Республикалық Ғылыми-практикалық оn-line конференция



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/23
Дата16.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ 
ОN-LINE
 КОНФЕРЕНЦИЯ    
 
 
«Психологтың  кәсіби дамуы: өзекті мәселе  және перспективалар»  
атты онлайн бейнеконференция өткізілді  
 
 
«Тәжірибелік психология»  Республикалық қоғамдық бірлестігі және   «Ән-Нұр-Фат» 
қосымша  кәсіби  даярлау  және  біліктілікті  арттыру  институты  Тәуелсіздігіміздің  25 
жылдық  мерей  тойы  мен  халықаралық  психологтың  кәсіби  мерекесі  қарсаңында  
«педагог-  психолог»  және    практик  психолог      мамандарын    2016  жылғы    26  желтоқсан 
күні    сағат  15.00-де (Астана  уақытымен)  оn-line  режимінде   «Психологтың    кәсіби 
дамуы:  өзекті  мәселе    және  перспективалар»  тақырыбында  республикалық  ғылыми-
практикалық 
оn-line
 конференция  өткізілді.  
Мақсаты: Қазіргі психолог қызметіндегі өзекті  мәселені нақтылау,  психологтың кәсіби 
деңгейін  арттыру  жолын  қарастыру,  психолог    маманының  кәсіби  дамуындағы 
практикалық және ғылыми-зерттеушілік тәжірибелерімен алмасу.  
 Конференцияда қарастырылатын мәселелер
– психолог қызметіндегі функционалды  сауаттылық  және  біліктілігі;  
– психологтың кәсіби қызметіндегі  шығармашылық жұмысы; 
–маман дайындайтын  оқу орындарындағы  оқыту проблемалары

 
Конференцияда  қарастырылған  мәселелер  бойынша    келіп  түскен 
мақала топтамасы.
 
1-мәселе:  Психолог  қызметіндегі  функционалды    сауаттылық    және    біліктілігі  
бөлімінде қаралатын  баяндамалар :  
1.Сангилбаев Оспан Сейдуллаұлы  
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  
университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы  
Тақырыбы: «Білім бері жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыруды 
салыстырмалы талдау» 
 2.Анна Кудиярова -директор Института психоанализа Центральной Азии: 
Тема: «Личный анализ и супервизия  как профилактика  эмоционального сгорания» 
3.Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы -Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік 
университетінің қауымдастырылған профессор, пс.ғ.к. 
Тақырыбы:»Болашақ педагог-психологтартың кәсіби құзереттілігін дамыту мәселелері» 
4. Тұрдалиева Ш.Т.,  Момынова С.Н. 
М.Х.Дулати атындағы тарму, «психология және педагогика» кафедрасы 
Тақырыбы:Арт терапия технологиясы – психологтың кәсіби шеберлігін дамыту құралы 
5. Жанар  Сабралиева  
ТарМПИ, Психология және акмеология кафедрасы, психология магистрі 
Тақырыбы: «Психологиялық кеңес беруде диалогтық қарым-қатынас- тәуелсіз тұлға 
қатынасы ретінде» 
6.Рабай  Күнайым Түйешіқызы 
 Атырау қ. Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің  
жоғары  санатты  педагог-психологы   
Тақырыбы: «Оқу  орны- отбасы- қоғам   арасындағы   ынтымақтастықты нығайтқанда  
ғана -  ұлымыз  рухты,  қызымыз  қылықты  болмақ!» 
7.Берикканова Махаббат Асылбековна 
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Электротехника колледжі». Педагог-психолог 
Тақырыбы: «Маман дайындайтын оқу орындарындағы оқыту проблемалары»   
8. С.Қ.Дарибаева 

   Қызылорда Қорқытата атындағы мемлекеттік университеті 
    Тақырыбы: «Мектептегі психологиялық қызметтің қазіргі  жағдайы    және оны дамыту 
мүмкіндіктері» 
9. ОРАЛЫМБЕТОВА ГУЛЖАНАР УМБЕТАЛЫҚЫЗЫ 
ТарМПИ, «Психология және акмеология» кафедрасы, Психология магистрі 
Тақырыбы: « Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің ерекшеліктері» 
10. Игманова Раушан Турысбековна 
КГУ «Психолого-медико-педагогическая консультация 
 в городе Семей» УО ВКО, педагог-психолог 
Тақырыбы: «Жоғары  оқу орнында болашақ психолог мамандарды даярлаудағы тұлғалық 
потенциал мәселесі» 
11. Б.С. Жанғазиева -Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық 
колледжі,педагог-психологы 
    Тақырыбы:«Психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісінде» 
                                                                     
  
Сангилбаев Оспан Сейдуллаұлы 
 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, 
психология ғылымдарының докторы 
 
Ұсынылып отырған еңбекте психологиялық қызмет атқарудың бағыттарына талдау 
жасау негізінде оңтайлы жайттарын отандық тәжірибеге енгізу мүмкіндіктері көзделген. 
Кейбір  мемлекеттерде  (мысалы  Швецияда)  психологтар  үш  адамнан  тұратын 
“команда”  болып  жұмыс  істейді.  Олар  мектепке  келіп  мұғалімдер мен  оқушылар  қойған 
мәселелерді шешеді. Мәселеге сәйкес түрлі сауалнамалар, сұхбаттар, сынақтар т.б. әдістер 
көмегімен  зерттеу  жүргізеді.  Сонымен  қатар  психологиялық  қызмет  кеңес  жүргізетін 
орталық ретінде де іске асырылады 1. 
АҚШ-да  психолог,  ереже  бойынша  мектеп  құрамында  тіркелмейді.  Ол  тұтас 
топтармен  немесе  мектептермен  жұмыс  атқарады.  Мүмкіндіктерін  оқушыларға  көмек 
көрсету,  әсіресе  “мәселесі”  бар  балаларға  бағдарланып  қызмет  атқарады.  Оқушыларға 
қызмет 
көрсететін 
медициналық, 
психиатриялық, 
медициналық-психологиялық-
педагогикалық  орталықтар  да  бар.  АҚШ-да  мектеп  психологы  мемлекеттік  білім 
департаментінде  тиісті  дәстүрлі  ретпен  заңды  бекітілген.  Бұл  департамент  мектеп 
психологына куәлік беру туралы қаулы қабылдайды 2. 
Бельгия,  Голландия,  Франция,  Югославия  сияқты  елдерде  мектептегі 
психологиялық қызмет көрсету мамандыққа бағдарлау жұмысын жетекші орынға қойған 
3. 
Орта  және  Шығыс  Европа  елдерінде  мектептегі  психологиялық  қызмет  аудандық 
немесе  облыстық  психологиялық-педагогикалық  орталықтар  және  кеңес  беруші  орын 
ретінде  ұйымдастырылған.  Мұндай  қызмет  –  білім  беру  жүйесінің  маңызды  құрамдас 
бөлігі болып есептеледі. 
Чехословакияда  тәрбие  мәселелеріне  сәйкес  кеңес  беру  ережелері  құрастырылып 
мектеп туралы Заңға енгізілген. 
Венгрияда  тәрбие  мәселесіне  ереже  (инструкция)  құрастырылып,  білімді  басқару 
ұйымдарына ұсынылған 4. 
Европа  елдерінің  көпшілігінде  педагогикалық  психологтарды  жергілікті, 
муниципиалды  немесе  шалғайдағы  биліктер  білім  бөлімдері  арқылы  жұмысқа 
қабылдайды.  Испанияда  педагогикалық  психологтарды  жергілікті  биліктегілер  немесе 
орталық  үкімет  жұмысқа  қабылдайды.  Кішігірім  Мальта  және  Исландия  сияқты  елдерде 
білімнің үкіметтік департаменті негізгі жұмыс беруші болып табылады 5. 

Израиль, Ұлыбритания және Исландия мемлекеттері педагогикалық психологтарды 
жұмысқа  орналастыруда  мәселе  жоқ  екенін  мәлімдейді,  Франциядағы  психологтардың 
жағдайлары  үздіксіз  қоғам  назарында.  Бельгия,  Финляндия,  Германия,  Нидерландия, 
Мальта  және  Швейцарияда  психологтарды  жұмысқа  орналастыруда  түрлі  сынақтардан 
өткізеді.  Испания,  Швейцария  және  Финляндияда  психологтар  педагогикалық 
мәселелермен жиірек қызмет атқарады 6. 
Кейбір  Европа  елдерінде  таяу  жылдарда  мектеп  психологтарын  жұмысқа 
орналастыру  тәртібі  өзгеруі  ықтимал.  Швецияның,  Данияның,  Нидерландияның  және 
Исландияның  педагогикалық  психологтары  мектеп  жүйесіндегі  және  орталық  биліктің 
өзгерістеріне  байланысты  олардың  жұмыстарына  ықпал  етуі  мүмкін  деген  күдіктерді 
айтады 7. 
Ұлыбританияда  педагогикалық  психологтарды  мазалайтын  мәселелер,  жергілікті 
билік  мүмкіндіктерінің  шектеулігіне  байланысты  психологтардың  атқаратын  міндеттері 
де шектеле ме деген қаупі бар 8. 
Ресейде  білім  саласындағы  психологиялық  қызмет  тұтастай  жүйе  ретінде,  негізгі 
үш бөлімнен тұрады: 
1. балалар психологы, нақты оқу-тәрбие мекемесінде жұмыс істейді (бала-бақшада, 
мектепте, балалар үйінде, мектеп-интернатта, колледжде, гимназия мен лицейлерде т.с.с.); 
2.  кейбір  аудандық  білім  басқару  бөлімінде  психологиялық  кабинет 
ұйымдастырылған (немесе қалалық немесе облыстық білім басқару бөлімдерінде); 
3. білім беру мекемелерінің жүйесінде психологиялық қызмет орталықтары. 
Қазіргі  кезде  аудандық,  қалалық,  аймақтық  психологиялық  қызмет  атқару 
орталықтарына  білім  беру  мекемелерінде  практикалық  психологтың  қызметін  базалық 
психологиялық  білімі  бар  немесе  жоғары  білімдері  болып,  балалар  практикалық 
психологиясы  аумағында  арнайы  факультеттерде,  курстарда  қайта  дайындықтан  өткен 
мамандар жұмыс атқаруда. 
Білім  беру  жүйесіндегі  практикалық  психологтар  екі  бағытқа  да  бағынышты: 
әкімшілік және кәсіби. Әкімшілік басқаруды республикалық, регионалдық, қалалық және 
аудандық  білім  департаменті,  білім  беру  мекемелерінің  басшылары  атқарады.  Кәсіби 
басшылықты  түрлі  деңгейдегі  психологиялық  зерттеулермен  айналысатындар  немесе 
орталықтар атқарады. 
Психологтың  жұмыс  уақыты  түрлі  жастағы  балалар  және  түрлі  категориядағы 
ересектермен практикалық психологиялық жұмыстың тәртібін ескере бекітіледі 9. 
Жұмыстың приоритетті бағытын таңдау, түрлі жұмыстар түрін салыстыру арқылы 
білім  беру  мекемесінің  қажеттілігімен  және  штаттық  және  штаттан  тыс  бірліктің  бар 
санына қарай анықталады. 
Психологтың  жұмысына  білім  беру  мекемесінде  арнайы  бөлме  диагностикалық, 
консультациялық,  дамытушы  және  түзетуші,  ескертуші  жұмыстарына  қажет 
жабдықтарымен  қамтамасыздандырылып  бөлінуі  тиіс.  Аудандық,  облыстық,  қалалық, 
аймақтық орталықтар психологтар және басқа мамандардың функционалдық міндеттеріне 
сәйкес жұмыс орындарын жабдықтауы қажет [10]. 
Сонымен шет ел және отандас психологиясы тәжірибесінің көрсетулері бойынша, 
білім  беру  жүйесіндегі  психологиялық  қызмет  қоғамның  сұранысына,  міндетіне 
байланысты  мектеп  психологтарының  шешетін  жұмыстары  түрліше  ұйымдастырылуы 
мүмкін. 
Әкімшілікке  бағынуына  байланысты  психологиялық  қызмет  құрылымының 
ұйымдастырылуы түрлі статуста болады: 
1.  психолог  немесе  психологтар  тобы,  бала-бақшада,  балалар  үйінде,  интернатта, 
мектепте,  лицейде,  гимназияда,  колледжде,  техникумда  сол  оқу  мекемесінің 
басшылығымен біресіп қызмет атқарады; 

2.  психолог  немесе  психологтар  тобы,  қалалалық  немесе  аудандық  білім 
департаментінің  басқаруымен  (немесе  жетекшілігімен)  бірнеше  оқу  орындарына  қызмет 
көрсетуіне болады. 
3. консультациялық психологиялық орталық, қалалық, аудандық немесе облыстық 
білім 
департаментінің 
әкімшілік 
басқаруымен 
өзбетінше  бөлімше 
(мысалы, 
психологиялық-педагогикалық  консультация)  немесе  мектептен  тыс  мекемелер 
құрамында  (мысалы  медициналық-психологиялық-педагогикалық  комиссия,  отбасына 
және  балаларға  әлеуметтік,  педагогикалық,  медициналық  және  психологиялық  көмек 
көрсету орталығы); 
4.  психолог  және  психологтар  тобы,  ғылыми-әдістемелік  орталық  немесе  кабинет 
ретінде қалалық, аудандық, облыстық немесе мемлекеттік білім департаментінің басқару 
құрамында және солардың әкімшіліктерінің басқаруымен. 
Қаржыландыруға  байланысты  психологиялық  қызмет  қалалық,  аудандық, 
облыстық, мемлекеттік немесе жекелік болуы мүмкін. 
ХХ  ғасырдың  басынан  педагогикалық  психологтардың  кең  өрісті  таралған 
міндеттерінің  бірі  –  балалар  ақыл-ойының  дамуын,  олардың  сапасын  және  қабілеттерін 
анықтау (диагностикалау). Мұнда сынақ (тест) қолданылады. Мектеп психологы дәстүрлі 
түрде  өзінің  мүмкіндіктерін  психикалық  функцияларды  өлшейтін  стандартталған 
тестілерді  пайдаланып  арнайы  бағдарламамен  оқытуға  балаларды  даярлау  немесе 
дифференцияциялау қызметін атқарады. Психологтар арасында әйгілі бала ақыл-ойының 
дарындылығының коэффициентін анықтайтын тест әдісі де қолданылады 11. 
Өлшеу  және  тестілеу,  яғни  арнайы  бағдарламамен  оқытатын  балаларды  таңдау  – 
түрлі елдерде мектеп психологының тарихи ерте функциясы – және қазір психологиялық 
қызмет практикасында тіпті кең өрісті қолдануға болады. 
Бірақ,  ағылшын  психологтары  өлшеуге  арналған  бейресми  тестілерге 
қанағаттанбаушылық  білдіреді.  Нақты  мысалдармен  қолданылатын  тестілердің 
субъективті сипатын және ғылыми кемшіліктерін, олардың шектеулігі мен жасандылығын 
жариялайды.  Тест  негізінде  адамдарды  топтарға  бөлудің  орнына,  оқытудағы  нақты 
қиындықтар, олардың себептері мен жеңу жолдарына арналған зертеулерге зейін көбірек 
аударылып  зерттелуде.  Практикалық  педагогикалық  психологияның  өзекті  мәселесі 
ретінде,  оқытуда  және  әлеуметтік  жағдайларға  бейімделуінде  қиындықтары  бар 
оқушыларға психологиялық қолдау көрсету болып танылуда 12. 
1980  жылдары  көптеген  американ  мамандары  өлшеу  –  мектеп  психологиясының 
мәселесін  шешетін  негізгі  жол  деуді  қойды.  “Мектепте  психологиялық  қызметті 
қамтамасыз  ететін  мектеп  психологтарының  Ұлттық  ассоциациясының  нұсқауында” 
мектептегі  психологиялық  қызметтің  негізгі  мақсаты  –  балалар  мен  жасөспірімдердің 
психикалық саулығын және білім алуға қызығушылықтарына байланысты қызмет атқару 
делінген. Бұл нұсқа: 
а)  балалар  мен  жасөспірімдердің  “мектептік  міндеттерін”  психологиялық  және 
психологиялық-педагогикалық өлшеу және бағалау; 
ә)  мектептің  толық  когнитивтік,  аффективтік  және  әлеуметтік  дамуларын 
қамтамасыз ету бағытына психологтың белсенді араласуы қажет; 
б)  педагогикалық  қызметкерлер  мен  ата-аналарға,  олардың  балаларға  қам-қорлық 
жасауына арнайы бағдарламамен оқыту, кеңестер және т.б. көмек беру
в)  балалардың  мектептегі  іс-әрекеттеріндегі  және  мектеп  персоналының  кәсіби 
мәселелеріне байланысты педагогтармен, мектеп қызметкерлерімен және ата-аналарымен 
біріккен жұмыстар жайлы кеңестер ұйымдастыру. 
1985  жылы  Франциядағы  түрлі  бес  ұйымдардың  өкілдерінен  құрылған  жұмысшы 
топ  –  психологтардың  Ұлттық  ассоцияциясының  мүшелері  (ANOP),  -  педагогикалық 
психологтардың  міндеттерін  (функцияларын)  келесіше  айқындады.  Мектеп  психологы 
ата-аналары  мен  мұғалімдерді  біріктірсе,  баланың  барлық  тұлғалық  қасиеттерінің 
дамуына  мүмкіндік  жасай  алады.  Педагогикалық  психолог  мектеп  және  отбасы 

тәрбиесінің  жүйесіне  қарсы  тұруына  болады,  тәрбиелеу  стандартына  өзгерістер  енгізе 
алады, егер баланың тұлғалық дамуына олар кедергі тудырса 13. 
Соңғы  жылдары  Франциядағы  білім  жүйесінің  психологиялық  қызметі  келесі 
мақсаттарды алдына қоюда: 
- мектептегі үлгірмеушілікті ескерту, 
-  балалардың  әлеуметтік  икемділіктеріне  және  әлеуметтік  бейімделулеріне  қолдау 
көрсету, 
-  ақыл-ойларында  кемшіліктері  бар  балаларға  оқушылардың  жалпы  тобына 
интеграциялануына  көмек  беру  (балаларды  бөліп  оқыту  туралы  бұрындағы  мақсаттарға 
қарама-қайшы), 
- оқушылардың жалпы білім алуына және кәсіби өсуіне ықпал ету, 
-  мұғалімдердің,  әлеуметтік  қызметкерлердің,  администрацияның,  т.б.  білім 
берудегі мамандардың біліктілігін жетілдіру. 
Шығыс  Европа  елдеріндегі  білім  жүйесінің  психологиялық  қызметі  балаларды, 
жеткіншектерді  және  жасөспірімдерді  оқыту  мен  тәрбиелеуде  маңызды  орын  алады. 
Мектептегі  психологиялық  қызметтің  алдына  келесі  мақсаттар  қойылады  –  таңдау  үшін 
балалардың даму деңгейін анықтап қана қоймай, сонымен қатар олардың әрқайсысы және 
сынып  ұжымдары  туралы  психологиялық  ақпараттарды,  олардың  дамуын  қолдау  үшін 
пайдаланады.  Орта  және  Шығыс  Европа  елдерінде  білім  жүйесіндегі  психологиялық 
қызметтің негізгі міндеттері: 
-
 
тұлғаның саулығын дамытуды қамтамасыздандыру, 
-
 
дамудағы қиындықтарды түзету (коррекция), 
-
 
кәсіби бағдарлау мәселесін шешу. 
Психолог-кеңесшінің  (консультанттың)  іс-әрекетінде,  мысалы  Чехия  мен 
Словакияда  психодиагностика  жетекші  орында.  Атқарылған  жұмыстың  негізінде 
диагностикалық түйін құрастырылып, нұсқаулар ұсынылады 14. 
Психолог баланы арнайы немесе қолдаушы (көмекші) мектепке, бастауыш мектеп 
аумағында  арнайы  сыныпқа,  арнайы  бала-бақшаға  т.с.с.  ұйымдастырушы  шараларға 
байланысты  нұсқаулар  бере  алады.  Ол,  балаға  ыңғайлы  оқыту  типін,  мамандықты 
таңдауда  тиімді  бағытты  ұсынады.  Психолог  отбасына  және  мектепте  оқыту  мен 
тәрбиелеудің  мәселеге  сәйкес  әдістерін,  психотерапияның  түрлерін,  дәрігерлік 
(психоневрологиялық,  логопедиялық  және  т.б.)  жолдарға  нұсқау  бере  алады. 
Консультацияда  басты  орынды  мектептік  жасқа  байланысты  балалардың  оқуға 
дайындығын, анықтау алады. Баланың даму деңгейіне сәйкес психолог нұсқаулар береді: 
Мектепке дайындықты 6-жасқа дейін бастаған дұрыс па, 1-ші сыныпқа өз мерзімінде бару 
керек  пе,  баланың  мектепке  баруын  тағы  бір  жылға  кешеуілдету  қажет  пе,  арнайы 
мектепке  жіберген  дұрыс  болады  ма  (мысалы  сөйлеуі  нашар)  деген  сұрақтарға  жауап 
ретінде. Мектепте оқытуға дайындығы жеткіліксіз балалардың ата-аналарына және бала-
бақша  тәрбиешілеріне,  оларды  дамтыу  туралы  нұсқаулар  беріледі.  Бір  жылдан  соң, 
мектепке барар алдында, ол балалар тағы да зерттеуден өтеді. Мектепте оқытуға баланың 
психологиялық  дайындығын  өз  уақытысында  бағалау  –  оқытудағы  қиындықтарды 
ескертуге арналған іс-әрекеттің негізгі түрі болып есептеледі. 
Консультацияларда  немесе  орталықтарда  мектептегі  оқуға  байланысты  түрлі 
қиындықтарды  анықтайды  (диагностикалайды).  Оқытуда  қиындықтары  бар  балаларда, 
ақыл-ой  дамуының  тежелулерінің  жеңіл  түрлерінің  алғашқы  ауытқулары  кездеседі. 
Мұндай  балалардың  тиімді  дамуы  психологиялық  зерттеуді  дұрыс  жүргізу  нәтижесінде, 
жағдайына  және  тәрбиелеу  мен  оқыту  әдістеріне  сәйкес  нұсқау  бергенінен  туындайды. 
Жекелік сипатты мәселелері, қылықтары мен тәрбиесінде қиындықтары бар оқушылармен 
де айналысады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс тәрбиеленбегендердің себептерін анықтау 
және  олармен  жұмыс  туралы  белгілі  нұсқауларды  жоспарлау  психологиялық  зерттеуді 
мамандық  шеберлікпен  жүргізгенде  мүмкін  болады.  Психологиялық  консультациялар 
және  орталықтар  негізінен  ата-аналар  мен  мұғалімдердің  сұраныстарына  қарай  нақты 

мәселелерді шешумен айналысады. Бұл, әсіресе венгірліктердің инструкциясында тәрбие 
сұрақтарына  байланысты  консультациялық  жұмыста  белгіленген.  Соған  сәйкес  әдеттегі 
педагогикалық құралдармен түзетуге мүмкін болмайтын (мысалы ұзақ уақыт аралығында 
байқалатын  агрессивті  қылық,  көпке  созылған  мазасызданулар,  зейінсіздік  т.с.с.)  бала 
қылығындағы 
нормадан 
ауытқушылықтармен 
психолог 
айналысады. 
Мұндай 
психологиялық  орталықтарда  баланың  қылығында  көрініс  беретін  шектен  тыс 
сезімталдығымен,  ұяңдықпен,  тұйықтықпен  де  жұмыс  атқарады.  Ол  мектепте,  сабақта 
жауап беруде қорқатындардың себептерін де зерттейді. Оның міндетіне балаларда жүйелі 
түрде  көрініс  беретін  қылықтарындағы  ауытқулармен,  үнемі  ұрлық  жасайтын,  үйде 
немесе үйден тыс өтірік айтатын, үйден немесе мектептен қашатындармен, эмоционалдық 
күйлерінің күрт өзгергіштігімен қызмет атқару да кіреді. 
Психологтан көмек сұрауға келесі себептер болуы мүмкін: жақсы үлгіретін оқушы 
нашар  оқи  бастағанда,  қабілеттері  жоғары  бола  тұрып  оқуда  төмен  нәтижелер  көрсетсе; 
бір  оқу  пәнінің  мазмұнын  игеруде  қиындықтарды  сезіне  бастағанда;  мектептегі  оқуға 
қызығушылығы  төмендеп  кеткенде.  Психолог  жүйке  сипатына  (кекештену,  жылдам 
сөйлеу)  байланысты,  басының  ауыратынына  ыңғай  шағымданады,  ұйқысының  қашуы, 
себепсіз шаршайтын балалармен де жұмыс істейді. 
Европалық  федерациядағы  кәсіби  психологтардың  ассоцияциясының  (ЕФКППА) 
1996-97  жылдары  жүргізген  сауалнамасы  европалық  елдердің  көпшілігінде  мектеп 
психологтарының  шешетін  міндеттері  жиі  сәйкес  келетінін  көрсетті.  Европадағы 
педагогикалық психологтардың жиі шешетін міндеттері келесілер: 
-  оқуда  немесе  қылықтарында  мәселелері  бар  балаларды  бағалауға  және  сынақтан 
(тестілеу) өткізуге қатысады; 
- балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес (консультация) беруге қатысады; 
- мектепте нұсқаулар мен шешімдерді құрастыруға қатысады; 
- мектеп ішіндегі күнделікті шешімдерге кіріседі; 
- мектеп өміріндегі инновацияларға және өңдеулерге бірігіп жұмыс істейді; 

мектеп  қызметкерлерінің  кәсіби  өсулеріне  және  зерттеу  жобаларын 
орындауларына көмектеседі. 
Бүкіл  Европада  педагогикалық  психологтар  көп  міндеттерді  (функцияларды) 
орындайды,  бірақ  жұмысының  негізгі  мазмұны  балалардың  оқудағы  және 
қылықтарындағы  қиындықтарға  байланысты  зерттеп  мектепке  және  отбасыларына 
нұсқаулар құрастырады. 
Мектептегі  психологиялық  қызметке  қойылатын  талаптардың  жоғарылауы 
байқалады, сондықтан бүгінде психологтар жұмыстарында көп күш жұмсауға тура келеді. 
Педагогикалық  психологтар  үшін  басшылар  қоятын  жұмыстарына  шектеулер  мәселе 
ретінде айтылады. Сонымен қатар кәсіби іс-әрекеттегі рөлдік анық емес жайлары да бар. 
Кейбір  педагогикалық  психологтарды  мазалайтын  мәселе,  басқалардың 
жұмыстарымен  қиылысатын  жағдайларда  олардың  түсінбеушілігі.  Жоғары  әдептілік 
(этикалық) стандарттарды сақтауға кепілдік алу мүмкіндіктерін, әсіресе түрлі топтардағы 
сыналушыларды сыйлау конфиденциалдық мәліметтерді реттеуге байланысты. 
Жалпы пікір бойынша, педагогикалық психолог балалармен және жастармен білім 
жүйесінде  қызмет  атқаратын  кәсіби  маман  ретінде  қабылданады.  Жұмысының  негізгі 
салмағы мектепке, балабақшаға, емханаларға және балалар үйіне түседі. 
Сонымен  бірге  балалардың  отбасыларымен,  мұғалімдермен,  басқа  кәсіби 
мамандармен  де  жұмыс  істеуге  тиісті.  Педагогикалық  психологтар  мектептермен  және 
басқа  ұйымдармен,  олардағы  ұйымдастырушылық  шараларды,  бағалауға  және  мәселелі 
балаларға көмектің стратегиясын құрастыруға көмектесе алады. 
Европа  психологтары  кейінгі  кезде  қоғамдағы  көптеген  басқа  да  мәселелермен 
айналысуына  тура  келуде.  Мысалы,  Швейцарияда,  Бельгияда  және  Финляндияда 
педагогикалық психологтар оқушылар арасында дамып келе жатқан қатыгездік, наркотик 
қабылдау  сияқты  мәселелерге  зейін  бөлуде.  Бұлардың  барлығы  педагогикалық 

психологтардың  міндеттер  өрісін  арттырады.  Нидерландтар  мен  Израильдегі 
педагогикалық психологтардың негізгі мектепке интеграцияланған арнайы қажеттілігі бар 
балалармен жұмыс аумағы өсуде. 
Білім жүйесіндегі  психологиялық қызметтің мақсаты  – оқушылардың психикалық 
және тұлғалық дамуын қамтамасыздандыру [15]. 
Білім  жүйесінде  психологиялық  қызмет  әр  баланың  рухани  дамуын  қамтитын 
психологиялық-педагогикалық,  психикалық  саулықтың  негізі  болатын  рухтық 
қолайлылықтарды жасауы тиіс. 
Практикалық  психологтың  мектептегі  іс-әрекеттерге  байланысты  атқаратын 
міндеттері: 
1)
 
мектепте  оқытуға  байланысты  балалардың  психологиялық  дайындықтарын 
анықтау, мұғаліммен біріге оларды мектепке бейімдеу бағдарламасын жоспарлау; 
2)
 
балалардың 
даралық 
ерекшеліктерін-қызығушылықтарын, 
қабілеттерін, 
сезімдерін, өмірдегі мақсаттарын т.с.с.,-сонымен бірге әр жас кезеңіндегі даму міндеттерін 
ескере  мұғалімдермен  және  ата-аналармен  біріге  дамытатын  бағдарламалар  құрастырып 
іске асыру; 
3)
 
балалар өміріндегі әр өтпелі, ауыспалы жайттарды ерекше бақылауға алу; 
4)
 
үлгірімі,  тәртібі  төмен  балаларды  анықтап  түзету  (коррекциялық)  жұмыстарын 
ұйымдастыру; 
5)
 
оқушылардың  оқыту  және  тәрбиелеу  үрдісінде  қиындықтар  тудыратын 
интеллектуалдық,  эмоционалдық,  еріктік  жіне  тұлғалық  ерекшеліктерін  анықтап 
(диагностика) оларды түзетуге (коррекция) көмек беру; 
6)
 
қолайлы  психологиялық  шырай  (климат)  жасауды  қолдау,  оқушылардың 
мұғалімдермен,  құрбы-құрдастарымен,  сыныптастарымен,  ата-аналарымен  және  басқа 
адамдармен ара қатынастарындағы бұзылу себептерін анықтап, оларды жоюға  әрекеттер 
жасау; 
7)
 
мектеп  администрациясына,  мұғалімдерге,  ата-аналарға  балаларды  оқыту  мен 
тәрбиелеудегі психологиялық мәселелерге, зейінді, есті, ойлауды, мінездерін, қабілеттерін 
дамытуға кеңестер (консультациялар) беру; 
8)
 
оқушылардың  сұрақтарына  оқу  іс-әрекетіне,  өзін-өзі  тәрбиелеуге,  өзін 
анықтауға, ересектермен және құрбы-құрдастарымен қатынастарындағы мәселелерге жеке 
және топтық кеңестер (консультация) өткізу; 
9)
 
кәсіпке бағдарлау жұмыстарына белсенді қатынасу. 
Бұл  міндеттерді  шешудің  реті  әр  мектептегі  нақты  жағдайға  және  мектеп 
психологының  кәсіби  дайындығының  деңгейіне  байланысты.  Мектеп  психологының 
арнайы міндеттері және іс-әрекет түрлері білім беру мекемесінің типі және сол мекеменің 
дәл сол мезгілдегі мәселенің өзектілігімен айқындалады. 
Әдебиеттер: 
1. Кала У.В., Раудик В.В. Психологическая служба в школе. -М.: Знание, 1986. 
2.  Инструктивное  письмо  от  27.04.1989г.  «О  введении  должности  психолога  в 
учреждениях народного образования» //ж-л Вопр. психол., № 5. 1989. -с.10. 
3.  Божович  Л.И.  Этапы  формирования  личности  в  онтогенезе  //Вопросы 
психологии. №46, 1978. 
4.  Дубровина  И.В.  Школьная  психологическая  служба:  Вопросы  теории  и 
практики. -М.: Педагогика, 1991. 
5.  Практическая  психология  образования:  Учебник  для  студентов  высших  и 
средних  специальных  учебных  заведений  /под  ред.  И.В.Дубровиной.  -М.:ТЦ  «Сфера», 
1997. 
6 Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. -М., 1986. 
7.  Асмолов  А.Г.  ХХІ  век:  психология  в  век  психологии.  Образование  личности  в 
контексте разных культур как фактор социальной эволюции //Развитие личности. №1, -М., 
1999. -С.21-39. 

8.  Эльконин  Д.Б.  К  проблеме  периодизации  психического  развития  в  детском 
возрасте. -Вопросы психологии, №4, 1971. -С.6-20 
9. Занков Л.В. К проблеме обучения и развития //Вопросы психологии. 
№ 3. -М., 1974. 
10.  Диагностическая  и  коррекционная  работа  школьного  пихолога.  /Под.  Ред. 
И.В.Дубровиной. -М., 1987. 
11. Лейтес Н.С. Умственные способности и возраст. -М.: Педагогика, 1971. 
12.  Дубровина  И.В.  Предмет  и  задачи  школьной  психологической  службы 
//Вопросы психологии, № 5, 1988. -С.47-54. 
13. 
Прихожан  А.М.  и  др.  Научно-практические  проблемы  школьной 
психологической службы //Вопросы психологии. №4, 1987. 
14. Выготский Л.С. История развития высших психических функций //Собр. соч.: В 
6 т. Т. 3. -М.: Педагогика, 1983. -С.5-328. 
15. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. -М., 1997. -298с. 
 
 
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЕРЕТТІЛІГІН 
ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 
қауымдастырылған профессор, пс.ғ.к. 
 
Бүінгі күні кәсіби құзіреттілікті дамыту мәселесі болашақ мамандарды 
дайындауда басым бағыттардың бірі болып отыр. Жалпы құзіреттілік латын 
тілінен аударғанда "қатыстылық, сәйкестілік" деген мағынаны білдіреді. Ал, 
кәсіби  құзіреттілік-  педагог-психолог  қызметінің  ең  басты  этикалық 
қағидасының бірі болып табылады.  
 
Қазіргі  қоғам  педагог-психологтарға  білім  алушылардың  бүкіл  өмірін 
ұйымдастыру үдерісіне күрделі  өзгерістер енгізе алатын, олардың тұлғалық 
дамуына кепілдік бере алатын,  шебер әрі кәсіби құзырлы мамандар ретінде 
қарайды.  Сондықтан    педагог-психологтың  іс-әрекет  шеберлігін  жеке  әдіс-
тәсілдердің    жүйесі  деп  санаумен  шектелуге  болмайды.  Кәсіби  құзіреттілік 
педагог-психологтың    жеке  тұлғасының  рухани  байлығымен    және  оның 
кәсіби білімінің  мөлшерімен анықталады.  
 
Кейбір  зерттеулерде  құзырлылық  ұғымы  біліктілік  ұғымымен 
теңестіріледі  [1,2].  Себебі  құзырлылық  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  деген 
қабілеттілікті  білдіріп,  әлеуметтік-кәсіби  мәртебесі  бар  тұлғаларға 
байланысты  қолданылады.  Маманның  алдында  тұрған  мәселелер  мен 
міндеттерді  шешу  деңгейіне  білім  мен  біліктің  сәйкестігін  айтады.  Мұндай 
түсініктеме  біліктілікке  де  балама  бола  алады.  Дегенмен  бұл  екі  ұғымның 
айырмашылығы  жайлы  тоқтала  келіп,  кейбір  зерттеулерде  біліктілік 
ұғымына  қарағанда  құзырлылық  ұғымының  мағынасы  ауқымдылау  екендігі 
айтылады  [3].  Біліктілікке  кәсіби  білім  мен  білік  тән  болса,  құзырлы  маман 
бойында сол қасиеттермен қоса өз кәсібіне деген ынталылықтың болуы, білім 
алушылармен  атқаратын  іс-әрекеттің  ынтымақтастық  сипатта  болуы, 
коммуникативтік қабілеттердің т.б. болуы шарт. 

 
Педагог-психологтың  іс-әрекеті  әр  түрлі  теориялық  білімдерге 
(психологиялық-педагогикалық,әлеуметтік-психологиялық,  философиялық 
т.б.)  негізделіп,  теория  мен  практиканы  байланыстырушы  қызмет  атқарады. 
Білім  мен  тәжірибені  терең  жинақтау  арқылы  педагог-психолог  кәсіби 
құзырлыққа ие болады.  
Кәсіби  құзырлы  педагог-психолог  теориялық  
білімдердің қоры мен өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты 
шеше алады.   
 
Кәсіби 
құзырлылыққа 
қол 
жеткізу 
үшін 
педагог-психолог 
педагогикалық-психологиялық  білімдермен  шектелуіне  болмайды  [4].  Ол 
білімдер  жинағы  әрине  қажетті,  дегенмен  кәсіби  құзіретті  маман  болу  үшін  
әлі  жеткіліксіз.  Теориялық-практикалық  және  әдістемелік  білімдер 
психологиялық-педагогикалық  біліктер  мен  дағдылардың  алғы  шарттары 
болып табылады. 
 
Жалпы  құзіреттілік  деп  тұлғада  белгілі  бір  сала  бойынша  білім  мен 
тәжірибенің болуын айтады. Ол адам іс-әрекетін бағалайтын ұғым, белгілі бір 
әлеуметтік-кәсіби  статусы  бар  адамдарға  байланысты  олардың  шешілетін 
мәселелер  мен  міндеттердің  күрделілік  деңгейін  ұғынуын,  оған  білім  мен 
білігінің сәйкес келуін сипаттау үшін  қолданылады.  
 
Соңғы  зерттеулерде кәсіби құзырлылық деп маманның өз іс-әрекетінде 
білімін,  білігін  және  әрекетті  орындаудың  жалпылама  тәсілін  жұмылдыра  
білу  қабілетін  айтады.  Педагогикалық-психологиялық  зерттеулерде 
құзырлылықтың төмендегі түрлері анықталған:  
1)  Коммуникативті  құзырлылық  -  әр  тілде  ауызша  және  жазбаша  түрде 
қарым-қатынас  жасау  технологиясын  меңгеру  (бұған  компьютерлік 
бағдарламалар, интернет арқылы қарым-қатынас жасау кіреді); 
2)  Ақпараттық  құзырлылық  –  қажетті  ақпаратты  өздігінше  іздеу,  талдау, 
зерттеу білігі.  
- педагогикалық іс-әрекетті нормативті – құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету; 
- ақпараттық технологияларды меңгеру. 
3) Жалпы мәдени  құзырлылық: 
-  ұлттық,  жалпыадами мәдениет саласындағы білімнің болуы; 
- тұлғалық аксиологиялық жүйені меңгеруі; 
-  түрлі этномәдениетке толеранттылық таныту. 
4) Танымдық-шығармашылық құзырлылық: 
- оқу-танымдық іс-әрекетке мақсат қою, жоспарлау; 
 - дамыған шығармашылық қабілеттің болуы; 
 - жаңа білімді өздігінше меңгеру қабілеті; 
5) Әлеуметтік-еңбектік құзырлылық: 
- өзіне жауапкершілік алу білу қабілеті
- жеке мүддесінің қоғам талаптарымен сәйкес келуі; 
- кәсіби әрекетті өздігінше орындауға дайын болу қабілеті; 
6) кәсіби құзырлылық: 
- белсенді өмірлік ұстаным; 
- кәсіби білім мен білік; 
- жеке кәсіби сипат; 

- шығармашылық білік. 
 
Кәсіби  құзырлы  болу  үшін  педагог-психологтың  жеке  тұлғасына 
қойылатын психологиялық талаптарға тоқталып өтелік. Ең алдымен педагог-
психолог  тұлғасының  ішкі  және  сыртқы  әлеуетінің  толықтығы  оның 
қоршаған  ортаға    деген  көзқарасына  тікелей  байланысты.  Педагог-психолог 
тұлғасында  түбірінде  психологиялық-педагогикалық  іс-әрекетке  деген 
қажеттілік  бар  кәсіби  бағыттылық  маңызды  орын  алады.  Оған  мыналар 
кіреді: 

 
тұлғаға деген сүйіспеншілік пен қызығушылық; 

 
психологиялық-педагогикалық жұмысқа деген ынта-әуес; 

 
психологиялық-педагогикалық байқампаздық пен зеректік; 

 
педагогикалық әдеп; 

 
педагогикалық қиял; 

 
ұйымдастырушылық қабілет; 

 
әділдік таныту; 

 
қарым-қатынас орната білу; 

 
талап қоя білу; 

 
мақсаттылық; 

 
өзін-өзі ұстай білу; 

 
өзіндік баға; 

 
рухани-танымдық қажеттілік; 

 
интеллекттік белсенділік; 

 
психологиялық-педагогикалық өзіндік білімденуге дайын болу. 
 
Педагог-психологтың  кәсіби  біліктілігінің  басты  көрсеткіші  оның 
мамандық бойынша базалық және кәсіптендіру пәндерді меңгеру деңгейі.  
 
Тәкелеу педагог-психологтың іс-әрекетіне қатысты кәсіби 
құзіреттілігіне төмендегілер жатады:  
1)  Педагог-психолог  біліктілік  деңгейіне  сәйкес  келетін  тесттерді 
пайдалануға құқылы. Егер әдістеме біліктіліктің жоғары деңгейін талап етсе, 
онда тестіні қарапайым түрге немесе арнайы оқудан өту қажет.  
2)  Кеңес  беруде  жоғарыдағыдай  талап  қойылады.  Педагог-психолог 
біліктілігі  жеткіліксіз  кеңес  беру  техникаларын  пайдалануға  құқылы  емес. 
Кеңес  беруде  бірнеше  теориялық  сипат  тән.  Педагог-психолог  тарапынан 
нәтижеге  жету  ол  қаншалықты  теорияны  және  соған  сай  техниканы  өз 
қызметінде пайдануына тәуелді болып табылады.  
 
 Кәсіби  құзіреттілік-  бұл  белгілі  бір  еңбек  функциясын  өз  бетінше, 
жауапкершілікпен және сапалы орындау қабілеті.  
 

 
Сурет1- Кәсіби құзіреттілік түрлері 
Тұлғаның  кәсіби  құзерттілігі  мәселесін  қарастырғанда  бірнеше 
ұғымдарды  талдау  қажеттілігі  туындайды.  Солардың  бірі  кәсіби  ойлау-  бұл 
түрлі іс-әрекетке қосылу және нақты жағдайларда белгілі бір тапсырмаларды 
шешуге  бағытталған  ойлау  түрі.  «Кәсіби  ойлау»  ұғымын  екі  мағынада 
пайдалануға болады. Біріншіден, маманның жоғары кәсіби деңгейін көрсету 
үшін  болса,  екіншіден,  кәсіби  іс-әрекет  сипатына  негізделген  ойлау 
ерекшеліктерін  нақтылау. 
 
 «Кәсіби  ойлау»  ұғымына  «кәсіби  құзіреттілік»  және  «кәсіби 
интеллект»  мазмұнымен  қатар  қойылып  жатады.  Психология  ғылымында 
ғылыми және практикалық кәсіби ойлау түрлерін бөліп жатады. Практикалық 
кәсіби іс-әрекет терең зерттелген. 
 
Практикалық ойлаудың негізгі міндеті- шындықты практикалық қайта 
құру  амалдарын  жасау  болып  табылады:  мақсат  қою,  жоспар,  жоба,  сызба  
құру. Маман- практиктің ойлауы күрделі тапсырмаларды шешуге қосылған- 
іс-әрекеттің дара жүйесін құру.  
 
Ғылыми  кәсіби  ойлау  теориялық  ойлаумен  тығыз  байланыста 
қарастырылады. Теориялық ойлау өзіне анализ, рефлексияны және әрекеттің 
ішкі  жоспарын  енгізеді.  Ойлаудың  бұл  типі  теориялық  ұғымдарға  сүйенеді, 
ол  жалпылаудың  ерекше  типімен  сипатталады.  Теориялық  анализ  ғылыми 
ойлау компоненті ретінде ішкі байланыстарды ашады. 
 
Кәсіби  рефлексия  –тұлғаға  өзінің  кәсіби  мүмкіндіктерін  бағалауға, 
мақсат  пен  өз  кәсіби  іс-әрекетінің  күтілетін  нәтижесін  сәйкестендіруге 
Кәсіби 
құзіреттілік 

Каталог: doc
doc -> «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» кмм ақпараттық–библиографиялық бөлімше
doc -> Анықтамалық библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді
doc -> Хабаршы вестник
doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> №1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы
doc -> Социально-экономическая история
doc -> ҚҰРметті конференция қонақтары мен қатысушылары!

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет