Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Халық маркасына» дауыс береміз G38 – жастар жиыны



жүктеу 0.51 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата14.03.2017
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

«Халық 

маркасына» 

дауыс береміз

G38 – жастар 

жиыны

2-бетте


5-бетте

10-11-бетте



Қазақ 

ханымдары 

зерттеуді 

қажет етеді

Ал осы кәсіби мерекелердің 

а р а с ы н д а   ж а п п а й   д ү й і м 

жұрт болып көңіл бөлінетін 

саланың бірегейі – Ұстаздар 

күні. Ол қоңыр күзде тәй-тәй 

басқан балақайлардың ойлау 

қабілетін дамытатын, сөйлеу 

жүйесін қалыптастыруға үлес 

қосатын, жұмбақ жасырып, 

тақпақ жаттатын балабақша 

тәрбиешілерінен бастап, орта 

және жоғары білім беретін 

мекемелердің мұғалімдері мен 

оқытушыларының ерен еңбегіне 

баға берілетін ерекше мейрам.

Бұл мерекенің тарихы 1966 

жылдан басталған. Сол жылы 

5 қазан күні Францияның Па-

риж қаласында мұғалімдердің 

мәртебесіне арналған үкімет 

аралық арнайы конферен-

ция өтті. Нәтижесінде ЮНЕ-

СКО мен Халықаралық еңбек 

ұйымының өкілдері арнайы 

құжатқа қол қойды. Алайда 

Халықаралық ұстаздар күні 

алғаш рет 1994 жылдың қазан 

айының 5-і күні аталып өтті.

Әлемнің көптеген елдерінде 

дәл осы күні тойланғанымен, 

Беларусия, Әзірбайжан, Лат-

вия, Украина, Қырғызстан 

секілді бірқатар мемлекет-

терде қазан айының алғашқы 

демалысы Ұстаздар күні деп 

белгіленген. 

(Жалғасы 2-бетте)

12-бет 


Биылғы оқу жылында ұрпақ 

тәрбиесіне үлес қосамын деген 

ниетпен білім алуға келген сту-

денттердің игілігі үшін қазығы 

қ а ғ ы л ы п ,   а л ғ а ш қ ы   к і р п і ш і 

қаланған жатақхана мен жүзу 

бассейнінің құрылысы аяқталды. 

«Бітер істің басына – жақсы 

келер қасына» деген халық 

даналығы. Биылғы жаңа оқу 

жылында 19 қыркүйек күні 

Қазақстан Республикасы  Білім 

ж ә н е   ғ ы л ы м   м и н и с т р і   А с -

лан Бәкенұлы Сәрінжіповтің 

қатысуымен Арулар ордасында 

бой көтерген үш бірдей нысан – 9 

қабатты жатақхана, «Аққу» атты 

жүзу бассейні және «Ақ шатыр» 



газетінің «наурыз көжесі»

Адамзаттың ардақтысы – мұғалім

№12 (135)

30 қыркүйек

2015 жыл


Былтырғы оқу жылында 

қыркүйек айының 

19-жұлдызында 

Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университеті зиялылардың, 

ғалымдардың, сыйлы 

қонақтар мен түлектердің 

басын қосып, ару қала 

Алматының төрінде 70 

жылдық мерейтойына 

арналған салтанатты кеш 

өткізді. Дүбірлі тойдың 

төрінде Білім және ғылым 

министрі Аслан Бәкенұлы 

Сәрінжіпов  ақ тілегін 

арнаған еді. Міне, биылғы 

жаңа оқу жылында да 

Қыздар университеті үшін 

19 қыркүйек есте қалар есті 

күннің біріне айналды.

Елімізде геология, өнер, химия өнеркәсібі, экология, қаржы, 

полиция, медицина сынды қырыққа жуық сала мамандарының 

кәсіби мерекелері аталып өтіледі. Кәсіби әрбір сала 

мамандарының еңбектерін бағалап, жігерлерін арттырып, ерекше 

көңіл-күй сыйлауға, құрмет көрсетуге себепші. 

ҚЫЗДАР ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ 

ЖАҢА КЕЛБЕТІ

Ұстаз тағылымы – 

шуақты

Д.Ж.НӨКЕТАЕВА, 

ҚазМемҚызПУ ректоры

Құрметті әріптестер мен сту-

денттер, баршаңызды Ұстаздар 

күні мерекесімен шын жүректен 

құттықтаймын!

Әр қадамы үлгіге толы, сөзі 

тұнып тұрған маржан, даналығы 

мол ақылшы, үйретіп жүріп үнемі 

үйреніп жүретін ізденімпаз, ұлт 

мүддесін мақсат еткен жанашыр 

ұстаздар қауымы кез келген мақ-

тауға лайық. Өйткені ұстаздар – 

ұлттың айнасы, тәрбиешісі. 

Өскелең ұрпақтың білімді 

болуына ерекше көңіл бөлген 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлт-

тың бәсекеге қабілеттілігі оның 

білімінің көрсеткішімен бел-

гіленеді» дейді. Парасат мек-

тебінің ұстаздары осы бағытта 

тал май еңбектеніп келеді. «Ақыл – 

жастан, асыл – тастан» демекші, 

білім беруді жетілдіріп, ғылыммен 

қатар рухани-мәдени тәрбиеге 

аса мән беретін арулардың ақ 

ордасында қазіргі заман тала-

бына сай, бәсекеге қабілетті, өз 

ісінің шебері, сауатты мамандар 

даярлауда жан-жақты жұмыстар 

атқарылып жатыр.

«Әрекет болмай, берекет 

жоқ», біздің сонау құрылған уа-

қыт  тан бастап келе жатқан жал-

ғыз, мызғымас миссиямыз – ұлт 

тәрбиелеушілерін қалыптастыру. 

Талмай еңбектену мен ізденім-

паз дықтың, сарқылмас күш-

жігер, сүйікті кәсіпке деген 

адал    дықтың  арқасында  Қыздар 

уни  верситеті әр оқу жылында 

жаңа жетістіктерге жетіп, таудай 

табыс тарға кенелуде. Бұл мақ та-

нарлық жағдай. Бұл – ардақты 

ұстаздарымыз бен ұжым ның ерен 

еңбегі.

Әр шәкіртті әлеуметтік ортада 



өзіндік орнын тауып тұлға ретінде 

қалыптастыру, отандық білім 

беру көкжиегінде із қалдыру жо-

лында қажымас қайрат тілеймін. 

Киелі қарашаңырақ – Қыздар 

университеті әрқашан отан дық 

педагогикалық білім беру дің биік 

мұнарасы атана берсін!

жазғы ойын-сауық алаңының 

ресми тұсаукесер рәсімі өтті. 

Қонағын құрметтеген халық-

тың ұрпағы дайындықты ерте 

бастады. Сол күні қыз мінезді 

А л м а т ы  н ы ң   ж а у ы н ы   с е б е -

леп тұрды. Сенбінің таңында 

арулардың қуанышына ортақтаса 

Алатаудың ару қаладағы ақ 

жауынының әрбір тамшысы 

ашылу салтанатының ойдағыдай 

өтсін деген тілектеріне ниеттесе 

тамғандай еді. 

Бас педагогтың көлігі аулаға 

келіп тоқтасымен-ақ жастар 

легі көтеріңкі көңіл күйде зор 

қошеметпен қарсы алды. Қыздар 

университетінің ректоры Динар 

Жүсіпәліқызы Аслан Бәкенұлын 

«Аққу» жүзу бассейніне бастап 

апарды. Жиналған қауым жоғары 

оқу орындарының арасында 

өзінің төл бассейні бар универ-

ситетке айналып отырғанына 

қуанышын жасырмады.

(Жалғасы 3-бетте)

ҚОЛ ТЕРІСІНЕ 

ЖАСАЛАТЫН 

КҮЗГІ КҮТІМ


2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№12 (135)

30 қыркүйек

2015 жыл

А Қ П А Р А Т

АДАМЗАТТЫҢ 

АРДАҚТЫСЫ – МҰҒАЛІМ



«Халық маркасына» дауыс береміз

Сенім гранты

т у ы н ш а ,   « Х а л ы қ   м а р к а с ы н ы ң » 

жеңімпаздары болып танылған отандық 

тауарөндірушілер Миланда өтетін 

«ЭКСПО – 2015» көрмесіне еліміздің 

атынан қатысады. «Бұл байқау – онлайн 

түрінде өтетін бірегей жаңа жоба. Байқау 

30 аталым бойынша өтеді. Ең үздік 30 та-

уар халықтың таңдауымен анықталатын 

болады, оны баса айтқанымыз жөн. 

Олардың ішінде «Газдалған сусын», 

«Шәй», «Кондитерлік тағамдар», 

«Ұн», «Сүт өнімдері» сынды бөлімдер 

бар. Жеңімпаз деп танылғандар өз 

тауарларының сыртына «Халық мар-

касы» белгісін қою мүмкіндігіне ие 

болады. Бұл оның елдегі ең сапалы 

тауар екендігін білдіреді. Өз кезегінде 

ол брендінің танымал болуына да ық-

пал етеді. Халықтық онлайн түрде да-

уыс беру қыркүйек айының 9-ында 

басталып, қазан айының 8-іне дейін 

созылады. Қазіргі таңда 70-тен астам 

отандық өндіруші, 100-ден астам 

марка байқауға қатысуға өтініш 

берді», дейді Р.Тәжібаева. Шара 

ұйымдастырушылары барлық тауар 

өндірушілерді акцияға белсенді қатысуға 

және барша қазақ стан дықтарды дауыс 

беруге шақырады.

Әрбір аталым бойынша жеңім-



(Басы 1-бетте)

Ал Автралияда бұл мереке қазан 

айының соңғы жұмасында аталып өтілсе, 

Аргентинада – 11 қыркүйек, Бразилия-

да – 15 қазан, Вьетнамда – 20 қыркүйек, 

Үндістанда – 5 қыркүйек, Қытайда – 

10 қыркүйек, Түркияда – 24 қараша 

мұғалімдердің мейрамы деп белгіленген.

Біздің елімізде қазан айының алғашқы 

жексенбісі «ұлық емес, ұлы қызметтің» 

иегерлері ұстаздардың құрметіне арналған. 

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Білім 

жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – 

ұстаз». Адам баласы қай кәсіптің иесі бо-

лам десе де ұстаздың алдынан өтеді, сауат 

ашады, білім алады. Мұғалім – ата-ана-

дан кейін, өмір жолына бағыт беруші.

Ұстаздар күні отандық білім беру саласын-

да педагог кадрларды даярлайтын үздік 

оқу ордасы – Қазақ мемлекеттік қыздар 

пегогикалық университеті үшін төл мереке 

деп есептеледі. Осыған орай қыркүйектің 

28-і күні салтанатты кеш ұйымдастырылды.

«Жарқын болашақтың қуаты жан-

жақты білімде болмақ. Бүгінде Қыздар 

университеті отандық білім мен ғылым 

тұңғиығында өзіндік орны бар алып кеме 

екені анық. Біздің сонау құрылған уақыттан 

бастап келе жатқан жалғыз, мызғымас 

миссиямыз – ұлт тәрбиелеушілерін 

қалыптастыру. Талмай еңбектену мен 

ізденімпаздықтың, сарқылмас күш-

жігер, сүйікті кәсіпке деген адалдықтың 

арқасында Қыздар университеті әр оқу 

Осы жылдың басында Мемле-

кет басшысы республика бойынша 

«Қазақстанда жасалған» акциясына бас-

тама беріп, соның аясында Қазақстанда 

отандық тауарлар арасында «Халық 

маркасы» жалпыұлттық байқауын 

жарияланған болатын. Жобаның негізгі 

мақсаты – отандық тауар өндірушілердің 

тауар маркаларының танымалдылығын 

арттыру, нақты тауарларға баға беру 

арқылы жалпы тауар маркаларының 

қаншалықты сұранысқа ие екенін 

анықтау және жыл жеңімпазын жария-

лау. Бұл байқау – 148 мемлекетті азық-

түлік инновациясы, шығармашылық 

және салт-дәстүрлерімен танысты-

р а т ы н   « E X P O   M I L A N O   –   2 0 1 5 » 

халықаралық көрмесінің тақырыбымен 

ұштастырылған жалғыз отандық жоба.

Жоба бойынша, ең үздік тауарөн-

дірушілер мен отандық маркалар он-

лайн дауыс беру арқылы анықталады. 

Жеңімпаздарды тұтынушылар www.

halykmarkasy.kz желісіне кіріп, өзінің 

сүйікті өніміне дауыс беруге құқылы. 

«Қазақстанда жасалған» жобасының 

жетекшісі Римма Тәжібаеваның ай-

ҚОЛДАУ


ЖЕТІСТІК

жылында жаңа жетістіктерге жетіп, тау-

дай табыстарға кенелуде. Бұл – ардақты 

ұстаздарымыз бен ұжымның ерен еңбегі», – 

деп сөз бастаған Қыздар университетінің 

ректоры Д.Ж.Нөкетаева бала тәрбиелеп, әр 

шәкіртке мейірім төккен ұлағатты ұстаздар 

мен болашақта осы ұлы қызметтің тізгінін 

ұстар студенттерді де төл мерекелерімен 

құттықтады.

Кез келген саланың кәсібінен нәсібін 

табуды ниет еткен жандардың барлығы 

да ұстаздың алдынан өтеді. Озық білім 

алған, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген 

азамат – қоғамның тірегі, қозғаушысы. 

Пайым-парасатының кеңеюіне, ақылының 

толысуына мұғалімнің сіңіретін еңбегі 

ерен. Қыздар университетінің басшылығы 

Ұстаздар күні мерекесіне орай ұрпақ 

тәрбиесі жолындағы елеулі еңбектерін 

ескеріп, бірқатар профессор-педагогтарды 

марапаттады. Биология кафедрасының 

профессоры А.Сартаев, тіл теориясы мен 

оқыту әдістемесі кафедрасының профес-

соры Б.Хасанұлы, мектепке дейінгі және 

бастауыш білім кафедрасының профессо-

ры Т.Левченко бастаған ҚазМемҚызПУ-

дың дамуына айрықша үлес қосқан, 

білім беру ісіне сүбелі еңбек сіңірген жи-

ырмадан астам ұстаздарға ректор Ди-

нар Жүсіпәліқызы өз қолымен «Құрмет 

белгісі», алтын және күміс «Ұлағат» медаль-

дарын табыстады. Сондай-ақ, оқу орны 

басшысы Д.Нөкетаева бұл марапат кәсіби 

мерекеге арнап көрсетілген қошеметтің 

бас тамасы ғана екендігін, алдағы уақытта 

ҚР Білім және ғылым министрлігі тара-

пынан да құттықтаулар келетінін жеткізді. 

П е д а г о г и к а л ы қ   б а ғ ы т т а   б і л і м 

беретін жоғары оқу орындар арасында 

Қыздар университетінің үздік атануы-

на, шәкірттері түрлі пәндік олимпиада-

лар мен спорттық жарыстарда жүлделі 

орын алуына, ғылыми-тәжірибелік кон-

ференцияларда зерттеу материалдарын 

абыроймен қорғауына зор еңбек сіңіріп 

келе жатқан ұстаздарға құрмет көрсетіп, 

В.Қаржаубаева, Ж.Әділбекова, А.Өміржан, 

Н.Ғазиз сынды күміс көмей әншілер ән-

жыр арнаса, «Томирис» би ансамблінің 

қыздары мың бұрала би билеп, ұлттық 

өнердің шашуын шашты. Қазақ эстра-

дасында өнерімен танылып келе жатқан 

Болатбек Досыбаев, Дидар Кәден бастаған 

әншілер де мерекелік кештің көркін 

қыздырды. Қыздардың хор ұжымы ғалым 

да, шахтер де бас иетін ерекше қасиетке ие 

ұстаздар қауымына ән арнады.



Қарлыға ТЕЛМАН

паздарды марапаттау шарасы БҰҰ 

жанындағы Азық-түлік және ауыл 

шаруашылығы ұйымы (ФАО) басшыла-

рының қатысуымен Миландағы «ЭКС-

ПО – 2015» көрмесінің Қазақстан па-

вильонында 19 қазан – Дүниежүзілік 

азық-түлік күнінде өтеді. «Халық 

маркасы» жеңімпаздарының өңімдері 

сонымен қатар, Астана қаласында 

өтетін «ЕХРО – 2017» көрмесіне де 

ұсынылатын болады. Статистикалық 

мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 

2 мыңға жуық азық-түлік тауарларын 

өндіретін кәсіпорын бар.

Айта кетуіміз керек, бұл жалпыұлт-

тық байқау жариялана салысымен 

Қыздар университетінің ұжымы мен 

студенттері оған зор ықылас танытып, 

алғашқылардың санатында барынша 

қолдау білдіруде. Осыған байланысты, 

университет ректоры Динар Нөкетаева 

Миландағы ұйымдастырылатын шараға 

«WE – WOMEN FOR EXPO», яғни 

«Әйелдер ЭКСПО үшін» альянсы аты-

нан елші ретінде баратын болды. Бүгін 

ректор «Халық маркасы» жобасының 

жетекшілерінен ресми түрде осы 

шақыртуды қабыл алды. Бұған қатысты 

«Біз «Қазақстанда жасалған» акциясына 

қолдауымызды білдіреміз. Ұстаздар мен 

студенттерден бастап барша қауымды 

қ а з а қ с т а н д ы қ   к ә с і п о р ы н д а р д ы 

қолдауға, сапалы да, экологиялық 

таза отандық өнімдерді тұтынуға 

шақырамын. Әлемдік марка атану-

ларына өз үлесімізді қосып, отандық 

өнімдердің үлесін бірге арттырайық!», 

дейді Динар Нөкетаева. Ректордың 

айтуынша, бұл мәртебелі шақырту 

өзіне ғана емес, Қыздар университетіне 

білдірілген зор баға.



Нәзира ЕЛЕУХАН

Қыздар университетінің студенттері Алма-

ты облысы әкімдігі мен «Тандай Петролиум» 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің грантына 

ие болды.

Биылғы жылдың бірінші жартысында Қыздар 

университеті «Тандай Петролиум» компаниясы мен 

Алматы облысы әкімдігімен әлеуметтік аз қамтылған 

отбасылар мен көпбалалары жанұялардың және 

жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 

білім алуына көмектесу мақсатындағы өзара 

әріптестік туралы меморандумға қол қойған бола-

тын.

Аталмыш келісім-шарт аясында Жаратылы-



стану факультетінің үш бірдей студенті: Әнима 

Орманбек, Гүлназ Қалиахынова, Гүлчехра Акксе-

нова Атыраудағы танымал «Тандай Петролиум» 

компаниясының тегін оқуға мүмкіндік беретін 

стипендияларына ие болды. Сонымен қатар, ұлттық 

бірыңғай тестілеу сынағынан жоғары көрсеткіш 

алып, өз білімдерін дәлелдеген 10 студент Алматы 

облысы әкімдігінің грантына ие болып, Арулар ор-

дасында тегін білім алуға мүмкіндік алды.

Жыл сайын әр мектеп бітіруші түлектің алдында 

тек бір арман тұрады – жоғарғы оқу орнына түсу. 

Көкейінде қылаң беретін асқақ арманның жоспа-

ры мықты болғанымен, кейбір жастың отбасылық 

жағдайының төмендігінен, не тағдыр тәлкегімен 

ата-анасының қамқорлығынсыз қалу, жетім атану 

себептерімен қойған мақсаттарына қол жеткізе ал-

май жатады. Сондай жастарға грант-сертификат беру 

олар үшін баға жетпес үлкен көмек қане емес, жас 

өрендердің жарқын болашағына жол ашары сөзсіз.

Өздеріне үлкен сенім артқан Қыздар уни-

верситетенің студенттері ізгілікті істің үнемі басы-

қасында жүретін, ел болашағына бей-жай қарай 

алмайтын Алматы облысының әкімдігі мен «Тандай 

Петролиум» компаниясына талапты да білімге 

құштар жастарға қамқорлық танытып отырғандығы 

үшін шексіз алғысын білдіреді.



Нәзира ЕЛЕУХАН

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің 

ректоры Динар Нөкетаева 

«Халық маркасы» жалпыұлттық 

байқауына сәйкес, отандық үздік 

тауарларымыз марапатталатын 

«ЭКСПО – 2015» көрмесіне 

«WE – WOMEN FOR EXPO» елшісі 

ретінде таңдап алынды. Бұл 

құрмет Елбасының өзі бастама 

етіп көтерген «Халық маркасына» 

алғашқылардың бірі болып 

Қыздар университетінің ұжымы 

қолдау білдіргені үшін көрсетіліп 

отыр.

3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№12 (135)

30 қыркүйек

2015 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К



(Басы 1-бетте)

Бассейн тазалық пен сұлулықтың сим-

волындай болған киелі құс аққудың атымен 

аталған. «Алқары шаш өрімнің ақ ордасын-

да» салынған бассейн құдды айдын көлдей. 

Сәулеті жарасқан, іші жап-жарық ғимараттың 

ортасында суы мөлдіреген бассейн бар. Су 

жарысын тамашалауға келген жанкүйерлердің 

орындығы да айнала қойылған. Киім ауыстыра-

тын, тазалық бөлмелері – бәрі-бәрі қыздардың 

денсаулығы үшін талапқа сай етіп жасалған. 

Жүзу бассейні жастардың денсаулығын 

ж а қ с а р т у   м а қ с а т ы н   к ө з д е й т і н   « С а л а -

матты Қазақстан» бағдарламасы аясында 

университеттің қаржысына бой көтерді. 

Еліміз үшін дені сау, рухы таза ұрпақ өсіріп 

тәрбиелеу ең маңызды да негізгі мәселе. Ел-

басы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стра-

тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

«Болашақ энергиясы» саласы бойын -

ша қатысатын жобаның зерттеу-пысықтау 

жұмысын арнайы салынған зертханада жүзеге 

асырып келеді. Сондай-ақ, құрамы белгілі, 

таза шикізаттарды қолданып, сапасы жоғары, 

әрі қол жетімді сабын шығаруға бағытталған 

«SAPO-SOAP» жобасының алғашқы өнімдері 

де көрмеге қойылған.

Биылғы жылдан бастап ҚазМемҚызПУ-да 

Халықаралық білім беру мектебі өз жұмысын 

бастады. Қос дипломды білім беруді қолға 

алған оқу ордасы алғашқы түлектерін де 

ұшырды. Үштұғырлы тіл саясатының негізінде 

халықаралық деңгейде оқытуды мақсат тұтқан 

оқу ордасы қарышты қадамдарды жасап та 

үлгерді. Бұл туралы ҚазМемҚызПУ-дың 

Оқу ісі жөніндегі проректоры Ә.Ж.Тойбаев: 

«Елбасының жасап жатқан қамқорлығы мен 

көмегінің бір көрінісі – осы қосдипломды 

білім беруге арналған халықаралық білім беру 

ды. Биылғы жылы 8 түлек қосдипломды маман 

атанды. Олардың әрқайсысы педагогикалық са-

лада жұмысқа орналасты. Араларында физика-

математикалық бағытта білім беретін Назар-

баев зияткерлік мектебіне, «Мирас» метебіне, 

Қазақ-түрік лицейіне сынақ тапсыру арқылы 

жұмысқа орналасқан қыздар да бар. Бұл үлкен 

мақтаныш. Қыздар қатаң сынақтан сүрінбей 

өтіп, алған білімдерін дәлелдеп шықты.

Оқу-білім үдерісі жайлы ақпараттардан 

кейін тарихтың тағылымды жылдарынан сыр 

шертетін көрнекілік те қойылған Қонақтар 

назарына Қыздар университетіне келген 

тұлғалардың автографтары ұсынылды. Ұлт 

мақтаныштарының, сыйлы қонақтардың 

қатарында енді Білім және ғылым министрі 

А.Б.Сәрінжіповтің те студенттерге деген ақ 

тілегі орын алды...

Қыздар қалашығындағы саяхат жыл 

құрылысы саналатын жаңа жатақханаға қарай 

сауық алаңы – Елордада орналасқан «Хан 

Шатыры» іспетті салынған. Кең де әсем әрі 

ұлттық нақышта тұрғызылған алаңның ішкі 

сәулеті қазақ үй сияқты әспеттеліп, төбесіндегі 

шаңыраққа айнала уықтар қойылған.

«Университет аумағында салынған нысан-

дар – биылғы оқу жылының ең басты жаңалығы. 

Оқу орны күннен-күнге көркейіп келеді. 

Былтырғы жылы «Қазақ аруы» субұрқағын 

салынып, студенттердің демалыс орнына ай-

налды», – деп пікір білдірген ҚазМемҚызПУ-

дың Әлеуметтік және өндірістік мәселелер 

жөніндегі проректоры А.Е.Бөкебаев «Ақ ша-

тыр» жазғы алаңы да сауықтық демалыс орыны 

болатынын жеткізді.

Қыздар қалашығында үш бірдей нысанның 

лентасын қиған ҚР Білім және ғылым 

министрі Аслан Бәкенұлы мен ҚазМемҚызПУ 

ректоры Динар Жүсіпәліқызы, сондай-ақ 

сыйлы қонақтар әрбір ғимараттың ішкі 

жабдықталуымен толықтай танысып, заманауи 

жабдықталған талаптарға ризашылықтарын 

білдірді. Студенттердің дастарханынан дәм 

татқан министр шәкірттермен тілдесіп, оқу-

білім жайында сыр шертті.

«Ақ шатыр» жазғы алаңында құттықтау 

сөз сөйлеген А.Бәкенұлы «Қазіргі таңда 

Қазақстанда жастар үшін барлық жағдай жаса-

лып отыр. Жыл сайын мемлекет тарапынан 150 

мың оқу гранты бөлінеді. Келесі жылдан бастап 

грантпен оқитын студенттердің стипендиясы 

25 пайызға өседі. Техникалық мамандықты 

игеріп, өндірісте жұмыс істеймін деген жастар 

үшін индустрияландыру бағдарламасы бойын-

ша жаңа жұмыс орындары, ғылыммен айна-

лысамын деген шәкірттер үшін зертханалық 

орындар ашылып жатыр. Осы оқу орнында 

оқитын студенттер ұстаздық жолды таңдаған. 

Өздеріңіз білесіздер, мұғалімнің рөлі өте 

мәртебелі. Университетті бітіріп, мектепке 

баратын студенттерге жақсы жаңалық бар. 

Елбасының шешімімен келесі жылдан бас-

тап мұғалімдердің жалақысы 30-50 пайызға 

өсетін болады. Сондықтан, жастар үшін 

барлық жағдай жасалып отыр. Тек қана жақсы 

оқып, еңбек етуіміз керек. Осындай керемет 

ғимараттар ашыла берсін. Қазақстанымыз 

өркендей берсін!» – деген жүрекжарды тілегін 

айтты. Сонымен қатар, салтанатты жиында үш 

бірдей нысанның құрылысын жасақтаған уни-

верситет басшылығына алғысын білдіріп, жаңа 

оқу жылына табыс тіледі.

Бүгінде отандық білім саласының да-

муы мемлекеттік саясаттың басты және 

негізгі бағыты. Мемлекет қашанда білім беру 

мәселесіне ерекше маңыз беріп, студенттердің 

бәсекеге қабілетті болып шығуы үшін 

барлық жағдайларды жасап келеді. Атал-

мыш нысандардың бой көтеруі соның нақты 

дәлелі. «Жаңа жатақхана мен бассейннің 

падалануына берілгеніне өте қуаныштымын. 

Қыздардың білім алуына барлық жағдай бар. 

Әрбір нысан ерекше. Жатақхана жайлы. Был-

тыр 70 жылдық мерейтойда «Қазақ аруы» атты 

субұрқақ салынса, биыл, міне, үш бірдей нысан 

Қыздар қалашығының сәнін кіргізді», – дейді 

ҚазМемҚызПУ Студенттер Альянсының 

төрайымы Нұрилә Жұманқұлқызы. Студент-

тер пайдалануға берілген жаңа ғимараттардан 

Қазақстанның дамуына зор үлес қосатын 

тұлғалардың шығатынына зор сенім артып 

отыр.

Алматының ақ жауынында қонақтар мен 



студенттерге қорған болған «Ақ шатырдың» 

астында Аслан Бәкенұлы Абай атындағы Қазақ 

ұлттық педагогикалық университетінің ректоры 

С.Пірәлиев, Алматы қалалық Жастар саясаты 

мәселесі жөніндегі басқарманың басшысы 

міндетін атқарушы Нұрлан Сыдықов бастаған 

қонақтармен және студенттермен бірге Қыздар 

университеті өнерпаздарының салтанатты 

концертін тамашалады.


Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2015
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2015 -> Қазақ тарихының тамыры тереңде Мемлекеттік тілге жастар құрметі 2-бетте 6-бетте 7-бетте Асқақ
2015 -> Түлектер қауымдасты­ ғының кезекті жиыны
2015 -> Арынбаев ән арнаған әсем кеш
2015 -> Шәкіртақы иегерлері «Экспо –2017» жастар назарында
2015 -> Бағдарламасы 2-бетте 4-5-беттерде 8-бетте Көзілдірік тарихына көз жүгіртейік Қазақтың ұлтжандылығы
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады АҚШ-тан жеткен сүйінші Түркі әлемінің ғалымдары Алматыда бас
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Ғалым жолы – жастарға үлгі «Бекежан» «Қыз Жібектер» ортасында
2015 -> Ұлы дала қыздары Ұлттық
2015 -> КазГосЖенпу – один из старейших вузов Республики Казахстан, первое высшее учеб ное заведение для деву­ шек, осуществляет подготовку вы со ко квалифицированных кад ров по всем отраслям об­ щест венной жизни страны

жүктеу 0.51 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет