Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.68 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қаймана қазақты қынадай қырып өткен ашаршылық тура-

лы қазақ баспасөзінде ғана жиі көтеріледі. Нәубетті жылдардың 

ақиқатын жалпыұлттық деңгейге көтеруге мүдделілік танытып, 

тұрақты түрде қаузап жүргендердің бірі – біздің басылым. Біз 

бұдан бұрынырақ ашаршылық құрбандарына тағзым да жетіс-

пей жатқанын, ескерткіш мәселесін көтеріп жүрген қоғамдық 

ұйым дар шырылдағанмен, оған құлақ асар ешкім болмай тұрға-

нын ашық жазған едік. Шыны керек, тұтас қоғам кілең халық-

тың қалаулыларынан тұратын Парламенттен үміт күткен. Ұлт тың 

көкейінде жүрген ашаршылыққа жалпыұлттық көзқарас қалып-

тастыру мәселесін жақында Елбасының өзі бірінші болып көтерді.

БІЗДЕН ҰСЫНЫС

Ашаршылықты зерттейтін қауымға кеңінен ақпараттық қолдау қажет. Мы-

салы, бізге үлгі боларлық аштық туралы шынайы деректер, фотосуреттерге 

біздің тарихшы ғалымдар қол жеткізе алмай жүрсе, Украинада әрбір ынталы 

азамат біледі. Өйткені тек ашаршылыққа қатысты танымдық сайттар жұмыс іс-

тейді. «Анти-Голодомор-Геноцид» атты фанклубы белсенді. Тіпті Сталин 

бастаған КСРО көсемдеріне жергілікті сот шешім шығарып айыптағаны да бар. 

Бізде жағдай басқаша. Әзірге қазақ баспасөзі мен қазақтілді тарихшылардың 

ғана проблемасы сияқты көрінеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

ашаршылықтың 80 жылдығын атап өту жөніндегі тапсырмасын лайықты 

деңгейде жүзеге асыру құзырлы орындарға жүктелсе, жұмысты қадағалап, та-

лап қою қашанда халықтың еншісінде. Осы ретте электронды Үкіметті дамыту-

ды қолға алып жатқан елімізде ресми органдар бұқараның ұсыныс білдіруіне 

жағдай жасаса деген тілек бар. Шенеуніктер Президенттің тапсырмасын 

жоғары деңгейде атап өтеді деген сенім де жоқ емес.

Басы 1-бетте

Келесі бағыт – кезекте тұрғандар үшін 

жалға берілетін үй салу. Республикалық 

бюджет трансфертінен жергілікті атқарушы 

органдар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, 

халықтың әлеуметтік әлсіз тобына, мемле-

кеттік және әскери, сондай-ақ бюджеттік 

қызметкерлерге, тұрғын үйі апатты жағ-

дайда тұрғандарға баспана салуды ұй-

ымдастырып отыр. Бұлар үшін баспана 

құны шаршы метріне 80 мың теңге шама-

сында. Астана қаласы бойынша 120 мың 

теңге. Бұл бойынша 2012 және 2020 жыл-

дар аралығында 40 мың отбасы баспана-

мен қамтамасыз етілетін болады. 

Тағы бір бағыты – Тұрғынүй құры лыс 

 жинақбанкі арқылы жас отбасылар үшін 

сатып алу құқығымен жалға берілетін 

тұрғын үй салу. Бұл бағыт бойынша отба-

сын дағы  ерлі-зайыптылардың табысы 

екеуінікін қосқанда 70 мың теңгеден кем 

болмау керек. Жалдамалы пәтерде тұрып 

жүріп, 8,5 жыл бойы Тұрғынүйқұры лыс-

жи нақбанкіне ақша жинақтайды. Сосын 

жинақталған ақшасына қосымша ақша 

тауып, пәтерді бірден сатып ала алады. 

Егер қаржысы жетпесе, 15 жылға жыл-

дық 4 пайыз ставкамен тұрғын үй займын 

пайдалана алады. Қарызын 15 жылға жет-

кізбей ертерек өтеп тастаймын десе де бо-

лады. 

«Самұрық-Қазына» қоры арқылы да 



салынып жатқан баспаналар бағдарла-

маның тағы бір бағытына кіріп отыр. Бұл 

бағыт бойынша халық баспананы тікелей 

сатып ала алады немесе жалға алу арқылы 

кейін сатып ала алады. «Самұрық-Қазына» 

2013 жылы – 200 мың шаршы метр, 2014 

жылы – 300 мың шаршы метр, ал 2015 

жылдан бастап 500 мың шаршы метрден 

үй салуды жоспарлап отыр», – дейді Қуан-

дық Бишімбаев. Қысқасы, қор Қазақстан 

бойынша барлығы 3,5 миллион шаршы 

метрден астам үй салатын болады. Қуан-

дық Уәлиханұлының айтуынша, құрылыс-

тың өзіндік құны 1 шаршы метр үшін өңір-

лерде 120 мың теңгеден, ал Астана мен 

Ал маты қалаларында 150 мың теңгеден 

аспайды. «Біз халықтың қажеттілігін қана-

ғат тандыру үшін еліміздің барлық өңір-

лерінде жайлылығы 3-сыныпты қолжетім-

ді тұрғын үйлер салуды жоспарлап отыр-

мыз. Негізінен, көпқабатты және аз қабат-

ты үй лер, сондай-ақ коттедждер мен таун-

хауздар салмақпыз», – дейді Қуандық 

Би шім баев. Жалпы, бұл бағдарлама бо-

йынша шамамен 50 мың отбасы тұрғын 

үймен қамтамасыз етілетін болады. 

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бағдар-

ламаға қатысты шаруаны созбақтатпай, 

оның наурыз айының соңына қарай не 

сәуірге дейін қабылданатындай болуын 

тапсырды. «Бағдарламаның негізгі мәсе-

лелерін мақұлдасақ та болады деп есеп-

теймін. Серік Нығметұлы, сізге тапсырма... 

Кеңесіп, жасалған ұсыныстарды қабылдап, 

көп созбай, осы мәселеге байланысты эко-

номиканы жаңғырту бойынша мемлекеттік 

комиссияның отырысын наурызда өткізіңіз. 

Бағдарламаны сәуірде қабылдайтын бо-

лайық. Мүмкін, наурыздың соңында да 

қабылдап жіберетін шығармыз», – деп 

тапсырды Кәрім Мәсімов.

Қолжетімді үйлер қол бұлғайды

ҮКІМЕТ


Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Қазақ арасын жалмап жатқан дерттің 

бірі – қатерлі ісік. Мәліметтерге сенсек, 

бүгінгі таңда диспансерлік есепте қатерлі 

ісіктің белгілері бар 144 мыңнан астам 

науқас тіркеуде екен. Жыл сайын 30 

мыңнан астам адам қатерлі ісік ауруына 

шалдықса, күн сайын осы ауруға қатысты 

сегіз жағдай тіркеледі екен. Өңір жағра-

пиясына салып жіктесек, онкологиялық 

ауру кең жайлаған көрсеткіш Шығыс 

Қазақ 


стан облысында тіркелген. Осы 

өңірде 100 мың адамға шаққандағы нау-

қастар саны 271 адамды құрайды. Ал Сол-

түстік Қазақстан облысында 100 мыңға 

шаққанда – 269,6, Қарағанды облысында 

– 258,8 және Алматы облысында 250,4 

адамды құрап отыр. Осындай мәлімет-

терден соң, Елбасының онкологиялық 

мәсе лелерге баса назар аударып, нақты 

міндеттерді жүктеудің себебін де байқа-

ғандаймыз. Оның үстіне, жиынды ашып 

сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Айткүл 

Сама қова ханым әлемдік жағдайды алдыға 

тарта отырып, Қазақстанның қазіргі халі 

шынымен алаңдарлық екенін айтты. Ра-

сында, елдің экономикалық дамуында іл-

гері жетіс тік баршылық. Ендеше, жұртшы-

лықтың өмір сапасы арқылы өмір жасын 

арттыруға баса мән беретін кездеміз. Оның 

үстіне, Айткүл Самақованың айтуынша, 

елімізде онкологиялық аурулардан бола-

тын өлім деңгейі жүрек-қан айналымынан 

кейінгі екінші орында тұр. 

Ал жаңа бағдарламадан дертке шал-

дық қан жұртшылыққа қандай жақсылық 

жасалады? Жобаның басты көздегені – 

аурудың осы түрінен болатын өлім-жітімді 

азайту. Осы үшін 2012-2016 жылдарға ар-

нал ған кешенді іс-шаралар көзделеді. Атап 

айтқанда, аурудың алдын алуға бағыттал-

ған шаралар, оның ішінде халықты скри-

нингтік бағдарламамен қамтуды 92 пайыз-

ға дейін кеңейте түсуге маңыз беріледі. 

Кадр әлеуетін дамытып, онкологиялық 

нау қас тарға заманауи технологиялар ар-

қылы жәрдемді дамыту шаралары да қа-

растырылған. «Бағдарламаны әзірлеу ба-

рысында біз онкологиялық ауруларға жәр-

дем беру жүйесіндегі әлемдік тәжірибелерді 

зерделеп шықтық. Сол тәжірибелер негізі-

не сүйенсек, Қазақстандағы басты пробле-

маларды да дөп басып айта аламыз. Яғни 

онкологиялық ауруларға қатысты біздегі 

басты мәселе – дертті ерте бастан анықтау 

деңгейі. Қазақстанда қатерлі ісіктің бел-

гілерін ерте кезеңде анықтау деңгейі 49,5 

пайызды құрайды. Салыстырмалы түрде 

алатын болсақ, Францияда бұл – 68, Из-

раильде – 63, Оңтүстік Кореяда 60 пайыз-

ды құрап отыр», – дейді денсаулық сақтау 

вице-министрі Ерік Байжүнісов. Сондықтан 

да қатерлі ісіктің алдын алуда оның ерте 

кезеңде диагностикадан анықталуы құпта-

латыны көрініп тұр. Соның ішінде онколо-

гиялық ауруларды ерте бастан анықтауда 

жоғары деңгейге қол жеткізген АҚШ, 

Франция, Жапония елдерінде де науқас-

тардың рактан құтаюы да, одан кейінгі өмір 

сүру ұзақтығы да жағымды көрсеткішке ие. 

Сондықтан да бағдар 

ламадан негізгі 

басымдық ауруды ерте бастан анықтауға 

беріледі. «Ерте бастан диаг 

ностикалық 

анықтаудан бөлек, тағы екі маңызды 

мәселе бар. Бұлар – радикалды кешенді 

ем-дом, сосын науқасты бейімдеу мен 

медициналық бақылау. Осы белгілермен 

біз өзіміздің жүйемізді салыстырып 

қарадық. Сондықтан да бағдарлама жоба-

сында онкологиялық ауруларды емдеуге 

қатысты бірқатар проблеманы шешу 

қарастырылады. Осы мақсатта орталық-

тарды заманауи техноло гия ларға негізде-

ген қондырғылармен жаб дықтау, онколо-

гиялық ауруларды инновациялық тәсілмен 

емдеуді кіріктіру, сондай-ақ білікті маман-

дармен қамтуға басымдық салынады», – 

дейді Ерік Бай жүнісов. Бұл ретте медицина 

физиктері, медицина инженерлері мен 

техниктері, радиология мамандары секіл-

ді жаңа кадрлар даярланатын болады ше-

телдерде. Оның ішінде МАГАТЭ көмегімен 

Еуразия  ұлттық университеті базасында 

ядролық физика мамандары да даярла-

нып, олар онкологиялық жүйеге жапсар-

лас қызметке бейімделеді. Түйіндей кел-

генде, бағдарла маны толық жүзеге асыру 

үшін алдағы бес жылда 207 млрд теңге 

жұмсау көзделеді. Ал вице-министрдің 

пайымынша, бағдар 

лама жүзеге асса, 

қол жететін түпкі нәтиже былай: 2016 

жылға қарай онкологиялық аурудан бо-

латын өлім 15 пайызға төмен дейді. Қа-

тер лі ісік ауруларын ерте бастан анықтау 53 

пайызға артады. Скринингпен жұртшы-

лықты қамту 92 пайызды құрайтын бола-

ды. Сәйкесінше өмір сапасы артып, өлім-

жітім азаяды. 

Жоба әлі де талқылауға жатады.

Қанат ҚАЗЫ

Қатерлі ісікті ерте бастан 

емдеген құпталады

ТАЛҚЫ


Елбасы биылғы Жолдауында онкологиялық көмекті дамыту ту-

ралы салалық бағдарламаны екі ай мерзім ішінде әзірлеуді шеге-

леп тапсырған болатын. Осыған орай Денсаулық сақтау министр-

лігі 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы 

онкологиялық көмекті дамытудың салалық бағдарлама жобасын 

әзірлеген екен. Кеше «Нұр Отан» ХДП жанындағы әлеуметтік 

кеңесте аталған жоба таныстырылды.

Кеше Ақордада Мемле-

кет басшысы Нұрсұл тан 

Назарбаевтың төрағалы-

ғы мен Қауіпсіздік кеңесінің 

ағымдағы жылдағы бірін-

ші отырысы болып өтті. Күн 

тәртібіне еліміздің су қа уіп-

сіздігінің жай-күйі туралы, 

сондай-ақ Қа зақстанның 

күш құрылымдарының 

әскери-экономикалық 

және әскери-техникалық 

қызметі туралы екі мәселе 

енгізілді.

www.akorda.kz



№40 (722) 

7.03.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Жыныстық қатынас мәселесін мектеп бағдарламасына енгізу дұрыс па?



Әбдуәли 

МӘМЕДІЛ, 

психолог:

Ғабит ҚАЛЫМБАЕВ, 

ҚазҰАУ-дың 

әкімшілік-

шаруашылық 

жөніндегі проректоры:

Геройхан 

ҚЫСТАУБАЕВ, 

математик, қоғам 

қайраткері:

– Біз қай нәрсеге болсын ұлттық мүдде тұрғысынан 

қарауымыз керек. Жыныстық қатынас мәселесін мектеп 

бағдарламасына енгізу – барып тұрған адасушылық. 

Он сыз да соңғы кезде халқымыз қатты азғындап кетті. 

Салт-дәстүрімізде жоқ, халқымызда болмаған нәр сені 

ой ланбай жүзеге асыруды үлкен ағаттық деп біле мін. 

Кез келген нәрсенің өз уақыты болады. Онсыз да жас-

тар дың уақытынан бұрын ерте жыныстық қатынасқа 

түсу дертінен арыла алмай отырған жайымыз бар. Оған 

же кеменшік телеарналар мен әртүрлі сары ба сы лым -

дар дың, интернет сайттардың бейәдеп дүние лер ді көп 

насихаттауы себепші. Мұның бәріне Тәуел сіз дік алған 

алғашқы жылдардан бастап көп көңіл бөлі нуі тиіс еді. 

Бұл олқылықтардың орнын толтырып, қай та қал пына 

келтіру үшін кемінде жарты ғасыр уақыт қажет. Өкі нішке 

қарай, жүйелі жұмыс әлі қол ға алынбай отыр.

– Бұл мәселенің бүгінгі күн тәртібіне шығуына басты себеп – адамдық, 

оның ішінде қазақы табиғи болмысымыздан ажырауымыз болып отыр. 

Табиғи болмыстан безіну – Құдайға қарсы келумен бірдей. Батыстың 

азғындық дерті бізге де келіп жетті. Кезінде табиғатпен етене өмір сүрген 

қазақ баласы құлынның не екенін, қозы-лақтың не екенін, оның қайдан, қай 

кезде пайда болатынын көріп өседі. Бұдан артық қандай оқу керек? Қазіргі 

қала балалары жан-жануарлар мен төрт түлік малды тек зообақтардан та-

машалайды. Осы күні дала мен қала жастары да ұлттық тәрбиеден тамырын 

үзді. Соның кесірінен барлық рухани дертті бойымызға жамап жатырмыз. 

Тастанды балалардың санын көбейтпеу, түсік тастатулардың санын арттыр-

мау үшін мектеп бағдарламасына жыныстық қатынас пәнін енгізу мәселесі 

көтерілді. Ниет дұрыс. Бірақ осы ниетті дұрыс жүзеге асыра алатын сауатты 

мамандармен, сапалы оқулықпен қамтамасыз ете аламыз ба? Артық қылам 

деп тыртық қылудан қорқамын. Сондықтан қарсымын. 

– Ата-аналар да, ұстаздар да, тіпті балалардың 

өздері де көп ескере бермейтін бір мәселе бар, ол – 

ин 


тер 

неттің қауіптілігі, ондағы кейбір дүниелердің 

адам психологиясына кері әсер етуі. Мәселен, қазіргі 

күні ата-аналардың көбі ғаламторда балаларды кішке-

не күнінен терроризм мен экстремизмге, зорлық-зом-

былыққа тәрбиелейтін қара ниетті сайттардың бар 

еке нін білмейді. Ғаламтор сайттарындағы жыныстық 

қа рым-қатынасқа итермелейтін мағлұматтар жас ба-

ла 

ның ойының бұзылуына әкеп соғуда. Кез келген 



дү 

ниеге еліткіш келетін жасөспірімдер осы интернет 

сайт тары арқылы өз болашақтарына өзде рі балта ша-

уып жат қандарын әсте сезбейді. Жалпы, мен жы ныс-

тық қарым-қатынас пәнін мектепте оқытуға түбе гейлі 

қар сымын. Бұл – жастарды сауаттандырудан гөрі ерте 

жы ныс тық қатынасты ашықтан-ашық қолдау емес пе?!

Дайындаған Арман СЕРІКҰЛЫ 

ҚОҒАМ


Басы 1-бетте

Зульфия БАЙСАҚОВА,

 Қазақстандағы 

дағдарыс орталықтары одағының төрайымы

«Әйелдердің зейнеткерлікке шығуын 58 жастан 63 жас 

аралығына дейін ерікті ету керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, 

Сенат депутаты

 Қазірдің өзінде жұмыс берушілер 

түйіндемедегі «45»-ті көрсе, кірпіше 

жиырылады. 

Мынадай қарапайым ғана қағи-

даны да ұмытпайық: егер әйелдер 

63 жасқа дейін бұрынғы жұмыс 

орнында қала берсе, жастарды 

жұмыспен қамту қа 

зіргіден де 

қиынға соқпақ. Біз бұлай түйінді 

шеш пейміз, керісінше, пробле-

маны одан бетер ушықтырып 

аламыз. 


Мұндай, яғни «әйелдердің 

зейнеткерлікке шығуын 58 

жастан 63 жас аралығына дейін 

ерікті ету керек» деген ұсыныс жұ-

мыс сыздық мәсе ле сі дұрыс жолға қо-

йыл ғанда көте рілсе де болады. 

Сондай-ақ біздің елдегі тұр 

мыс 


тық 

жағдай әлі де болса төмен. Қазақстанды 

шетелдер мен салыстыруға болмайды. Осы 

бір нәрсе қанша рет айтылып, жазылса да, 

шенеу ніктер баяғы әніне салып, шетелдегі 

жүйені алға тартады. 

Қазір Қазақстандағы экологиялық 

жағдай алаңдатарлық күйде. Алматыны 

айт 

пағанда, Қызылорда, Ақтау, Семей 



т.с.с. ай мақтардағы экология өте нашар. 

Ал ауру дың барлығы ауаның ластығынан 

бола ды. Алпыстан асқан адамның ден сау-

лығы сапалы, өнімді жұмыс істеуге мүм кін-

дік бере қояр ма екен? Тек қара көбейтіп 

жүр гендері болмаса. Бұл жаста еріксіз дә-

рі-дәрмекке тәуелді болып шыға келесің. 

Ал 


пыстан асқан әйел толыққанды өмір 

ОЙ-КӨКПАР

 Олар бала тәрбиесі мен жұмысты 

қатар алып жүріп, жасы егде тартқанда 

шаршап қалады. Міне, осы топтағы жан-

дар, мәселен, зейнеткерлікке 58-де шық-

қысы келеді. Көрдіңіз бе, әркімнің талап-

тілегі әрқалай. Ерік берейік деген ой осы-

дан туындап отыр. 

Жалпы, зейнетақы жасын көтеру мәсе-

лесіне не нәрсе себеп болды? Бұл, негізі, 

әйелдердің жұмыс өтілі кезінде жинақтап 

қойған зейнетақы мөлшеріне қатысты. 

«Олар қарттық жасқа жеткен соң, барлық 

қа жет тіліктерін өтеуге жететін қаражат жи-

нап үлгермейді» дейді құзырлы орындар 

сарапшылары. Оған қосылуға болады, 

әри не. Әйелдер, біріншіден, зейнеткерлік-

ке ер кектерге қарағанда ертерек шығады. 

Екін шіден, жалақылары аздау. Сонымен 

қа тар бала күтімімен отырып қалып та уа-

қыт жоғалтып алады. Демек, зейнетақы 

қо ры на жиған ақшалары мардымсыз бо-

лып қалады деген сөз. 

Десек те, әйелдерді зейнеткерлікке 

жап пай 63-те шығаруға болмайды. Әр кім-

сүрмейді, олар қалай денсаулығы мызды 

жақсартамыз деп арпалысатын болады. 

Бәрін айт та, бірін айт, біздің елдегі ин-

фра құрылымдар мүгедек жандарды бы-

лай қойғанда, зейнеткерлер үшін де қо-

лайсыз. Мүлде ескерілмеген. Қалаға шық-

қан зейнеткерлер бір емес, бірнеше қиын-

дыққа тап болып жатады. Ал зейнет ақы-

ның мөлшері белгілі. Ал қарттарымыз со ны 

талшықтап бір айға жеткізуге мәжбүр. 

Бұл– әлеуметтік проблема. 

Сауалға келсем, бұлай асығыстық ше-

шім қабылдауға болмайды. Ел қалаулы ла-

ры зейнеткерлерге көмектескісі келсе, 

одан да зейнетақының көлемін қалай ұл-

ғайтудың амалдарын қарастырсын. 

Қатты айтты демеңіздер, «әйелдердің 

зей неткерлікке шығуын 58 жастан 63 жас 

ара лығына дейін ерікті ету керек» дегенді 

қол дап жүргендердің барлығы – жылы 

орын да отырған шенеунік әйелдердің өз-

дері. Олар осылай жұмыс орнын сақтап 

қалғысы келеді.

Әмина ӘЖЕНОВА,

 «Пәрзәнт» қайырымдылық қорының басшысы:

– Толықтай қосыламын. Өте қолайлы әрі тиімді шешім. Мұны Елбасы да, ел 

қалаулылары да қолдайды деген сенімдемін. Әйелдеріміз де қуанып қалады деген ой-

дамын. «Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей» тығырықтан осылай оң шықсақ 

игі емес пе?!.

Мен, мысалы, көпбалалы анамын. Зейнеткерлікке қазіргідей 58 жаста шығамын. 

Ал 63 жасқа дейін жұмыс істеп жүрсем, бала-шағамды кім асырайды, кім тәрбиелейді? 

Мен сияқты аналарға бұл өте жақсы болар еді. Ал кімде-кім жұмысын тоқтатпай, одан 

әрі жалғастырғысы келсе, қалауы білсін.

ТҮЙІН

Дайындаған Ләззат БИЛАН

Жалпы, өз-өзіне қол салу, өзгенің өмірін 

қию – исламға жат. Алайда Атыраудағы, 

Астанадағы өзін-өзі жару, Жамбылдағы 

жазықсыз жандарды құрбан ету сол өз-

дерін «нағыз исламды уағыздаушы лар-

мыз» дейтіндердің ісі екені әмбеге аян. 

Әйтсе де жастардың шалыс басып, айтқан 

сөздері мен істеген ісі исламға жат ұй ым-

дардың жетегінде кетуі қоғам үшін қауіпті 

болып тұр. Бәлкім, жастардың жат ағым-

ның жетегінде кетуінің бір себебі діни 

ағым дардың ел арасында өздерінің үгіт-

насихаттарын еш кедергісіз, белсенді жүр-

гізуінен болса керек. Заң қабылданып, ты-

йым салынғанымен, олар өз үгіт-наси хат-

тарын тоқтатар емес. Жат ағымдар шетел-

дік демеушілерінің қолдауының арқа сында 

өздеріне қажетті кітаптар, аудио және бей-

нежазбаларды елімізге жасырын жолдар-

мен жеткізіп, көбейтіп, қара базарларда 

емін-еркін, еш рұқсатсыз саудалап жүр. 

«Дін туралы» заңға сәйкес, Қазақстан 

аумағында сараптамадан өтпеген, Дін іс-

тері басқармасының рұқсаты берілмеген 

діни материалдарды (кітаптар, аудио және 

бейнежазбалар т.б.) сатуға тыйым салын-

ған. Алайда еліміздің қай аймағында да 

қара базарларда рұқсат етілмеген діни 

мате риалдардың еркін сатылып жүргені 

әмбеге аян. Қазірше оларға «әй дейтін 

әже, қой дейтін қожа» болмай тұр. Ал са-

тушылар болса, бірі «рұқсат алу керек 

екенін білген жоқпын» деп ақталса, екін-



Мемлекет қауіпсіздігінің маңызын 

базар басшылығы түсінбей ме?

шісі «бүгін-ертең рұқсат алмақшы болып 

отыр едім» деп жалтарма жауаптан әріге 

бармайды. 

Ең өкініштісі, базардағы заңдылықты 

бақылауы тиіс базар әкімшілігі мен күзет-

шілері заңсыз саудамен айналысқан сату-

шыларға рұқсат беріп қана қоймай, оларды 

қорғап, тексеруге барған Дін істері бас қар-

масы өкілі мен журналистерге қоқан-ло қы 

көрсетіп, күш жұмсап, базар аума ғынан 

қуып әлек болуда. Алматы қала сын дағы 

«барахолкаға» тексеруге барған қала лық 

Дін істері басқармасы және БАҚ өкілде рі 

осындай заңсыздықпен бетпе-бет келген. 

Жасұлан ТӘЖІБАЕВ, 

Алматы қаласының Дін істері басқармасы 

директорының міндетін атқарушы:

– Жаңа қабылданған дін туралы заң 

бойынша барлық діни материалдар 

сараптамадан өтуі тиіс. Сараптама нә-

ти жесі бойынша оң шешім шығып, бас-

қарма тарапынан рұқсат етілгеннен 

кейін ғана сатуға рұқсат беріледі. Ал 

бүгінгі күні қара базарда сатылып 

жатқан діни материалдар сараптама-

дан өтпеген. Яғни олар заңсыз сауда-

ланып жатыр. Ал базар қызметкерлері-

нің заңсыз саудаға тыйым салу орнына, 

«базар ауласынан шығыңдар» деп біз-

дің жұмысымызға тосқауыл болғаны 

түсі ніксіз.

Ал рұқсат етілмеген діни материалдар-

ды саудалауға рұқсат беріп отырған базар 

басшылығын әзірге жауапкершілікке тар-

тып жатқан ешкім жоқ. Сондықтан да олар 

өздерін тек базардың ғана емес, елдің 

қожасындай сезініп, алшаң басып жүр. 

Олар тіпті осы іс-әрекеттерімен тек заңды 

бұзып қана қоймай, мемлекет қауіпсіздігіне 

де нұқсан келтірулері мүмкін екенін сезін-

бейтін сияқты. Бұл немқұрайдылық па, 

әлде жауапсыздық па? Жоқ, әлде пайда 

артқан сайын пайым төмендей бере ме 

екен?! Әлде олар пайда түссе болғаны, 

қалғаны күл болмаса, бұл болсын, бізге 

бәрібір дей ме екен?

Мән-жайды білмек болып, сапасы 

күмәнді діни материалдар сатылып жатқан 

базар әкімшілігімен тілдеспек ниетімізден 

түк шықпады. Телефон тұтқасының арғы 

жағынан «ешкім жоқ, бір сағаттан соң 

қайта хабарласыңыз» дегеннен басқа сөз 

ести алмадық.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал