Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады АҚШ-тан жеткен сүйінші Түркі әлемінің ғалымдары Алматыда бас


ерлердің ерекше мерекесі. Жаңа қазақстандық патриотизмді



жүктеу 338.84 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата29.03.2017
өлшемі338.84 Kb.
1   2   3   4

ерлердің ерекше мерекесі. Жаңа қазақстандық патриотизмді 

қалыптастыруда, жастарды намысты, рухты, қайратты етіп 

тәрбиелеуде бұл мерекенің рөлі айрықша. Дербес мемлекет 

болып, шекараны айқындаған уақытта мемлекет басшысы 

Н.Ә.Назарбаев ұлттық әскерді құруға күш салды. Асқақ рухтың, 

жалынды жігердің мерекесін Қыздар университеті де атап өтті. 

Университет ұжымының барша ер азаматтардың құрметіне 

арнап мерекелік кеш өткізді.

қа нова, Тамара Владимировна Аса-

нова, Толқын Оспанқызы Хасенова 

және т.б. ардагерлерді ерекше мақ-

таныш сезіммен атап өтуге тиіспіз.

У н и в е р с и т   б а с ш ы л а р ы н ы ң 

ардагерлерге деген құрметі ерек-

ше, әсіресе тылда еңбек еткен 

арда  гер лерді  ешуақытта  назардан 

тыс қал дырмайды. Ардагерлер 

кеңесінің төрағасы ретінде еңбек 

демалы сындағы ардагерлерге теле-

фон арқылы жиі хабарласып, хал-

жағдай ларын сұрап, ізгі тілектерімді 

білдіріп отырамын. Ерлік ешқашан 

ұмытыл майды. Қазіргі кездегі бейбіт 

өміріміз, «Мәңгілік елге» айналуы-

мыз бұрынғы ата-бабаларымыздың 

қаһар мандық ерлігінің жалғасы екен-

дігін ешуақытта естен шығармауға 

тиіспіз.

Рысбай СӘТІМБЕКОВ, 

Ардагерлер кеңесінің төрағасы, 

«Ерен еңбегі үшін» 

медалінің иегері

Кеңес Одағы ның батыр қыздары 

Мәншүк Мәметова мен Әлия 

Молдағұло ва ның  ескерткіштеріне 

гүлшоқтарын қойып, оларға тағзым 

етуді дәтүрге айналдырды. Мұның 

бәрі де жастардың халқымыздың 

ө т к е н   т а р и х ы н а   қ ұ р м е т п е н 

қарауға, елін, жерін қорғауда 

отансүйгіштікке және халықтар 

арасындағы достықты нығайтуға 

тәрбиелейтін басты көрнекті құрал 

деп толық сеніммен айтуға болады. 

Сондай-ақ, қайсар ұшқыш Хиу-

аз Доспанованың ержүрек ерлігі 

көптеген жастарға үлгі-өнеге бол-

ды. Ұлы Жеңіс күндері Берлиндегі 

Рейхстагқа жеңіс туын желбіретіп 

тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың 

асқан ерлігі тарихтан өз орнын 

алды.

Ержүрек те, қаһарман халқымыз-



дың асқан батырлығы мен ерекше 

ерлігі ата-бабаларымыздың қаны 

мен жанына аналарымыздың ақ сүті 

арқылы дарығандығы сан мыңдаған 

тарихи оқиғалардан белгілі.

Батыр болған бабамнан,

Ел қорғауды үйренгем.

Ару болған Анамнан,

өтіп, жастарға бейбіт өмірдің 

қандай қиыншылықпен келгенін 

айтты және «Барлық ержүрек 

қыздардың символына айналған 

қайсар қос қарлығаш - Әлия мен 

Мәншүктің есімдері халық жа-

дында мәңгі сақталары сөзсіз», 

деп атап өтті.

Мереке күні ескерткіш маңы-

на жиналған барша жұрт бір сәтке 

сұрапыл соғыс жылдарын еске 

алып, бейбіт заман орнатқан 

батыр қыздардың ерлігіне бас 

иіп, Тәуелсіздігіміздің, бейбіт 

за манымыздың баянды болуын 

тіледі.


Шара аясында сонымен қатар, 

университетіміздің студенттері 

мен ұстаздары 28 Панфиловшы-

лар паркінде Ұлы Отан соғысы 

ардагерлерін құттықтап, мәңгілік 

алауға гүл шоқтарын қойып, 

Қыздар университетінің 

барша арулары мен ғылыми-

п е д а г о г и к а л ы қ   қ ұ р а м н ы ң 

әйелдер қауымы оқу орнын-

да жұмыс істейтін барша ер 

аза маттарды ерлік пен жа-

уынгерлік күшке ие ерлердің 

ме ре кесімен  құттықтап,  арнайы 

кеш ұйымдастырып, сахна 

төрінде бар өнерлерін паш етті.

«Ер – елінің қорғаны» 

дейді. Елдің айбыны, тірегі, 

отбасының қазығы бола білген 

ер азаматтарға арналған кеште 

әр факультеттің ұстаздары ай-

бынды жігіттерге арнап әннен 

шашу шашты, мың бұрала би-

леп, күмбірлете күй шертіп, 

арнайы «Аялайық, еркектерді!», 

«Біздің жігіттер», «Еркектерге 

құрмет» атты бірнеше сахналық 

қойылымдар қойды. Сондай-

ақ,Толымбек Әлімбектің  «Ер-

кек деген тартылмаған күй дер 

ем....» атты сатиралық өлеңімен 

қатар «Жасаңдар ағалар» әзіл-

сықақ шығармалары сахналық 

қойылыммен көрсетілді.

Мерекелік кешке ерекше 

дайындықпен келгендігін та-

нытып, бар әртістік шебер лік-

терін салып, шын жүректен 

концерттік құттықтау бағ дар-

майдан даласында қаза тапқан 

боздақтардың рухына тағзым етті.

Егер батыр ардагерлеріміздің 

жеңісі болмаса, мүмкін әлем кар-

тасында Тәуелсіз Қазақстан елі де 

болмас па еді. Сондықтан, Отан 

үшін жан қиғандарды еске алып, 

олардың рухтарына бас иіп, тағзым 

ету – бүгінгі ұрпақтың мәңгілік па-

рызы. Қыздар университеті адамзат 

тарихындағы ең қатыгез соғыста 

жеңімпаз атанған, ұрпағына бейбіт 

өмір сыйлаған ардагерлеріміздің 

жеңісін әрдайым мақтан етеді 

және барша қазақстандықтарды 9 

мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдық 

ме рейтойымен  құттықтайды. 

Арда герлеріміз аман, аспанымыз 

ашық, болашағымыз жарқын, бей-

біт заманымыз баянды болсын!

Нәзира ЕЛЕУХАН

ламаларын ұсынды. Шараға 

сонымен қатар қазақ эстра-

да сының жарқын жұлдыз-

дары «Денар» тобы, Меруерт 

Түсіпбаева, «Аспанға қарай-

мын» әнімен танылған эстарада 

әншісі Абай Бегей арнайы қа-

тысып, кештің ажарын одан әрі 

аша түсті.

Қыздар университеті сұ-

ра пыл соғыс жылдарында 

а ш ы л ғ а н д ы қ т а н ,   м а й д а н -

герлер мен тыл ардагерлері 

көптеп қызмет еткендіктен 

бейбітшіліктің, тыныштықтың 

қадірін ерекше біледі, сезінеді. 

Отан қорғаушылар күнінде ер-

лерге, майдангерлерге, әскерде 

борышын өтеген азаматтарға 

деген құрмет еселене түсетіні 

айқын. Сондықтан да олардың 

орны қа шан да бөлек. 

Ерлердің күш қуатына, ерік-

жігеріне, ақыл па расатына бүкіл 

әлем  ба ғын ған.  Отанымыздың 

қор ғаны, қырандай қырағы, 

арыстандай келбетті, жолба-

рыстай жү ректі, намысқой, ер 

мінезді аза маттар әрдайым ел 

қорғаны, арулардың арқасүйері 

болып жүре берсін.



Н.ЖҰМАҚҰЛОВА

4

4

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№6 (129)

15 мамыр


2015 жыл

С И М П О З И У М   –   2 0 1 5

Т

үркітілдес елдердің басшы­



лары саммит ұйымдастырып, 

түркі әлемін жақындастыру, 

ынтымақтастықты арттыру мәсе­

лелеріне кеңінен көңіл бөліп келеді. 

Соның бір басты дәлелі – 2009 жылдың 

3 қазанында Әзірбайжанның Нахчыван 

қаласында өткен Түркітілдес мемле­

кеттер басшыларының IX Саммитінде 

Е л б а с ы   Н . Ә . Н а з а р б а е в т ы ң   и д е я­

сымен Түркітілдес мемлекеттердің 

ынтымақтастық кеңесін құру туралы 

келісімге қол қойылды. Түркі кеңесінің 

алғашқы саммитінде­ақ Нұрсұлтан 

Әбішұлы «Кеңестің басты мақсаты – ел­

дер арасындағы мәдени­гуманитарлық, 

білім және ғылыми­техникалық өзара 

ықпалдастықты жаңа әрі серпінді 

деңгейге көтеру. Түркі кеңесі – кез 

келген түркітілдес мемлекеттің мүше 

болуына ашық түркітілдес елдердің 

бірлестігі. Түркі кеңесі – қандай да 

бір үшінші елдің мүддесіне қарсы 

бағытталмаған бірлестік» екендігін 

нық шегелеп айтты. Оған барлық мүше 

ел басшылары қосылды. Бүгінде бұл 

ықпалдастық – түркі халықтарының 

бірлігін нығайтатын, халықтар ара­

сындағы татулық, бірлік пен ынты­

мақтастықтың әлеуетін арттырып, түркі 

халықтарының бай мәдени­тарихи 

мұрасын насихаттау жұмыстарын жан­

дандыратын, түркітілдес мемлекеттердің 

халықаралық сахнада біріккен ұста­

ныммен шығуына мүмкіндік беретін 

келелі кеңеске айналып отыр.

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: 

«Түркі әлемі – әлі толық зерттелмеген 

терең тұңғиық. Сондықтан, түркітілдес 

халықтардың тарихын, мәдениетін 

зерттейтін, оқу­ағарту жүйесін үйлес­

тіретін арнайы орталық құру керек. 

Біздің ұлы бабаларымыз Алтайдан Ақ 

теңізге дейінгі Ұлы далада өз билігін 

жүргізді. Бізге өшпес қаһармандық эпос 

және мол рухани қазына қалдырды. 

Тұңғыш рет әлемге өнеге болған ортақ 

шаңырақ – киіз үйді, темірді, шалбар­

ды, жебені, етікті және өкшені, үзеңгіні 

ойлап тапты. Осындай батырлық эпос­

ты дүниеге танытудың кезі келді деп 

ойлаймын. Ол үшін жалпыға ортақ 

Түркі академиясын құру қажет», – де­

ген ұсыныс білдіріп, түркі жұртының 

алтын бесігі – Қазақстанның елор­

дасы Астананың төрінен Түркі ака­

демиясы ғылыми­зерттеу орталығы 

ашылған болатын. Сонымен қатар, Пре­

зидент Нұрсұлтан Әбішұлы «Байырғы 

түркі этносының дара болмыс­бітіміне 

әлемдік өркениет тұғырынан қарайтын 

мезгіл жетті» деген еді. Міне осындай 

біртұтас әрекеттер түркі әлемінің руха­

ни бірлігін нығайтудың, мәдени­рухани 

құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді 

зерттеудің маңызды бастамасына айна­

лып келеді.

Түркі дүниесін зерттеу уақыт көші­

нен ешқашан қалмаған. Қазақтың 

ұлы ақыны Абай түркі ғалымдарының 

еңбектерін оқып, олардың есімдерін 

ө з ш ығ а рм а ла р ын а қ о сы п , қ аз ақ 

әдебиетінің дамуына серпін берсе, 

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қазақтың 

Қасиетті қазақ жері – ақын Мағжан 

Жұмабаевтың тілімен айтқанда, 

«енші алып, қалың түркі тарасқанда, 

қара шаңыраққа ие болып қалған» 

атажұрт. Сан тарапқа жайылған 

300 миллиондай түркі халқының 

нағыз атамекенін сақтап қалған 

қасиетті ұлт та – Қазақ Елі. Әлемді 

қылыштың жүзімен, тұлпардың 

тұяғымен дүбірлеткен түркі халықтары 

түрлі кезеңдерді бастан өткеріп, 

тарыдай шашылып кетті. Еуразияны 

айтпағанда, Еуропаның, Қап тауының 

түкпір-түкпіріне қоныстанған 

түркі халықтары Қазақстанды 

өздерінің атақонысы, түп қазығы 

деп санайтындықтары белгілі. 

Алайда тілі, ұстанымы, салт-дәстүрі 

бітеқайнасып жатқан қандас, бауырлас 

халықтардың ортақ құндылықтары 

оларды байланыстырмай қоймады. 

Кеңес Одағы тарағаннан-ақ 

түркітілдес дербес мемлекеттердің 

арасында байланыс орнап, 

ынтымақтастық қарым-қатынастар 

айтарлықтай дамыды.

Д.Ж.НӨКЕТАЕВА, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің ректоры

түп атасының жайын білмек болып, 

көп уақыттан бері сол туралы естіген, 

білгенімді жазып алып және әртүрлі 

жұрттың шежіре кітаптарын көп 

оқыдым» деп, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм 

хандар шежіресі» атты еңбек жазған. Ал 

Қожа Ахмет Йассауидің хикметтеріндегі 

шалыс ұйқас, кезектес ұйқас көне 

түркі әдебиетіндегі ұйқастардан бас­

тау алып келе жатқандығы дәлелденіп 

отыр. Осының өзі түркі әдебиетінің 

ертеден қалыптасқандығын айғақтайды. 

Біртуар перзентіміз Мұстафа Шоқай 

« Б ү г і н   Қ а з а қ с т а н ,   Қ ы р ғ ы з с т а н , 

Қарақалпақстан, Түркіменстан һәм 

Тәжікстан деп, жат үкімет күшін алты 

жұмхұриетке бөліп тұрған Түркістан – 

бөлінбес, айнымас бір өлке. Халқының 

қаны бір, тілі бір, діні бір. ...Бәріміздің 

құбыламыз – өзіміздің ата жұртымыз

өлкеміз Түркістан болмақ! Түркі халқы 

– батыр халық. Түркі халқы – арыстан 

ер халық», – деп түркі халықтарының 

біріктіретін тұтас Түркістан автономи­

ясын құруды ұсынғаны әрқашан жады­

мызда.

Қазіргі таңда түркітілдес мемлекет­



тердің арасында ынтымақ тастық 

л е к е т т і к   қ ы з д а р   п е д а г о г и к а л ы қ 

уни  верситетінің  арасындағы  өзара 

бірлескен ынтымақтастық келісім­

шарты негізінде ұйымдастырылған 

алғашқы симпозиум жоғары деңгейде 

өткені белгілі. Әлемнің 18 мемлекетінен 

келген ғалымдардың қатарында Қазақ­

стан Республикасының 10 іргелі жоғары 

оқу орнының 130­ға жуық ғалымы 

қатысып, түркі әлемінің тарихы мен та­

нымын зерттеуге өз ғылыми еңбектерін 

ұсынып, даму көшіне айтарлықтай 

үлес қосқандарын зор мақтанышпен 

атауға болады. Өзге ел ғалымдарының 

өз тегі мен болмысына деген зор 

қызығушылығы да бізді қуанышқа 

бөледі.


Т ү р к і   ә л е м і   –   ө т е   б а й   м ұ р а , 

ашылмаған қазына. Ол зерттеуді, 

зерделеуді, дамытуды қажет етеді. 

Түркі халықтарының өзіндік мәдениеті, 

өркениеті, бүгінгі ұстанып отырған салт­

дәстүріміз, әдет­ғұрпымыз – ұрпақтар 

жалғастығымен беріліп келе жатқан 

қалыптасқан мәдениеттің белгісі. 

«Кеше гі күннен алыс жоқ, ертеңгі 

күннен жақын жоқ» дейді қазақ халқы. 

Өтер күніміз тарих қойнауына ертеңгі 

түркі жауһарларын зерттеушілерге 

алғысым шексіз. 

Түркия Президенті Реджеп Ердоған 

Қазақстанға жуырда ғана келген са­

парында: «Қазақстанда біз өзімізді 

қонақтан гөрі өзінің бабаларының 

отаны на оралған адамдай сезінеміз. 

Бұл біздің елдеріміздің халықтарының 

байланыстарына ерекше мән береді. Біз 

бауырлас халықпыз. Сондықтан да кез 

келген саладағы ынтымақтастық біздер 

үшін зор қуаныш», – деп айтқан еді. 

Осы халықаралық симпозиум арқылы 

түркі халықтарын өз атамекендерінің 

ауасын жұтып, ас­суынан дәм татуға, 

түркі халықтарының құндылықтарын 

жариялауға мүмкіндік туып тұр. Басты­

сы – түркітану ілімінің даму бағыттары 

мен келешегін, білім интеграция­

сын, түркі филологиясының өзекті 

мәселелерін, халықаралық білім берудің 

бағыттарын, түркі әлеміндегі әліпби 

және гендер мәселесін осы симпозиум 

аясында талқылап, зерделеу үшін жина­

лып отырмыз.

Түркі әлемі зерттеулері симпозиу­

мын Нийде қаласында бастап, Алматыда 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінде өткізуімізді зор мәртебе 

санаймын. Қазақстанда ғана емес, ТМД 

аумағында тек қыздарға арналған жалғыз 

әрі дара педагогикалық жоғарғы оқу 

орны ретінде Қыздар университетінің 

рөлі ерекше. Қазақстанның педагог кадр­

ларды даярлайтын оқу орындарының 

ішінде көшбасшылар қатарында болса, 

ең үздік 20 ЖОО арасында 6­орында. 

Сонымен қатар, қос дипломды жүйені 

қолға алып, АҚШ, Англия, Түркия сын­

ды бірнеше жоғарғы оқу орындарымен 

келісім­шарт арқылы студенттер алма­

сып, халықаралық деңгейде бәсекеге 

қабілетті маман дайындап жатыр. Мев­

лана (Mevlana Exchange Programme) 

бағдарламасы негізінде студенттердің 

Түркияның Нийде университетінде 

білім алуларына, тағылымнамадан 

өтулеріне кеңінен жағдай жасалды. Түркі 

жұртының ғаламат құндылықтарын 

зерттеп, әлем көкжиегіне танытуға 

үлес қосып жүрген барша ғалымдар бас 

қосып отырған Қыздар университетіне, 

бірегей әрі дара, кіл сұлулардың 

қарашаңырағына қош келдіңіздер 

демекпін. ІІ Халықарылық түркі әлемі 

зерттеулері сипозиумының жұмысына 

сәттілік тілеймін!



СИМПОЗУМ МАҚСАТЫ – 

БАБАЛАР АМАНАТЫНА 

АДАЛДЫҚ

күшейіп, достық қарым­қатынастың 

артуынан ғалымдар түркі әлемін қызу 

зерттеу үстінде. Ғалымдардың ғылыми 

е ң б е к т е р і н   т а л қ ы л а п ,   ж а р и я л а п , 

кеңес өткізуде белсенділік танытып 

жатқаны – біздің дамуымыздың оң 

нәтижесі әрі үлкен қуаныш. 

2 0 1 4   ж ы л ы   Т ү р к и я н ы ң   Н и й ­

де қаласында өткізілген Бірінші ха­

лықара лық түркі әлемі зерттеулері 

сим  позиумы – түркі әлемін жаңғыр­

тудың өзіндік бастамасы болды. Нийде 

университетінің, М.Акмулла атындағы 

Башқұрт мемлекеттік педагогикалық 

университетінің және Қазақ мем­

күнге деген өзіндік үнімен енсе – 

біздің ғаламдық жаһандануда жоғалып 

кетпеуіміз үшін қосқан үлесіміз сол 

болар еді.

Биылғы жылы Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінде 

ұйымдастырылып отырған Екінші Түркі 

әлемі зерттеулері симпозиумының 

маңызы өте ерекше деп білемін. Түркия, 

АҚШ, Корея, Нидерланды бастаған 

әлемнің 15 мемлекетінен 500­ден астам 

ғалым 70 жылдан асқан тарихы бар, ТМД 

кеңістігіндегі баламасыз Арулар орда­

сында бас қосып отыр. Бабалардың ама­

натына адалдық танытып отырған барша 


5

5

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№6 (129)

15 мамыр


2015 жыл

С И М П О З И У М   –   2 0 1 5

ҒЫЛЫМИ ОЙ-САНАҒА 

ҚОЗҒАУ БОЛАТЫН 

ИІГІЛІКТІ ШАРА

Түбі бір түркі әлемінің мәдени 

қазынасы, тамырлы тарихы, телегей теңіз 

әдеби мұрасы, жауһардай жарқыраған 

асыл тілі, тасқа таңбаланған жазуы мен 

саф өнері адамзат өркениетіне қосылған 

бағалы байлық екені анық. Әсіресе бүгінгі 

күллі әлемді қамтыған интеграция  за-

манында ел мен елдің, ұлыстар мен 

ұлттардың бір-біріне жақын да жарқын 

қатынас орнатуына, достық көпірін са-

луына бауырлас халықтардың  ортақ 

құндылықтары мызғымас іргетас болаты-

ны сөзсіз.

Қазақстан Президентінің бастамасы-

мен биылғы жылы мерекеленіп отырған 

Қазақ хандығының 550 жылдығы мен 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 

жылдығы – түркі халықтарының достығы 

мен бауырластығының  нығайып, түркі 

тектес халықтардың тарихи санасының 

жаңғыруына өлшеусіз үлес болып  

қосылатын игілікті белес. Бүгіндері түркі 

әлемінің ортақ әдебиеті, ортақ тарихы, 

ортақ терминологиясы мен тілі туралы 

сүбелі де іргелі зерттеулердің маңызы күн 

санап артып келеді. Елбасының тікелей 

бастамасымен құрылған Халықаралық 

Түркі академиясы да түркологиялық  кә-

сіби келелі зерттеулер кеңістігінде интел-

лектуалдық  темірқазыққа айнала бастады. 

Жоғары оқу орындарда, ғылыми ор-

даларда тың серпінмен  қолға алынған 

түркология саласының зерттеулеріне 

білікті ғалымдар мен мамандардың, 

жас дарынды  ізденушілердің  басы 

қосылып, қажырлы еңбек ете бастағаны 

қуантады. Еліміздегі беделді жоғары оқу 

орындардың бірі – Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университеті 

ұйымдастырып отырған халықаралық 

симпозиумның тақырып аясы да, 

мақсаты да осындай аса зәру мәселені 

қозғайтындықтан құптауға тұрарлық, 

тұғырлы да ғұмырлы ғылыми ой-санаға 

қозғау болатын иігілікті іс-шара. Сим-

по зиумның жұмысына сәттілік тілей 

оты рып, ғалымдардың қаламы қайратты, 

шабыты шалқар болсын демекпін.  

Үш түрлі түркі жұртында 

үш түрлі университеттің ынты-

мақтастығында екіншісі рет 

ұйымдастырылып отырған осын-

дай симпозиум жыл сайын әр 

түркі елінде өтеді деп үміттенемін. 

Осылайша, симпозиумның түркі 

әлеміне үн тастап, күллі Түркі 

әлеміне өз үлесін қосады деген 

сенімімді білдіремін. 

Түркі әлемінен әр түрлі уни-

верси теттердің басшылығы мен 

профессор оқытушы құрамдары-

ның қатысуымен болатын бұл 

симпозиум келешекте қарым 

қатынысты бекітіп, ортақ жоба, 

академиялық ұтқырлықты дамы-

тудың негізінде бұдан да әрі 

Түркі халықтарының атақонысы, алтын 

бесігі Қазақстанда түркі жұртының ортақ 

тақырыбы негізгі 9 ғылыми бағытта – түркітану 

ілімінің даму бағыттары мен келешегі, білім 

интеграциясы, түркі филологиясының өзекті 

мәселелері, халықаралық деңгейде білім беру 

бағыттары, түркі әлеміндегі әліпби және ген-

дер мәселелері т.б. бүгінгі таңдағы ең өзекті 

күрделіліктері талқыланады. Сондай-ақ, 

Қазақ хандығының тарихы мен тағылымының 

«Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтастығы 

да осы жиын барысында қарастырылатын 

болады. Жиынның басты мақсаты – түркі 

халықтарының мәдени, рухани құндылықтарын 

зерттеу, зерделеу, дамыту, әлемдік заманауи 

бағытта жаңғырту. 

Қыздар университетінде өтетін Халық-

аралық симпо зиумға ҚР Парламенті мен Үкімет 

мүшелері, Алматы қаласының әкімшілігі, 

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, 

көптеген қоғам қайраткерлері мен беделді 

тұлғалар қатысады деп күтілуде. Сонымен 

қатар, шетелдік және отандық жоғарғы оқу 

орындарының ректорлары, түрлі саладағы 

танымал профессорлар-ғалымдар бар.  Мем-

лекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Байырғы түркі 

этносының дара болмыс-бітіміне әлемдік 

өркениет тұғырынан қарайтын мезгіл жетті» де-

ген еді. Бағыты мен мақсаты айқын бақосу түркі 

әлемінің рухани бірлігін нығайтуды, мәдени-

рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді 

зерттеуді дамытуға үлес қоспақ.

Қ.ТЕЛМАН

Сондай айтулы шараның 

бірі – университетімізде өткелі 

жатқан ІІ халықаралық Түркі 

әлемі зерттеулері симпозиумы. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев көтерген 

елдік мұратымыз – «Мәңгілік 

ел» идеясының тұғырнамасының 

т ү п қ а з ы ғ ы   і с п е т т е с   Қ а з а қ 

х а н д ы ғ ы н ы ң   5 5 0   ж ы л д ы ғ ы 

мен Қазақстан халқы Ассам-

б л е я с ы н ы ң   2 0   ж ы л  д ы -

ғ ы   н а   а р н а л ғ а н   б ұ л   ш а р а -

да  түркі дүниесінің маңызды 

мәселелері бойынша ғалымдар 

мен зерттеушілердің өзекті 



Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

Халықаралық Түркі 

академиясының 

президенті

Локман ЗОР, 

Нийде университетінің 

оқытушысы, ректор 

аппараты медиа 

бөлімінің кеңесшісі

Тыныштық 

ЕРМЕКОВА,

Қазақ тіл білімі 

кафедрасы ның 

меңгерушісі,

филология 

ғылымдары-

ның докторы, 

профессор

БАУЫРЛАРДЫҢ 

АТАЖҰРТТАҒЫ ЖҮЗДЕСУІ

Түркі әлемінің ғалымдары Алматыда бас қосады

«ТҮБІ БІР ТҮРКІМІЗ» ФЕСТИВАЛІ – 

бауырластық пен шынайы достық жаршысы

ЛЕБІЗ


байланысты одан әрі күшеюіне 

негіз болады. Симпозиум бағ-

дарламасының негізінде ұйым-

дастырылатын фестивальдер, 

қала турлары және осы секілді 

мәдени іс-шаралар ұзақ уақыттан 

бері бір-бірінен ұзақта қалған 

бауырлар дың  қарым-қатынасын 

одан әрі күшейтеді. Әрине, 

мұның бәрі біздің орындауға 

тиісті міндетіміз. Өйткені, түркі 

әлемінің жарқын болашағы үшін 

бәріміз аянбай, еңбек етуіміз 

керек. 


Бұл бағытта, Түркі әлемінің 

ақсақалы, Қазақстанның лидері 

Нұрсұлтан Назарбаевтың көрсет-

кен күш-жігері бізге сабақ бо-



Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2015
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2015 -> Қазақ тарихының тамыры тереңде Мемлекеттік тілге жастар құрметі 2-бетте 6-бетте 7-бетте Асқақ
2015 -> Түлектер қауымдасты­ ғының кезекті жиыны
2015 -> Арынбаев ән арнаған әсем кеш
2015 -> Шәкіртақы иегерлері «Экспо –2017» жастар назарында
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Халық маркасына» дауыс береміз G38 – жастар жиыны
2015 -> Бағдарламасы 2-бетте 4-5-беттерде 8-бетте Көзілдірік тарихына көз жүгіртейік Қазақтың ұлтжандылығы
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Ғалым жолы – жастарға үлгі «Бекежан» «Қыз Жібектер» ортасында
2015 -> Ұлы дала қыздары Ұлттық
2015 -> КазГосЖенпу – один из старейших вузов Республики Казахстан, первое высшее учеб ное заведение для деву­ шек, осуществляет подготовку вы со ко квалифицированных кад ров по всем отраслям об­ щест венной жизни страны

жүктеу 338.84 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет