Республикалық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы республиканская научно-практическая



жүктеу 4.15 Mb.
Pdf просмотр
бет1/56
Дата13.09.2017
өлшемі4.15 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

 

 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ 
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК 
ҚОҒАМЫНЫҢ  ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
 
«ҰРПАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ 
САБАҚТАСТЫҚ ПЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – 
КӨПТІЛДІ ЖӘНЕ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒАНЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ  
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК  
КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 
 
 
РЕСПУБЛИКАНСКАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ 
КОНФЕРЕНЦИЯ «ИСТОРИЧЕСКАЯ 
ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ ПОКОЛЕНИЙ И 
МЕЖЭТНИЧЕСКОЕ СОДРУЖЕСТВО –  
ОСНОВА ФОРМИРОВАНИЯ  ПОЛИЯЗЫЧНОЙ И 
ПОЛИКУЛЬТУРНОЙ ЛИЧНОСТИ» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шымкент  
2017 
 

 
УДК 37.01 
ББК 74.00 
       Ұ70 
 
«Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы»  Акционерлік  қоғамының  
филиалы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің 
біліктілігін  арттыру  институтының  («Өрлеу»  БАҰО  АҚ  Ф  ОҚО  ПҚБАИ)  әдістемелік 
кеңесінің  шешімімен қаралып, баспаға ұсынылған. 
 
 
Редакциялық алқа мүшелері: 
Айдарбек Б.Ә., Байназарова Б.А., Бөкешова А.Қ., Мырзатаева Г.К., Жанысбек Л.Қ. 
 
«Ұрпақтар  арасындағы  тарихи  сабақтастық  пен  этносаралық  татулық  – 
көптілді  және  көпмәдениетті  тұлғаны  қалыптастыру  негізі»  тақырыбындағы 
Республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференциясы. - Шымкент 2017 – 368 б. 
 
 
ISBN 978-9965-07-330-4 
 
 
Жинақта  ұлтаралық    ынтымақтастық  пен    ұрпақтар  сабақтастығы  тарихи 
жағдайында  көпмәдениетті  және  көптілді  тұлға  қалыптастыру  стратегиясын  нақтылауда 
педагогтер мен ғалымдардың тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылау мақсатында 
өткізіліп  отырған  «Ұрпақтар  арасындағы  тарихи  сабақтастық  пен  этносаралық 
татулық  –  көптілді  және  көпмәдениетті  тұлғаны  қалыптастыру  негізі» 
тақырыбындағы  Республикалық  ғылыми-тәжірибелік    конференциясының  материалдары 
енген. 
Жинақ білім беру қызметкерлеріне арналған.  Барлық материалдар авторлар ұсынған 
нұсқада жарияланған. 
В сборник вошли материалы республиканской научно-практической конференция на 
тему  «Историческая  преемственность  поколений  и  межэтническое  содружество  – 
основа  формирования    полиязычной  и  поликультурной    личности
»,  целью  которой 
является
обсуждение  вопросов  и  обмен  опытом  ученых  и  педагогов-практиков  по 
определению  стратегии  формирования  полиязычной  и  поликультурной  личности  в 
условиях исторической преемственности поколений и межэтнического содружества.  
Сборник  адресован  работникам  образования.Все  материалы  опубликованы  в 
представленных авторами вариянтах. 
                                                                                                                 
 
УДК 37.01 
                                                                                                                 ББК 74.00 
 
 
ISBN 978-9965-07-330-4 
 
 
 
 
 
 
 
   
   

  «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф ОҚО ПҚБАИ, 2017 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – 
КӨПМӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ 
 
Искакова Лаура Тұрлыбекқызы 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институтының директоры, 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
 
Қазіргі ақпараттың дамыған уақытында қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер мен 
жаңашылдықтар  еліміздің  білім  беру  жүйесіне  де  тың  ізденістерді  енгізіп  отыр.  ҚР 
Президенті  2017  жылғы  Жолдауында  болашағын  айқындап,  сын-қатерлерді  күтіп 
отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жететіндігін айта 
келе,  Қазақстанды  ілгерілетуді  мақсат  етіп,  Үшінші  жаңғырту  жөнінде  міндеттерді 
нақтылап  берді.«...Біздің  ендігі  міндетіміз  –  егемендік  жылдары  қол  жеткізгеннің 
барлығын  сақтай  отырып,  ХХІ  ғасырда  орнықты  дамуды  жалғастыру»  -  деген  болатын. 
Бүгінгі  күннің  өз  кезегінде  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы  АҚФ  ОҚО 
бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты  ұжымының 
атқарып жатқан жұмыстары да аз емес. Институт қызметкерлері  білім мазмұнын жаңарту 
жағдайында дайындалған арнайы бағдарлама  бойынша облыс көлеміндегі  мұғалімдердің 
біліктілігін  арттырып,  әлемдік  кеңістікке  қарыштай  қадам  басып,  еркін  қанат  сермеуде. 
Бүгінде еліміз береке  мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі  болып, 
көпұлтты мемлекетке айналып отыр. Елбасының: «Біз – көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда 
тұратын  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  тілін,  мәдениетін  және  салт-дәстүрін  дамытуға 
барынша  жағдай  жасауды  алдыңғы  уақытта  да  жалғастыра  беретін  боламыз»,  -  деген 
сөзінің құны жоғары. Осыған сәйкес Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына 
теңесек,  түрлі  этностар  оның  алтын  арайлы  шуақтары  іспетті.  Бұл  ретте  байтақ  мекенде 
баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің талайлы тағдырымызды 
тұтастыратын шежірелі тарихымыз. Ол – біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік 
мемлекеттік  тіліміз.  Бүгінгі  білім  беру  жүйесі  модернизацияланған  заманда  көп  тілді 
меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. 
Елбасының «Келешекке кемел біліммен» деп айтқан қағидасындай, келшекке терең 
біліммен  қадам  басып,  әлемдік  білім  кеңістігінің  құпияларына  үңіліп,  қоғамға  бейім,  өз 
қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзыретті тұлғаны 
қалыптастыру  –  бүгінгі  педагогтердің  басты  мақсаттарының  бірегейі  болып  отыр.  
Жаһандану  жағдайында  қоғамдық  өмірдің  тілдік  саласы  елеулі  өзгерістерге  бейім.  Оны 
саяси,  экономикалық  және  мәдени  жүйелерінің  ауысу  қарқыны  мен  сипаты,  басым 
жағдайда, әрбір жеке алынған ел үшін ерекше тілдік, этно-мәдени, әлеуметтік және өзге де 
нақты тарихи жағдайларға байланысты болатынымен түсіндіруге болады.  
Қазақстанның  тілдік  ахуалына  қатысты  мәселе  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясында  нақты  көрсетілген.  Елдің  және  оның 
азаматтарының  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету  мақсатымен  «Тілдердің 
үштұғырлығы»  мәдени  жобасын  кезең-кезеңімен  іске  асыру  ұсынылған.  Осыған  сәйкес 
үш  тілді  дамыту  қажет:  мемлекеттік  тіл  ретінде  –  қазақ  тілін,  ұлтаралық  қатынас  тілі 
ретінде – орыс тілін және жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі ретінде  – ағылшын 
тілін.  
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  халық  дәстүрі  мен  отандық  мүдде  туралы  толық 
түсінікті  қалыптастыратын,  әлеуметтік-мәдени  кеңістіктегі  қазақ  болмысының  мән-
мағынасын  ашып  беретін,  атамекенде  еркін  де  бірдей  өмір  сүретін  адамдардың  ішкі 
рухани  және  қоғамдық  өмірін  айқындайтын  ұстанымдар  құрайды.  Бұл  нысан  қазақ  елін 
тұлғалық, ұлттық, мeмлeкeттік, қоғамдық құндылықтармен толықтыруды міндет тұтады. 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы ұстанымдарының құндылығы:  
-  ұлыс  пен  ұлттың  қалыптасуы  контекстінде  қазақ  халқының  өткен  жолын  жүйелі 
жете  ұғыну;  
- тарихи және әлеуметтік контексте қазақ мәдениетінің даму кезеңдерін әдіснамалық 
қорытындылау;  
 

-  қазақ  халқының  қоғамдағы  және  адамзаттық  өркениеттегі  орны  мен  рөлін 
айқындау.     
«Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы  негізінде  қазақ  тілінің  дамуы  және  тілдердің  үш 
тұғырлылығы  жауапкершілікті  тіл  саясаты  қазақ  ұлтын  біріктіруші  басты  факторлардың 
бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді 
пайдалана отырып дамыту керек. Осыған орай, орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында 
арнайы  курстар  өткізу,  ұлттық  терминологияны  дамыту,  мемлекеттік  тілдің  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру  тұжырымдамасын  әзірлеу,  ағылшын  тілін  үйретудің  курстарын 
ашу, қолданыстағы тіл туралы заңнамаларға “Тілдердің үштұғырлығы”  дәлірек айтқанда 
–  үш  тілдің  бірлігі  бойынша  өзгерістерді  педагогтерге  түсіндіру  және  күнделікті 
тәжірибеде қолдануға бағыт беру  – біліктілікті арттыру институтының қызметкерлерінің 
жұмысы.  “Үш  тілдің  бірлігі”  мәдени  жобасы  –  үш  тілді,  қазақ,  орыс  және  ағылшын 
тілдерін  Қазақстан  азаматтарының  бірдей  меңгеруін  айтқанымен,  бұның  түпкі  негізі, 
көздеген  мақсаты  –  мемлекеттік  тілдің,  яғни  қазақ  тілінің  халықаралық  қолданыстағы 
орыс,  ағылшын  тілдерімен  терезесін  теңестіріп,  әлемдік  деңгейге  көтеріп,  жаһан 
тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу. Қандай мемлекет болмасын, оның ең әуелі 
мән  беріп,  ұлықтайтын  тілі,  әрине,  мемлекеттік  тілі.  Өйткені,  мемлекеттік  тіл  әлемдік 
қауымдастықтағы  мемлекеттердің  сипатты  белгілерінің  бірі,  ұлттық  саясатының 
көрсеткіші.                            . 
 
Қорыта  айтатын  болсақ,  көптілді  білім  беру  аясында  үштілді  меңгеру  тәжірибесін 
жинақтап,  әлемдік  деңгейде  көтерілуіміз  керек.  Бұл  оқушылардың  халықаралық 
жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, 
шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі 
биік,  дүниетанымы  кең,  кемел  ойлы  азаматтарын  өсіру  үшін  бүгінгі  ұрпаққа  ұлттық 
рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие қажет 
деген  ойдамыз.                                                                             . 
 
 
ЖАҢА ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ  БАСТЫ ШАРТЫ 
 
Ергешбаева Шынар Нәлқожақызы 
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО облысы бойынша  
ПҚ БАИ директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына  сәйкес  білім  беру  жүйесінің 
басты  міндеті  –  жан  -жақты    дамуға,  кәсіби  шеберлікті  жетілдіруге,  жеке  тұлғаның 
санасын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге жағдай жасау 
болып  отыр.  Сондықтан    бүгінгі  күні  мамандар  даярлаудың  мазмұны  мен  технологиясы 
түбегейлі өзгеруде. Болашақ маманның білім, ептілік, дағды, құзырлығымен қатар, оның 
деонтологиялық  даярлығын  қалыптастыру  кезек  күттірмейтін  мәселе.  Деонтологиялық 
даярлық  –  бұл  кәсіби  іс-әрекетте  адами,  кәсіби  парыздылықты  міндеттенуді,  яғни 
адамгершілік,  рухани,  моральдық  құндылықтарды  қамтитын  сананың  күйі.  Бұл  ұғым 
«парыз»,  «борыш»  ұғымымен  мәндес.  Ел  азаматтарын  бала  кезінен  еліне,  отбасына, 
қызметіне  деген  адал  пейілін,  парыздылық  сана-сезімін  жүйелі  тәрбиелеу  арқылы 
қалыптастыру қажеттігі туындайды. 
Қоғам дамуындағы өзгерістер өз кезегінде білім беру жүйесіне, яғни педагогикалық 
оқу  орнының  жұмысына  өзгеріс  енгізуде.  Сондықтан  да  мұғалім  даярлау  жайында  сөз 
қозғамас  бұрын  әлеуметтік,  технологиялық  және  мәдени  салаларда  орын  алған  өзге 
күрделі өзгерістер  арасында білімнің қайта құрылуының мәні мен орны анықталады. Осы 
ретте,  елбасымыз  Н.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық 
мақаласында:    «Жаңа    жағдайда  жаңғыруға    деген  ішкі  ұмтылыс  –  біздің  дамуымыздың 
басты  қағидасы.  Өмір  сүру  үшін  өзгере  білуіміз  керек.  Оған  көнбеген  тарихтың  шаңына 
көміліп қала береді..» - деп  атап көрсеткен. 
Қоғамда білім беру дамудың белгілі сатысындағы әлеуметтік институт ретінде ғана 
пайдалы  емес,  сонымен  бірге  мәдениет  саласындағы  оң  өзгерістер  көзі  ретінде  де 
қарастырады,  әсіресе,  адамдар  болашаққа  сеніммен  қарап,  мектептен  әлеуметтік-рухани 

мәселелердің шешімін, мәселен, балалар арасында қылмыстың азаюын, үлкен әлеуметтік 
теңдікпен қамтылуды, жоғары білікті маман даярлануының маңыздылығы арта түседі. 
Білім  беру  жүйесі  өзіне  тән  бастамаларымен  жаңа  жағдайларға  және  талаптарға  
тезірек  бейімделуге  барынша  күш  салып  келеді.  Оған  біршама  сын  тұрғысынан  көңіл 
бөлу, оқыту деңгейінің немесе оның тиімділігінің (әсіресе негізгі дағдылар қалыптастыру 
саласындағы) артуы орын алды. Тиімділік — нәтижелілік — іс-әрекет бір-біріне тәуелсіз. 
Бір-бірін  алмастыратын  құзыреттіліктен  тұрады.  Құзыреттілік  компоненттері  адамның 
өзіне қызықты  іс-әрекеттерді орындау үдерісінде ғана дамиды және көрініс береді. 
Ал,  қазіргі  педагог  уақытпен  бірге  жүруге,  еңбек  өнімділігін  арттырып,  ғылым 
дамуы мен педагогикалық тәжірибелердің жетістігін қадағалайды. Педагогика аясындағы 
зерттеулерге жеткілікті дәрежеде көңіл бөлініп, бастапқы дайындықпен шектемей, барлық 
мұғалімдердің  кәсіби  деңгейін  ұдайы  көтеріп  отыру  білім  беру  жүйесіндегі 
модернизацияға айналып отыр. Осы талаптарды ескере отырып жүргізілген білім берудегі 
реформалар  білім  беру  аясындағы  таланттарды  тарту  үшін  жақсы  мүмкіндіктер  ашып, 
оларды өсіруге және оқыту үдерісіндегі тиімділігін айқындады. 
Білім  беру  жүйесінің  қандай  да  бір  жағдайын  анықтау  үшін  оны  үнемі  жетілдіру 
және  оның  даму  жолдарын  айқындау,  жоспарлау,  оның  негізгі  құрамының    арасындағы 
өзара  байланысты  толығымен  қарастыру  қажет.  Жүйенің    бағытына  кейбір  өзгерістерді 
қабылдау  –  орта  мектептің  бағдарламасына  жаңа  пәндер  енгізу,  жоғары  білімге  жаңа 
техникалық  бағыт  беру  және  шығару  талаптарына  кәсіптік  бағыты  бар  жаңа 
бағдарламалар қосу керек болады. Бұл шешімді жүзеге асыру үшін жүйенің академиялық 
құрылымына,  оқу  бағдарламалары  мен  білім  беру  әдістеріне,  оқу  құралдары  мен  құрал-
жабдықтарға  өзгерістер қажет. Мұндай өзгерістер  жүйенің әрбір бөлігіне тікелей әсерін 
тигізеді. 
Жаңа заман талабына сай өзгермелі әлемімізде білім беруге жаңа талаптар қойылып 
отыр. Себебі, қазіргі кезеңде  мектеп қабырғасынан тыс жерлерде, өмір қарқынды дамып, 
адам  білімінің  арақашықтықтары  кеңейе  түсіп,  ғылым,  техника  дамып,  жұмыс  күшінің 
біліктілік талаптары өзгеріп, халықтар арасында алға жылжулар күрт артып барады. Білім 
берудегі  жаңа  бағдарды  анықтап  алу  үшін  білім  беру  жүйесі  тек  білімді  адамдарға  ғана 
емес, өзінің ілімін өмір бойына жаңартып және ұдайы өзгертіп отыратын жағдайға жеңіл 
бейімділетін  адамдар  болуды  көздейді.  Жаңа  бастамаларымен  жаңа  жағдайларға, 
талаптарға  тезірек  бейімделуге барынша күш салуды қажет  етеді.  Ол Қазақстанда білім 
деңгейінің  өсуін,  халықаралық  талаптарға  сәйкестігін  қамтиды.  Сонымен  қатар,  білім 
деңгейінің  жалпы  шарттары  білім  берудегі  оқушылардың  нақты  қажеттіліктері  мен 
құндылықтары еліміздің қазіргі және болашағын есепке ала отырып, қазіргі жағдайға сай 
келуін  қамтамасыз  етуді  көздейді.  Оқушыларды  өз  ұмтылыстарына  көмек  беруге  және 
еліміздің  қызығушылықтарына  жауап  бере  алатын  тиімді  жолға  бағыттауымыз  керек. 
Яғни  өзгеріс,  білім  беру  үдерісін  реттеуге  және  жетілдіруге,  дамытуға  бағытталады. 
Білікті  мұғалімдер    мектептен  тыс  та  маңызды  рөл  атқарады.  Олар  қоғамды  жақсартуға 
бағытталған  игілікті  іске  қатыса  отырып,  әлеуметтік  дамудың  негізгі  күші  болуы  тиіс. 
Педагогтар  да,  мектеп  те  әлеуметтік  прогрестің  қоғамды  өзгертетін  ажырамас  бөлігіне 
айналуы тиіс және ол мемлекет тарапынан елеулі орынға ие болудың маңызын ұғынуды 
талап етеді. Оған қоса, әлем өркениетіне құлаш ұрған, ғылымы мен мәдениеті үзеңгілесе 
дамып келе жатқан шақтағы еліміздің асқақ мұратының бірі – ұрпақ тәрбиесі. Осы тұста, 
Бағдарламада елдің бірлігі, тұтастығы үшін қашанда Отанына, туған еліне адал қызмет ету 
парызыұғымдарын  бала  бойына  дарыту  төңірегінде  өрбиді.  Қасиетті  қазақ  топырағында 
туылып,  түлеген  текті  ұрпақтың  бойынан  достық,  бірлікпен  бірге  даласындай  кеңдік, 
қайсарлықты,  ерлік  пен  елдіктің  тұтастығын  аңғарамыз.  Мұндай  қасиет  дарыған, 
топырағынан туа қалыптасқан жерде Отанды сүю, елді қорғау, ішкі ынтымақты нығайту, 
сол арқылы алға ұмтылу секілді ерекше көріністері, исі қазақ, рухы асқақ Отанының адал 
перзенттері қалыптасары анық.   
Бүгінгі  таңда  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»    ел  дамуының  басты 
қағидаларын   жүзеге асыру мақсатында   «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы 
педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты  қызметкерлері 
республикалық  конференциялар  өткізіп,  ғылыми-зерттеу  мақалаларын  жариялауда.  Курс 
барысында    топ  тыңдаушыларымен  өзара  ой  бөлісіп,  мәдениетаралық  байланыс 

жағдайында  аксиологиялық  бағдарлы  оқыту  арқылы  ұлтжандылыққа,  ізгілікке, 
отансүйгіштікке, толеранттылыққа тәрбиелеу бағытында пікірталастар өткізіп, жастардың 
құндылық  бағдарын  дұрыс  қалыптастыруды  оңтайлы  жолға  қойып,  рухани  құндылық 
көлемінің негізгі бағытын ұсынуда. Осы бағытта жұмыс жасап, үздіксіз  адамзат өмірінің 
рухын  дамытатын  мекеме  –  мектеп.  Сондықтан  курс  барысында  педагогтардың 
интеллектуалды  және  әдістемелі  мәдениетін  бірдей  қалыптастыруға    ден  қойды.  Себебі, 
жастардың  бойында  этномәдени  білім  мен  тәрбие  өлшемдерін  дарытуда  төл 
мәдениетімізді қастерлеу мен  ұлттық болмысын қалыптастыру маңызға ие. 
Қорыта айтқанда, «Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды» жаңғыру да  
үздіксіз  жалғаса  беретін  үдеріс.  Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру  және  жаңа    идеялар 
арқылы  болашағымызды  баянды  ете  түсудің    теңдессіз  тарихи  мүмкіндігі  беріліп  отыр.  
Сондықтан  Қазақстанда  ұлттық  құндылықтарды  топтастыру  –  біздің  саясатымыздың 
сындарлы  сара  жолы  болуы  тиіс.    Жаңа  жағдайға  бейімделу  –  дамуымыздың  басты 
қағидасы.  
 
 
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ 
 
Ахтаев Мухтар Бексултанович 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ 
директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары 
 
Бүгінгі  таңда  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру 
кеңістігіне  енуге  бағыт  алған.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  еліміздің  даму  бағыттары 
айқындалған кезеңде: «Біз өзіміздің тілімізді, дінімізді, жеке бас ерекшелігімізбен сақтай 
аламыз және біз осы рухпен біздің жастарды тәрбиелеуіміз тиіс», - деп жалпы орта білім 
берудегі педагогтерге жауапкершілік жүктеді. Сапалы білімге қол жеткізу жолында нақты 
міндеттер  қойылып,  болашақтағы  атқарылатын  іс-шаралар  жоспарланды.  Осы  мақсатта 
жоспарланған  іс-шаралардың  бірі  –  көптілді  білім  беру.  Өйткені,  Қазақстанның 
стратегиялық 
даму 
жолындағы 
серпінді 
бағыттардың 
бірі 
адам 
әлеуетін 
(потенциалын)арттыру болса, осы әлеуетке қол жеткізер мүмкіндіктердің бірі ана тілімен 
қатар орыс, ағылшын тілдерін меңгеруде екендігі белгілі. 
Елбасы: «...Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді болып, қазақ, 
орыс  және  ағылшын  тілдерін  еркін  білуге  тиіс  дегенмін.  Еуропада  көптілділік  қалыпқа 
айналды, біз де осыған келуге тиіспіз», -деп әлемдік деңгейде білім алудың келешек үшін 
маңызды  екендігін  атап  өтті.    Елбасының  осы  бағыттағы  «Тілдердің  үштұғырлылығы» 
мәдени жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсаты деп білеміз. 
«Қазақстан  бүкіл  әлемде  халқы  үш  тілді  пайдаланатын  мәдениетті  ел  ретінде  танылуға 
тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын 
тілі  –  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі»,  -  деп  Елбасы  «Тілдердің 
үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды.  
Осы  жобаны  іске  асыруда  түрлі  кедергілерге  жол  беріп  алып  жатамыз.  Кездескен 
кедергілер жұмыс барысында өз шешімін табары анық. Бірақ, біз үш тілдің өзіне лайықты 
орнымен  қажетіне  қарай  қолдануын  ұмытпауымыз  керек.  Мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ 
тілінің мәртебесін арттыру осы жобаның аясында іске асырылатындығы белгілі. Өйткені, 
мемелеттік тіл арқылы жастардың бойына ұлттық құндылықтардың негізгі қаланады. ХХІ 
ғасыр  –  жеке  тұлғаны  жан-жақты  қалыптастыру,  ізгілендіру,  дамыту  ғасыры 
болғандықтан, қоғамның әрбір даму кезеңі ең алдымен сол қоғамға сәйкес жеке тұлғаны 
қалыптастыруды көздейді. Осыған орай, бүгінгі педагогтердің алдында тұрған мақсаттың 
бірі ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеу екендігін ұмытпаған жөн.  
Заман  талабына  сай  көптілді  білім  берудің  өзектілігі  жалпы  әлемдік  экономикалық 
нарықтың даму қарқындылығына кірігуінен көрінеді. Көптілді білім беру үдерісі арқылы  
әлемдік мәдениетті танып, мемелекетімізді дамыған елдердің қатарына енгізудің мақсатты 
тұр.  Осы  мақсат  аясында  ұлттық  құндылықтарды  әлемдік  деңгейге  шығаруға  қабілетті 
тұлға тәрбиелеу міндеттері қойылған: 
- жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету; 

-  көптілділіктің  қажеттілігін  сезінген  оқушының  тілдерді  үйренуге  деген 
құштарлығы мен белсенділігін арттыру, ақыл-ойын, таным-қабілеттерін дамыту; 
-  қазақ  тілі  негізінде  басқа  тілдерді  (араб,  ағылшын,  орыс,  түрік)  коммуникативтік 
деңгейге жеткізу; 
-  әр  оқушының,  олардың  ата-анасының  білім  бағдарламаларының  өзіне  қажетті 
деңгейін ерікті түрде таңдауына жағдай туғызуды ескеру. 
Оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты қойылған бұл мақсат пен 
міндеттер  білім   беру  парадигмасын  өзгертіп,  білім  берудің  мазмұнын  жаңартты.  
Білім  беру  жүйесінде  жаңаша  қарым-қатынас  пен  көзқарастар  пайда  болды.  Келер 
ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-
әрекеттерінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселе болып тұр.   
Қазіргі кезеңде үш тілге үйретуді қолға алған экпериментті білім беру ұйымдарының 
нәтижелі  жұмыс  жүргізіп  жатқандығына  куә  болып  жүрміз.  Балаға  тілдің  негізгі 
құндылықтарын меңгертіп, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас 
жасай алатын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-
қатынас  жасай  алатын,  қабілетті  көпмәдениетті  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу  үшін 
қазақстандық  педагогтер  өз  білімдерін  жетілдіру  шараларын  бастап  кеткен.  «Өрлеу» 
БАҰО  АҚ  филиалы  ОҚО  бойынша  педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру 
институты  үш  тілде  білім  беру  әдістемесімен  педагогтерінің  біліктіліктерін  жетілдіру 
курстарын  өз  деңгейінде  жоспарға  сәйкес  өткізіп  жатыр.  Сонымен  қатар,  институтта 
ғылыми-тәжірибелік  конференциялар,  семинарлар,  дөңгелек  үстелдер  ұйымдастыру 
арқылы  облыстық,  республикалық  педагогтердің  үш  тілде  оқыту  әдістерімен  тәжірибе 
алмасу мүмкіндігі қарастырылған. 
«Біз өзіміздің тілімізді, дінімізді, жеке бас ерекшелігімізбен сақтай аламыз және біз 
осы  рухпен  біздің  жастарды  тәрбиелеуіміз  тиіс»,  -  деп  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  ұлттық 
құндылықтарды сақтап және этникалық мәдениеттің өзіндік үлгісін нығайтудың мүддесін 
айқындады.  Халық  пен  алуан  этникалық  топтар  республиканың  даму  қарқынын, 
Қазақстанның  келбеті  мен  бейнесін  анықтай  түспек.  Сондай-ақ,  ұлттық  факторлар  мен 
білім  берудің  инновациялық  жүйесінің  идеялық  негіздері  ел  тағдырының  ілгерілеуін 
арттыра бермек. 
 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 4.15 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет