Регистрационный №4188-ж №1, 2016 г



жүктеу 7.79 Kb.
Pdf просмотр
бет8/20
Дата23.03.2017
өлшемі7.79 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

ОӘК 343.1 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН 
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Рамазанова Н. 
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы
nazka_angel.96@mail.ru
  
Ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Байжұманова А.М. 
nurai310707@mail.ru
 
 
Бұл  мақалада  ұлтаралық  бейбітшілік  пен  ынтымақтастықты  құқықтық 
реттеу  мәселелері  қарастырылады.  Қазақстан  Республикасының  дамуы  үшін 
ұлтаралық  бейбітшілік  пен  ынтымақтастықтың  маңыздылығы  талданады. 
Ұлтаралық  бейбітшілік  пен  ынтымақтастықты  қамтамассыз  етудің  негізгі 
құралдары талданады.  
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  правового  регулирования 
межнационального  мира  и  сотрудничества.  Анализируется  значимость 
межнационального  мира  и  согласия  для  развития  Республики  Казахстан. 
Анализируются  основные  способы  обеспечения  межнационального  мира  и 
сотрудничества.  
This article considers  the legal regulation of interethnic peace and cooperation. 
Analyzes the importance of inter-ethnic peace and harmony for the development of the 
Republic  of  Kazakhstan.  Analyzes  the  main  ways  of  ensuring  interethnic  peace  and 
cooperation.  
Кілт сөздер: полиэтникалы мемлекет, ассамблея, принцип, этнос, патриотизм 
 
Өткен  өмірімізге  көз  жіберсек,  тәуелсіздіктің  бірінші  күнінен-ақ  ең 
алдымен  ішкі  тұтастығы  мен  қауіпсіздігіне  айрықша  мән  берген  Қазақстан, 
сыртқы саясатын да сындарлы жүргізе білді. Нәтижесінде біздің ел тоқсаныншы 
жылдардың  ішінде  Кеңес  одағының  шекпенінен  шыққан  бірталай  мемлекетті 
шарпыған  қақтығыстардан  айналып  өтті.  Қазақстан  Республикасының  тірегі  – 
Конституция.    Қазақстан  Республикасы  Конституциясында  өзiн  демократиялық, 
зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтiк  мемлекет  ретiнде  орнықтырады,  оның  ең 
қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары [1].  
Біздің  мемлекетімізде  130-дан  астам    ұлттың  өкілдері  тұрады.  Көпэтникалы 
мемлекет  (полиэтникалы  мемлекет)  -  аумағында  әртүрлі  этностар  -  ұлыстар, 
ұлттық  және  этникалық,  этнографиялық  топ өкілдері  қоныстанған  мемлекет  [2]. 
Тарихи  тұрғыда  көпэтникалық  мемлекеттер  мемлекеттік  ұйысу,  ұлт 
қалыптасуынан  және  ұлттық  қозғалыстардың  дамуынан  бұрын  басталған 
жерлерде  пайда  болды  (Шығыс  Еуропа,  Ресей,  Азияның  бірқатар  аймақтары). 
Бүгінгі  күні  ТМД  шеңберіңдегі  елдердің  ішінде  анағұрлым  көпэтникалылары: 
Ресей,  Қазақстан,  Грузия,  Қырғызстан,  Әзірбайжан,  Тәжікстан,  Өзбекстан. 
Көпэтникалы мемлекеттердің көп бөлігі унитарлы, (Қытай, Иран, Қазақстан, т.б.), 
енді  бір  бөлігі  -  федеративті  (Ресей,  Үндістан,  Индонезия,  Нигерия  және  т.б.). 
Көпэтникалылық  -  мемлекеттің  әлсіздігін  білдірмейді,  дегенмен  қосымша 
мәселелер,  қолайсыздықтар  туғызуы  мүмкін.  Ол  үшін  «қоғамдық  келісім» 
орнатып,  билік  орындарында  арнайы  тетіктер  қарастырып,  этникааралық 
мониторинг  жүргізіліп  отыруы  шарт.  Осы  мәселенің  шешімін  қарастырған 

     
 
 
66 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
Қазақстан Республикасында Президент жанындағы бірден-бір кеңесші - жиналыс 
органы  Қазақстан Халықтары Ассамблеясы 1995 жылдан бері жұмыс істейді.  
Әр  уақытта,  әр  түрлері  жолдар  және  жағдайлардың  әсерінен  қазақ 
территориясынан  ұлттар  қоныс  аударған  болатын.  Олар  қазақ  халқымен  бірге 
елдегі саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік оқиғалардың куәгерлері  болған. 
1995  жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  қазіргі 
таңда,  еліміздің  мақтанышына  айналған  –  этносаралық  төзімділіктің 
қазақстандық үлгісінің берік негізін қалады. Конституцияның беташарында «Біз, 
Қазақстан халқы...» деп басталатын сөз тіркесі этностық және діни ерекшелігіне 
қарамастан  еліміздегі  барлық  азаматтардың  тең  құқығына  кепіл  болып, 
этносаралық  қатынастар  саласында  жүргізілетін  мемлекеттік  ұлттық  саясатты 
заңды түрде бекітті [3, 6 б.]. 
Ұлттар  бірлігі  ұрпақтар  бірлігін  де,  билік  институттары  мен  қоғамдық 
бірлестіктердің де өзара қарым-қатынасы. Осы салаға қатысты барлық мәселелер 
ҚР  Конституциясның  баптарымен  реттеледі,  қоғамдық  татулық,  қазақстандық 
патриотизм  (1-бап  2-тармағы),  Қазақстан  халқының  тілдері  (7-бап),  азаматтық 
(10,11,12-баптар),  жұрттың  заң  мен  сот  алдындағы  теңдігі  (14-бап),  нәсіліне, 
ұлтына,  тіліне,  нанымына  байланысты  кемсітуге  болмайтындығы  (14-бап  2-
тармағы).    Еліміздегі  ұлтаралық  бейбітшілік  пен  ынтымақтастықтың  құқықтық 
реттелуі  Конституцияның  1-бабында  республика  қызметiнiң  түбегейлi 
принциптерiнен:  қоғамдық  татулық  пен  саяси  тұрақтылық;  бүкiл  халықтың 
игiлiгiн  көздейтiн  экономикалық  даму;  қазақстандық  патриотизм;  мемлекет 
өмiрiнiң  аса  маңызды  мәселелерiн  демократиялық  әдiстермен,  оның  iшiнде 
республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешуден 
көрінеді  [1].      Қоғамдық  татулық  пен  саяси  тұрақтылық  принципінің  мазмұнын 
мынадан 
көрінеді: 
қоғамдағы 
әлеуметтік 
таптардың, 
этностардың, 
конфессионалды топтардың бар болуымен, әр түрлі идеялар мен көзқарастардың 
өмір сүруімен тікелей байланысы бар. Бұндай әр тектілік мемлекет тұрақтылығын 
бұзатын шиеленістерге алып келуі мүмкін. Сол себепті де қоғамдық татулық пен 
саяси  тұрақтылық    аталған  топтар  арасындағы  дискриминацияға  жол  бермеудің 
кепілі,  яғни  бейбітшіліктің нышаны  болып  табылатыны  анық.Негізгі  заңның  39-
бабында «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес 
деп  танылады»  деп  нақты  аталып,  бекітілген  [1].    Аталған  конституциялық 
қағидаттар 1996 жылы қабылданған ҚР Мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру 
тұжырымдамасы,  1996  жылы  бекітілген  Мемлекеттік  тіл  тұжырымдамасы  және 
Шетелде  тұратын  отандастарды  қолдаудың  мемлекеттік  бағдарламасы  арқылы 
жетіліп,  дами  түсті.  Тіл  туралы  заң  Қазақстандағы  мемлекеттік  және  ресми  тіл 
мәртебесін  құқықтық  тұрғыда  нақтылап,  оны  этностық  пікірсайыс  алаңынан 
құқықтық  арнаға  бұрды.  2000  жылдары  этносаралық  қатынастар  саласындағы 
құқықтық  негіздерді  жетілдіру  мақсатында  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 
орта  мерзімді  кезеңге  арналған  стратегиясы,  Тілдерді  дамыту  мен  қолдануға 
арналған  мемлекеттік  бағдарлама,  «Қоғамның  идеялық  ұйысуы  –  Қазақстанның 
дамуының  басты  шарты»  тұжырымдамасы  қабылданды.  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясынан  сайланған  депутаттар  Мәжілісте  белсенді  қызмет  атқарып,  екі 
заң  жобасының  қабылдануына  себепкер  болды  және  13  заң  жобасын  әзірлеуге 
тікелей қатысты [4]. 
Қазақстан  мемлекетінің  ұлттық  идеясы    -  бұл  қазақ  халқының  рухани-
мәдени  өмірінде  орныққан  өркениеттік  белгілерді  одан  әрі  дамытып,  бүкіл 
Қазақстан  халқының  күнделікті  өміріне  орнықтыру.  Сондықтан  Қазақстан 

     
 
 
67 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
мемлекеті  көп  этносты  ел  болса  да,  ұлтына  қарамастан,  барлық  азаматтардың 
мүдделерін  қорғайды.  Сол  үшін  де  барша  халықты  бір  идея  төңірегіне 
жұмылдыру  міндеті  алға  шығады.  Біздің  бұл  көзқарасымыз  Елбасы  Н. 
Назарбаевтің:  «Мемлекеттік сәйкестіктің екі деңгейі бар: 1) ұлттық сәйкестік, 2) 
Қазақстанның барша халқының саяси және азаматтық сәйкестігі» [5, 217 б.]. 
       Осы  орайда,  Қазақстан  мемлекетінің  идеологиясын  қалыптастыратын  бір 
субъекті  ретінде  2015  жылы  20  жылдығы  атап  өтілген,  Қазақстан  халықтар 
Ассамблеясын айтуға болады.   
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  —  1995  жылғы  1  наурызда  Қазақстан 
Республикасының  Президентінің  Жарлығымен  құрылған  Мемлекет  басшысы 
жанындағы  консультативті-кеңесші  орган  [2].  Ел  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құру  идеясын  алғаш  рет  1992  жылы 
Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында 
жариялады.  Мұндай  институтты  құру  қажеттілігі  саяси  тұрғыдан,  сондай-ақ 
жаңадан  құрылған,  тәуелсіз,  полиэтносты,  поликонфессиялық  мемлекеттің 
тұрақты  дамуы  тұрғысынан  туындаған  еді.  Аталған  бастама  мәдениетаралық 
диалогты  нығайтудың  жаңа  кезеңінің  негізін  қалап,  этносаралық  қатынастарды 
дамыту  мәселелерін  жоғары  деңгейде  шешуге  мүмкіндік  жасайтын  әлемдік 
тәжірибедегі  тың  бағыт  болып  табылды.  Ассамблеяның  қызметі  ұлтаралық 
бейбітшілік  пен  ынтымақтастықты,  елдегі  тұрақтылықты  сақтауға  ықпалдасу; 
барлық  ұлттық  топтардың  өкілдері  арасында  достық  қарым-қатынасты 
дамытатын  мемлекеттік  саясат  жүргізу  жөнінде  ұсыныстар  жасау;  олардың 
рухани-мәдени  жаңаруына  және  теңдік  негізінде  дамуына  жәрдемдесу; 
өркениетті  және  демократиялы  нормаларға  сүйенетін  азаматтардың  саяси 
мәдениетін қалыптастыру.   
2007  жылғы  21  мамырдағы  Конституцияға  енгізілген  өзгерістер  биліктің 
бүкіл  өкілді  тармағының  рөлін  айтарлықтай  өзгертуге  алып  келді.  Жүргізілген 
реформаға  сәйкес,  жоғары  заң  шығарушы  органда  этникалық  топтардың 
өкілдерінің  болуын  қамтамассыз  ету  үшін  Парламент  Мәжілісінің  9  депутатын 
енді  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының  сайлайтыны  да  аса  маңызды 
өзгерістердің  бірі  (ҚР  Конституциясының  51-бабы  1-тармағы),    сол  арқылы 
Ассамблеяның  рөлі  күшейтіліп,  конституциялық  орган  мәртебесіне  ие  болды 
(бұрын  консультативтік-кеңесші  орган  мәртебесіне  ие  болатын).    Қазақ  елінде 
ұлтаралық  келісім  мен  бейбітшілікті  нығайту  жолындағы  бірегей  саясаттың 
нәтижесі  осындай  болмақ.  Бір  жағынан  бұл  Қазақстан  қоғамының  осы  органға 
көрсеткен үлкен сенімі болса, екінші жағынан мұндай сенім Ассамблея мен оның 
әрбір мүшесіне жауаптылық жүктейді. Бұл дегеніміз Парламент қабылдайтын заң 
актілері  ұлтаралық  келісім,  төзімділік  пен  тең  құқықлық  сияқты  талаптарға 
сәйкес келуіне қосымша сараптамадан өтуі.  
Яғни  Қазақстандағы  ұлтаралық  бейбітшілік  пен  ынтымақтастықты 
құқықтық реттеуде Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы жоғары. 
 Жиырма  жылдық  тарихында  Ассамблея  қарқынды  дамып,  елеулі 
өзгерістерді  бастан  кешірді.  Оның  дамуы  барысында  Н.Назарбаевтың 
этносаралық  толеранттылық  және  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық  үлгісі 
қалыптасты.  Осы  жылдар  ішінде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 
институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті  толысты, 
ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея 
ел  Президенті  Төрағалық  ететін  конституциялық  орган  болып  табылады.  Бұл 
оның ерекше мәртебесін айқындайды.  

     
 
 
68 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының 2008 
жылғы  20  қазандағы  N  70-IV  Заңында  оның  құқықтық  мәртебесі  көрсетілген. 
Осы  заң  этносаралық  қатынастар  саласындағы  негізгі  принциптерді  айқындай 
отырып,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мен  оның  құрылымдарының  мәртебесін 
заң  деңгейінде  бекітті.  Этносаралық  қатынастар  субъектілерінің  жұмысының 
елімізде  жүргізіліп  келе  жатқан  саяси  бағытпен  үндес  жаңа  жүйесін 
қалыптастырды. 
Заң  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  ұлттық  саясатты  іске 
асыруға,  қоғамдық-саяси  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуге,  мемлекеттік  және 
қоғамның  азаматтық  институттарының  этносаралық  қатынастар  саласындағы 
өзара  іс-қимылының  тиімділігін  арттыруға  бағытталған  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 
Ассамблея  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  бүкіл  аумағында 
жүзеге  асырады.  Облыстардың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың, 
астананың)  ассамблеялары  —  облыстардың  (республикалық  маңызы  бар 
қаланың,  астананың)  әкімдері  жанындағы  заңды  тұлға  құрылмай,  қызметін 
Ассамблея  үйлестіретін  мекемелер.  Ассамблеяның  мақсаты  болып  қазақ 
халқының  топтастырушы  рөлін  арқау  ете  отырып,  қазақстандық  патриотизм, 
Қазақстан  халқының  азаматтық  және  рухани-мәдени  ортақтығы  негізінде 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен біріктірілген қазақстандық 
азаматтық біртектілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде 
Қазақстан  Республикасында  этносаралық  келісімді  қамтамасыз  ету  болып 
табылады [6]. 
Ассамблеяның негізгі міндеттері 
-  этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік  органдармен  және 
азаматтық  қоғам  институттарымен  тиімді  өзара  іс-қимылды  қамтамасыз  ету, 
қоғамда  этносаралық  келісімді  және  толеранттықты  одан  әрі  нығайту  үшін 
қолайлы жағдайлар жасау; 
-  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде Қазақстан 
халқы бірлігін нығайту; 
-  қоғамдағы  экстремизмнің  және  радикализмнің  көріністері  мен  адамның 
және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарына  қысым  жасауға  бағытталған 
әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;  
- азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатысу; 
-  Ассамблеяның  мақсаты  мен  міндеттеріне  қол  жеткізу  үшін  этномәдени 
және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; 
-  Қазақстан  халқының  ұлттық  мәдениетін,  тілдері  мен  дәстүрлерін 
өркендету, сақтау және дамыту болып табылады. 
 Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары:  
-  қоғамдық  келісім  мен  жалпыұлттық  бірлік  саласындағы  мемлекеттік 
саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу; 
- қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;       
- мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;   
- этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру; 
-  демография  және  көші-қон  саласындағы  жоспарлар  мен  іс-шараларды 
әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 
-  елде  және  шет  елдерде  этносаралық  және  конфессияаралық  келісімнің 
қазақстандық моделін насихаттау;  

     
 
 
69 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
-  этносаралық  келісімге  қол  жеткізуге  бағытталған  ағартушылық  және 
баспа қызметін жүзеге асыру; 
- этносаралық қатынастар жай-күйінің, оның ішінде мемлекеттік тіл мен 
Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге 
асыру;  
-  қоғамдық  келісім  мен  жалпыұлттық  бірлік  саласындағы  мемлекеттік 
саясат  мәселелері  жөніндегі  заң  жобаларына  қоғамдық-саяси  сараптамаға 
қатысу;  
- шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін 
сақтау  және  дамыту,  оның  тарихи  Отанымен  байланыстарын  нығайту 
мәселелерінде қолдау көрсету;  
-  этносаралық  қатынастар  саласындағы  келіспеушіліктер  мен  дауларды 
реттеу,  қақтығысты  жағдайларды  болдырмау  жөнінде  ұсынымдар әзірлеу  және 
практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу; 
-  этномәдени  қоғамдық  бірлестіктерге  әдістемелік,  ұйымдастырушылық 
жене құқықтық көмек көрсету;  
- этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен 
қоғамдық 
бірлестіктердің 
диалогын 
қамтамасыз 
ететін 
семинарлар, 
конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;  
-  этносаралық  және  конфессияаралық  келісімді  қамтамасыз  ету 
мәселелері  бойынша  азаматтық  қоғам  институттарымен  және  халықаралық 
ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; 
-  Қазақстанның  басқа  да  этностарына  өздерінің  тарихи  отанымен 
байланысын дамытуға жәрдемдесу;  
- этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының 
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет болып табылады [6]. 
Қазақстандағы  ұлтаралық  бейбітшілік  пен  ынтымақтастықты  құқықтық 
реттеуде  Елбасының    халыққа  жолдауларының  орны  айрықша.  Президентіміз 
әрбір  жолдауында  ел  бірлігін  бірінші  орынға  қояды.  Мемлекет  басшысы  Н.Ә. 
Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: 
«Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз 
барлық  қазақстандықтар  арасындағы  сенімді  нығайтуға  тиіспіз!  Бір-бірімізге 
тағатты  болуымыз  керек!  Бұлар  –  Қазақстанның  болашағына  кілттер. 
Этносаралық келісім  –  ол  өміршеңдік оттегі»,  –  деп ерекше атап көрсетті.  Бірақ 
қазіргі  таңда  барша  қазақстандықтардың  алға  қойған  идеологиясы  болып  
«Мәңгілік  ел  »  жобасы  табылады.  2014  жылғы  17  қаңтарда  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір 
мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы  жарияланған 
болатын.  Ондағы  басты  мақсат  –  Қазақстанның  ең  дамыған  30  мемлекеттің 
қатарына  қосылуы.  Ол  –  «Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ 
басатын  жаңа  дәуірдің  кемел  келбеті.  2050  Стратегиясының  жаңа  логотипі 
бірліктің  мазмұны.  Ол  қазақтың  ұғымындағы  бірлік  пен  қауымдастық  белгісін 
бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. 
Біріншіден,  логотиптің  негізі  болып  табылатын  шаңырақты  біз  алдымен 
елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның 
символы.  Бізде  ортақ  аспан,  ортақ  Отанымыз  Қазақстан  және  ортақ  ұлттық 
идеямыз  2050  Стратегиямыз  бар.  Шаңырақ  сөзі  «шаң»  –  күн  деген  ұғымнан 
бастау  алады.  Сол  себепті  де  болар,  ол  қазақстандықтарға  көпұлтты  елдегі 
бірліктің белгісі ретінде танылады. 

     
 
 
70 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
Туған  еліміздің  мемлекеттігін  одан  әрі  нығайтуға,  әлеуметтік-экономикалық 
әлеуетін арттыруға және халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бастайтын Елбасы 
жариялаған бес халықтық реформаның төртінші бағыты «Біртектілік пен бірлік» 
деп аталады. 
Болашағы  біртұтас  ұлттың  бойындағы  жасампаздық  әлеуетті  түбегейлі 
ашуға мүмкіндік беретін төртінші  бағыт  көзі ашық, көкірегі ояу адамды бейжай 
қалдырмайды.  Мұндағы  85-ші  қадам  «Мәңгілік  Ел  патриоттық  актісі  жобасын 
әзірлеу» деп аталады [7]. Бұл акт азаматтық қағидатқа негізделген қазақстандық 
біртектілікті  одан  әрі  нығайтып,  мемлекет  құраушы  ұлт  ретінде  қазақ  халқына 
айрықша  жауапкершілік  жүктеп,  «Мәңгілік  ел»  идеясының  жалпы  азаматтық 
құндылықтар жүйесі ретінде көрінуінің тиістігін айқындамақ. «Тәуелсіздігімізбен 
бірге  халқымыз  мәңгілік  мұраттарына  қол  жеткізді.  Біз  еліміздің  жүрегі, 
тәуелсіздігіміздің  тірегі  –  Елордамызды  тұрғыздық.  Қазақтың  мәңгілік  ғұмыры 
ұрпақтың  мәңгілік  болашағын  баянды  етуге  арналады.  Ендігі  ұрпақ  –  мәңгілік 
қазақтың  перзенті.  Ендеше,  Қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  «Мәңгілік  Ел»  болып 
қала  бермек»,  -  деп  Президентіміз  атап  көрсеткендей,  аталмыш  патриоттық 
жобаны осындай негізгі құндылықтарға сәйкес дайындау жоспарлануда. Сондай-
ақ, Ұлт жоспарының 86-шы қадамында бүгінгі ұлтаралық татулықтың ұйытқысы 
болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына  «Үлкен ел  – үлкен отбасы» кең 
көлемді жобасын әзірлеуді және жүзеге асыруды жүктейді. 
Қазақстандағы  ұлтаралық  қаныстарды  құқықтық  реттеу  тұрақты 
қарқынмен  дамуда.  Әрбір  ұлт,  әрбір  этнос  қоғам  мен  мемлекет  алдындағы 
жауапкершілігін  осындай  сәттерден  таныта  білу  керек.  Әлемдегі  қазіргі  кездегі 
демократиялық  көпұлтты  мемлекеттердің  дамуына  зер  салып  қарасақ,  онда 
олардың  барлығының  қоғамдағы  ұлты  әр  түрлі  адамдардың  бірлесіп  өмірдің  әр 
түрлі 
салаларындағы 
демократиялық 
тетіктерді 
нығайту 
мен 
полиэтникалылықтың сақталуының және ұдайы өндірілуінің арасындағы қарама-
қайшылықтарды  үнемі  шешіп  отырудың  шешіп  отырудың  қиын  жолдарынан 
өткендігін байқаймыз. 
Дүниежүзінің  тарихи  тәжірибесінің  көрсетіп  отырғандай,  ұлт  саясатының 
қандай  кезеңде,  қандай  жағдайда  болмасын  мемлекет  пен  қоғам  алдындағы 
маңызды  проблеманың  және  болып  қала  бермек.  Сондықтан  елімізде  іске 
асырылып  отырған  ұлт  саясаты  ұлттық  өмірде  бейіт  жолмен  реттеудің  және 
дамытудың  маңызды  фокторы  болып  табылады.  Бұл  бағыттағы  Қазақстанның 
тәжірибесі, атқарып жатқан іс-шаралары әлемнің көптеген елдерінде болып өткен 
конференцияларда  халықаралық  сарапшылар  тарапынан  жоғары  бағалауға  ие 
болып отыр. 
Жалпы  алғанда,  біздің  елеміздегі  ұлт  саясаты  төмендегідей  принциптерге 
сүйенеді:  адам  құқықтары  мен  ұлт  құқықтарының  мен  ұлт  құқықтарының 
парасаты түрде үйлесім табуы; ұлттар,  ұлыстар мен халықтар арасындағы ізгілік, 
ұлтаралық  келісім  мен  ынтымастық  қатынастары,  өзара  көмек  пен  бірін-бірі 
қолдау;  қоғамның  тұрақтылығы  мен  тұтастығы;  ұлттық  құндылықтар  мен 
жалпыадамзаттық 
құндылықтардың 
үйлестірілуі; 
конструтивті 
ұлттық-
ерекшелікті мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың 
әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының теңдігі мен теңестіріуі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  1995  жылы  30  тамызда 
қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.  

     
 
 
71 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 

https://kk.wikipedia.org/wiki/
  
3  Баймаханов  М.Т.  и  др.  (отв.  ред.)  Конституция  Республики  Казахстан. 
Научно-практический комментарий. – Алматы: Раритет, 2010. – 400 С. 
4  Байжұманова  А.М.  Қазақстан  Республикасының  конституциялық 
құқығы. Оқу құралы. –Талдықорған: «Жетісу баспасы», 2013. -258 б. 
5 Нурсултан Назарбаев . В потоке истории.  – Алматы:  «Атамұра» 1999. – 
295 б. 
6  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
2008 жылғы 20 қазандағы Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі 
7  Ұлт  жоспары  –  Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаевтың  бес 
институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы. − Астана. – 
2015. 
 
 
ОӘК 342.4 
 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ  
НЕГІЗДЕРІ 
 
Мажбек Айдана 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Құқықтану» 
мамандығының студенті, Талдықорған қаласы 
AliaCop@mail.ru
 
Каталог: journals
journals -> Хабаршы вестник
journals -> Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева
journals -> Л-фараби атында ы аза лтты
journals -> Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук
journals -> Казахский национальный
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Казахский национальный
journals -> №4(68)/2012 Серия филология

жүктеу 7.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет