Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады АҚШ-тан жеткен сүйінші Түркі әлемінің ғалымдары Алматыда бас



жүктеу 338.84 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата29.03.2017
өлшемі338.84 Kb.
1   2   3   4

Қарлыға АЙБЫНҚЫЗЫ

ҰЛЫ ДАЛА ҚЫЗДАРЫ

Баян сұлу – мәңгілік тақырып

Жастар сенімі нық



Көпшілік «Айгүлмен» қайта 

қауышса екен деймін

«Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблі еліміздегі ең алғаш ару қыздардан құралған топ ретінде 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты жанынан 1969 жылы 8 наурызда құрылды. 

«Айгүл» ансамблінің есімі сол кездері дүркіреп шыққан «Дос-Мұқасан», «Гүлдер» ансамблімен 

қатар елге танымал болды. Аңызға айналған «Айгүл» әлі де жасап келеді. Алдыңғы толқынның 

легін таланттар кезегі алмастырып отырады.  Осы ретте жаңа дәуір үрдісімен жанданып, өзіндік 

келбетін қалыптастырып келе жатқан ансамбльдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында 

«Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблінің қазіргі продюсері-көркемдік жетекшісі Ибрагим Досқұлұлы 

Дәрібаевпен сұхбаттасқан едік. 

Ес дәптер

Дарақы тарқылдап сөйлейді,

Адал  аңқылдап  сөйлейді,

Текті жарқылдап  сөйлейді,

Масыл мыңқылдап  сөйлейді,

Таймас   саңқылдап  сөйлейді,

Тоймас  қыңқылдап  сөйлейді,

Есер  есіп  сөйлейді,

Көсем кесіп  сөйлейді,

Түйілген түйінді шешіп сөйлейді.

***

Қыз – ұлттың  қазынасы,

Ұлт – қазынаның  құт–сандығы.

Құлпысының  құпия  кілтін  сақтап  

қалу – елдің  елдігінің  кепілі.

***

Тұрмыстық  қажеттіліктен  

туындаған  қолөнер  бұйымдары  тілге  

тиек,  өнегеге  өзек, әуенге  астар,  

сезімге  қозғау,  сұқбатқа  себеп,  

сауалға  жауап болатындай деңгейге 

жеткенде көненің көзіндей жаңғырып, 

жаңаның өзіндей өмірдің өрнегіне 

айналмақ.

***

Жақпартастар  жаңғырыққан  

дауыстардың жан  жадысы.  Сырласа  

білсең  сыр  шашады, үгіліп, егіліп  сыр  

ашады.

***

Бекзат  жігіт  жағасы  мен  аяғын  

таза  ұстайды.

***

Абыройды  жинау – талап,    жиған  

абыройды  сақтау – талант, 

абыройдың  парызын  ақтау – мұрат.

***

Сәнді  киіну  сән  қуалау  емес, тәнді  

аялау. Халықтық  нақышты  заманмен   

үндестіру,өзіңдегіні өзгемен үйлестіру.

***

Барлық  дерттің  ең  дауасызы – 

еріншектік. 

*** 

Дәстүрдің  сақталуы – ұлттың  

мәдени  жүйесін  қалыптастырады, 

яғни, тәлімді  тәрбиеге ұластырады.

***

Баласына  дұрыс  тәрбие  бере  

алмаған  кісі  қоғамның  алдын-

да  қылмыскер.  Өйткені,  бір бала  

бір  рулы  елдің  басы,  қауымның  

іргетасы.

Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫНЫҢ 

«1001 түйін» кітабынан

–Ибрагим Досқұлұлы, «Айгүл» 

ансамблінің көркемдік жетекшісі 

б о л ы п   т а ғ а й ы н д а л у ы ң ы з б е н 

құттықтауымды  қабыл  алыңыз.   

Аңызға айналған арулар ансамблін 

басқару туралы айтып өтсеңіз...

–   И ә ,   А л л а   н ә с і п   е т і п , 

«Айгүлдің» көркемдік жетек-

шісімін қазір. «Айгүл» жастар-

ды жан-жақты тәрбиелеуге,  

сұлулыққа, ұлттық музыканы 

сүюге, еңбекқұмарлыққа баулиды. 

Қыздарымызбен бірге еңбектеніп, 

талай белесті бағындырамыз деген 

ниеттеміз. Ансамбльді басқарғалы 

бері «Дос-Мұқасан» ансамблінің 

концертінде өнер көрсеттік. 

«Айтуға оңай» бағдарламасының 

қонағы болдық. Одан кейін фи-

лармонияда өткен «Қос жұлдыз» 

концертіне қатыстық. Мұның 

барлығы – бізге жетістік, қыздарға 

тәжірибе. Ал қазір жаңа әндер 

жазып, жаңа бағдарламаларға 

жоспар құрып, қызу дайындық 

үстіндеміз.

– «Айгүлдің» репертуары 

қандай әндермен толықты?

– Университеттің мерей-

тойына орай ректор Динар 

Жүсіпәліқызының қолдауымен 

«Айгүл» ансамбілі «Қазақтың 

ару қыздары» атты ән жинағын 

шығарды. Жинаққа қазақ ком по -

ӨЗ СӨЗІМ


зитор ларының 9 әні кірді. Атап 

айтқанда, бүгінде «Айгүлдің» 

гимніне айналған И.Исаның 

сөзіне жазылған А.Бексұлтанның 

« Қ а з а қ т ы ң   а р у   қ ы з д а р ы » 

әнінен бастап, «Үшқоңыр», 

«Тек қана қыздар», «Ардақты 

Ұстаз», «Толағай» , «Су тасу-

шы қыз», «Жетісу», «Өз елім» 

әндері, сондай-ақ, Нұртуғанның 

«Қанеки, тілім, сөйлеші» атты 

термесі енгізілді. Бұл әндерді 

қай-қайсы болсын қыздардың 

орындауында құлақ құрышын 

қандырады.

Ал репертуарға келер болсақ, 

Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне 

попурри мен «Сезім қызғалдағы» 

әні жазылды. Жастарға арнап 

шығарған И.Сапарбайдың сөзіне 

жазылған «Алло, алло!» атты жаңа 

әнім арулардың орындауында  

танылатын болады. Атақты «Мил-

лион алых роз» әнінің қазақша 

нұсқасын және «Елге сәлем» әнін 

бағдарламамызға кіргізсек деген 

ойымыз да бар. 

– Бір кездері «Айгүл» вокалды-

аспаптық ансамблінің құрамында 

өнер көрсеткен Ағайша Исағұлова, 

Сақыпжамал Ұзақбаева,  Галина 

Қарамолдаева бастаған әншілер 

өз көрермендер тауып, ерекше 

танымалдылыққа ие болған еді. 

Қазіргі таңда олардың ізін кімдер 

жалғастырып жатыр? Ансамбль 

мүшелерінде өзгерістер бар ма?

–  Ансамбль университет 

қабырғасында құрылған және 

жұмысы да осы оқу орнында 

жүргізіледі. Сондықтан қыздар 

оқу бітіргеннен кейін, жаңа лек 

орын басады. Ансамбль құрамына 

жиі өзгеріп тұрады. 

Қазіргі құрамда Гүлдана 

Жұматаева мен Ақерке Кенжебек 

жеке ән айтса, Дана Тәжіханова 

бас гитарада, Меруерт Құрақбаева 

сологитара, Жадыра Қуатова кла-

виш аспабында, Гүлжан Мухид-

дин барабанда ойнайды. Аптасы-

на 2-3 рет дайындық жүргіземіз. 

А р н а й ы   д ә р і с т е р   о қ и м ы н , 

тәжірибеммен бөлісемін. Біз 

тек тек жанды, табиғи дауы-

ста ғана концерт бергендіктен, 

үнемі қыздардың  аспапта кәсіби 

түрде ойнай  білуіне мән беремін, 

өнерпазбен жеке-жеке дайындық 

өткіземін. 



– Сізді көпшілік «Дәрібаевтар» 

отбасылық  ансам блі нің  жетекшісі 

ретінде таниды. Қос ансамблді 

жетекшілікке алу шығармашылық 

адамға қиынға соқпайды ма?

-  Дәрібаевтар отбасылық 

ансамблі 1990 жылы Шым-

к е н т   қ а л а с ы н д а   қ ұ р ы л ғ а н . 

«Жас жұбайлар», «Аман бол», 

«Оқ сияқты», «Нұрлы арман», 

«Айтшы, жаным» әндерімен 

халыққа танылдық. 2006 жылы 

Алматыға қоныс аударып жұмыс 

жасап келеміз. Сол уақыттан 

бері алып қаланың мәдени да-

муына үлес қосып келеміз. Қазір 

ұлым ер жетті, қызым бой жетті. 

Ансамбльдің тізгінін балаларыма 

бердім. Сондықтан қазір, ан-

самбльге балаларым жетекшілік 

етеді.

–   А н с а м б л ь   ж о с  п а р ы м е н 

бөліссеңіз...

– Жоспарымыз өте көп. 

Ансамбльдің бағдарламаларын 

жақсылап дайындап, универси-

те тімізде жеке кеш, үлкен кон-

церт берсек деген ойымыз бар. 

«Аты аңызға айналған «Айгүл» 

ансамблі» деп оқу орнындағы 

«Томирис» би ансамблін қатыс-

тыруымен республикалық дең-

гейде ауқымды концерт берсек 

деген арманымыз және бар. Ан-

самбль құрамындағы шын да-

рындыларды халық білу керек. 

Қалың көпшілік «Айгүлмен» 

қайта қауышса екен деймін.



Сұхбаттасқан 

Динара ЖОЛАМАНҚЫЗЫ, 

Студенттік медиа клуб мүшесі

Ибрагим ДӘРІБАЕВ, «Айгүл» ансамблінің көркемдік жетекшісі:

С О Ң Ғ Ы   Б Е Т

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

8

№6 (129)


15 мамыр

2015 жыл


Бағасы келiсiм бойынша. 

Таралымы – 2000 дана. 

Тапсырыс №751

 Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция ның 

көзқарасын бiлдiрмейдi.

 Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш 

компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

 «Қыздар университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп 

басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ

:

Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университеті

«Қыздар 

университеті» медиа 

орталығы

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

К.САРТБАЕВ – 

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

Қ.МЫРЗАЛИМОВА – Жауапты хатшы

А.ҰЙҚАСБАЕВА – 

Ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі

Тілшілер:

 Н.ЖҰМАҚҰЛОВА, 

 

Г.БЕКТАСОВА, А.ӨТЕЕВА

 А.КЕМЕЛБЕКОВА

Беттеуші: 

 Н.МӘДЕЛІ

Фототiлшi: 

Д.АБДИЛЬДИНОВ

Жетекші-Бас редактор – 

Д.СМАЙЫЛ

МЕКЕН-ЖАЙЫ:

050000, Алматы қаласы, 

Әйтеке би көшесі, 99-үй 

Байланыс телефоны:

8 (727) 279-38-05 

Газет «Қыздар университеті» газеті 

редакциясының компьютерлік орта-

лығында терiлiп, беттелдi.

«Алматы-Болашақ» АҚ 

баспаханасында 

(С.Мұқанов көшесі, 223 В) басылды. 

Тел.: 8 (727) 378-42-00

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде 

16.03.2012 ж. қайта тiркелiп, №12345-Г куәлiк берiлген. 



Кезекші редактор – Қарлыға ТЕЛМАН

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНЕ 

берілген баға

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің аға 

оқытушысы Ибрагим Бисариев 

Алматы футбол федерациясының 

20 жылдығына орай ұйымның 

«Футболдың дамуына қосқан жеке 

үлесі үшін» төс белгісімен марапат-

талды.

Қыздар университетінде 2005 

жылы құрылған футбол құрама ко-

мандасы осы уақытқа дейін ҚР ЖОО 

студенттер арасындағы өткен Жазғы 

және Қысқы Универсиадаларын-

да төрт дүркін жүлдегер болды. Со-

нымен қатар, Алматы қаласындағы 

өткен ЖОО арасындағы көптеген 

жарыстарда I-II-III жүлделі орын-

дарды иеленді. Футболдан спорт 

шеберлері атанған 2012 жылғы футбол 

құрама командасының түлегі Мөлдір 

Оразова мен 2014 жылғы бітіруші 

түлектер Анастасия Комарова, Ай-

жан Жансарбаева «Қайрат-спорттық 

жоғарғы шеберлігі» мектебінің фут-

бол командасының мақтаулы ой-

ыншылары саналады. Қазіргі кезде 

де университеттің футбол кұрама 

командасында ойнап, университеттің 

намысын қорғап жүрген студент 

қыздарымыз жеткілікті. Атап айта 

кетер болсақ, «Дене шынықтыру және 

спорт» мамандығында оқып жатқан, 

И.Бисариевтан дәріс алып, жаттығып 

жүрген ҚР футболдан спорт шеберлері 

1-курс студенті Әлия Садуақасова, 

3-курс студенті Ирина Сандалова, 

«Үздік қақпашы» Хушноза Қушкарова 

сынды көптеген қыздар бар.

Ж а т т ы қ т ы р у ш ы   И б р а г и м 

Бекешұлы көптеген мақтау қағаздары 

мен диплом иегері. 2014 жылы 

ҚР спорт және дене шынықтыру 

істері агенттігінің «Құрмет гра-

м о т а с ы м е н » ,   Қ а з м е м қ ы з п у д ы ң 

70 жылдық мерекесіне орай төс 

белгісімен марапатталған. Қыздар 

университетінде «Футбол оқыту 

әдістемесі» пәнінен өзге де «Гандбол 

оқыту әдістемесі» және «Волейбол 

оқыту әдістемесі» пәндерінен дәріс 

береді. 2011 жылы қыркүйек айында 

«Шағын футбол» атты оқу-әдістемелік 

құралы жарық көрді. Мақтаулы 

ұстаздар қатары жыл сайын артып 

келеді.


 

Кенже ОРАЗАЙ

МАРАПАТ


Қыздар сұлу 

көрінер...

Мамыр айының 11-жұлдызында 

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінде 

арулардың аруын анықтайтын 

«Университет Аруы – 2015» 

дәстүрлі арулар байқауы болып 

өтті.  Сырлы да сынды байқаудың 

шымылдығын Әлеуметтік 

және тәрбие істері жөніндегі 

проректор З.Қ.Сабырова ашты. 

«Қазақ қызы қашанда адалдық пен 

пәктіктің, батылдық пен әсемдіктің, ақыл-

парасат пен имандылықтың үлгісі бо-

лып келеді. Бүгінгі біздің студенттерге 

«Қыздар университетінің қыздары-ай!» 

деп таңдана да тамсана қарайтындар 

жетерлік, Сіздер сыртқы келбеттеріңіз 

бен ішкі жандүниелеріңіздің болмысын 

ұштастырып, алған білім-біліктіліктеріңіз 

арқылы даңқты аналарымыздың жолын 

жалғастырушылар болып келесіздер. Бүгінгі 

ұйымдастырып отырған шара сол ізгілік 

пен тектілік сара жолына түсуге мүмкіндік 

береді», – деп Зәуреш Қуандыққызы 

байқау қатысушыларына сәттілік тілеп, 

жанкүйерлерді белсенді болуға шақырды.

«Университет аруы – 2015» байқауы 

«Таныстыру», «Өнерлінің өрісі кең», 

«Қазақтың ұмытылып кеткен ұлттық 

тағамдары және сұрақ – жауап», «Мен 

ҚызПУ-дың қыздарына қайран қалам» 

сынды төрт бөлімге сәйкестендірілді. 

Үміткерлер әуелі халыққа өзін-өзі таныс-

тырып өтті. Келесі бөлімде қазақ қыздары 

өз өнерлерін барынша ортаға салды. 

Мың бұрала би билеп, әуелетіп ән айтып, 

ақын шығармаларынан көрініс қойды. 

Әсіресе, Әлеуметтік-гуманитарлық 

факультетінің студенті Әлия 

А у ы т о в а   к ө г е р ш і н д е р д і 

сахнаға алып шығып би-

л е г е н д е   к ө р е р м е н д е р 

таңданысында шек болмады. 

Қыз бен көгершіннің тамаша 

үйлесімділігін үндестіре алды. 

Сондай-ақ, испан халқының 

б и і   д е   к е з - к е л г е н д і 

бей-жай қалдыра ал-

мады. Әділ қазылар 

мен көрермендер на-

з а р ы н а   ұ с ы н ы л ғ а н 

қ о й ы л ы м д а р   д а 

т а р т ы м д ы   ш ы қ т ы . 

Байқау барысында 

соғыс кезінен көрініс 

к ө р с е т і п ,   қ а з а қ 

қызының махаббатқа 

беріктігін дәлелдеген 

арулар да табылды.

Қ а т ы с у ш ы л а р 

үшінші бөлімде қазіргі 

т а ң д а   а с   м ә з і р і н д е 

күнделікті қолданыла 

бермейтін қазақтың 

ұлттық тағам түрін 

жасап, оның жасалу 

жолын айтып өтті. Со-

сатысында қыздар өздері тіккен студенттік 

киім үлгісін көпшілікке ұсынды.

Осындай бірінен-бірі асып түсетін 

білімділер мен өнерлілер сайысын бағалау 

үшін құрылған әділқазылар алқасында 

«Ақжүніс–Астана» журналының бас ре-

дакторы Сәуле Әбединова, әнші, «Қазақ 

Аруы» байқауының финалисі Айгерім 

Қалмұратова, Қазақ эстрадасының әншісі 

Бейбіт Күшқалиев, ҚазМемҚызПУ «Па-

расат» кәсіподағы ұйымының төрайымы 

Райхан Бегайдаровалар болды.

Байқау қорытындысын жариялайтын 

уақытта жетті. Түрлі деңгейлерден өтіп

шешуші байқауға жолдама алғандардың 

арасында физика және математика 

факультетінің 2-курс студенті Талшын 

Қалық «Бизнес леди» номинациясымен ма-

рапатталды. III орынға өнер және мәдениет 

факультетінің 2-курс студенті Жанайым 

Қаратай тұрақтады. Жүлделі II орын-

ды жаратылыстану факультетінің 2-курс 

студенті Айдана Оразбаева иеленді. Ал I 

орын әлеуметтік-гуманитарлық факультеті 

3-курс студенті Әлия Ауытоваға бұйырды. 

«Университет аруы – 2015» байқауының 

т ә ж і н   к и ю г е   ө н е р   ж ә н е   м ә д е н и е т 

факультетінің 2-курс студенті Айжан 

Анарбек лайық деп танылып, Бас жүлдені 

қанжығасына байлады. Осылайша Қыздар 

университеті арулары арасында өткен жыл 

сайынғы дәстүрлі арулар байқауы да өз 

мәресіне жетті.

Арай ӨТЕЕВА

нымен қатар, байқауға қатысушы 

арулардың зияткерлік деңгейін 

сынау мақсатында универси-

тет тарихына қатысты және 

халқымыздың дара тұлғаға 

айналған әйелдері бейнесіне 

байланысты сұрақтарға жауап 



берді. Байқаудың төртінші 

Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2015
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2015 -> Қазақ тарихының тамыры тереңде Мемлекеттік тілге жастар құрметі 2-бетте 6-бетте 7-бетте Асқақ
2015 -> Түлектер қауымдасты­ ғының кезекті жиыны
2015 -> Арынбаев ән арнаған әсем кеш
2015 -> Шәкіртақы иегерлері «Экспо –2017» жастар назарында
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Халық маркасына» дауыс береміз G38 – жастар жиыны
2015 -> Бағдарламасы 2-бетте 4-5-беттерде 8-бетте Көзілдірік тарихына көз жүгіртейік Қазақтың ұлтжандылығы
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Ғалым жолы – жастарға үлгі «Бекежан» «Қыз Жібектер» ортасында
2015 -> Ұлы дала қыздары Ұлттық
2015 -> КазГосЖенпу – один из старейших вузов Республики Казахстан, первое высшее учеб ное заведение для деву­ шек, осуществляет подготовку вы со ко квалифицированных кад ров по всем отраслям об­ щест венной жизни страны

жүктеу 338.84 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет