Ресей империясы қҰрамы


Құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы Президент билігі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/14
Дата06.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

3.2 Құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы Президент билігі 
Жаңа  құқықтық  мемлекетті  құру  үшін  қазақ  ұлттық  мемлекеттілігінің 
негізін  бекіткен  іргетасы  берік  Конституцияны  қабылдау  керек  болды.  Елдің 
негізгі  құжаты  көптеген  ұрпақ  жүзеге  асыруға  тырысқан  жоспарлар  мен 
жобалар үшін маңызды қадам болды. 
Қазақстан  Контитуциясының  жасалуы  күрделі  жолдардан  өтті.  С.З. 
Зиманов,  1992  жылдың  қазанынан  1993  жылдың  қаңтары  аралығында 
Конституциялық  комиссия  мүшелері  талқылауға  Негізгі  заң  Жобасының  4 
нұсқасын  ұсынғанын  айтады.  Конституциялық  комиссия  құрамына  белгілі 
ғалымдар  мен  мемлекет  қайраткерлері  кірген,  Н.А.Назарбаев  оның  төрағасы 
болған [193]. 
Елдегі  және  барлық  посткеңестік  кеңістіктегі  ахуал  тұрақсыз  болатын, 
осыған  байланысты  бағдарламалық  жобалардың  жүзеге  асырылуын 
қаматамасыз ете алатын күшті атқарушы билік керек болады [193, б.69]. Бұдан 
басқа, академик С.З. Зимановтың пікірі бойынша, Қазақстан Республикасының 
бірінші  Президентінің  алдында  экономикалық  реформаларды  іске  асырумен 
қатар, атқарушы биліктің барлық құрылымын өзгерту мен ұйымдастыру сияқты 
тарихи  маңызды  міндеттер  тұрды.  Және,  ең  бастысы,  өзі  жетекшілік  ететін 
тиімді жұмыс жасаушы үкіметті құру [193, б.87]. 
Егемен  Қазақстанның  1993  жылы  28  қаңтарда  қабылданған  бірінші 
Конституциясындағы  «Президент»  деп  аталатын  13  тараудағы  75  тен  83 
баптарында  ҚР  Президентінің  құқықтары  мен  өкілеттіктері  анықталған 
болатын.  Мемлекет  Басшысы  ретінде  ол  азаматтардың  құқықтары  мен 
бостандықтарының, Республика Конституциясы мен Заңдарының кепілі болып 
табылады.  
Президент  5  жыл  мерзімге  сайланды,  әлемде  қалыптасқан  тарихи  дәстүр 
бойынша  ол  лауазымға  кірісер  алдында  Жоғарғы  Кеңес,  яғни  Парламент 
алдында  ант  берді.  76-бапта  Президенттің  2  реттен  артық  сайлануға  құқығы 
жоқтығы  айтылды.  ҚР  бірінші  Конституциясының  айрықша  ерекшелігі  болып 
Президенттің атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаруы табылды. 78-бапқа 
сәйкес  мемлекет  Басшысы  қажет  болған  жағдайда  мемлекеттің  егеменділігін, 
азаматтардың  қауіпсіздігі  мен  аумақтың  бүтіндігін  қорғау  үшін  барлық 
шараларды қабылдай алды. 
78-баптың 3-тармағында мемлекет басшысының Премьер Министрді, оның 
орынбасарларын, және де сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік 
Министрлері  мен  Дипломатиялық  өкілдіктердің  Басшыларын  тек  Жоғарғы 
Кеңес  келісімімен  тағайындай  алатыны  атап  өтілген.  Және  де  Президент 
Министрлер  Кабинетіне  жалпы  жетекшілікті  жүзеге  асырады,  Премьер 
Министрдің ұсынысы бойынша Министрлер Кабинетінің құрамын  анықтайды, 
Министрліктер  мен  Мемлекеттік  комитеттерді  құрып,  таратады,  Министрлер 

131
 
 
Кабинетінің,  Министрліктердің  және  Ведомстволардың  Актілерін  тоқтатады 
немесе жояды. 
Президент Конституцияға сәйкес Республиканың Жоғарғы Кеңесі ұсынған 
Заңдарға  қол  қояды,  алайда  оған  өзінің  қарсылығын  білдіріп,  қайта  талқылау 
үшін 2 апта мерзім ішінде Парламентке кері қайтаруы мүмкін. Сонымен бірге, 
Жоғарғы  Кеңес  депутаттарының  жалпы  санының  2/3  көпшілік  дауысымен 
алдыңғы  қабылдаған  шешімін  нақтылауы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  Президент 
Заңға қол қояды. 
ҚР Президенті Польша сияқты дәстүрлі демократиялық өзге елдердегіндей 
азаматтарға  рақымшылық  жасауға  құқылы,  Заңға  сәйкес  азаматтылық 
сұқрақтарын  шешеді,  мемлекеттік  марпаттауларды  жүзеге  асырады,  жоғарғы 
дипломатиялық  және  әскери  атақтарды  береді.  Мысалы,  Польша 
Республикасының 
Президенті 
Конституция 
бойынша 
Мемлекеттік 
Трибуналмен  сотталған  тұлғалардан  басқа  азаматтарға  рақымшылық  жасайды 
(138 бап). 
ҚР  Конституциясының  78-бабының  11-тармағына  сәйкес  Қазақстан 
Президенті  Республика  Жоғарғы  Кеңесіне  Конституциялық  Соттың,  Жоғарғы 
Соттың,  Жоғарғы  Арбитраждық  Соттың  Төрағасы  мен  судъяларының,  Бас 
Прокурордың  және  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкі  Төрағасының 
үміткерліктерін ұсынады [193, б.287]. 
Ары  қарай,  осы  бапқа  сәйкес  Президент  Қазақстан  Республикасының 
Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады, оның жеке басына қол сұғылмайды 
(80 бап). 81 бапқа сәйкесҚР Вице-Президенті Президентпен бірге сайланып, ол 
болмаған кездері немесе Президенттің сырқаттанып қалуына байланысты өзінің 
тікелей  міндеттерін  жүзеге  асыруы  мүмкін  болмаған  жағдайда  оның 
өкілеттіктерін  атқарып,  орындайтын  болды.  Осындай  құқықтық  мүмкіндіктер, 
және  де  осы  сияқты  Президенттің  өзінің  тікелей  міндеттерін  жүзеге  асыруы 
мүмкін  болмаған  кезіндегідей  жағдайлар  ПР  Конституциясында  да 
қарастырылған.  Мұндай  жағдайлар  бола  қалған  жағдайда  Польша 
Президентінің  міндеттерін  жаңа  сайлауларға  дейін  Сейм  Маршалы  өзіне 
қабылдайды. 
Және де, 82 бапқа сәйкес Президент пен Вице Президент олардың ойлары 
бойынша  өкілеттіктерін  ары  қарай  жалғастыру  мүмкін  емес  деп  шешкен 
жағдайда отставкаға кете алды. Отставка Парламент депутаттарының 2/3 бөлігі 
дауыс берген кезде ғана қабылданды деп саналды.  
1993  жылғы  Конституцияның  14  тарауында  ерекше  орын  Министрлер 
Кабинетіне  берілгенін  айта  кету  керек.  84-бапта  Министрлер  Кабинеті 
Қазақстан  Республикасының  үкіметі  болып  табылады  және  мемлекеттік  билік 
ету сұрақтарын шешу үшін құрылған. Министрлер Кабинетіне кірген тұлғалар 
парламентарилер 
болып 
табылмайды, 
немесе 
билік 
органдарында, 
Республиканың қоғамдық бірлестіктерінде лауазымдық қызметтер атқару, және 
де кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған. 
Министрлер  Кабинетінің  қызметін  нақтылай  келе,  1993  жылғы 
Конституция  Министрлер  Кабинетінің  тек  Республика  Президентінің  алдында 

132
 
 
ғана  жауап  беретіні  атап  өтеді.  Президент  Жарлықтарын  орындау  үшін 
Министрлер  Кабинеті  Республиканың  барлық  аумағында  әрекет  ететін 
Актілерді  қабылдайды.  Бұл  жөнінде  Қазақстан  Республикасының  Негізгі 
Заңының 85 және 86 баптарында айтылады.  
Премьер-Министр  ҚР  Конституциясының  87  бабына  сәйкес  Министрлер 
Кабинетінің қызметіне тікелей жетекшілік етеді,  Кабинет Қаулыларына қолын 
қояды,  өкімдер  шығарады  және  оған  Конституция  жүктеген  өзге  де  негізгі 
қызметтерді жүзеге асырады.   
Жоғарғы Кеңес Үкіметті бақылауда үлкен өкілеттіктерге ие болғанын айта 
кету  керек.  Мысалы,  Парламенттің  кез  келген  Кабинет  мүшесінің  Республика 
Заңдарын атқару бойынша есептерін тыңдауына құқығы болды, және де әрине, 
егерде  қандай  да  бір  Министрлер  қызметінде  бұзушылықтар  болып  жатса, 
Парламент  Президент  алдында  оны  мерзімінен  бұрын  лауазымынан  босату 
туралы сұрақты қою өкілеттігіне ие болды [193, б.289]. 
Жергілікті  басқару  жүйесі  Республика  Президентімен  ұйымдастырылады 
және  тікелей  басқарылады.  Жергілікті  басқару  органдарының  басшыларын 
Президент  немесе  жоғары  тұрған  орган  лауазымға  тағайындайды  және 
босатады. Республиканың әкімшілік аумақтық бөлінісіне сәйкес жоғары тұрған 
органға бағынады. 
Конституцияға  сәйкес  жергілікті  билік  органының  өкілеттілігі  арнайы 
заңдармен  реттеледі.  Өкілді  органдар  жергілікті  жерлердегі  тұрғындармен  5 
жыл  мерзімге  сайланады  және  атқарушы  билік  органдарымен  бірлесе  отырып 
жоғарғы билік органы қойған стратегиялық міндеттерді орындауды қамтамасыз 
етуі тиіс. 
В.Малиновский  1993  жылғы  Конституцияның  Президентке  барлық 
атқарушы  биліктің  жоғарыдан  төменге  дейінгі  қызмет  етуіне  саяси 
жауапкершілік  жүктегенін  атап  өтеді.  Мұнымен  қоса  елдегі  саяси  жүйенің 
ядросы  болған  Халық  депутаттарының  Кеңесі  жойылған  болатын.  Жоғарғы 
Кеңес  сонда  да  Республиканың  заң  шығарушы  орган  құқығын  сақтап  қалды. 
Ғалым  бұл  кезеңді  мықты  Жоғарғы  Кеңесі  бар  жартылай  президенттік 
республика моделі деп атайды [194]. 
Ғ.С. Сапарғалиев өзінің еңбектерінде, 1993 жылғы Конституция бойынша 
Жоғарғы  Кеңес  кең  өкілеттіліктерге  ие  болғандықтан  Президент  билігінен 
жоғары тұрғанын атап көрсетеді. Тіпті, «Республика Президенті» туралы тарау 
«Жоғарғы  Кеңес»  туралы  тараудан  кейін  орналасқан,  бұл  Республика  Негізгі 
Заңының  елді  парламенттік  республика  құруға  толығымен  бағыттағанын 
білдіреді.  Және,  керісінше,  1995  жылғы  Республика  Конституциясы  билік 
органдары  жүйесіндегі  бірінші  орынға  Президентті  қояды,  бұл  елдегі 
президенттік басқару жүйесінің орнатылғанын білдірді [195]. 
Республикадағы ахуал осы кезеңдерде нашарлап кеткенін айта кету керек. 
бұл тұрғындарды бірінші қажетті тауарлармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге 
қатысты  болды,  коммуналдық  қызметтердің  жұмыстары  толығымен  тоқтап 
қалады,  жылу  электр  станциялары  тоқ  пен  жылуды  тек  ауруханалар  мен 
мектептерге  ғана  беріп  отырды.  Кәсіпорындар  жаппай  жабылып  жатты, 

133
 
 
адамдар жалақыларын айлар бойы ала алмады, мекемлердің пысық жетекшілері 
жұмысшыларға  еңбек  ақыларын  өздерінің  өнімдерімен,  ауылшаруашылық 
тауарлармен  немесе  басқа  да  тауарлармен  айырбаспен  беріп  отырды.  Осының 
барлығы  халықтың  мемлекетке  деген  сенімсіздігін  тудырды,  билік  беделінің 
түсуіне және қоғамдағы жағдайлардың тұрақсыздануына алып келді. 
Мықты  мемлекеттік  биліктің  болмауы  өздерінің  ықпал  ету  аяларын 
қалаларда  және  тұрғылықты  мекендерде  бөлісе  бастаған  криминалдық 
элементердің  көтерілуіне  жағдай  жасады.  Көрші  Қытай  елінен  спирт  пен 
құрамында  спирті  бар  өнімдердің  контрабандасы  өркендеді,  нашақорлық 
бизнесі  тамырын  жая  бастады,  Қазақстан  арқылы  Ауғанстан  нашатрафигі 
Ресейге  және  Еуропаға  жүріп  жатты.  Нашаның  бір  бөлігі  Қазақстанда  қалып, 
жастар  мен  жасөспірімдер  арасындағы  нашақорлар  саны  арта  түсті.  Олармен 
тиімді күрес жүргізуге құқыққорғау органдарының күші жетпеді, жалақы төмен 
болуына байланысты мамандар жұмыстан шығып, бизнеске кетіп жатты. 
 Милицияның  материалдық  жабдықталуы  нашар  жағдайда  болғанын 
ескере кету керек. Қылмыс орнына АІІБ қызметкерлері жедел жетуіне көліктер 
жетіспеген  кездер  де  болған,  барлары  жарамсыз  күйде  болатын  немесе 
жүргізушілер  мен  техниктердің  шеберлігінің  арқасында  ғана  жүріп  жүрді,  ал 
қылмыскердің  шетелден  еркін  сатып  әкелінген  жаңа  техникалары  болған. 
Сондықтан,  тек  отансүйгіштік  пен  азаматтық  парыздың  арқасында 
Республиканың  күш  құрылымдары  қылмыс  әлемімен  теңсіз  күрес  жүргізіп 
келумен қатар, олар жағдайды бақылауда ұстауға тырысты. 
Республикадағы  жағдайдың  төмендеп  кетуіне  байланысты  үкімет  азық-
түлік өнімдеріне, жуғыш заттарға, темекі және арақ-шарап өнімдеріне талондық 
жүйе  енгізуге  мәжбүр  болады,  тұрғындардың  Германия,  Израиль,  Украинға 
және Ресесй Федерациясына және т.б. елдерге көшуі басталады. Халық ертеңгі 
күніне және Республиканың болашақ даму болашағына сенімсіз болды.  
Осындай  қиын  жағдайларда  елді  басқаруда  тәртіп  орнатып,  ұйымдасқан 
қылмыстылықпен  күресу  үшін  құқыққорғау  органдарын  нығайтып, 
кәсіпорындар  мен  мекемелердің  жұмыстарын  шетелдік  және  жеке 
капиталдарды  тарту  есебінен  жандандырып,  әрбір  еңбекке  қабілетті  азаматты 
жұмыспен  қамтамасыз  ету,  мемлекеттік  мекемелерді  жекешелендіру  сияқты 
міндеттер  тұрды.  Бұның  барлығы  қуатты  президенттік  билік  болғанда  ғана 
мүмкін еді. 
Республиканың  ХІІ  шақырылымдағы  Жоғарғы  Кеңесінің  өзін  өзі  таратуы 
және  «Қазақстан  Республикасының  Президентi  мен  жергiлiктi  әкiмдерге 
уақытша  қосымша  өкiлеттiк  беру  туралы»  1993  жылғы  10  желтоқсандағы 
Қазақстан  Республикасы  Заңы  қабылданғаннан  кейін  тарихи  оқиғалар  өте 
жылдам  өрби  түседі.  Президент  орындалуы  уақыт  күттірмейтін  міндеттерді 
шешу үшін мүмкіндікке ие болды [195, б.302]. 
В.Малиновский,  жаңа  кезеңге  өту  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  1994 
жылдың  9  маусымында  Жоғарғы  Кеңестегі  президенттік  биліктің  ары  қарай 
дамуына  көзқарасын  білдіріп  сөйлеген  сөзінен  кейін  басталғанын  атап  өтеді. 
Атап  айтсақ,  ол  сөзінде  мемлекет  Басшысы  ретінде  Негізгі  Заң  – 

134
 
 
Конституцияны,  азаматтардың 
құқықтары 
мен 
міндеттерінің 
кепілі 
болғандықтан  Республикада болып  жатқан барлық оқиғаларға  жауапты  екенін 
атап өтеді,  және  де  әр  билік  тарабының халық  алдында  толықтай  жауап беруі 
үшін бүкіл күш жігерін салып тырысатынын айтады [194, б.25]. 
1994  жылы  маусым  айында  ҚР  Президенті  өзінің  «Дағдарыстан  шығу 
шаралары және нарықтық қайта құрылымдардың тереңдеуі» атты Жолдауында 
заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  билігі  тармақтарын  жетілдіру  мақсатында 
нақты  жобаны  ұсынған  болатын.  Мемлекет  Басшысы  мемлекеттік  биліктің  3 
негізгі  тармағы  алғашқы  жылдары  сол  уақыттағы  ұлттық  мемлекеттіліктің 
қалыптасуындағы  тарихи  жағдайлардың  қажеттілігіне  байланысты    бір 
құрылымда  жұмыс жасағандықтан  Президент беделімен бүркемеленгенін  атап 
өтеді.  
Алайда  уақыт  өте  келе,  бұл  біртұтас  «тандем»  шалыс  баса  бастайды, 
өйткені,  мемлекет  Басшысы  экономикаға  көп  назарын  бөлуге  мәжбүр 
болғандықтан Үкіметтің қызметін нақты әрі объективті бағалай алмады. 
Н.Ә.  Назарбаев  дұрыс  байқағандай,  билік  органдары  дербес  болуы  үшін 
пісіп жетілді, сондықтан Президент билігі Үкімет қызметінен алшақтайды және 
өзінің  назарын  Конституция  кепілінің  қызметін  орындауға  аударады. 
Сондықтан ол барлық күш қуатын қоғамның нығаюы мен саяси тұрақтылыққа 
бағыттайды [194, б.26]. 
Президент  мәртебесінің  мемлекет  Басшысы  ретінде  нығаюына,  кейбір 
деңгейде  мемлекеттік  рөлінен  басым  болуына  Қазақстан  Республикасы 
Президентiнiң республика мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимылы туралы 
1994  жылғы  12  қыркүйектегі  Жарлығы  ықпал  еткен.  Осы  кезеңнен  бастап 
Премьер  Министрдің  Үкімет  жұмысы,  Ұлттық  Банк  Төрағасының,  Бас 
Прокурордың  және  т.б.  жұмыс  жайында  Президентке  ақпарат  беріп  отыруы 
тәжірибесі енгізілген болатын. Республиканың президенттік басқару нысанына 
өтудің  келесі  қадамы  болып  шығыстарды  қысқарту  туралы  Жарлықтар,  атап 
айтсақ, «Мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының құрылымын жетiлдiру 
және  оларды  ұстауға  жұмсалатын  шығынды  қысқарту  туралы  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  Жарлығы»  болып  табылды.  Министрлер 
Кабинетіне  Конституциялық  Сот,  Жоғарғы  Сот,  Жоғарғы  Арбитраждық  сот, 
Бас  Прокуратура  қызметкерлерінің  санын  азайту,  және  де  орталық  органдар 
құрылымын кем дегенде 25%-ға қысқарту бұйырылды [194, б.29]. 
Кейінірек,  президент  билігінің  күшеюіне  Республика  Президентінің 
Аппараты  мен  Республика  Министрлер  Кабинеті  қайта  құрулар  негізінде 
Қазақстан Республикасы Президент Аппараты және Министрлер Кабинетінің іс 
Басқармасы  болып  бөлінуіне  себеп  болған  Н.Ә.Назарбаевтың  1994  жылғы  13 
сәуірдегі Жарлығы ықпал етеді. 
В.Малиновский,  осы  Жарлықтардың  барлығы  1994  жылы  Жоғарғы 
Кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті өзі мәлімдеген және Жоғарғы 
Кеңеске Жолдауындағы Президент мәртебесіне жаңа конституциялық мән беру 
бойынша  шараларды  жүзеге  асыруға  ұмтылыстарын  куәландырады  деп  атап 

135
 
 
өтеді. Алайда, 1993 жылғы Конституция жағдайында бұл міндеттерді орындау 
оңай болмады [194, б.29]. 
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің  ХІІІ  шақырылымына  сайлау 
1994  жылдың  наурызында  өтті.  Үкімет  қызметі  1994  жылдың  27  мамырында 
Жоғарғы  Кеңес депутаттарының  тарапынан  қатаң  сынға  ұшырады.  Парламент 
Үкіметті  қоғам  мен  мемлекетті  біріктіре  алатын  ұлттық  бағдарламаны  жасай 
алмады  деп  тұжырымдайды.  С.С.  Сартаев,  Президенттің  депутаттар  алдында 
баяндама  жасағанын,  және  де  ол  депутаттарға  арналған  «Нарықтық  қайта 
жаңартуларды  жеделдету  және  экономикалық  дағдарыстан  шығу  шаралары 
туралы» Жолдауында өзінің мемлекет дамуының болашағы мен жоспарларын, 
қуатты атқарушы билік сақталғандағы оның құрылымын ұсынғанын атап өтеді. 
Ол  және  де  Мемлекет  Басшысы  ретіндегі  өзінің  өкілеттіктерін  нақтылауды 
талап  етіп,  Конституцияға  Президент  импичменті  институтын  және 
Парламентті тарату құқығы енгізу жөніндегі сұрақтарды көтерді [192, б.109]. 
Ары қарай академик С.Сартаев, 1994 жылдың қыркүйегінде Президент пен 
Жоғарғы  Кеңес  арасында  заң  шығарушы  және  атқарушы  билік  арасындағы 
өзара  әрекеттестікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  келісімге  қол  жеткізгенін 
айтады.  Осы  үшін  экономиканы  тұрақтандыру  және  реформа  бағдарламасына 
түзетулер  енгізу  үшін  біріккен  Комиссия  құрылған  болатын.  Алайда, 
Парламент  пен  Үкімет  арасында  келісілген  қызмет  жүзеге  аспады.  Жоғарғы 
Кеңес  үкіметтің  дағдарысқа  қарсы  тиімсіз  бағдарламасын  сынға  ұшыратады. 
Президент  орын  алған  жағдайға  байланысты  «ҚР  Министрлер  Кабинетінің 
отставкаға кетуі жөнінде» Жарлық қабылдауға мәжбүр болады [192, б.110]. 
Конституцияға  өзгерістер  енгізу  қажеттігі  туралы  идеяларды  Жоғарғы 
Кеңес пен Президент жақсы түсінген болатын. Мысалы, Министрлер  Кабинеті 
негізгі жұмысты конституциялық заңнама мен адам құқығы бойынша жүргізеді. 
Олардың  жоспарында  ҚР  Жоғарғы  Кеңесі  туралы,  «ҚР  Конституциялық 
Кеңесі»,  «Конституциялық  өндіріс  туралы»,  және  де  Министрлер  Кабинетінің 
мәртебесі,  ҚР  соттар  мен  судьялардың  құқықтық  мәртебесі  туралы  жаңа  заң 
жобаларын әзірлеу болған. 
Жоғарғы  Кеңестің  басты  міндеті  кезең-кезеңмен  конституциялық 
реформаларды  жүргізу  болатын.  Парламентарилердің  жоспарлары  бойынша 
Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Кеңесі  туралы  Заңда  Парламентке 
атқарушы  билік  органдарының  бағынуы  есебінен  олардың  өкілеттіктері 
кеңейтілді.  Сонымен  бірге,  депутаттар  тіл  мәртебесі,  жерге  жеке  меншік, 
азаматылық  туралы  Заңдарды  бұрынғы  қалпында  қалдыруды  ұсынды  [192, 
б.112]. 
Президент  Аппаратында  елдегі  дағдарыстан  шығу  бойынша  және  1993 
жылғы  Конституцияға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  жұмыстары  қатар 
жүріп  жатты.  Бұл  шығармашылық  топқа  сол  кездегі  Әділет  Министрі  Н.А. 
Шайкенов,  В.А.  Мухамеджанов,  П.А.  Колпаков  және  Н.Ә.  Назарбаевтың 
жетекшілігімен өздерінің заң жобаларын әзірлеген басқалар да қамтылады. 
Қазақстандық  қоғам  алдында  тұрған  Президент,  Парламент  және  Үкімет 
сияқты  күрделі  сұрақтарды  және  олардың  арасындағы  өзара  қатынас 

136
 
 
сұрақтарын Конституция мазмұнын түбегейлі өзгертпей шамалы өзгерістер мен 
толықтырулар  енгізу  шеше  алмайтынын  тәжірибе  көрсетті.  Яғни,  жаңа 
Конституция жобасын жасау сұрағы тұрды [192, б.119]. 
Соңғы  ХІІІ  шақырылымдағы  Жоғарғы  Кеңес  «1994  жылғы  7  наурызда 
сайланған  ҚР  Жоғарғы  Кеңесінің  заңсыздығы  туралы»  1995  жылдың  6 
наурызындағы  Конституциялық  Соттың  Қаулысына  сәйкес  заңсыз  деп 
жарияланған болатын. 
Оған  Т.Квятковскаяның  Парламент  сайлауы  барысында  орын  алған 
құқықбұзушылықтарды  көрсеткен  азаматтық  талабы  себеп  болды.  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі осы жағдайларға байланысты отставкаға кетті. 
Осындай  күрделі  жағдайда  жобасы  Жалпы  халықтық  референдумда 
ұсынылған  жаңа  Конституция  әзірленіп  жатты.  1995  жылдың  30  тамызында 
көпшілік  дауыспен  жаңа  Конституция  жобасы  қабылданған  болатын  [192, 
б.121]. 
Біз  1993  және  1995  жылдардағы  Конституциялар  арасында  талдау 
жүргізейік  деп  отырған  жоқпыз,  алайда,  жаңа  Конституцияның  қазақстан 
қоғамын тұрақтандырғанын айта кеткен жөн. Өйткені, ол Республика жоғарғы 
билік  органдарының  құқықтары  мен  міндеттерін  нақты  бекітті,  Парламенттің 
орны мен өкілеттіктерін және атқарушы биліктің ролі мен маңызын анықтады, 
бұл  өз  кезегінде  олардың  арасындағы  келіспеушілік  себептерін  жойып, 
маңызды  жалпымемлекеттік  мәселелерді  шешуге  жұмылдырды.  Және  де,  ең 
бастысы,  Қазақстан  Республикасындағы  тәуелсіз  мемлекеттің  дамуын 
жалғастыру үшін президенттік басқару нысаны орнаған болатын.   
Ғ.Сапарғалиев,  1995  жылғы  Конституцияның  40  бабында  Президенттің 
құқықтық  мәртебесіне,  биліктің  жоғарғы  органдары  жүйесіндегі  мемлекет 
Басшысы ретіндегі орнына негізгі сипаттама берілгенін атап өтеді. Ары қарай, 
ғалым,  Президент  мемлекеттегі  жоғарғы  лауазымға  ие  тұлға  екендігін,  билік 
органдары  құрылымында  ерекше  орын  алатындықтан  оның  ешбір  билік 
тармақтарына  жатпайтынын  көрсетеді.  Конституция  Президенттің  ерекше 
жағдайын  бекітеді,  бірақта  бұл  биліктің  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот 
биліктеріне бөліну қағидасының бұзылғанын білдірмейді.  Олардың әрқайсысы 
Негізгі заңмен анықталған дербес және тәуелсіз өкілеттіктер шеңберінде әрекет 
етеді.  Тек  Парламент  өз  өкілеттігін  Президентке  берген  жағдайда  ғана  ол 
белгілі  мерзімі  аралығында  Заңдар  қабылдай  алады.  Сондықтан  Президенттің 
билік тармағының ешқайсысының жұмысына араласуына құқығы жоқ. Алайда, 
Президент  1993  жылғы  Конституцияда  біз  көргендей  ешбір  билік  тармағын 
басқармайды.  Елдің жаңа Негізгі Заңы бойынша Үкімет атқару билігін жүзеге 
асырады  және  атқарушы  органдар  жүйесіне  жетекшілік  етеді.  Сонымен  бірге 
Үкімет Президент алдында жауап береді [195, б.303-304]. 
Қазақстан мен Польшадағы дәстүрлі заң шығарушы және атқарушы билік 
органдары  атаулары  әртүрлі  болғанына  қарамастан,  президент  институттары 
көбіне ұқсас екенін айта кету керек. Алайда Қазақстан Республикасының 1995 
жылғы  жаңа  Конституциясының  қабылдануымен  Президент  өкілеттіктері 

137
 
 
мемлекет  Басшысы  ретінде  күшейтілген  болатын,  бұл  әрине,  президенттік 
басқару нысанына тән екендігін ұмытпаған жөн. 
Егемен  Қазақстанның  Президенті  1995  жылғы  ҚР  Конституциясы 
бойынша  халық  бірлігі  мен  мемлекеттік  биліктің,  Конституцияның 
мызғымастығының,  адам  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарының 
символы  әрі  кепілі  болып  табылады.  Президент  Қазақстанның  көпұлтты 
халықтарымен  сайланғандықтан,  Ғ.Сапарғалиевтің  пікірі  бойынша,  халық 
бірлігінің  символы  іспеттес,  ал  бұл  оған  халық  атынан  сөз  сөйлеуге  құқық 
береді  [195,  б.304].  Президент  жаңа  Конституцияға  сәйкес  ешбір  билік 
тармағына жатпай, осы билік тармақтарының келісімді жұмыс жасауына және 
де  билік  органдарының  Конституция  мен  өзге  де  мемлекет  Заңдарының 
сақталуына жауапкершілікті қамтамасыз етуге міндетті. 
Бұл  жерде  1994  жылғы  12  қыркүйектегі  Қазақстан  Республикасы 
Президентiнiң республика мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимылы туралы 
Президент Жарлығына сәйкес Премьер Министрдің Үкімет жұмысы, Жоғарғы 
Кеңес  Төрағасының  азаматтардың  құқықтарын  қорғау  бойынша  соттардың 
жұмыстары  жайында,  Бас  Прокурордың  Заңдардың  орындалуын  қадағау 
бойынша жұмыстары жайында Президентке жүйелі түрде ақпарат беріп отыру 
тәжірибесі енгізілгенін атап өту керек [195, б.304]. 
Конституцияда  Президенттің  сайлану  тәртібі,  өкілеттігі,  құқық 
шығармашылық қызметі, құқықтық мәртебесі және өзге де мемлекет Басшысы 
үшін ажырамас функциялар нақты реттелген.  
Ғ.Сапарғалиев  Қазақстанда  біртіндеп  президенттік  республиканың 
қазақстандық  үлгісі  қалыптасқанын,  алайда,  президенттік  басқару  жүйесі 
құқықтық  мемлекет  пен  қоғамның  демократиялық  негіздеріне  қауіп  төндіре 
алмайтанын  айтады.  Керісінше,  ол  өзіне  демократиялық  даму  жолындағы 
көптеген  мемлекеттерге  тән  президенттік  басқарудың  барлық  қажетті 
қасиеттерін қамтыған [196]. 
Президент  мемлекет  Басшысы  ретінде  стратегиялық  әрі  тактикалық 
сипаттағы  Республиканың  ішкі  және  сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттарын 
анықтайды.  Бұл  бағыттар  өздеріне  алдыға  қойылған  міндеттерге  қол  жеткізу 
үшін  қажетті  шаралар  кешенін  қамтиды.  Оларды  орындауға  әр  мемлекеттік 
билік  тармағынан  бастап  Қазақстандық  әрбір  саналы  азаматтардың 
ұмтылысынсыз  біздің  жас  егемен  мемлекетіміздің  қарқынды  дамуы  мүмкін 
емес.  
Президенттің маңызды конституциялық өкілеттерінің бірі Республиканың 
мемлекеттік бағдарламаларын бекіту болып табылатынын атап өту керек [197]. 
Мысалы,  «Қазақстан  –  2030»:  Барлық  Қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, 
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1997  
жылғы  қазандағы  Қазақстан  халқына  Жолдауы  тарихи  сипатқа  ие  болды.  Бұл 
Жолдауда ол ұлт алдындағы 7 ұзақ мерзімді басымдықтарды атап өтті: Ұлттық 
қауіпсіздікті сақтау; Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 
Үлкен  көлемдегі  шетел  инвестициясы  тарту  арқылы  экономиканы  дамытуға 

138
 
 
негізделген  экономикалық  өсу;  ары  қарай  денсаулық,  білім,  энергетикалық 
ресурстар, көлік, байланыс және тағы басқалар [198]. 
В.Малиновский Жолдаудың тек бағдарламалық құжат болып қана қоймай, 
орындалуына  әрбір билік  тармағы  жауап беретін жоспар  болғанын  атап өтеді. 
Президент  Парламенттегі  халық  қалаулылары  мен  азаматтарды  бұл  стратегия 
шеңберінде  өздерінің  жұмыстарын  осы  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін 
жұмылдыруға шақырды [194, б.144]. 
Сол  жылдары  үкімет  Басшысы  Парламентте  Президенттің  «Қазақстан-
2030» Жолдауын есепке ала отырып Үкіметтің 1998-2001 жылдардағы іс әрекет 
бағдарламасын  жариялайды.  Стратегия  ережелерінің  іске  асырылуына  қатаң 
бақылау жүзеге асырылады. Үкіметтің барлық заң жобалары «Қазақстан-2030» 
стратегиясына  сәйкестігі  бойынша  міндетті  тексеру  процедурасынан  өтіп 
отырды [194, б.145]. 
Бүгінгі  күні  Қазақстан  экономикасының  және  оның  саяси-құқықтық 
жүйесінің  дамуына  жиырма  жылдан  астам  уақыт  өтуі  барысында  «Қазақстан-
2050»  Стратегиясы  қабылданған  болатын.  Ол  2012  жылы  желтоқсанда 
Президент  Жолдауында  ұсынылды.  Оның  басты  міндеті  болып  Қазақстанның 
әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі және экономикасы дамыған, жалпыға 
ортақ  еңбек  мүмкіндігі  мен  қуатты  мемлекет  негізінде  берекелі  қоғам  құру 
табылады. 
Аталған  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  7  ұзақ  мерзімді  басымдықтар 
анықталған.  Бұлар  жаңа  бағыттың  экономикалық  саясаты,  кәсіпкерлікті  жан-
жақты  қолдау,  әлеуметтік  саясаттың  жаңа  принциптері,  заманауи  білім  беру 
жүйесінің негізгі бағдары, мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық 
демократияны  дамыту,  дәйекті  және  болжамды  сыртқы  саясат,  жаңа 
Қазақстандық  патриотизм.  Бұған  қоса  Стратегияда  «Нұрлы  жол» 
инфрақұрылымды  дамытудың  2015  –  2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы қамтылған болатын [198]. 
Бағдарламаның басты міндеті елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы 
бірыңғай  экономикалық  нарықты  қалыптастыру  және  экономиканың 
жекелеген  секторларына  дағдарысқа  қарсы  шараларды  енгізу  болып 
табылады. 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясындағы 
ерекше 
орынды 
Қазақстан 
Республикасындағы  білім беруді  дамытудың  2011  –  2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік  бағдарламасы  алып  жатқанын  айта  кету  керек. 
Бағдарламаның  мақсаты  экономиканың  орнықты  дамуына  ықпал  ететін 
Қазақстан  Республикасының  әрбір  азаматы  үшін  сапалы  білімнің 
қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  арқылы  адами  капиталды  дамыту, 
қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. 
Бұл  бағдарламадағы  мақсатқа  жету  үшін  жоғары  білікті  педагогикалық 
жұмыскерлер  үлесін  арттыру  керек  болды;  мектепке  дейінгі  білім  беру  мен 
тәрбиені  жақсарту;  кәсіби-техникалық  мекемелерде  оқитын  оқушылардың 
үлесін  арттыру;  мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  білім  алған  түлектерді 
жұмыспен  қамтуды  арттыру;  әлемнің  үздік  университеттері  рейтингінде 

139
 
 
көрсетілген  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарының  санын  арттыру; 
халықаралық  стандарттар  бойынша  тәуелсіз  ұлттық  институционалды 
аккредиттеуден  өткен  жоғары  оқу  орындарының  үлесін  арттыру  және  жастар 
саясаты  мен  патриоттық  тәрбие  саласындағы  іс-шараларды  іске  асыруға 
белсенді түрде қатысатын жастардың үлесін 2015 – 31%, 2020 – 55 % арттыру 
[198]. 
Мемлекеттік  бағдарлама  шеңберінде  жұмыс  жасай  отырып  академик 
Е.А.Бөкетов 
атындағы 
Қарағанды 
мемлекеттік 
университеті 
өзінің 
көрсеткіштері  бойынша  Республика  көлемінде  3-орынға  ие  болып  отырғанын 
және Қазақстанның алдыңғы қатардағы ЖОО-ның бірі екенін атап өткім келеді. 
Мысалы,  университеттегі  мамандықтардың  көбісі  ұлттық  институционалдық 
аккредитациядан  өтті.  Атап  айтсақ,  заң  факультеті  «Халықаралық  құқық» 
мамандығы  бойынша  халықаралық  аккредитациядан  өтсе,  «Құқықтану» 
мамандығы  бойынша  ТАРА  Республикалық  Аккредитациялық  Орталығының 
ұлттық  аккредитациясынан  өтті.  Факультет  ұжымы  бәсекеге  қабілетті  заңгер 
мамандарды  дайындау  үшін  оқытудың  барлық  инновациялық  тәсілдерін 
пайдаланады. 
Біздің  Республикамыздағы  ықпалды  қоғамдық  бірлестіктердің  бірі 
мемлекет Басшысы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы екені 
белгілі.  Н.Ә.  Назарбаев  «Нұр  Отан»  партиясының  XVI  съезінде  елде  5 
реформаны  жүргізу  міндетін  қойды,  және  де  осы  реформалар  шеңберінде  5 
институционалдық реформаны  жүзеге асыру  бойынша  «100  нақты  қадам»  ұлт 
Жоспары әзірленген болатын [199]. 
Әсіресе  екінші  реформа  –  азаматтардың  сот  төрелігіне  қолжетімділігін 
жеңілдету  үшін  сот  жүйесі  инстанцияларын  оңтайландыру  көзделген  заң 
үстемдігіне тоқтай кеткіміз келеді. Нақтырақ айтсақ, бес сатылы сот жүйесінен 
үш сатылы  сот төрелігі жүйесіне көшу арқылы судъя лауазымына үміткерлерді 
іріктеу  тетігі  мен  біліктілік  талаптарын  қатаңдату;  мемлекеттік  басқару 
Академиясының  құрылымынан  сот  төрелігі  институтының  бөлініп  шығуы; 
судьялардың  есеп  беру  тәртібін  күшейту  және  судьялардың  жаңа  этикалық 
кодексін  жасау.  Және  де  барлық  сот  процестеріне  бейне  және  таспаға  жазу, 
сотта  айыпталушы  және  қорғаушы  арасындағы  теңгерімді  қамтамасыз  ету, 
Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық 
алқаны  ұйымдастыру.  Азаматтық-құқықтық  даулар  жөніндегі  соттарға 
прокурордың  қатысуын  қысқарту,  сот  орындаушыларының  мемлекеттік 
қызметін  біртіндеп  қысқарту.  Полиция  қызметкерлерін  іріктеу  жүйесін 
жақсарту,  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлерін  мемлекеттік  қызмет 
жүйесіне қосу, жергілікті полиция қызметін құру және басқалар [200]. 
Президент  сот-құқықтық  реформасына  біздің  егеменді  мемлекетіміз 
құрылған  сәттен  бастап  ерекше  көңіл  бөле  бастағанын  айта  кету  керек. 
Президент  сонау  1994  жылдың  12  ақпанында  біздің  мемлекетіміздегі  сот 
құқықтық  реформасының  қарқынды  дамуына  бастама  берген  «Қазақстан 
Республикасындағы  құқықтық  реформаның  Мемлекеттік  бағдарламасы 
туралы» Қаулы қабылдаған болатын. Басталған реформалардың жалғасы болып 

140
 
 
1995 
жылғы 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентiнiң 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
соттар 
және 
судьялардың 
мәртебесi 
туралы» 
конституциялық заң күші бар Жарлығы табылды. 
Парламент  Сенатының  депутаты  С.Б.  Ақылбайдың  мәліметтері  бойынша, 
Президент  1996  мен  2005  жылдар  аралығында  құқықтық  реформаға  қатысты 
145  Заң  жобасын  ұсынған.  Олардың  қатарында,  «Алқабилер  туралы», 
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы», 
«Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  Заңына  өзгертулер  мен 
толықтырулар енгізу туралы» және т.б. [201]. 
Елбасының  құқықтық  реформаларды  жүргізу  үшін  көптеген  істер  жасап 
жатқанын  атап  кету  керек.  2015-2016  жылдары  елдің  құқықтық  жүйесін 
әжептәуір  ізгіліктендірген  және  қазақстандық  қоғамды  демократияландырған 
ҚР  Қылмыстық  Кодексі,  Қылмыстық  процессуалдық,  Еңбек,  Азаматтық 
процессуалдық және басқа да кодекстер қабылданған болатын. 
Жоғарыда  келтіргендер,  біздің  елдегі  президенттік  институттың  ерекше 
тарихы  барын  куәландырады,  өйткені,  ол  Қазақстан  үшін  саяси  және 
экономикалық  ауыр  жағдайда  қалыптасты  және  дамыды.  Мемлекет  Басшысы 
бастаған  демократиялық  реформаларды  кері  бұруды  қалаған  көптеген  кереғар 
күштер  болды,  сондықтан  президенттік  басқару  нысаны  демократиялық 
процесстердің  үздіксіздігін  және  Қазақстан  Республикасындағы  ұлттық 
мемлекеттілікті ары қарай құруды қамтамасыз етуде өзінің маңызды позитивті 
рөлін ойнады. 
  
Каталог: files -> nauka
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Өскемен, 2016 Әож 94(574) (063)
nauka -> Бабатайұлыны шығармаларының тарихилығЫ
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Студенттердің Қазақ тілі сабақтарында сөздік қорын дамыту
nauka -> “3i: intellect, idea, innovation интеллект, идея, инновация”
nauka -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
nauka -> Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары
nauka -> Жанр постапокалиптики

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет