында на мыс қа 

тырысты, әйтпесе ұтылып қалуы да ға жап 

емес еді» дегендер де табылып жатты. Ал 

матч басталғанда спорт кешені кө рер мен-

ге лық толды. Тіпті командасына қол дау 

білдіру үшін сонау Магнитогорскіден ар-

найы келген он бес шақты ресейлік жан кү-

йерді де көзіміз шалды. Жалпы, мұнда ха-



Жеңіске бір қадам қалды

лықтың хоккейге көп келетіні соншалық 

– тіпті баспасөз құралдарының өкілдеріне 

де отырып көретін орын табылмайды екен. 

Жур налист ағайындарымыз ойынды тік 

тұ 


рып тамашалайды. Дегенмен «Ба-

рыстың» кез десулерін отырып көру мүмкін 

емес. Матч тың жоғары қарқында өте тіні 

сон ша лық – көрермендер трибу нада оты-

ратын орындардың бар екенін де ұмытып 

кетіп жатады. Иә, дәл осындай команданың 

Алматыда жоқтығы өкінішті-ақ. Егер «Ба-

рысты» оңтүстік астанаға ең бол маса бір 

күнге «қарызға» берсе, алма ты лықтардың 

бақыттан бастары айналатын шығар.

...Сонымен, «Металлург» Астанаға же-

ңілу үшін келмегенін бірден сездірді. Әсі-

ресе бірінші кезеңде өте белсенді болды. 

Са лыстырмалы түрде айтар болсақ, «Ба-

рыс» қарсылас қақпасына жеті шайба ба-

ғыт таса, жанкүйерлер арасында «Маг нит-

ка» атауымен танымал қонақтар 

қақ    пашымыз  Еремеевтің  шеберлігін  он 

мәр  те тексеріп көрген екен. Соның бірінде 

«Маг  нитка» жігіттері дегендеріне жетті де. 

Дегенмен гол күтпеген жерден соғылды. 

Рас, «Металлург» шабуылда болатын. Қақ-

па мызды піспектеп жатқан кезі. Бірақ еш-

кім Данилл Марковты алыстан соққы ба-

ғыт 

тайды деп күтпеген. Оң қапталдан 



ор таға жылжыған Марков шірене соққан 

еді, шайба Еремеевтің оң иығынан жоғары 

ұшып, қақпаның дәл тоғыздығынан та-

былды. Бұл бірінші кезеңнің дәл ортасы 

бо латын. Бұдан кейін де қонақтарда есепті 

еселейтін мүмкіндіктер болғанымен, біздің 

қорғанысымыз сыр берген жоқ. 

Екінші кезеңде командамыздың ойын 

өрнегі мүлдем өзгеріп сала берді. Ша буы-

лымыз да жиілеп, қорғанысымыз да беки 

түсті. Соның бір айғағы, екінші кезеңде 

соқ  қылар саны екі есе артып, он беске 

жетті. Рас, «Магнитка» да қарап қалған 

жоқ. Шабуылдары қауіпті болды. Тіпті қақ-

памызға голдың соғылып кетуінен қорқып, 

кө зімізді тарс жұмып алған кездеріміз де 

аз болған жоқ. Бірақ Еремеев қателікке 

бой алдырмады. Ақыры жүйкелері сыр 

бере бастаған қонақтар ойын ережесін жиі 

бұзуға мәжбүр болды. Нақты айтсақ, екін-

ші кезеңде қонақтар алты минут айдында 

кем құрамда өнер көрсетті. Дегенмен «Ба-

рыстың» бір кемшілігін байқадық. Артық 

құ рамды тиімді пайдалана алмайтын сияқ-

ты. Тіпті «магниткалардың» 28 секунд бо-

йы үш ойыншымен ойнаған кезі де болды. 

Он да да гол соға алмадық. Ал шайбалы 

хоккейде 28 секунд дегеніңіз аз уақыт 

емес. Жалпы, біздің жігіттердің қарымта 

шабуылда ойнауды ұнататынын аңғардық. 

Бірінші және төртінші гол сол қарымта 

шабуылдың нәтижесі десе де болатын 

шығар.  

Сонымен, не керек, әйтеуір, жеңіске 

жет тік. Енді плэй-офф бәсекесі бірінші ке-

зеңінің бесінші ойыны бүгін Челябинск об-

лысының Магнитогорск қаласында өтеді.

«БАРЫС» (АСТАНА) — 

«МЕТАЛЛУРГ» (МАГНИТОГОРСК) – 

4:1

Голдар: 

10:00. 0:1 – Марков (Якубов).

25:57. 1:1 — Бойд (Боченски).

28:37. 2:1 —  Пушкарёв (Юнланд). 

52:17. 3:1 — Юнланд (Хатчинсон, Бойд). 

55:39. 4:1 — Даллмэн.



Қақпашылар: 

Виталий Еремеев – Ари Ахонен



Үздік ойыншылар: 

Юнас Юнланд – Сергей Федоров



Соққылар: 32 – 31

Қазақтың “Барысы» өз 

тарихында тұңғыш рет 

Құрлықтық хоккей 

лигасындағы плэй-офф 

бәсекесінің бірінші кезеңін 

бағындыруға жақын. 

Магнитогорскінің 

«Металлург» клубын 4:1 

есебімен жеңген 

жерлестеріміз жалпы есепте 

3:1 есебімен алға шықты. Енді 

ширек финалға шығу үшін 

біздің жігіттерге бір жеңіс 

жеткілікті.

ДОДА


«Астана арландары» кәсіби клубының «Мехико сити» жігіттерімен 

болған кездесуін  тікелей эфирден тамашаладық. Ал одан өзге плей-

офф сатысына өткен командалардың нәтижесі туралы толық 

ақпарат бересіздер ме? Әсіресе соңғы жұпта былтырғы жеңімпаз 

«Париж Юнайтед» пен биыл айрықша көзге түсіп жүрген «Милан 

Сандер» кездесіп еді. 

Рүстем СҰЛТАНОВ, Ақтөбе облысы

Былтыр ақтық сында «Астана 

ар ландарынан» басым түскен Па-

риж клубы биыл плей-офф сында-

ры на әрең іліккен болатын. Бірақ  

олар дереу есін жиыпты. Осы апта-

ның басында «Париж Юнайтед» 

«Пьер де Кубертен» атындағы спорт 

са райында Италияның «Милан Сан-

дер» клубын қабылдады. Естеріңізде 

бол са, тап осы Milano Thunder Қанат 

Ислам бастаған біздің «арландарды» 

5:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. 

Paris United италиялық қонақтарына 

ешқандай «сый» көрсетпей, жер-

гілікті жанкүйерлерін қуантты. Қо-

ры тынды есеп – 3:2, Париж клубы 

жеңіске жетті.

Paris United клубының ең жеңіл 

салмақтағы боксшысы шаршы 

алаңға шықпай, техникалық жеңіліс 

жазылды. Яғни француздар бір 

жеңісті көршілес елдің командасына 

өз қолымен сыйлады. Ал Milano 

Thunder сапынан таза жеңіске жеткен 

– 73 келіге дейінгі салмақ дәре-

жесіндегі Вильям Маклкакин ғана. 

Қалған жекпе-жектерде Франция 

клубы боксшыларының мерейлері 

үстем болды.



Жақында ғана Виталий Кличко мен Дерек Чисору арасындағы дау-дамайы көп бәсеке 

аяқталып еді. Кеше теледидардан Кличко тағы жеңді деп хабарлап жатыр. Сонда Кличко 

айналдырған бір аптаның ішінде екі кездесу өткізіп үлгерді ме?

Р.АЙЫМБЕТОВ, Қызылорда облысы

Боксшы Кличколардың ағалы-інілі екенін 

ұмыт паңыз. Рас, үлкен Кличко Виталий өзінің 

чем пиондық атағын қорғап, британдық Дерек 

Чи соруды ұпай санымен жеңген. Ал оның інісі 

Владимир Кличко WBA,WBO, IBF, IBO тұжы-

рым дары бойынша жиған абыройын, яғни 

чем 


пион 

дық белбеулерін сақтап қалу үшін 

француз Жан Марк Мормекпен қолғап 

түйістірген болатын. Кез 

десу Дюссельдорф 

қаласында өтті. Жекпе-жекті керемет тартысты 

болды деп айтуға ауыз бар майды. Себебі екінші 

раундта-ақ кіші Кличко Мор мекті есеңгіретіп, 

төртінші раундта қарсы ла сын шаршы алаңға 

сұлатып салды. Яғни украин бокс шысының 

айқын басымдығымен өткен жек 

пе-жекте 

Мормек жарытып жұдырық жұмсап үл герген 

жоқ. Бұл – Владимир Кличконың но каутпен 

жеңген 50-інші жекпе-жегі. Ал жалпы есепте 

Қазақстанда туған Украина азаматы 60 кездесу 

өткізіп, оның  57-сінде жеңіске жетіпті. Сонда 

кіші Кличконың нокаутсыз жеңген кездесуі бар 

болғаны – жетеу ғана.


№40 (722) 

7.03.2012 жыл, 

cәрсенбі             



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№40 (722) 



7.03.2012 жыл, 

cәрсенбі             

8

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Жер сілкінісі балалардың 

жүйкесіне әсер етіп отыр



Ресейдің Тыва Республикасында балалардан сейсмофобия белгісі 

байқалып отыр. Оларды қатты үрейден арылту үшін дәрігерлер арнайы 

әдістемені қолдануға көшті.

«Пресс-лайн» ақпарат агенттігінің ха-

бар  лауынша,  «Сайзырал»  респуб ли ка-

лық орталығының психологтері Сарығ-

Сеп, Дерзиг-Ақсы, Бояровка, Өст-Бөрен 

елді мекендеріндегі 1000-ға жуық ба ла-

ны тексерген. Бұл елді мекендер – өткен 

жылдың жел тоқсан айының соңында 

және ақпан айында болған зілзаланың 

эпицентрінен 50 шақырым жерде. Тек-

серу нәтижесінде 94 баладан шамадан 

тыс мазасыздану белгісі анықталды. 

Мамандардың ай туын ша, жер сілкінісі 

алдында бала лар дың қатты үрейленуі 

–афтершоктардың әсері. Психологтер 

сейсмофобияға  ұшы ра ғандарды  жүйке 

ауруынан арылту үшін арнайы әдістемені 

қолданбақ. Айта ке тейік, ақпанның 26-

сынан бері Ты ваның Каа-Хем ауданында 

50-ден астам жер асты дүмпуі тіркелген.

Кокос майы алжасудан 

қорғайды


Оксфорд университетінің диетологтері Альцгеймер 

ауруына шалдыққандардың есте сақтау қабілетін 

жақсартуға болатынын айтып отыр. Олар бірегей дәріні 

кокос майынан әзірлеуді ұсынады.

Big Pond News порталының ха-

бар лауынша, кокос майына жа-

сал ған талдау нәтижесінде ке тон 

атауымен белгілі қосын 

ды 


лар 

анық талды. Бұл химиялық заттар 

ми ға жылдам сіңіп, оның қызметін 

жақ сартады. Ғалымдар есте сақ-

тау  ды жақсарту үшін күніне 35 г 

кокос майын ішу керектігін айта-

ды. Кокос майы бауырды ток син-

дер  ден тазартып, басқа да ішкі 

ор  гандардың жұмысын жеңілдетеді екен. «Өнімді алжи бастаған 

адам дарға қолданған кезде олар өздерінің жеке басына қатысты 

сұ рақтарға дұрыс жауап беріп, жақсы әңгіме құра білді. Демек, ко-

кос майының әсері өлшеусіз», – дейді зерттеуші Питер Клиф тон.



Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Наурыздың 7-сі

     Алаштың атаулы күні

• 

Жырау, қолбасы, дипломат Ақтамберді Сарыұлының (1675-

1768) туғанына – 337 жыл.

    Туған күн иелері

Сатыбалды Нарымбетов

 (1946) – сценарист, кинорежиссер, 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері, көптеген халықаралық кинофестивальдардың жүл-

дегері;

Досым Сүлеев

 (1947) – техника ғылымының докторы, про-

фес сор,  академик;

Құндыз Нупов

 (1953) – «КАТЭК» компаниясының пре зи-

денті;

Тимур Жантикин

 (1954) – ҚР Индустрия және жаңа тех но ло-

гиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетінің төрағасы;

Нығметолла Тілеукенов

 (1957) – полиция полковнигі;



Ербол Сағдиев

 (1961) – Ақмола облысы Зеренді ауданының 

әкімі;

Владимир Смирнов

 (1964) – Олимпиада чемпионы;



Әркен Арыстанов

 (1966) – «Қазпошта» АҚ басқарма төр-

ағасы, экономика ғылымының докторы;

Берік Жүсіп

 (1970) – Қызылорда облыстық мәдениет бас қар-

ма сының  бастығы.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

    Белгілі есімнің белгісіз сыры:

САТЫБАЛДЫ

 – қазақтың төл ныспысы. Ырымдап қоятын есімдердің 

санатына жатады. Көп күттіріп, зарықтырып дүние есігін ашқан періштеге 

«Құдайдан тілеп алған ұлымыз тіл-көзден аман болсын, ғұмыры ұзақ 

болғай» деп осы ныспыны беретін болған. Ел ішінде жиі кездесетін 

ныспы.


Ке

зекшi  ред

ак

тор – Кәмша



т СА

ТИЕВ


А

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

А

ЕВ  – 



ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат 

 

минис



трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап

 



бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар

 

қабылд



анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi


 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты


 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1489

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №486

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ыл

у и



нд

екс


i: 6

42

59



Ре

да

кц



ия

ны

ң ме



ке

нж

ай



ы:

 

Ал



ма

ты

 қ



ал

ас

ы,05



005

1,

 Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

48

/1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

ел.: 


388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

ел.: 


388-80-62

Тар


ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


на

 б

ю



ро

сы

ны



ң жет

ек

ш



iсi

 

Салт



ан СӘКЕН – тiлшi

Қана


т Т

ОҚАБ


АЕВ – тілші

Арман А


СҚАРОВ – тілші

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №39 (721) санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: 

Ширек. Нұт. Лена. Шайла. Пұл. «Асса». Тархан. Қушық. Қоңсы. Оно. «Амур». Ұрық. Таяқ. Ауа. Ро. Егеу. Сидр. 

  

    


  

ТІГІНЕН: 

Цитата. Округ. Раң. Феллах. Сақау. Кеа. Ақым. Ану. Утас. Шнапс. Шора. Ұсқын. Ярд. Стела. Қорқор.

Ай

күнтізбесі



Гогольдің 

құбыжық 


кейіпкері

Ангараның 

сол саласы

Құмырсқа 

ұясы

Өзен суын 



сіңіріп алатын 

құмды жер

Америка 

түйеқұсы


В

1

дәрумені



Тас

кірпіш


Тьерри ... 

(футболшы)

Моңғол 

бақташысы



30,48 см

Бидегі


қадам

Белгілі бір 

үдерістің бір 

кезеңі


Ішімдік

Мажар


Тоқыма

ыдыс


Дзюдо,

ұпай


Үнді қырық-

қабаты


Сыйлы

адам


Белден 

жоғары адам 

мүсіні

Туыстық


атау

Шоқжұлдыз

Ұшақ

пионері


Еркек

үйрек


Жағармай

түрі


Қалың

қу шөп


Сейтек 

Оразалы-


ұлының күйі

Жаһаннам


Автомобил 

спорты


... Уильсон 

(«Никита»)

Тебен

Құран


сүресі

07,18

11,30

18,49

ТОҚТЫ

Көктемнің алғашқы 

күн дерінен-ақ  бола ша ғы-

ңыз ға жоспар құрып алған 

жөн. Қызметіңіз өсуі мүмкін. 

Дос тарыңыздың  ақыл-ке-

ңес  теріне құлақ асыңыз. Әрі 

оңашада қалып, ойла нуы-

ңызға болады. Ең бастысы, 

оң ды шешім қабылдаңыз. 



ТОРПАҚ

Сыртқы келбетіңізге 

бір сәт көңіл бөліңіз. Күн 

сау да-саттық үшін қо лай-

лы. Біліміңізді тереңдетіп, 

ма мандығыңыздың  майтал-

ма ны болу өз қолыңызда. 

Жұ мыста кездескен кейбір 

ол қылықтар сіздің атыңызға 

кір келтіре алмайды. 



ЕГІЗДЕР 

Сабыр сақтаңыз. Кез 

келген адамда кемшілік 

болады. Сол секілді сіздің 

де кемшіліктеріңіз көп. Қа те-

лік теріңізден сабақ алып үй-

ре ніңіз. Ісқағаздарын ретке 

кел тіріп, жаңаша жұмыс іс-

теу тәсіліне көшіңіз. Сонда 

ісі ңіз де өнеді.



ШАЯН

Ойларыңызды құпия 

сақтаған жөн. Сонда ісіңіз 

алға басары анық. Қар жы-

лық жағдайыңыз рет те ліп, 

жанұяңыз жайма-шуақ сәтке 

бөленіп, бақытқа ке не лесіз. 

Әлеу меттік  мәсе ле лер  де 

арт та қалады. Ең бас тысы, 

өзіңізге сенімді бо лыңыз. 



АРЫСТАН

Әріптестермен қарым-

қатынаста абай болып, 

асығыс шешім қабыл дау-

дан да сақ болыңыз. Ке-

лешек жоспарларыңызға 

кө бірек мән берген жөн. Бір 

сәт дем алып, денсаулық 

жағ дайын жіті бақылаңыз. 

Қа 


жет болса, емделген 

абзал.


БИКЕШ

Басшылықтан өзіңізге 

жағымды ұсыныс түседі. 

Сіз  нақты  жос пар ла ры-

ңыз 

ды іске қосыңыз. 



Өсек-аяңға құлақ аспаңыз. 

Мүлік сатып алудан бас тар-

ты ңыз. Демалыс күндерін 

сүйік тіңізбен  қыдыруға, 

жақ сылап демалуға арна-

ңыз.


ТАРАЗЫ

Егер уақытты босқа 

ысы рап етпесеңіз, көптеген 

идея ңызды іске асыруға 

мүмкіндігіңіз зор. Ақылға 

жүгіне отырып, көптен тол-

ған  дырып жүрген біраз мәсе-

ле нің басын ашып аласыз. 

Со нымен қатар қызметіңіз 

ауы суы  мүмкін. 



САРЫШАЯН

Қызықты кездесулер, 

та ныстықтар күтіп тұр. Әрі 

күтпеген кедергілер болуы 

да мүмкін. Алайда сіздің 

тап қырлығыңыз, бәрінің пікі-

рін өзгертеді. Аңсаған ар ман-

дарыңыз шындыққа айнала 

бас тайды. Бірақ сізге дан дай-

сы мау  қажет. 



МЕРГЕН 

Сіз жұмбақ сұрақтар 

мен шытырман ойлардың 

шыр мауында жүрсіз. Жал-

ған ақпараттар мен жар на-

ма лар  сіздің  өз  көз қа ра сы-

ңыз ды бүркемелеп алғандай. 

Қарым-қатынастың көкжиегі 

кеңейіп, жаңа кездесулер 

сізді бос шырғалаңнан құт қа-

ра ды. Қызметтегі ұсақ-түйек 

мә селелерге бас қатырмай-

ақ қойған абзал. 

ТАУЕШКІ

Демалыс алып, саяхат-

тап қайтуға қолайлы күн. 

Тым болмаса, осы демалыс 

күндері қала сыртына шы-

ғып, сергіп қайтыңыз. Сәр-

сен біде сіздің өміріңізге оң 

өзгерістер әкелетін маңызды 

кездесулер, жаңа таныстықтар 

болуы мүмкін. 



СУҚҰЙҒЫШ

Көлденең көк атты лар-

дың тұзағынан сақ та ны-

ңыз. Ішкі түйсігіңізге құлақ 

асып, сырт көзге әлсіз ді-

гіңізді байқатпаңыз. Дос та-

ры ңыз, туыстарыңыз сізге 

ғана сенім артып отыр. Сол 

үшін қиналған кезде мықты 

болу керек. 



БАЛЫҚТАР

Абыр-сабырға толы 

күн. Өзгелердің пікіріне де 

құлақ асып, көзқарасымен 

бөлісіп үйреніңіз. Шы ғар-

ма шылық шабытыңыз ша-

рық 

тап, бас айналдырар 



мақ 

тауларға ие боласыз. 

Бірақ сол мақтауларға шын 

лайық тысыз ба?  Одан  нә ти-

же шығара білу сізге бай ла-

нысты.


Алматтың әзілдері

Әріптестер әңгімесінен:

– Мен күнде таңғы бесте тұрамын.

– Спортпен айналысып, жүгіретін шығарсың?

– Жұмысың алыс болса, сен де ерте тұрар едің.

***

Стоматолог:

– Бұл тісті жұлу арзан, 500-ақ теңге. Ақшаңыз 

болмаса, үйде тісті жіппен есікке байлап қойыңыз, 

күйеуіңіз сырт тан келіп ашып қалсын, бітті.

– Ой, менің күйеуім жоқ еді, есікті сіз келіп ашыңыз-

шы...

***

Әйелі күйеуіне:

– Құрбым «машина айдауды үйретші» дейді. Оның 

аяғы ауыр ғой, көлік айдау қауіпті емес пе?

– Оған көлік айдауды сен үйретсең, әрине, қауіпті!

***

– Доктор, анау креслоға отырып, шешіне берейін 

бе? 

– Шешінгені несі, мен ғылым докторымын!

***

Екі әйелдің әңгімесі:

– Мені күйеуім алдап жүр. Аяғым болса ауыр...

– Қалай алдап жүр?

– Баламның әкесі ол емес сияқты.

  

 

 

  

 

  

  

 

 

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық 

опера және балет театры 

(Алматы) www.gatob.kz

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы

(Алматы) www.philharmonic.kz

Қ.Қуанышбаев атындағы Академиялық қазақ музыкалық 

драма театры (Астана) www.kazteatr.kz

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық драма театры 

(Алматы) www.teatr-auezov.kz

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық балалар мен жасөспірімдер 

театры (Алматы) www.teatr-musrepov.kz

К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет 

театры (Астана) www.astana-anshlag.kz

(Суре


т tuv

aonline.ru с

айтынан алынды)

Ауа райы

-1-2

о

 

 -8-10

о

-4-6

о

 

-8-10

о

-4-6

о

 

-8-10

о

 0-2

о

 

-3-5

о

 +3+5

о

 

0-2

о

 

-3-5



о

 

-10-12

о

 

-1-3



о

 

-6-8

о

0+1

о

 

  -5-7

о

+2+4

о

 

-4-6

о

+2+4

о

 

 0-1

о

-3-5

о

 

-16-18

о

0-2

о

 

-7-9

о

 

-4-6

о

 

 -18-20

о

 

+3+5

О

 

0

О

  

-1-2

о

 

-5-7

о

        


0-2

о

 

-9-11

о

 

0-2

О

 

-6-8

О

  

-4-6

о

 

-18-20

о

Наурыз 2012

Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

1

2



3

4

5



6

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



31

7

(Суре


т doct

or.kz с


айтынан алынды)

7 наурыз


18.30

«Құдалар» 



(драма)

авт. Е.Уахитов

реж. О.Сәрсенбек

9 наурыз


18.30

«Еңлік-Кебек» 



(трагедия)

авт. М.Әуезов

реж. Х.Әмір-Темір

10 наурыз 18.30

«Аршын мал 

алан» (екі 



бөлімді мюзикл)

авт.Ү.Ғаджыбеков 

реж.Т.әл-Тарази

11наурыз


18.30

«Көктөбедегі 

кездесу»

(драма)

авт. Қ.Мұхамеджанов,

Ш.Айтматов 

реж.О.Кенебаев

13 наурыз 18.30

«Абай» 


(трагедия)

авт. М.Әуезов реж.

Е.Обаев

14 наурыз 18.30



«Қара кемпір» 

(музыкалық 

драма) 

авт. Ә.Әмзеұлы

реж. Е.Обаев,

Т.Аралбай

7 наурыз

18.30 «Ең әдемі келіншек» 



(лирикалық мұң)

авт. С.Балғабаев 

реж. Р.Сейтметов

8 наурыз


18.30

«Жұбайлар-ай, 

жұбайлар!» 

(лирикалық 

комедия)

авт. М.Хасенов

реж. А.Бектеміров

11 наурыз 18.30

«Сүйе білсең...» 

(лирикалық 

комедия)

авт. Э.Хушвақтов 

реж.

Б.Сейітмамытұлы



13 наурыз 18.30

«Адасқан жұлдыз» 



(драма)

авт. Н.Ораз

реж. 

Б.Сейітмамытұлы



14 наурыз 18.30

«Қызыл орамалды 

шынарым»

(екі бөлімді драма)

авт. Ш.Айтматов 

инсц. және

реж. Т.Теменов

9 наурыз

18.30


«Кармен-сюита» 

«Павана мавра»

(бір актілі балеттер) 

Ж.Бизе,Р.Щедрин

Г.Перселл

10 наурыз 18.30

«Богема» (опера)

Дж.Пуччини 

11 наурыз 17.00

«Аққу көлі» (балет)

П.Чайковский

7 наурыз


18.30

Н.Тілендиев атындағы 

Академиялық 

фольклорлы-

этнографиялық 

«Отырар сазы» 

оркестрінің концерті

Дирижеры:

Д.Тілендиева.  Жеке 

орындаушылар: 

Б.Канағатов, 

Д.Тоқанов, 

М.Байнеш, Ф.Кубиев 

10 наурыз

ҚР Мемлекеттік 

академиялық 

симфониялық 

оркестрімен концерт

Дирижері: 

Е.Ахмедьяров Жеке 

орындаушылар: 

Е.Құрманаев, 

Б.Бижанов

13 наурыз

Италиялық шебер 

пианистердің концерті

Жеке орындаушылар: 

М.Скьяво, 

С.Марчеджиани

14 наурыз

Камералық музыка 

кеші


Жеке орындаушылар: 

Ә.Бисенғалиев 

(скрипка), 

Е.Мансұров 

(фортепиано)

7 наурыз


18.30

«Айман-Шолпан» 



(музыкалық комедия)

М.Әуезов


8 наурыз

18.30


«Мұқағали» (поэтикалық 

драма)

С.Тұрғынбекұлы

9 наурыз 

18.30


«Қызыл алма» (лирикалық 

комедия)

Е.Хушвақтов

10 наурыз

«Кеш» (драма)

А.Дударев

11 наурыз

«Дон Жуанның думаны» 

(комедия) 

М.Фриш


14 наурыз

«Кенесары-Күнімжан» 



(драма)

Д.Рамазан

8 наурыз

15.00


«Сазды мейманхана» 

Халықаралық әйелдер күніне 

арналған концерт

Опера 


жұлдыздары

9 наурыз


19.00

«Сильфида»



(екі қойылымды балет)

Х.Левенсхольд

11 наурыз 17.00

«Риголетто» (үш қойылымды 



опера)

Дж. Верди

15 наурыз 19.00

«Бақшасарай субұрқағы» (үш 



қойылымды балет)

Б.Асафьев



Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет