Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады



жүктеу 396.18 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата28.02.2017
өлшемі396.18 Kb.
#3766
  1   2   3   4

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

№3 (92)


31 мамыр,

2012 жыл


Қыздар 

университеті 

тағы да алда

Бүгінгі бала – 

ертеңгі ел тірегі

2-бетте

5-бетте

7-бетте

Университет 

аруы 

анықталды

Әйел адамзат өмірін жалғас­

тырушы негізгі тұлға ретінде та­

нылды.  Оның  тұлғалығының 

рә  міздік  мазмұны  аграрлық  ин­

дустриалды  қоғамның  мәдени 

нышанына айналды. Бұл орайда 

атап  өтетін  басты  мәселе,  әйел 

адамзат  ұрпағын  жалғастырушы 

қабілет иесі ғана емес, оның өсіп­

өнуін қамтамасыз ететін субъект 

болып  табылатындығы.  Баланы 

дүниеге әкелгеннен бастап сәбиге 

қамқорлық  көрсету,  күтім  жа­

сау,  мейірімді,  нәзік,  жайлылық 

сипатындағы қасиеттер әйел­ана­

ның  бойында  оның  бірегейлігін 

танытатын құндылықтары болып 

қалыптасты.  Бұл  құндылықтар 

мен қасиеттерді әйел қауымы өзі ­

нің  туған  сәбиіне,  жарына  ғана 

танытып  қоймай,  бүкіл  қо ғам­

ның  да муына  қатыс ты  көрсете 

алатындығы  бел гілі  болды.  Ты­

ныштық, үй лесім, жан жы лулығы, 

қауіп сіздік,  сезім талдық,  береке 

се  кілді құн дылықтар барлық мә­

де  ниеттерде  ең  алдымен  әйелге 

қа тысты  туындайтын  дүниелер 

бо лып қала бермек. Бұл турасын­

да өз заманында атақты философ 

Мэмфорд  «Неолитикалық  рево­

лю ция гендерлік революцияның 

ал ғышарты ретінде қалыптасты», 

– деген болатын.  Оның ойынша, 

«матриархат» ұғымы аграрлық қо­

ғамның дамуымен байланысты.

(Жалғасы 3-бетте)

Ұлт тәрбиелеу 

мәселелері

қаралды


Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

«Әлеуметтік­экономикалық жаң­

ғырту ­ Қазақстан дамуының басты 

бағытты» атты биылғы Қазақстан 

халқына  жасаған  Жолдауында 

ұстаздық  қызметке  байланысты 

мәселелерді басты басымдық ре­

тінде  қарастырып,  ел  дамуының 

ай насы ретінде саналған құжаттың 

«Қазақстанда  адами  капитал дың 

сапалы  өсуі»  тармағында  жан­

жақты  айт қан  болатын.  Онда 

мемлекет басшысы: 

– «Бұл, ең алдымен, білім беру 

мен денсаулық сақтау. Білім беру 

жүйесін жаңғырту барысында біз 

үшін келесі іс­шараларды жүзеге 

асырудың маңызы зор. 

Біріншіден,  оқыту  үдерісіне 

қазіргі  заманғы  әдістемелер 

мен  технологияларды  енгізу. 

Бүгінде халықаралық стандарттар 

негізінде Назарбаев Университеті 

мен  Зияткерлік  мектептер  та­

бысты  жұмыс  істеуде.  Кәсіптік­

техникалық  білім  берудің  озық 

мекемелерінің  желісі  дамып  ке­

леді.  Олардың  тәжірибесін  бүкіл 

қазақстандық  білім  беру  жүйесі­

не  таратып,  барлық  білім  беру 

мекемелерін солардың деңгейіне 

тарту қажет. 

Екіншіден,  педагогтар  құра­

мының сапасын арттырудың маңызы 

зор. Арқаулық педагогтік білім берудің 

үлгі­қалыптарын, мектептер мен жо­

балар оқытушыларының біліктілігін 

арттыруға талаптарды күшейту қажет. 



(Жалғасы 2-бетте)

Ұлы  Отан  соғысы  халқымызға 

төнген  ең  ауыр  күндер  болды.  Төрт 

жыл,  1418  күн  мен  түн  бойы  өз  жері 

және отаны үшін, келешек ұрпақ үшін 

жан  қиярлық  күрес  жүріп  жатты.  Бір 

күшке жиналған қазақ пен орыс, гру­

зин  мен  белорус,  тәжік  пен  украин 

секілді  15  одақтас  республика  халқы 

қарсы алдындағы жауға алынбас қамал 

болып жұмылды.

Сол кездегі Кеңес Одағының басқа 



12 мамыр күні Қазақ 

мем ле кеттік қыздар 

педа гоги калық 

универси тетінде Елба­

сы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың биылғы 

Жолдауындағы 

мұғалім мәртебесі мен 

кәсіби біліктілігін 

көтеру туралы тап­

сырмасын орын­

дау мақсатында 

«Педагогтың кәсіби 

құзыреттілігі мен 

мәр тебесін көтеру – 

білім берудің стра­

тегиялық ресур­

сы» тақырыбында 

Республикалық 

оқу­әдістемелік 

кеңестің кеңейтілген 

мәжілісі болып өтті. 

Оған Қазақстан Ре­

спубликасы жоғары 

оқу орындары рек­

торлары мен жауап­

ты қызметкерлері 

қатысты.

Педагог мәртебесі –

стратегиялық мақсат

Ұлы ерлікке тағзым – ұрпақ борышы

ұлаға


т

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Бір 

ананы тәрбиелеу, бір ұлтты 

тәрбиелеумен пара-пар» 

деген болатын. Осы сөз 

арқылы университетіміздің 

ұлы миссияны орындаушы 

екендігін айқындап берді. 

Қоғамда адамзат баласы 

азық-түлікті өндіру мәселе-

сінен бөлек, отбасы құру, 

ұрпақ жалғастыру, өскелең 

ұр паққа тәлімді тәрбие 

беру мәселесімен кезікті. 

Ол мә селелердің шешімі 

әйел затымен байланысты 

болатын.

9 мамыр – сұрапыл соғыстың сұм жолдарын бастан кешіп, қан майданда от кешкен 

қаһарман жауынгерлеріміздің Ұлы Жеңіске қол жеткізген күні. Бұл тарих беттеріндегі 

ерекше тебіреніске, қайғы мен қуанышқа бірдей толы күн. Осы жылдарды бастан 

кешкен алдыңғы аға буын өкілдерінің төзімділігі мен ержүректілігі бүгінгі және 

келешек ұрпақ санасында нағыз адамдықтың, отансүйгіштіктің үлгісі болып қала 

бермек. Оны жас ұрпақ әрқашан пір тұтады. Осы айтулы күнге орай, Ұлы Жеңіс күні 

мейрамында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушы-

профессорлар ұжымы мен белсенді студенттері Ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, 

Кеңес Одағының Батырлары, қазақтың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова мен 

Мәншүк Мәметова ескерткіштерінің алдына гүл қойып, тағзым етті.

халқымен  бірге  жауды  талқандап, 

жеңіске  жету  ісіне  қазақ  халқы 

да  өзінің  лайықты  үлесін  қосты. 

Қазақстандық  жауынгерлер  Берлинге 

дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі 

жертөлелерде, Днепр өткелінде, Мәскеу 

мен Ленинград үшін болған ұрыстарда 

батыр  ерліктер  көрсетті.  Украинаны, 

Кавказды,  Белоруссияны,  Қырымды, 

Балтық  жағалауын  азат  етті.  Польша, 

Румыния, Венгрия, Чехословакия, Бол­

гария,  Германия  жерлеріндегі  майдан 

жолдарында  жеңіс  туын  көтеріп  өтті. 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  біздің 

қандастарымыз  қатыспаған  бірде­

бір  үлкен  шайқас  болған  жоқ.  Брест 

қамалын  қорғауда  да  ерлік  көрсеткен 

қазақ халқының қайтпас қайсар өрлігі 

кейінгі жылдары ғана ащы тарих бетінен 

аршылды.  Бұған  дейін  айтылмаған 

ақиқат  еліміз  егемендік  алғаннан 

кейін айтыла бастады. Бұл деректердің 

барлығы қазақ халқының батыр рухты 

ұлт екенін айғақтайтын дәлелдер.

Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ 

халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  де­

ген  патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақ­

танышын дәлелдеді. 500 ден аса жер­

лестеріміз,  оның  ішінде  жүзден  аса 

қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын 

алды. 


(Жалғасы 6-бетте)

8-бетте

2

2

ҚазаҚ мемлекеттік Қыздар педагогикалыҚ университеті



№3 (92)

31 мамыр,

2012 жыл

а Қ п а р а т

 

24 мамырда Қыздар университеті­

нің  «ақтұмар»  музейі  18  мамыр  – 

халықаралық музейлер күніне орай, сту­

денттерге  арнап  «Қазақстан  музейлері» 

атты  танымдық  лекция  ұйымдастырды. 

дәрісте  мемлекетіміздегі  танымал  25 

музейдің  құнды  мұраларын  баяндайтын 

слайд­шоу  мен  «ақтұмар»  музейі  тура­

лы  фильм  көрсетілді.  Бұл  шараға  қазақ 

қыздарынан  шыққан  тұңғыш  аспапта­

нушы  этнолог­ғалым  зәбира  Жәкішева 

қатысып,  ықылас  атындағы  халық  саз 

аспаптар музейінің тарихын баяндап берді. 

соңынан,  халықаралық  музейлер  күніне 

орай, еліміздегі музей ісін дамытуда қосқан 

елеулі  үлесі  үшін  «ақтұмар»  музейінің 

қызметкерлеріне алматы қаласы әкімшілігі 

атынан алғыс хаттар тапсырылды.

 

17 мамырда Қыздар университетін­

де «Қазақстан және иран әйелдері досты­

ғы» атты көрме болып өтті. көрме жұмысын 

салтанатты түрде ректор динар нөкетаева 

сөз  сөйлеп  ашты.  оған  Қазақстандағы 

иран  ислам  республикасы  елшілігінің 

мәдени кеңесшісі асғар сабери, иранның 

ғылыми  зерттеулер  және  технологиялар 

министрінің кеңесшісі, ислам елдері ғалым 

әйелдері ұйымының бас хатшысы, Әз­захра 

университеті  басқармасының  басқарма 

мүшесі тәйебе махрузаде, университеттің 

оқытушы­профессорлар құрамы және сту­

денттер қатысты.

 

15  мамыр  күні  университеттің 

акт  залында  ұстаз  Қ.м.мендаяқованың 

70  жылдық  мерейтойына  байланыс ты 

мерекелік  кеш  өтті.  кеште  қазақ  эстра­

дасының жұлдыздары тамара асар, алты­

най маханбетова ән шырқап, «Жаңа ғасыр» 

бүлдіршіндерден құралған топ өз өнерле­

рін көрсетті. ұлағатты ұстаз туралы ақпарат­

тық­танымдық шаралар ұйымдастырылып, 

педагогика  мамандығының  қыр­сыры 

айшықталды.

 

6 мамырда педагогика және психо­

логия факультетінің студенттері мен өзін­өзі 

басқару ұйымы «Қалдарың қалай студент­

тер?»  атты  акция  ұйымдастырды.  Шара 

барысында студенттер арасында сауална­

ма жүргізіліп, олардың қажеттіліктерін білу 

үшін ұсыныстары қарастырылды.

 

4 мамырда Қыздар университетінің 

жазғы  алаңында    «тек    қана  қыздар» 

квн  командасының  ұйымдастыруымен 

факультетаралық фестивальдің қорытынды 

концерті  өтті.  Фестивльда  Қазұау,  ату, 

Қазұту, Қазұу­дың квн құрама команда­

лары қыздарға құттықтау әзілдерін арнап, 

«Қыран» тобы өнер көрсетті.



  3  мамырда  география  кафедра­

сының ұйымдастыруымен ұлы Жеңістің 67­

жылдық мерейтойына орай, «Қазақтың қос 

жұлдызы» атты іс­шара өтті. онда қазақ­

тың батыр қыздары Әлия мен мәншүктің 

майданда көрсеткен ерліктері, батылдығы, 

қайсарлығы  туралы  айтылып,  көріністер 

мен  студенттердің  өз  шығармашылықта­

ры нан  батыр  қыздарға  арналған  үзінді 

өлеңдер мен әндер шырқалды.

 

28 сәуірде университеттің үлкен акт 

залында педагогика ғылымдарының док­

торы,  профессор  Қазына  аймағамбет­

қызының  75  жылдық  меретойына 

арналған «ұрпақ зердесіне ізгілік ұялатқан 

ұстаз»  тақырыбында  салтанатты  кеш 

өтті.  кешті  құттықтау  сөзбен  ашқан  уни­

верситет  ректоры  д.нөкетаева  Қыздар 

университетінде  ұзақ  жыл  қызмет  ет­

кен  Қазына  аймағамбетқызының  білім 

ордасының  ғылыми  әлеуетін  көтерудегі 

еңбегіне  тоқталды.  салтанатты  жиын­

да  профессор  Қазына  аймағамбетқызы 

атындағы дәрісхана ашылды.

 

27 сәуір күні профессор, компози­

тор  Өмірбек  Байділдаевтің  туылғанына 

80  жыл  толуына  арналған  «Өмірбектің 

өлмес  мұрасы»  атты  еске  алу  кеші  өтті. 

кешті факультет деканы г.Өмірбаева ашып,  

музыкалық  білім  берудің  теориясы  мен 

әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, про­

фессор т.Қоңыратбай «Қазақ музыкасының 

майталманы» тақырыбында баяндама жа­

сады. онда Ө.Байділдаевтың халық компо­

зиторлары мұраларын зерттеудегі өлшеусіз 

ізденісі,  композиторлық  және  ұстаздық 

жолындағы еңбектерінің маңыздылығы ту­

ралы кеңінен сипатталды. кешке өнертану 

ғылымдарының  профессор­ғалымдары, 

композиторлар  с.күзембаева,  тен  Чу, 

Б.Баяхунов,  п.момынов  және  Қр  еңбек 

сіңірген қайраткері Ю.аравин қатысып, про­

фессор Ө.Байділдаев туралы естеліктерімен 

бөлісті. 

ҚысҚа­нұсҚа

(Басы 1-бетте)

Әр  өңірде  педагогтардың 

біліктілігін  арттыратын  ин­

теграцияланған  орталықтар 

жұмыс істеуі тиіс» ­ деп нақты 

тапсырма  берген  болатын. 

Қазірде  осы  мәселелер  рес­

публикалық  жоғары  және 

ар наулы  оқу  орындарында 

күн  тәртібіне  қойылып,  оны 

жүзеге  асыруға  байланысты 

шаралар  іске  асуда.  Осыған 

орай,  12  мамырда  Қыздар 

уни верситетінде  Қазақстан 

Республикасы  жоғары  оқу 

орындары  ректорлары  мен 

жауапты  қызметкерлерінің 

қатысуымен  «Педагогтың 

кәсіби  құзыреттілігі  мен  мәр­

тебесін көтеру – білім берудің 

стратегиялық  ресурсы»  та­

қырыбында  Республикалық 

оқу­әдістемелік  кеңестің 

кеңейтілген  мәжілісі  болып 

өтті.  Мәжіліске  Қазақ  мем­

лекеттік  қыздар  педагоги­

ка лық  университетінің  рек­

т о р ы   Н ө к е т а е в а   Д и н а р 

Жүсіпәліқызы, Абай атындағы 

Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университетінің  ректоры 

Пірәлиев  Серік  Жайлауұлы, 

Павлодар  мемлекеттік  педа­

гогикалық  институтының 

рек торы  Аршабеков  Нұрғали 

Ра хымғалиұлы,  Қостанай 

мемлекеттік  педагогикалық 

инс титутының  ректоры  Бай­

мырзаев Қуат Маратұлы және 

тағы басқа да еліміздің жоғары 

оқу орындарының басшылары 

мен 22 жоғары оқу орнынан ар­

Шахмат  ойынының  қай 

дәуірде  пайда  болғанына  бай­

ланысты  зерттеушілер  көптеген 

жорамал  айтады.  Кейбір  дерек­

тер  бойынша,  шахмат  ойыны  ең 

алғаш  біздің  дәуірімізге  дейінгі 

1000 жылдары Көне Үнді жерінде 

пайда  болған.  Алайда,  шахмат 

жазба  әдебиеттерде  тек  біздің 

заманымыздың 570 жылдары ғана 

айтылған. Сондықтан да, ғалым­

зерттеушілер  дәл  осы  мерзімді 

шахмат  дүниеге  келген  уақыт 

ретінде қарастырады. Ерте заман­

да  шахмат  дүниеге  келе  сала­ақ 

мәртебелі  ойындардың  санаты­

нан  табылған  және  ол  көптеген 

хан­патшалардың сүйікті ермегіне 

айналған. 

 Арада он ғасырдан аса уақыт 

өткенде,  шахматтың  осы  кезге 

дейін  қалыптасқан  классикалық 

жүйесіне  қазақтың  қарапайым 

өнертапқыш  азаматы  Азат 

Нұрдәулетұлы үлкен өзгеріс алып 

келді. «ҚазШах» атауын иеленген 

шахматтың жаңа түрін төрт адам 

бір  мезетте  ойнай  алады.  «Бұл 

жаңалықпен қазақты әлемге паш 

етуге болады» дейді «ҚазШахтың» 

авторы,  суретші­дизайнер  Азат 

Нұрдәулетұлы. 

 Әлемде баламасы жоқ «Қазақ 

шахматының» классикалық шах­

маттан  бірнеше  ерекшеліктері 

бар.  «ҚазШах»  әдеттегі  64  емес, 

қазақтың  кең  пейіліне  сай  128 

торлы тақтада жүреді. Пешкі солға 

және оңға, сондай­ақ, кері бағытта 

да  қозғала  алады.  Бұл  «кезіндегі 

сақтардың  кері  шегіне  отырып, 

қарсыласына  шабуыл  жасау 

әдісінің  ойын  тақтасына  көшуі» 

дейді ойын авторы. Ал басқа фи­

гуралар мен олардың жүріс ретінде 

еш  өзгеріс  жоқ.  Жүрістің  кезегі 

сағат  тілі  бағытымен  айналады. 

Төрт кісілік шахматты екі­екіден 

жұптасып немесе жеке­дара да ой­

науға  болады.  Мықты  болсаңыз, 

бұл сіздің бір емес, үш қарсылас ты 

да жеңуіңіз керек деген сөз. Мұ ның 

өзі ойында сіздің көбірек ойла нып, 

ин теллектуалдық  кемел денуіңіз­

ге  жол  ашары  анық.  Қазірде  бұл 

ойынға қызығушылардың қа тары 

күн сайын артып келеді.

Бүгінде  әлемге  ұлттық  ойлау 

жүйемізді  паш  ететін  «ҚазШах­

тың»  танымалдығын  арттыруға, 

жастардың  әлеуетін  дамытуға 

Қыздар университетінің ректоры 

Динар Жүсіпәліқызы да барынша 

назар аударып отыр. Ол 24 мамыр­

да өткен ашық біріншілікте айқын 

аңғарылды. Жарысты Олимпиа да 

чемпионы Ермахан Ыбырайымов 

ашып,  жастардың  жігерін  жани­

тын отты пікірлерін ортаға таста­

ды.


Алматы қаласының 14 жоғары, 

8 колледж, 3 лицей шәкірттерінен 

тұратын  топтар  қатысқан  жарыс 

қорытындысы  бойынша,  жал­

пы  командалық  есеппен  бірінші 

орынды Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті жеңіп 

алды.  Одан  кейінгі  орындарды 

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық 

техникалық  университеті  мен 

С.Асфендияров  атындағы  Қазақ 

ұлттық медициналық университеті 

командалары иеленді.

Төртжақты  тарап  бір  сәтте 

ойнайтын  додаға  Қазақ  шах­

маты  ойындарының  авторы 

Азат  Байсеркеев  пен  жарыс­

ты  ұйымдастырушы  «Дене  шы­

нықтыру  және  валеология» 

ка федрасының  меңгерушісі 

Сәдуақас  Шыңғысбаев  қазылық 

етті.  «ХХІ  ғасыр  ойыны»  сана­

латын  «ҚазШах»  жеңімпаздары 

бәсеке  қорытындысында  мақтау 

қағаздарымен  және  бағалы 

сыйлықтармен марапатталды.



Өз тілшімізден

Құт


ты

Қтаймыз!!!



2012 жылдың 24 мамыр күні Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінде ректор Динар Жүсіпәліқызының 

тікелей мұрындық болуымен қазақ шахматы «ҚазШах» ойынынан 

Алматы жоғары және орта білім ордалары студент қыздарынан 

құралған командалар арасында ашық біріншілік болып өтті. 

Тартысты өткен бәсекелі додада Қыздар университетінің қыздары 

топ жарып үздік шықты.

найы өкілдер қатысты. Соны­

мен қатар, кең ауқымда өткен 

кеңейтілген мәжіліске Павло­

дар  мемлекеттік  педагогика­

лық  институты,  М.Әуезов 

атындағы  Оңтүстік  Қазақстан 

мемлекеттік  университеті, 

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды 

мемлекеттік  университеті 

секілді көптеген университет­

тер  он­лайн  жүйесі  арқылы 

тікелей қатысып отырды. 

П л е н а р л ы қ   м ә ж і л і с т е 

Қыздар  университетінің  рек­

торы  Д.Нөкетаева  «Педагог 

мәртебесі мен кәсіби біліктілігі 

деңгейін көтеру – заманауи бі­

лім берудің стратегиялық құ ра­

лы» атты баяндама жасап, ұлт 

тәрбиешілері болып табы латын 

педагог  мамандарды  да йын­

дауға  қажетті  қадамдар  тура­

лы жеткізді. Бүгінде еліміздегі 

көшбасшы  оқу  орны  болып 

табылатын, 68 жылдық тарихы 

бар Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті – 

тәуелсіз мемлекетіміздің кәсіби 

біліктілігі  жоғары,  сапалы  әрі 

заманауи біліммен қамтамасыз 

етілген  педагог  мамандарын 

даярлауда  үлкен  жетістіктерге 

жетіп отырған оқу орны. Осыған 

қатысты ректор баяндамасын­

да  Қыздар  университетінде 

жүзеге  асырылып  жатқан 

жаңалықтар  тәжірибе  ретінде 

мысалға  алынып,  заманауи 

білім  берудің  стратегиялық 

құралы  болып  отырған  сапа­

лы, білімді, бәсекеге қабілетті, 

кәсіби құзіретті маман даярлау 

мәселелері  кеңінен  айтылды. 

Қыздар университетінде жаса­

лып жатқан реформалар бұдан 

кейін  де  жасалған  біліктілікті 

ж е т і л д і р у   о р т а л ы ғ ы н ы ң 

меңгерушісі  С.Акишеваның 

«Инновационные  образова­

тельные  программы  повыше­

ния квалификации в условиях 

модернизации  образования» 

атты баяндамасында одан ары 

бедерлене түсті. 

Бұдан  өзге  Елбасының 

Жолдауда  айтылған  тапсыр­

маларын  орындау  мен  пе­

дагог  мамандардың  сапа­

сын  арттыру  жөнінде  Абай 

атындағы  ҚазҰПУ  ректоры 

С.Пірәлиев  «Абай  атындағы 

Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университетінде  педагоги­

калық  кадрлардың  кәсіби 

құзы реттілігін жоғарылатудың 

тәжірибесі  мен  даму  болаша­

ғы», Павлодар мемлекеттік пе­

дагогикалық  институтының 

ректоры  Н.Аршабеков  «Куль­

турно­образовательная  среда 

как  фактор  развития  профес­

сиональных  компетенций  и 

повышения  статуса  педаго­

га»,  Семей  мемлекеттік  педа­

гогикалық  институтының 

педа гогика  кафедрасының 

меңгерушісі А.Едігенова «Бола­

шақ  педагог  мамандардың 

білік тілігін  жетілдіру  шартта­

ры»  тақырыптарында  баянда­

малар жасады.

Республикалық  мәжілісте 

бүгінгі ұстаздық қызметке бай­

ланысты  мәселелер  түгелдей 

дерлік қамтылды деуге болады. 

Жиынның жалпы отырысынан 

кейін  секциялық  жұмыстар 

Қыздар университетінің бі рін­

ші  проректоры  Н.Алдабектің 

же текшілігімен  одан  әрі 

жалғасты.



Г.БЕКТАСОВА

Педагог мәртебесі –

стратегиялық мақсат

Қыздар университеті тағы да алда


3

3

ҚазаҚ мемлекеттік Қыздар педагогикалыҚ университеті



№3 (92)

31 мамыр,

2012 жыл

Қ а Б і л е т т і л і к



(Басы 1-бетте)

Е

гер  мұны  асыра  сілтеушілік 



деп  ұғын саңыз,  ғалым  ежелгі 

египет тіктер  «үй»,  «қала»  және 

«ана» ұғымдары бірдей иероглифпен бел­

гіленгендігін алға тартады. Мэмфорд өзінің 

«The City in History» атты ең бе гінде қала­

ның шығуын, өркениеттің дамуын әйелдің 

тұлғалығымен байланыстырады. Әлем дік 

деңгейде ХҮІІІ ғасыр галант ғасыры сана­

латын, тарихта әйелдің әсемдігі мәдени фе­

номен ретінде қалыптасқан кезеңге де осы 

уақыт жатқызылады. Осы тұрғыдан қазақ 

хал қының арғы бабаларының прототүркі­

лік санасындағы, мифологиялық және алғы 

мәдениеттанушылық  дүниетанымын да­

ғы әйел бейнесін зерттеуші Г. Қоңырбаева 

Үркер,  Жетіқарақшы,  Бикеш,  Шол пан 

туралы  космогониялық  аңыздар  арқылы 

және  «Күн  астындағы  Күнекей  қыз», 

«Ай астындағы Айбарша», «Бақыт құсы», 

«Алтын  балық»,  «Жеті  өнерпаз»  секілді 

ертегілер,  Аспан  мен  Жер,  Тәңірі  мен 

Ұмай секілді діни­мифологиялық жұптар 

арқылы ашуға мән береді. Бұл тұрғыда ген­

дер  мәселесін  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінде  және 

халқымыздың  мәдени­философиялық 

дүниетанымы  шеңберінде  қарастырудың 

мәні  зор.  Себебі  әйел  мен  ер  азаматтың 

қоғамдық  рөлі  туралы  стереотиптер 

ұрпақтан­ұрпаққа  дәстүр  бойынша 

берілетін түсініктер негізінде қалыптасады. 

Бұл стереотиптердің ХХІ ғасырда оңтайлы 

негізде  дамуы  қоғамдағы  саяси,  мәдени, 

әлеуметтік процестерге тығыз байланысты 

болады.

Үстіміздегі  жылдың  18  мамырын­



да  университетіміздің  қабырғасында 

«Қоғамды  әлеуметтік  модернизациялау­

дың гендерлік аспектілері» атты халықара­

лық  ғылыми­тәжірибелік  конференция 

өткізілді.  Аталмыш  конференцияның 

жоғары  деңгейде  өткендігі  туралы  зия­

лы  қауым  өкілдері,  бұқаралық  ақпарат 

құралдары таратып жатты. Өз кезегімізде 

қазіргі  қоғамдағы  әйел  мен  ердің  орны 

туралы  түсініктер  мен  құндылықтар, 

осымен  байланысты  стереотиптер  мен 

әлеуметтік  үрдістер  мәселесіне  арналған 

алқалы  жиынды  кеңінен  сипаттауға  бел 

будық.  Конференцияның  ауқымдылығы 

мен  биік  дәрежесі  Қазақстан  Республи­

касы Президентінің жанындағы Әйелдер 

істері  және  отбасылық­демографиялық 

саясат  жөніндегі  Ұлттық  комиссия­

мен,  халықаралық  ЕҚЫҰ,  ЮНИФЕМ 

ұйымдарымен бірлесіп өткізуінен көрінді. 

Сонымен қатар халықаралық мазмұндағы 

конференция  болғандықтан  оның  жұ­

мысына  ЕҚЫҰ  гендерлік  мәселелер 

жөніндегі  аға  кеңесшісі  Мирослава  Бэ­

хем,  Иран  Ислам  Республикасы  ғылым, 

зерттеулер және технологиялар министрі­

нің  кеңесшісі,  «Ислам  әлемінің  ғалым 

әйелдері»  арнасының  басшысы  Тайебе 

Махрузадэ,  Мәскеу  қаласы  Федералды 

мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі 

әлеуметтік­саяси зерттеулер орталығының 

басшысы, саяси ғылымдарының докторы  

Надежда Шведова Александровна секілді 

осы  саланың  білгір  мамандары  және 

Литваның  Клайпедский  университетінің 

ғалымдары да өз үлестерін қосты. 

Аталмыш  конференцияны  Қазақстан 

Республикасы Президентінің жанындағы 

Әйелдер істері және отбасылық­демо гра­

фиялық саясат жөніндегі Ұлттық комис­

сиясының төрайымы, Қазақстан Рес пуб­

ликасы  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік 

қорғау  министрі  Гүлшара  Әбдіхалықова 

Наушақызы ашты. Ол өз сөзінде қоғамның 

дамуы үшін осындай маңызды тақырып­

та  үлкен  іс­шараны  ұйымдастырып 

отырған  университетіміздің  ұжымына, 

ректорымыз  Динар  Жүсіпәліқызы­

на  ризашылығын  білдірді.  Сондай­ақ, 

елімізде  көшбасшы  әйелдер  мектебі 

жұмысын  жандандыратындығын  атап 

өтті. Өз кезегінде Әйел саясаттанушылар 

клубы  көшбасшы  әйелдерді  мемлекеттік 

және  қоғамдық  қызметтерге  тартумен 

айналысатындығын айтты. Алдағы уақытта 

ана мен баланы қорғау мәселесіне арналған 

ауқымды  республикалық  конференция 

өткізу жоспарымен бөлісті. 

Сондай­ақ,  конференция  жұмысына, 

Қазақстан  іскер  әйелдер  Ассоциациясы 

президенті, әлеуметтік ғылымдар докторы 

Раушан Сәрсембаева Біргебайқызы, БҰҰ 

«Әйелдің субъект ретінде рәміздік бейнесін 

қалыптастыру мәселесі: гендерлік зерттеу­

лер», Б.Базылованың «Проблемы гендер­

ной поэтики в современном литературо­

ведении», А.Қожабекованың «Қазақстан 

Республикасы  мемлекеттік  емес  ұйым­

дарының  әйелдер  саласы  дамуының 

ағымдағы  жағдайы»,  Ғ.Қайдауылқызы­

ның  «Әйел  тағдыры  –  әлем  тағдыры», 

М.Әмірованың  «Отбасындағы  гендерлік 

тәрбиедегі әкенің рөлі» атты мақалалары 

конференция тақырыбын кеңінен ашуға 

үлес қосты. 

Мәдениеттер  сұхбаты  аясындағы 

Қазақстан  жағдайында  гендер  мәселесін 

қарастырудың өзекті тұстары бар. Ең бас­

ты мәселе, Қазақстанның Еуразияда ор­

наласуына  қатысты.  Бұл  орайда  Еуропа 

мен  Азияның  саяси­мәдени  ықпалына 

Қазақстан  көбірек  ұшырайтындығынан, 

гендер мәселесінде ұлттық бірегейлігімізді 

сақтау  үшін  қазақ  халқының  дәстүрлі 

құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің 

қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер 

жүйесінің  эволюциясын,  гендерлік 

қатынастарға  қатысты  халықтың  ұлттық 

ерекшеліктерін ескеру маңызды болып та­

былады.


Елімізде  қазақ  әйелдерінің  құқық­

тарын  қорғайтын  құжаттарға  тоқталсақ, 

Қазақстан  Республикасының  Кон­

ституциясы  жыныс  мотиві  бойынша 

дискриминацияға тиым салады. Қазақстан 

1981  жылы  ЮНЕСКО­ның  «Әйелдерге 

қатысты дискриминацияның барлық фор­

маларына жол бермеу жайлы конвенция­

сына» қол қойды, ал 1998 жылы Қазақстан 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  әйелдерге 

қатысты дикриминацияның барлық фор­

маларын  тоқтату  жайлы  конвенциясына 

қосылған  болатын.  Осы  орайда  елімізде 

бірқатар Заңдар қабылданды. 

Конференцияда  «Гендерлік  стратегия 

және гендерлік теңдіктің ұлттық механизмі», 

«Гендерлік  саясат  –  қорытындылар  мен 

әлемдік  тәжірибе»,  «Гендерлік  білім: 

әлеуметтену  және  мәдени  құндылықтар», 

«Гендер және ақпараттық коммуникациялық 

технологиялар»  деп  аталатын  секциялар 

жұмыс жасады. Бір айта кетерлігі, екі күнге 

созылған конференцияға қатысушылармен 

тығыз  қарым­қатынаста  болған  ресейлік 

профессор Надежда Шведова ханым дәріс 

оқумен қоса, әр түрлі мазмұндағы топтық 

талқылауларды,  пікірталастарды  өте 

қызықты өткізді. Әсіресе, Ресейдегі ана ка­

питалын қалыптастыруға қатысты ұтымды 

пікірі,  сондай­ақ  үкіметтің  гендерлік 

теңдікке көзқарасы мен беделін өзге елдер­

мен  салыстыра  отырып,  қатысушыларды 

еркін  әңгімеге  тартуы,  олардың  пікірімен 

санасуы, сұрақ­жауап түрінде жүргізу тәсілі 

тыңдарман  тарапынан  қызығушылық 

туғызды.


Әрине мемлекеттік саясат тұрғысынан 

маңызды саналатын бұл конференцияның 

сәтті  өтуі  университет  басшысы  Динар 

Нөкетаеваның  осы  саладағы  абыройы 

мен  беделін  көрсетсе  керек.  Өйткені, 

Парламент қабырғасында мәжіліс депута­

ты, Әлеуметтік­мәдени даму комитетінің 

төрайымы  ретінде  «Әйелдер  мен  еркек­

тердің  тең  құқықтары  және  бірдей 

мүмкіндіктері  туралы»  Қазақстан  Рес­

публикасы  Заңының  және  «Неке  (ерлі­

зайыптылық)  және  отбасы  туралы»  ҚР 

Кодекстің  жобасы  бойынша  құрылған 

жұмыс топтарының жетекшісі болғандығы 

баршамызға белгілі.

Қорыта  келе,  гендер  мәселесіне 

қатысты  түйінді  пікір  халқымыздың 

мифологиялық, діни және философиялық 

дүниетанымымен  сабақтасуы  қажет  деп 

білеміз. 



Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2012
pdf -> Дөңгелек үстел Тағылымды әңгіменің арқауы
pdf -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Ұлытау сұхбатының берері мол
pdf -> Түлектер қауымдасты­ ғының кезекті жиыны
2012 -> Тарихи тұлға ұлықталды
2012 -> Елбасы саясатының жеңісі – Тәуелсіз Қазақстанның жемісі
2012 -> 4-бетте 6-бетте 7-бетте
2012 -> Парасат мектебінің ұлағатты ұстазы Тілдер күні мерекесі аталып өтті
2012 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

жүктеу 396.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет