Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Тұрақан Садықованың     

70 жылдығы аталып өтті. 

Файт Хельмер Тұрақан Садықованың 

қаты суымен «Байқоңыр» фильмін түсірсе, 

осыдан бес жыл бұрын Фолькер Шлендорф 

«Ұлжан» картинасындағы басты кейіп кер-

дің әжесінің рөлін ешқандай сынақсыз-ақ, 

бірден Тұрақан апайға тапсырған және тү-

сіру жұмыстарының барысында әрдайым 

оның пікірімен санасып, ақыл-кеңесіне 

жү 


гініп отырған. Актрисаның табиғи 

талантына, ақыл-парасатының тереңдігіне 

риза болған Ф.Шлендорф кейіннен «оның 

бет-жүзінен көне замандардың даналығы 

байқалады» деген пікірін білдірген. Атақты 

режиссердің мерейтой иесіне жолдаған 

электронды құттықтауын салтанатты кеште 

Болат Атабаев табыс етті.

Актрисаның өмірдегі, өнердегі орны 

мен өзіндік қадір-қасиеті жөнінде әңгіме 

қоз ғаған жұрт оның жаратылысы бөлек, 

ешкімге ұқсамайтын дара тұлғалы жан 

екендігін де тебіреніспен айтты. Бір анығы, 

елуге таянған шағында аяни түс көріп, 

аяқастынан қобызда ойнап кеткен ол күні 

бүгінге дейін осынау қасиетті аспапты 

қолынан тастаған емес. Өзінің Қорқыт ата 

жөнінде білмейтіні жоқ. Бұл ретте, көне 

дәуірлердегі атақты бақсылардың бір 

сарқыншағындай болып көрінетін Тұрақан 

апа киелі күй атасымен ойша үнемі сыр ла-

сады, мұңдасады. Бір ғажабы, қобызды өз 

бетінше үйрене тұра, актриса бұл аспапта 

оған кәсіби маманданған музыканттардан 

кем ойнамайды. Оның бұл қасиетін бір қа-

тар режиссерлер кино түсіру барысында 

шебер пайдаланды да. 

Бір анығы, Тұрақан апа – халқымыздың 

ғасырлардан жалғасып келе жатқан өмір 

үрдісіне, салт-дәстүріне сай өмір сүріп келе 

жатқан, даналығы, даралығы тал бойына 

туа біткен жан. Осы орайда Ермек Аман-

шаев: «Мен Тұрақан апаның бойынан қа-

сиет ті даламызды, онда болған әлдебір 

кезеңдік оқиғаларды, жоғалтқанымыз бен 

тапқанымызды, ауыздығымен алысқан 

тұлпарлардың арынын көремін», – десе, 

Тұң ғышбай Жаманқұлов: «Келінде» ол 

ойна майды, өмір сүреді. Табиғат-ана өзін 

қалай жаратса, экранда ол солай көрінеді. 

Яғни бұл кинода ол – ұрпақ жалғастығы 

үшін жанын салатын кәдімгі ана, қара-

пайым әйел. Шындығында, Тұрақан тәте 

– мінезді актриса. Жалпы, қазақ әйелдері 

қашаннан-ақ сондай болған. Әйел-ананың 

ақыл-ойын, парасатын, сезімін ата-ба-

баларымыз әрқашан жоғары бағалаған», 

– деген ойын ортаға салды. 

Театрда да тосын характерлі, коме дия-

лық, әртүрлі қызықты, бірақ көбінесе эпи-

зод тық рөлдерді ойнап келген Тұрақан 

апаның жұлдызын қалай дегенмен де кино 

жақты. Көрермен қауым Ақан Сатаевтың 

таяу арада экранға шығатын «Мың бала» 

атты тарихи фильмінен де актрисаны көре  

алатын болады. Көп оқып, көп ізденетін, 

Қорқыт атаның шығармашылық мұрасын 

зерттеуге шындап ден қойған Тұрақан апа 

бүгінде радиоқойылымдық пьесалар 

жазу мен де шұғылдануда. Ол үшін шы ғар-

ма шылық жұмыстың да, сахнадағы рөлдің 

де үлкен-кішісі жоқ. Қай-қайсысына бол-

сын, өзіне тән үлкен жауапкершілікпен, ту-

ма талантпен, қазақы таным-біліммен құл-

шы на кіріседі және табыспен аяқтайды...

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

БАЙҚАУ


Шырайлы шығысты 

әспеттеген әндер 

байқауы мәреге 

жетті

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 

бай қауға 27 ән келіп түскен екен. Әділ қа-

зы лардың шешімі бойынша «Ең таңдаулы 

лирикалық ән» аталымы бойынша белгілі 

ақын Жанат Әскербекқызының сөзіне 

жазылған Роза Әлқожаның «Ертістің жа ға-

л ауында», «Заманауи ән» аталымы бойын-

ша Сергей Корынбаев (сөзі) пен Анжелина 

Корынбаеваның және «Ата жұртқа сағы-

ныш» аталымы бойынша Қытайдың Іле 

облыстық театрының әртісі Елеусіз Сүлей-

бек ұлының «Алтайым» әні үздік деп таны-

лып, марапат иеленді. 

Үшінші орынды «Туған елімнің әуені» 

атты әнімен Светлана Апасова және рес-

пуб ликалық «Алаш айнасы» газетінің бас 

редакторы Серік Жанболаттың «Жерұйық 

өлкем» (сөзі Ұлықбек Есдәулеттікі) әні қан-

жы ғаға байлады. Екінші орын Светқали 

Нұр жановтың сөзіне жазылған Елена Әбді-

халықованың «Тарбағатай – Барқытбел» 

әні мен Қалқаман Сариннің сөзіне жазыл-

ған Гүлмира Саринаның «Шығысым – шы-

рай лы өлкем» әніне бұйырды. Бас жүлде 

Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған Медет 

Салықовтың «Шығысым – шынарым» әні-

не берілді. 

Айта кетейік, байқауда жеңімпаз атан-

ған әндердің қай-қайсысының да осалы 

жоқ. Әрине, барлығы хитқа айналып кетер 

деуден аулақпыз. Дегенмен алғашқы 

үштікке ілікпесе де Роза Әлқожаның әніне 

жазылған һәм өзі орындаған «Ертістің 

жаға лауында», Серік Жанболаттың әніне 

жазыл ған «Жерұйық өлкем» және Қалқа-

ман Сариннің сөзіне жазылған «Шығысым 

– шынарым» әндері бұл кеште алғаш рет 

орын далса да жұртшылық жылы қабыл да-

ды. Соған қарағанда, бұл әндер келешекте 

Шы ғыстың ғана емес, қалың қазақ қосыла 

айтатын сазға айналатын секілді. 



Ермек КӨШЕРБАЕВ,

  Шығыс Қазақстан 



облысы әкімінің орынбасары:

– Бұл игі шараға болашақта тек 

әкім шілік саласы ғана атсалыспай, ха-

лықтың да етене араласып, көмек-

тескені жөн. Сонда ғана біз басталған 

істі өзінің биік шыңына жеткіземіз әрі 

оның көлемін кеңейтеміз. Демек, туған 

өлкемізді тебірене жырлайтын бұл 

шара болашақта да өз жалғасын таба-

ты нына  сенімдіміз.

Азамат ҚАСЫМ, 

Өскемен

Шығыс жайлы, оның сұлулығы мен тылсым сырын, ұлысы 

мен құндысын сөз еткен әндер аз емес. Алайда бүкіл ел қосыла 

айтатын «Сыр сұлуы», «Арыс жағасында» немесе «Алматым 

жүрегімде» секілді әндер аз. Бір сөзбен айтқанда, Шығыстың 

бет-бейнесін, кескін-келбетін танытатын, өңірдің жұрты ғана 

емес, жалпақ жұрт жарыса айтатын, облыстың әнұраны деуге 

тұрарлық әндер жоқтың қасы. Осы бір олқылықтың орнын 

толтыруды көздеген облыстық Мәдениет басқармасы былтыр 

«Жерім менің» атты байқау жариялап, еліміздің әр түкпіріндегі 

ақын, сазгерлерге сауын айтқан-ды. Жақында осы байқаудың 

қорытындысы жарияланып, галаконцерт өтті.

Отандық ғылымға 

еңбегі сіңген ғалымдардың 

тізімінде есімі ерекше 

аталатын жандардың 

бірегейі – Майя Шығаева. 

Қазақ ғылымының 

дамуына жарты ғасырдан 

астам ғұмырын арнаған 

микробиолог, биотехнолог, 

эколог, ҚР ҰҒА академигі, 

биология ғылымының 

докторы, профессор Майя 

Хажетдинқызы биыл 85 

жасқа толып отыр. Бүгінде 

Әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-де биология 

және биотехнология 

факультетінің құрметті 

кафедра меңгерушісі болып 

қызмет ететін ғалымның 

мерейтойы жақында қара 

шаңырақта салтанатты 

түрде аталып өткен еді.

АЛАШ-АНЫҚТАМА

Тұрақан САДЫҚОВА 1942 жылы  

20 желтоқсанда Алматы облысы 

Нарынқол ауданы                        

Қарасаз ауылында дүниеге келген. 

Қазақтың М.Әуезов атындағы 

Мемлекеттік академиялық драма 

театры жанындағы актерлік 

студияны бітірген. Жалпы, жиырма 

бес фильмде үлкенді-кішілі рөлдерде 

ойнаған. Соның ішінде «Отырардың 

күйреуі», «Келін», «Жел-адам», 

«Әурелең», «Ұлжан» фильмдеріндегі 

рөлдері көрерменге жақсы таныс.

ПРЕМЬЕР


А

Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев 

атын дағы Мемлекеттік академиялық қазақ 

музыкалық драма театрында жаңа туын-

ды ның тұсауы кесілгелі жатыр. Наурыздың 

13-і күні тұңғыш рет көрерменге жол тарт-

қалы отырған бұл туынды – «Әзәзіл» деп 

аталады. 

Заманауи тақырыптағы көркем шы-

ғарма абсурд жанрында сахналанбақ. 

Туын дының авторы жапон драматургі – 

Бэцуяку Минору, режиссері – Т.Жүргенов 

атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде мия сы-

ның «Театр режиссурасы» мамандығының 

4 курс студенті – Нұрғалиев Балтабек. 

Атал мыш қойылым Нұрғалиев Балтабектің 

диплом алды жұмысы. 

Сахнада «Қаллеки» театрының бір топ 

актерлері ойнайды. Атап айтсақ: Күлия 

Қожахметова, Бақыт Исабекова, Майра 

Омар, Бақыт Жұмағұлова, Бақытгүл Батыр-

ха нова, Асхат Сұлтан, Аманжол Молдахмет, 

Жанар Қасымова.

Мерей МАТАЙ

Қаллеки театрында – 

жапон драматургиясы

Тылсым тақырыбы соңғы жылдары қазақ киносы мен театр 

сахнасының репертуарына ене бастады. Тарихи оқиға емес, 

адамның ішкі жан дүниесінің қоғамдық құбылыстарға 

байланысты құбылуы, сан қилы күй кешуі – жай нәрсе емес. 


№40 (722) 

7.03.2012 жыл, 

cәрсенбі             



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДАТ!


 

Көктемде құстардың өзгелерден ерте оралатыны қайсысы? Жалпы, 

құстардың қайтатын мезгілі қай уақыт?

Жанаргүл ҚУАНЫШЕВА, 

Алматы қаласы

Құстар туралы энциклопедиялық 

ең бектердің мәліметінше, көктемде 

өзге құстарға қарағанда, ұзақ қарға ер-

те қайтып келеді. Ұзақтар жерден қар 

кетпей тұрып келіп, ұя сала бастайды. 

Мұн дай мезгіл шамамен ақпан айы ның 

аяғынан сәуірдің ортасына дейін со-

зылады. Сәуірде ұзақ балапандары 

пай да болады. Тамақ талғамайтын құс 

бол ғанымен, ұзақтардың ауыл шаруа-

шы лығы үшін пайдасы зор. Олар көк-

темгі егіс жұ мыстары басталған кезде 

жер жыртқыш тракторлармен жарысып, 

жер дегі зиянкес жәндіктер мен олардың 

жұмыртқаларын теріп жейді. Ұзақ тар-

мен бірге қараторғай, бозторғай, шұбар 

шым шық, қаратамақ сияқты құстар да 

ерте келеді.

Аман ҚҰЛБАЕВ, 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер 

академиясының проректоры, профессор, академик: 

Әкімқаралар өнерге 

деген көзқарасын 

өзгертпейінше, іс 

алға баспайды

Мәйітті көрген кезде қайда 

хабарлау керек?

Қай құс басқалардан 

бұрын қайтады?

– Соңғы жылдардағы ұлттық мәде-

ниет тің даму даңғылы, бетбұрысы қа-

лай? 

– Қазақ өнерінің деңгей-дәрежесі қа-

шан   нан биік, салмағы да саф алтындай. 

Оны жеткілікті дәрежеде көрсете алмай 

жүр ген бар кінә өзімізде екені де рас. Тәуел-

сіздіктің алғашқы жылдары ашық ақ па рат-

тық кеңіс 

тіктің әсерінен ұлттық тәлім-

тәрбиеден қол үзіп қалдық. Сол кезде 

ше тел дердің  небір  зорлық-зомбылыққа 

толы фильмдері эфир  лерді толтырып жатты. 

Әл-Фараби ба бамыз «Тәрбиесіз берілген 

білім – адам зат тың қас жауы» деп бекер 

айтпаса керек. Рухани тәр бие нің дұрыс 

ұйым дас ты рыл ма ғаны  сал да рынан  небір 

кесір-кесапатқа жол берілді. Баланың әкеге 

қарсы шығуы, келіннің енені соққыға жы-

ғуы, түрлі зор лық-қорлықтар үйреншікті 

жайтқа ай нал ды. Осының бәріне қарсы 

тұратын қазақтың ұлттық өнері мен ұлттық 

тәлім-тәрбиесі, салт-дәстүрі екені мәлім. 

Өнер мен тәрбие бар жерде тазалық бо-

лады. Өнер-білім арқылы халық та сапа-

ланады. Орыс пен ағыл шынға еліктеп-

солықтап жүрген қазақ тың мәдениетін кім 

қорғайды? Жаһан дануды желеулеткен ше-

тел дердің барлық жат қылықты кеселі 

мемлекетімізге батпандап кірді. Мәдениет 

пен әдебиеттің орнын лас дүниелер басты. 

Алып сат ар лар дың  дәурені  туды.  Енді-енді 

эфирлерімізден қазақтың салт-дәстүрлері, 

ұлттық спорт ы, дәстүрлі музыкасы беріле 

бастады. Қа зір де ұлттық танымынан айы-

рыл ған жас тар ды тек шетелдің арзан, жыл-

ты рақ дүние лері қызықтырады. Өзінің түп-

тамыр діңгегінен ажыраған адам Отанын 

сатқан сатқынмен тең. «Ел іші – өнер кеніші» 

дейді. Небір мықты өнерпаздарымыздың 

шыққан жері – ауыл. Алтын бесік – ауылдың 

әлеу мет тік-материалдық  ахуалы  мен  мә де-

ниетін көтеру басты назарда болғаны жөн. 

Қа ра ңыз шы, қаланың 17-19 жастағы жас-

өс  пі рім дері қымбат көлік мініп жүреді. Ол 

қай дан келген ақша? Қиыншылық көріп, 

маң дай терімен табылмаған қаржының 

қадірі болмайды. Ондай адам басқалардың 

да мұқтаждығын сезінбейді. Тіпті үлкенге 

құр мет, кішіге ізетті білмейді. Жемқорлық 

жазаланбай, билік тазаланбайды, яғни 

шек пенділер ортасы да тазаланбасы ақи қат. 

Ақша билеген заманда рухани аз ғын дық 

орын алады. 



– Жас өнерпаздар қашан да қам-

қор лыққа, қолдауға зәру. Бізде мұндай 

та ланттар қаншалықты қамқорлыққа 

алын ған? 

– Жас таланттарға неге қолдау жоқ? 

Шенеу ніктердің театрға барғанын немесе 

жаңа жарық көрген көркем шығарманы 

талқылап пікір білдірген біреуін көріп пе 

едің? Рухани азық барлық адамға бірдей 

қажет. Театрларға бармаған тоғышар ақжа-

ға лылар өнер адамын өзінің той-тома ла-

ғы на қызмет көрсетуші ретінде ғана қа был-

дай 


ды. Әсіресе облыстық өнер 

қыз   мет керлерінің  мардымсыз  қаржысы 

бала-шағасының айлық-шайлығына жет-

пеген соң, той-томалақ жағалайтыны да 

жа сырын емес. Сосын да болар, ірі басты 

аға буын азаматтарымыз «әртіс қандай об-

раз сомдап жатыр?», «қандай өзекті мәселе 

көтерілуде?» деген сауалға бас қатырмайды. 

Эфирден түспейтін «жылтырақтарды» ар-

тық балайды. Шын көркемөнерді көзбен 

кө ріп, іштей сезінгенге не жетсін?.. Театрдың 

қай да екенін білмейтін шенділер той-тома-

лағы болғанда билігін пайдаланып, барлық 

әртістерді жинап алады. «Ұлық болсаң, 

кішік бол» деген. Биікке көтерілгендер өзі 

шық қан жерін ұмытпаса екен деймін. 

Бүгінгі күні жастардың әлеуметтік проб ле-

ма лары қазақ өнеріне де тұсау болып тұр-

ғаны анық. 

– Тәлім-тәрбие мен білім – егіз 

ұғым. Елі мізде өнер мен мәдениет ма-

ман  дық тарына  оқытудың,  жалпы  білім 

бе  рудің сапасына көңіліңіз тола ма?

– Басқа ғылымдардың оқуы бөлек те, 

өнер дің оқу әдіс-тәсілі бір бөлек. Қазір 

руха ни ілім құрдымға кетіп барады. Жас 

тол қын интернеттен дайын курстық жұ мыс-

тар мен дипломдық жұмыстарды көшіріп 

ала салады. Білікті оқытушылардың тап шы-

лы ғы бір мәселе болса, жалақы жетіс пеу-

шілігі сылтауымен олардың бірнеше жерде 

жұмыс істеуі ғылым-білімнің ілгерлеуіне 

ке дергі болып отыр. Олардың зерделі білім 

мен жүйелі зерттеулерге уақыты тапшы. 

Біздің студенттер адамның жан дүниесінің 

ішкі-сыртқы көрінісін бере білуі қажет. Ол 

үшін әртістік қабілеттен басқа, рухани білік-

білімнің жоғары болуы міндет. Әрбір аза-

мат тың кәсіби шеберлігі жоғары болса, 

мем лекет те дамиды. Қазір не көп, ғылым 

док торы көп. Әкімдердің бәрі ғылым док-

торы болып кетті. Олар шын ғалым болса, 

неге ғылым мен білімді қолдап-қор ға май-

ды? Жемқорлық пен сыбайластық шынайы 

та ланттарды алдыға бастырмайды. Ала-

қан дай ғана Люксембург мемлекеті қалай-

ша жедел дамыды? Өйткені ондағы жұрт 

тек ақиқатты айтып үйренген екен. Өсіп-

өр кендеудің кілті адалдықта жатса керек. 

Жа сырып-жасқау мен жағымпаздық жақ-

сылыққа апармайды. 1,5 миллиард хал қы 

бар қытайлар неге ұрлық-қарлықтан ада? 

Онда әрбір азамат тәртіпке жүгінеді, ол 

жүйе дүмді-дөкейлерге де ортақ... 



– Қай өнер ордасына бара қалсаңыз 

да, алдымыздан Жүргенов акаде мия-

сының оқытушылары немесе сту дент-

те рі шығады. Бұл да болса оқу орынның 

ұлт өнеріне үлкен үлес қосып отыр ған-

дығын білдірмей ме? 

– Иә, бұған Аллаға шүкір дейміз. Деген-

мен де оқу мен тәрбие жұмысында күрделі 

мәселелердің болуы – барлық оқу орынға 

ортақ жағдай. Бұрын бізде магистратура, 

док торантура жоқ еді. Академияның рек-

то ры Арыстанбек Мұхамедиұлы өнердің 

әртүрлі саласы бойынша магистратура 

ашты. Шетел оқу орындарымен тұрақты 

бай ланыс орнап, тәжірибе алмасу үрдісі 

бір ізге түсті. Әлемнің үздік уни вер си тет те-

рі нен профессорлар келіп, дәріс оқи бас-

тады. Байланыс нығайып, талғамымыз өсу 

үстінде. Корея, Израиль, Ресей, Италия, 

Ұлы британия, Түркия тағы басқа елдермен 

келі сімшартқа отырған жайымыз бар. 

Оның бәрі, әлбетте, егемендігіміздің ар-

қасы, болашақ өнер саңлағының өсуіне 

жан-жақты жол ашу дейміз... 

– Қазақ өнері өзінің ұлттық нақышы 

мен өрнегін сақтап отыр ма? Кеңестік 

жүйе тұсындағы ұғым-түсініктерден 

арыла алдық па?

– Әр заманның өз бет-бейнесі, келбеті 

болады. Ол қандай болса да – тарих. Оны 

бір-ақ күнде өзгерте салу мүмкін емес. 

Кеңес өкіметінің тұсында қазақ үшін үлкен 

еңбек сіңірген тұлғалар бар. Оларды қалай 

ұмытамыз? Өнер туындысын анау замандікі, 

мынау замандікі деп алалауға болмайды. 

Сол туынды арқылы тарих көрініс табады. 

Бірақ біз ұлттық құндылықтарымызды 

толассыз насихаттай беруіміз қажет. Қазақы 

тәрбие отбасыдан, балабақшадан бас тал-

ғаны жөн. Әртіс өзінің бойында не бар, 

соны халыққа ұсынады. 1970 жылдары 

Лон донда Шекспирдің «Асауға тұсауында» 

басты кейіпкерлерді сомдаған Шәкен Ай-

манов пен Хадиша Бөкеева сияқты керемет 

тұлғалар қазақ өнерінің дәрежесі биік еке-

нін дәлелдеп кетті. Ағылшын шығармасына 

қазақы ой-өріс, бояу, таным қосылып, 

ғаламат дүниеге айналды. Міне, осы үрдісті 

жалғастырып, өткен жылы ректорымыз 

Арыс танбек Мұхамадиұлының бастауымен 

белгілі режиссер Оразхан Кенебайдың 

курсының студенттері Шекспирдің «Мак-

бет» қойылымын сәтті қойып қайтты. Спек-

такль көрермендер тарапынан жоғары ба-

ғасын алды. Саф сұлу өнер ешбір ұлт пен 

ұлысты жатсынбайды. 

– Тәлімгерлердің бойына ұлттық 

құн ды лықтардың дәнін егу жұмысын 

қа лай жүзеге асырып жатырсыздар?

– Әр халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, 

тілі, мінез-құлқы, жүріс-тұрыс ерекшелігі 

бар. Театр өнеріндегі қазақтың сүбелі дү-

ние лерді тәлімгерлеріміздің бойына сіңі-

рудеміз. Жақсы қасиеттер адамның бойына 

мысқылдап беріледі. Әртіс ән айту, күй 

тарту, би билеу, дұрыс сөйлей білу, адам 

психологиясын игеріп, иліктіру тәрізді сан 

алуан саладан жетік болуы шарт. Сахнада 

қысылып-қымтырылып өзін-өзі дұрыс 

ұстай білмесе, есте сақтау қабілеті нашар 

болса, ол да өнерпазды орға жығады. Біз-

дің дайындайтынымыз – көзге көрінбейтін 

мамандық емес, олар үнемі халықтың ал-

дын да жүреді. Сондықтан таныс-тамырдың 

көмегімен оқуға түсушілер көп ұзамай 

өздері-ақ қаша жөнеледі. Себебі қызы ғу-

шы лық бір бөлек те, өнерді жан-тәнімен 

жақ сы көру бір бөлек. Өнер базар емес, 

онда шынайы бәсекелестік бар. Бір басты 

рөлге екі-үш адам таласып жатады. Кімнің 

шеберлігі артық, сол жеңіске жетеді. Есе-

сіне, бәсекелестіктен өнер өркендейді. 

Қым-қуыт тартыс әртістерді де шыңдайды. 

Тек рухы мықты күрескерлер ғана өнер 

ала ңындағы аламан шайқаста аман қал-

мақ. Бір қойылымды қанша режиссер бол-

са, сонша түрлентіп қоя береді. Ал әртіс 

со ның бәрінен өзіне керек рухани нәрді өз 

бойына жинап отырады. Студенттеріміз 

бен оқытушыларымыз таңның атысымен 

білім ошағына келіп, күн батырып барып 

бір-ақ кетеді. Біздің тәлімгерлер жақын 

маңда Анкара, Лондон, Мәскеу сияқты 

әлем нің алпауыт қалаларында болып, 

қойылым қойып қайтты. Кейбір бала ла ры-

мыз шетелдерде оқып келіп жатыр. Басқа 

елдер өнерге келгенде ішкен асын жерге 

қояды. Қаржыдан қысылып жатқан бірін 

бай қамадым. Оларға жан-жақты көмек 

көрсетіледі. Ондағылар бүгінгі студент 

жастардың ертеңгі өнер тұлғалары екенін 

жақсы түсінеді. Бір реттік концерт емес, 

үлкен жобалар мен нәтижелі істерге арқау 

болып жатады. Ал бізде болса, «тыныс-

тіршіліктерін қалай, қандай мәселелерің 

бар?» деп, өнер ордаларына бас сұғатын 

атқамінерлер жоққа тән. Академияда 

Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Рама-

зан Бапов, Ескен Сергебаев, Маман Бай-

сер кеұлы, Есмұқан Обаев, Нұрғали Нүсіп-

жан, Тұңғышбай Жаманқұлов, Әшірбек 

Сы ғай, Гүлдана Сапарғалиева, Болат Ата-

баев, Нұрқанат Жақыпбай сынды көптеген 

қазақ тың біртума перзенті дәріс береді. 

Мі не, осындай білім ордасынан шала 

сауат  ты, біліктілігі мен білімі төмен маман 

шы ғуы мүмкін емес. «Ұстазы мықтының ұс-

тамы мық ты» деп бекер айтылмаса керек. 



– Ресейде театрға деген құштар-

лық тың шексіздігі сонша – театр билеті 

ең құнды сыйлыққа баланатын көрі не-

ді. Ел-жұрты бір-бірінен «жаңа қойы-

лым  ды көрдің бе?» деп емес, бірден 

«көр  кем дік  дәрежесі  қандай  екен?» 

деп сұрап жатады екен...

– Рас, ондағы қарапайым көрер мен-

дер дің талғамы театр сыншысынан кем 

соқ пайды. Әр театрдың өз көрермені қа-

лып  тасқан. Мәскеу сияқты алып ша һар-

лар да тек орыс тіліндегі отыздан астам 

үлкен театр болса, соның қай-қайсысында 

да адам лық толып, билет жетпей қалып 

жа татыны аян. Қойылымды әрбір көрген 

сайын образ дар дың жан түкпіріне үңіле 

түсеміз, терең бой лап, жаңа қырынан тани 

бастаймыз ғой. Алдыңғы қатарларда әр 

әртісті бүге-шіге сі не дейін жатқа білетін 

театр жанашырлары отырады. Бізде театр-

дан бір көрген адамды келесі жолы кез дес-

тіре бермейміз. Ондай дәрежеге кө те рі луі-

міз үшін көп жұмыс жасалуы тиіс. Театрдың 

жан-жақты  наси хат талуын  ұйым дас ты р ға-

ны мыз абзал. Театр ұлтты тәрбиелейді. 

Өйт кені сөздің мәнері мен мазмұнын, 

қазақы сарыны мен бояуын театрдан ғана 

та ба мыз. 



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет