Республикалық Ғылыми-практикалық конференцияның материалдары материалы



жүктеу 67.35 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.02.2017
өлшемі67.35 Kb.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ

.

 Л.Н. ГУМИЛЕВА 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ 

ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК 

 

 



«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

ПСИХОЛОГИЯ  ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ»  АТТЫ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

 

 

МАТЕРИАЛЫ 

 

РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ 

КОНФЕРЕНЦИИ  «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И  

РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ  НАУКИ  В  КАЗАХСТАНЕ» 

 

28 апреля 2015 года 

 

 

 

АСТАНА - 2015 

 

 



УДК 159.9 (091) (574) 

Редакционная коллегия 

 

Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор 

Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор 

Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент 

Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент 

Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент 

 

 

«Профессор С.М. Джакупов  и  развитие психологической  науки  в  Казахстане»: Сб. статей 

Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)  

– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015.  – 219 с. 

 

 



 

ISBN 978-601-7429-81-2 

 

 

В настоящий сборник включены материалы 

Республиканской научно – теоретической 

конференции«Профессор С.М. Джакупов  и  развитие психологической  науки  в  Казахстане» 

(г.Астана 28 апреля 2015г.).  – 243 стр. 

Материалы предназначены  для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, 

докторантов.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ISBN 978-601-7429-81-2 

 

 

 

 

 

 

 

 

© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015 

 

 

225 

 

шоғырлық  топқa  aдaм  немесе  тaғы  бaсқa  ұғымдaр  турaлы  түсініктерді,  жaғдaяттaрды, 



aссоциaциялaрды жинaқтaйды. (3).  

Кәсіптік тұлғaның ішкі дүниесін өнегелік бaғыттa қaлыптaстыру үшін зерттеуде кешенді 

әдістемені пaйдaлaнғaн жөн. Бұндaй әдістеменің құрaмындa негізгі тәрбиелеу бaрысындa 

қолдaнылaтын  принциптерді  (тәрбиенің  қоғaмдық  бaғыттa  болуы,  тәрбиенің  еңбекпен, 

өмірмен  бaйлaнысы,  тәрбиеде  әділдікке  aрқa  сүйеу,  тәрбиеге  тұлғaлық  қырдaн  қaрaу, 

тәрбиелік  ықпaлдaрдың  бірлігі)  бaсшылыққa  aлу  қaжет.  Кәсіптік  тұлғaны 

жaлпыaдaмзaттық  құндылықтaрғa  бaулу  үшін  фреймдік  тaлдaу,  психологиялық  ықпaл 

жaсaу,  тaрихи  мaтериaлдaрды  қолдaну,  еңбекке  тәрбиелеу  тәсілін,  ықпaл  жaсaу  әдісін, 

еліктеу, үлгі (жaғымды, жaғымсыз) келтіру әдістерін пaйдaлaнғaн жөн.  

 

Пaйдaлaнғaн әдебиеттер тізімі: 



1.

 

Корчaк Я. Воспитaние личности: Кн. Для учителя М.: 1992. 



2.

 

Жaлпыaдaмзaттық 



құндылықтaр 

негізінде 

ұлттық 

құндылықтaр 



мен 

педaгогтердің  жaңaшыл  тәсілдері  негізінде  тәрбие  жүйесін  жaңaрту  жолдaры. 

Әдістемелік  құрaл.  –  Aстaнa:  Ы.  Aлтынсaрин  aтындaғы  Ұлттық  білім 

aкaдемиясы, 2013. 

3.

 

Әбдірaзaқов Е. Aдaмгершілік, имaндылық тәрбиесі. -Шымкент 1994. 



 

"АҚЫНДАР ДЕГЕН ЕЛДЕНМІН..." (ХАМИТ БАЛШАБЕКОВ ТУРАСЫНДА) 

 

Ибраева Назгуль Бауыржановна  

Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, Филология 

ғылымдарының 1 курс магистранты.Семей қ. 

 

 

Аннотация: Бұл мақалада Семей өңірінің тумасы, талантты перзенті, ақын - Хамит 

Балшабековтің  өмірі  мен  оның  шығармашылық  мұрасы  жайында  сөз  етілген.  Аталмыш 

тақырып әдеби өлкетану негізінде қарастырылады. 

 

 



Түйін  сөздер:  әдеби  қор,  шығармашылық  мұра,  Хамит  Балшабеков,  поэзия, 

ғұмырнамалық өмірбаян. 

 

 

Әдебиеттану ғылымында жекеленген тұлғаларды зерттеп, олардың өмірі мен әдеби 



қорымызға  қосқан  мұраларына  әділ  бағасын  беру  -  әдебиет  зерттеушілері  үнемі  көңіл 

бөліп  келе  жатқан  мәнді  де  маңызды  мәселесі.  Заңғар  жазушы  Мұхтар  Омарханұлы 

Әуезов: "Бізде бұл уақытқа дейін Абайдан арғы ақынның өмірі туралы жинаған мағлұмат 

жоқ.  Бүгінде  қазақ  ескілігіне  көз  салып,  жинастырып  жүрген  азаматтардың  қатты 

ескеретін  бір  жұмысы  осы  болу  керек"  [1]  -  деп,  аса  ден  қойғаны  тегін  болмаса  керек. 

Сондай-ақ,  профессор,  белгілі  әдебиеттанушы  ғалым  Арап  Еспенбетов:  "Қаламгер 

өмірбаяны  оның  шығармаларының  жазылу  тарихы  мен  философиялық-дүниетанымдық 

көзқарасындағы  эволюцияны  айқындауда  жетекші  қызмет  атқаратындығын  ешкім  де 

жоққа  шығара  алмаса  керек"  [2],  -  деп  ақындар  өмірін  жазудың  өте  қажеттілігіне 

тоқталып, жас әдебиет зерттеушілері үшін құнды ой екенін атап өтеді.  

 

 

 



 

Ақындар деген елденмін, 

 

 

 



 

Арманды елмен бөлгенмін, 

 

 

 



 

Астан-кестең тірлікке, 

 

 

 



 

Алаулау үшін келгенмін. 

 

 

 



 

Арым менен барымды, 

 

 

 



 

Аяулы елге бергенмін, 

 

 

 



 

Аумағы кең өңірдің



226 

 

 



 

 

 



Асылын  ғана  тергенмін [3,  90 б.],  -  деп  жырлаған  Шығыстың 

шыңға біткен шынарындай болған ақындарының бірі - Хамит Балшабеков. 

 

 

 



 

Ал жаза бер! 

 

 

 



 

Менде қанша өмірбаян бар дейсің, 

 

 

 



 

Арманы - өлең, сүйгені - күй мен ән дейсің. 

 

 

 



 

Өзін-өзі өртеп жүрген жан дейсің. 

 

 

 



 

...Анкетаңның үңіл әрбір жолына, 

 

 

 



 

Айтқанымның бәрін толтыр торына. 

 

 

 



 

АДАМ деп жаз, анықтап жаз оны да, 

 

 

 



 

АҚЫН деген сөзді тірке соңына [4, 4 б.], - деп жырлағанындай, 

Хамит  Балшабеков  -  ең  алдымен  ұлағатты  ұстаз,  Тарбағатай  ауданының  "құрметті 

азаматы" және ақын.  

 

Ақын 1939 жылы 20 желтоқсанда Қытай Халық Республикасы Тарбағатай ауданы 



Үшқарасу деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Балшабек Қытай жерінде болыс болып, ел 

басқарған. Хамит Дүрбілжіңдегі 7-жылдық орта мектепті бітіріп, кейін Үрімшідегі тас жол 

қатынас  техникумына  оқуға  түсіп,  оны  қытай  тілінде  ойдағыдай  оқып  бітіреді.  

1962  жылы  ақынның  отбасы  Қазақстанға  қоныс  аударып,  Жезқазған  өңірінің  «Жеті 

қоңыр»  ауылына  келіп  орналасады.  Жастайынан  білімге,  өнерге  құштар  болған  ол 

Қарағандыдағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиет факультетіне сырттай 

оқуға  түседі  де  кейін  жоғары  білімін  Семейдегі  педагогикалық  институтында  оқып 

жалғастырады. Мұнда ол белгілі ғалымдар Қ.Мұхамедханұлы, Қ.Жүсіпов, Қ.Шаяхметұлы 

сияқты ұстаздардан дәріс алады. 1970 жылы Тарбағатай ауданына көшіп келеді. Өмірінің 

соңына дейін Тарбағатай ауданының Шілікті ауылындағы орта мектепте ұстаздық қызмет 

атқарып, 

1996 


жылы 

құрметті 

демалысқа 

шығады. 


 

Хамит  ақынның  есімі  оқырман  қауымға  «Жылқышы  әні»,  «Өмір-өзен», 

«Балтамыр»,  «Қантамыр»,  «Өлеңдер,  толғаулар,  дастандар»  сынды  бірнеше  жыр-

кітаптарымен танымал болды.  

 

Поэзия  жанрының  серкесі  болған  Хамаңның  қасиеті  -  жақсы  өлеңді  жасынан 



жаттап  өскендігі,  тіл  байлығының  молдығы,  осы  өнерге  жан-тәнімен  берілгендігі,  ақын 

болып өмірге келгендігі. 

 

 

 



 

Ей, бауырым, зерттейсің бір күн сен мені, 

 

 

 



 

Ойларымның өлгені қанша, өнгені... 

 

 

 



 

Қара қылды қақ жарып сөйле сарапшым

 

 

 



 

Есікке  қарай  сүйреме  басты  төрдегі  [3,  138  б.],  -  деп 

жырлағанындай,  «Шығыстың  Мұқағалиы»  атанған  ақынның  шығармашылық  өмірі  мен 

өміршең өлеңдеріне баға берер кез жетті деп ойлаймыз.  

 

Тағдырдың тезі деген - сындарлы сын. Оған түскен, оның қышқылтым запыранын 



ішкен  ақынның  жырлары  да  тереңнен  толғанып,  шабыттан  шамырқанып,  шар  болаттай 

берік  тұратыны  хақ.  Бұл  -  өмірде  дәлелденген  шындық.  Хамит  ақынның  өлеңдерінен 

Барқытбелдің  аңсарын,  Зайсан  көлдің  шалқарын  және  ақын  жүректің  айтарын  сезіну 

тіптен оңай. 

 

Ақынның  поэзияға  «ғашықтық»  жолы  сонау  1961  жылдан  басталыпты.  Өлең 



жазарда  ешқандай  күй  талғамайтын  Хамит  ақын  әр  тақырыпта  қалам  тербеген.  Оның 

жақұттай жырлары алпыс екі тамырыңды иітіп, сырлы сазы мен сиқыр назын тыңдатпай 

қоймайды.  

 

Хамит  – лирик  ақын.  Лирикада   адам  болмысының,  ішкі  жан  дүниесіндегі 



арпалыстар  мен  сезім  қақтығыстарының  түгел  көрініс  табатыны,  жүрек  дерті  мен  көңіл 

иірімдерінің бейнесі жоғары поэтикалық деңгейде өрнектелетіні аян. Махаббат лирикасы, 

саяси-азаматтық  лирика,  философиялық  лирика,  табиғат  лирикасы  –  осының  барлығын 

Хамит  жырларынан  кезіктіруге  болады.  Онда  асқан  шеберлік  пен  рухани  тазалық, 

шынайылық жатады. 

 

 



 

 

Жағасында өсіп ем Жарбұлақтың, 



227 

 

 



 

 

 



(Ойнағаны жақсы еді жарға лақтың). 

 

 



 

 

Жата қалып мұрынға төсеуші едім, 



 

 

 



 

Иісі бұрқыраған балқұрақтың. 

 

 

 



 

Жапырағын жастанып құба талдың, 

 

 

 



 

Сені ертіп кеп басқаға "ұры" атандым. 

 

 

 



 

Қайран менің жастығым, қалай ғана, 

 

 

 



 

Күмбезінен көңілдің құлатармын. 

 

 

 



 

Отырушы ек белгісіз күйге оранып, 

 

 

 



 

Өрт пе, от па жанымды билеп алып. 

 

 

 



 

Алаңы жоқ аққудың балапаны

 

 

 



 

Дәл сол күні қолыма тигені анық [4, 38 б.]. 

 

Ақынның  бұл  өлеңінен  – өсіп-өнген  өлкесіне  деген  ұлы  сезімнің,  жан  баласы 



түсінгісіз  сағыныш  пен  көңілдегі  өксіктің  анық  бейнесін  байқай  аламыз.  Балауса  кездегі 

адалдығынан айнымаған аңқылдақ баланың жүрегінде сақталған тазалық. 

 

Хамит ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады. 



Ол: 

 

 



 

 

Оқушым, мен де адаммын өзіңдеймін, 



 

 

 



 

Сен үшін ойға батам, көз ілмеймін. 

 

 

 



 

Толғанып, тебіреніп түн күзетіп, 

 

 

 



 

Шындықтың шырыны бар сөз іздеймін, - дейді. Немесе: 

 

 

 



 

Аяйтын нем бар сенен, бәрін берем, 

 

 

 



 

Сенікі жалын деген, дарын деген. 

 

 

 



 

Өтеуім шарт перзенттік борышымды, 

 

 

 



 

Жанымменен,  тулаған  қанымменен  [3,  91  б.],  -  деп,  "өнер  - 

халықтікі"  екенін  түсініп,  шындықты  шырылдата  жырлауын  -  перзенттік  борышым  деп 

санады.   

 

 

 



 

Туғанда дүние есігін ашады өлең, 

 

 

 



 

Өлеңмен  жер  қойнына  кірер  денең  -  деп,  Абай  атамыз 

айтқандай  өмірде  өнермен  байланыссыз  ешнәрсе  жоқ.  Міне,  өнерлі,  өмірі  өнегелі 

ақындарымыздың  бірі  -  Хамит  Балшабековтің  қазақ  поэзиясына  өзінің  шеберлікпен 

өрілген  өлеңдерін  тайға  таңба  басқандай  етіп  қалдырды.  Біз  қашан  да  поэзияның  адам 

жанының құпиясынан жаратылатынын біліп, сезінеміз. "Нағыз ақын өлеңмен тіріледі" деп 

ақынның өзі жырлағанындай, жыр әлемі деген тылсымға тіл бітірген тумасынан талантты 

ақынның тума бұлақтың тұнық суындай туындыларына деген ықылас жылдан жылға арта 

түсті. Оның өлеңдері қағаз бетінде ғана емес, өлеңдерін сүйіп оқитын оқырман жүрегінде 

қалары анық.  

 

Әдебиеттер: 

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 240 б. 

2. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. - Алматы: Ғылым, 1992. - 200 б. 

3. Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы. Алтын тамыр.  - Алматы: ҚазАқпарат, 

2008. 2-кітап. - 327 б. 

4. Балшабеков Х. Қантамыр. - Өскемен, 2003. - 120 б. 

 

НЕОБХОДИМОСТЬ ПРИОБРЕТЕНИЯ СТУДЕНТАМИ СПЕЦИАЛЬНОСТИ 

«СОЦИАЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА» ОСНОВ ГРАЖДАНСКОГО ПРАВОСОЗНАНИЯ 

 

Тасмагамбетова А.О. 



Магистрант специальности «6М 012300-Социальная педагогика и 

самопознание» 

Научный руководитель: Байсарина С. С. – к.п.н., доцент 

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева 


жүктеу 67.35 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет