Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет 3-бетте Гүлшара Әбдіқалықова



жүктеу 0.69 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата03.04.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

3-бетте

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау министрі: 

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, 

Адам ұрпағын өрбіту институтының директоры, 

ҚР Президентi жанындағы Әйелдер iстерi және 

отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi 

ұлттық комиссия мүшесі:

ОЙ-КӨКПАР 



Ресейдегі секілді бізде де «ана капиталын» енгізу керек пе?

Шанхайға жеткен газды Алтайға 

жеткізе алмаймыз ба?

4-бет

7-бет

2-бет

Олимпиада 

жүлдегерлері туған 

елге оралды

Үкіметтің 

жаңартылған 

құрамы жұмысқа 

кірісті


Алдын алмаған ауру 

арандатып тынды

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті 

баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың 

хабарлауынша, түркістандық тәртіп сақшылары сағат 

21.30-дар шамасында департаменттің жедел әрекет 

етуші арнайы отрядының арнайы бөлімшесімен 

бірлесе отырып, қаладағы жекеменшік үйлердің 

бірінен үш күдіктіні ұстайды. Тұтқындау кезінде кү-

діктілер полицейлерге қарулы қақтығыс көрсетіп, бір-

неше рет оқ атқан. «Қуанышқа қарай, бұл оқыс оқиға 

кезінде адам шығыны болған жоқ», – дейді С.Қара-

көзова. Кілең 28-30 жас аралығындағы тепсе темір 

үзетін күдіктілерден 24 оғы бар «Сайга-МК» және 30 

оғы бар автомат, оптикалық нысанасы бар 16 калибрлі, 

қос ұңғымалы мылтық, алты оғы бар «ТТ» маркалы 

тапанша, қолдан жасалған сегіз оқты ре вольвер, екі 

пышақ пен қару тазалауға арналған шомпол тәркіленді. 

Сондай-ақ үйдің аумағынан «ТТ» тапаншасы мен 

белгісіз қарудың гильзалары табылған. Демек, күдік-

тілер бақайшағына дейін қаруланған әккі бандалық 

топ болған. Оның үстіне, күдіктілердің біреуі бұрын да 

қарақшылық шабуылы үшін түрмеге жатып шыққан 

болса, өзгелері – жұмыссыз. Белгісіз қарудан атылған 

гильзалардың табылғанына қарағанда, тәркіленген 

қарулар соңғы болмауы да мүмкін. Енді тергеу 

амалдары күдіктілердің өзге қылмыстарға қатысы бар-

жоғын анықтайтын болады. Алынған айғақтар 

сараптамаға жіберіліп, қаруды заңсыз сақтау және кісі 

өлтіруге әрекеттену деректері бойынша қылмыстық іс 

қозғалды. 

Шадияр МОЛДАБЕК, 

Оңтүстік Қазақстан облысы 

Түркістан 

полицейлеріне 

оқ атылды

Түркістан қаласының полицейлері 

облыстағы әріптестерімен бірігіп, қару-жарақ 

арсеналын тәркіледі. Қаруды заңсыз сақтаған 

топты ұстау кезінде күдіктілер полицейлерге 

бірнеше рет оқ атқан.

ОҚИҒА


www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

148,42

193,08

4,80

23,44

12708,82

1,30

1513,34

1184,15

110,09

1678

Ветеринарлық полиция құрылмайынша, малдың жайы мәз болмайды

Әрине, оның сан сылтау, мың жауабы бар. 

Бұрынғы колхоз, совхоздарың келмеске кетті. Ірі 

ұжымшар дегендеріңнің өзі мал дәрігерлерін 

жұмысқа алуға қауқарсыз. Айналып келгенде ауыл-

дардағы аз-маз малға екпе егіп, ауру-сырқауын 

емдеумен азын-аулақ айлықты місе тұтуына тура 

келеді. Жағдайы барлары қаладан не болмаса 

аудан орталығынан ветеринарлық емхана, дәріхана 

ашып алады. Ал қолында дипломы болғанымен, 

қалтасында көк тиыны жоқтар, амал жоқ, басқа 

кәсіп тің тұтқасынан ұстаудан басқа амалы кем. Сон-

да бүгінде «қажетсіз» маман дықтардың тізіміне 

кіріп кеткен мал дәрігерлерін не үшін бақандай бес 

жыл бойы оқытып жатырмыз? Бұл мамандыққа 

сұраныс жоқ деп ешкім де айта алмас. Алайда шал-

ғай шеттегі ауылдарға мал маманының бар мауына 

не себеп? Расында, бүгінде ветеринария саласының 

күн түсуі тиіс көлеңкелі тұстары көп. Ең алдымен 

осы салаға қатысты заң талаптарының назардан 

тыс қалуы... Қолында құрығы барлардың өзі вете-

ринария саласындағы заң талаптарының орын-

далуын қадағалауға да қауқарсыз. Бүгінгідей етті 

экспортқа шығарамыз деп жанталасып жат қанда 

мұнымыз, әрине, орны толмас олқылық. Ветери-

нарлық полиция құрылуы тиіс деп жатқандар да 

жоқ емес. Елімізде кез келген уақытта сібір жа расы, 

бруцеллез бұрқ ете қалуы мүмкін. Мұның бәрі де 

ветеринарлық-санитарлық қызметтердің кем-

шіндігінен, қауіпті ауруларға қарсы кешенді жұ-

мыстың жоқтығынан деуге болады. 2004-2005 

жылдары ел үкіметінің қаулысымен малдарға 

құтыруға қарсы, пастереллоз, бруцеллезге қарсы 

екпе егу тоқтатылды. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйы-

мына кіруге кедергі болады деп түсіндірілді. 

МӘСЕЛЕ


Бұрындары колхоз, совхоздардың дәурені 

жүріп тұрған уақытта зоотехник, ветврач-

тарыңыздың түкірігі жерге түспейтін. Олар 

ауыл интеллигенциясының көш басындағы 

құрметті орында отыратын. Малды 

«списайть» етіп «май шайнайтын» құзырлы 

қызмет болатын. «Нархозға» түсемін 

дегендерің бірден малдәрігерлікті таңдайтын. 

Бүгінде ветеринарияны таңдағандардың 

басым бөлігі дипломды жұмыссыздар 

қатарында. Осы уақыт аралығында мал 

дәрігерінің беделі неге сонша түсіп кетті?

Жалғасы 3-бетте   

...де

дiм-ай, а

у!

Жалғасы 4-бетте   

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТ ӨЗІМІЗДЕ 

ӨНДІРІЛЕТІН ГАЗБЕН ҚАМТУҒА 

БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ

Негізінен, келесі дүйсенбіден бастап өз 

күшіне енетін аталған заң еліміздің жылу-энер-

гетикалық балансындағы газбен тұтыну шы-

лардың кең ауқымын үздіксіз қамтамасыз етуге 

жағдай жасау үшін энергетикалық және эколо-

гиялық қауіпсіздік мақсатында әзірленген. 

Әсіресе ел қажеттілігіне өзімізде өндірілетін 

ілеспе газды тиімді пайдалануға жағдай жасау 

үшін. Заң жобасы әзірлену барысында мұнай 

және газ министрі Сауат Мыңбаев оған бы-

лайша мінездеме берген-тұғын: «Бұл заң 

жобасы Үкіметпен белгіленетін ұлттық оператор 

қызметі үшін іргетас болады. Өз кезегінде бұл 

компанияға елдің ішкі сұранысын қамтамасыз 

ету үшін тауар түріндегі және шикі газды сатып 

алу мемлекеттік құқығын жүзеге асыру мін дет-

теледі».


Естеріңізге сала кетелік, кезінде Үкімет газ 

саласы бойынша 2004-2010 жылдарға арнал ған 

даму бағдарламасын қабылдаған болатын. 

Алайда көбіне бағдарламада қамтылып, меже-

ленген мақсаттар игерілмей қалды. Сол кездегі 

халық қалаулыларының пайымдауынша, ар найы 

заңсыз, нақтыланған нормативтерсіз, алға 

қойыл ған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін 

бекітілген экономикалық әдіс-тәсілдерсіз бұл 

бағдарламаның бағы жанып кетуі екіталай еді. 

Осы жағынан алғанда, «Газ және газбен қамту 

туралы» заң жобасын қабылдауға Үкімет үлкен 

дайындықпен келіп отыр.

Елбасымыз былтырғы халыққа Жолдауында: 

«Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдар-

ламаларды – білім беру, денсаулық сақтау және 

тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім. 

Отандық мамандардың есебінше, 

1000 текше метр газ 2 тонна көмірді 

алмастыра алады екен. Яғни 

экологиялық тазалығы мен қаржылық 

тиімділігі жағынан жылыту саласында 

бүгіндері газдан артық отын болмай тұр. 

Тіпті соңғы кездері қалалық жер үйлер 

ара сында орталық жылу жүйесінен шы-

ғып, газға жаппай көшу тұрғы сындағы 

құбылыс кеңінен етек алған. Міне, 

халықтың осындай ауқымды көлемдегі 

сұранысы мен әлеуметтік қажеттілігі 

былтыр жыл соңында елімізде «Газ 

және газбен қамту туралы» заң 

жобасының дайындалуына түрткі 

болған. Бұл заң таяуда Сенаттың кезекті 

отырысында толықтай мақұл данып

қабылданып та үлгерді.

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

ИӘ

– Әрине, бізге де «Ана капиталын» 

енгізу керек. Еліміздің территориясы 

ай тарлықтай үлкен. Осындай дарқан 

далаға халықтың саны да сай болуы 

қажет. Өкінішке қарай, халқымыздың 

саны аз. Сондықтан түрлі жолдармен 

ын таландыру арқылы халқымыздың 

санын арттыруымыз қажет. Оның 

ішінде Ресей мемлекетіндей «ана ка-

пи талын» енгізу де артықтық етпес 

еді. 


Бүгінде қалалық жердегі жас 

отбасылардың көбісі баспанаға зәру. 

Сондықтан дүниеге бір бала әкел-

геннен кейін жанталасып жұмысқа 

шығып, үй алып әлеуметтік жағдайын 

дұрыстауға тырысады. Жағдайын 

жасауды алғашқы орынға қойып, 

дүниеге бала әкелуді екінші кезекке 

ысырады. Күнкөрістің қиындығынан 

осындай қадамға баруға мәжбүр. 



ЖОҚ 

– Әрине, ана мен балаға жағ дай 

жасау қажет. Бірақ оның бәрін жүйелі 

түрде, яғни еліміздің қазіргі жағдайы 

мен қалыптасып отырған ахуалға орай 

жасаған жөн. Мәселен, біздің елі міз 

бен Ресейдің демографиялық ахуалын 

салыстыруға келмейді. Олар 

да әр 

отбасында бір баланың бо луы қалыпты 



жағдайға айналса, бізде кем дегенде 

әр отбасында 2-3 ба ладан бар. Сондай-

ақ бұл – әр елдің эконо микасына қарай 

да жүйелі түрде жаса латын шаруа.

Әрине, көрші елдің әрбір жақсы 

әрекетінен үлгі, қателігінен сабақ ала 

білу керек. Қазіргі таңда біз Ресейдегі 

«Ана капиталының» артықшылығы 

мен кемшілігін зерттеп жатырмыз. Бі-

ріншіден, ондағы аналар алғашқы 

орынға ақшаны қойып, бала тәрбие-

сіне көңіл бөлуді екінші кезектегі мәселе 

ретінде қарайды.  

Төрткіл дүниедегі біраз мемлекеттер демографияны 

арттырудың әртүрлі жолдарын қарастыруда. 

Мәселен, бір ел экономикалық жолмен, яғни 

аналарға қаржылай көмектесуді қолға алса (АҚШ, 

Сауд Арабиясы, Малайзия, Ресей), екінші бір ел 

құқықтық жағынан, яғни жасанды түсік жасауға 

түбірімен тосқауыл қою арқылы (Түркия), үшінші 

бір ел әлеуметтік жағынан ынталандырып, 

балабақша, аурухана, мектеп секілді нысандармен 

толық қамтамасыз ету арқылы адам санын 

арттыруға тырысуда. Жасыратыны жоқ, біздің 

елімізде де салыстырмалы түрде алғанда 

демографиялық өсімнің төмендеушілігі байқалады. 

Алысқа ұзамай-ақ іргелес Ресей мемлекеті 

демографияға алаңдаушылық танытып, «Ана 

капиталы» атты бағдарлама қабылдап, оның 

алғашқы жарнасын 250 мың рубль деп белгілеп, 

2011 жылы 365 700 рубльге үстемелеп, ал биылғы 

жылдан бастап 387 640 рубльге (1 837 413 теңге) 

жеткізуі тегін болмаса керек. Осы орайда «Біздің 

елімізге де «Ана капиталын» енгізу керек пе?» деген 

сауалды мамандарға қойып көрген едік.

Владимир ЖИРИНОВСКИЙ, 

Ресей думасының депутаты, 

РДПЛ төрағасы:

– «Парламент» – француз 

тілінен аударғанда «сөйлеуіш» 

деген мағына береді. Ендеше, 

сөйлей алмайтын депутаттар 

орнынан тұрсын да, мына жерге 

енді қайта кірмейтіндей болып 

шығып кетсін. 



(Итоги ру сайтынан 

алынды)

№11 (693) 

25 қаңтар

сәрсенбі


2012 жыл

Ахметбек НҰРСИЛА:

6-б

етте

Қымыз өндірісін 

дамыту үшін 

арнайы заң керек



ДАТ!

Гүлжан КӨШЕРОВА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№11 (693) 25.01.2012 жыл, сәрсенбі             



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

САЯСИ БЮРО

Туудан Африка елдері – алда

ҮКІМЕТ


Үкіметтің жаңартылған 

құрамы жұмысқа кірісті

Сәкен КӨКЕН

Арман АСҚАР

Үкімет басшысы атап көрсеткендей, 

бүгінде Министрлер кабинеті мен барлық 

мемлекеттік органда негізгі тағайындаулар 

аяқталды. «Кадрлық мәселелер шешілді. 

Енді Елбасы жүктеген тапсырмаларды 

орындауға кірісу қажет», – деп атап көр-

сетті К.Мәсімов. Осыған орай ол жаңадан 

тағайындалған өз орынбасарларының 

басты міндеттеріне тоқталып, олардың 

қыз мет аясын белгілеп берді. 

Бұдан былай Премьер-министрдің бі-

рінші орынбасары қызметіне тағайын дал-

ған Серік Ахметов экономика мен өңірлік 

сая сат, өнеркәсіп, үдемелі индустриялық-

ин новациялық даму бағдарламасын жү-

зеге асыру, энергетика, туризм, алтын өн-

діру, техникалық реттеу, қазақстандық 

қам ту саласындағы мемлекеттік саясатты 

іске асыру жұмысына жауап беретін бола-

ды. Айта кеткен жөн, С.Ахметов үшін 

Үкіметтің жұмысы таңсық емес. 2009 жыл-

дары да ол Премьер-министрдің орын ба-

сары қызметін атқарған болатын. Содан 

бо лар, оған Үкімет басшысының бірінші 

орын  басары ретінде қосымша агро өнер-

кәсіп кешені, жер және су қатынастары, 

қор шаған ортаны қорғау, табиғи ресурс-

тар ды пайдалану, ғарыш қызметі, құрылыс, 

төтенше жағдайлар, тұрғын үй-комму нал-

дық шаруашылықты жаңғырту, көлік және 

ло гистика инфрақұрылымын дамыту мәсе-

ле лері жүктеліп отыр. Осыған байланысты 

С.Ахметов 2011-2015 жылдарға арналған 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты 

жаң ғырту, тұрғын үй құрылысы, қорғаныс 

өнеркәсібі кешені, көлік инфрақұрылымын 

дамыту және «Ақбұлақ» бағдарламаларына 

жауапты болмақ.

Үкімет басшысының орынбасары қыз-

ме тіне тағайындалған Қайрат Келімбетов 

болса макроэкономикалық және бюджеттік 

саясат, мемлекеттік активтерді басқару, 

қаржылық сектор, салық және кеден сая-

саты, мемлекеттік-жекеменшік әріптес тік ті 

дамыту, концессия, табиғи монополиялар-

ды реттеу, бәсекелестікті дамыту, сауда 

және тарифтік саясат, сондай-ақ мемле-

кет тік жоспарлау жүйесін жүргізу саласы 

бойынша жұмыс істейтін болады. Онымен 

қоса Қазақстанның Дүниежүзілік сауда 

ұйы мына мүше болу, Еуразиялық экономи-

ка лық қауымдастық, Кедендік одақ және 

Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы 

ынтымақтастық мәселелерін үйлестірмек. 

«Ертең болатын Еуразиялық экономикалық 

комиссияның кезекті отырысы сіз үшін 

ұлттық мүддемізді қорғау тұрғысынан қан-

шалықты мықты екеніңізді тексеретін сы-

на қтардың бірі болмақ», – деді К.Мәсімов 

өзі нің жаңа орынбасарына. 

Ал өз орнында қалған Ербол Орынбаев 

білім, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік 

саясат, мәдениет, шағын және орта бизнес, 

әлеуметтік әріптестік, туризм, спорт, бизнес 

қауымдастығын мемлекеттік органдардың 

жұмысымен үйлестіру, әкімшілік реформа-

ны іске асыру, оның ішінде әкімшілік кедер-

гі лерді азайту, салық және кедендік әкімші-

лендіру мәселелерін шешетін болады. 

Сондай-ақ ол Doing Business рейтингісінде 

Қазақстанның индикаторларын жақсарту-

ға, Дүниежүзі банкі, Еуропалық комиссия, 

Экономикалық әріптестік пен даму ұйымы 

және Қазақстандағы АҚШ-тың Сауда 

палатасы қолға алған жобаларға жауап 

беріп, «Бизнестің жол картасы – 2020» 

мен «Еңбекпен қамту – 2020» бағдарла-

маларын іске асыру барысын бақылайды.

Үкіметтің жаңартылған құрамы алдын-

да К.Мәсімов ел экономикасын жыл сайын 

7 пайызға көтеру міндетін тағы бір мәрте 

еске салып өтті. «Бәріміз білеміз, осы мін-

детті діттейтін 2015 жылға дейін арнайы 

жос пар да бар. Қазіргі кезде біз әлемдік 

қар жы дағдарысының екінші толқынына 

тап болудың сәл-ақ алдында тұрмыз. Оған 

еуропалық аймақтағы тұрақсыздық дә  лел 

бола алады. Оған қарамастан, біз бел-

гіленген тәр тіптен ауытқымаймыз», – деп 

атап көрсетті К.Мәсімов. Дегенмен Пре-

мьер-министр әлемдік экономикада қа лып-

тасқан жағ дайды ескере отырып, Үкі мет пен 

министр ліктер  арасында  рәсім де летін  ме мо-

рандум дарға тиісті өзгерістер ен гізуді тап-

сырды. Ол құжаттар келесі апта да басталатын 

мем лекеттік органдар дың алқа мәжілістері 

ба рысында рәсімде леді. К.Мәсімовтің ха-

бар лауынша, алқа мә жілістерінің бір бө лігі 

аймақтарда өткізіледі.

Украинаның қазіргі үкіметі тек ер 

адамдардан құралған



Әлеуметтік желілерді 

заңмен реттеу мүмкін бе?

қор ғай алады. Мәселен, АҚШ-тың респуб-

ликашылдар партиясы оқырмандарының 

саны жағынан Барак Обамамен тең бәсеке-

лес тік жүргізіп, бұл мәселеге айтарлықтай 

көңіл бөліп жатыр. Сол секілді Қазақстанда 

да соңғы президенттік сайлау мен парла-

мент тік сайлау барысында кандидаттар, 

пар тия мүшелерінің әлеуметтік желілермен 

жұ мыс жасауға деген ұмтылысы бай қалды. 

Қысқасы, дұрыс бағытта дамып жат қан 

виртуальды қатынастар «электронды де-

мок 

 

ратияны» жетілдіріп, прогреске же-



телеуі әбден мүмкін. 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР АРАНДАТУШЫ 

ҚҰРАЛҒА АЙНАЛА АЛАДЫ

Дегенмен ХХІ ғасырдың құдіретті құ ра-

лына айналған интернет әрдайым осылай 

бейбіт бағытта жылжи бермейтін сияқты. 

Оның тағы бір бейнесі, радикалды бағыты 

да бар. Мұның айқын бейнесін өткен жылы 

әлемнің әр түкпірінде, әсіресе, «Араб 

көктемі» деген атпен тарихқа еніп үлгерген 

саяси төңкерістер, Англияның Тоттенхэ-

мінен басталып, бүкіл Лондонды қамтыған 

ағылшын жастарының бүліктері, Минскідегі 

халықтық «үнсіз шеру», Мәс кеу дегі анти-

путиндік шеру, Америкада пай да болып, 

әлемнің көптеген елдеріне жыл 

дам 

таралып жатқан «Уолл-стриттік» шеру 



дәстүрінен байқауға болады. Бұл бүлік-

тердің қай-қайсына да интернет пен әлеу-

меттік желілердің әсері ерекше болды. Fa-

cebook, Twitter сынды әлеуметтік желілер 

ар қылы жастар бір-бірін бүлікке шақырды. 

Техникалық тұрғыдан да, ұйымдастыру 

ша раларына да осы желілер көмек болды, 

наразылық білдіру шараларының уақыты 

мен өткізілу орыны виртуальды әдістермен 

жарияланып отырды. Әрине, оның ара-

сында бүлікке, зорлық-зомбылыққа шақы-

ра тын арандатушылық та орын алды. 



ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ЗАҢМЕН 

РЕТТЕУГЕ БОЛА МА?

Қазір интернет пен әлеуметтік желілерді 

барынша күшейтуге мұрындық болған 

батыс әлемі виртуальды қатынастарды 

заң мен реттеудің тетігін таба алмай қалды. 

Интернет өз алдына бөлек әңгіме, оның 

ішінде әлеуметтік желілерді ауыздықтап 

отырудың заңды жолдары әзірге жасалған 

жоқ. Мәселен, түрлі радикалды, экстремис-

тік, арандатушылық сарындағы сайттарды 

техникалық жолмен тыйып тастауға бола-

ды. Ал әлеуметтік желіде қалай болады? 

Құ қық қорғаушылар әрбір адамның аузы-

на қақпақ бола алмасы анық. Тіпті дамыған 

ел дерде де әлеуметтік желілерде айтылған 

пікір лердің заңдық тұрғыдан қалай қа-

былданатыны анық емес. Бір жағынан ер-

кін пікірге тыйым салу цензураға алып кел-

се, екінші жағынан оларды еркіне қоя беру 

ха 


лықты арандатушылыққа ұрындыруы 

ықтимал. Мәселен, ресейлік интернет тұ-

ты нушыларының сүйікті желісіне айналып 

САР


АП

Интернеттің қоғамдық қатынастарға 

әсері қос бағытта болуы мүмкін. Алғаш-

қысы – бейбіт әрі қалыпты бағыт. Мәселен, 

электронды үкіметті алайық. Бұл да – 

мемлекет басқару мәселесіндегі револю-

ция лық құбылыс. Еуропалықтар болашақта 

электронды үкімет барынша жетіліп, халық 

пен биліктің ортақ мәміледе, түсіністікпен 

өмір сүруіне себеп болатындығына кәміл 

сенеді. Расында, солай болуы мүмкін. 

Себебі электронды үкімет – ең алдымен 

жемқорлыққа тежеу салуға көмек беретін 

құрал. Әсіресе, қаржы мәселесіне келгенде 

ашықтық пайда болады. 

ИНТЕРНЕТТЕН – «ЭЛЕКТРОНДЫ 

ДЕМОКРАТИЯҒА»

Интернеттің бейбіт бағыттағы игі мүм-

кін  діктерінің бірі – саяси партиялардың 

өнім ді жұмыс жасауына себеп болуы. Көп-

теген шетелдерде саяси партиялардың 

рес ми сайттары қоғаммен тікелей қарым-

қа ты насқа түсетін диалог алаңы ретінде 

жұ мыс жасап тұр. Партия мүшелері өздері-

нің көзқарастарын жазады, ал оның астын-

да қарапайым халықтың пікір алмасуы 

кө рініс береді. Бұл бір жағынан саяси пар-

тиялардың түрлі шерулер ұйымдастырып, 

қаржыдан шашылмай, үнемді жұмыс жа-

сауы на көмектеседі. Саясаткерлер қауымы 

әлеу меттік желілерді пайдалана отырып, 

ха лықпен пікір алмасып, жеке имиджіне 

жұмыс жасай алады. 

Мәселен, қазір АҚШ Президенті Барак 

Оба маның Twitter-дегі оқырмандарының 

саны 12 миллионнан асып кетті. Ал Ресей 

Пре зиденті Дмитрий Медведевтің оқыр-

ман дары 1 миллионға жуықтап қалды. 

Қа 

зақстанның Премьер-министрі Кәрім 



Мәсім овтің Twitter-дегі оқырмандары 34 

мың ға жетті. Осылардың қай-қайсысын 

алып қарастырсақ та, олардың оқырман-

да 


рының саны өз еліндегі ең танымал 

басы лымдардың  таралымдарымен  бірдей, 

бәл кім асып та кетеді. Яғни халықпен пікір 

алмасып, жеке имидж қалыптастырғысы 

келетін саясаткерлерге бұл тамаша 

мүмкіндік. Сондай-ақ оппозиция өкілдері 

де жеке көзқарасын виртуальды әлемде 

үлгер 


ген «ВКонтакте» әлеуметтік желісі 

алда ғы наурыз айынан бастап жабылаты-

нын мәлімдеді. Бұған құқық қорғаушылар 

тарапынан жасалатын тоқтаусыз тексерістер 

себеп болған. Әлеуметтік желінің құрыл-

тай шысы Павел Дуров құқық қорғаушылар-

дың қысымын цензураға балап, жобаны 

жалғастырудан бас тартып отыр. Яғни 

әлеуметтік желілерді реттеп отыру оңай 

емес. Әсіресе, сыртқы факторға көп тәуел-

ді, яғни елдің ішкі жағдайына сыртқы күш-

тердің ықпал етуіне кеңінен жол ашатын 

же лілер бар. Қазақстандық интернет пай-

даланушылардың кең қолданысында жүр-

ген әлеуметтік желілердің барлығы – 

шетелдік өнім. Facebook пен Twitter аме-

рикалық желі болса, Mail.ru, «ВКонтакте» 

сынды желілердің авторы – ресейліктер. 

Демек, Қазақстанға сыртқы күштердің 

ықпал ету мүмкіндігі зор. 

Дегенмен мамандар бұл мәселені де 

болашақта техникалық жолмен реттеуге 

болатынын айтады. Қазіргі кезде әлеуметтік 

желілерге кез келген адам, кез келген атпен 

тіркеле алатын болса, болашақта ол төлқұжат 

көрсету негізінде, бір адам бір-ақ рет жеке 

парақша аша алатындай болып өзгеруі 

мүмкін. Мәселен, қазіргі Оңтүстік Кореяда 

осындай үрдіс бар екен. Әр адам өз парақ-

шасын төлқұжат арқылы тол тырғандықтан, 

ол әлеуметтік желіде оты рып айтқан әрбір 

экстремистік, аран 

датушылық сөздеріне 

заңмен жауап бе реді.



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.69 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет