Республикалық Ғылыми-практикалық конференцияның материалдары материалы



жүктеу 87.72 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.02.2017
өлшемі87.72 Kb.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ

.

 Л.Н. ГУМИЛЕВА 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ 

ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК 

 

 



«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

ПСИХОЛОГИЯ  ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ»  АТТЫ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

 

 

МАТЕРИАЛЫ 

 

РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ 

КОНФЕРЕНЦИИ  «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И  

РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ  НАУКИ  В  КАЗАХСТАНЕ» 

 

28 апреля 2015 года 

 

 

 

АСТАНА - 2015 

 

 



УДК 159.9 (091) (574) 

Редакционная коллегия 

 

Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор 

Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор 

Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент 

Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент 

Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент 

 

 

«Профессор С.М. Джакупов  и  развитие психологической  науки  в  Казахстане»: Сб. статей 

Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)  

– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015.  – 219 с. 

 

 



 

ISBN 978-601-7429-81-2 

 

 

В настоящий сборник включены материалы 

Республиканской научно – теоретической 

конференции«Профессор С.М. Джакупов  и  развитие психологической  науки  в  Казахстане» 

(г.Астана 28 апреля 2015г.).  – 243 стр. 

Материалы предназначены  для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, 

докторантов.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ISBN 978-601-7429-81-2 

 

 

 

 

 

 

 

 

© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015 

 

 

18 

 

Концепция  о  многоуровневом  строении  смысловых  образований  личности, 



структурирование  и  развитие  которых  опосредуется  общими  фондами  смысловых 

образований, 

необходимо 

формирующимися 

в 

многочисленных 



совместных 

деятельностях, соучастниками которых выступает человек в онтогенезе. 

 

Труды с высоким импакт-фактором: 

1.    Jakupov  S.M.  Gender  difference  in  emotional  intelligence  /  International  journal  of 

Psychology,  

Volume: 43 Issue: 3-4, 2008.  P162-165. 

 2.    Джакупов  С.М.  От  смысловой  теории  мышления  к  концепции  совместно-

диалогической  

познавательной деятельности / Вопросы психологии, № 2 Март-апрель 2010.  С. 46-55. 

 3.  


http://xn--n1abc.xn--p1ai/news/news_rpo/?news=2691

 

 



С. М.ЖАҚЫПОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ 

ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 

 

Сейітнұр Жарас  

психология  ғылымдарының кандидаты 

әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Алматы 

 

Еліміздегі психология ғылымының тарихын зерттеген кезде оның дамуына зор үлес 



қосқан  жеке  ғылымдардың  қызметінен  оны  бөлек  қарастыруға  болмайды.  Психология 

тарихын  зерттеу  әдіснамасында  персоналдық-тұлғалық  аспектіге  басты  назар  аударатын 

ұстанымдар бар. Ғылым тарихын зерттеудегі бағыттар негізінен зерттеу объектісі ретінде 

нені  алғанға  байланысты.  Мысалға,  объект  ретінде  ғылыми  қоғамдар  мен  зерттеу 

институттарын,  нақты  хронологиялық  кезеңдерді,  белгілі  бір  ғылым  саласының 

қалыптасуын  немесе  жеке  бір  ғылымның  қызметі  мен  шығармашылық  жолын  алуға 

болады.  Мәселен,  персоналистік  теориялар  бойынша,  ғылым  тарихындағы  прогресс  пен 

өзгерістер  көрнекті  ғалымдардың  қызметіне  байланысты.  Сондықтан,  ғылым  тарихын 

осындай ұлы ғалымдардың іс-әрекеті нәтижесі ретінде қарастырып зерттеуге болады. Сөз 

жоқ,  бұл  бағытты  ұстанатындардың  логикасы  негізсіз  емес.  Психология  тарихынан 

білетініміздей,  тіпті  ғалымның  жеке  қасиеті  белгілі  бір  бағыттың  дамуына  өзінің  оң 

немесе теріс ықпалын тигізуі мүмкін.  

Қазақстандағы психология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым 

Сатыбалды  Мұқатайұлы  Жақыповтың  (1950-2014)  психологиялық  мұрасы  отандық 

психологияның  маңызды  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Психология  ғылымы  тарихы 

мәселесімен  арнайы  шұғылданған  кеңестік-ресейлік  ғалым  М.Г.  Ярошевский    “Тарих  – 

бұл  ғылымның  жады”,-  деп  жазады  [1,  2  б].  Іс-  әрекет  теориясының  негізін  қалаушы, 

белгілі  кеңес  психологы  А.Н.  Леонтьев  жазғандай:  “Шынында  әр  буын  адамдарының 

білімі  мен  ойлауы  олардың  бұрыңғы  буынның  танымдық  іс-әрекетінде  жеткен 

табыстарын игеру негізінде қалыптасады” [2, 406 б]. Расында да, ғылым тарихы ғана сол 

ғылым  саласында  не  істелінгенін  көрсетеді  және  жинақталған  білім  кейінгі  ұрпақтың 

“мағына  құрушы  жалпы  қорына”  [3]    айналады.  Өткенді  талдай  отыра,  келесі  буын 

өкілдері    сол  ғылым  дамуына  өздерінің  тарихи  бағаларын  береді  және  үнемі  белгілі 

мағыналарды сарқып алу жүріп жатады. 

Елімізде психология саласында не істелінді, кім қандай үлес қосты, қандай жағымды 

және жағымсыз факторлар болды? Оның ілгері дамуына немесе болмаса тежелуіне не әсер 

етті?  Мұның  бәрі  мүмкіндігінше  толық  зерттелінуі  керек.  Өйткені,  ғылымның  қазіргі 

таңдағы жай-күйі – кешегінің салдар-нәтижесі. Өткенді білмей, қазіргіні түсіне алмаймыз. 

Психология тарихы өзінің тарихи даму барысында жинаған барлық оң, құнды дүниелерді 

зерттеп  сақтауға  және  қалпына  келтіруге  (реконструкция)  тырысады.  Сондай-ақ, 



19 

 

психология  ғылымының  өткені  мен  бүгінгі  жай-күйіне  объективті  баға  беріп,  оның  ары 



қарай қалай дамитынын болжауға мүмкіндік береді.   Жалпы 

Қазақстанда 

бүгінгі 

психологтарды  даярлау  жүйесінде  психология  ғылымның  өткен  тарихын  жеткілікті 

бағаламау  байқалады.  Өйткені,  күні  бүгінге  дейін  психология  бөлімінің  студенттері 

отандық ғалымдардың есімдері мен еңбектерінен көрі шетелдік  ғалымдардың еңбектерін 

жақсы біледі. Жалпы кез-келген мемлекеттің ғылым тарихына қатысты оқулықтарын алып 

қарасақ,  өз  елдерінің  ғалымдарының  еңбектерін,  өмірбаянын  негіз  етіп  алады.  Бізде 

психология  тарихы  тұрмақ,  өзге  психологиялық  пәндер  бойынша  жазылған    оқулықтар 

мен  оқу  құралдарында  отандық  ғалымдардың  зерттеулері,  соның  ішінде  С.М. 

Жақыповтың  еңбектері  мен  көзқарастары  жеткілікті  қамтылмаған.  Мәселен,  профессор 

С.М.  Жақыповтың    Қазақстандағы  практикалық  психология  мен  эксперименттік 

этнопсихологияның  бастауында  тұрған  ғалым  ретіндегі  ерекше  рөлін  айта  кету  керек. 

Мұндай  деректер  С.М.  Жақыповтың  психологиялық  мұраларын  арнайы  тарихи- 

психологиялық  зерттеудің  қажеттілігі  мен  көкейкестілігін  тағы  бір  рет  дәлелдейді. 

Заманауи болу дегеніміз өткенді мансұқтау еместігін жастарға,  психолог мамандары мен 

жас  ғалымдарға  ұғындыру  үшін  олардың  тарихи-ғылыми  мәдениетін  қалыптастыруға 

ерекше  мән  беру  керек.  Өкінішке  орай,  елімізде  психологтар  даярлайтын  жоғары  оқу 

орындарының  типтік  және  негізгі  оқу  бағдарламаларында  психология  тарихы  міндетті 

түрде  оқылуға  тиіс  пәндер  қатарына  жатпайды.  Керісінше,  көп  жерлерде  оған  бөлінетін 

сағат  мөлшері  қысқартылуда  не  ол  мүлдем  оқу  жоспарынан    алынып  тасталынды. 

 

Қазақстанда психология ғылымының тарихын зерттеу ісі ХХ ғ. 50-60 жылдарынан 



басталды  (Т.Т.  Тәжібаев),  алайда  елімізде  2010  жылы  ғылыми  диссертациялық 

кеңестердің  жабылып  жаңа  батыстық  жүйеге  көшуге  байланысты  тоқтап  қалды  десе  де 

болады  (Қ.Б. Жарықбаев,  А.Т. Ақажанова,  В.В. Чистов, А.Ж. Мірәлиева, Ж.Н. Сабирова, 

Ж.С.  Сейітнұр,  Н.  Иманғалиева  және  т.б).  Тарихи-  психологиялық  зерттеулерге 

қызығушылық  бүгінде азайды.  Өйткені,  инновациялық  технология мен  жаңалыққа  жаны 

құмар  жас  буын  өтіп  кеткен  заманның  деректерін  зерттеуді  уақыт  жоғалту  деп  түсінеді. 

Шаң басқан архивтерде отырғысы келмейді.  

Отандық  психология  тарихында  С.М.  Жақыповтың  психологиялық  мұрасын  жан 

жақты сипаттап қарастырған және  арнайы жүргізілген іргелі зерттеулер  әзірше жоқ. Ол 

болашақтың  еншісі  болар  деп  үміттенеміз.  Тек  ғалымның  өмірінің  соңғы  жылдарында 

қызмет  істеген  әл-  Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің    жалпы  және 

этникалық  психология  кафедрасында  «С.М.  Жақыповтың  отандық  психология  дамуына 

қосқан үлесі» атты тақырыпта дипломдық зерттеу жұмысы қолға алынды («психология» 

бөлімінің 4 курс студенті Т. А. Әмірсейіт, ғылыми жетекшісі -психология ғылымдарының 

кандидаты Ж.С. Сейітнұр). Бұл дипломдық жұмыс  Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыповтың 

(1950-2014)  ғылыми психологиялық мұрасын, оның ғалым ретінде  тұлғалық қалыптасуы 

мен дамуын зерттеуге арналады. 

Зерттеудің  мақсаты  –  С.М.  Жақыповтың  өмірбаяны  мен  психологиялық 

мұраларына  талдау  жүргізу  және  оның  отандық  психология  ғылымына  қосқан  өзіндік 

үлесін бағалау. Осы мақсат зерттеудің нақты міндетерін анықтайды: 

-  С.М.  Жақыповтың  өмірлік  және  шығармашылық  жолындағы  негізгі  кезеңдерін 

бөліп  шығару,  оның  психологияның  әдіснамасын  әзірлеудегі  ғылыми  бағыты 

ерекшеліктерін,  ғылыми  дүниетанымы  қалыптасуының  қайнар  көздері  мен  факторларын 

анықтау, тұлға тарихын зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздерін талдау. 

-  С.  М.  Жақыповтың  отандық  психологиядағы  орыны  мен  рөлін  анықтау,  оның 

жалпыпсихологиялық  көзқарастарын  сипаттау,  оның  психика  табиғаты  түсіндіруін, 

танымдық процестер мен тұлға ұғымдарына берген анықтамаларын  ашып көрсету; 

-  С.  М.  Жақыповтың  ғалым  ретіндегі  қалыптасуы  мен  дамуына  қатысты  саяси-

әлеуметтік,  мәдени-экономикалық  және  ішкі  ғылыми  факторлардың  әсері  мен  өзара 

әрекеттестігін бөліп көрсету. 

- Ғалымның психологияға қатысты идеялар, ой-пікірлер, тұжырымдамаларды   бір 


20 

 

жерге жинақтау әрі жүйелеу және оларға теориялық талдау жүргізу. 



-  С.  М.  Жақыповтың  психологиялық  мұраларының  Қазақстандағы  психология 

ғылымы дамуындағы мән- маңызын бағалау;  

-  С.  М.  Жақыпов  идеясының  қазіргі  психологиядағы  жай-  күйі  және  даму 

тенденциялары мен динамикасын қадағалау; 

Зерттеу  барысында  С.М.  Жақыповтың  өмірбаяны,  ғылыми  әрі  кәсіби 

қалыптасуының  негізгі  факторлары  мен  шарттары,  тұлғалық  даму  үрдістері 

қарастырылады.  Ғалымның  психология  саласындағы  зерттеу  аспектілері  мен  өзекті 

мәселелерінің    мән-мазмұны  ашылып,  оның  осы  ғылым  саласына  қосқан  өзіндік  үлесі 

анықталады.  

Жалпы ғылым тек ішкі ғылыми заңдылықтар  негізінде ғана дамымайды. Оған әсер 

ететін  саяси-экономикалық,  әлеуметтік-мәдени    факторлар  болады.  Ғылыми  білімнің 

детерминациясына  қатысты  экстерналдық  бағытқа  сай,  ғылым  тарихы  әлеуметтік 

жағдайға, 

ұйымдастырушылық 

пен 

 

әлеуметтік 



алғышарттарға 

байланысты 

қарастырылады. Мысалы, Қазақстан 1991 жылға дейін отар ел болғандықтан, ғылымның 

дамуы  негізінен  орталыққа  –  Мәскеуге  тәуелді  болғанын  естен  шығармағанымыз  ләзім.  

Зерттелінетін 

тақырыптардың 

бағыты, 

мазмұны 


орталықта 

қарастырылған 

проблемалармен  үндес  болуы  не  сол  уақыттағы  идеологиялық  талаптар  үдесінен  шығуы 

тиіс болды.  Ғылыми жұмыстар тек орыс тілінде қорғалды. Егер бұрынғы Кеңес Одағында 

психология  ғылымы  дамуына  қажет  материалдық,  техникалық  және  ұйымдастыру 

шаралары қай республикаларда қалай жүзеге асқанына назар аударсақ, келесі деректерге 

куә  боласың:  1943  жылы  Мәскеудегі  МГУ-де,  ал  1944  жылы  блокададан  жаңа  босаған 

Ленинградта, ЛГУ- де психология кафедрасы мен бөлімі  ашылады. 1966 жылы бұлардың 

негізінде  психология  факультеттері  құрылады.    Кейін  психология  бөлімдері  Киев, 

Тбилиси  қалаларында  дүниеге  келді.  Ірі  психологиялық  орталықтар  мына 

республикаларда  қызмет  істей  бастайды:  Грузияда  (Д.Н.  Узнадзенің  жетекшілігімен 

Грузин ССР ҒА құрамындағы психология Институты), Украинада (Г.С. Костюк басқарған 

психология  Институты),  Ресейде  (С.Л.  Рубинштейн  жетекшілік  еткен  СССР  ҒА  

философия  Институты  жанындағы  психология  секторы).  Байқап  отырсақ,  психология 

ғылымы  дамуына  қолайлы  жағдай  Кеңес  Одағының  орталық  аймақтарында,  негізінен 

европалық  бөлігінде  жасалыпты.  Ал  азиялық  Өзбекстанда  психологтарды  даярлау  1974 

жылы  басталыпты.  Мысалы  М.В.  Вахидовтың  жетекшілігімен  ТашГУ-дің  тарих 

факультетінде психология бөлімінде өзбек және орыс топтары құрылады. Ал Қазақстанда 

психология  ғылымының  институционалдық  (құрылымдық)    дамуы  өте  артқа  қалды. 

Ғылыми  дәрежесі  бар  жекелеген  психолог  ғалымдар  болғанымен,  республикада  жоғары 

оқу орындарында психологтар даярлайтын арнайы  психология бөлімі  мен факультеттер 

болмады. Психолог мамандары даярлау ісі тәуелсіздік алғаннан кейін ғана күрт жандана 

бастады. Бұған аса зор үлес қосқан ғалым С.М. Жақыпов еді. Ол кісі Қазақстан бойынша 

тұңғыш рет осы психолог мамандарды қазақ тілінде даярлауды қолға алды. С.М. Жақыпов 

1990  жылы  сәуірде  Е.А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің 

биология  факультеті  құрамында  ашылған  «жалпы  психология»  кафедрасының 

меңгерушісі  болып  тағайындалады.  1990-1993  жылдар  аралығында  осы  кафедрада  оның 

меңгерушісі болып қызмет атқарады. Кафедраның  жұмысын жолға қою барысында үлкен 

қиындықтар  туындады:  арнайы  білімі  бар  психолог  мамандар,  психология  салалары 

бойынша  оқулықтар,  ғылыми  әдебиеттер  жоқтың  қасы  еді.  Сол  кездегі  Е.А.  Бөкетов 

атындағы  ҚарМУ-дің  ректоры  академик  А.Б.  Бегалиевтің  қолдауымен  «психология» 

мамандығы  бірден  екі  тілде  ашылды.  Орыс  аудиториясында  кафедра  меңгерушісі, 

психология ғылымдарының кандидаты доцент Жақыпов С.М., психология ғылымдарының 

кандидаты доцент Бендас Т.В.,  оқытушылар:  Блок О.Г., Аскомина Л.В. Қазақ бөлімінде: 

аға  оқытушы  Әмірова  Б.Ә.,  Жақыпов  С.М.  және  т.б.  психологтар  даярлай    бастады. 

Алматылық  педагогтар  мен  психологтар  психолог  мамандығын  қазақша  даярлау  мен 

оқыту  жайлы  мәселе  де  өзара  келісе  алмай  айтысып-тартысып  жүргенде  (әсіресе,  сол 


21 

 

кездегі  Киров  атындағы  ҚазМУ-дің  жалпы  психология  кафедрасы  1988  -  91  жылдары) 



С.М. Жақыпов бастаған ұжым тұңғыш рет қазақ тілінде психологтарды әзірлей бастайды. 

Мұның  саяси-мәдени  маңызы  зор  болды.  Отаршылдық  салдарынан  ана  тілінен  айырыла 

бастаған  қазақтар  үшін  өз  тілінде  сирек  кездесетін  мамандарды  даярлау  мүмкіндігінің 

пайда болуы ұлттың болашағына деген сенімді оятты. 

С.М.  Жақыпов  1994  жылы  Алматы  қаласына  көшіп  келеді.  1994-1997  жылдар 

аралығында  ҚР  ҰҚК  институтының  психология  кафедрасында  профессор  болып  жұмыс 

істейді.  Ал  1997  жылы  шілде  айында  Алматы  қаласындағы  қазіргі  Абай  атындағы 

Қазақтың  Ұлттық  педагогикалық  университетінің  «теориялық  және  қолданбалы 

психология» кафедрасының меңгерушісі қызметіне алынады. Ол жерде 2000 жылға дейін 

жұмыс  істеді.  Сол  кездерде  Қазақстанда  психология  саласында  небәрі  2  ғылым  докторы 

және  он  шақты  ғылым  кандидаттары  болатын.  Психология  ғылымы  саласында  ғылыми 

зерттеу ісімен айналысқысы келетін жандар үшін ғылыми жетекшілік ететін адам табудың 

өзі  мұң  болатын.  Жоғары  білікті  психолог кадрларға  деген  тапшылық  өте  күшті  білінді.  

Міне,  осындай  жағдайда    С.М.Жақыповтың  Алматыға  ауысуы  отандық  психология 

ғылымы үшін үлкен бір жәрдем болды.  

С.М.  Жақыпов  1999  жылы  12  қаңтарда  елімізде  докторлық  кеңестің  болмауы 

себепті,  егемен  Қазақстанның  алғашқы  өкілі  ретінде  көрші  Ресейдің  РБА  Психология 

институтында “Оқыту процесінің психологиялық құрылымы” атты тақырыпта докторлық 

диссертациясын  қорғайды.  Бұл  жұмыс  бір  мезгілде  екі  мамандық  :  19.00.01.-  жалпы 

психология  және  19.00.07.  -  педагогикалық  психология  бойынша  қорғалды.  Соның 

арқасында  Қазақстанда  психология  ғылымы  бойынша  диссертациялық  кеңестер  ашуға 

мүмкіндік туды.  

Еліміздің  психология  ғылымының  институционалдық  дамуындағы  маңызды  бір 

оқиға  2000-жылы орын алды. Сол жылдың 22 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 

Ғылыми Кеңесі бұрыңғы психология кафедрасын екі дербес кафедраға – «этникалық және 

педагогикалық  психология»  кафедрасы  мен  «жалпы  психология»  кафедрасына  бөлу 

жөнінде  қаулы  қабылдайды.  Сөйтіп  университетте  психология  бойынша  екі  кафедра 

жұмыс  істей  бастады.  2000  жылдың  14  сәуір  айында  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дің 

ректоры  К.  Нәрібаевтың  №3-512  Бұйрығына  сәйкес  құрылған  этникалық  және 

педагогикалық психология кафедрасының меңгерушісі болып психология ғылымдарының 

докторы,  профессор  С.М.  Жақыпов  тағайындалады.  Кафедраның  ашылу  кезінде  оның 

құрамында  12  оқытушы  жұмыс  істеген  еді.  Қысқа  мерзім  ішінде  аталмыш  кафедраның 

сандық  әрі  сапалық  тұрғыда  биік  деңгейге  шығуы  персоналдық-тұлғалық  факторларға 

байланысты екендігіне көз жеткізуге болады.  Кафедраның меңгерушісі ретінде профессор 

С.М. Жақыповтың ұйымдастырушылық қабілеті мен ғылыми беделі этнопсихология және 

педагогикалық  психология  кафедрасын  философия  және  саясаттану  факультетінде  

жетекші орынға шығарды.  

Жалпы  этнопсихология  проблемаларын  ғылыми  тұрғыда  зерттеу  тәуелсіздігін 

жаңадан алған мемлекеттер үшін өте өзекті әрі маңызды тақырып еді. Өйткені, отарлауға 

ұшыраған халықтарға тән ортақ тағдырды қазақтар да басынан кешірді. Кеңес империясы 

құрамындағы  автохтон  халық  –  қазақтардың  этностенуінің  күллі  элементтері 

деформацияға  ұшыраған  еді.  Ана  тілін  білмейтін  қазақтар  тобы  пайда  болды. 

Лингвистикалық 

сәйкестіліктің 

болмауы 

тұлғадағы 

 

мәдени-психологиялық 



айырмашылыққа әкелетіні байқалды («маргинал тұлға» мәселелері туындады). Тәуелсіздік 

алған  соң  ғана  қазақтардың  реэтностену  процесі  жүре  бастады.  Мұның  өзі 

этнопсихологиялық зерттеулерге қатысты үлкен қоғамдық сұраныс тудырды. Кафедра сол 

сұраныстарды қанағаттандыруға тырысты. 

Еліміздің  психология  сарапшыларының  пікірінше,  бұған  дейін  Қазақстандық 

психология  ғылымы  көп  жылдар  бойы  лайықты  көшбасшы  болмауынан  зардап  шеккен 

екен.  Енді,  міне,  С.М.  Жақыповтың  арқасында  Қазақстан  жоғары  білікті  психолог 

мамандарды  даярлау    мүмкіндігіне  ие  болды.  Ғылыми-педагогикалық  мамандарды 



22 

 

даярлау магистратура, аспирантура, докторантура, тағылымнама  (стажировка) және PhD 



докторантурасы  формасында  жүзеге  асырылады.  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дің 

этникалық  және  педагогикалық  психология  кафедрасы  бүкіл  Қазақстан  бойынша 

психология  саласында  қорғалатын  докторлық  және  кандидаттық  диссертацияларды 

талқылауды жүзеге асыратын және ғылыми дәрежесі бар кадрлар дайындайтын маңызды 

ғылыми  орталыққа  айналды.  Болашақта  еліміздегі  психология  кафедраларында  ғылыми 

зерттеулер  ісі  қалай  жолға  қойылғаны  және  ғылыми-педагогикалық  кадрлар  қалай 

даярланғаны жайлы арнайы зерттеулер жүргізілуі  қажет. 

Қазақстан  Республикасының  ҰҒА  академигі,  «Жоғары  оқу  орнындарының  үздік 

оқытушысы»  номинациясының  жеңімпазы,    психология  ғылымдарының  докторы,  әл-

Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  жалпы  және  этникалық  психология  кафедрасының 

профессоры С.М. Жақыповтың жетекшілігімен 58-кандидаттық, 7 докторлық диссертация 

және  4  PhD  диссертациясы  қорғалды.  Оның  қаламынан  500-ден  астам  ғылыми  еңбектер 

соның  ішінде    3  монография,  4  оқулық,  18  оқу  құралы,  отызға  жуық  оқу-әдістемелік 

құралдар жарық көрді.   

Сонымен, С.М. Жақыповтың ғылыми  мұраларын  тарихи- психологиялық  зерттеу 

өте маңызды әрі өзекті мәселе боп табылады. Бұл, біріншіден, оның отандық психология 

тарихындағы  рөлі  мен  орнын  анықтауға  және  Қазақстандағы  психология  ғылымының 

қалыптасуы  мен  дамуына  қосқан  үлесін  ашуға  мүмкіндік  береді;  екіншіден,  психология 

ғылымының  қорын  байытады,  психика  табиғатын  жаңа  тұрғыда  түсінуге  жол  ашады, 

үшіншіден  психологияның  деректік  базасын  ұлғайтады,  сөйтіп    ХХ  ғасырдың  аяғы  мен 

ХХІ ғ. басындағы  Қазақстандағы психология ғылымы дамуының толық көрінісін жасауға 

мүмкіндік пайда болады.  

 

Қолданылған әдебиет 

1.  Ярошевский  М.Г.  Краткий  курс  истории  психологии.  -  М.:  Медународная  пед. 

академия,  

1995.- 144 с. 

2.  Леонтьев  А.Н.  Человек  и  культура  //  Проблемы  развития  психики.  -  М.:  Изд-во  Моск. 

ун- 


та, 1972. – 574 с. 

3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. - Алма-Ата, 1992.-193 с. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


жүктеу 87.72 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет