Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады АҚШ-тан жеткен сүйінші Түркі әлемінің ғалымдары Алматыда бас



жүктеу 338.84 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата29.03.2017
өлшемі338.84 Kb.
  1   2   3   4

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

АҚШ-тан 

жеткен сүйінші

Түркі әлемінің 

ғалымдары 

Алматыда бас 

қосады

2-бетте


5-бетте

6-бетте


Келесі 

олимпиада 

ҚызПУ-да 

өтеді

Алматы қалалық дарын және 

шығармашылық «Студенттік 

көктем – 2015» фестивалінде 

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті 

жастары І орынды иеленіп, 

жүлде қоры 250 000 теңгелік 

арнайы дипломды Алматы 

қаласының әкімі А.С.Есімовтің 

қолынан алды.

Келешегіміздің кемелді бо-

луы студент жастарға тікелей 

байланысты. Фестивалдің 

жылдан-жылға көркейіп, да-

мып келе жатқандығы осы-

дан-ақ бірден байқалады. 

Үстіміздегі жылы байқаудағы 

номинация саны 11-ге жетіп 

отыр, яғни былтырғы жыл-

мен салыстырғанда тағы төрт 

аталым қосылған. «Қыздар 

университетінің студенттері 

бұл фестивалға үлкен дайын-

дықпен келді. Жеке-жеке ата-

лым бойынша жүлделі орын-

дарға ие болдық. Білімді, 

іскер, өнерлі, дарынды арулар 

біздің қатарымызда екендігін 

таныттық. Болашақтың кілті 

– өз қолымызда екенін жақсы 

білеміз. Сондықтан мемлекет 

бар мүмкіндік жасап жатқанда 

сапалы білім, тағылымды 

тәрбие алу – басты парызы-

мыз, деп сенімді түрде айта 

аламыз», – дейді Жастар саяса-

тын дамыту бөлімінің басшысы 

М.Ахтаева.

Ұ л т   к ө ш б а с ш ы с ы 

Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – 

бола шаққа бастар жол» атты 

Жолдауында: «Мен жастар – 

біздің болашағымыздың тірегі 

дегенді әркез айтып келемін. 

Мемлекет жаңа буынның ал-

дында барлық есіктер мен жол-

дарды ашты! «Нұрлы Жол», 

міне, біздің креативті ырғақты 

жастарымыздың күш-жігер 

жұмсап, құлаш сермейтін тұсы 

осы!» – деп жастарға ерекше 

назар аударған. Білім, ғылым, 

спорт, өнер секілді бірнеше 

бағытта алдына жан салмайтын 

Арулар ордасының студент-

тері өз қатарластарының алды 

екен діктерін дәлелдеді. Қыздар 

университетімен мақтанатын, 

оқу ордасының мақтанышына 

айналған жастар қатары күн 

санап артып отыр. Жастар әр-

да йым көшбасшылық орын-

нан көрінуге уәде беріп қана 

қоймай, оны орындап та келеді.

Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ

8-бет 


Биыл неміс фашистеріне 

қарсы жүргізілген соғыстың 

аяқ  талғанына 70 жыл толды. 

«Тартыспен түскен, бейнетпен 

келген жақсылық қана – шын 

мәнінде қымбат табыс» деп 

ұлтымыздың заңғар жазушысы 

Мұхтар Әуезов айтып кеткен-

дей, Ұлы Жеңіс үшін 27 мил-

лион адам жанын берді, соның 

ішіндегі 900 мың қазақстандық 

О т а н   ү ш і н   о т   қ ұ ш т ы .   Е р е н 

ерліктің, қайтпас батырлықтың, 

асқан патриотизмнің нышанын 

көрсеткен, болашақ ұрпақ үшін 

Отанын сүю мен Отан үшін отқа 

түсудің айқын көрінісін беретін 

Ұлы Жеңіс! Ал Отан қорғаушы-

лар күні – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 

а й т а т ы н ,   « ж а ң а   Қ а з а қ  с т а н 

патриотизмінің»  алмас тай  ұс ты-

ны. Идеологиялық тұрғыдан бұл 

күн бүтін еліміз үшін орны ерек 

мерекесі. 



газетінің «наурыз көжесі»

ҚазМемҚызПУ – жүлдегер

№6 (129)


15 мамыр

2015 жыл


Мамыр айы нағыз ерліктің, 

шынайы батырлықтың 

белгісіндей болған қос 

патриоттық мерекемен 

басталады. Тәуелсіз 

Қазақстанның Отан 

қорғаушылары күні мен 

Жеңіс күні қатарласа 

келіп, бейбітшілік пен 

тыныштықтың, ел мен жердің 

тұтастығының қасиетін 

ұқтырып, қадірін арттыра 

түсетіні де анық. 

Алматыда ЖОО арасында дәстүрлі «Студенттік көктем – 2015» 

фестивалі дүркіреп өтті. «Студенттік көктем» фестивалінің тарихы 

да сонау тереңде. 1935 жылы алғаш рет өткен студенттік байқауға 

биыл тура 80 жыл толып отыр. Қазақстанның әр аймағынан арман 

жетегімен ару Алматыға бет алған студенттер қауымы қаланы 

шынайы жастар қаласы екендігін әрдайым тынытып келеді. 

ҰМЫТЫЛМАС 

ЕРЛІКТІҢ КҮНІ

Ел тыныштығы 

мәңгі болсын!

Д.Ж.НӨКЕТАЕВА, 

ҚазМемҚызПУ ректоры

Құрметті әріптестер мен сту-

денттер! Баршаңыздың 7 мамыр – 

Отан қорғаушылар күні және 9 ма-

мыр – Жеңіс күні мерекелерімен 

шын жүректен құттықтаймын! 

Биыл көлемі мен шығыны 

жағынан нағыз қасіретті болып 

саналатын Ұлы Отан соғы сына 

нүкте қойылған, фашист бас қын-

шыларының көзін жойып, келер 

ұрпаққа бейбіт таңын сыйлаған 

Ұлы Жеңіске – 70 жыл! Бұл ай-

тулы дата – Екінші дүниежүзілік 

со ғыс тың  аяқталуына  шешуші 

рөл атқарған адамзат баласының 

ортақ мерекесі. Ұлы Жеңіс – 

ғаламат күш пен бірлік арқылы 

келген тарихи баға жетпес табыс.

Елбасы Н.Назарбаев: «Жеңіс 

күні – ұлық мереке. Біздің атала-

рымыз бен әкелеріміз бүгінде біз 

бейбіт аспан астында өмір сүріп, 

Қазақстанды қалыптастыруымыз 

үшін бәрін жасады. Қан майданға 

Қазақстаннан 1,8 млн. азамат 

аттанып, оның жартысы соғыстан 

қайтып оралмады, бұған қоса 

тылда 700-ге жуық адам еңбек 

е т т і .   Б і з д і ң   м ы с ы м ы з   б е н 

қорғасынымыз жауды жеңу үшін 

жұмыс істеді», – деп, халықтың 

жеңіс жолындағы ерен ерлігін 

ерекше атап өткен. Ата-бабала-

рымыз кейінгі ұрпаққа дәуірлерге 

жалғасқан даңқ жолын, ерлік 

қасиетін мирас етті. 

Отан қорғаушылар мерекесі – 

Қазақстан қорғанысы мен қарулы 

күшінің кемелдігін біл діретін 

күн. Бұл жүрегі «Елім!» деп 

соққан әрбір ұрпақтың шынайы 

патриоттық мейрамы. «Мәңгілік 

Ел боламыз» деп болашаққа тек 

жарқын үмітпен қарап отырған 

тәуелсіз еліміздің ашық аспанын 

соғыстың қара бұлты торлама-

сын. Ел ертеңі бейбіт күндерге 

ұлассын. Ұрпағымыз қан кешкен 

отты майдандарда емес, білім 

мен ғылымның бәсекесінде 

үздік атанып, мықты халықтың, 

дамыған елдің тұтқасын ұстасын. 

Шаңырағымыз берекелі болсын! 

Атамекен үшін шайқас, ертеңге 

деген сенім, қажымас қайрат пен 

жігер қазақ халқының қанында 

бар. Жаратылысынан батыр да 

текті халықтың бойындағы өжеттік 

пен қайсарлық рухты намыста 

қайралып, шыңдалып келеді. 

Рухы өр, намысы зор батырлар-

ды тәрбиелеу, елі мен жеріне 

қорған болатын бауырмалдарды 

өсіру – бабалар аманаты. Бұл ама-

нат ананың қолымен тербелген 

бесікте, әкенің тәрбиесінде орын-

далып қана жатқан жоқ, сонымен 

қатар ұлттық әскерде де орын 

алып келеді. Балалар аманаты 

мен қаһар мандардың ерлігі ұрпақ 

жадында мәңгі жаңғырып тұрары 

сөзсіз. Ұлт тәрбиешілерін дайын-

дайтын Қыздар университеті үшін 

қос мерекенің рөлі айрықша. Оқу 

орнында өткен шаралар туралы 

газеттің осы санынан оқи ала-

сыздар.


Қыздар сұлу 

көрінер...

2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№6 (129)

15 мамыр


2015 жыл

А Қ П А Р А Т



ДОСТАСТЫҚ 

МАРАПАТЫ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

Жарлығымен Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің рек-

торы Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева 

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» 

мерекелік медалімен наградталды.

Елбасының Жарлығымен берілген бұл 

марапат Қыздар университетінің басшы-

сы Динар Нөкетаеваға Қазақстан халқы 

Ассамблеясы жылында елдегі қоғамдық 

келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы 

бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан 

халқы Ассамблеясының рөлінің артуына, 

Қазақстанның бейбітшілік пен келісім 

тәжірибесін шет елдерде таратуға және 

Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары 

арасындағы достық қатынастарды 

дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін беріліп 

отыр. «Бұл тек маған ғана емес, біртұтас 

қоғам құруда, ұлттар достастығы мен 

ынтымақтастығын арттыру жолында 

қызмет атқарып келе жатқан бірегей оқу 

ордасы Қыздар университеті ұжымының 

еңбегіне берілген зор баға деп білемін» 

дейді марапат иесі.

2015 жыл «Қазақстан халқы Ассамбле-

ясы жылы» деп жарияланғаннан бастап, 

республикамыздың түкпір-түкпірінде 

мерейтойлық шаралар өткізіліп жатқаны 

белгілі. Осыған байланысты, Тәуелсіз 

Қазақстанның бейбітшілік пен келісім са-

ясатын, халықтың жарасымды ынтымағы 

мен берекелі бірлігін насихаттап, сенім мен 

рухтың жылында ел болашағы үшін жемісті 

қызмет атқарып жүрген азаматтарды ар-

найы мерекелік медальдармен марапаттау 

туралы Мемлекет басшысының Жарлығы 

шыққан болатын. Сондықтан, татулығы 

әлемге үлгі болып отырған Қазақстанның 

біртұтастығы үшін бұл марапаттың маңызы 

зор.


Қазақ қыздарымен қатар көп теген 

ұлттардың қыздары тәлім алып отырған 

Қыздар университеті Жаңа қазақстандық 

патриотизмде тәрбиеленіп, рухты, жігерлі, 

сондай-ақ достық пен ынтымақтың 

қолдаушысы екендігін әрдайым танытып 

келеді. Динар Нөкетаеваның айтуынша, 

Елбасы тарапынан берілген баға – Қыздар 

университетіне көрсетілген қамқорлық 

пен ықыластың тағы бір ерекше белгісі.



Қ.ТЕЛМАН

АҚШ-тан жеткен сүйінші

Академиялық ұтқырлық  – жоғары 

білімнің сапасын арттыруға мүмкіндік 

туғызады, ғылыми зерттеу тиімділігін арт-

тырады. Сонымен қатар, басқару жүйесін 

жетілдіріп, сыртқы және ішкі интегралдық 

үрдістер мен байланыстарды анықтайды. 

Қыздар универсиеті осыған байланысты 

әлемнің беделді жоғары оқу орындары-

мен аталған бағдарламасы бойынша үзбей 

жұмыс істеп келеді. Қазірде оның жемісін 

студенттер көре бастады. Былтыр қос 

дипломды бір топ студенттер иеленіп 

те үлгерген болатын. Ал мұхиттың арғы 

жағынан келген мына ақжолтай жаңалық 

осымен екінші рет жүзеге асып отыр.

Қос дипломды білім беру бағдарлама-

сының негізінде Миссиссипи мемлекеттік 

университетінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» 

мамандығы бойынша Айзада Имандос, Ди-

нара Әбітай, Ләззат Сүндетова, Севара Ша-

хапова, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы 

бойынша Несібелі Оспан және «Педагоги-

ка және психология» мамандығының ма-

гистратура бөлімінде Айгерім Жақыпбаева 

білім алып, халықаралық дәрежедегі 

дипломға қол жеткізді. Қос дипломды ма-

ман атанып отырған студенттердің екінші 

легінің  салтанатты марапаттау рәсіміне 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің Оқу ісі жөніндегі прорек-

торы Ә.Ж.Тойбаев қатысып қайтты. 

Университетте атқарылып жатқан 

сыртқы академиялық ұтқырлық бағдар-

ламасы бойынша алдағы уақытта тағы да 

көптеген студенттеріміз қос дипломға ие 

болды. Олар 2014-2015 оқу жылының 1 

жартыжылдығында Лондон Менеджмент 

және ғылымдар академиясына жіберілген 8 

студент, Түркияның Нийде университетін 

бітіретін 3 студент. Сондай-ақ, оқу 

жылының екінші жартыжылдығында 3 

с т у д е н т   Л о н д о н   М е н е д ж м е н т   ж ә н е 

Ғылымдар Академиясында, 5 студент және 

2 магистрант Миссиссиппи мемлекеттік 

университетінде оқыды және 2 студент 

Нийде университетіне оқуға жіберілген.

Бұл шетелдік жоғарғы оқу орында-

р ы м е н   б а й л а н ы с   о р н а т қ а н   Қ ы з д а р 

университеті құзыретті әрі бәсекеге 

қабілетті мамандар дайындау жолында 

қосдипломдық бағдарламасын сәтті жүзеге 

асыра бастағанының айғағы. Естеріңізге 

сала кетейік, былтырғы оқу жылында 

Қымбат Бабатаева мен Әсем Бахрамова 

алғашқы қос дипломды маман атанған бо-

латын. Олардың қатары әлі де жыл сайын 

арта түспек.



Қарлыға ТЕЛМАН

Форум барысында 41 мамандық 

бойынша бакалавр, 23 мамандық 

бойынша магистратурада және 

4 мамандық бойынша PhD док-

торантурада халықаралық стан-

дарт бойынша білім беретін Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті туралы толық мәлімет 

берілді. Бүгінде, Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық универси теті 

еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары 

оқу орындарының бірі. 70-жылдық 

тарихы бар университетіміздің 

түлектері еліміздің түпкір-түпкірінде 

сапалы қызмет атқаруда.

Форум қонақтарына қос диплом-

Кәсіби бағдар – болашаққа жол

Алтынға жеткізер жеңіс

СҮЙІНШІ!


ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қабылдау 

комиссиясы сәуір айының 28-і мен мамыр айының 4-і аралығында Алматы 

қаласы әкімдігінің қолдауымен «Современное образование» қоғамдық қоры 

ұйымдастырған Қарасай ауданы мен Жамбыл аудандарының мектеп бітіруші 

түлектеріне арналған кәсіби бағдар форумына қатысты.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



9 мамыр күні Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінің 

бір топ студенттері қосдипломдық 

жүйе бойынша, Америка Құрама 

Штаттары Миссиссиппи мемлекеттік 

университетінің дипломдарын иеленді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті педагогика 

және психология факультетінің 2-курс студенті Гүлмарал Еркебаева 

әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Әлемнің 26 елінен 340 балуан қатысқан сайыс күрестің үш түрінен өтті. 

ды білім беру бағдарламасы бойын-

ша білім беріп, заманауи талапқа 

сай, жоғары сұранысқа ие маман-

дарды даярлап отырған Қыздар 

университеті жайында кеңінен ай-

тылды. Оқу үдерісі кредиттік жүйе 

арқылы жүргізіліп, университетте 

2014 жылдың 10 қаңтарынан бастап 

NCC (Ұлыбритания) агенттігімен 

аккредиттелген Халықаралық 

Foundation (IFY) бағдарламасының 

ашылып, университетте ҰБТ мен 

КТ өту балын жинақтай алмағандар 

үшін Дайындық бөлімі жұмыс 

жасайтындығы туралы ақпарат 

көпшілік назарын ерекше аударды.

М е к т е п   б і т і р у ш і   т ү л е к т е р 

универ сите  тімізде  даярланатын 

Шет тілі: екі шет тілі мамандықтары 

мен  психо  логия  мамандықтарына 

деген  қызы  ғушылықтарын  таны-

тып, өздерін қы зық тырған сауал-

дарына  қанағатта нар лықтай  жауап 

алды. Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінде 

мемлекеттік грант негізінде оқитын 

студенттер 3 мезгіл тегін тамақ 

және жатақханамен қамтамасыз 

етілетіндігіне таңданыстарын да 

жасырмады. Түлектерге ақпараттық 

буклеттер, «Қыздар университеті» 

газеті таратылып, университеттің 

тыныс-тіршілігімен таныстыратын 

слайд көрсетілді.

Қалимаш ЕЛШІБАЕВА,

Қабылдау комиссиясының

жауапты хатшысы

Қазақстанның әйелдер 

құрамасы жалпыкомандалық 

есепте 3 орынға қол жеткізді. 

Қазақстан қоржынына әйелер 

күресі бойынша 1 күміс, және 

5 қола медаль салған Э.Сыз-

дықова, Т.Аманжол, А.Әбіл-

дина, Д.Ешимова, Е.Ларионо-

в а  л а р д ы ң   қ а т а р ы н д а   з о р 

мақта нышпен Қыздар уни-

верси тетінің студенті Гүлмарал 

Еркебаеваның есімі ерекше 

мақтанышпен аталады.

Боз кілемге ел құрамасы 

атынан соңғы болып шыққан 

Гүлмарал 75 кг салмақ дәреже-

сінде жапондық Хироэ Сузу-

киге есесін жіберіп алды. Есеп 

қорытындысы бойынша жас 

палуан қола медальді иеленді.

Г.Еркебаева Талдықорған 

қ а л а с ы н д а   ө т к е н   ә й е л д е р 

күресінен Қазақстан чемпи-

онатында 1 орынды иеленген 

болатын. Алғашқы белдесуден-

ақ қарсы ластарының барлығын 

айқын басымдылықпен жеңген 

ол өз салмақ дәрежесінде ең 

мықты екендігін тағы дәлел-

деп, чемпиондық атағын қор-

ғап қалған еді.Сондай-ақ, 

Моңғолияның астанасы Ұлан-

Батырда еркін және әйелдер 

күресінен «Mongolia Open-

2015» додасында бақ сынып, 3 

орынға қол жеткізді.

Қыздар университетінің 

спорттағы абыройын асқақ-

татып жүрген Гүлмаралға тек 

жеңісті белдесулерді тілейміз. 

Әлемдік додалардаң тағатын 

алқа тек алтыннан болсын!

Өз тілшімізден


3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№6 (129)

15 мамыр


2015 жыл

Р У Х


ҰЛЫ ЖЕҢІС – 

ҰМЫТЫЛМАС ТАРИХ

Ұлы Отан соғысы жылда -

ры сол кездегі Кеңес Одағының 

құрамында болған барлық одақтас 

республикалардың азаматтардың 

бәрі де Отан қорғау міндеттерін 

абыроймен орындап, өз үлестерін 

қосқандығы белгілі. Ол жылдары 

соғысқа жарамды қазақстандықтар 

майданға аттанды, ал елде қалған 

қарттар мен жастар тылда аянбай 

еңбек етіп, жеңіске жету барысында 

азаматтық борыштарын аброймен 

атқарды.


Ұлы Отан соғысы жылдары 

ерекше әскери қайраткерлігімен, 

ержүрек қолбасшылығымен ел 

құрметіне бөленген Бауыржан 

Момышұлының (1910–1982) ерлігі 

аңызға айналды. Шығыстың қос 

шынары атанған батыр қыздарымыз 

Мәншүк Мәметова (1922-1943) 

мен Әлия Молдағұлованың (1924–

1944) көрсеткен ерліктері соғысқа 

қатысқан жауынгерлердің айбынды 

да айбарлы ұранына айналғандығын 

айрықша атап айтуға болады. 

У н и в е р с и т е т   б а с ш ы л а р ы , 

ардагерлер мен студенттер жыл 

сайын 9 мамыр – Жеңіс күні 

Бүгін 9 мамыр қасиетті де 

қастерлі мереке – Ұлы Жеңістің 

70 жылдығы күні Қазақ мемле-

кет тік қыздар педагогикалық 

универ си тетінің  қыздары  Кеңес 

Одағының қос батыры Әлия 

мен Мәншүк ескерткішіне гүл 

шоқтарын қойып, еліміздің батыр 

қыздарының ерлігіне тағзым етті.

Гүл шоғын қою рәсіміне оқу 

орынның басшылығы, ұстаздары 

мен факультет декандары және 

оқу орынның белсенді студенттері 

қатысты.


Батыр қыздардың Ұлы ерлігін 

мәңгілікке есте сақтауға арналған 

шараға қатысқан университеттің 

Бірінші проректоры Баходир 

Әлиев, Биология ғылымдарының 

докторы Ә.Ә. Мәуи, профессор Қ. 

Әбдіқадырова Кеңес Одағының 

Батырлары, «Шығыстың қос 

шынары» атанған қазақтың 

қас батыр қыздары Әлия мен 

Мәншүктің қасық қаны қалғанша 

қан майданда елі үшін соғысқан 

ерлігін, ер-азаматтардан кем 

б о л м а ғ а н   б а т ы р л ы ғ ы н   а т а п 

Ар қорғауды үйренгем.

Ұшып шыққан ұям деп,

Жер қорғауды үйренгем, – деп 

Са парғали Сырымбетов жырға қос-

қан  дай,  қаһармандардың  ерлігі 

мен қайсарлығы ұрпақ жадында 

сақталады. 

Отанды қорғау деген – туған 

жеріңді, өскен еліңді, халқыңның 

қадір-қасиетін қорғау деген сөзбен 

үндесіп жатыр. Биылғы жылы Ұлы 

Жеңістің 70 жыл толуына орай, 

еліміздің оны ерекше атап өтуінің 

мәні зор. Бұл нағыз отансүйгіштікке 

тәрбиелеудің басты құралы. 

Қыздар университетінде де 

Ұлы Отан соғысына қатысып, ерен 

еңбектерімен ел құрметіне бөленген 

көптеген ұстаздар еңбек еткендігін 

де мақтаныш сезіммен атап өтіп, 

ардагерлер жайлы күнделікті тәрбие 

жұмыстарында үлгі-өнеге етіп айтып 

отыру басты азаматтық парызымыз. 

Оқу орны Ұлы Отан соғысы жылда-

ры, яғни 1944 жылы елімізде көптеген 

ер азаматтардың майданға аттануына 

байланысты оқу-ағарту саласына 

қыздарды көбірек тарту мақсатында 

ашылғаны белгілі. Университетте 

бүгінге дейін Ұлы Отан соғысына 

қатысқан 30-ға жуық ұстаздар еңбек 

етті. Олардың ішінде Кеңес Ода-

ғының Батыры Құдайберген Мағ-

зұм ұлы Сұрағанов 1951–1996 жыл-

дар аралығында ұстаздық қызмет 

ат қарып, шәкірттерге патриоттық 

тәр бие беру ісіне де белсене атса-

лысты.


Ұлы Отан соғысы жылдары елде 

қалған еңбекке жарамды барлық 

азаматтар Ұлы Жеңіске жетуге зор 

үлестерін қосты. Олар тыл майданын-

да қажырлылықпен жан аямай еңбек 

етті. Қазіргі кезде университетімізде 

қызмет еткен 20-дан астам тыл 

ардагерлері құрметті демалыста. 

Олардың қатарында көрнекті компо-

зитор – Дүнгенбай Ботбаев, ұлағатты 

ұстаз Сапар Мұхтаров, жастарға са-

палы білім мен саналы тәрбие беруде 

үлкен үлестерін қосқан ұстаздар – 

Фарида Әбдрахманқызы Ысмағұлова, 

Нина Яковлевна Ахметова, Бихаба 

Иманбекова, Балым Хайырқызы То-

Шығыстың қос жұлдызына тағзым

Арулардың құрметі

ЖЕҢІСКЕ – 70 ЖЫЛ

ШАРА


Биылғы жылы Ұлы Отан соғы сындағы жеңістің 70 жылдығын тойлау халқымыздың назарын өткен 

тарихымызды ұмытпауға, оны қастерлей білуге ата-бабаларымыз бен ана-апаларымыздың қаһармандық 

ерлігін жастарға паш ету екендігін ерекше атап өткен жөн. «Өткенін ұмытпау – өскендіктің белгісі, өткенін 

ұмыту –өшкендіктің белгісі» деген халық даналығының мәні өте тереңде жатқандығының айғағы.

Биыл 1941 жылы басталған 

сұрапыл соғыстың 

аяқталғанына 70 жыл 

болды. Сол жылдың маусым 

айынан бастап КСРО-ның 

миллиондаған әскерімен 

бірге, қазақ жауынгерлері де 

Ұлы Отан соғысына аттанып, 

өзінің батылдығымен, 

қайсарлығымен көзге түсіп, 

жеңіске жетуге елеулі үлес 

қосты. Олардың қатарында 

«шығыстың қос шынарына» 

айналған батыр қыздарымыз 

Әлия мен Мәншүк те болды.

7-мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл күн ұлттық әскерде 

қызмет ететін барша азаматтардың, әскерде борышын өтеген 

Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2015
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2015 -> Қазақ тарихының тамыры тереңде Мемлекеттік тілге жастар құрметі 2-бетте 6-бетте 7-бетте Асқақ
2015 -> Түлектер қауымдасты­ ғының кезекті жиыны
2015 -> Арынбаев ән арнаған әсем кеш
2015 -> Шәкіртақы иегерлері «Экспо –2017» жастар назарында
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Халық маркасына» дауыс береміз G38 – жастар жиыны
2015 -> Бағдарламасы 2-бетте 4-5-беттерде 8-бетте Көзілдірік тарихына көз жүгіртейік Қазақтың ұлтжандылығы
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Ғалым жолы – жастарға үлгі «Бекежан» «Қыз Жібектер» ортасында
2015 -> Ұлы дала қыздары Ұлттық
2015 -> КазГосЖенпу – один из старейших вузов Республики Казахстан, первое высшее учеб ное заведение для деву­ шек, осуществляет подготовку вы со ко квалифицированных кад ров по всем отраслям об­ щест венной жизни страны

жүктеу 338.84 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет