Ресей империясы қҰрамы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/14
Дата06.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
 

150
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Жоғарыда  келтірілген  зерттеулерден,  Ресей  империясының  бір  бөлігіне 
айналған  Дала  және  Түркістан  өлкелерінің  онымен  тығыз  экономикалық 
байланысқа  тартылуы  аймақтың  болашақ  дамуына  ықпал  еткен  деген 
қорытынды  жасауға  болады.  Бұл  өлкедегі  жер  қойнауының  зерттелуіне, 
кәсіпорын,  темір  жол  магистральдарының  құрылысына,  білім  беру,  ғылым, 
мәдениет, сауда және тұрғындар өмірінің өзге салаларына қатысты болды. Тіпті 
өлкенің  ресей  революционерлері  мен  демократтарының  саяси  тұтқын  ретінде 
жазаларын  өтеу  үшін  жер  аудару  орындары  ретінде  пайдаланылуы  аймақты 
саяси  тұрғыда  дамытқан,  өйткені  олармен  бірге  еркін  ойлау,  билік  етуші 
режимге қарсы адам мен жеке тұлғаның құқықтары және бостандықтары үшін 
күрес  идеялары  келеді.  Осыған  байланысты,  Қазақстанның  тәуелсіздігін 
жоғалтуы  және  оның  Ресей  империясының  отарына  айналуы  қазақ 
қоғамындағы  күштердің  жетілген  және  өзінің  егеменділігі  мен  тәуелсіздігін 
қалпына келтіру үшін  қуат көзі жинақталып ұзаққа созылған, қайғылы тарихи 
процесс болып табылды деп айтуға болады.   
Бірқатар  жеңілістер  нәтижесінде  Польша  өзінінің  аумағының  Ресей, 
Пруссия және Австрия арасында 4 рет бөлініске ұшырауын басынан өткереді, 
алайда өздерінің құқықтық жағдайымен келіскілері келмеген олар бірқатар ірі 
көтерілістер ұйымдастырады, солардың соңғысы 1863 жылы болады. 
Көтерілістердің  ресей  билігімен  қатал  түрде  басылуы,  дәстүрлі  өзін-өзі 
басқару  институттарының  жойылуы,  отарлау  билігі  тарапынан  болған 
репрессиялар поляк халқының өздерінің мемлекеттік тәуелсіздіктерін қалпына 
келтірудегі  ниеттерін  жасыта  алмады.  Тек  самодержавиялық  режимнің 
құлауымен осы мүмкіндік қайта пайда болған. 
Тәуелсіздік  жолында  батырлары  құрбан  болған  қанды  оқиғаларға  толы 
поляк халқы мен мемлекетінің тарихы Қазақ мемлекетінің тарихына өте ұқсас. 
Патшалықтың  Польша  мен  Қазақстанда  жүргізген  отарлау  саясаты,  ондағы 
халықтардың  біртіндеп  ассимиляциялануы  және  орыстандырылуы,  ұлттық 
мәдениеттің,  дәстүр  мен  тілдің  басылуы  болашақтағы  ұлттық  мемлекеттілікті 
қалпына  келтірудегі  күрестердің  негізіне  айналған  ұлттық  сана-сезімді 
нығайтып, біздің қоғамымызды «бекіте» түскен.  
Көп  жылдарға  созылған  күрес  кезеңінде  ұлттық  мемлекеттілік  туралы 
идеялар поляк және қазақ халықтарының жалпы мақсаты ретінде олардың саяси 
көшбасшылары  мен  беделді  ойшылдарының  санасында  пісіп  жетіледі. 
Партиялар  мен  қозғалыстардың  елдің  болашақ  дамуы  туралы  идеялары 
олардың жобаларында және бағдарламаларында жүзеге асқан. Және сол кездері 
ұсынылған мемлекет құрылысының механизмі, демократиялық интитуттардың 
ұйымдастырылуы туралы саяси құрылымдар қазіргі Польша Республикасы мен 
егеменді Қазақстанның қалыптасуының негізіне айналды. 
Ресейдегі  1917  жылғы  ақпан  төңкерісі  барлық  соғысушы  тараптардың 
жоспарларына күрделі өзгерістер енгізді. Патшалық құлап, оның орнына жаңа 
Поляк мемлекеті дүниеге келе бастайды. Польша үшін Петроградтық жұмысшы 

151
 
 
және  әскери  депутаттар  Кеңесінің  1917  жылдың  27  наурызындағы  «Поляк 
халқына»  деп  аталған  үндеуі  тарихи  мағызға  ие  болды.  Бұл  құжатта  Польша 
өзін тәуелсіз мемлекет деп санауына болатыны жарияланды, ал кеңес билігінің 
келуімен Ресейде 1918 жылдың 29 тамызында Польшаны бөлу жөніндегі Ресей 
империясымен  жасаған  келісімнен  бас  тарту  туралы  Декларация  жарияланған 
болатын.  Кеңестік  Ресейдің  Польша  тәуелсіздігін  мойындауы  әлем 
қауымдастығы  тарапынан  жылы  қабылданады,  мысалы,  1918  жылдың 
қаңтарында  Америка,  осы  жылдың  5-қаңтарында  бұл  идеяны  Британия 
қолдайды,  олардың  соңынан  Франция  және  Италия  үкіметтері  пікірлерін 
білдірді.  Австро-Венгрия  мен  Германия  талқандалған  соң  олардың  биліктері 
поляк  әскери  күштерінің  қолбасшысы  Юзеф  Пилсудскиге  беріледі  [211].  Бұл 
тарихи кезең Польша үшін, әсіресе Ю.Пилсудский үшін маңызы зор оқиғаларға 
толы  болатын.  І  Дүниежүзілік  соғыс  аяқталғанымен,  жеңген  және  жеңілген 
тараптар  арсында  шекара  бөлісі  әлі  жүріп  жатқан.  Польша  мен  Ресей 
арасындағы  шекаралас  аумақтарда  мүдделері  болған  әр  тарап  өздерінің 
келісімдерін  бірнеше  мәрте  бұзуы  орын  алады.  Мысалы,  ІІ  Реч  Посполитаны 
құру  ұранымен  бірқатар  поляк  қайраткерлері  Прибалитка,  Белоруссия  және 
Украина аумақтарын күшпен қосып ала бастаған. Осындай ірі кампаниялардың 
бірі  кеңес  әскерлері  Польша  аумағына  жақын  қалғанда,  тек  Антанта  елдері  – 
АҚШ,  Англия  және  Франция  елдерінің  қысымы,  және  большевиктердің 
бірқатар  әскери  сәтсіздіктерге  ұшырауы  оларды  бұрынғы  шекараларына 
қайтуына мәжбүрлейді. 
Қазақстан халқы патша билігінің езгісінен кейін, қысқа мерзім аралығында 
өздерінің  демократиялық  мемлекетін  құруға  мүмкіндіктері  болмағандықтан, 
кеңестік  автономия  түріндегі  ұлттық  мемлекеттілігін  қабылдауға  мәжбүр 
болған.  Алайда,  пролетарлық  мемлекет  ұрандары нақты  өмірде  шынайылыққа 
сай  келмей  жатты.  Кеңестер  қысымымен  жүздеген  мың  отандастарымыздың 
өмірлерін  қиған  зорлықпен  отырықшылық  және  ұжымдастыру  шаралары 
жүргізілді.  Жаңа  тәртіпке  қатысты  кез-келген  қарсылық  білдірулер  Қызыл 
Әскер тарапынан қатаң басылып отырды. 
30-жылдары  КСРО-ны  болып  жатқан  оқиғаларға  өздерінің  пікірлерін 
білдірген  қазақ  этносының  үздік  өкілдері  –  ғалымдар,  шығармашылық 
жұмысшылары,  еңбек  адамдары  душар  болған  репрессия  толқыны  қайта 
жайлайды. 
Соғыстан  кейінгі  Польша  Қазақстанға  қарағанда  өзінің  жоғалтқан 
дербестігін  жылдам  қалпына  келтіре  бастайды,  бірақ  бұл  процесс  қысқа 
мерзімді  болып  шықты,  өзінің  тәуелсіздігі  мен  демократиялық  институттарын 
қалпына келтіре отырып польша басшылығы ішкі және ірі сыртқы мәселелерге 
тап  болады.  Екі  ірі  державалар  КСРО  мен  Германияның  бітпейтін  менмендігі 
Польшаға өздерінің ұлттық мемлекеттілігінің сан ғасырлық дәстүрлерін толық 
қайтарып,  мемлекеттік  басқару  және  экономиканы  қалпына  келтіруге  уақыт 
бермеді, өйткені олар ІІ Дүниежүзілік соғысқа дайындалуға мәжбүр болады. 
Ақыр соңында, Польша 1939 жылы екі елдің тек оның аумағы ғана емес, 
сонымен  бірге  тұрғындары  да  бөлінген  әскери  олжаға  айналды.  Екі  режим 

152
 
 
тарапынан  жүзеге  асырылған  департация,  жаппай  репрессия  поляк  халқының 
рухын жасыта алмады. Олар, өздерінің жерлерінде партизандық отрядта, кеңес 
жағындағы Поляк әскерлерінің қатарында нацистермен соғыса жүріп жүздеген 
мың  құрбандықтың  босқа  кетпейтінін  білген.  Соғыстан  кейін  Польша  өзінің 
ұлттық  мемлекеттілігін  сақтап  қалуы  үшін  кеңестік  билікті  қабылдауға  және 
халықтық демократия нысанындағы мемлекет құруға мәжбүр болады.  
Соғыстан  кейінгі  Польшада  ПБЖП  –  Поляк  біріккен  жұмысшылар 
партиясы мемлекет басына келеді.  Поляк  саяси және экономикалық жүйесінің 
дамуы  кейбір  демократиялық  ерекшеліктері  болғаны  болмаса,  негізінен  Кеңес 
мемлекетінің  үлгісімен  жүргізілді.  Осы  уақыттан  бастап  ол  жоспарлы 
экономкаға көшіп, барлық ірі мемлекеттік сұрақтар Орталық – Мәскеу арқылы 
шешіліп  отырды.  КОКП-нің  ХХ  съезінен  кейін  Польшада  да  көптеген  саяси 
қайраткерлер  ақталып,  сталиндік  репрессияларға  қатысы  бар  тұлғалар 
мемлекеттік лауазымдарынан алынып, жауапкершілікке тартылған болатын. 20-
жүзжылдықтың  50-шы  жылдары  Польша  экономикасы  құлдырап,  баға  өседі, 
мұнымен бірге халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп кетеді. Оқиғаның алдын 
ала,  «хрущев»  жылымығы  жылдарының  поляк  халқына  дербестік  әкелмегенін 
айта кету керек. Тек, 80-жылдары М.Горбачев басқаруының тұсында КСРО-да 
және Варшава келісім шарты елдеріндегі режимнің ырықтануына үміт қалмаған 
кезде оппозициялық қозғалыстар белсенділене бастап, ереуілдер көбейе түседі, 
саяси  сахынаға  елдегі  және  әлемдік  қауымдастықтағы  өзгерістерден  белгі 
берген «Солидарность» сияқты жаңа саяси күштер шығады. 
Егер  50-жылдарға,  Сталиннің  қайтыс  болуы  және  жеке  басқа 
табынушылық  әшкереленген  кезеңге  оралсақ,  КСРО-да  репрессия  уақытында 
диктатордың  қолындағы  жазалаушы  қару  болған  құқыққорғау  мекемелері 
біртіндеп  реформалана  бастайды.  Сондықтан,  біз  милиция  органы  және 
мемлекеттік  қауіпсіздік  Министрлігіндегі  өзгерістердің  көп  болғанын  көреміз. 
Олар  таратылып,  ІІХК  штаты  азайтылған  болатын,  кейбір  қылмыстық  істер 
бойынша  тергеу  және  анықтау  функциялары  алынып  ІІМ,  МҚМ  және 
прокуратура араларында бөлінеді.  
1960  жылы  Жалпыодақтық  ішкі  істер  Министрлігі  таратылады,  оның 
функциялары  одақтас  республикаларға  беріледі,  кеңес  адамдары  жүргізіліп 
жатқан реформаларға сенуі үшін ІІМ – Ішкі істер министрлігінің атауы ҚТСМ – 
Қоғамдық тәртіпті қорғау Министрлігі болып өзгертіледі. 
Сонымен бірге прокуратураның өкілеттігі ІІМ – не қарағанда кеңейтілген 
болатын.  Бас  хатшы  Н.С.  Хрущевтың  пікірінше,  қоғам  қылмыстылықпен 
күресте басты күшке айналуы керек, өйткені КСРО-дағы қылмыстылық жоғары 
коммунистік  идеалдарға  ие  қоғамға  тән  құбылыс  емес,  ол  капиталистік  және 
буржуазды  мемлекеттердің  жұғындысы  болып  табылады.  Сол  себепті,  елде 
міндеті  қоғамдық-құқықтық  тәртіпті  қадағалау  болып  табылтын  бұқаралық 
ұйымдар  –  үй  комитеті,  халық  дружиналары,  серіктес  соттар  пайда  болды. 
Серіктес  соттар  сот  органдарын  ұсақ  азаматтық  және  қылмыстық  істерден 
босатуға көмектесті. 

153
 
 
Хрушевтың  қоғамның  өзін-өзі  басқаруы  және  жағымсыз  құбылыстармен 
күресудегі  қоғамдық  сана  күшіндегі  «сау»  идеясының  келешегі  бар  болатын, 
алайда, 
соғыс 
аяқталған 
соң 
елде 
бірнеше 
мәрте 
жүргізілген 
рақымшылықтардан  кейінгі  криминогендік  жағдайлар  кері  нәтижеге  алып 
келді. Бас хатшы Н.Хрущев ішкі істер органдарын қанша жерден төмендеткісі 
келсе  де,  олардың  білікті  мамандарынсыз  және  қылмыстылықпен  күрес 
жүргізудің  тәжірибелерінсіз  қоғамдық  тәртіпті  реттеу  мүмкін  емес  болатын. 
Сондықтан,  ол  қызметтен  кетісімен  ІІМ-нің  барлық  өкілеттіктері  қалпына 
келтіріледі. 
Кеңес  мемлекеті  прокуратура  мен  соттың  материалдық  қамтамасыз 
етілуіне,  оларды  дайындау  жүйесіне  назар  аудара  бастайды,  алайда,  олар 
бұрынғыдай партия және жергілікті билік органдарына бағынышты болып қала 
береді.  Тіпті  билік  басына  Михаил  Горбачев  келіп,  елде  жариялылық  пен 
демократия  қағидалары  жарияланса  да  сот  дербес  мекеме  бола  алмады,  ол 
мемлекеттің  атқарушы  құрылымдарының  толық  бақылауында  болады. 
Дегенмен,  Горбачев  бастаған  реформалар  жүзеге  асырылуына  шамалы  қалған 
Қазақстан Республикасындағы болашақ демократиялық өзгерістер үшін жақсы 
негіз  қалады.  Қазақстан  1465  жылдан  басталатын  өзінің  ұлттық 
мемлекеттілігінің  қалыптасуының  ауыр  тарихи  жолын  жүріп  өткенін  атап  өту 
керек.  Қазақстан  Республикасының  1991  жылы  егеменділік  пен  тәуелсіздікке 
қол  жеткізуі  үшін  халықтың  зор  жігер  күші,  жоңғарламен  жүргізген  қанды 
соғыс  және  патшаның  отарлау  саясатына  қарсы  көтерілістер,  сталиндік 
репрессиялар  мен  ауылшаруашылығында  кеңес  билігі  жүргізген  тәжірибелер 
кезеңіндегі біздің отандастарымыздың миллиондаған құрбандығы қажет болды. 
Қазақстан  тәуелсіздігінің  жиырма  бесжылдығында  біз  өткеннің  сабақтарын 
ескердік,  Қазақстанның  ұлттық  мемлекеттілігінің  қалыптасуында  үлкен  рөл 
ойнаған  біздің  тарихымыздың  қайғылы  беттерін  ұмытпадық  және  жадымызда 
ұстадық. 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  алған  сәттен  бастап  Үкімет  пен 
Президенттің  алдында  елдің  негізін  қалаушы  Заңдарын  қабылдау  бойынша, 
саяси  жүйенің  құрылымын  жасау,  демократиялық  Парламентті  қалыптастыру 
және  егемен  Қазақстанның  жүру  жолындағы  болашақ  стратегияларын  жасау 
бойынша ауқымды жұмыстар тұрды. 
Біздің  елдегі  президенттік  институт  Қазақстан  үшін  күрделі  саяси  және 
экономикалық  жағдайда  қалыптасып,  дамығандықтан  ерекше  тарихқа  ие. 
Мемлекет  басшысы  бастаған  демократиялық  реформаларды  кері  бұруға 
тырысқан 
деструктивті 
күштер 
көп 
болды, 
сондықтан 
Қазақстан 
Республикасындағы  ұлттық  мемлекеттіліктің  одан  ары  дамуын  және 
демократиялық  процесстердің  үздіксіздігін  қамтамасыз  етуде  президенттік 
басқару нысаны өзінің маңызды рөлін атқарды және атқаруда. 
Біздің егеменді мемлекетіміз құрылған сәттен бастап Президенттің соттық-
құқықтық реформаларға ерекше назар аударғанын айта кету керек. Сонау 1994 
жылдың 12 ақпанында Президент біздің мемлекетіміздегі қарқынды дамып келе 
жатқан 
соттық-құқықтық 
реформаларға 
негіз 
болған 
«Қазақстан 

154
 
 
Республикасындағы  құқықтық  реформаның  Мемлекеттік  бағдарламасы 
туралы»  Қаулыны  қабылдайды.  1995  жылы  қабылданған  «Қазақстан 
Республикасындағы 
соттар 
және 
судьялардың 
мәртебесi 
туралы»  
Конституциялық  заң  күшi  бар  Жарлығы  басталған  реформалардың  жалғасы 
болды.  
Парламент  Сенатының  депутаты  С.Б.  Ақылбайдың  мәліметтері  бойынша, 
Президентпен  1996  –  2005  жылдар  аралығында  құқықтық  реформаларға 
қатысты  147  Заң  жобалары  енгізілген.  Солардың  қатарында,  «Қазақстан 
Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі 
туралы»,  «Алқабилер туралы» және т.б. [201]. 
Мемлекет басшысы құқықтық реформаларды жүргізу үшін көп жұмыстар 
атқарып жатқанын атап өту керек. 2014-2016 жылдары елдің құқықтық жүйесін 
біршама  ізгіліктендірген  және  қазақстан  қоғамын  демократияландырған 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  Кодексі,  Қылмыстық-процестік, 
Еңбек, Азаматтық-процестік және басқаларының қабылданғаны жалпыға мәлім.  
Қазақстандық және польшалық Парламенттердің өкілеттіктерін салыстыра 
отырып  Қазақстанның  өкілді  мекемелерді  ұйымдастыруда  қарқынды  дамып 
келе жатқанын көреміз және нақты нәтижелер де жоқ емес. ҚР Президентінің 
мемлекет  өміріндегі  рөлі  біздің  Негізгі  заңдарымыз  –  Конституцияларымыз 
арасындағы  белгілі  бір  айырмашылықтарды  білдіреді,  әйтсе  де,  біз  жоғарыда 
олардың  көптеген  ережелерінің  ұқсастықтарының  куәсі  болдық.  Әрине  бұл 
түсінікті,  өйткені  қазақстандық  Конституция  біртіндеп  реформаланып,  яғни, 
Парламенттің  өкілеттіктерін  ұлғайта  отырып,  көзделген  мақсат  –  Қазақстанда 
парламенттік  республика  құруға  бет  алған  президенттік  басқару  нысанын 
бейнелейді.  Сондықтан  Қазақстан  мен  Польшаның  Президентері  және 
Парламенттерінің  арасындағы  өкілеттіктерінің  өзгеше  болуы  заңды,  және  де 
Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаевтың  өкілді  билікті  нығайтудағы  ұстанған 
қазақстандық бағыты тәжірибеде жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді, әрі 
оның табысты іске асуы үшін барлық негіз бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

155
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ 
 
1
 
Назарбаев  Н.А.  Қазақстан  -  2030  Барлық  Қазақстандықтардың  өсіп-
өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы  Ел  Президентінің  Қазақстан 
халқына Жолдауы // www.akorda.kz. 
2
 
 Конституционное  развитие  в  постсоциалистических  странах:  уроки  и 
возможности  для  Казахстана.  –  Астана:  Национальный  информационный 
ресурсный центр для НПО РК, 2007. – 297 с. 
3
 
История  КазССР  (с  древнейших  времен  до  наших  дней): в  5  т.  –  А-А.: 
Наука КазССР, 1979. – Т. 2. – 424 с. 
4
 
Ахметова  Н.С.,  Кожахметов  Г.З.  История  государства  и  права 
Республики  Казахстан  с  древнейших  времен  до  начала  ХХ  века.  –  Караганда: 
Изд-во КарГУ, 2001. – Ч. 1. – 334 с. 
5
 
Зиманов  С.З.  Политический  строй  Казахстана  первой  половины  XIX 
века и Букеевское ханство. – Алматы: Изд-во «Арыс», 2009. – 496 с. 
6
 
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячилетий. 
– А-А: Рауан, 1992. – 375 с. 
7
 
Сидихменов В.Я. Маньчжурские правители Китая. – М.: Наука: Главная 
редакция восточной литературы, 1985. – 301 с. 
8
 
Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз-демографияда: ғылыми басылым. - 
Алматы: Жеті-жарғы, 1999. - 263 б. 
9
 
Златкин  И.Я.  История  Джунгарского  ханства  (1635-1758).  –  М.:  Наука, 
1964. – 482 с. 
10
 
Сулейменов  Р.Б.,  Моисеев  В.А.  Из  истории  Казахстана  XVIII  века  (о 
внешней и внутренней политике Аблая). – А-А.: Наука, 1988. – 144 с. 
11
 
Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен) / под ред. 
А.С. Такенова. – Изд. 2-е. – А-А.: Қазақ университеті, 1993. – 304 с. 
12
 
История  государства  и  права  Казахской  ССР:  учеб.  пособие  для  студ. 
юрид.  фак.  вузов  /  под  общ.  ред.  С.С.  Сартаева.  -  А-А:  Мектеп,  1982  -  .  Ч.1.                   
- 182 с. 
13
 
Апполова  Н.Г.  Экономические  и  политические  связи  Казахстана  с 
Россией во второй половине XVIII – начале XIXв. – М.: Академия наук СССР, 
1960. – 456 с. 
14
 
Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. – М.: Академия 
наук СССР, 1957. – 342 с. 
15
 
Абдрахманова  Б.  История  Казахстана:  власть,  система  управления, 
территориальное устройство в XIX веке. – Астана: Полиграфия, 1998. – 137 с. 
16
 
Материалы по истории Казахской ССР, 1785-1828 гг.: научное издание. 
- Л.: Изд-во АН СССР. - 1940. - 543 с. 
17
 
Бекмаханов  Е.Б.  Восстание  хана  Кенесары  (1837-1847  гг.).  –  А-А.: 
Гылым, 1992. – 48 с. 
18
 
Артыкбаев  Ж.  Казахское  общество:  традиции  и  инновации.  – 
Караганда: Полиграфия, 1993. – 330 с. 

156
 
 
19
 
Валиханов  Ч.  Собрание  сочинений  в  пяти  томах.  –  Том  4.  –  А-А.: 
Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1985. – 462 с. 
20
 
Маисевич М.Г. Материалы по истории политического строя Казахстана 
– А-А.: Академия наук КазССР, 1960. – Т.1. - 441 с. 
21
 
Кожахметов  Г.З.,  Ботагарин  Р.Б.  Политика  царизма  по  углублению 
колонизации  Степных  областей  и  превращения  Казахстана  во  внутреннюю 
губернию  России  //  Сборник  международной  научной  конференции. – 
Благоевград, 2015. - С. 38-47. 
22
 
Врублевский А. Польша. – М.: Соцэкгиз, 1936. – 212 с. 
23
 
Краткая  история  Польши  (с  древних  времен  до  наших  дней).  –  М.: 
Наука, 1993. – 528 с. 
24
 
Бардах Ю., Леснодорский Б., Пиетрчак М. История государства и права 
Польши. – М.: Юридическая литература. – 559 с. 
25
 
Костомаров  Н.И.  Русская  история  в  жизнеописаниях  ее  главнейших 
деятелей. – М.: ЭКСМО, 2004. – 1024 с. 
26
 
Островер Л. Тадеуш Костюшко. Серия «Жизнь замечательных людей». 
– М.: Молодая гвардия, 1961. – 272 с. 
27
 
Берг  Н.В.  Записки  о  польских  заговорах  и  восстаниях.  –  М.:  Издание 
«Русского архива», 1873. – 382 с. 
28
 
Grynwaser H. Kodeks Napoleona w Polsce. Pisma. Wroclaw, Wydawnictwo 
Zakladu Narodowego imienia Ossolinskich. -  Wroclaw, 1951. - 240 s. 
29
 
Пресняков А.Е. Российские самодержцы. - М.: КНИГА, 1990. – 441 с. 
30
 
Семенникова  Л.И.  Россия  в  мировом  сообществе  цивилизаций.  –  Изд. 
4-е. – Брянск: Курсив, 2000. – 539 с. 
31
 
Милютин  Д.А.  Воспоминания.  1860-1862.  –  М.:  Редакция  альманаха 
«Российский архив», 1999. – 559 с. 
32
 
Зайончковский  П.А.  Отмена  крепостного  права  в  России.  Изд.  2-е 
перераб. и доп. – М.: Учпедгиз, 1960. – 368 с. 
33
 
История СССР.  XIX – начало XX в. / под ред. И.А. Федосова. – Изд.             
2-е, перераб. и доп. – М.: Высшая школа, 1987. – 542 с. 
34
 
Чистяков О.И. 
Российское 
законодательство 
Х-ХХ 
веков. 
Законодательство первой половины  XIX века. – М.: Юридическая литература, 
1988. – 431 с. 
35
 
Головачев  А.А.  Десять  лет  реформ.  1861-1871  гг.  –  СПб.:  Вестник 
Европы, 1872. – 400 с. 
36
 
Великая реформа. Русское общество и крестьянский вопрос в прошлом 
и настоящем: в 6 т. – М.: Типография товарищества И.Д. Сытина, 1911. – Т. 5. – 
311 с. 
37
 
Костюшко  И.И.  Прусская  аграрная  реформа.  К  проблеме  буржуазной 
аграрной эволюции прусского типа. – М.: Наука, 1989. – 264 с. 
38
 
Мархлевский  Ю.  Сочинения.  Очерки  истории  Польши:  в 7  т.  –  М.;Л.: 
Соцэкгиз, 1931. – Т. 6. – 320 с. 
39
 
Ревуненков  В.Г.  Польское  восстание  1863  года  и  европейская 
дипломатия. – Л.: Ленинградский университет, 1957. – 358 с. 

157
 
 
40
 
Бисмарк  О.  Мысли  и  воспоминания  /  пер.  с  нем.;  под  ред.  А.С. 
Ерусалимского. – М.: ОГИЗ: Соцэкгиз, 1940. – 336 с. 
41
 
Костюшко И.И. Крестьянская реформа 1864 года в Царстве Польском. 
– М.: Изд-во Академии наук СССР, 1962. – 494 с. 
42
 
Marchlewski J.B. Pisma wybrane, t.I, Wyd. Książka i Wiedza. -  Warszawa, 
1952. - 682 s. 
43
 
Кожахметов  Г.З.  Государственная  Дума  и  народы  Степного  края  в 
1905-1917 гг. – Караганда: Болашак - Баспа, 1999. – 130 с. 
44
 
Kozhakhmetov G.Z.,  Complak K., Botagarin R.B. Political and legal status 
of  the  Kingdom  of  Poland  during  the  colonial  period  //  Bulletin  of  the  Karaganda 
university - 2015. - № 4(80). - P. 21-32. 
45
 
Польша  на  путях  развития  и  утверждения  капитализма.  Конец  XVIII-
60-е годы XIX в. – М.: Наука, 1984. – 296 с. 
46
 
Zarnowska 
A. Klasa 
robotnicza  Królestwa  Polskiego 1870-1914. -
Warszawa: Państwowe Wydaw Naukowe, 1974. – 363 s. 
47
 
Наленч Д., Наленч Т. Юзеф Пилсудский – легенды и факты / пер. с пол. 
– М.: Политиздат, 1990. – 399 с. 
48
 
Кон  Ф.Я.  История  революционного  движения  в  России.  –  Харьков: 
Пролетарий, 1929. – 215 с. 

Каталог: files -> nauka
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Өскемен, 2016 Әож 94(574) (063)
nauka -> Бабатайұлыны шығармаларының тарихилығЫ
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Студенттердің Қазақ тілі сабақтарында сөздік қорын дамыту
nauka -> “3i: intellect, idea, innovation интеллект, идея, инновация”
nauka -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
nauka -> Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары
nauka -> Жанр постапокалиптики

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет