Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.68 Mb.

бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Оңғар қажы ӨМІРБЕК,

 

ҚМДБ жанынан шығатын «Иман» 

журналының бас редакторы:

– Діни кітаптар мен аудио және 

бейнематериалдардың базарларда са-

тылуын діни басқарма қадағала май ды. 

Біздің ондай құзыретіміз жоқ. Біз тек 

құзырлы органдар тексеруге алып кел-

ген материалдарды сараптамадан өт-

кізуге қатыса аламыз. Ал оларды 

бақылау құқық қорғау органдарының 

құзыретінде. Өкінішке қарай, бүгінгі 

таңда бақылау тиісті дәрежеде болмай 

тұр. Сондықтан базарларда арнайы са-

раптамадан өтпеген кітаптар сатылып 

жатыр. Біз тіпті мешіт қорғанының сыр-

тында сатылып жатқан кітаптар мен 

аудио және бейнематериалдардың 

заң дылығын тексере алмаймыз. Оған 

біздің құқымыз жоқ. Бұл мәселеге бей-

жай қарамай, құқықтық органдар 

қыра ғылық танытулары тиіс. Әйтпесе 

ондай кітаптарды оқыған жастардың  

дұрыс жолдан адасып кетуі ықтимал.

Дін істері басқармасының тексеруге 

құқығы болғанымен, шара қолдануға 

құзы реті жоқ. Заңсыз сатылып жатқан діни 

кітаптар мен аудио және бейнежазбалар-

ды тәркілеп, базар басшыларын жауапқа 

тарта алмайды. Базар әкімшілігінің оларды 

көзге ілмеуінің де бір себебі сонда жатса 

керек.

Сондықтан да алдағы уақытта бұл 



мәселелерді тексеруге прокуратура, ішкі 

істер органдары қызметкерлері де міндет-

ті түрде қатысуы қажет. Олар тек заңсыз 

сатылып жатқан діни материалдарды 

тәркілеп қана қоймай, заңсыз саудаға 

рұқсат берген базар әкімшілігін де, заңсыз 

тауар сатқан сатушыны да жазадан тыс 

қалдырмауы тиіс. Сонда ғана базар әкім-

шілігі мен сатушылар жауапкершілікті сезі-

ніп, ал жастарымыз исламның хақ жолы-

нан адаспас еді.

ТҮЙТКІЛ


Бүгінде қатерлі ісік 25-40 жастағы адам-

дарда ғана емес, балаларда да жиі анықта-

ла тын болды. Бір өкініштісі, олар ауру асқы-

нып кеткен кезде ғана алғашқы медици-

налық көмекке жүгінеді. Дәрігер мамандар-

дың айтуынша, адам өміріне қауіп төндіру 

жағынан онкологиялық және гематология-

лық аурулар жарақат алу, өз-өзіне қол жұм-

сау және автокөлік апаттары сияқты жағ-

дай лардан кейінгі екінші орында тұр. Негізі, 

Дүниежүзілік денсаулық сақ т ау ұйымы қа-

терлі ісіктің 30 пайызын дұ рыс тамақ танып, 

белсенді өмір салтын сақтау арқылы алдын 

алуға мүмкіндік бар деп мәлімдеп отыр. 

Сондай-ақ теріге уль тра күлгін сәулелердің 

әсерін төмендетіп, со лярий қабылдауды 

барынша азайтқан жөн.

Әрине, «ауырып ем іздегенше, ауыр-

мау дың жолын іздегеннен» асқан ештеңе 

жоқ. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк 

бағдарламасы аясындағы скринингілік 

зерт теулер осыны көздейді. Ондай зерттеу-

лер қан айналымы жүйесі, қант диабеті, 

глаукома, сүт безі, жатыр мойны, тоқ ішек 

пен тік ішектің ауруларын ерте анықтай 

алады. Қазіргі кезде Астанада ол жұмыс 

басталып та кеткен. 

Заира ОПАНОВА, 

Астанадағы №2 қалалық емхананың 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру 

орталығының дәрігері:

– Негізі, скрининг онкологиялық 

ауру лардың бастапқы кезеңін анық тау-

ға мүмкіндік береді. Бүгінде «Саламат-

ты Қазақстан» мемлекеттiк бағ дар-

ламасы аясында одан тегін өтіп алу ға 

болады. Өкінішке қарай, қала тұр ғын-

дары оны дұрыс түсінбейді әрі уақыт 

тапшылығына байланысты бізге келіп, 

скринингіден өте алмай жүр. Кей кез де 

адамдар біледі, бірақ жұмыс беруші 

оны жібермейді. Себебі скри нинг іден 

өту үшін кем дегенде екі жарым сағат 

қажет. Бұл – мемлекеттік бағ дар лама, 

яғни скрининг – мем лекет тік маңы зы 

бар шара. Жұмыс беру шілер оған дұ-

рыс көзқараспен қарап, қыз мет кер-

лерді өздері жіберуі тиіс. Жұ мыс кердің 

денсау лығын мемлекеттің өзі ойлап 

отырғаннан кейін, жұмыс беру ші де 

оған өз үлесін қосса игі. Әйт песе дәрі-

гер лер адам іздеп, өздері жүгіре бер-

мек. 

Арман АСҚАР

Скринингілік тексеру – 

мемлекеттік 

маңызды шара

ДЕНСАУЛЫҚ



Астана қаласындағы Салауат-

ты өмір салтын қалыптастыру 

орталығының мәліметіне 

сәйкес, қатерлі ісік салдарынан 

болып жатқан өлім-жітімнің 

жоғары көрсеткіші 61 жастан 

асқан ер адамдар арасында жиі 

байқалады. Оларда қатерлі ісік 

ауруы көп жағдайда III-IV кезеңге 

ұласып жатады. Ол кезде ісік 

адам ағзасының барлық орган-

дарына тарап, лимфа жүйені 

толығымен жаулап алады. 

Науқастың аман қалу мүмкіндігі 

тым аз – 10-15 пайыз.

Әзірге ауа райының күрт жылынуына 

орай төтенше жағдайға ұшырайтын ел ді 

ме кендердің «қара тізіміне» ондаған ауыл 

ілігіп отыр. Қайғылы жағдайды бол дыр мау 

мақсатында аталмыш ведомство өкіл дері 

өңірдің қала және аудан әкім де ріне қар та-

залау жұмыстарын дер кезінде бастау тура-

лы хаттар жолдаған. Ал Ертіс өзенінен өтетін 

жолдардың барлығы биылғы жыл дың 10 

наурызында жабылады.

Игорь ЕРМОЛАЕВ, 

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар 

департаментінің бөлім бастығы:

– Аймақтың 75 елді мекенінің жер 

уч аскелері қатаң бақылауға алынды. 

Де партамент өкілдері әсіресе таулы 

жерде орналасқан Баянауыл ауданы-

ның бірқатар ауылдарын қар суы ша-

йып кетуі мүмкін деп алаңдауда. Сон-

дықтан жедел топтар жасақталып, тиіс-

ті жұмыстарды жүзеге асыруда.

Марал ШАЙМАРДАН,

Кереку

Павлодар облысына қарасты 

75 елді мекен төтенше жағдайда. 

Олардың кейбір жерлерін 

қардың еруі кезінде су шайып 

кету мүмкін деген қауіп бар. 

Осыған орай облыстағы Төтенше 

жағдайлар жөніндегі департа-

мент қызметкерлері көктемгі су 

тасқынының алдын алу бойынша 

жұмыстарын бастап кетті.

Қауіп қайдан 

демеңіз...

ДАЙЫНДЫҚ


Жолаушылар көлігі және автомобиль 

жолдары басқармасы бастығының орын-

басары Ғани Мырзахановтың айтуынша, 

ағаштардың кесіліп-қырқылуына бай ла-

нысты жергілікті азаматтар тарапынан 

әртүрлі сұрақтар келіп түскен. «Біз кесіліп-

оталған 3,9 мың ағаштың орнын 9,5 мың 

дарақ-талмен толтыруды мақсат тұттық. 

Тал-дарақтар, негізінен, құрылыс жұмыс-

тары жүргізілген аймақтарға отырғызы-

лады. Жолайрықтар салыну үстіндегі жер-

ге 9,5 мың көшеттен бөлек, 5 мың тал-

дарақ егуді жоспарлап отырмыз», – дейді 

Ғ.Мырзаханов. Бұдан бұрын 2012 жылы 

Халиулин, Райымбек-Момышұлы, әл-

Фара би-Гагарин,  әл-Фараби-Мұстафин, 

Саин-Торайғыров, Саин-Жұбанов тәрізді 

алты жолайрықтың құрылысын жүргізуге 

20 млрд теңге бөлінгенін хабарлаған едік. 

Соның 10-12 млрд теңгесі құрылыс орнын-

дағы үйлерді сатып алып, оны бұзу жұмыс-

тарына жұмсалады. 



Арман СЕРІКҰЛЫ

Алматыдағы жолайрықтар-

дың құрылысы кезінде кесілетін 

3,9 мың ағаштың орнына 9,5 мың 

көшет отырғызылады. Соның 

ішінде оталған ағаштың 700-ге 

жуығы қайта егіледі. Бұл жөнінде 

Алматы қалалық жолаушылар 

көлігі және автомобиль жолда-

ры басқармасының маманда-

ры журналистермен кездесуде 

мәлім етті.

Жолайрықтар 

маңына 9,5 мың көшет 

отырғызылады

АЛАШ-АҚПАРАТ



«Дін - апиын» деп пролетариаттың «көсемі» Ленин 

айтқандай, кейбір ниеті бұзықтар бүгінгі таңда шынымен-ақ 

дінді апиынға айналдыруға тырысып бағуда. Өкінішке қарай, 

олардың айтқанына елігіп, айдауына көніп, жетегінде кетіп, хақ 

жолынан адасып жүргендер қатары күн санап көбейіп келеді. 

Исламның хақ жолынан өздері ғана адасып қоймай, қыршындай 

жастарды жолынан адастырып, жазықсыз жандардың қанын 

төгуге итермелеп жүрген теріс ағымдағы ұйымдардың үгіт-

насихаттарына әлі де болса тиісті деңгейде тыйым болмай 

отыруы көпшілік көңілін алаңдатып отыр.

Қалдар БЕК

Негізі, шағын қалаларда, ауыл-ауыл-

дарда өзі бір әмбебап дәрігерлер болады. 

Ол – терапевт те, педиатр да, рев ма толог 

та, невропатолог та, дер ма толог та, жал-

пы, кез келген аурудан айы ғу дың жолын 

білетін, қолынан келгенше нау қасқа жылы 

сөзін айтып, емделуге көмек тесіп жібере-

тіндер кездесіп жатады. Бір жақсысы, со-

дан науқастар емде ліп, ауруы нан айығып 

кетеді. Сондай-ақ ден 

саулығынан сыр 

бі лін се, адамдар емханаға емес, бірден 

әлгі бесаспап дәрігерге барады. Әсіресе 

дә рі гері қат ауыл-ауылдарда мұндай жан-

дардың болғаны өте жақсы. Біз сөз етіп 

отырған кейіпкер Өзбекстаннан орал ман 

ретінде көшіп келіп, Түркістанға қоныс 

теп 

кен Гүлжан Әліқұлова – дәл сондай 



әм бе бап  дәрігер. 

Шыны керек, Гүлжан Аманқызының 

үйі нен адамдар үзілмейді. Оның үйі нау-

қастар жатып емделетін ауруханаға неме-

се келіп-кетіп ем қабылдайтын емха на ға 

айналған десек, артық айтқандық емес. 

Түркістандықтар ғана емес, тіпті Ал ма ты, 

Шымкент, Тараз т.б. өңірлерден де келіп 

емделетіндер бар. Егде тартқан адам-

дар да, шал-кемпір де, бала да – бар-

лығы сол кісіге барып емделеді. «Қандай 

ауруханаға барғанмен, Гүлжан қызыма 

жылына бір рет келіп емделмесем, көңі-

лім көншімейді», – дейді сонау Алматы-

дан көрінуге келген Дүй сенкүл әжей. Иә, 

шы нында да, ол кісі нау қас тарды жылы 

қа 

был 


дайды. Тіпті науқастардың дәрі-

дәрмекке ақшасы жетпей тұрса, Гүл жан 

апайдың өзі көмектесіп жібергенін талай 

рет көз көрді. Ол кісіге көрінуге келген 

қан дай науқас болсын оның өз маман-

дығына әбден берілгеніне риза 

шы 

лық-


тарын білдіріп жатады. 

– Менің негізгі мамандығым – балалар 

дәрігері. Мектепті бітірген соң, 1984 жылы 

Ташкенттегі Ортаазиялық медициналық 

педиатрия институтына түсіп, оны 1991 

жы лы бітірдім. Осылайша балалар дәрі ге-

рі мамандығын алып шықтым. Кейін Гүл-

стандағы облыстық балалар аурухана сын-

да интернатурадан өтіп, Ақалтын ауда-

нының орталық ауруханасында бала 

лар 

дәрігері болып жұмыс істедім. 1999 жыл-



дың қараша айында Түркістанға келіп, 

Мақтазауыт ауданы бойынша айма қара-

лық балалар дәрігері болып жұ мысқа ор-

наластым. Құдайға шүкір, бір салада істеп 

келе жатқаныма 13 жыл бол 

ды. Таяу 

да 

жо ғары дәрежелі балалар дәрі гері атағын 



ал дым. Алдағы уақытта да нау қас тардың 

аурудан айығып кетуіне барымды салатын 

боламын, – дейді Гүлжан Аманқызы.

Серік ЖҰМАБАЕВ

Сенімнің жүгі ауыр

ИГІ ІС


Соңғы кезде ел арасында 

дәрігерлерге деген сенім анау 

айтқандай жоғары болмай тұр. 

Тіпті дәрігерлердің біліктілігі-

не күмән келтіретін жағдайлар 

да жиі орын алуда. Алайда 

олардың арасында өз ісіне жа-

уапкершілікпен қарайтын, халық 

сеніміне ие болған, «ақ халатты 

абзал жан» деген атқа сай білікті 

дәрігерлердің де бары рас.

нің қалауы білсін, өздері таңдасын. Зей-

нетақы қорына қосымша ақша жи на-

ғысы келгендерге мүмкіндік бере йік. 

Осы жолмен де кейбір қарт тары мыз-

дың балалары алдындағы тәуелділі-

гін жоюға болады. 

Зейнеткерлікке шығуды ерікті 

ету мүм кін болмай жатса, мен қо-

сымша мынадай жолдарды ұсы-

нар едім: көпбалалы әйел дер ге 

Үкімет қосым ша қаражат бөл се, 

игі іс болар еді. Бала туып, оны 

тәрбиелеу оңай шар уа емес. 

Бұл да – уақыт пен қа жыр-

қай ратты қажет ететін зор еңбек. 

Сон да көпбалалы әйел дердің зей-

нетақы қоры аз да болса ұлғая түсе ді. 

Сондай-ақ әйелдердің балалары болмаса, 

күйеуі оның зей нет ақы қорына ақша ауда-

рып отырса. Және ол ақ шаға салық салын-

баса. Тағы бір ұсыныс: мәселен, бала туған 

әйел (жұ мыс істейтін) баласы бір жасқа 

тол ған ша жалақысының 40 пайызын ала-

ды. Сол пайызды біртіндеп 60-70 пайызға 

де йін еселеу керек. Осылай зейнетақы қо-

ры на құятын үлесті көбейтуге болар еді. 

Әйтеуір, мүмкін болар түрлі амалдар-

ды қарастыру керек. Жаппай көтерсек, үл-

кен қателіктерге жол беріп аламыз. Біз 

еліміздегі тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы-

мыз ды көтермей тұрып, әйелдері зейнет-

керлікке 63 жаста шығатын елдерге иек 

артқанымыз тіптен әбестік болар. Біздің 

тұрмыстық деңгейіміз әлі де болса төмен. 

Оны мойындауымыз керек.

Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК



ОВ (фо

то)


№40 (722) 

7.03.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

НАРЫҚ


 

Мұнай алпауыты кінәсін жуып-шайып әлек

Мигранттар назардан тыс қалмайды

КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ

КӘСІПКЕР

ЛІК


АЙМАҚ-АҚПАРАТ

Тариф өсетінін 

Төлендинов мәлімдеді

Бағдарлама 

игіліктері жалғасуда

Жастарды бизнеске 

бейімдейді

Жергілікті 

өнімдер жерде 

қалмайды

Жылу энергиясы қолданыстағы та риф-

тен 8 пайызға, ауызсумен төленетін бір 

ай лық төлемақы 7 пайызға артпақ. Алайда 

жеке есептеуіш құралдары жоқ судың та-

риф көлемі 18 пайызға артық болады. 

Сон дықтан су үшін артық төлегісі келмейтін 

аза маттар есептеуіш құралдарды орнату 

қа жеттілігін қаперге алған абзал. Айта ке-

терлігі, бүгінгі таңда тұтынған су көлемін 

есеп тейтін құралдар облыстағы тұрғын үй-

лердің 80 пайызында орнатылған. 

Қалай дегенмен де облыс жұртшылығы 

жаңа және ескі тарифтердің ақшалай 

айыр машылығын сәуір айының түбіртегін 

көр генде  байқар. 



Қайырғали ТӨЛЕНДИНОВ, ҚР табиғи 

мо нополияларды реттеу агенттігінің 

Пав лодар облысы бойынша 

департаментінің бастығы:

– Бұл шешім «Павлодар-Водоканал» 

ЖШС мен облыстағы жылу стансыла-

ры ның өтініштері негізінде қабылданды. 

Өңір халқын сумен қамсыздандырудағы 

тағы бір жаңашылдық – оның саралан-

ған (диф ференцияланған) тарифтерге 

кө ші рілуі. Енді облыс тұрғындары тұ-

тын ған су көлемі бойынша ғана төлейді. 

Пав лодарда суды қолдану нормасы бір 

адамға шаққанда үш текше метрді құ-

райды. Аталған межені асырған аза-

мат тар бұрынғы тарифтен 18 пайызға 

артық төлейтін болады. 

Марал ШАЙМАРДАН,

Кереку

Таяуда Ертістің Павлодар өңірінде бұл  

бағдарлама бойынша 17 отбасы жаңа тұр-

ғын үйлерге көшірілді. Облыстық жұ мыс-

пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік 

бағ  дарламалар  басқармасы  бастығының 

мін  детін атқарушы  Х.Қашкенованың ай-

туын ша, қазіргі кезде аймақтың эко но ми-

калық әлеуеті төмен елді мекендерінен 

қо ныс аударған азаматтарға екі қолға бір 

кү рек тауып беру бойынша тиісті жұмыстар 

ат қарылуда.



Рүстем БАШИРОВ, Павлодар облыстық 

құрылыс басқармасының бастығы:

– Биыл «Жұмыспен қамту-2020» 

бағ дарламасының үшінші бағыты, яғни 

еңбек ресурстарының ұтқырлығын арт-

ты руға республикалық бюджеттен 1,3 

мил лиард теңге бөлінеді. Қаражаттың 

800-ге жуық миллион теңгесі тұрғын үй 

құ рылысына, ал 232-сі инженерлік-

ком муникациялық игіліктерге жұм сал-

мақ.

Марал ШАЙМАРДАН,

Кереку

Осыған орай кеше кәсіпкерліктің жа-

һан дық апталығы (КЖА) қазақстандық 

өкіл дігінің баспасөз мәслихаты өтті. Жас-

тардың кәсіпкерлігін дамытуға бағыт тал -

ған  осы  халықаралық бастаманың өкіл-

дері мен серіктестері жылдық жоспар 

жа йында әңгіме өрбітті.  

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының 

бас қарма мүшесі, басқарушы директоры 

Ға бит Лесбеков: «Бүгінгі жағдайда шағын 

биз несті, әсіресе жастардың кәсіпкерлігін 

дамытуға айрықша мән берілуде. Дамыған 

және дамушы елдерде осы секторға жаңа 

жұмыс орындарын ашу және тұрғындар-

дың жалпы әлеуметтік-экономикалық жағ-

дайын жақсарту тұрғысынан басты рөл 

берілген. Сол себепті де «Даму» қоры жас-

тар дың кәсіпкерлігін дамытумен байла-

ныс  ты кез келген бастамаға қолдау көрсе-

теді. Мәселен, 2011 жылы Алматыда КЖА 

ая сында қордың қолдауымен Жас кәсіп-

кер лердің форумы өткізілді. «Даму» қоры 

КЖА-ның «Бизнес мектеп» құру бастамасын 

дер кезіндегі ұсыныс  санайды, өйткені өз 

кәсібін сәтті жүргізу үшін жастар арнайы 

кә сіби-оқытуға зәру», – деп атап көр-

сетті. 


Ал кәсіпкерліктің жаһандық апта лы-

ғының Қазақстандағы өкілі Павел Кок ты-

шев: «Форум өткізу тәжірибесі мен соның 

ая сында жиналған 300-ден астам сауал-

на ма, сондай-ақ жас кәсіпкерлер клу бы-

мен жұмыс бізге жастардың бизнес-білім 

алуға, еркін қарым-қатынас пен жас кәсіп-

кер лердің сәтті үлгілері мен сенімдерін 

бекітуге мүдделі екендігін көрсетті. Сон-

дықтан біз биыл қарашада мейлінше 

ауқымды әрі сапалы форум өткіземіз және  

сол жерде «Жылдың үздік жас кәсіпкері» 

сыйлығымен марапаттайтын боламыз. Бұл 

байқау жаңа қаһармандарды табу үшін 

қажет», – деді. 

Сондай-ақ бизнес мектеп, кәсіпкерлік 

құлағдарлықты дамыту және бизнес 

құрудың технологиясын үйретудің  иннова-

ция 

лық-ағартушылық жобасы іске қо-



сылды.  

Супермаркет желісінің кереметтігі сол

он да тұрғындарға қажеттінің бәрі бар. Қа-

рапайым мұрын шыттан бастап тұрмыс тық 

тех никаның алуан түрін сол жерден таба-

сыз. Ең бастысы, тауарлар толай бағамен 

саты лады, арзан, сапасы да жақсы. Әсіресе 

қаладан азық-түлік артып әкететін ауыл-

дағы ағайындар үшін өте қолайлы. Керек 

заттардың бәрін бір жерден тиеп алып кете 

бересіз.   

Бұл сауда орталығының құрылысын 

салу туралы бастаманы Шығыс Қазақстан 

облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 

көтерген болатын. Осыдан екі жыл бұрын 

облыс әкімі METRO Cash&Carry компа ния-

сының директоры Стивен Кригермен кез-

десіп, аталған мәселеге байланысты ме-

морандумға қол қойған-ды. Нәти же сінде 

Өскемен қаласындағы Жібек маталар ком-

бинаты ықшамауданынан заманауи 

үлгідегі заңғар сауда орныны бой көтерді 

екі жылда. Бұған қоса, тағы бір сауда орта-

лы ғы Семей қаласында салынып жатыр.   

Айта кетейік, «Mетрода» сатылатын та-

уар лардың 90 пайызы – жергілікті өн ді ру-

ші лердің өнімдері, импорттық және дис-

тр и бьюторлық 

тауарлар. 

Нарық 


та   лап тарына сай дамуға бел буған су пер-

мар  кет 400-ден астам жергілікті жет кі зу-

ші лермен серіктестік байланыс орнатқан. 

Бұл өз кезегінде аймақтағы өндірушілермен 

жұ мыс ауқымын кеңейтіп, артық шығынды 

азайтуға және фермерлердің тиімді баға-

ны белгілеулеріне көмектеседі. 

 

Серік ӘБІЛХАН

МӘСЕЛЕ

Жеміс-жидекті неге сырттан тасымалдаймыз?

Мамандардың айтуынша, қыс айла-

рын да жеміс-жидек, негізінен, Қытай, Өз-

бекс тан, Қырғызстан секілді елдерден ке-

леді екен. Тұрмыстық ахуалы бізден көш 

тө мен өзбек пен қырғыз шаруалары қара 

жер ден осылайша несібе теріп, тіршілігін 

қам сыз жасап жүрген жағдайы бар. Шын-

дығын айтқанда, кезінде бізде де жеміс-

жи дек көлемі қазіргіден біршама артық 

болды. Алайда 90-шы жылдардан кейін 

со лардың көбісі құрып кетті. Оған ешкім 

мән бере қойған жоқ. Жекенің қолына 

өтіп, кезінде қаншама адамның еңбегі 

жұм салған алқаптар талан-таражға ұшы-

ра ды. Нәтижесінде біз еріксіз өзгенің қо-

лына қарайтын тәуелді күйге түстік. Бүгінгі 

күні қай өңірде қанша көлемде жеміс-

жидек өсіп жатқанын ешкім де дөп басып 

айта алмайды. Кезінде осы бағытта тия-

нақ ты тірлік жасаған шаруашылықтар ша-

ңы рағы ортасына түсті. Түрлі жағдайларға 

бай ланысты жеке бағбандар да есік ал-

дындағы көгеріс көлемін кемітті. Айналып 

кел генде, бұл жеміс өнімін жинауды мүл-

дем төмендетіп жіберді. 

Қазақстанда қазір қанша көлемде же-

міс ағаштары бар, одан қаншалықты өнім 

жи нап жүрміз? Бұл тақырыпта зерттеу жүр-

гізіп көргенбіз. Өкінішке қарай, қолымызға 

тұ щымды дерек тие қойған жоқ. Ашығын 

айт қанда, жеміс шаруашылығы бізде мүл-

дем ұмыт қалып бара жатқан секілді. 90-

шы жылдарға дейін елімізде бұл бағытта 

еңбек еткен арнайы шаруашылықтар 

болғанын білеміз. Одан бергі жағдай 

қалың қауымның назарынан тыс қалып 

тұр. 


Дәулет ИБРАГИМОВ, ауыл 

шаруашылығы ғылымының кандидаты:

– Біздің Сыр өңірінде аталмыш жұ-

мыс  тарға маманданған арнайы шаруа-


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал