Регистрационный №4188-ж №1, 2016 г



жүктеу 7.79 Kb.
Pdf просмотр
бет9/20
Дата23.03.2017
өлшемі7.79 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Байжұманова А.М. 
nurai310707@mail.ru
 
 
Мақалада  Қазақстан  Республикасындағы  референдум  өткізу  табиғаты 
және  оның  ерекшеліктері,  референдум  түрлері  және  референдумды  жүзеге 
асырудың  түсінігі,  нысандары  және  оның  түрлері  қарастырылады.  Сонымен 
қатар  референдумды  жүзеге  асырудың  ұйымдық  құқықтық  негіздері  саралауға 
түседі.  
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  природы  проведения 
референдумаи его особенности, виды референдума, понятие и формы проведение 
референдума.  А  также,  проводится  анализ  организационно-правовой  основы 
проведение референдума.  
This  article  deals  with  the  nature  of  the  referendum  and  its  features,  types  of 
referendum,  the  concept  and  forms  of  the  referendum.  And  also,  is  carried  out  of  the 
legal basis of the analysis of the referendum. 
Кілт сөздер: референдум, реформа, демократия, сайлау, халық билігі. 
 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  құқықтық  тәуелсіздік  алған 
уақыттан  бері  тікелей  демократия  нысаны  ретінде  референдум  қолданыла 
бастады.  Бүгінгі  таңда  республикалық  референдумды  теориялық  зерттеу 
республикамызды    демократиялы  республика  ретінде  танылуында  аса  маңызды 
рольге  ие.  Кеңестік  кезеңнің  барлық  мемлекеттерінің  конституцияларында 
референдум  саяси  мәселелерді  шешу  құралы  ретінде  бекітілгенімен,  басқарып 
отырған  Коммунистік  партия  ешқашан  оны  қолданбады.  КСРО  тарихында  ең 
алғашқы және соңғы референдум Кеңестік сақталуы мәселесіне қатысты 1991 ж. 

     
 
 
72 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
наурыз  айында  өткізілді.  Дегенмен  де,  референдумның  оң  қорытындысы  Кеңес 
өкіметінің сақталуына әсер ете алмады. 
Қазақстан  Республикасының  ең  бірінші  конституциясында  мемлекет 
өмірінің аса маңызды істері бойынша республикалық республикалық референдум 
өткізу қарастырды. Осы ережеге сәйкес, республикада 1995 ж. Екі жалпы ұлттық 
референдум өткізілді: 29  сәуір - президент өкілеттілігін ұзарту жөнінде, және 30 
тамыз  –  Қазақстан  Республикасының  конституциясын  қабылдау  мәселесі 
жөнінде. 
Бүкілхалықтық  дауыс  беру  институты  мемлекеттің  негізгі  заңында 
бекітілген. Референдумның құқықтық негізі сонымен қатар 1995 ж. 2 қарашадағы 
«Республикалық  референдум  туралы»  конституциялық  заң  күші  бар,  президент 
жарлығымен  реттеледі.  Сонымен  қатар  бұл  институт  қазақстандық  заң 
ғылымында  толыққанды  -  жан  жақты  зерттеліп  келеді.  Республиканың  2050 
жылға  дейінгі  даму  стратегиясында  қазіргі  қоғамдағы  жағдайды  терең 
ойластырып, мемлекеттік дамуды әлемдік тәжірибе шеңберінде қарастыру қажет. 
Қазақстандағы жаңа реформаларды әлемдік тәжірибеге сүйене отырып тек жақсы 
жақтарын  алу  керектігі  де  айтылып  кеткен.  Президенттің  бұл  нұсқауы  тек 
әлеуметтік  –  экономикалық  салаға  емес,  сонымен  қатар  саяси,  құқықтық  салаға 
да  қатысы  бар.  Референдум  мәні  бойынша  жас  мемлекетте  демократияны 
кеңейтудің  институты  болып  табылады.  Нақты  мемлекет  басшысының 
бағдарламасында  көрсетілген  бағдар  бойынша,  конституциялық  –  құқықтық 
құрылымның  проблемаларын  шешуді  жобаларын  жасауымызға  болады  [1]. 
Бірінші кезекте референдум ұғымын анықтап алуымыз керек. 
    Референдум – халықтың еркін білдірудің тікелей нысаны ретінде, басқа 
тікелей  демократия  нысандарынан,  атап  айтқанда  бүкілхалықтық  сауал  жүргізу, 
сайлаудан  ажырататын  өзінің  ерекшеліктері  бар.  Шет  мемлекеттерінде 
референдумға  әр  түрлі  анықтама  беріліп,  жекелеген  түрлері  тәжірибеде 
қолданылады. Осыған  байланысты референдумның пәнін анықтауға  ерекше  мән 
берген  жөн.  Референдум  пәні  ол  референдумға  шығарылатын  маңызды 
мәселелері.  Осы  позициядан  алғанда,  жалпы  ұлттық  дауысқа  салатын 
мәселелердің  критерийлерін  анықтау  қызықтырмай  қоймайды.  Авторлар  келесі 
критерийлердің  негізінде  референдум  пәнін  анықтаған  дұрыс  деп  санайды. 
Маңыздылығы,  ауқымдылығы,  мақсаттылығы,  бірыңғайлылығы,  және  қол  
жетімділігі.  Сонымен  қатар  референдум  туралы  мемлекеттерінде  бүкілхалықтық 
дауыс беруді зерттеу нәтижесі референдумға  шығаруға болмайтын сұрақтардың 
тізімін  жасаудың  қажеттігін  көрсетеді.  Референдум  ұйымдастыру  мен  өткізудің 
құқықтық  реттелуін  де  зерттеген  маңызды  болып  табылады.  Қазақстан 
Республикасының  КСРО  құрамынан  шыққалы  бері  тәуелсіз  мемлекет  болғанға 
дейінгі  кезеңде  референдум  институтының  дамуын,  оны  кезеңдерге  бөліп 
қарастыру  керек.  Бұл  арқылы  біз  мемлекеттің  тарихын  ғана  біліп  қоймай, 
сонымен  қатар  тарихтағы  референдумға  қатысты  заңнаманың  тиімді  жақтарын 
атап 
өтіп, 
қолданыстағы 
заңнамадағы 
республикалық 
референдумды 
нормативтік-құқықтық  жетілдірудің  жолдарын  анықтаймыз.  Референдум 
институтын  зерттеу  барысында  тек  конституция  ережелерімен  және  2  қараша 
1995  ж  «Республикалық  референдум  туралы»  конституциялық  заң  күші  бар 
Президент  жарлығымен  шектеліп  қалмай,  республикалық  референдумды 
құқықтық реттеуде  Президенттің, Орталық референдум комиссиясының туынды 
заң  актілерін  де  зерттеген  дұрыс.  Республикалық  референдумды  өткізу 
процесінде  көптеген  проблемалар  туындайды.  Сырт  көзбен  қарағанда  ол  сайлау 

     
 
 
73 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
процесінде  ұқсас  болғанымен,  заң  қабылдау  және  мемлекет  өмірінің  өзге  де 
маңызды мәселелеріне қатысты шешім қабылдау үшін бүкілхалықтық дауыс беру 
кезінде тек осы тікелей демократия институтына ғана тән ерекшеліктері болады. 
Сонымен  қатар  бұл  екі  институтқа  да  тән  проблемалар  бар.  Сондықтан  бұл  екі 
институтқа  тән  жалпы  заңдылықтарды  зерттеу  олардың  шешімін  табуға  әкеп 
соғады.  Мәселен,  жергілікті  өкілдік  органдардың  республикалық  референдумды 
және сайлау өткізу мен ұйымдастыру кезінде ешқандай қатысы жоқ. Дегенмен де 
бұл  өкілді  демократияның  органдарын  тікелей  демократия  нысанынан  бөліп 
қарауға  болмайды.  Екі  жақты  да  биліктің  қанар  көзі  халық  болып  қарауға 
болмайды.  Екі  жақты  да  биліктің  қайнар  көзі  халық  болып  қарауға 
отырғанымыздай, бұл мәселе ерекше зерттеуді қажет етеді. 
Референдумның қорытындысын шығарып  оған заңи күш беруде де  өзінің 
ерекшеліктері  бар.  Мәселен,  маңыздылығына  қарамастан  кез  келген 
референдумға  шығарылатын  сұрақ  республикалық  референдум  да  көпшілік 
дауыспен  шешіледі.  Ол  жаңа  конституция  қабылдау,  конституцияға  өзгерістер 
мен  толықтырулар  енгізу,  не  болмаса  ол  мемлекет  өмірінің  өзге  де  маңызды 
мәселелері  болса  да  көпшілік  дауыспен  шешіледі.  Біздіңше  бұл  ереже  тиімсіз 
болып есептеледі. Парламентте бұндай мәселелер қаралса неғұрлым кәсіби түрде 
шешіледі (үштен екі, төрттен үш т.б.)дауыспен шешіледі [2]. 
Сонымен,  жоғарыда  аталған  проблемалар  референдум  тақырыбының 
маңыздылығын және оны зерттеуді қажет ететінін көрсетеді. 
Қазақстан 
Республикасының 
заң 
әдебиеттерінде 
референдум 
проблемалары  тәжірибе  тұрғыда  әлі  жүйеленбеген.  Егер  жиырмасыншы 
ғасырдың  бас  кезіндегі  конституциялық  құқықтық  идеяларға  назар  аударатын 
болсақ, онда осы институтты зерттеген кейбір орыс және шетелдік ғалымдардың 
еңбегіне назар аударуға болады. Бұл  Б.Гачека, Л.Дюги, С.А. Котляровский және 
т.б еңбегі [3, 73 б.]. Көбінесе референдум мәселелерін Ресей ғалымдары шетелдік 
тәжірибені қолдана отырып зерттеді немесе шет мемлекеттерді ғалымдары өздері 
зерттеді.Ең  алдымен  ол  шет  мемлекеттерінің  конституциялық  құқығы  бойынша 
негізгі мамандар – М.А Крутоголов, В.В Маклаков, А.А Мишин; сонымен қатар 
кейбір  шет  мемлекеттерінің  ғалымдары,  атап  айтқанда,  Д.Геттинг  [4,  102  б.].  
Референдум  теориясы  мен  тәжірбиесіне  қатысты  кейбір  мәселелер  С.Ю. 
Амбарнов,  А.А.Белкин, Л.А.Морозова,  Ю.Г.Румянцев [5, 152 б.] сияқты кейбір 
Ресей ғалымдары, сонымен қатар атақты қазақстандық заңгер С.З. Зиманов, Г.С. 
Сапарғалиев,  В.В  Мамонов,  А.А.  Черняков  және  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде 
көрініс тапты [6]. 
«Референдум» түсінігі латын тілінен аударғанда «referendum» хабар етілуі 
тиіс  дегенді  білдіреді.  Референдум  тікелей  демократия,  яғни  халықтың 
мемлекеттік  мәселелерді  шешуге  тура  қатынасы  нысандарының  бірі  болып 
табылады.  Референдум-  сайлау  корпусымен  конституциялық  заңнама  ішкі  және 
сыртқы  саяси  мәселелер  жөнінже  түпкілікті  шешім  қабылдау.  Мұндай  шешім 
бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданады [7, 73 б.].  
Референдум әлемнің Норвегия, АҚШ, Франция, Дания, Италия, Ирландия, 
Бразилия  сияқты мемлекеттерінде бірнеше рет өткізілген. Референдумның АҚШ-
тың саяси өміріне пайда болуы 1640 жылмен белгіленеді. Оның үстіне тек, 1898 
жылы  ғана  кейбир  штаттар  азаматтарын  заңнамалық  деңгейде  құқық 
шығармашылыққа қатыстырған.  
XXғасырдағы  өзіне  назар  аудартқан  кейбір  референдумдарға  тоқтала 
кетсек:  

     
 
 
74 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
-  1975  жылы  Англияның  Европалық  экономикалық  қоғамдастыққа  кіру 
жөніндегі референдум
-  1979  Шотландияның  Уелстағы  автономиясын  кеңейту  жөніндегі 
референдум; 
-  1979  жылы  канададағы  Квебек  провинциясының  құқықтық  мәртебесі 
жөніндегі референдум; 
- 1985 жылғы Швейцарияның БҰҰ қосылу мәселесі жөніндегі референдум; 
- 1986 жылға Испанияның НАТО қосылу жөніндегі референдум; 
- 2003 жылы 14 қыркүйекте Эстонияда өткізілген референдум. Референдум 
азаматардың  көпшілігі  Эстонияны  Еуропалық  одаққа  қосылуын  қолдап  дауыс 
берді. Еуроптимистер 66,9 пайыз дауыс жинады. Ал қарсы дауыс бергендер саны 
–  33,1  пайыз  болды.  Референдумға  барлығы  548 233  азамат,  яғни  эстония 
азаматтарының  53,4  пайызы  қатысты.  Эстония  конституциясына  сәйкес,  бұндай 
референдумға  тек  Эстония  азаматтары  ғана  қатысуға  құқылы.  Дегенмен  де  бұл 
мемлекеттің  азаматтарының  20  пайызынан  астамы  мемлекеттің  тағдырын  шешу 
құқығынан айырылған. 
Біздің  пікірімізше,  шет  мемлекеттерде  референдум  дамуының  кезеңге 
бөлуде Г.В. Синцовпен келісуге болады: 
1 – кезең (XV ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың ортасы) – референдум 
институтының шет мемлекеттерде пайда болып құрыла бастауы. 
2  –  кезең  (XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басы)  –  шет 
мемлекеттерде референдум институтын бекітілудің кең таралуы. 
3  –  кезең  (XX  ғасырдың  ортасы  мен  бүгінгші  кезең)  –  референдумды 
халықтық биліктің нысаны ретінде бекіту [8, 73 б.]. 
Қазақстан  Республикасының  конституциясында  халықтақ  егемендіктің 
идеялары, халықтың бірлігі, азаматтарының бірлігі, азаматтардың құқықтары мен 
міндеттерінің кепілдіктері айқындалған. Бұл конституциялық құқықтық ережелер 
толығымен халықаралық құқықтық принциптерге сәйкес келеді. 
Ғ.Сапарғалиевтің айтуынша:  «мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі 
Қазақстан халқының еркі табылады. Осы жерде халықтың еркін жүзеге асыратын 
органдарды  қалыптастыру  мәселесі  туындайды.  Конституция  халыққа  билікті 
тікелей өзі немесе өкілді органдар арқылы жүзеге асыруға мумкіндік береді. Егер 
де  халықаралық  құқық  нормаларында  үкімет  өз  еркін  білдіреді  деп  және 
мемлекеттік  билік  органдарының  демократиялық  сайлауы  туралы  айтылса,  онда 
Қазақстан  Республикасының  конституциясы  халықтың  атынан  Парламент  және 
Президент сөйлейді деп көрсетеді. Сонымен қатар тек қана атқарушы орган емес, 
заңшығару  органы  да  халықтың  еркін  білдіру  керек.  Екіншіден,  заң  жобалары 
немесе  мемлекет  өмірінің  өзге  де  аса  маңызды  мәселелері  бүкілхалықтық 
талқылауға  немесе  референдумға  шығарылуы  мүмкін.  Осыдан  кейін  халық  тек 
қана  мемлекеттік  билік  органдарын  қалыптастыруға  қатысып  қана  қоймай, 
сонымен  қатар,  қажет  болған  жағдайда  жоғары  заңшығару  билігін  жүзеге 
асырады.  Бұл  ереже  халыққа  және  мемлекетке  де  үлкен  жауапкершілікті 
жүктейді.  Осындай  жағдайда  халықты  және  мемлекеттің  тағдыры    шешіледі, 
оның  салдары  қаншалықты  позитивті  және  негативті  болғанымен  тек  осы 
мемлекеттің  халқына  емес  сонымен  қатар  басқа  мемлекеттерге  де  әсерін  тигізуі 
әбден мүмкін [9, 482]. «Халықтың еркі» неғұрлым ауқымы кең өзінің құрылымы 
бойынша  күрделі  ұғым  болып  табылады.  Бұл  ұғымды  әр  түрлі  тұрғыда 
түсіндіруге  болады.  Егер  де  халықтың  еркін  социологиялық  тұрғыдан 
қарастырсақ,  жоғарыда  көрсетілгендей  –  халық  ол  нақты  бір  мемлекеттің 

     
 
 
75 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
тұрғындары  емес,  қоғамның  прогрессивті  дамуына  әсер  ете  алатын  адамдар 
тобын  жатқызамыз  деп  көрсетілген.  Ал  саясаттану  ғылымы  халықты 
демократиялық мемлекеттің саяси билігінің субъектісі ретінде қарастырып, оның 
еркі  азаматтық  қоғам  мен  мемлекеттің  байланысын  айтады.  Ал  психология 
болмыстың  психикалық  көрінсін  зерттейтін  ғылым  ретінде,  халықтың  еркін  ең 
алдымен  таңдау  құқығымен  байланыстырады.  Сонымен  ерік  білдіруді  заңтану 
тұрғысынан  анықтайтын  болсақ,  Құқықтағы  еркі  дегеніміз  үстем  етуші  топтың 
жалпы  экономикалық  және  жалпы  саяси  құбылыстан  көрінеді  және 
демократиялық  қоғамдағы  жалпыхалықтық  мүдделер  болып  табылады.  Оның 
келесідей ерекшеліктері болады:  
Біріншіден, ол мемлекеттегі құқықтық идеология негізінде қалыптасады;  
Екіншіден,  ол  сәйкесінше  мемлекеттің  құқық  қолданушы  органдарымен 
қалыптасады; 
Үшіншіден, ол нормативті формада объективтендіріледі. 
Бүгінгі таңда қоғамымыз жаңа демократиялық дамуға бет бұру үшін келесі 
жағдайларды ескерту қажет: 
- саяси режимге жан жақты либерализациялауды жүзеге асыру; 
-  тұлғаның  азаматтың  құндылықтарын  мемлекет  алдында  қатаң  сақтау 
керек; 
- азаматтық қоғамды дамыту; 
- қоғамның барлық салаларында азаматтық қоғамды дамыту. 
-  халықтың  еркін  білдіруге  заңнамалық  деңгейде  мүмкіндік  жасалынуы 
тиіс.  
Осылайша, халықтың еркі демократияның мәні болғандықтан, ол тек еркін 
сайлау және референдум нәтижесінде ғана орын алатынын ескеруіміз керек [10].  
Ресей  Федерациясының  10  қазан  1995  жылғы  «Ресей  Федерациясының 
референдумы  туралы»  заңында  жоғарғы  тікелей  халық  билігін  жүзеге  асыру 
арқылы  референдумға:  «заң  жобалары,  қолданыстағы  заңдар  және  өзге  де 
мемлекет  ісінің  маңызды  мәселелері  бойынша  Ресей  Федерациясының 
азаматтарының бүкілхалықтық дауыс беруі» - деп анықтама беріледі [11, 154 б.]. 
Кейбір  жағдайларда  сайлаушылардың  дауыс  беруін  сонымен  қатар 
плебисцит  (латын  тілінен  «plebiscitum»  -  халықтың  бекітуі,  шешім  деп 
аударылады.)  деп  те  атайды.  Заңи  тұрғыдан  алғанда  референдум  мен 
плебисциттің  ешқандай  айырмашылығы  жоқ,  тек  референдум  «плебисциттің» 
синонимі  болып  табылады.  Сайлаушылар  референдум  арқылы  мемлекеттік 
шешім  қабылдайды,  ол  шешімнің  жоғары  заңи  күші  болады.  Плебисциттің 
референдумнан  айырмашылығы  плебисцит  мемлекеттің  тағдырын  шешетін 
ерекше мәселелер бойынша өткізілуі мүмкін, оған мемлекеттердің территориясын 
анықтау,  мемлекеттің  басшыға  сенім  білдіру,  басқару  формасын  өзгерту,  билік 
режимінің  ары  қарай  өмір  сүруі  т.б.  мәселелер  жатқызылады.  Халықаралық 
құқықтық  әдебиеттерде  плебисцит  ең  алдымен,  мемлекеттердің  территориялық 
өзгерістеріне  (мемлекеттің  бөлінуі,  тәуелсіздікті  алу  т.б.)  қатысты  дауыс  беруді 
білдіреді.  Плебисцит  қоғам  өмірінің  аса  маңызды  мәселелері  жөнінде 
өткізілгенімен,  оның  нәтижесі  өмірінің  аса  маңызды  мәселелері  жөнінде 
өткізілгенімен,  оның  нәтижесі  қоғамның  ресмилендірілген  пікірі  ғана  болып 
табылады [12, 79]. 
Сонымен,  айтылғандарды  саралай  келе,  референдум  мен  плебисциттің 
айырмашылығы  оларды  тағайындау  және  бүкілхалықтық  дауыс  беруге 
бастамашылық білдіретін субъектілерінде екеніне көзіміз жетеді.  

     
 
 
76 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
1995 жылы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан 
Республикасының 
 
Конституциялық 
заңының 
1-бабына 
сәйкес
«Республикалық  референдум  -  Қазақстан  Республикасы    Конституциясының, 
Конституциялық  заңдарының  және  мемлекеттік  өмірінің  өзге  де  неғұрлым 
маңызды 
мәселелеріне 
арналған 
шешімдерінің 
жобалары 
бойынша 
бүкілхалықтық  дауыс  беру  болып  табылады».  Көріп  отырғанымыздай,  алдынғы 
заңнамаға қарағанда бұл ұғым неғұрлым кеңейтілген [13]. 
Сонымен  қатар,  референдумды  халық  билігі  институның  өзге  түрлерінен 
ажырата  білуіміз  керек.  Олардың  ерекшеліктері  сайлаушылардың  ерік  білдіру 
объектісінде  деп  заңи  құқықтық  әдебиеттерде  әділетті  түрде  атап  көрсетіледі. 
Айталық сайлау кезінде сайлаушы азаматтардың ерік білдіруінің обьектісі болып 
депутаттыққа  кандидат  немесе  қандайда  бір  өкілді  органға  қызмет  болып 
табылады. Ал референдум кезінде ерік білдірудің обьектісі болып, нақты  сұрақ, 
мәселе  табылады.  Олар  -  заң,  заң  жобасы,  конституция,  ішкі  саяси  немесе 
халықаралық сипатқа ие қандай да бір мәселе болуы мүмкін [14, 237 б.]. Сайлау 
нәтижелері  мажоритарлы  және  пропорционалды  жүйе  бойынша  шығарылады. 
Бірақ,  Қазақстан    Республикасы  сайлау  тек  мажоритарлы  жүйе  бойынша 
өткізіледі. 
Референдуммен қандай да бір органға немесе қандай да бір тұлғаға сенім 
білдірумен  және  сайлау  өткізу  араларында  айырмашылықтар  бар.Сенім  білдіру 
мәселесі  нақты  бір  субъектіге  қатысты  қойылады.  (мысалы,  Президентке, 
Парламентке)  қатысты  болуы  мүмкін  және  ол  бұл  субъектілердің  өкілеттігінің 
міндетті  түрде  тоқтатылуына  әкеп  соқпайды,  тек  сайлаушылардың  оларға 
субъективтік  қатынасын  (теріс  немесе  оң)  айқындайды.    Ал  сайлау  кезінде 
сайлаушы  азаматтар  қандай  да  бір  азаматтарға  алдын  ала  сенім  білдіреді  және 
оған қандай да бір сенім береді.  
Референдум  тікелей  демократия,  яғни  халықтың  мемлекеттік  мәселелерді 
шешуге  тура  қатынасу  нысандарының  бірі  болып  табылады.  Референдум  ол 
сайлау  корпусымен  конституциялық  заңнама  жэне  ішкі  жэне  сыртқы  саяси 
мәселелер  жөнінде  түпкілікті  шешім  қабылдау.  Мүндай  шешім  бүкілхалықтық 
дауыс беру арқылы қабылданады. 
Қазақстан  Республикасының  конституциясы  мемлекеттің  Негізгі  заңы 
ретінде қоғамды демократияландырудың прогресивті құралы болып табылатынын 
сөзсіз.  Республикалық  референдумды  конституциямызда  тікелей  бекіту 
мемлекетте  демократиялық  үрдістердің  қарқынмен  дамып  отыратындығынын 
көрінісі болап табылады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1 1Н.Ә. Назарбаев «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» 
// Егеменді Қазақстан газеті, 2016ж. 5 қаңтар. 
2  Судьбу  решает  каждый  (  О  первом  референдуме    СССР)  [Сборник]-
:Известия,1991.-500с. 
3    Boyer  P.  The    People.s  Mandate  Referendums  and  More  Demokratic.  -
Canada, Toronto, 1992 year 169 p. 
4  Крутоголов  М.А.  Президент  Французкой  Репспублики.  Правовое 
положение .-М., 1980.-430 с.  
5  Амбарнов    С.Ю.  Законодательство    о  референдумах  (Сравнительный 
анализ) // Государство и право .1992. С.-10-15. 

     
 
 
77 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
6  Зиманов  С.  Конституция    и  Парламент  Республики  Казахстан  Алматы 
(Сборник статьей 1990-199. Алматы, 1997 г.) – 352 с. 
7  Большая    Советская  энциклопедия  Гл.Ред    А.М.  Прохоров  Том  22. 
М,.1975 -861 с. 
8  Черняков  А.А.  Конституционное  право  Республики  Казахстан  : 
Проблемы  теории  и  практики.  Теоретические  и  дидактические  материалы. 
Алматы, 1997. -138 с 
9 Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. 
Академиялық  курс. –Алматы: «Жеті Жарғы»,  2009 ж. -544 б. 
10 Қожахметова  А.Е. Референдум и воля // Фемида .1999.№3 
11  1995  жылы  2  қарашадағы  «Республикалық  референдум  туралы» 
Қазақстан Республикасының  Конституциялық заң күші бар Президент жарлығы 
// «Параграф» ақпараттық жүйесі. 
12  Страшун  Б.А.  Конституционное    (государственное)  право  зарубежных 
стран . т. 2 Учебник .Общая  часть. – М, «Бек». -1996.-756 с. 
13  Михалова  А.  Конституционное  (государственное)  право  зарубежных 
стран. Учебное пособие, -М.,1997 -285 с. 
14 Референдум –основа политической  системы// Вестник  Европы, 2003 г.  
8 апреля. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
78 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         
 ЭКОНОМИКА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
79 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
УДК 336.4 
 
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН 
ТАРТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аға оқытушы, магистр Аяжанова М.К. 
Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының магистранты Кажиева А.К. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 
 
Қазақстан 
 
экономикасының 
қазіргі 
дамуында 
шетелдік 
инвестициялардың  маңыздылығы  сөзсіз.  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз 
мемлекет  ретінде  құрылуынан  бастап  шетелдік  инвестициялардың  көлемі 
екпінді  өсуін  байқаймыз.  Әлемдік    шаруашылық    дамуының,    қазіргі    деңгейінде 
шет  инвестициялардың    өсуінің    күшеюі    байқалады,  оның    қарқыны  
халықаралық  сауда  өсуінің  қарқынынан  асып  түседі.  
Роль  инвестиций  в  экономике государства  огромна,  они  играют 
значительную роль в поддержании, функционировании и динамическом развитии 
экономики  страны.  Происходящие  изменения,  в  количественном  соотношении 
инвестиций,  воздействуют  на  изменения:  объема  общественного  производства, 
занятости  населения,  структурных  экономических  показателей  и  динамики 
развития различных отраслей народного хозяйства. 
 
The role of investment in the economy of the state is huge, they play a significant 
role  in  the  maintenance,  operation  and  dynamic  development  of  the  economy.  These 
changes,  in  a  proportion  of  investment  affect  the  changes:  the  volume  of  social 
production,  employment,  structural  economic  indicators  and  dynamics  of  the  various 
sectors of the economy. 
 
Түйінді сөздер: Инвестиция, шетел инвестициясыдемонополизациялау, 
ішкі капитал, инвестициялық саясат, еркін бәсекелестік, ішкі нарық, 
экономикалық өсу, мемлекеттік реттеу, ұлттық экономика. 
Каталог: journals
journals -> Хабаршы вестник
journals -> Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева
journals -> Л-фараби атында ы аза лтты
journals -> Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук
journals -> Казахский национальный
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Казахский национальный
journals -> №4(68)/2012 Серия филология

жүктеу 7.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет