Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Ғалым жолы – жастарға үлгі «Бекежан» «Қыз Жібектер» ортасында



жүктеу 321.28 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата12.04.2017
өлшемі321.28 Kb.
  1   2   3   4

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

Ғалым жолы – 

жастарға үлгі

«Бекежан» 

«Қыз Жібектер» 

ортасында

4-бетте


5-бетте

8-бетте


Жеңіс 

тұғырында 

біздің 

спортшылар

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті 

Қ а з а қ   ф и л о л о г и я с ы   ж ә н е 

әлем тілдері факультеті база­

лық негізгі және екінші ше­

тел тілдері кафедрасы мен 

Қазақстандағы Иран елшілігінің 

Алматы қаласындағы Мәдени 

өкілдігінің ұйымдастыруымен 

өткен шараға Иран Ислам 

Республикасының Бас Консулы 

Амир Реза Дарабиан, Мәдени 

өкілдіктің Алматы қаласындағы 

жауапты басшысы Маджид 

Камрани, ирандық профессор­

лар мен Ираннан арнайы кел­

ген «Тиам» музыкалық халық 

аспаптар тобы және Қыздар 

университетінің басшылығы 

мен оқытушылары қатысты.

Ш а р а н ы ң   н е г і з г і   м а қ ­

саты – Қазақстан халқы Ассам­

блея сының 20 жылдығы аясын­

да университетте парсы тілін 

меңгеріп жатқан студенттерді 

тарихы тамырлас Иран елінің 

мәдениетімен жақынырақ та­

ныстыру.

(Жалғасы 2-бетте)

Қазақстан халқы Ассамблеясы 

Кеңесі мүшелерінің президенттік 

сайлауды мерзімінен бұрын 

өткізу туралы бастаманы және 

Елбасымызға берілген осы күнге 

дейінгі сенім мандатын ұзарту 

жөніндегі жүйеге Қазақстанның 

шынайы патриоттары ретінде, біз 

жастар, үлкен сенім артамыз», – 

деді жастар атынан сөйлеген Қазақ 

филологиясы және әлем тілдері 

факультетінің 1­курс студенті Жа­

нерке Серікова.



(Жалғасы 3-бетте)

8-бет 


газетінің «наурыз көжесі»

Иран мәдениеті таныстырылды

№2 (125)


28 ақпан

2015 жыл


Ақпан айының басында Қыздар университетінде Иран Ислам Респуб­

ликасының тәуелсіздік күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 

20 жылдығына орай Иран мәдениет күндері болып өтті.

Жуырда Қазақстан халқы 

Ассамблеясының Кеңесі 

өткізіліп, жиын барысында 

Ассамблея мүшелері барша 

қазақстандықтарға Үндеу жол­

дап, Қазақстан Республикасы 

Президентінің мерзімінен бұрын 

сайлауын өткізу туралы бастама 

көтерген еді. Міне, халықтық 

қолдауға ие болған бастаманың 

нәтижесінде президенттік 

сайлаудың күні де белгіленді. 

ҚазМемҚызПУ студенттері бұл 

бастаманы қолдау мақсатында 

акция өткізіп, Қазақстан жаста­

рына Үндеу жариялады.

ЖАСТАР КЕМЕЛ 

КЕЛЕШЕК ЖОЛЫНДА

Маникюр әлемі: 

Чарльз 

Ревсон кім?

Акция барысында Елбасы­

мыздың жүргізіп отырған сарабдал 

саясаты мен кешегі аға ұрпақ тың 

асыл арманын іске асырып, адал 

ниеттерін жалғастырып келе жат­

қан бүгінгі жастар Ассамблея бас­

тамасына өз пікірлерін білдірді.

«Небәрі 20 жылдан аса уақыт 

ішінде Қазақстан еліміз өзге мем­

лекеттермен терезесі тең ғұмыр 

кешуі, алып шаһарлардың со­

ғылуы – еліміздің есімін әлем­

ге мойындаттырған Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­

тың ерен еңбегі. Президентіміздің 

отандастарымыз үшін жасаған 

жақсылығы мен мемлекетіміздің 

одан әрмен дүние жүзі көлемінде 

сауда, экономика тұрғысынан 

жаңғыруына әсер беретін то­

лассыз жұмыстарды жасады. 



Шуақты мереке 

құтты болсын!

Д.Ж.НӨКЕТАЕВА, 

ҚазМемҚызПУ ректоры

Құрметті әріптестер, сту­

д е н т т е р !   С і з д е р д і   8   н а у ­

рыз – Халықаралық әйелдер 

күні мерекесімен шын жүректен 

құттықтаймын!

Күлімдеген көктемнің ал ғаш­

қы мерекесінің әйелдер қауы­

мына арналуы – жан сарайы­

мызды жылулық пен мейірімнің 

шуағына бөлейді. Себебі бұл 

мейрам қазақ қыздарының қара 

шаңырағына айналған Арулар 

ордасының төл мерекесі іспетті.

Көңіл түкпіріндегі адал 

ниет жанардан мейірім бо­

лып шашылғанда, жүректегі 

мейірбандылық алақанның 

а я л а у ы м е н   с е з і л г е н д е ,   о й 

астарындағы жылулық жұмсақ 

үнмен жеткізілгенде әйел әлемінің 

ажары айшықтала түседі. Ұлттық 

құндылықтар негізінде тәлім 

алған қазақ қыздары – тазалық 

пен арлылықтың, тәкаппарлық 

пен кербездіктің, инабаттылық 

пен ізгіліктің айнасы. Сондай­

ақ, жаңа ұрпақты өмірге алып 

келуді борышы деп санап, ұрпақ 

сабақтастығын үзбей, аналық 

мейірімінен нұр шаша білген де – 

әйелдер қауымы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «От­

басы – береке­бірліктің қайнар 

көзі. Отбасының бірлігі – Отанның 

бірлігі, ағайынның татулығы – 

Атамекеннің тұтастығы» деген. 

Ал әйел – отбасының берекесі 

мен ұйытқысы. Соның арқасында 

болатын татулық шарапаты бар­

ша жұртқа тарап, қоғамның 

біртұтас болуына әсер етеді.

Көркем мінез бен көзтоймас 

сұлулық – біздің елімізге кес­

темен дестеленгендей, ою­

ө р н е к п е н   к ө м к е р і л г е н д е й 

әсемдік сыйласын! 

Қыздар университетінің 

әрбір аруына қабілетті маман, 

ұлағатты ұстаз болып, қоғамның 

тәрбиесіне сүбелі үлес қосуына 

тілектеспін. Барша ұстаздар 

қауымының еңбегі толайым та­

бысты болсын!



2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№2 (125)

28 ақпан


2015 жыл

А Қ П А Р А Т



Иран мәдениеті таныстырылды

(Басы 1-бетте)

Мәдени іс­шараның ашылу салта­

натында алғашқы болып сөз алған уни­

верситеттің Бірінші проректоры Баходир 

Әлиев университеттегі парсы тілін меңгеріп 

жатқан студенттердің жетістіктері, Иран 

тарапынан студенттерге бөлінген грант 

пен университеттегі парсы тілін оқыту 

үдерісімен таныстырды. Ал Иран Ислам 

Республикасының Бас Консулы Амир 

Реза Дарабиан мырза: «Бұл кездесу ­ 

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам 

Республикасының арасындағы достық, 

құрмет, парасат пен ынтымақтастықтың 

айғағы», деп атап өтті. Консул сондай­ақ, 

екі ел арасындағы достық көпірі оқу­

білім аясында өз жалғасын табатынына 

тоқтала келе, университет басшылығы 

мен ұжымының ыстық лебізі мен жылы 

қабылдауына алғысын білдірді.

Өз кезегінде университеттің Бірінші 

проректоры Баходир Әлиев қонақтарға 

қазақы салт­дәстүрмен оқу орын атынан 

кәде­сыйларды табыс етті. Мәдени шара 

соңы Ираннан келген «Тиам» музыкалық 

халық аспаптар тобының шағын музы­

калық концертіне ұласты. Концерт бары­

сында Қыздар университетінде «Шетел 

тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша 

білім алып жатқан 1­2 курс студенттері 

парсы тіліндегі «Ма бачеһое Ирони» және 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагоги ка лық 

университеті Жастар саясатын дамыту 

бөлімінің ұйымдастыруымен 14 ақпан күні 

«Студенттік өзін-өзі басқару ор гандары мен 

студенттік жастар ұйым дарының қызметінің 

тиімділігін артыру жөніндегі» тренинг өтті. 

«Студенттер Альянсы» ұйымының көш­

басшысы Нұриля Жұманқұлқызы – тренер, 

ал А.Ордабаева мен Д.Мұхитова ассистент 

болды. Жоспар бойынша әуелі тренингтің 

мән­мазмұны, мақсат­міндеті түсіндірілді. 

Содан «Open Space» технологиясын пайда­

лана отырып, топқа бөлініп, командалық 

жұмыс жүргізілді. Сондай­ақ, шара барысында 

тақырып аясында видеоролик көрсетілді.

Бұл студенттік тренингтің мақсаты – 

жастардың ұйымдастырушылық, көшбасшылық 

қабілетін дамытып, ойлау қабілетін арттырып, 

әртүрлі деңгейдегі қиындықтар мен мәселелерді 

шешу жолында еңбектенуге жұмылдыру. Тре­

нингке қатысушылар «Unbreakable», «Бағдарлы 

жастар», «Болашақ кемеңгерлер» сынды үш 

топқа бөлініп, «2020 жылдағы Жастар саясаты» 

тақырыбындағы ұсыныстары мен жобаларын 

ортаға салып, пікір алмасты. Сайыс болғасын, 

«жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, 

бір­бірімен жарысқан топтар арасында ең үздік 

«Unbreakable» командасы болды. Топ бас­

шысы «Елбасы – Н. Назарбаев» атты кітапты 

қанжығасына байлады.

Қашанда көш тізгіні – жастарда. Кезінде 

қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызды өкілі, 

лирик ақын Мағжан Жұмабаев «арыстандай 

айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай 

күшті қанатты» жастарға сенім артқаны секілді, 

бүгінгі студент­жастарға біз де үкілеген үміт 

артамыз.


Аталмыш тренингтер жастардың сана­

сына жаңашыл ойлар салып, көшбасшылық 

қасиеттер дарытады. Білім алушылардың үнемі 

ішкі мүмкіндіктерін аша отырып, бойына 

асыл құндылық­қасиеттерді қалыптастырады. 

Әрине, мұндай біліктілікті арттырып, игі 

бастамаларға жетелейтін тренингтер жемісті 

жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз.



Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ

Университетте «Қауіпсіздік дабы­

лы» қағылғаннан кейін оқу ғимарат­

тарындағы, жатақханадағы, студенттер 

үйіндегі барлық қызметкерлер мен сту­

денттер корпус алдына шығарылып, 

шұғыл әрекет ету дайындығы тексе­

рілді.


Бұл шараға Алмалы аудандық 

Төтенше жағдайлар бөлімінің бас ма­

маны өртке қарсы қызмет майоры Р. 

Жүнісов, Алмалы аудандық төтенше 

жағдайлар бөлімінің инженері өртке 

қарсы қызмет лейтенанты Н. Еле­

беков арнайы келіп, өрт қауіпсіздігі 

ережелерін сақтау бойынша жоспарға 

сәйкес тексеру жүргізді.

Сондай­ақ, Экономикалық және 

өндірістік мәселелер жөніндегі про­

ректор Асылбек Еркінбайұлы Бөкебаев 

және Азаматтық қорғау штабының 

маманы Мұхит Тұрсынбаев универ­

ситетте барлық қауіпсіздік шарала­

ры стандартқа сай жабдықталғанын, 

өрт болғанда дабыл беретін құрыл­

ғылардың істеп тұрғанын, жер сіл­

кінісі кезінде де эвакуация сызбасы 

жасалғанын айтып өтті.

Шара барысында оқу орнының 

қызметкерлері мен студент­жастарға 

жаттығудың өткізілу мақсатымен 

толықтай таныстырып, сол жер­

де бірден өрт сөндіру әдіс­тәсілі 

көрсетілді. Алмалы аудандық Төтенше 

жағдайлар бөлімінің инженері өртке 

қарсы қызмет лейтенанты Нұрбол 

Сатанұлы: «Егер аяқ астынан өрт шыға 

қалған жағдайда әуелі өрт қауіпсіздігі 

ережелерін сақтай отыра, бірден 101 

және 112 телефон нөмерлеріне қоңы­

рау шалуға болатынын» ескерте кетті.

Кезектегі өртке қарсы тұру оқу­

ж а т т ы ғ у   ж ұ м ы с т а р ы н а   Қ ы з д а р 

университетінің №1, №2 оқу кор­

пустары, №1, 2, 3, 7 жатақханалар, 

Сту денттер үйі, ғылыми кітапхана, 

«Ұлпан» студенттік асханасы, спорт 

ке шеніндегі қызметкерлер мен сту­

денттер тегіс қатысты.

Арай ӨТЕЕВА

Жолдау жастар 

назарында

Жаңашыл ойлаумен – 

көшбасшылыққа

Басты қару – қауіпсіздік



17 ақпан күні Қазақ мемле кет тік 

қыздар  педагогикалық  уни верси те-

тінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев тың 

«Нұрлы жол – бола шаққа бастар 

жол» атты Халыққа Жолдауының 

маз мұны мен басым бағыттарын 

түсін діру мақсатында дөңгелек үстел 

өтті.

Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» пар­

тиясының Алмалы аудандық филиалы 

төрағасының орынбасары Н. Ордаба­

ева арнайы келді. Сондай­ақ, Қыздар 

университеті жанындағы «Ұлағат» ба­

стауыш партия ұйымының төрайымы 

С.Акишева, Жастар саясатын дамы­

ту бөлімінің басшысы М.Ахтаева, 

педагогикалық ғылыми қызметкерлер 

мен білім алушылар қатысты.

Жиын барысында Елбасы Жол­

дауында белгіленген шаралардың ре­

спублика көлемінде жүзеге асырылуы 

барысы жөнінде ақпарат беріліп, алда 

тұрған міндеттер талқыланды. Сонымен 

қатар, Жолдаудың мазмұны мен басым 

бағыттары нақты түрде түсіндірілді. 

«Нұр Отан» партиясының Алма­

лы аудандық филиалы төрағасының 

орынбасары Найля Алтынбекқызы: 

« Е л б а с ы   ө з   Ж о л д а у ы н д а : « Б а с т ы 

мақсат – Қазақстанның ең дамыған 

30 мемлекеттің қатарына қосылуы. 

Ол ­«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, 

ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа 

дәуірдің кемел келбеті» деп атап көрсетті. 

Осыған байланысты алда тұрған 

жұмыстың ұзақ мерзімді бағыттарын 

белгілеп берді. Осылайша Ел мәңгілінің 

сәтті қадамдарына бастайтын бұл Жол­

дау ел тарихындағы жаңа кезеңнің ба­

сталуы деп білеміз» деп, «Нұрлы жол ­ 

болашаққа бастар жол» Жолдауы туралы 

кеңінен мағлұмат берді. Осыған дейін 

істелінген қыруар шаруа мен болашақта 

атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Оқу ордасындағы студенттер, атап 

айтсақ, Г.Кинжибекова, Г.Сүлейменова, 

А.Сейітбай, М.Дархан, А.Ордабаева, 

Г.Тұртай, А.Сүлеймен, «Қыз Жібек» 

клубының мүшесі Ж. Серікова, «Жас 

Отан» Жастар қанатының төрайымы К. 

Мәлікова сынды белсенді жастар ана мен 

бала, тәрбие мәселесіне, ЭКСПО­2017, 

Ассамблеяға 20 жыл, «білімді ұр­

пақ – болашақ кепілі», «үштұғырлы 

тіл – менің көзқарасыммен», «мен – 

болашақ педагог», «дипломмен ауылға» 

тақырыптарда еркін сөйледі, пікірлерін 

ашық айтты.

Шара барысында студент­жастар 

көкейінде жүрген біраз сұрақтарға 

толыққанды жауап алды. Жиын 

соңында Жолдауды тағы бір талқыға 

салумен қатар, алдағы біраз жоспарлар 

анықталды. Соның бірі, Ұлы Жеңістің 

70 жылдығы қарсаңында «Ардагерлерді 

ардақтайық» деген тақырыпта универ­

ситет факультеттерімен бірлесе отырып, 

қайырымдылық іс­шаралары, Ұлы 

Отан соғысының ардагерлері мен тыл 

еңбеккерлерімен тағылымды кездесу 

өткізілмек.



А.ӘБДІРЕШБАЙ

«Ей, Ирон!» әнін орындап, кеш ажарын 

аша түсті.

Екі ел арасындағы көркем сурет, му зы­

ка ның кейбір тұстарымен тәжірибе алмасу 

мақсатында Иранның қолөнер, көркем су­

рет және ұлттық тағамдар дастарханының 

көрмесі, Парсы каллиграфиясының ше­

берлік сыныбы, «Тиам» тобының шағын 

ше берлік сыныбы, парсы суретшілерінің 

ше берлік сыныбы болып өтті. Айта кетейік, 

қазіргі таңда Қыздар университетінде парсы 

тілін меңгеріп жатқан студенттер саны 30­

дан асып жығылады. Бұдан өзге студенттер 

үшін Қазақстан Республикасының білім 

беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы ая­

сында қытай, түрік, ағылшын, француз тілі 

курстары оқытылады.

Нәзира ЖҰМАҚҰЛОВА

ТАЛҚЫ


ТРЕНИНГ

ШАРА


14 ақпан күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алмалы 

аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандары өрттің алдын алуға байланысты 

оқу­жаттығу жұмыстарын жүргізді.

3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№2 (125)

28 ақпан


2015 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К



(Басы 1-бетте)

Ал, Физика­математика факультетінің 

1 ­ к у р с   с т у д е н т і   Қ а з ы н а   Я х у д а е в а : 

«Қазақстан Республикасының абыройын 

аспанға асқақтатып, әлемдегі алпауыт 

елдермен иық тірестіретіндей әлеуетке 

жет кізген, Елбасының сарабдал саяса­

тының тереңдігін көз түгілі, көңіл жетпес 

көк жиекті болжай алған көрегендігін, 

жаһандық саясаттағы жетекші орнын, 

дүниежүзінің әйгілі саясаткерлері мой­

ындап отырған Елбасымызды мақтан 

тұтамыз!», – деп атап өтіп, Қыздар уни вер­

си теті студенттерінің атынан Елбасына ар­

нап өзі шығарған арнау өлеңін оқып берді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба­

евты Тәуелсіз Қазақстаннан бөліп қарау 

мүмкін емес, ол санаға сыймайды. Әрбір 

қазақстандық жастар үшін Қазақстан және 

Назарбаев – егіз ұғым» деп есептейді ел 

ертеңі студент­жастар.

Қ ы з д а р   у н и в е р с и т е т і н д е   ф л е ш ­

мобпен басталған акция одан әрі студент 

жастардың форумына ұласты. Онда ке­

зектен тыс Президент сайлауының мән­

маңызы айтылып, ел ертеңі – Қазақстан 

жастарына арналған Үндеу жарияланды.

Қ а з М е м Қ ы з П У   с т у д е н т т е р і : 

«Біз – Қыздар университе ті нің жастары, 

болашаққа  деген  жауап кер ші лікті  сезіне 

отырып, өсіп­өркендеген және кемелден­

ген мемлекетте өмір сүріп жатқан еліміздің 

нағыз патриоттары ретінде Қазақстан 

Республикасы  Прези ден тінің  сайлау­

ын мерзімінен бұрын өткі зуге бастама 

көтерген Қазақстан халқы Ассам блеясы 

Кеңесінің үндеуін қолдау мақсатында 

Қазақстанның бүкіл жастарына үндеу жа­

риялаймыз!

Бүгінгі жас – ертеңгі осы қоғамның 

иесі. Біз қазіргі таңда егемен елімізді жан­

жақты дамытудың жаңа кезеңінде өмір 

сүріп жатырмыз. Елбасының сарабдал 

саясатын қолдап, еліміздің өркендеп да­

муына үлесімізді қосу – елін сүйетін, оның 

құндылықтарын құрметтей білетін әрбір 

азаматтың парызы деп есептейміз.

Біз республика жастарын Қазақстан 

Рес публикасының Тұңғыш Президенті – 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

Сайлау бастамасы – 

баламасыз жол

Шынайы патриоттардың қолдауы

26 сәуір күні елімізде кезектен 

тыс президент сайлауы өтетін болып 

шешілді. Бұл – қазіргі уақытта дүйім 

жұрт қолдап отырған саяси баста­

ма деп ойлаймын. Сондықтан, дер 

кезінде қолға алынған президент сай­

лауы – алдағы дағдарысты еңсерудегі 

Қазақстанның тағы бір қарышты 

қадамы болмақ.

«Қазақстан – 2050» Стратегия­

мыз арқылы болашақ болжанып, 

эко номикалық  реформаларымыз, 

шағын және орта бизнесті қолдау, 

инвестициялық климатты жақсарту 

мәселелері барынша заңнамамен 

қарас тырылып, «Нұрлы жол» атты 

жаңа экономикалық саясат нәти­

жесінде ірі экономикалық ілгерілеуді 

жүзеге асыру қолға алынған. Мұның 

бәрін табысты түрде жүргізу бір жағ­

дайда, қоғамдық келісімді, ұлттық 

бір лікті, ұлт лидері мен халық бірлігін 

қам тамасыз еткенде ғана мүмкін бо­

лады.


Қазір әлемде экономикалық 

әрі геосаяси дағдарыс жүріп жатыр. 

Бұл сайлау кәдімгі сайлаулардан 

өзгеше болмақ. Ол бізді біріктіреді, 

Қазақстанға деген сенімімізді арттыра­

ды. Әлемдегі ахуал көп параметр бой­

ынша төтенше болып тұрғаны белгілі. 

Енді қауіптер мен жанжалдардың зор 

әлеуеті посткеңестік кеңістікті шарпи 

бастады. Дағдарыс шекарамызға таяп 

қалды, түрлі арандатушылықтардың, 

сыртқы мәселелерді біздің аумаққа 

аудару технологияларының болуы 

мүмкін.


Президент сайлауын мерзімінен 

бұрын өткізу арқылы экономиканың 

өсуін, өткізіліп жатқан саясаттың 

сабақтастығын нығайту маңызды. Бұл 

бастама іс жүзінде – баламасыз.

Бұл сайлау елімізде бейбітшілікті, 

бірлік пен келісімді нығайтуға ықпал 

ететіндігіне сенімдіміз. Сайлауда елдің 

тағдыры, ұлттың болашағы шешіледі. 

Президент сайлауын өткізу туралы 

мәселе – экономикалық және гео­

саяси ауыртпалықтарға қарсы ауқымы 

кең қорғаныс шарасы. Бұл бастама – 

өрлеу, өркендеу жолы. 

Президент сайлауын биылға жос­

парлаған қоғамдық мәні зор осы шара­

ны елдік пен бірліктің мереке етуге біз 

де бірауыздан үн қосамыз деп сенемін. 

«Мәңгілік ел боламыз» деген идеяны 

қолдап, ел игілігіне қызмет етейік.

«Мәң гілік Ел» ұлттық идеясындағы 

құн ды лықтар төңірегіне топтасып, бар 

күш­жігерімізді, өз білімдеріміз бен мүм­

кін шіліктерімізді бәсекеге қабілетті Қа­

зақ станның дамуы жолына бағыттауға 

ша қырамыз! Мемлекет басшысы әрдайым 

біздерге, жастарға қолдау көрсетіп келеді. 

Қазақстан Республикасы әрбір азаматының 

мектепке дейінгі, орта, кәсіби және жоғары 

сапалы білім алуына жағдай жасалған. Біз 

де өз кезегінде Елбасының жастарға жа­

сап отырған барлық қамқорлығын сезіне 

отырып, болашақта еліміздің дамуына 

өзіміздің сүбелі үлесімізді қосатынымызға 

сенім артамыз», – деп жастарды белсенді 

болуға шақырды.

Қазақстан халқы Ассамблея сының 

Кеңесі көтерген кезектен тыс Президент 

сайлауын өткізу туралы бастамасы ел ішіне 

кең таралып, талқылануына ұласты. Түрлі 

ой­пікірлер бұқаралық ақпарат құралдары 

беттерінде де жарияланды. Қалың көпшілік, 

әсіресе Қазақстан жастары бастаманы 

бірауыздан қолдап, өз таңдауларын жасауға 

дайын екендіктерін де жеткізді.

Сол көпшіліктің талап­тілегі Мемле­

Жиынға «Нұр Отан» партиясының 

мүшелері, ардагерлері, Бюро мүшелері, 

факультет декандарының орынбасар­

лары, «Жас Отан» Жастар қанатының 

белсенді студенттері қатысты. «Ұлағат» 

бастауыш партия ұйымының төрайымы 

С.Н.Акишева: «16 ақпан күні Қазақстан 

х а л қ ы   А с с а м б л е я с ы н ы ң   к е ң е с і н д е 

ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы 

Президентінің сайлауын өткізу туралы 

ұсынысы бүкілқазақстандық қолдауға 

ие болып жатыр. Біз алдағы уақытта 

Қазақстанның кемел келешегі мен бүгінгі 

жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін, 

дамыған озық елдердің қатарына ену 

үшін осы уақытқа дейін қабылданған 

кет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың наза­

рынан тыс қалмады. Ұлт Көшбасшысы 

президенттік сайлау өткізу туралы баста­

ма жүзеге асырылатындығын Қазақстан 

халқына Үндеу жариялап, биылғы жылы 

26 сәуірде ҚР Президенттік сайлауы 

өткізілетін жеткізді. 

Бұл даму жолын айқындаған Қазақстан 

үшін маңызы зор оқиға болмақ. Жаһандық 

геосаяси жағдайлардың күрделі кезеңінде 

қазақстандықтар өз даму жолдарынан 

таймай, таныштық пен тұрақтылықтың 

негізінде бейбіт өмір сүруді жалғастыру 

керек. Елбасы: «Сайлау – аса маңызды 

конституциялық және патриоттық акт. 

Оны заңнамаға қатаң сәйкес, ашық 

және адал, отандық және халықаралық 

бақылаушыларды кеңінен қатыстыра оты­

рып өткізу қажет», – деп сайлауды талапқа 

сай өткізуді ескертіп, ел тарихындағы 

тағдырлы оқиғаға бей­жай қарамауға 

шақырды.  Қа зақстан қоғамын бір тудың 

астына топ тастыратын саяси бастамаға 

ҚазМемҚызПУ жастары бірауыздан 

қолдау білдіреді. 


Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2015
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2015 -> Қазақ тарихының тамыры тереңде Мемлекеттік тілге жастар құрметі 2-бетте 6-бетте 7-бетте Асқақ
2015 -> Түлектер қауымдасты­ ғының кезекті жиыны
2015 -> Арынбаев ән арнаған әсем кеш
2015 -> Шәкіртақы иегерлері «Экспо –2017» жастар назарында
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Халық маркасына» дауыс береміз G38 – жастар жиыны
2015 -> Бағдарламасы 2-бетте 4-5-беттерде 8-бетте Көзілдірік тарихына көз жүгіртейік Қазақтың ұлтжандылығы
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады АҚШ-тан жеткен сүйінші Түркі әлемінің ғалымдары Алматыда бас
2015 -> Ұлы дала қыздары Ұлттық
2015 -> КазГосЖенпу – один из старейших вузов Республики Казахстан, первое высшее учеб ное заведение для деву­ шек, осуществляет подготовку вы со ко квалифицированных кад ров по всем отраслям об­ щест венной жизни страны

жүктеу 321.28 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет