Республикалық Ғылыми-практикалық конференцияның материалдары материалы



жүктеу 88.76 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.01.2017
өлшемі88.76 Kb.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ

.

 Л.Н. ГУМИЛЕВА 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ 

ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК 

 

 



«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

ПСИХОЛОГИЯ  ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ»  АТТЫ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

 

 

МАТЕРИАЛЫ 

 

РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ 

КОНФЕРЕНЦИИ  «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И  

РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ  НАУКИ  В  КАЗАХСТАНЕ» 

 

28 апреля 2015 года 

 

 

 

АСТАНА - 2015 

 

 



УДК 159.9 (091) (574) 

Редакционная коллегия 

 

Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор 

Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор 

Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент 

Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент 

Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент 

 

 

«Профессор С.М. Джакупов  и  развитие психологической  науки  в  Казахстане»: Сб. статей 

Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)  

– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015.  – 219 с. 

 

 



 

ISBN 978-601-7429-81-2 

 

 

В настоящий сборник включены материалы 

Республиканской научно – теоретической 

конференции«Профессор С.М. Джакупов  и  развитие психологической  науки  в  Казахстане» 

(г.Астана 28 апреля 2015г.).  – 243 стр. 

Материалы предназначены  для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, 

докторантов.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ISBN 978-601-7429-81-2 

 

 

 

 

 

 

 

 

© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015 

 

 

 

Қайда жүрсе елім дейтін, 



Өтірікке ермейтін, 

Өсекке сенбейтін, 

Ата-ана, досты сыйлайтын

Ақылы аса жасты сыйлайтын, 

Мұзбалақ ерді сыйлайтын, 

Іргелі елді сыйлайтын 

Ұлағатты ұстазсың! 

 Сонымен  Қазақстандағы    психология  ғылымының  дамуымен  өрендеуінде  өзіндік 

ерекше  орны  бар  ғалым  ұстаз,  психология  ғылымының  докторы,  профессор  Жақыпов 

Сатыбалды  Мұқатайұлы  абзалдықтың  асқары    65-қа  толды.  Осы  жастың  мәресі 

абыройлы  әке,  жақсы  жар,  кемеңгерліктің  үлгісін  көрсете  білген  үлкен  ғалымның 

өміріндегі  үлкен  нұрлы  белес.  Осы  биікке  өзінің  ерең  еңбегімен,  қажыр-қайратымен, 

ақыл-парасатымен  көтерілген  және  біз  өз  ұстазымыздың    жарқын  бейнесін  өмір  бойы 

жанымызда ұстаймыз!  

 

 

ҚАЗАҚСТАНДА ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ТҰЛҒАЛАР 

 

Ерментаева Ардақ Ризабекқызы 

психология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Казахстан 

 

  Қазіргі  кезде  жасына,  әлеуметтік  жағдайына,  білім  деңгейіне,  мамандығына 



қарамай-ақ,  адамдардың  психология  ғылымына  назар  аударуы,  қызығушылық  танытуы 

айқын  аңғарылады.  Бұл  қоғамның  ізгілікті  бағытта,  адамдардың  рухани  ділінің  дамуын 

қамтамасыз етуде психологияның маңызды рөл атқаруы тиіс екендігінен шығатын болуы 

керек.  Әрі  психологиялық  білімнің  осы  заман  адамдарының  әрқайсысының  күнделікті 

өмірі мен іс-әрекетінде шешуші  орын алатыны көпшілікке мәлім. Әсіресе,  «Адам-Адам» 

саласында қызмет атқаратын тұлғалардың іс-әрекет пен қарым-қатынасты субъект ретінде 

жетілдіруі үшін психологиялық даярлықты жоғары дәрежеде танытуы қажетті шарт.  

  Сондықтан,  жоғары  білім  беру  жүйесінде  болашақ  маманды  психологиялық 

дайындау  өзекті  мәселе  болып  табылады.  Бұл  мәселені  шешуде  маңызды  орын  алатын 

бірқатар шарттар бар. Әсіресе, болашақ мамандарды психологиялық дайындауда өз пәнін 

жете білетін, аса зиялы, мәдениетті, әділетті оқытушының жоғары мектептегі орны бөлек 

болады.  Осы  оайда,  жастардың  психология  ғылымын  меңгеруіне,  психологиялық 

тұрғыдан тіршілік әрекетін ойластырып, ұйымдастыруына, терең білім меңгеруіне, өнегелі 

тәлім-тәрбие алуына белсенділікпен араласып, бастамашы болып жүрген ғалым, психолог-

педагог тұлғалар да елімізде баршылық.  

  Біздің республикада Л.С. Выготский, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, П.Я. 



Гальперин  және  басқа  да  психологиядағы  ірі  тұлғалардың  идеяларын  жалғастырған 

психологиялық теориялар мен практика жүйесі орныққан деуге әбден болады. 



Г.  Эббингауздің  баршаға  белгілі  жалпы  түрде  «психологияның  жасы  үлкен 

болғанмен, тарихы қысқа» дегені біздің республикадағы жоғары мектеп психологиясының 

ғылым саласы, дербес пән ретінде дамуына да қатысты сияқты. 

Қазақстанда  жоғары  мектеп  психологиясының  жеке  ғылыми  сала  болып  шығуына 

негіз, тұғыр болған педагогикалық психологияның жаңа бір қарқынмен дамуға беталысы 

ХХ-ғасырдың  екінші  жартысында  болды.  Бұған  республикада1946-жылы  тұңғыш 

психология  кафедрасының  қазіргі  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 

университетінде  ашылуы;  жоғары  мектеп  оқытушыларының  психология-педагогика 

ғылымдары  бойынша  ғылыми  зерттеулер  жүргізуі,  оқулық,  оқу-әдістемелік  құралдар 

дайындауы орасан ықпалын тигізді.  



 

Педагогикалық  психология  бойынша  құнды  еңбектерімен,  жоғары  мектептегі  озық 



іс-тәжірибелерімен – Ш. Әлжанов, Ә. Асылбеков, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, Ә. Сыдықов, 

С. Балаубаев, Е. Суфиев, М. Мұқанов, А. Алдамұратов, Р. Қарамұратова, Қ. Рақымбеков 

сияқты талай тұлғалар ғылыми қорды байытып, тарихта есімдері қалды.  

Республикада 

педагогикалық 

психологияның 

дамуына 


академик 

Төлеген 

Тәжібайұлы  Тәжібаев  (1910-1964)  елеулі  үлес  қосты.  Ол  түрлі  деңгейдегі  аса  жауапты 

басшылық  қызметтер  атқара  жүріп,  Қазақстанда  алғаш  рет  психолог-педагог  маман 

дайындау  ісіне  бастамашы  болған-ды.  Т.Т.  Тәжібаев  білім  беруде  психология  мен 

педагогиканы  үйлестіре  отырып,  педагогикалық  психология  аясында  зерттеу  жүргізген, 



К.Д.  Ушинскийдің  психологиялық  көзқарастарын  талдап,  қарастырған.  Ал,  ғалым-ұстаз 

Жолмұхан  Түрікпенұлыныңакадемик  Төлеген  Тәжібайұлы  Тәжібаевтың  өмірі,  еңбегі 

туралы жазған кітабы психологтер, педагогтер үшін аса құнды болып табылады.  

Қазақстанда  жоғары  мектеп  психологиясының  дамуына  академик  Т.  Тәжібаевтың 

шәкірті  Мәжит  Мұқанұлы  Мұқановтың  (1920-1985)  қосқан  үлесі  зор  болды.  М.М. 



Мұқанов  республикада  тұңғыш  психология  ғылымдарынан  докторы  ғылыми  дәрежесіне 

ие  болған  ғалым  еді.  М.М.  Мұқанов  оқу-тәрбие  психологиясына,  білім  берудің  жас 

ерекшелікке  байланысты  психологиялық  астарларына  қатысты  «Педагогикалық 

психология очерктері» (1962 ж.); «Жас және педагогикалық психология» (1982 ж.) сияқты 

көптеген  осы  кезге  дейін  теңдесі  жоқ  200-ден  астам  еңбектер  жазған.  Сонымен  қатар, 

М.М. Мұқанов студенттердің тұлға және маман ретінде дамуын зерттеген немесе жоғары 

мектепте  ғылыми-педагогикалық  іс-әрекетті  жетілдіруге  үлес  қосқан  талай  шәкірт 

дайындаған.  Орай  келгенде  айта  кетейін,  ұлы  ғалым  Мәжит  Мұқанұлы  Мұқановтың 

өмірбаянын,  психологиялық  концепцияларын,  азаматтық  ұстанымдарын,  оқытушылық 

еңбегін  оның  көзін  көрмей,  сөзін  ести  алмай  қалған  кейінгі  толқын  зерттеушілерге, 

психологтерге,  шәкірттеріне  талмай  айтып,  баяндап,  жеткізіп  жүрген  тұлғалардың  бірі  – 



Жолмұхан Түрікпенұлы.  

Жоғары  мектепте  психологиялық  білім  беруге  арналған  қазақ  тіліндегі  оқулықтар 

дайындау 

республикада 

педагогикалық 

психологияның, 

жалпы, 

психология 



ғылымдарының  дамуымен  астасатыны  анық.  Себебі,  студенттерге  арналған  оқулықтар 

мазмұны  әрқашан  оқыту,  тәрбиелеу,  педагогикалық  іс-әрекет  психологиясына  тіректелу 

нәтижесі  болады.  Осыған  байланысты,    1966  жылы  А.  Темірбеков  пен  С.  Балаубаевтың 

педагогикалық  институттар мен  университеттердегі  студенттерге арналған  «Психология» 

атты  қазақ  тіліндегі  алғашқы  оқулықты  дайындап,  шығаруы,  жоғары  мектептегі 

психологиялық дайындау жүйесінің дамуында ерекше рөл атқарды. 

Қазақстанда  психология  ғылымының  әрқашан  көкейтесті  болатын  мәселелерін 

зерттеу  арқылы  республика  аумағында  ғана  емес,  әлемдік  психология-педагогика 

ғылымдарының  қордалануына  себепкер  болған  ғалым-тұлғалар  баршылық.  Мәселен, 

педагогикалық  эмпатия  бойынша  республикада  ең  алғаш  зерттеу  жүргізген,  болашақ 

мұғалімдерде  педагогикалық  эмпатияның  қалыптасу  заңдылықтарын  тұжырымдаған 

Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  профессоры,  психология  ғылымдарының 

кандидаты Раиса Башибайқызы Қарамұратова (1946-1998) болды. Бұл оның еңбектеріне 

жасалатын  сілтемелерден,  зерттеулеріне  Ю.Б.  Гиппенрейтер  сынды  ғалымдардың  берген 

жоғары  бағасынан  анық  көрінеді.  М.М.  Мұқановтың  шәкірті  Р.Б.  Қарамұратова 

Грузиядағы  белгілі  К.Д.  Узнадзенің  психологиялық  ғылыми  мектебінде  диссертациясын 

қорғаған  қазақ  қыздарының  біріншісі  еді.  Р.Б.  Қарамұратова  студент  кездерінде  білім 

берген,  оқытушылық  қызмет  таңдаған  А.Р.  Ерментаева,  С.С.  Хасенов,  Ж.Қ.  Әубәкірова, 



Н.Д.  Унарбекова,  М.Д.  Ауренова,  А.З.  Теңкебаева  сияқты  шәкірттерінің  психологиялық 

зерттеу  жұмыстарына  ден  қоюына;  психология,  педагогикалық  психология  бойынша 

ғылыми-педагогикалық іс-әрекет аясында өз жолын табуына бірден-бір әсер еткен ғалым-

ұстаз болды.  

Қазір  жоғары  оқу  орындарында  дәріс  оқып,  ғылыми-зерттеу  мектептерін  құрған 

ғалымдар  Қазақстандағы  психология  ғылымдарының  сан  саласын  дамытып  келеді. 



 

Олардың  Қазақстан  психологиясының  дамуына  қоғам  талабына  сай  маман  дайындау; 



психологиялық  білім  берудің  оқу-әдістемелік  негізін  нығайту;  студенттердің, 

магистранттардың,  докторанттардың  зерттеу  жұмыстарына  ғылыми  жетекшілік  жасау 

арқылы  атқарып  отырған  еңбектері  орасан  зор.  Сондықтан,  республикадағы  жоғары 

мектеп  психологиясының  өсіп-өркендеуі  белгілі  психолог-ғалымдар:  Қ.Б.  Жарықбаев, 



Б.М. Хамзин, С.М. Жақыпов, Ж.Ы. Намазбаева, Х.Т. Шерьязданова, В.К. Шабельников,Ж. 

Түрікпен-ұлы, А.М. Ким, Н.А. Логинова есімдерімен тікелей байланысты.  

Қазақстандағы  жоғары  мектеп  психологиясының  өркендеуіне  көлемді  еңбек 

сіңірген, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетінде ғылыми-педагогикалық іс-

әрекетті  жүзеге  асырып  келе  жатқан  ғалым  –  педагогика  ғылымдарының  докторы  және 

психология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Құбығұл  Бозайұлы  Жарықбаев

Ғалымның  этнопедагогика,  этнопсихология,  психология  тарихы  бойынша  бірегей 

зерттеулері; студенттерге психологиялық білім беруді жүзеге асыруға қатысты жазған оқу 

құралдары,  оқулықтары  құндылығымен,  республика  аумағында  барынша  таралып, 

қолданумен ерекшеленеді.  Қ.Б. Жарықбаев ғылыми жетекшілігі арқылы магистр, ғылым 

кандидаты,  ғылым  докторы  сияқты  жоғары  академиялық,  ғылыми  атақтарға  ие  болған 

шәкірттерімен  де  республикадағы  этникалық  психологияның  дербес  ғылым  саласы,  пән 

болуында ерекше орын алады.  

 Студенттердің  оқу  әрекетінің  психологиясы,  танымдық  іс-әрекеті  әл-Фараби 

атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  профессоры,  психология  ғылымдарының 

докторы  Сатыбалды  МұқатайұлыЖақыповтың  ғылыми  мектебінде  қарастырылып, 

болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мен дамытудың механизмдері 

тағайындалған. Ғалымның жасаған зерттеу тұжырымдамалары оқытудың психологиялық 

құрылымын,  теориялық-әдіснамалық  негіздерін  дәйектеп,  бірегей  ғылыми  ұстанымды 

танытады. С.М. Жақыпов – жоғары мектептің оқу процесіне жүйелі психологиялық талдау 

жасаған  тұңғыш  зерттеуші.  Студенттердің  танымдық  іс-әрекетін  жетілдірудің,  жоғары 

білім  беру  тиімділігін  арттырудың  негізгі  шарттары  мен  кешенді  құралдары  профессор 

С.М.  Жақыповтың  еңбектерінде  негізделіп,  тұжырымдалған.  С.М.  Жақыповтың 

теориялық-эксперименттік  зерттеулерінде,  іс-тәжірибесін  таратуда  бірлескен  диалогтік-

танымдық  іс-әрекет  оқу  процесінің  құрылымындағы  жүйеұйыстырушы  фактор 

болатындығы;  оқу әрекетінің, оқытудың тиімділігін анықтайтыны жан-жақты зерттеледі. 



С.М.  Жақыповтың  ғылыми  тұжырымдамалары  оның  шәкірттерінің  –  Б.А.  Амирова,  С.Қ. 

Бердібаева, З.Б. Мадалиева, Н.Қ. Тоқсанбаева, және т.б. еңбектерінде әдіснамалық бағдар 

ретінде көрсетіледі.    

Жоғары  оқу  орнында  кәсіби  дайындаудың  өзекті  мәселелерін  кешенді  теориялық-

әдіснамалық  негізде  шешуді  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 

университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы  Жәмилә Ыдырысқызы 

Намазбаеваның  ғылыми  мектебі  қарастырады.  Ғалым  Ж.Ы.  Намазбаева  қазіргі 

психология,  дефектология  ғылымдарының  теориясы  мен  тәжірибесінің  негізін  қалаған 



Л.С. Выготскийдің ғылыми зертханасында ізденуші болып, С.Я. Рубинштейн, Ж.И. Шиф 

сияқты  ғалымдардың  жетекшілігімен  нәтижелерінің  өміршеңдігімен  ерекшеленетін 

зерттеулер  жүргізген.  Мәселен,  Ж.Ы.  Намазбаева  студент  кезінде  өзіндік  бағалауды 

анықтауға 

бағытталған 

белгілі 


Дембо-Рубинштейн 

әдістемесін 

бейімдеп, 

модификациялауға  қатысады.  Ж.Ы.  Намазбаева  –  қазақ  қыздарының  арасында  алғашқы 

психология  ғылымдарының  докторы.  Сонымен  қатар,  1993-жылы  Орта  Азия  мен 

Қазақстанда  тұңғыш  рет  психология  ғылымдары  бойынша  кандидаттық  диссертация 

қорғататын  Арнайы  Кеңестің  ашылып,  оған  Ж.Ы.  Намазбаеваның  төрайым  болуы, 

психологияның жаңа сатыға көтеріліп, дамуына айтарлықтай қосылған үлес еді. Сондай-

ақ,  Ж.Ы.  Намазбаева  Қазақстанда  тұңғыш  ашылған  Психология  ҒЗИ-ның  директоры 

ретінде еліміздегі психологияның өркендеуіне жағдай жасауда. 

Жоғары  оқу  орнында  психологиялық  дайындауды,  тұлғаның  өзін-өзі  тану  процесін 

және 


қарым-қатынастың 

коммуникациялық, 

интеракциялық, 

перцепциялық 



10 

 

құрылымдарын  жетілдірудің  заңдылықтары  мен  мүмкіндіктерін  негізге  алып, 



психологиялық  технологияларды  оңтайлы  қолданудың  теориялық  және  практикалық 

тұрғылары  Қазақ  қыздар  мемлекеттік  педагогикалық  университетінің  профессоры, 

психология  ғылымдарының  докторы  Хорлан  Тоқтамысқызы  Шерьязданованың  ғылыми 

мектебінде  жан-жақты  зерттеліп  келеді.Х.Т.Шерьязданова  –  «Бөбек»  балалар  қорының 

Президенті  Сара  Алпысқызы  Намазбаева  басшылығыменжүзеге  асырылып  келе  жатқан 

«Өзін-өзі  тану»  республикалық  жобасының  психологиялық  тұжырымдамасын  дәйектеп, 

негіздеген  алғашқы  ғалым.    Осыған  орай,  Х.Т.Шерьязданованың  белсенді  ұстанымы 

арқылы  жоғары  мектеп  оқытушыларының  ғылыми-әдіснамалық  тағылымдамадан  өтуі 

мүмкін  болды.  Жоғары  мектепте  «психология»,  «өзін-өзі  тану»  пәндері  бойынша  білім 

беруде  оқытудың  белсенді  психологиялық-педагогикалық  технологиясын  қолданудың 

теориясы  мен  тәжірибесінің  негізделіп,  таратылуы  да  профессор  Х.Т.Шерьязданованың 

осы жолдағы бастамашылығымен, ерен еңбегімен байланысты. Болашақ психологтердің, 

педагогтердің,  ғалым-зерттеушілердің  әлемдік  психология  қорын  танып-білуі  үшін 

Х.Т.Шерьязданова республикалық«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында республикадағы 

психолог-зерттеушілерді 

ұйымдастырып, 

жауапты 


да 

көлемді 


жұмыс 

атқарды.Нәтижесінде,  психология,  педагогикалық  психология  бойынша  әлемдегі  бірегей 

теориялар,  идеялар,  тұжырымдамалар  тұңғыш  рет  қазақ  тіліне  аударылып,  «Адамзаттың 

ақыл-ой  қазынасы»  айдарымен  10  томдық  аса  құнды  еңбек  2005  жылы  жарық  көрді. 



Х.Т.Шерьязданова  –  республикада  тұңғыш  рет  жоғары  мектепте  психологиялық  білім 

беру  мәселесін  көтерген  психолог-ғалым.  Ғалым  студенттердің  психология  пәндері 

бойынша  оқу  процесін  құру  жолдарын  анықтап,  тағайындауды  басты  міндет  ретінде 

қояды.  Осыған  байланысты  Х.Т.Шерьязданова  болашақ  педагогтер  мен  психологтерді 

кәсіби  психологиялық  дайындаудың  мазмұны  мен  құрылымын  жүйелеп,  негіздеген  де 

алғашқы  зерттеуші  болып  табылады.  Оның  еңбектерінде        студенттердің  жас 

ерекшеліктерге  қатысты  қарым-қатынас  біліктілігін  дамыту,  психологиялық  білімдерін 

тереңдету 

кәсіби 

дайындаудың 



психологиялық 

негізі 


ретінде 

сипатталады. 



Х.Т.Шерьязданова  ХХ-ғасырдың  соңына  қарай  ерекше  зерттеу  нысаны  болған 

«педагогикалық қарым-қатынас» категориясын жоғары мектеп психологиясына кіріктіріп 

анықтаған.  Соның  арқасында  ғалым  педагогикалық  іс-әрекет  барысындағы  кез  келген 

қарым-қатынас тиімді болуы үшін оның «кәсіби педагогикалық қарым-қатынас» деңгейіне 

көтерілу  керектігін,  оның  жолдары  мен  амалдарын  тұжырымдайды.  Сондықтан, 

профессор  Х.Т.Шерьязданованың  ғылыми  жетекшілігіменпедагогикалық  психологияның, 

соның  ішінде,жоғары  мектеп  психологиясының  өзекті  мәселелері  бойынша  30-дан  аса 

ғылым кандидаттары – Г.М. Қасымова, Ұ.И. Ауталипова, М.Қ. Бапаева, Ж.Қ. Әубәкірова, 



М.Н.  Махаманова,  Л.Х.  Ермекбаева,  және  т.б);  3  ғылым  докторлары  –  А.Р.  Ерментаева, 

А.Т. Ақажанова,Н.Ж. Бәрімбеков дайындалып шықты.  

2008  жылы  1-қыркүйекте  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 

университетінің  ректоры,  профессор  С.Ж.  Пірәлиевтің  бастамашылығымен  Қазақстанда 

тұңғыш рет Психология Ғылыми Зерттеу Институтының ашылуы да психология бойынша 

білім беру мен зерттеушілік міндеттерді шешуде маңызы зор іс болды.  

Қазіргі  кезде  С.Қ.  Бердібаева,  Б.Ә.  Әмірова,О.С.  Сангилбаев,  Н.С.  Ақтаева,  А.Т. 



Ақажанова,  Н.Қ.  Тоқсанбаева,  Д.Д.  Дүйсенбеков  сияқты  ғалымдарөздері  шәкірт 

тәрбиелеп, 

психология, 

педагогикалық 

психология,этникалықпсихология, 

тұлға 


психологиясының  басты  міндеттерін,  әр  қырлы  мәселелерін  шешу  арқылы  ғылыми 

ұстанымдарын  нығайтып,  дербес  ғылыми  мектептерінің  іргесін  қалап  келеді.  Жалпы, 

республикада  психологияның  қалыптасуы;  оның  категориялары  мен  ұғымдарының 

мемлекеттік тілде дәлме-дәл аударылып, қолдануы; психология ғылымдарының тарихын 

жасаушы  тұлғалардың  мұралары;    психологиялық  теориялар  мен  концепциялардың 

құрастырылып, таратылуы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің психолог-

ғалымдары  –  С.М.  Жақыпов,С.Қ.  Бердібаева,  Н.С.  Ақтаева,  Н.Қ.  Тоқсанбаева,  Д.Д. 

Дүйсенбеков, т.б. құнды еңбектерімен үлес қосуда. 


11 

 

Осы  замандағы  нарық  сұраныстарына  сәйкес  жоғары  мектептің  инновациялық 



ұлттық үлгіде құрылуы саясатта, эконикада, әлеуметтік дамуда маңызы зор, басты мақсат 

болып  табылады.  Сондықтан,  республикада  жоғары  білім  беру  мен  жоғарыдан  кейінгі 

білім  беру  жүйесі  ХХI-ғасырдың  бас  кезінде  заңдастырылып,  тәжірибеге  енгізілді.  Бұл 

қоғам  назарындағы,  мемлекет  тарапынан  реттелетін  күрделі  мәселе  өз  шешімін  оңтайлы 

табуда.  Осыған  сәйкес,  инновациялық  ұлттық  үлгідегі  кәісіби  дайындау  жүйесін  құру 

мақсатымен  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетінің  ректоры, 

профессор  С.Ж.  Пірәлиевтің  бастамашылығымен  2009  жылыҚазақстанда  тұңғыш 

магистратура және докторантура (PhD) Институтыжұмысын бастады.Соның нәтижесінде 

ғылыми  қызметкерлерді,  жоғары  мектеп  оқытушыларын  мақсат-бағдарлы  кәсіби 

дайындау  жүзеге  асырылды.  Магистратурадағы  барлық  мамандықтардың  білім 

бағдарламасы«Жоғары мектеп психологиясы» пәнін міндетті оқу курсы ретінде қамтиды. 

Ал,  «педагогика  және  психология»  мамандығындағы  докторантураның  (PhD)  білім 

бағдарламасына  психологияның  түрлі  салалары,  ағым-бағыттары  элективті  курстар 

ретінде енгізілген.  

Осы  психологиялық  пәндер  бойынша  дәріс  оқып,  зерттеу  жүргізу  мен  оқу-

әдістемелік  еңбектер  дайындау,  магистранттар  мен  докторанттардың  диссертациялық 

зерттеулеріне  ғылыми  жетекшілік  жасау  республикадағы  психология-педагогикалық 

ортада  танымал  ғалымдарға  жүктелген.  Сондықтан,  қазіргі  кезде  Абай  атындағы  Қазақ 

Ұлттық  педагогикалық  университетінде  психологияның  дамуынаЖ.Ы.  Намазбаева,  Р.Б. 

Каримова,  О.С.  Сангилбаев,  З.А.  Мовкебаева,  Н.М.  Іргебаева,  Л.А.  Сәрсенбаева,  Г.Т. 

Бекмұратова,  және  т.б.  білікті  ғалымдар  мен  психология  пәндерінің  оқытушылары 

айтарлықтай үлес қосып келеді.  

Сонымен  қатар  қазіргі  қазақстандық  психологияның  дамуы  және  жоғары  оқу 

орындарында болашақ маманды психологиялық дайындау ісінде Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразиялық  ұлттық  университетінде  еңбек  ететін    психолог-ғалымдардың  еңбектері  аз 

емес. 


Осылайша,  қазіргі  кезде  қазақстандық  жоғары  оқу  орындарының  психологтері, 

педагогтері,  ғалымдары  ынтымақтастықта  студенттер  мен  оқытушылардың  іс-әрекеті, 

қарым-қатынасы,  тұлғалық  дамуы,  кәсіби  даярлығы  сияқты  жоғары  мектеп 

психологиясының  өрісіндегі  мәселелер  бойынша  ғылыми  зерттеулер  жүргізіп,  оқу-

әдістемелік материалдар жариялап, тындырымды оңды өзгерістерге ден қойып келеді. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


жүктеу 88.76 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет