Регистрационный №4188-ж №1, 2016 г



жүктеу 7.79 Kb.
Pdf просмотр
бет5/20
Дата23.03.2017
өлшемі7.79 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Мектептегі психологиялық қызмет// журнал Алматы -2014ж. №5,7 
2.
 
Наубаева  Х.Т.  Педагог-психологтарға  практикалық  көмекші  құрал,  -
Талдықорған, 2012. 
3.
 
Дастанқызы Б. Психологиялық жаттығулар жинағы Алматы, 2007 – 196 б. 
 
 
ӘӨЖ 37.018 
 
АДАМНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ 
 
Капенова А.А. п.ғ.к., доцент 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік ниверситеті, Талдықорған қаласы 
aka72@list.ru 
 
Мақалада  бүгінгі  дағдарыс  кезіндегі  адамның  психикалық  денсаулығы, 
эмоционалды аясы, әлеуметтік денсаулық пен психикалық денсаулық мәселелері, 
әлеуметтік және психикалық денсаулық критерийлері қарастырылады. 
В  данной  статье  рассматриваются  современные  проблемы  психического 
здоровья,  критерии  психического  и  социального  здоровья,  влияние  окружающей 
среды  на  психическое  здоровье  людей,  а  также  влияния  зон  риска  на  здоровье 
нации в целом. 
The  article  focuses  on  modern  mental  health  problems,  criteria  of  mental  and 
social health, environmental influences on mental health, and the influence of risk areas 
on the health of the nation overall 
Кілт  сөздер:  дененің  саулығы,  психикалық  денсаулық,  әлеуметтік 
денсаулық, ағзаның функционалды қызметі, ой белсенділігі, психология, медицина 
 
Дүниежүзілік  психикалық  денсаулық  федерациясы,  әлемдік  денсаулық 
сақтау  ұйымының  көрсеткен  қолдауына  орай,  1992  жылы  10  қазанды 
халықаралық психикалық денсаулық күні деп жариялаған. 

     
 
 
39 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
Қазіргі таңдағы әлемдік дағдарыс адамдар бойында психоәлеуметтік және 
психоэмоционалды  қысым  түсіруде.  Адам  қоршаған  ортамен  дене  және  рухани 
үздіксіз байланысқан жүйе.  
Бүгінгі  таңдағы өркениет дамуында  адамның психикалық денсаулығы аса 
негізгі  мәселелері  қатарында  тұр.  Осыған  байланысты,  соңғы  жылдары  аталған 
проблемаға қызығушылық байқалып, әркім де болса өз денсаулығын жақсартуға 
ден қойып жатыр. Денсаулықтың өзі: дене саулығы, психикалық денсаулық және 
әлеуметтік денсаулық деп ерекшеленеді. 
Дененің саулығы - бұл ағзадағы физиологиялық үрдістер үйлесімділігі мен 
оның әртүрлі сыртқы орта факторларына максималды бейімделуі. 
Психикалық денсаулық  – психогигиена, адамның рухани аясының өзіндік 
тәртібі, ниет пен ой тазалығы. Психикалық денсаулық сонымен қатар, психиканы 
жаттықтыру  мен  психикалық  үрдістерді  дамыту  және  де    ақыл  мен  сезімді 
тәрбиелеумен сипатталады. 
Ал,  әлеуметтік  денсаулық  –  адамның  қоршаған  ортаға  қатынасы  мен 
әлеуметтік белсенділігі. Әлеуметтік денсаулық  - бұл адамның өзін қоғамның бір 
бөлшегі ретінде түсіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезінуі. 
Бұл адамның материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз етілуі. Әркімнің де 
денсаулығы оның өмірі мен тіршілігі өтетін қоршаған орта жағдайына тікелей 
байланысты.  Ал,  тіршілік  ортасы  –  табиғи,  қоғамдық  түр  ретінде 
қалыптасуына мүмкіндік беретін табиғи және жасанды жағдайлар жиынтығы 
болып табылады. 
«Психикалық  денсаулық»  ұғымы  медицина мен  психологиялық  ғылымды 
байланыстырады. Психикалық денсаулық - адамның қимыл-қозғалыс және ойлау 
белсенділігінің  деңгейін  анықтап,  ағза  мүшелері  қызметі,  жалпы  денсаулыққа 
әсер  етеді.  Психикалық  денсаулық  –  даралықтың  өзін  лайықты  психикалық 
қадағалауын  қамтамасыз  ететін  қолайлы  психикалық  қалып.  Психикалық 
денсаулық  адамның  жаңа  білімді  қабылдау  қабілеті,  психикалық  үдерістердің 
күші,  қозғалғыштығы.  Еңбек  өнімділігінің  өзі  адамның  психикалық 
денсаулығына  тікелей  байланысты  жүреді.  Психикалық  денсаулық  проблемасы 
ресейде  Б.С.Братусь,  И.В.Дубровина,  Г.С.Никифоров,  елде  С.М.Жақыпов, 
Ж.Ы.Намазбаева, 
Х.Т.Шерьязданова, 
Қ.Н.Нығыметова 
еңбектерінде 
қарастырылған[1, 2, 3, 4]. 
Пессимист  бағыт  ұстаушы  адамдардан  аса  жарқын,  аса  нәтижелі,  жемісті 
ойлар мен шешімдер күту қиынға соғады. Адамның психикалық денсаулығының 
нашарлауы  көптеген  психологиялық  кедергілерге  әкеліп  соғады.  Осыдан  келіп 
психикалық денсаулық пен эмоция арасындағы байланысты байқау да қиын емес. 
Басқа адамның эмоционалды көңілін түсіне алу, оған аса сезімталдылықпен қарау 
– жоғары тәртіп мәдениетін айғақтайды[5]. 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  Жарғысындағы  (1948)  кіріспе 
сөзіне  көрсетілген  анықтама  бойынша,  денсаулық  –  бұл  аурулар  мен  дене 
кемшіліктердің  болмауы  ғана  емес,  ол  адамның  толық  дене,  жан  саулығы  және 
әлеуметтік сау күйі [6].  
Адамның  генетикалық  денсаулығы  жалпы  алғанда  «денсаулық»  түсінігін 
құрайды.  Денсаулық    –  бұл  тек  аурудың  болмауы  емес,  ол  толық  дене, 
психологиялық  және  әлеуметтік  сәттіліктер.  Негізінен,  денсаулықтың:  дене, 
психикалық,  ақыл-ой,  рухани,  эмоционалды,  әлеуметтік  денсаулық  сияқты 
бірнеше қырлары бар.  

     
 
 
40 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
Денсаулық  –  баға  жетпес  жалғыз  ғана  асыл  дүние.  Ол  жақсы  болу  үшін 
уақыт,  күш  –  жігер,  еңбек,  тіпті  барлық  дүниені  аямаған  абзал.  Зерттеу 
нәтижелері  көрсеткендей,  адам  денсаулығының  медицинаға он  пайызы  ғана 
тәуелді. Ал қалғаны әр адамның өзіне, өмір сүру тәсіліне байланысты екен. 
Адамның денсаулығы – өзгеріске ұшыраған қоршаған орта жағдайындағы 
адамның  жас  және  жыныс  ерекшелігіне  сай  дене,  психикалық  тұрақтылық 
қабілеті. 
Денсаулықтың басты белгілеріне: 
- зақымдалған факторлар әсеріне тұрақтылық; 
- орташа статистикалық нормалар көлеміндегі даму мен өсу көрсеткіштері; 
- орташа статистикалық норма көлеміндегі ағзаның функционалды жағдайы, күйі; 
- ағза қорының (резерв) мүмкіндігінің болуы; 
- ағзадағы қандай да бір ауру немесе дамудағы ауытқудың болмауы; 
-  моральды-еріктік  және  құндылық-мотивациялық  құрылымның  жоғары  деңгейі 
жатады. Осылайша, денсаулық – ол тек медициналық диагноз емес, оны бағалауға 
және оған әсер етуге болатын дене және әлеуметтік өлшемдер жиынтығын береді. 
Психикалық денсаулыққа үстіртін қарауға болмайды. 
Жоғары психикалық үрдістер қызметінің дамуы психикалық денсаулықты 
қамтамасыз етеді. Баланың үйлесімді дамып, қалыптасуында оның жекелей және 
жас  ерекшелік  мүмкіндіктері  есепке  алынбай,  психологиялық  жаңа  құрылымдар 
қалыптасуы  үшін  қажетті    жағдай  орнатылмауы  психикалық  денсаулықтың 
бұзылуына әкеліп соғады. 
Бала  өмірге  келген  кезден,  жаңа  әлеуметтік,  психикалық  өлшемдерге  тап 
болса  да,  ол  әлі  де  көпке  дейін  ментальды  симбиозды  күй  кешеді.  Осы  туралы  
Жан Пиаже психика дамуының кезеңдік тұжырымдамасында, алғашында нәресте 
өзін ортамен біртұтас күйде сезінеді, бала өзінің дара, дербес тұлға екенін екі-үш 
жасқа  толып,  түрлі  әрекеттер  орындап,  «Мен»  бейнесін  түсіне  бастағанда  ғана 
сезінеді  деп  пайымдаған  [5].  Ата-аналар,  жалпы  бала  тәрбиесімен  айналысатын 
педагог-психолог  мамандар  баланың  психикалық  денсаулығы  ақыл-ой,  дене, 
психикалық  және  рухани  дамуы  өзара  байланысты  әрі  үндесе  жүзеге  асқан 
жағдайда  нәтижелі  болатындығын  естерінде  сақтағандары  жөн.  Осы  орайда, 
рухани білім алу қажеттілігі әрбір адам үшін аса маңызды болып табылады.  
Адамның рухани білімі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көбірек рухани 
қанағат  алады.  Ол  өз  кезегінде  өмірде  өзін  жақсы  сезіне  алады.  Рухани  рахат 
ұзаққа созылады және адам санасында терең із қалдырып, шынайы рахат сезіміне 
бөлейді.  Баланы  рухани  дамытуда  мейірімділік, қайырымдылық,  кішіпейілдік, 
айналадағы адамдарға қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді 
бойына сіңіре білу керек.  
Әркім  бақытты өмір  сүру үшін ең әуелі  рухани саулығына назар аударуы 
керек. Рухани саулыққа көңіл бөлінген жағдайда адам ойлау қабілеті жоғары, кез-
келген  ортада  өз  орнын  білетін,  сөзі  мен  ісіне  жауапкершілікпен  қарайтын, 
қоршаған орта туралы хабардар жан болады. 
Баланың психикалық денсаулығы оның әлеуметтік өміріндегі: этникалық, 
отбасылық,  білім  беру,  ақпараттық,  рухани  және  басқа  да  көптеген  факторларға 
байланысты. Осы көрсетілген факторлардың әрқайсысы, бүгінде өзіндік дағдарыс 
кешуде.  Атап  айтса,  отбасы  -  баланың  әлеуметтену  үрдісіндегі  психологиялық 
орта ретінде дағдарыс кешсе, мектептегі білім беру ортасы 12 жылдық білім беру 
жүйесіне  көшу  бағытында,  ал  кең  көлемдегі  ақпарат  өсіп,  қалыптасып  келе 

     
 
 
41 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
жатқан  бала  психикасына  өзінше  із(агрессия,  оқшаулану,  қынжылу  т.с.с) 
қалдыруда.  
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  сарапшылары  бүгінде  балаларда: 
эмоционалды  бұзылулар,  тәртіп  ауытқушылығы  және  дамудағы  кешеуілдер 
сияқты  негізгі  үш  психикалық  бұзылуларды  бөліп  көрсетуде.  Соның  ішіндегі 
эмоционалды  бұзылулар  қыз  балалар  мен  ер  балаларда  теңдей  кездесіп  жатса, 
тәртіп ауытқушылығы мен дамудағы кешеуілдер ер балаларда ерекше байқалуда.  
Әлеуметтік,  биологиялық  және  психологиялық  сипаттағы  сәтсіз  әрі 
үйреншікті емес әсерлер бала тәртібі мен мінез-құлқында болдыру, шаршау, үрей, 
мазасыздану, аффект, фрустрация сияқты құбылыстарды қалыптастырады. 
«Орта»  түсігіні  кең,  ауқымды  мағынада  қолданылады.  В.В.Левин  «орта» 
түсінігін  «адамдар  ортасы»,  «қоршаған  орта»,  «тіршілік  ортасы»,  «адамзат 
ортасы»  сияқты  ұғымдармен  байланыстырады[4].  Адамды  айнала  қоршаған 
ортаны  –  табиғи  орта,  квазитабиғи  орта  (ландшафт,  топырақ,  су,  ауа, фауна мен 
флора),  жасанды  орта  және  әлеуметтік  орта  деп  төрт  түрге  бөліп  қарастыруға 
болады.  
Осылайша,  психикалық  денсаулықтың  дұрыс  болуы  климаттық  аймақ, 
тұрғын  үй,  тіпті  баспана  жағдайына  да  байланысты.  Кеңістіктің  көлемі,  ауа 
температурасы,  ол  жердегі  жиhаздардың  өздері  тұрғын  үйдің  микроклиматы 
ретінде психикалық денсаулық көрсеткіші болып табылады. 
Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуі адамның психологиялық 
денсаулығы  мен  күйзелістік  құбылыстар  арқылы  әсер  етеді.  Адам  әлеуметтік 
жүйенің  «фокус»,  «орталығы»  ғана  емес,  ол  сонымен  қатар,  биологиялық 
жаратылыс.  Ол  қозғалысқа  түсуге  қабілетті,  физиологиялық,  биологиялық, 
әлеуметтік,  ақпараттық,  энергетикалық  т.б  заңдылықтармен  өзара  байланысқан 
өзін-өзі басқаратын тұтас жүйе.  
Соңғы  жылдары  американ  ғалымдары  барлық  қатерлі  ісік  ауруларының 
тоқсан пайызы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты болатындығын 
айтады.  Аурулар  индустриальды  және  ластанған  аудандарда  жиі   кездеседі. 
Кез-келген  адам  тіршілік  етудің  алғашқы  кезеңінің  өзінде,  белгілі  бір  тіршілік 
ортасында  өзара  ортақтастықта  болады:  белгілі  бір  ортада  оқып,  білім  алады, 
жекелей тұлғалық сапа, қасиеттерді меңгереді.  
Жаһандық  экономикалық  ахуал  қиыншылығына,  өтіп  жатқан  дағдарысқа 
байланысты  Қазақстан  бүгінде  нарықтық,  әлеуметтік,  саяси  бағыттағы 
бетбұрыстарды басынан кешуде. 
Психикалық  дені  сау  тұлға  қалыптастыру  жағдайында  әр  адам  үшін 
төменде көрсетілген әлеуметтік факторлардың алатын орны ерекше. Олар: 
-  макроәлеуметтік  фактор  –  мемлекеттің,  елдің  нақты  тарихи  жағдайлар  мен 
мәдени салт -дәстүрі; 
-  микроәлеуметтік  фактор  –  қоғамдағы  әр  отбасының  экономикалық  әл-аухаты, 
жағдайы; 
-  психоәлеуметтік  фактор  –  нақты  отбасы  үшін  қажеттіліктер  иерархиясындағы 
денсаулықтың алатын орны мен рөлі; 
-  психологиялық  фактор  -  нақты  отбасы  үшін  денсаулық  иерархиясындағы 
тұлғалық бағыт – бағдар: 
-  тәуекел  факторы  –  бұл  тәуекел  факторларының  шынайы  байқалуы.  Келешек 
ұрпақтың  үйлесімді  психофизиологиялық  жетілуін  жақсарту,  психикалық 
денсаулығын нығайту – бүгінгі таңдағы әлеуметтік саладағы негізгі міндет. 

     
 
 
42 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
Еңбек,  оқу  және  тынығудағы  зерделі  құрылған  күн  тәртібі  -  баланың 
психикалық денсаулығының кепілі. Бұл жерде еңбек: ой және дене  еңбегі болып 
бөлінеді.  Тынығу:  белсенді  және  пассив  болады.  Күн  тәртібідегі  қатал  шарттар 
стресс  жағдайына  әкелуі  мүмкін.  Осылайша,  бала  сәтті  психикалық  және  дене 
жағдайында ғана дені сау тұлға ретінде дамып, қалыптаса алады.  
 
Сонымен, психикалық денсаулық онтогенездің барлық кезеңіндегі баланың 
толыққанды  психикалық  дамуының  негізгі  құрауышы.  Жоғары  психикалық 
қызметтің дамуы психикалық денсаулықты қамтамасыз етеді. 
Баланы түрлі аурулар, аштық, ластанған қоршаған ортадан сақтандыру 
мемлекет,  отбасы,  басқа  да  қоғамдық  ұйымдар  алдында  тұрған  басты 
міндеттердің  бірі  болып  табылады.  Олай  болса,  келешек  ұрпақтың 
психологиялық денсаулығын, психологиялық білімі мен сауаттылығын жақсарту 
жолында әр адам асқан жауапкершілік таныта білуі тиіс. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Братусь  Б.  С.  Образ  человека  в  гуманитарной,  нравственной  и 
христианской психологии // Психология с человеческим лицом: гуманистическая 
перспектива в постсоветской психологии. - М., 1999. С.67-91. 
2.  Жақыпов  С.М.  Жалпы  психология  негіздері.Оқулық  -Алматы:  Алла 
прима, 2012.- 36 б. 3. Намазбаева Ж.И. Психологические проблемы формирования 
поликультурной личности. - Алматы: Каз НПУ им. Абая, НИИ Психологии 2008. 
– 22с 
4.  Абеуова  И.А.,  Нығметова  К.Н.,  Шерьязданова  Х.Т.  Психопедагогика 
здоровья: Учебное пособие. – Алматы: 2006., -140с 
5. Никифиров А.С. Эмоции в нашей жизни – Москва., 2009., 272с 
6. The mental health context. Geneva, World Health Organization, 2003 (Mental 
Health Policy and Service Guidance Package). 
 
 
ӘОЖ 159.9  
 
ДАУ-ДАМАЙЛЫ   ЖАҒДАЙДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ТҰРҒЫДА ТАЛДАУ 
ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ 
   
Кабылова М.С.    
Педагогика ғылымдарының магистрі 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы
madina.3024@ mail. ru. 
 
Мақалада  қарым-қатынастағы  дау-дамайдың  әлеуметтік-психологиялық 
әсерін  теориялық  талдау  және  дау-дамай  –  күрделі  қайшылықтардың  пайда 
болуы,  қарама-қарсы  қызығушылықтардың  қақтығыстары,  күшті  эмоциялық 
көңіл-күйлермен  байланысты  әртүрлі  мәселелерге  өзара  түсініктің  болмауы 
туралы қарастырылады. Бұл дамушы ғылым ретінде әлеуметтік-психологиялық, 
заң  және  педагогикалық  білімдердің  жиынтығына  сүйенеді.  Бұл  – 
қақтығыстардың  тууы,  дамуы,  оны  шешу,  сонымен  қатар,  оның  кері  салдарын 
жою  заңдылықтары  туралы  ғылым.  «Дау-  дамай»  ұғымы  міндетті  түрде 
адамдардың  немесе  қандай  да  бір  нәрселердің  арасында  пайда  болатын  көп 
деңгейлі құбылыстардың кең шеңберінде жатады. 

     
 
 
43 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
В статье анализируются теоритические аспекты конфликта в общении. 
Конфликт-возникновение  сложных  противоречий,  конфликт  противоположных 
интересов,  это  сильные  эмоциональные  разногласия  в  разных  ситуациях. 
Конфликт в виде развивающей науки опирается на социально-психологические и 
педагогические  науки.  Это  наука  рассматривает  возникновение,  развитие  и 
методы решение конфликтов. Понятие «конфликт» рассматривается  в рамках 
отношения людей и предметов.  
The  article  examines  the  theoretical  aspects  of  the  conflict  in  communication. 
Conflict – emergence of complex conflict, the conflict of opposing interests, these strong 
emotional differences in different situations. Conflict as a developing science based on 
social-psychological and pedagogical sciences. This science considers the occurrence, 
development and methods of conflict resolution. The concept of “conflict” is considered 
within the relationship of people and objects. 
Кілттік  сөздер: Дау-дамай, қарым-қатынас, даму кезеңдері, биологиялық 
себептері,  инстинкт,  дағдарыс,  агрессия,  фрустрация,  тұқымқуалаушылық; 
тұлғааралық, тұлғаішілік қақтығыстар. 
 
Қарым-қатынас  бұл  белгілі  мақсатқа  бағытталған  немесе  сол  мақсатқа 
жетудегі  ақпарат  алмасу  ғана  емес,  осы  үрдіске  қатысушылардың  іс-  әрекеті. 
Адам өмірінде қарым-қатынас процесі маңызды роль алады. Сондықтанда қарым-
қатынас  процесі  білімнің  әр  түрлігі  саласының  қызметкерлерінің  назарын 
аударып отырғаны кездейсоқ емес. Мысалы, философия, психология, социология, 
мәдениеттану  және  лингвиситика.  Қарым-қатынас  процесі  XX  ғасырдың  екінші 
жартысында  белсенді  түрде  дами  түсті.  1960-70  жылдары  қарым-қатынастың 
әртүрлі  аспектлері    психологтар  мен  лингвистердің  әлеуметтік  және 
психологиялық  сипаттамасына,  коммуникативтік  актлердің  семантикалық  және 
тілдік  мінез-құлықтың  ерекшеліктері  мен  ережелеріне  аударды.  Енді  қарым-
қатынас  іскер  және  достастық  өзара  қатынас,  тілдік  белгілер  арқылы  ой  алмасу 
ретінде  анықталады.  Сонымен  зерттеушілер  қарым-қатынасқа  қатысушылардың 
психологиялық  сипаттамаларына,  тілдік  іс-әрекет  ерекшеліктеріне,  тілдік  мінез-
құлық ережелеріне көңіл аударып, зерттеуге тырысты.  Психологиялық 
және 
әлеуметтік  әдебиеттерде  «қарым-қатынас»  пен  «коммуникация»  ұғымы  бір-
бірімен қалыптасатын, бірақ синоним емес ұғымдар ретінде қарастырылады. XX 
ғасырдың  басында  ғылыми  әдебиете  пайда  болған  «коммуникация»  термині 
материалдық және рухани әлемнің кез келген обьектілерінің байланысы, адамнан 
адамға ақпарат алмасу процесі (ойлар, пікірлер, көзқарастар алмасуы), сондай-ақ 
әлеуметтік процестерге әсер ету мақсатындағы қоғамдағы ақпарат алмасу ретінде 
қолданады.    Қарым-қатынас  танымдық  және  интелектуалдық  ақпарат  алмасу 
кезіндегі  адамдарды  тұлғааралық  өзара  іс-әрекеті  деп  қарастырады.  Оның 
негізінде мәдени құндылықтар мен нормалар жатыр, оның ең биік шыңы адамның 
жеке  мінез  құлқы  және  басқа  адамдармен  қарым-қатынасы  болып  табылады. 
Қарым-қатынас  адам  өмірінің  рухани  және  материалдық  формаларының 
саналуандығын  сипаттайды  және  тұлға  өміріндегі  ең  маңыздылық  қажеттілік 
болып табылады.    
Поляк  психологы  С.Мелибруда  өз  еңдегінде  «Өзара 
қарым-қатынастың  маңыздылығы,  біз  дем  алып  жүрген  ауадан  ешбір  кем  емес 
екендігі  ешкімге  құпия  емес»  -  деп  жазады[1].  Ал  француз  халқының  ұлы 
жазушысы  Антуан  де  Сент-Экзюпери  «Нағыз  байлық,  бұл  адамның  қарым-
қатынасы»-деген  қағидасын  ортаға  салады  [2].  Қарым-қатынас  қажеттілігі 
материалдық  жағдайларды  өндірудегі  бірлескен  әрекет  қажеттілігінен 

     
 
 
44 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
туындайды.  Ал  рухани  өмір  аумағында  тұлғаның  әлеуметтік  тәжірбибені 
жинақтау  қажеттілігі  негізгі  орынды  алады.   Дегенмен  екі  формасында  да  басқа 
адамдармен  бірлеспей  қарым-қатынастың  жүзеге  асуы  мүмкін  еместігі  айқын. 
Қарым-қатынас  мәселесін  талқылауда  ғалымдар  «қарым-қатынас»  ұғымының 
мәнін  ашуға  көп  көңіл  бөледі.  Көп  жағдайда  қарым-қатынасты  адам  әрекетінің 
бір  түрі  ретінде  яғни,  «қарым-қатынас  әрекеті»,  «коммуникативтік  әрекет»-деп 
қарастырып  жүр.  Сонымен  қатар,  қарым-қатынас  үрдіс  ретінде  қарастыратын 
жағдайлар  да  ғылымда  көптеген  кездеседі.  Мысалы,  А.С.Золотнякова  «Қарым-
қатынас  әлеуметтік  және  тұлғаға  бағытталған  үрдіс,  мұнда  жеке  тұлғалық 
қатынастармен  қатар,  құқықтық  құндылық  шарттары  жүзеге  асады»-деп 
анықтама  береді[3].Оның  ойынша,  қарым-қатынас  әлеуметтік  үрдісі  болып 
табылады  және  сол  арқылы  қоғам  индивидке  әсер  ете  алады.  Яғни,  қарым-
қатынас  коммуникативтік-реттеуіш  үрдіс  ретінде  түсіндіріліп,  үрдісте  тек 
әлеуметтілік  құндылық  мөлшері  беріліп  қана  қоймай,  индивид  пен  әлеуметтік 
жүйенің сол құндылықтарды игеруін реттеп отыруы сипатталады.   Ғалым 
А.А.Бодальев  өз  кезегінде  қарым-қатынасты  адамдардың  өзара    әрекетесуі 
ретінде  қарастырады,  оның  мазмұнын  түрлі  коммуникациялық  құралдардың 
көмегімен ақпарат алмасу құрайды деп көрсетеді. Бұл пікірге З.И.Клычникованың 
берген  анықтамасы  жақын  келеді.  Ол  «Қарым-қатынас  белгі    беру  құралдары 
арқылы  субьектілердің  өзара  әрекетесуі,  қарым-қатынас  әрекет  мұқтаждарына 
байланысты  туындайды  және  нақты  өзгерістерге,  мінез  құлыққа,  серіктестің 
тұлғалық мағыналы біліміне бағытталады» -дейді[4].    Айта кету керек бұл жерде 
қарым-қатынасқа  түсуге  зор  үлес  қосатын  бұл-тіл.    Тіл  арқылы  қоршаған 
ортамызбен  қарым-қатынасқа  түсіп,  ой  пікірімізді  бөлісеміз.  Керек  кез  келген 
ұжым  мен  мекемеде,  өндіріс  орындарында  түрлі  себептерге  байланысты  талас-
тартыстар  мен  дау-дамай  болып  отыратындығы  мәлім.  Бұл  мәселені  психология 
ғылымы  адамдар  мен  көпшілік  арасындағы  қарым-қатынаста  психологиялық 
ахуалдың  жағымсыз  көріністері  деп  санап,  оны  өз  алдына  бөліп  қарастырады. 
Өндіріс  орындарында  ұжымдар  ішінде  туындап  отыратын  талас-тартысты,  дау-
дамайлы  мәселелер  негізінен  жеке  адамдардың  мақсат  мүдделерінің,  көз-
қарастары  мен  қалыпты  жағдайлардың  өзгеруіне,  олардың  жеке  бастарының 
мінез-құлық  ерекшеліктерінің  қанағаттанбау  сезімінің  салдарынан  туындап 
жатады.  
Ал  дау-дамайлы  ұжымдарда  олардың  іс  әрекеттерін  дұрыс  ұйымдастыра 
алмай  іскерлік  қасиеттерінің  тоқырап  қалуына  әкеп  соқтырады.  Сөйтіп,  талас-
тартыстың  шығуы  негізінен  тоқырап  қалуға  қарсы  күрес  жүргізуге  байланысты 
екенін
 
аңғартады.
 
Тұлғаның  жас  ерекшелігіне  және  дамуына  байланысты  әр  бір 
адам    қарым-қатынастағы  қажеттілікпен  анықталады,  негізінен  үлкендермен 
қарым-қатынас  жасау  арқылы  немесе  келіспеушіліктен  туындайтын  дау-
дамай(конфликт)  барысында  қанағаттандырылады.  Жеткіншектердің  күнделікті 
дамып, тұлға ретінде қалыптасуы мен қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп 
қарым-қатынас  жасаудың  қаншалықты  әсер  ететіндігін  жете  түсінуге  болады.
 
Адамдар  арасындағы  дау-дамайлы  мәселеде  «сезімдік  күйдің  орнын  толтыру», 
оның  «есесін  қайтару»  дейтін  ұстам  бар.  Бұл  ұстаным  бойынша  сізге  шағынған 
адам «азап көруші», «жәбірленуші» ретінде саналуы қажет. Ал істің шындығында 
жәбірленуші  оның  қарсыласы  екендігі  өзінен-өзі  айқын  байқалып  тұрады. 
Шағынушының  көңілін  басу  үшін    сіз  онымен  әңгімелескенде  бір  жағынан 
мадақтап  та  қойғаныңыз  пайдалы  болмақ.    Өйткені,  халық  даналығы  «жылы-
жылы  сөйлесең  жылан  інінен  шығады»  дейді»[5].  Әңгіме  кезінде  сіз 

     
 
 
45 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
шағындаушыға  «сіз  әр  бір  істің  мән  жайын  жете  түсетіндей  нәзік  не  ақылды 
кісідей  көрінесіз»[6].  Өзіңізге  не  мәлім,  ертеден  келе  жатқан    халық  даналығы 
«екі  адам  керісе  қалса,  әр  кезде  ақылдысы  кінәлі»  деген  мәтел  осыдан  қалған.
 
 
Дау-дамай,  әсіресе  жеке  адамдардың  өзара  жалпы  тіл  тауып,  түсінесе 
алмауы  салдарынан  шығады.  Өйткені,  әр  бір  адамның  даралық  ерекшеліктері, 
көзқарастары мен өмір тәжірибесі түрліше. Сондай-ақ, дау-дамай әрбір адамның 
өзгелерден  тәуелсіз  өзіндік  мінез  құлқына  орай  бостандықты  қалауы  деп  те 
түсінуіміз керек. Дегенмен, дау-дамайдың жағымсыз, ұнамсыз жақтарымен бірге, 
пайдалы  да  ұнамды  сипаттары  болатын  атап  айтуға  тиіспіз.  Жеке  адамдар  мен 
ұжым  ішіндегі  талас-тартысты  мәселерді  дер  кезінде  шешіп  отыру  әрбір  істің 
алдағы  кезеңдерде  тиісті  нәтижелер  беріп,  олар  өмір  тіршілігінде  барынша 
пайдалы  екендігін  атап  айтқан  жөн.  Конфликттің  шығуының  ішкі  және  сыртқы 
себептері бар. 
Сыртқы  себептер:  іскерлік  және  өзаратұлға  аралық  келіспеулер, 
жұмыстағы қателіктер, жұмыс тәртібі мен келісім негізін бұзу. 
Ішкі 
себептер:  жағымсыз  эмоциялық  және  өзара  қатынастың  арасындағы 
байланыс[7].Конфликтінің  басқа  себептері  -  психологиялық  кедергілер 
мінездердің  сәйкес  келмеуі,  талаптардың  сәйкестенбеуі,  өтініш  пен  өкілдердің 
келіспеуі,  қарым-қатынаста  серіктердің  өзара  түсініспеушілігі  мен  бірлескен 
әрекеттерінде  кедергілердің  болуы.  Конфликтология  ғылымында  «сын»  ұғымы 
қолданылады.  Сын  әр  жеке  тұлғаның  әрекет  бағасы  мен  бақылау  формасының 
ұжым  талабына  сай  болмауы.  Сынның  екі  түрі  бар:    1.Іскерлік; 
2.Моральдық(адамгершілік). 
 Іскерлік  сын  -  жұмыстағы қателікті  анықтауға бағытталған. Ол оның себептерін 
ашады және сол жағдайдан шығудың нақты жолдарын көрсетеді. 
 Моральдық сын - жазықтыға қарсы бағытталған айыптау сөзі.Тағылатын сынның 
әрдайым  накты  фактылары  болуы  керек[8].  Егер  ол  аргументке  негізделмесе 
нәтижесіз  болады.Конфликтілі  жағдайды  терең  және  жан-жақты  талдау  өзіндік 
сын  элементтерінен  тұрады,  оны  ерекше  жіктеген  Ю.Краковский.Оның  ойынша 
сын былай болады:  
1.Дем беретін (ештеңесі жоқ, келесі жолы, одан да күшті болады, ал қазір болмай 
қалды);  
 
2.Сын кінәлау (неге? оныңыз қалай? мен сізге сонша сенім артып едім);                                
3.Сын  үміт  (сенемін,  келесі  жолы  бұл  тапсырманы  одан  да  жақсы  орындайсыз);                                                
4.Сын ұқсастық (мен де бұрын дәл осындай қателік жібергенмін);                                                  
5.Сын  мақтау  (жұмыс  жақсы  орындалды,  бірақ  берілген  нақты  жағдай 
ескерілмеді);         
6.Сын  қамық  ойлайтын  (мен  әсіресе  мына  кісілердің  жұмыстағы  болған 
жағдайларын қамып ойлап отырмын);                 
 
 
 
 
 
 
 
               
7.Сын  бірге  уайымдау  (мен  сізді  жақсы  түсініп,  сіздің  жағдайыңызды  қабылдап 
отырмын,  бі                                8.Сын  өкіну  (өкінішті,  бірақ,  айтып  өтуім  керек  сіздің 
жұмысыңыз сапасыз орындалды...);  
9.Сын  мысқыл  (нағыз  керек  жұмыс,  бірақ  бір-біріміздің  кездерімізге  қалай 
қараймыз);      
10.Сын  таң  қалу  (қалай?  неліктен  сіз  осы  жұмысты  орындай  алмадыңыз?) 
[9]Ескертпелі  сындар  этикалық  формада  айтылуы  тиіс,  олар  жеке  тұлғаның  тіке 
өзіне  бағытталып,  оның  есінде  қалатындай,  жеке  басына  және  кәсіптік  қызмет 

     
 
 
46 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
әрекетіне жағымды әсер ететіндей дәрежеде айтылады. Өзіндік сын өзінің қатесін 
ашу  жеке  жұмыстағы  кемшіліктерге  тағылатын  сын.  Өзіндік  сынның  ішкі 
реттеушісі  жауапкершілікті  сезіну.  Сынды  әңгіме  тақырыбына  және  серігінің 
өзіндік сын деңгейіне байланысты ауыстыру қажет. Әсер ету шараларын таңдамас 
бұрын, неге жеке тұлға осындай әрекет жасады деп түсінушілікпен қарау міндет. 
Сынды жасаушынын мінездемесі.  Сын - бұл үшкір, өткір қару, ол тек жасаушы 
ғана  емес,  адамның  жеке  тұлғасының  қасиетін  бұзуы  да  мүмкін.  Сондықтан 
сынды жасаушы сын шешімінін жақсы болуына мынандай жағдай әкелед 
- ол мақсат емес, құрал болуы мүмкін;   
 - сынды сенімі мен сыйластығы бар адам айтады; 
 
 
                                      
- адам емес, іс-әрекет пен іс сыналады;   
 
 
 
                     
 - ол күнделікті жағдайда, не үнемі қолданылмайды;   
 
                          
- ол басқалардан оңашада, достық түрінде ескертіледі;  
Сын  -  дәрі  сияқты,  оны  қолдана  және  қабылдай  білу  керек.  Нақты  және 
тактикалы  сынау  қажет  және  сынаушы  адамның  жағымды  іс-әрекетіне 
негізделеді.  Сын  кезінде  шектен  тыс  шықпаңыз,  мүмкіндігінше  бір  ғана 
кемшілікті  ескертіңіз  және  т.б.  Сын  жағдайында  мына  сұрақтар  жүйесін 
қолданыңыз:  «Бәрі  де  жаман  ба?»,  «Нақты  қай  жерде?»,  «Неге,  себебі 
неде?».Жеке  тұлғаға  зиян  келтірмеңіз,  өзіндік  сенімге  нұсқан  жасамаңыз. 
Конфликтолог,  психолог  кеңесі:  егер  қасыңыздағы  әңгімелесуші  адамға  таңдау 
құқығын берсеңіз, ол өзін ерікті, ыңғайлы сезінеді. Сіздерге  «Қиын таңдауы  бар 
сұрақтар»  технологиясын  қолдануды  ұсынамыз.  Мұның  ерекшелігі:  серігіңізге 
таңдау  варианттарын  ұсына  отырып,  оның  маңызды  мінез-құлық  зейінін 
ауыстырасыз.  Мысалы:  бір  адам  екіншісінен  сұрайды:  «Сіз  менімен  автобуспен, 
таксимен  немесе  жаяу  барасыз  ба?»  Бірнеше  таңдауды  ұсына  отырып,  сізбен 
қандай  жағдайда  болса  да  баруды  ұсынасыз.  Балаларға:  «Сен  қазір  бірден 
ұйықтауға  барасың  ба,  әлде  ойыншықтарды  жинап  болған  соң  ба?»  және  т.б. 
«Мен  бұрыннан  айтайын  деп  жүр  едім»  -  деген  сөздерден  әңгімеңізді  ешқашан 
бастамаңыз, «үнемі» және «ешқашан»терминдерін қолданудан сақ болыңыз, олар 
бұрынғы,  ескі  қателікті  еске  түсіруге  себеп  болады.  Егер  сіз  қарсы  адамда  еш 
жағдайда  мақтамаған  болсаңыз,  ол  сіздің  сыныңызды  қабылдамайды.  Өзгертуге 
болатың  әрекетті  ғана  сынаңыз.  Басқа  адаммен  оны  салыстырмаңыз.  Бұл  оны 
төмендетіп, кемсітеді. Өзіңізге айтылған сынды үнемі мұқият тыңдауға үйреніңіз. 
Ескертпе сынды қалай тыңдау туралы бірнеше кеңестер:                              
- ішкі диалогыңызды тежеңіз; 
 
 
 
 
 
        
 - сынды қайта өрлеуге арналған резерв ретінде қабылдаңыз; 
-  сіз  ескертуді  түсінгеніңіз  туралы  белгі  беріңіз,  оларды  нақтылаңыз  және 
қайталаңыз;         
- қарсы шықпаңыз;   
 
 
 
 
 
 
 
-сынды «қанға-қан, жанға-жан» деп қабылдамаңыз, ешқашан кек сақтамаңыз, кек 
алуға айналдырмаңыз[10].Бұл жағдайда сізді қатерлі, қауіпті және кек алушы деп 
санайды.  Егер  сізді  тәжірибелі  адамдар  сынайтын  болса,  онда  оған  өзіңіз  сын 
айтуды сұраңыз: «Сіздің менен тәжірибеңіз жоғары, сондықтан өзіңіздің ескертпе 
сындарыңызды айтып беруді сұраймын. Сіздің кеңестеріңіз маған пайдалы». Бұл 
жағдайда сын құрылымды, жүйелі болады. Адамдарда реніш сезімін тудырмаңыз, 
сынды  тікелей  емес,  жанама  тағыңыз.  Мысалы:  той  немесе  кештерде  ұзақ  және 
мағынасыз сөйлеген құрбыңызға былай деуге болады: «Сіздің тілегіңіз мерекелік 
жиналыстарда  өте  тамаша  болар  еді...»  Бірінші  өз  қателеріңізді  тексеріп,  содан 
кейін  басқаларды  сынаңыз.  Құрбыңызға  үкім  жасаудың  орнына  сұрақ  қоюға 

     
 
 
47 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
тырысыңыз:  «Осы  туралы  сіздің  ойыңыз  қалай?»,  «Жақсы  нәтиже  береді  деп 
сенесіз бе?», және т.б. Мұндай тәсілдер адамның қателігін жойып, өзінің барлық 
іс-әрекетте маңызды екендігін сезіндіреді, қарсы шығуға жол бермейді, үйлесімді 
қарым-қатынасты  сақтап  қалуға  мүмкіндік  болады.  Әрине,  осы  айтылған 
жәйттердің  бәрі  даулы  мәселені  шешудегі  тұрақты  өлшем,  қасаң  қағида  деуге 
болмайды.  Дегенмен,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  психологиясына 
қатысты дау-дамай мен талас-тартыс мәселелерді шешуде осы кезге дейінгі өмір 
тәжірибесінен жинақталған факторлар екені шындық.   
 
Тілдесу 
барысында  тұлғаның  ең  жағымды  жақтары  анықталады  және  ашылады. 
Мәдениетті  адам  үшін  қарым-қатынас  қажеттілік,  оның  жоқтығы  ауыр,  орны 
толмас  шығын  деп  қабылданады.  Тілдесу  барысында  адамдар  бір-біріне  ықпал 
етеді. Адамдар тілдесуіндегі ең бастысы-өзара түсінушілік. Тілдесу мәдениеті әр 
адамға  қажет.  Тілдесу  арқылы  біз  жаңа  ақпарат  аламыз  ,  басқа  адамдармен 
қатынасымызды  ретке  келтіреміз,  дос  табамыз,  отбасын  құрамыз,  еңбек  етеміз, 
оқимыз,  өзімімізге  керектінің  бәрін  табамыз.  Психологиялық  тұрғыдан  даулы 
мәселені шешудегі бұл тәсілді-адамды сезім билеп, істің мән жайын ақылға салып 
шешуден  алыстайды  деп  санайды.  Адамды  сезім  билеп,  әрбір  істің  мән-жайына 
ой жүгіртпей оған ат үсті қарайтын босақ, даулы мәселені салқын қандылықпен 
шешу  мүмкін  емес.  Дегенмен  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  орнатуда 
сезімдік  күйдің  қандай  арнада  көрінуіне  орай  пікір  алысуда  мынадай  жәйттерді 
үнемі  ескеріп  отырудың  пайдасы  көп  екнін  ұмытпаған  дұрыс.  Дау-дамайды 
басып,  керіс  жанжал  тудырып  жүрген  адамдарды,  олардың  ашу  ызасы  мен  
өшпенділігін  басып  сабасына  түсіруді  –  қарым-қатынасындағы  психотерапея 
немесе психокоррекция деп те атайды. Мұндай «тәсіл ашу-ызаны басу» делінеді. 
Белгілі  психолог  маман  К.Роджерс  мұндай  жәйтті  түзетіп,  ретке  келтіру  үшін 
жан-жалдасушы  адамдарды  беттестіріп,  олардың  наразылықтары  мен  ашу  кегін 
басу үшін әрқайсысы өзінің ой-пікірін, талап-тілегін бүкпей толық баяндай айтып 
беруіне  мүмкіндік  беру  керек  деп  санайды.    Олардың  сөзін  бөлмей,  бірінің  де 
сөзін  қостап  бекерлемей  тыңдау  керек.  Олар  не  айтса  да  шыдап,  бірде-бір 
қарсылық  көрсетпей,  тек  жанашырлық  сезіммен  қарап,  оның  екі  жағына    да 
қолдау көрсетудің қажеті жоқ деген кеңес береді.  
Қорыта  айта  кеткенде,  
бүгінгі  таңда  жастарға  әлемдік  деңгейге  сәйкес  білім  мен  тәрбие  беріп,  оның 
рухани байлығы  мен мәдениеттілігін, ойлауын, іскерлігін, төзімділігін, сонымен 
қатар,  кәсіби  біліктілігін  арттыру  өркениетті  қоғамның  міндеті.  Сол  міндеттерді 
шешу қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады. 
 
Каталог: journals
journals -> Хабаршы вестник
journals -> Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева
journals -> Л-фараби атында ы аза лтты
journals -> Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук
journals -> Казахский национальный
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Казахский национальный
journals -> №4(68)/2012 Серия филология

жүктеу 7.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет