Ректоры академик Ж. М.Әділов Малайзияның Путра



жүктеу 14.77 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.02.2017
өлшемі14.77 Kb.

ҚазҰТУ

 ректоры академик Ж.М.Әділов Малайзияның Путра 

университетінен келген өкілдермен кездесті.

 

    Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде 

университет ректоры, академик Жексенбек Мәкейұлы Әділов (Малайзия) 

Путра университетінің ректоры профессор  Дато д-р Мод Фаузи Хаджи 

Рамланды қабылдады. Малайзиядан келген өкілдер қатарында халықаралық 

ынтымақтастық бойынша академиялық мәселелер жөнінде проректор  

профессор Датук д-р Мад Насир Шамсудин, Жоғары оқу орнынан кейінгі 

білім (Graduate school) факультетінің деканы  профессор Буджанг Ким Хуат,  

Малайзияның Путра университеті және Орталық Азия мен Қазақстан өкілі 

профессор д-р Анварджон Ахмедов бар. Малайзиядан келген қонақтар ең 

алдымен ҚазҰТУдың тарихи мұражайын аралады. 80 жылдық тарихы бар 

оқу орнының жәдігерлерімен танысқан қонақтар өздерінің 

қызығушылықтарын да жасырмады. ҚазҰТУдағы Қазақстан-Француз білім 

орталығы, геологиялық мұражай, инженерлік профильді зертхана, 

суперкомпьютер, ұшқыштарды басқару оралығы, Қазақстан-Корей ақпаратты 

технологиялар оралығын аралаған қонақтар университет жайлы өздерінің 

оңды пікірлерін білдірді.  

     Бұдан кейін Путра университеті ректоры, профессор Дато д-р Мод Фаузи 

Хаджи  Рамлан  мен  ҚазҰТУ  ректоры  Ж.М.Әділовпен  болған  кездесуге 

ҚазҰТУ  проректорлары,  профессорлары,  институт  директорлары  қатысты. 

Алғашқы  сөз  кезегін  алған  ректор  Ж.Мәкейұлы:  «Мен  өздеріңізбен  бүгін 

кездесіп  отырғаныма  қуаныштымын.  ҚазҰТУ–80  жылдық  тарихы  бар, 

Қазақстандағы  көне  техникалық  білім  беретін  жетекші  оқу  орындарының 

бірегейі.  Қара  шаңырағымыз  алыс-жақын  шет  елдермен  байланыс  орнатып, 

жалпы  саны    190  жоғары  оқу  орындарымен  достық  ынтымақтастықта.  2011 

жылы 


ҚазҰТУдан 

алғашқы 


рет 

магистрант 



Малайзия 

ғылым 


университетінде білімін шыңдаса, 2012 жылы ол жақтан екі профессор келіп 

біздің  шәкірттерге  дәріс  берді.  Ал,  2013  жылы  10  магистрант  бізден 

Малайзияға  ғылыми  тағылымдамадан  өтті.  Демек,  екіжақты  ынтымақтастық 

орнатып,  оны  нығайтуға  толық  мүмкіндігіміз  бар  деп  ойлаймын»,–деген 

академик Ж.Мәкейұлы жалпы өзінің Малайзияға барған іс-сапарлары жайлы 

да әңгіме өрбітті. 

       Бұдан  кейін  сөз  алған  Малайзияның  Путра  университетінің  ректоры, 

профессор  Дато  д-р  Мод  Фаузи  Хаджи  Рамлан  ҚазҰТУ  ректоры 

Ж.Мәкейұлының 

жылы 


қабылдауына 

үлкен 


алғысын 

білдірді. 

«Университеттеріңіз  шынында  үлкен  тарихы  бар  оқу  орны  екен.  Бүгін 

мұражайларыңызды  аралай  отырып,  сонау  университет  тарихынан  бастау 

алатын  жәдігерлерді  көріп,  осынау  киелі  білім  шаңырағында  болғанымызға 

өзімізді  қуанышты  санаймыз.  Малайзияның  Путра  университетінде  26  мың 

студент  білім  алса,  оның  3800  өзге  мемлекеттерден  келген  шетелдік 


шәкірттер.  Орталық  Азияда  университетіміз    білім  мен  сапа  жағынан  97 

орынға  ие  екенін  де  айта  кеткім  келеді.  Біз  сіздермен  ынтымақтастық  пен 

өзара түсіністік, достастықты одан ары нығайтқымыз келеді», – деген Путра 

университетінің ректоры болашақ жоспарлары жайлы  да айта кетті. 

     Осы бір қызықты кездесуден кейін екі университет ректорлары  өзара 

түсіністік меморандумына қол қойды. Естелікке суретке түсті.  



ААО 

 

жүктеу 14.77 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет