Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 3.45 Mb.
Pdf просмотр
бет16/25
Дата09.01.2017
өлшемі3.45 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

Й

Й

«АЛАШ АЙНАСЫНА» АЙТАР ЛЕБІЗ

Бұл газеттің атауы әдемі. 

«Алаш» деген – әр қазақтың 

жүрегіне әдемі е

ст

ст

іл

і

ет

ет

ін сөз. 

Қазақтың негіз

гі

гі а

ата

та

уы

уы.



Ал

Ал

с

сол

ол 

Алаштың айнасы, «көзі, құлағы һәм 

тілі» бола білу, Алаштың бет-

бейнесін айнадағыдай өзіне қайта 

ұсына білу – үлкен жауапкершілік. 

Бұл сіздер

ер

дің газеттің қолынан келе 

ал

ал

ды

ды

д

д

еп

еп о

о

йл

йл

ай

аймы

мын. Алаш жұртына 

қызметтеріңіз адал болсын!

№213 (895) 

30.11.2012 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

АЛАШ АЗАМАТЫ

 

Қысқа қарай металл 



әшекейлерден арылу керек пе?

Әкесіз сәбидің тегі қалай анықталады?



Биліктегілерден бастап 

қарапайым халыққа дейін 

суға қатысты мәдениетімізді 

көтерсек ұтамыз

ДАТ!


Андрей БЕГЕНЕЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

АЛАШ-АҚПАРАТ



Халыққа сапалы 

қызмет – басты міндет 

Бүгінгі таңда еліміздің әрбір азаматы www.egov.

kz веб-порталы арқылы өтініш бере отырып, 

анықтамалар алып, салық және айыппұл төлей 

алады, некеге тұру туралы өтініш бере алады. Сон-

дай-ақ портал көмегі арқылы мекенжайлық анық-

тама алу, коммуналдық төлемдер жасау, зейнетақы 

аударымдары туралы мәлімет алу, балабақшаға 

кезекке тұру сияқты мемлекеттік органдарға жүгінуге 

байланысты қызмет түрлерін пайдалана алады. Ол 

үшін тіркеу процесінен өту қажет. Пайдаланушы 

келісімін қабылдау, жеке сәйкестендіруші нөмір 

(ЖСН) енгізу және пароль қажет. Бұл қызмет тізімін 

алу үшін адамнан электрондық цифрлық қолтаңба 

(ЭЦҚ) талап етіледі. 

«Электрондық үкімет» порталында 126 

интерактивті және транзакциялық қызмет түрі бар. 

Олардың қатарына 84 мемлекеттік қызмет пен 

сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түрін, мем-

лекеттік баждың 16 түрін төлеу, төрт салық төлемінің 

түрін және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 

айыппұл төлеу жатады. 

Қосымша айта кететін жағдайдың бірі 2012 

жылдан бастап салық төлеуші нөмірі (СТН-РНН) мен 

әлеуметтік жеке код (ӘЖК-СИК) орнына тек ЖСН 

жүретін болды. Қазіргі таңда ҚҚПБ бөлімінің ма-

мандары және халыққа қызмет көрсету орта-

лығының құжаттандыру бөлімінің қызметкерлері 

Алматы қаласындағы Жетісу ауданындағы мектеп 

оқушыларының ЖСН-ін түгендеу жұмыстарымен 

шұғылданып жатыр. ЖСН алмаған болса, мектепке 

келіп оқушылардың ата-аналарынан өтініш 

қабылдап, қолдарына қолхат береді ЖСН құжаттары 

дайын болғаннан кейін мектепке апарып, ата-

аналарға тапсырамыз. 

Ерлан ШҮРЕНОВ,

Алматы қаласы, Жетісу ауданы РМК халыққа 

қызмет көрсету орталығының бөлім бастығы

Қазақстанның қысқа мерзім ішінде қол жеткізген 

жетістіктері мен шыққан белестері, Тұңғыш Прези-

денттің еліне сіңірген еңбегі мен өскелең ұрпақтың 

отансүйгіштігін арттыру мақсатында жүргізілген 

ашық тәрбиелік сағаттары жарты күнге созылған 

мерекелік бағдарламаны бастап берді. Оқушылар 

мен ұстаздардың ұйымдастырумен өткен «Менің 

тұңғыш Президентім!» атты концерттік шарада 

бастауыш сынып бүлдіршіндері Елбасының балалық 

шағын сомдап, сахналық көріністер көрсетті. Мектеп 

мұғалімдерінің айтуынша, мұндай бағдарламаны 

ұйымдастырудағы басты мақсат: жас ұрпаққа Елба-

сының ерен еңбегін дәріптеу, Қазақстанды әлемге 

танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан 

мемлекет басшысының келбетін меңгерту болып та-

бы лады. «Оқушыларды елін сүйген, елі сүйген Елба-

сынан үлгі алуға тәрбиелеу – біздің басты мақ са-

тымыз», – дейді олар. Тіпті оқушылар да Елбасының 

рөлін сахналауға жарыса, таласа ынтыққан көрінеді.



Назархан УӘН,

кеш жүргізушісі, 6 «Б» сынып оқушысы:

– Бастауыш пен орта сыныптың балалары 

Президенттің бала кездегі рөлін ойнау үшін 

байқауға түсті. Біздің бәріміздің Президент 

болғымыз келеді. Ол үшін жақсы оқу керектігін 

білеміз. Апайлар ең жақсы оқитын балалар қазір 

мектептің, кейін елдің президенті болады деп 

айтты. Біз Елбасын үлгі тұтамыз.

Қаламқас АЛМАСБАЕВА,

№154 мектеп директоры:

– Бір сөзінде Елбасымыз «Бұл заман – білекке 

сенетін емес, білімге сенетін заман. Терең білім 

– Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азамат ты-

ғымыздың алдаспаны», – деген еді. Сол себепті 

де мұндай ауқымды шараларды жиі өткізіп 

тұруға міндеттіміз. Себебі мұндай шаралар 

балалардың ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін 

еселей түсуге көмек теседі. 

Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

Тәуелсіздік тірегі – 

терең білімде

Қарашаның 28-і күні Алматы қаласы 

Алатау ауданындағы Қ.Мандоки 

атындағы №154 жалпы білім беретін 

мектепте Тұңғыш Президент күніне 

арналған іс-шаралар өтті.

– Андрей Анатолиевич, бүгінгі 

әлем үшін тіршілік көзі 

саналатын су мәселесі уақыт 

озған сайын өзекті болып бара 

жатқаны рас. Орталық Азияда, 

оның ішінде Қазақстанда бұл 

мәселе онан сайын маңызды 

болып отырғаны айдан анық. 

Күні кеше Парламент сессиясын 

ашу барысында Мемлекет 

басшысы ең өзекті мәсе ле лер дің 

қатарында суды тиімді 

пайдалану мәселесін алдыға 

тартуы да соны аңғартса керек. 

Осыған орай Сіздің пікіріңізді 

білсек деп едік? 

– Жалпы, су мәселесі бүгінгі күні ғана 

өзектіге айналып отырған проблема 

емес. Мен бұл ретте мәселенің мәнісін 

Елбасының сонау «Қазақстан – 2030» 

стратегиясын белгілеген Жолдауынан 

бастағым келеді. Онда Нұрсұлтан Әбіш-

ұлы кез келген мемлекеттің басты бай-

лығы – адам екенін, сондықтан да халық 

денсаулығы әрқашан мемлекеттің басты 

шаруасы болуы керектігін айтты. Әлбетте, 

тек дені сау ұлт қана ұлы қадамдарға 

барып, керемет тамсанатын биіктерді 

бағындыра алады. Ендеше, шын мәнінде, 

Қазақстанның бүгін гі һәм келешек қауіп-

сіз 


дігінде халықты сапалы ауызсумен 

қамтамасыз ету ерекше орын алады деп 

айтсам артық болмас. Өйткені халықтың 

денсаулығы оның пайда ланатын суының 

сапасында жатыр. Сондықтан да, Қазақ-

станда жұртшылықты сапалы ауызсумен 

қамтамасыз ету мәсе 

лесін шешу аса 

маңызды әрі тұрақты міндет болып қала 

бермек. 


Әңгімеге арқау ретінде мынадай 

мәліметті айтқым келеді, Қазақстандағы 

тұты латын тұщы су қоры ТМД елдерімен 

салыстырғанда бар-жоғы 2,6 пайызды 

құрайды. Оның үстіне біз өзімізді айнала 

қоршаған Қытай, Қырғызстан, Өзбек-

стан, Ресей секілді елдерден келетін 

транс  ше кара лық  өзен  суларына  көп 

жағдайда тәуелдіміз. 

– Дегенмен су мәселесінде 

көр ші лес терге  тәуелділіктің 

белгілі бір деңгейі бар ма? 

– Судан келетін тәуелділік туралы сөз 

болғанда, біз негізінен сырттан келетін 

ағын суларды, өзен салаларына қатысты 

мәсе лелерді айтып отырмыз. Шынды-

ғында, көп шаруа судың басында отыр-

ғандарға байланысты екенін түсіндіріп 

жату дың өзі артық. Су реттегіштерінің, 

дамбылар мен қоймаларының барлығы 

өзеннің бастауында алдымен салынады. 

Судың сағасында, төмен жағында отыр-

ғандарға сосын тиеді. Ендеше мол суға 

басында отырғандар ғана қожайын. Ал 

олар дан артылып, бізге келіп жатқан су-

дың мөлшері де, сапасы да бізді еш қана-

ғат тан дырмайтыны тағы айқын. Осындай 

проб ле маларды  реттейтін,  ресурстарды 

екі жаққа тиімді пайдалану жөніндегі 

келі 

сім 


дер, өкінішке қарай, бізде әлі 

күнге жоқ. Бұған өз тарапымыздан 

маман дарды да еш кінәлай алмасымыз 

анық. Оның бірқатар объективті себеп-

те 

рі де баршылық. Ең бастысы, суға 



қатыс ты екі жақтың да көңі лінен шығатын 

келіссөздер қиынның қиы ны болып отыр. 

Оның үстіне өндіріс дүр 

кіреп дамып 

отырған мына заманда судың да сұрауы 

одан сайын қымбаттай түспек. 



– Ендеше қайтпек керек? 

Мәселені шешу жолдары бар ма?

– Проблеманы шешу жолдары жоқ 

емес. Суға қатысты Қазақстан тұңғиыққа 

кетті деуге де болмайды. Дегенмен 

транс  шекаралық су сипатындағы проб-

ле маларға келгенде, біз, ең алдымен, 

ішкі ресурс 

та 


рымызды тиімді шешіп 

алуға тиіспіз. Өйт кені, менің айтпағым, 

Қазақстан суға сонша лықты кедей де ел 

емес. Сол тұр ғыдан алғанда шағын өзен-

дер, көлдер, тоғандар арқылы су қор ла-

рын қажетімізге жаратудың ұтымды 

жолдарына үңілу керек. Мінеки, ме нің-

ше, еліміздің су проб лемасында дәл осы 

мәселе кемшіл болып отыр. Көктемге 

салым қар еріндісінен пайда болатын 

жайылма сулар, нөсерден құйы латын 

ағындар қаншама. Тіпті кейде шамадан 

тыс жауын-шашын бола қалса, соның өзі 

естен тандырады, ел-жұртты әбігерге 

салады. Соған орай кейде қызық жағ-

дай ларға да тап боламыз. Қазақс тан ның 

белгілі бір өңірінде, белгілі бір маусым да 

су шамадан тыс тасқынға ұласса, дәл сол 

аймақта келесі бір маусымда су тапшы-

лы ғы белең алады. Бұл ненің кесірі? Әри-

не, суды дұрыс жинамаудың, оны дұрыс 

пайдаланбаудың салдары. Сөйтіп, судан 

келетін екі қырсыққа бірдей тап болып 

отырмыз, оның бірі – су тапшылығы бол-

са, екіншісі – судың көптігі. Бұған дейін 

Көк сарай су реттегішін іске қосып, Сыр-

да  рияның суын дұрыс реттеуді үйрендік. 

Су тасудан туындайтын қатерден қойма 

сақтап келеді. Осындай мысалдарды 

орын  ды көтерген жөн деп білеміз. Түйін-

дей айтқанда, біз бір өңірлерде белгілі 

бір маусымда суға батып жатсақ, кері-

сінше басқа өңірлер су тапшылығынан 

жапа шегеді. Ендеше осының бәрін адам-

ның, кәсіби маманның, судың жайын 

білетін азаматтардың араласуымен ретке 

келтірсек игі. 

Тоқтала кететін мәселе, Қазақстан 

аума ғында 8 су шаруашылығының бас-

сейні қалыптасқан. Бұлар Арал-Сыр-

дария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Жайық-

Каспий, Есіл, Нұра-Сарысу, Шу-Талас, 

Тобыл-Тор ғай бассейндері. Ал енді өзен 

сулары 


ның жалпы ресурстық ауқымы 

101 текше шақы рымды құрайды. Соның 

57-сі Қазақ стан аумағында қалыптасады 

екен. Яғни, Қазақстандағы су ресурсының 

жартысынан көбі өз ішімізде қалыптасып 

отыр. Қалған 8 текше шақырымы Ресей-

ден, 19 текше шақырымы Қытайдан, 15-і 

Өзбек 


станнан, үшеуі Қырғызстаннан 

келе 


ді. Мінеки, осының өзі көпшілік 

жағдайда суды жөні мен пайдалансақ, 

бәрін де өз қолымызбен реттей алатын-

ды 


ғымызды білдіреді. Әрине, шеттен 

келетін суға да басымдық керек, алайда 

пайдалану тұрғысынан ішкі ресурстардың 

тиімділігін арттырған абзал. 



– Демек, суды тиімді 

пайдалану мәселесінде ішкі 

ресурстарға көбірек жүгінген 

жөн деп санайсыз ғой? 

– Осындайда қазақтың «Бұлақ көр-

сең, көзін аш» немесе «бір тал кессең, он 

тал ек» деген мақалын есіме аламын. 

Қазақстанға қауіп судан төнетінін естен 

шығармау үшін ел аумағындағы шағын 

өзен-көлдерге қамқорлықты ұмыт пауы-

мыз қажет-ақ. Оларға, меніңше, «тіршілік 

иесі» ретінде қамқорлықпен қарайтын 

кез баяғыда жеткен. Билік 

тегілерден 

бастап қарапайым халыққа дейін суға 

қатысты мәдениетімізді көтерсек ұтамыз. 

– Ал ішкі ресурстарды 

реттеудің механизмі қалай 

болуы керек?

– Бір мысал келтіре кетейін, бізде 

қазір үлкен сел тасқынынан қауіп аз. 

Өзен дер жағасында орын алып жатқан 

кейбір жағдайларды да өзіміз туғызып 

отырмыз демеске амалым жоқ. Мәселен, 

Жайық тасып, су арнасынан асты, сел 

қаупі туды. Сосын біз көршіге жаутаңдап, 

одан су ағысын азайтуды, өтетін су мөл-

шерін кемітуді сұрадық. Басында бұған 

көршілес мемлекет маңғазданып, илік-

пей әрең ғана барып жүр еді, кейін нен 

олар да жолын тауып, суды қысып жібе-

руді біртіндеп әдетке айнал дырды. Суды 

түр 

лі мақсаттарға бұруды үйренді. 



Сөйтіп, келе-келе әлгі алып өзеніміздің 

тасқыны болмақ түгіл, оның деңгейі 

біртіндеп төмендеп, азая бастады. 

Мінеки, бұның өзі экологиялық 

катастрофаның бастамасы болатын.

Ал реттеу механизміне келетін болсақ, 

«көл тамшыдан құралатынын» яғни 

үлкен өзендер шағын өзендерден құра-

ла тынын еске алуға тиіспіз. Бұл тұрғыдан 

келгенде солтүстіктегі көршімізге қараған 

өзенге құйылатын шағын салалардың, 

су-тоғандарының басым бөлігі Қазақ-

станның аумағынан ағып барып құйы-

лады. Ендеше мінеки, келіңіз, көріңіз, 

сосын дәл осы тұстан мәселені бастайық. 

Яғни, шағын өзендер ауқымынан өзіміз 

компенсациялық тетікті таба аламыз. 

Көршінің өзендеріне барып құйылып 

жатқан шағын суларды өз ішімізде иіріп, 

тоғандап, шоғырландырып іс қылайық. 

Оны балық шаруашылығы, орман шаруа-

шылығы секілді мақсаттарға бұрайық. 

Суды бекер ағатындай емес, көгал дан-

дыруға бұрып тастайық. Сөйтіп, суды 

шағын өзендерді пайдаланудан бастасақ, 

біз, шын мәнінде, көршілестерге көп 

мәселе бойынша алаңдамайтын да 

тәріздіміз. Қайта керісінше көршілеріміз 

бізден «шағын өзендерді неге қысты ңыз-

дар?» деп сұрауға да мәжбүр болуы 

мүмкін. Осыдан бастап суға қатысты 

иілмей келген көршілер келіссөз үстеліне 

амалсыз отыруы ықтимал. Ойлана білген 

адамға суды бұратын, оны тосып сақтай-

тын орын да жеткілікті. Тек экологиялық 

астарға үлкен мән берсек болғаны. 

Сосын әлемдік тәжірибені де зерделеген 

ләзім. 


Мәселен, Сингапурдың суармалы 

шаруашылыққа пайдаланылатын суының 

70 пайызы – жауын-шашын сулары. 

Олар жауын суын жинап, кейіннен суа ру-

ға соны пайдаланады. Әрине, сағат 

сайын сіркіреп жауатын жаңбыр Қазақ-

станда жоқ. Дегенмен, мен мысал ретін-

де, суды тиімді пайдалану тұрғы сы нан 

әлемдік тәжірибеде құпталған тетік 

ретінде мәселе көтеріп отырмын. Біздің 

Президент Н. Назарбаев Сингапурды көп 

мысалға алатыны белгілі. Ендеше сол 

елден осындай озық дүниелерді игерген 

орынды. 


– Жақсы. Енді таза ауызсу 

мәселесіне келсек. Президент 

«XXI ғасыр – ауызсу ғасыры 

болмақ. Әлемдік нарықта соғыс 

мұнай үшін емес, су үшін 

болады» дегені бар еді. 

– Бұл рас. Қараңыз, бүгіннің өзінде 

ішуге пайдаланылатын таза ауызсу дүкен 

сөрелерінде басқа да тауарлармен қатар 

тұр. Онда да емдік сулар емес, кәдімгі 

күнделікті ішуге пайдаланатын сулар 

сөреден орын алып жатыр. Тіпті судың 1 

литрлік бағасы бензин бағасынан да 

асып түседі. Бұдан кейінгі жағдайларда 

осындай үрдіс төмендемейді, керісінше 

қарқын ала түседі. Сондықтан да, «суға 

қатысты әлемдік тартыс» алдағы 

ғасырларда қыза түсуі бек мүмкін. 

– Ендеше Қазақстанның таза 

ауызсуына қатысты жағдайы 

нешік пе?

– Қазақстандағы тұщы су қорлары 

бойынша статистикалық анықтамалыққа 

да көз жүгіртіп өтсек. Бұл шамамен 190 

текше шақырымды құрайтын алаңды 

алып жатыр. Су қоймаларының ауқымы 

– 95, өзендер ағынын – 101, жерасты 

сулары – 95 текше шақырымды, мұз дақ-

тар – 58 текше шақырымды құрайды. 

Көр 


сеткіштер осыншалық ауқымды 

болға 


нымен, оның тиімділігі біз үшін 

мүлдем мардымсыз. Менің ойымша, су 

мәселесіне келгенде жоғарыда айтқа-

ным 


дай, адамдарды тәрбиелеуге де 

барынша мән берілгені ләзім. Суды 

үнем шілдікпен пайдалануға азаматтарды 

үйреткен орынды. Мынадай мәліметтер 

де бар: егер пайдаланылатын су 100 

пайыз есептеліп тұратын болса, яғни 

адам өзі ағызатын судың ақшаға есеп те-

ліп ағатынын, оның әр литрі үшін ақша 

төлеуі керектігін біліп жүрсе, онда суды 

үнемдеу мөлшері 40 пайызға дейін 

жетеді екен. Сондықтан да суды пай да-

ла натын әрбір азаматтың үнемшілдікке 

қатысты мәдениетін көтеріп, заңды 

тұлғаларды да, жеке тұлғаларды осындай 

игілікке үйреткен абзал. 

– Дегенмен біз ауызсудың 

өзін дұрыс пайдаланбай 

отырғанымыз да рас қой. 

Мәселен, автожуу орындарын 

алыңыз? Онда сол ішуге 

жарамды су ағыл-тегіл. Ендеше 

бұл бағытта қайдағы үнемділік, 

қандай тәрбие туралы әңгіме 

айтуға болады? 

– Біріншіден, біздің еліміздің барлық 

өңірлерінде дерлік пайдаланылатын суға 

сараланған тариф енгізілді. Ішуге 

жарамды ауызсуды сіз айтып отырғандай 

басқа мақсаттарға пайдалануға тыйым 

салатын тізімдер де бар. Ондай мақ сат-

тар ға қолданылса, су міндетті түрде есеп-

теуден өтуі шарт. Яғни, кім суды көп пай-

даланса, сосын оны ластаса, сол көп 

төлем жасауы шарт. «Көп пайдаланған 

көп төлейді» деген қағидаттың орнағаны 

дұрыс. Елді осы тәртіпке үйретпесек, 

үнемдеудің пайдасын да көре алмасымыз 

анық. Шетелден үлгі алу қажет. Мәселен, 

немістер суды қатты үнемдейді. Неге? 

Өйткені үнемдеп, аз-маздан тұтынғанның 

өзінде еуропалықтар өз отбасы бюд же-

тінің 40 пайызын коммуналдық шығынға 

жұм сайды екен. Бұл неге үйретеді? Әлде 

бізге бәрібір ме? 

Расында, біздің көпшілігімізге әлі де 

әсер етпей тұрған екінші бір мәселе бар. 

Су – бұл адам өмірінің маңызды элементі 

ғана емес, бұл біздің елімізде шыға ры-

латын әрбір өнімнің бағасын қалып тас-

ты руға мықты әсер ететін басты элемент. 

Кей жағдайда бұл олай еместей көрінеді, 

ал меніңше, бұл солай болуы да керек. 

Шындығында, өркениетті елдің бәрінде 

су бағасы баға қалыптастырушы эле-

мент тердің бір құрылымына жатады. Кез 

келген тауарды өндіретін болса, ондағы 

судың құны алдымен алынады. Мысал 

ретінде айтар болсақ, әлгі біз тамсанатын 

тамшылатып суару, суды аз мөлшерде 

пайдалану секілді технологияның бәрі су 

бағасының қымбаттауынан барып туын-

даған дүниелер екендігінде дау жоқ. Есе-

сіне сол тамшылатып суаруды ойлап 

тапқан Израильдің тауарлық өнімдері 

баға бәсекесінде аса қабілеттілік рөлін 

ойнайды. Неге? Тағы сол суарудан үнем-

деудің арқасы. 

Ал автожуу нысандарына келетін 

болсақ, оларға таза ауызсуды пайда ла-

нуға еш жол бермеу керек! Суы тапшы 

елдер бұны көрсе шалқасынан түсетін 

еді. Шынымен ұят нәрсе. Сондықтан да, 

еліміздің кез келген автожуу секілді 

нысан дарында айналым циклдері қам-

тылғаны абзал. Яғни, кез келген ондай 

нысанда шағын айналма циклдары орна-

тылуы шарт. Ал таза ауызсуды бұған 

пайдалану барлық нормативтер бойын-

ша тыйым салынады. Егер ондай мәсе ле-

лер орын алып жатса, онда бұған жер гі-

лікті билік көз жұма қарап отыр, не 

бол 

маса шынымен оны тексермейді 



деген сөз. 

Жалпы, осы тұрғыдан ойланатын 

мәсе ле жетеді. Қазақстанның көрнекті 

ғалы мы Бөрлібаев Мәлік Жолдасұлының 

айтқаны есімде сақталып қалыпты. Ол 

«Мал өсіруге қолайлы Қазақстанда күріш 

өсірудің қажеттілігі қанша еді?» деп 

мәселе көтерген болатын. Бір жағынан 

қарапайым мәселе секілді көрінеді. 

Алайда су үнемділігі жағынан келгенде 

бізге күріштен гөрі, мал өсірген әлде-

қайда қолайлы еді. 



– Андрей Анатольевич, 

елімізде индустриаландыру 

жүріп жатқаны белгілі. Ендеше 

өндірісте пайдаланылатын суға 

да маңыз берілуі керек секілді. 

Өнеркәсібі мықты дамыған 

кәсіпорындарда су мәселесі 

қалай жолға қойылған?

– Орынды мәселе. Бұл ретте мен 

«Арселор Миттал Стил Темиртау» комби-

натын мысалға алғым келеді. Қазақстанда 

ғана емес, әлемдегі ірі комбинат сана-

латын бұнда суды орынсыз пай даланатын 

жайттар кездеседі. Кәсіпорында су көп. 

Орташа алғанда шамамен 8 миллиард 

текше. Сондықтан да, бұндай кәсіп орын-

дарда суды тиімді пайдалану техно-

логияларын енгізбесе болмайды. Жаңа 

технологияның өзі су пайдалануды азай-

туды білдіреді. Әлгіндей компа ния лар 

мем 


лекет алдында барлық міндет 

те-


меле 

рімізді орындадық дегенді алға 

тартып, суды ағыл-тегіл пайдаланып жат-

са, ол дұрыс емес деген сөз. Мемлекет 

қандай мекеме болмасын суды үнемдеуге 

мәжбүрлеу тетігін пайдаланса игі. 

Өйткені әлемнің көптеген елдерінде суды 

үнемдеу технологияларын енгізуге көшіп 

жатыр. Ендеше жоғарыда айтқа ны мыз-

дай, біз, ең алдымен, өзіміз ішкі ресурс-

та рымызды, ішкі кәсіпорындарымызды 

рет теп алмай, сыртқа «судан тарылдық» 

деп айқай салғанымыз түк жараспайды. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 3.45 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет