Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 3.45 Mb.
Pdf просмотр
бет7/25
Дата09.01.2017
өлшемі3.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

х

т

т

а

а

р

р

 

Қ

Қ

Ұ

Ұ

Л-МҰХАММЕД:

Манс


ұр

 Х

ұр



А

МИТ (


фото

)

)



ф

Нұрғ


ғиса 

иса 


ЕЛЕУБЕКОВ (

ф

ото)



ұр

ф


№213 (895) 

30.11.2012 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ӨРКЕНИЕТ


ҚОСЫМША ПІКІР

Ерлан РЫСҚАЛИ, дәстүрлі әнші:

– Бүгінгі заманда мені өнердегі 

талғамсыздық мәселесі қатты 

толғандырып жүр. Біз үшін қазақ әнінен 

асқан ән болмауы керек. Сөйте тұра 

неге біздің эстрадада жүрген кейбір 

жастарымыз шетелдің айқайшыл 

әндерін құлағымызға күштеп сіңіргісі 

келеді? Кейінгі кезде шетелдің жеңіл-

желпі әуендері мен әндері санамызды 

барынша жаулап барады дегенді айтып 

жүрміз. Бір жағынан қарасақ, олар бізге 

«менің әнімді тыңдаңдар» деп тықпалап 

отырған жоқ. Керісінше, дүбәра 

нәрселерді өзіміз өз ыңғайымызға 

икемдеп алып жатқан сияқтымыз. 

Басқаның дүниесіне бас ұратын қазақтың 

өнердегі жастары алдымен өз ұлтының 

құндылығын дәріптеп, өзінің төл өнерінің 

дамуына мүдделі болуы керек емес пе?!.

Күй өнерін насихаттау кенже қалып отырған жоқ па?



Таласбек 

ӘСЕМҚҰЛОВ, 

өнертанушы, 

домбырашы-

күйші:

Мұрат 

ӘБУҒАЗЫ, күйші, 

өнертанушы, 

ҚР мәдениет 

қайраткері:

Ерлан 

ТӨЛЕУТАЙ, 

өнертанушы, 

әнші:

– Қазіргі уақытта тек күй өнерін насихаттау ғана емес, жалпы, қазақ 

өнерін насихаттау кенже қалып отыр. Мұны жасырудың қажеті жоқ. Ал 

күй өнерінің ішіндегі шертпе күй өнерінің бүгінгі ахуалы тым нашар. Бір 

ғана мысал келтірейін, осы жақында концерт өткізу үшін Әбікен Қасеновтің 

«Қоңыр» деген күйін тарта алатын адам таппадық. Сондай-ақ Тәттімбеттің 

бірсыпыра күйлерін тартатын Алматыда да адам жоқ екен. Қазақтың 

күрделі классикалық күйлерін тартатын адамдардың тапшылығы да күй 

өнерінің бүгінгі жағдайын көрсетіп беріп отыр. Оның үстіне бұрмаланған 

қазіргінің музыкалық жанрлары күйдің табиғатына нұқсан келтіріп, күй 

атаулының құдіретіне балта шауып жатыр. Әйтпесе күйден папури шығару 

деген қайдан келді? Ол аздай, домбыраларымыз да қоңыр үнін жоғалтып, 

өте жоғары бұраумен шыңқылдап шығып жүр. Демек, алдымен қоңыр 

дом 


бы 

рамызды ортамызға қайта әкеліп, халықтың күнделікті күй 

тыңдауына жағдай жасауымыз керек. Бізге күй өнерін насихаттаудың 

жеке бағдар ламасы қажет деп ойлаймын. Себебі күй тыңдалмай, күй 

өнерін насихат тауды дұрыс жолға сала алмасымыз анық.

– Күй – қазақтың төл өнері. Әрине, оның бүгінгі жетімсіреген күйі 

бәрі міздің жанымызға батады. Күйге деген атүсті көзқарастың пайда 

болуына заманауи рэп, рок, поп сынды музыкалық жанрлардың кең сұ-

ра нысқа ие болуы сеп болды. Бірақ сол сұранысты да тудырған – өзіміз. 

Шетелден келген шикі дүниені бас сала жарна ма лап, насихаттап, тас па-

ла рын таласа сатып алатынымыз бар. Демек, күй өнерін насихат тауды 

да сол таспалардан бастауға тиіспіз. Қазіргі заманның жастарын ғалам-

тор же лісі, теледидар қызықтырады. Олай болса, интернетке қазақ күй-

лерін көптеп енгізіп, күй жинақтарын қолже тімді бағамен сату ға бола ды. 

Қо ғамда мынадай бұрыс пікір қалып тасқан: «халық өнері тек музыкаға 

әуес адам үшін ғана қажет, ал қара пайым халық үшін халық өнері –

мұражайдағы экспонат». Сондықтан күй өнерін насихаттауды мектептен 

бастаған жөн болар деп есептеймін. Күй тың дауды мектеп бағдар лама-

сына енгізу керек. Халық өнерін жат тап өскен бала ұлттық өнеріміздің 

қай түріне болсын қырын қара майтын болады.

– Күй өнерін насихаттау кенже қалып отыр деп айту тым 

аздық етер, қазақтың күй өнері мүлдем насихатталып жүрген 

жоқ. Халықтың санасына «мынау халық әні» деп эстрадаға 

салынған әнді тыңдату, «мынау біздің халық күйіміз» деп 

компьютермен жасалған, өзге аспаптармен қатар орында-

латын музыканы тыңдату – ол өнер де емес, өнерді 

насихаттау да емес. Мұнымен тек халықты адастырып, қазақ 

өнерін құртып жіберуге ғана болады. Онсыз да теледидардан 

күйлер берілмейді. Өзгені емес, өзімді айтайын. Міне, 3-4 

жылдың жүзі болды, домбырамды қо лыма алып халықтың 

алдына шыққан емеспін. Иә, телеарналарға шақырады, 

«сұхбат беріңіз» дейді. Бірақ күйшілер әңгіме айту үшін 

халықтың алдына шығуы керек деп есептемеймін. Тым 

болмаса «елдің алдына шығасыз, бір күй орындап беріңіз» 

деп айтса бола ды ғой. Міне, біздің насихаттың сықпыты.

Дайындаған Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

Басы 1-бетте

Жеңіс СЕЙДОЛЛАҰЛЫ, 

әнші, композитор, ҚР еңбек 

сіңірген қайраткері, «Гүлдер» 

ансамблінің директоры

«Бүгінгі қазақ эстрадасында хит болып жүрген әндердің 

көпшілігі – көшірме» деген пікірмен келісесіз бе?

Майра ІЛИЯСОВА, 

әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Майра» 

продюсерлік орталығының жетекшісі

 Бұл – эстрада жанрында орын алып 

тұра тын қалыпты құбылыс, өтпелі үрдіс. 

Уақыт жақсы дүниелерді өзі екшеп қала-

ды. Кейбіреулер қазақтың төл әндерін 

көшірме әндер ығыстырып бара жатыр 

дегенді алға тартады. Мұндай дүние-

лер соншалықты көп емес қой. Қазір 

аудиториясы миллиардтап санала-

тын қытайлықтар да, кәрістер де, 

өзімізге жақын көрші қырғыз бен 

өзбек те көшірме әндерді жарыққа 

шығарумен айналысып келеді. 

Бұл бізде ғана көрініс тауып отыр-

ған жоқ. Шоу индустриясын 

дамыту үшін мұндай сатыдан 

бұдан бұрынырақта Ресей ән-

шілері де өткен. Бізде бұл 

салада көп дүние кенжелеп 

да митын болғандықтан, сол саты-

дан енді ғана өтіп келеміз. Тоқ са ныншы 

жылдардың басындағы ресейлік эстра-

даның басым бөлігін көшірме әндер құра-

ды. Олар сол арқылы шоу-бизнес жасауға 

талпынды, тыңдармандар аудиториясын 

қалыптастырды, содан соң барып таза 

өздерінің эстрада мектебін дамытты. 

Меніңше, біз де осыны бастан ке ші ретін 

сияқтымыз. Жалпы, көшірме ән дер туралы 

әңгіме айтыла қалса, көпшілі гіміз «мына 

әнді бәленшеден ұрлап алыпты» деп жа-

тамыз. Басын ашып алатын нәр се – көшір-

ме ән жасау бір бөлек те, пла гиаттық жа-

сау мүлде бөлек дүние. Мысалы, кезінде 

бүкіл Кеңестер Одағы бо йын ша кең тара-

ған «Көктемнің 17 сәті» деген көпсе риялы 

фильмнің басында Микаэл Тари вер  диев-

тің әні орындалады. Кейін белгілі болған-

дай, бұл әннің түп нұс қасы 20-30 жылдар-

дағы француздардың сүйіп тың дайтын әні 

болған. Алайда Ке ңес тер Ода ғы шу шық-

пасын деп, Франция ға сол пла гиаттығы 

үшін 3 миллион рубль тө ле ген. Кезінде 

бұл мәлі меттер құпия сақ талған. Мұн дай 

нісі деуге болады. Көшірме ән жасау – бұл 

өнердің ең оңай түріне айнала бастаған-

дай. Сонда өзіміздің жүректен шыққан өз 

әніміз қайда қалады? Ертең шекарамыз-

дың арғы жағынан тағы бір хит ән шық-

са, оны да өзіміздің тілге иілдіріп ала 

бермекпіз ба? Осылай кете берсек, 

қазақ эстрадасын әлемдік дең гей ге 

көтере алмаспыз. Қолдан жа салған 

хит әндер – «бүгін бар да, ер тең 

жоқ» дүние. Дегенмен же ңіл-жел-

пі дүниелердің ұлттық са наға тигі-

зер залалын кім ойлап жүр? Бү-

гінде өнердің әр бағытын сара-

лап-сараптап отыр ған кім бар? 

Радио,  те ле ар налар  мен  бас-

пасөз де өздері қалаған дү-

ние сін насихаттайды. Жақ сы 

мен жаманды таразылап, есті ән 

мен ессіз әнді іріктеп, електен өткізіп 

отыратын белгілі бір орталық

 

тандырылған 



көркемдік кеңес те жоқ. Кім не айтам десе 

өз еркі – заман солай болып тұр. Кімнің 

аузына қақпақ бола аласың? Бірақ қазақ 

өнеріне шын жанымыз ашыса, өзгеге елік-

теушілікті тыюымыз керек.

ОЙ-КӨКПАР

 Өйткені жеңіл ойлайтын адамдар жеңіл 

әндерді тез сіңіріп ала қояды. Десек те, 

қазақта жалпақ жұртқа ұсынатын тамаша 

әндер жетерлік. Ұлттық классикалық әнде-

рі міз болса әлі күнге дейін сахнадан түс пей 

келеді. Қазіргі тілмен айтсақ, олар 

дың 

қай-қайсысы болсын хитке лайық, тек 



соны санамызға сіңірудің кілтін таба ал-

май отырғанымыз болмаса... Құдайға шү-

кір, қазір қазақ ән өнеріне шын ниетімен 

қызмет етіп, жан-жақты ізденіп, өзіміздің 

эстрадамыз бен дәстүрлі музыкамызды 

қа лай дамытсақ деп жүрген жастарымыз 

аз емес. Бірақ ұлттық бағыттағы дүние ле-

ріміз тағы сол шетелдік хиттердің көлең-

кесінде қалып жатады. Қазіргі кезде ше-

телде шыққан даңғаза әуендерді өздерін-

ше қазақыландырып айту үрдісі белең 

алып бара жатқаны рас. Мұны, ең әуелі, 

осы бағытты ұстанып отырған жас өнер-

паз дың барынша ізденбейтіндігінің көрі-

мысалдарды көптеп келтіруге болады. 

Өнерде мұндай жағдайлар жиі болып 

тұрады. Ал біздің эстрада өкіл дерінің ше-

телден алып отырған әндерін плагиат-

тыққа жат қызуға болмайды. Пла гиат тық 

дегеніміз – өзгенің шығармашылық 

дүние сін өз атыңнан пайдалану, яғни ұр-

лық болып саналады. Біздің жас орында-

ушыларымыз өзгенің рейтингісі жоғары 

ән дерін қазақ шалап жатса, демек, оның 

да өз тыңдар ман дары бар деген сөз. Бұл, 

біріншіден, сұраныс мәселесі. Алайда со-

ндай дүние лерге сұраныс көп екен деп 

тал ғамды түсі ріп алмауымыз керек. Қалай 

десек те, өз әнімізді өзіміз шығарып, өзіміз 

орындап, өзіміз тыңдап, өзгелерге де тың-

дата біл генге не жетсін?! 

Дайындаған 

Алмат ИСӘДІЛ

«Атамұра» баспасының тікелей ұйытқы 

болуымен шыққан бұл томдықтардың тұ-

сау кесері ҚР Ұлттық кітапханасында бо-

лып, еліміздің біршама зиялы қауымы 

осын да бас қосты. 



Рақымғали ҚҰЛ-МҰХАММЕД, 

«Атамұра» корпорациясының президенті, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Жеті деген санның қазақ үшін киелі 

екенін ескерсек, жазушының өзі ай тып 

өткендей, осы «жеті қазынаның» жа зу-

шы ағамыздың 70 жылдығына орай жеті 

томдығының біздің «Атамұрадан» шық-

қанын өз басым қазақтың бір бала сы 

ретінде жақсылыққа баладым. Жал пы, 

Дулат ағамыз сонау 60-жылдары әде-

биетке келісімен бірден елді елең 

еткізген үлкен талант иесі десем, артық 

айт паған шығармын. Бұл жинаққа, аға-

мыз айтқандай, бұрын жарық көрген 

емес, сондай-ақ тың да шығармалар 

еніп отыр. Мысал үшін Ф.Достоевский-

ден аударған «Ақ түндер», «Қараңғы-

лық» т.б. сынды шығармалары, А.Че-

хов тың әңгімелері мен Д.Исабековтің 

көп те ген пьесалары оқырман үшін тың 

туын ды болары сөзсіз. Мен өзім Дулат 

ағамыздың «Бекет», «Дермене», әсіресе 

«Гауһар тас» шығармаларын бала кез-

ден жастана оқып, үлкейгенде осы кітап-

ТҰСАУКЕСЕР



70 жылдыққа – 7 кітап

ШАРА


Студент жастар серпілісі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

ұйымдастырған бұл концерттік бағдар-

ла мада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

өмі рі мен қызметіне арналған көркемсу-

рет ті және деректі фильмдер ұсынылып, 

сту дент жастар мен ұстаздар қауымы-

ның, әскери кафедраның, университет 

жа 

нынан құрылған «Гүлбану» ән-би 



ансамблі мен халық аспаптар оркестрінің 

және бірқатар Қазақстан эстрада жұл-

дыздарының өнері көрермен назарына 

ұсынылды.

Аталған шараға көрнекті мемлекет жә-

не қоғам қайраткерлері мен ардагер ұстаз-

дар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутат-

тары, еліміздің Білім және ғылым министр-

лігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының 

өкілдері қатысты. Мерекелік шара бары-

сында құттықтау сөз сөйлеген университет 

ректоры, академик Тілектес Есполов Тә-

уел сіз Қазақстан жастары Тұңғыш Прези-

дент тің  көшбасшылық  қасиеттерін  бой ла-

рына сіңіріп, ұлт патриоты ретінде білімді 

бо лып қалыптасуы керек екендігіне ерек-

ше тоқталды. Аталған оқу орнының бірінші 

курс шәкірттерін салтанатты түрде студент-

тер қатарына қабылдау рәсімі де Тұңғыш 

Президент күнін атап өтумен тұспа-тұс кел-

гендіктен, концерттік бағдарламаның не-

гіз гі жүгін де өнерлі студент жастар көтеріп 

алды. Осы күнге орайластырылған шарада 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 

сту денттер қауымы да Президентіміздің 

саясаты мен жастарға деген қамқорлығына 

ризашылығын білдіруде. Елбасымыз үнемі 

жастарға сенім артады. Бұл тектен тек 

емес. Өйткені қазіргі жастар – ертеңгі бо-

ла 


шақтың іргетасы. Кемел келешектің 

иелері. «Арман! Еңбек! Сенім!» Бұл – бүгін-

гі жастардың ұраны. Бүгінгі жастар, Қазақ-

стан ның ертеңі – сапалы білім алуда екен-

дігін айқын түсінеді.

Салтанатты кеш қонақтарының қата-

рын да Бибігүл Төлегенова, Ескендір Ха-

сан ғалиев,  Шөмішбай  Сариев  сынды  бел-

гілі өнер қайраткерлерімен қатар, Медеу 

Арынбаев, Біржан Ескендірұлы, Жұбаныш 

Жексенұлы, Өмірқұл Айниязов сияқты эс-

трада әншілері де болып, мерекеге ән ша-

шу ларын ала келді. Шараның басталу сә-

тін де Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік 

Туы сахна төріне шығарылып, Әнұран ой-

налды. Осылай ерекше салтанатпен бас-

тал ған кештің соңы да Ескендір, Біржан 

Ха санғалиевтердің  орындауындағы  әйгілі 

«Атамекен» әнімен, рухани серпіліспен 

аяқ талды. Тұңғыш Президент күніне ар-

нал ған мерекелік шарадан түйген ойымыз: 

бұл күн – Елбасының елге, оның дамуына 

сіңірген зор еңбегін бағалап, Ұлт көшбас-

шысы атанған тұлғаны келешек ұрпақтың 

да құрметтеп, ардақтап жүруіне сеп бола-

тыны сөзсіз. Бұл күн еліміздің мем лекеттік 

Тәуелсіздігіне қол жеткізу тарихында және 

жаңа мемлекеттің даму стратегиясын ай-

қын дауда орасан маңызға ие. 

Елбасы «Жастары білімді елдің бола-

шағы жарқын болады» дегенді үнемі ай-

тып келеді. Осы бір сөзді қағида ретінде 

ұстанған студент жастар осынау мерекелік 

шарада Тұңғыш Президент жолын үлгі тұ-

та тындықтарын тағы бір көрсетті.

Айдана КӨЗДІБАЕВА

Алматыдағы Студенттер сарайында Тұңғыш Президент күніне 

арналған «Болашақ кілті – білімде» атты мәдени-танымдық 

сипаттағы мерекелік шара болып өтті.

ген ой туғызуы. Бірақ, екінші бір жағынан, 

бұл қынжылып отыра беретін жағдай да 

емес. Себебі кітап аз болса да, ақпараттың 

қанша алысқа болса да, жетуіне мол кеңіс-

тік берілген интернет деген құралға біздің 

жазушыларымыз бейімделуі керек. Ал 

Д.Иса 


беков ағамыз бұл жағынан да 

бақыт ты жан деуге болады. 



Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, 

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:

– Кітап та жазушы үшін бір перзент 

болғаннан кейін оның да тұсауы кесілуі 

керек демесек, әйтпесе алашапқын бо-

лып, ел назарын өзіме аударуға өзім аса 

құмар емеспін. Бірақ енді Рақымғали 

сын ды інім мен қазақтың осы бір қара 

ша 

ңырағы 70 жылда шығарған жеті 

томның тұсауын кесейік деген ұсыныста-

рына ризамын. Өткенде менің мерей то-

йымның құрметіне ұйымдастырылған 

театр фестивалінде достарымның біріне 

де хабарласпаған едім. Ондағы ойым 

«Дулаттан басқа осы шаруамыз жоқ 

па?» деп ешкім айтпасын, ешкімге 

салмақ сал майын деген ойым еді. Ал 

кітапқа келсек, облыс-облыстарға жетті, 

жалпы, бұрындары да шыққан шығар-

малар ғой. Ал енді өзіме ең ұнаған ұсы-

ныс – «интернеттен жеке сайтыңызды 

аш 

сақ» деген. Кеше ғана қоңырау 

шалып, әсіресе «Қарғынға» сұраныстың 

көп екендігін айтты. Қуандым. Себебі 

біз, қазақ жазушылары, жаңа заманға 

ілесе алмай келеміз. Орыстың барлық 

жазушыларының шығармасы бүгін жа-

зы лып бітсе, ертең сайттарда тұрады. 

Содан кейін де олар бізден гөрі тезірек 

танылып, шет тілдеріне аударылып жа-

та ды. Ал біздің осыған әлі мән бермей 

келе жатуымыз – біздің үлкен қателігіміз. 

Өзімізді-өзіміз көрсете алмауымыздың 

басты себебі осы. 

Көңілге сәл қаяу түсіретін нәрсе, бұл – 

ти раждың аздығы. Бір Исабеков ағамыз-

дың емес, жалпы, бүгінде кітап тиражының 

2000-нан аса алмай тұрғандығы. «Өңіміз 

түгіл, түсімізге кіріп пе еді, 2000-мен ғана 

кітабымыз шығады деген» деп жазушының 

өзі бұған аздап қынжылыс танытты. Онда 

да баспаға емес, жалпы, бүгінгі кітап бас-

па сы саласындағы ахуалға қатысты. Себе-

бі Д.Исабековтің ең бірінші кітабы бесінші 

курста оқып жүрген кезінде 24 мың тираж-

бен шыққан болатын. Заман-ай дейміз бе, 

сөйткен жазушы ағаларымыздың 70-ке 

келгенде небары 2000 тиражға таңылып 

қалуы, шынында да, ол кісілердің ойлама-

ған жағдайы. Бұл жағдайдың жазушыға 

тиетін тұсы, қанша жерден жинағын шыға-

рып жатқанымен, оқырманға тегіс жетпе-

ген соң, «жазушылар не істеп жатыр?» де-



тардың авторымен кездесуді армандап 

өскен болатынмын. Енді бүгін сол ар-

манға жеткенімді баршаңыздың алды-

ңызда мақтанышпен айта кетуді жөн 

көріп отырмын. 

Дулат Исабековтің жай жазушы ғана 

емес, туындылары бірнеше жылдан бері 

сахналанып келе жатқан драматург екенін 

жақсы білеміз. «Ректордың қабылдау күн-

дері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңгі кү-

ту» (1979), «Мұрагерлер»(1982), «Алыс-

тан келген ананас» (1984), «Кіш кен тай 

ауыл» (1986) т.б пьесалары еліміздің, 

қала берді, бірнеше тілдерге аударылып, 

ТМД және Израиль, Чехия, Франция, Гер-

мания секілді әлем елдері театрларының 

репертуарынан бүгінге дейін түспей ке-

леді. Ал жазушының «Мұрагері» 1985 жы-

лы М.Әуезов атындағы сыйлыққа ие бол-

ған. Драматургия саласындағы бұл жемісті 

еңбегі өз алдына, Дулат Исабеков кинода 

да қолтаңбасы бар қаламгер. «Гауһар тас» 

(реж.Ш.Бейсембаев, 1975), «Тіршілік», 

«Дермене» (реж.А.Әшімов, 1986), «Бақыт 

құ 

сы», «Лотерея» сынды фильмдердің 



сценарийін жазушы өз қолымен жазып 

берген. 


«Кітап деген шебер 

аспаздың асы секілді тағы 

да ішкің кеп тұратындай 

дәмді болуы керек» деп 

жазушының өзі айтпақшы, 

кеше қазақтың сүйіп 

оқитын жазушысы, 

драматург, ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының иегері 

Дулат Исабековтің жеті 

томдығының тұсауы 

кесілді. Биыл Алаш жұрты 

қаламгердің 70 жылдығын 

тойлап жатқанын ескерсек, 

бұл жеті томдық сол 

70 жылдың жемісінің 

барынша сығымдалған 

шырыны іспетті. Мұны да 

жазушының өзі айтты.

Мәриям ӘБСАТТАР

Айта кетерлік бір жайт, жеті томдығын шығару барысында жазушы 

кей әріптестері секілді шығармаларын беріп, өзі үйінде алаңсыз жатпай, 

әр нәрсесіне мән беріп, өз тарапынан ұсынысын айтып отырған. Тіпті 

кітаптың түсінің қоңыр болуына да автор аса мән беріпті. Себебі қоңыр – 

қазақтың түсі және оны барша Алаштың ардағы Мұхтар Әуезов ағамыз 

жақсы көрсе керек.

ТҮЙІН

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

ТӘЖІРИБЕ

Білім саласындағы бетбұрыстар

Конференцияда Назарбаев зияткерлік 

мектебін жүзеге асыру арқылы педагог-

тер дің кәсіби құзыреттілігін және дарынды 

балаларға білім беруді дамытудың жол-

дары талқыланды. «Өрлеу» ұлттық орталы-

ғы директоры Гүлнас Ахметованың ай-

туын ша, Елбасы саясаты білім саласындағы 

көптеген реформалар мен тың идеяларға 

дем беріп, саланы жаңаша бетбұрыс жо-

лы 

на түсірді. Ұстаздардың мәртебесін 



көте ру жолында біліктілікті арттыру курс-

тары жүргізіліп, мұғалімдердің айлық-

жала қысы көтерілуде. Мұғалімдер білік-

тілі 


гін арттыру орталығының басшысы 

биылдан бастау алатын Тұңғыш Президент 

күні мерекесін уақыт өткен сайын маңызы 

артатын халықтық шараға айналады деп 

сенеді.

Назарбаев оқулары бұдан былай дәстүрлі шараға айналады. 

Бұл туралы кеше «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру 

ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалында өткен 

«Тәуелсіздік. Ұлт көшбасшысы. Ұлт бірлігі» тақырыбындағы 

ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. ҚР Тұңғыш 

Президенті күніне арналған шараға Алматы қаласының алдыңғы 

қатарлы педагогтері және ғалымдар қауымы қатысты.

Гүлнас АХМЕТОВА, 

«Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру ұлттық орталығының директоры:

– Бүгін кезекті мәжіліс емес, керекті жиын, қажетті басқосу өтті. Қазақстан ның 

бүгінгі жетістіктерінің барлығы оның Тұңғыш Президентінің есімімен тығыз 

байланысты. Елбасының сын дарлы саясаты мен қойылған міндет терді шешу кезіндегі 

табандылығының, болжам жасау қабілетінің және мақ сатқа жетпей тынбайтын 

қасиетінің ар қасында республикамыз бейбітшілік, келісім және тұрақтылық мекеніне 

ай налды. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан На зарбаевтың егемен мемлекетті қалып-

тастыру ісіндегі табысты бастамаларын жан-жақты зерттеудің маңыздылығын ескере 

отырып, жыл сайын Назарбаев оқуларын өткізу дәстүрге айналатын болады.


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 3.45 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет