Регистрационный №4188-ж №1, 2016 г



жүктеу 7.79 Kb.
Pdf просмотр
бет4/20
Дата23.03.2017
өлшемі7.79 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
 
Оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  негізін  ойлау  процесі  құрады. 
Ойлаудың формаларына түсіну, ақылға салып, байымдау және ой қорытындылау 
әрекеттері жатады.  
 
Ойлаудың  адамның  танымдық  іс-әрекетінің  жоғарғы  сатысы,  объективтік 
шындықтың мыймен жаңғыртылуы екендігі философиялық және психологиялық 
әдебиеттерден  белгілі.  Оқушылардың  ойлау  қабілеттерінің  олардың  жас 
ерекшеліктеріне  байланысты  біртіндеп  дамып  отыратын  сипаты  бар.  Солай 
болғанмен  де  әр  жастағы  оқушылардың  барлығының    ойлау  қабілеттері  бірдей 
дамиды  деуге  болмайды.  Әр  баланың  психикалық  даму  қасиетіне  байланысты 
ойлау қабілеттері де әрқалай болып қалыптасады. Сондықтан, оқушыларға білім 
берудегі басты міндет оларды дұрыс ойлай білуге үйрету, яғни   логикалық ойлау  
қабілетін қалыптастыру. 
 
Оқушылардың  ойлау  қабілеттері  ұзақ  оқыту  процессінде  мыйды  ұдайы 
жаттықтыру  арқылы  қалыптасады.  Ойлаудың  аналитикалық  және  синтетикалық 
тәсілдерін,  абстракциялау  мен  қорытындылауды,  салыстыру  мен  аналогияны,  
классификация мен жүйеге келтіруді, ой қорытындылауды оқушы оқыту процессі 

     
 
 
31 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
кезінде  мұғалімнің  көмегімен  үйренеді  және  ол  тәсілдер  мен  операцияларды 
өздігінен шығармашылық тапсырмаларды оқулықтармен, қажетті әдебиеттермен 
жұмыс  істеу  арқылы  орындау  кезінде,  яғни,  үй  тапсырмасын  орындау  кезінде 
пайдаланады.   
 
Физика  пәнін  оқыту  нәтижесінде  оқушылардың  ойлау  қабілеттері 
оқушылардың  бұл  пәннен  алған  білімдерінің  сапасына  тікелей  тәуелді.  Егер  ол 
білімдер  оқушыда  терең  және  жүйелі  болып  қалыптасса,  оларды  пайдалануға 
негізделген  проблемалық  мәселені  шешу  де  жеңіл  болады.  Ал  егер  білім  бір 
бірімен  байланысы  жоқ,  ажыратылған  қалыпта  формальды  қалыптасса,  оларды 
көздеген  мақсатқа  сай  жұмылдырып,  белгілі  бір  дұрыс  қорытындыға  келу  де 
қиынға түседі.  
 
Физиканы  оқуға  байланысты  біз  оқушының  физикалық  және  ғылыми-
техникалық ойлау қабілетін дамытуды көздейміз. Бұған қол жеткізу үшін оқушы 
ең  алдымен  физикалық  құбылыстардың,  оларды  сипаттайтын  заңдардың  және 
түсініктердің  арасындағы  айырмашылықтарды  сауатты  түрде  ажырата  білуі 
керек.  Физикалық  заттардың  мәні  оның  барлық  қасиеттері  мен  ішкі 
құрылымында  болса,    физикалық  құбылыс  оның  байқалуы  мен  бар  болуының 
сыртқы  формасы.    «...Заттың  мәнін  құратын  заң  құбылыста  байқалады.,  ...  Мән 
құбылыста  ашылады,  ал  құбылыс  мәнді  байқатады,  оны  жаңғыртады.»[1].  Осы 
айтылғандардан физикалық ұғымдардың логикалық кезектілігін - құбылыс, оның 
мәні мен заңын және функционалдық байланыстар арқылы заңдылықты құратын 
түсініктер, 
деп 
қарауға 
болады. 
Мәселен, 
М. 
Фарадейдің 
ашқан 
электромагнитттік  индукция  құбылысы,  тұйықталған  контурды  қиып  өтетін 
магнит  өрісінің  өзгерісі  кезінде  сол  контурда  токтың  пайда  болуын  көрсетсе, 
оның мәні магнит пен контур және олардың өзара әсерлесуі, ал заңы пайда болған 
индукция  электр  қозғаушы  күшінің  магнит  ағынының  өзгеру  жылдамдығына 
шама  жағынан  тең  екендігін  көрсететін  математикалық  өрнек,  түсініктер  – 
индукция ЭҚК-і, магнит ағыны мен уақыт.  
 
Физикалық  құбылыс  материя  қозғалысының  өзгеру  жағдайында  пайда 
болады.  Мәселен,  судың  қайнауы,  будың  конденсациялануы,  диффузия 
құбылысы, 
температураға 
байланысты 
заттардың 
көлемінің 
ұлғаюы, 
электролиттік 
диссоцияция, 
магнит 
стрелкасының 
токпен 
әсерлесуі, 
термоэлектрлік  эффект,  электромагниттік  индукция,  термоэлектрондық  эмиссия, 
фотоэлектрлік  эффект,  жарық  дисперсиясы,  радиоактивтілік  т.  б.  Бұл 
құбылыстарды  оқушылар  табиғаттан  тікелей  немесе  физикалық  эксперимент 
арқылы бақылай алады. Егер бақылау жинақталған білімдерге сүйеніп, логикалық 
негізде  жүргізілсе,  яғни  оқушы  құбылыстың  мәні  неде  екендігін  және  оның 
қандай теориялық жағдайлардан шығатындығын ажырата білсе,  ондағы күрделіні 
бөлшектерге жіктеп, олардың арасындағы байланыстар мен тәуелділікті анықтай 
алса,  құбылыстың  сапалық  және  сандық  жақтарын  байланыстырып,  біріктіріп 
түсінетін  болса  және  қорытындысында  осы  құбылыс  жайлы  білімдерді 
практикалық мақсаттарға пайдалана білсе физикалық ойлау дұрыс бағытта жүрді 
деп санауға болады[2].  
 
Оқушылардың  ғылыми-техникалық  ойлау  қаблеті  физикадан  алған 
білімдердің техникалық қолданыстарын түсінуге байланысты қалыптасады. Егер 
оқушы  физикалық  құбылысты,  заңды  практикалық  мақсаттарға  пайдалануға, 
ғылыми идеяларды техникалық схемалар арқылы құрылғылардың құрылысы мен 
жұмыс  принциптерін  түсінуге,  модельдер  мен  конструкцияларды  меңгеруге 

     
 
 
32 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
үйренсе,  оның  ғылыми-техникалық  ойлау  қабілеті  де  дұрыс  қалыптасады  деуге 
болады.  
 
Ойлаудың  осындай  біліктері  бірден  үйрене  қоятын  нәрсе  емес,  олар  ұзақ 
оқу  процессінде  ұдайы  жаттығулармен  мыйдың  қызметін  белсендіріп  отыру 
нәтижесінде  қалыптасады.  Оның  қандай  түрі  болмасын  сабақтың  әр  түрлі 
формаларында  мұғалімнің  көмегімен  логикалық  операциялардың  ережелерін 
дұрыс  сақтау  нәтижесінде  біртіндеп  жетілдіріліп  отырады.  Мәселен,  сабақта 
демонстрациялық  эксперимент  арқылы  құбылыстың  себебі  мен  мәнін  түсінуге, 
зертханалық  жұмыстар  орындауда  және  физикалық  есептер  шығару  кезінде 
ойлаудың  аналитикалық  және  синтетикалық  тәсілдерін  пайдалана  білуге 
үйретуді  мұғалімнің  негізгі  міндеттерінің  бірі  деп  қарау  керек.  Сабақта  мұғалім 
оқу  материалын  ұзақ  түсіндіруінен  гөрі,  оған  оқушыларды  жиі  араластырып, 
олармен  кеңесіп,  сабақтың  мазмұнына  қарай  проблемалық  жағдайлар  тудырып 
отыруы ойлау қабілеттерін жетілдіруде әлде қайда тиімді болып саналады. 
 
Оқушылардың физикадан және жаратылыстанудың басқа пәндерінен алған 
білімдері  олардың  жалпы  дүние  тану  қаблеттерін  жетілдіреді,  яғни 
диалектикалық  ойлау  қаблеттерін  қалыптастырады.  Дүние  материадан  тұрады, 
материя  үздіксіз  қозғалыста  болады,  қозғалыс  формаларының  өзгерісінен 
физикалық  құбылыстар  туындайды,  олар  бірімен  бірі  өзара  байланыста  болады. 
Физикадағы  барлық  құбылыстардың  өзіндік  себептері  және  олардан  туатын 
салдары  мен  қарама-қарсылықтары  бар.  Міне  бұлардың  барлығының  да  
диалектикалық сипаты бар[3]. 
 
Оқушылардың  шығармашылық  қаблеті  олардың  логикалық  ойлау 
қабілетіне  тікелей  байланысты.  Ойлау  қабілеті  дамыған,  ой-өрісі  кең  оқушы 
өздігінен  алдына  қойған  мақсатқа  жете  алады,  проблеманы  шеше  алады,  ал  бұл 
қасиеттері  төмен  дамыған  оқушы  үшін  кез  келген  өзіндік  жұмысты  орындау 
әлдеқайда  қиынға  түседі.  Сондықтан  мұғалімнің  міндеті  қандай  оқушы 
болмасын,  олардың  барлығын  да  логикалық  түрде  дұрыс  ойлауға  үйретіп, 
шығармашылық  қабілетін  ұдайы  жетілдіріп  отыру  жолдарын  естен  шығармауы 
керек. 
Оқушылардың 
шығармашылық 
қаблеті 
күнделікті 
сабақта, 
үй 
тапсырмасын  орындау  кезінде,  әсіресе  шығармашылық  есептер  шығару, 
оқулықтармен,  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  істеу  кездерінде  қалыптасады. 
Физикадан  шығармашылық  жұмыс  орындау  барысында  оқушы  оның  зерттеу 
әдістерін  де  пайдалануды  үйренеді.  Егер  жұмыс  рефераттық  сипатта  болса, 
алдымен ол берілген тақырып бойынша деректер жинап, оны талдай білуі керек. 
Бұдан  кейін  көздеген  мақсатқа  байланысты  болжам  жасалынады  және 
ұсынылатын  жұмыстың  негізгі  мазмұнын  өңдейді,  оны  теориялық  тұрғыдан 
дәлелдеп,  эксперимент  арқылы  тексереді,  қорытынды  шығарады.  Моделдеу  мен 
конструкциялау  жұмыстарына  бейім  оқушыларға  арнайы  тапсырмалар  беріліп, 
оларға  идеялық  және  материалдық  көмектер  беріп  отыру  қажет.  Бұл  әдетте 
физикалық  немесе  физика  –  техникалық  үйірмелердің  жұмыстары  арқылы 
орындалатын жұмыс[4]. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Соколов И.И. Методика физики. – М.: Учпедгиз, 1934, с. 4-6. 
2.
 
Основы  методики  преподавания  физики  в  средней  школе  /В.Г. 
Разумовский, А.И. Бугаев, Ю. И. Дик и др.; Под ред. А. В. Перышкина и др. – М.: 
Просвещение, 1984. – 398 с.: ил. 

     
 
 
33 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
3.
 
Құдайқұлов  М.,  Жаңабергенов  Қ.  Орта  мектепте  физиканы  оқыту 
әдістемесі.  Мұғалімдер  мен  студенттерге  арналған  құрал.-  Алматы:  Рауан,  1998 
ж., 310 б. 
4.
 
Ланина И.Я. Внеклассная работа по физике. – М.: Просвещение, 1977. 
 
 
ӘӨЖ  159.9 
 
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Мамекова А.Т. магистр, аға оқытушы   
Asem_ mamekova1979@ mail. ru. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
В  этой  статье  рассматриваются  особенности  профессии  психолога  в 
учебно  –  воспитательном  процессе  школы.  Дается  характеристика 
нормативным документам, направлением методам и приемам работы психолога. 
Мақалада  мектептің  оқу-әдістемелік  үрдісінегі  психолог  мамандығының 
ерекшеліктері 
қарастырылады. 
Психолог 
жұмысының 
нормативті 
документтеріне, әдіс-тәсілдерінің бағыттарына анықтама беріледі.  
In this article discussing is about psychological problems of the teachers in the 
school. The problem of psychology`s method`s, problems. 
Тірек сөздер: кеңес, релаксация, әдістер,тренинг. 
 
Қазіргі нарықтық экономика заманында  қоғам, сонымен бірге мектепте де 
жұмыс  ауқымы  кең  және  қиын  екендігіне  ешқайсысымыз  да  күмән  келтіре 
алмаймыз.  Сондықтан  әрбір  жеке  тұлға  іскер,  шаруашыл,  ізденімпаз, 
шығармашыл,  талғампаз  болуы  тиіс.  Қазіргі  міндет  әр  азаматты  білімге  емес 
ғылымға жетелеу болып отырғандықтан,   жаңа заман, жаңа талап, ғылым заманы 
артқа қарап ойлануға мұрша бермеуде. Осындай зымырандай жүйткіген уақытта 
мұғалімнің, психологтың  әсіресе ауыл мұғалімінің жағдайы қандай деген ой көп 
толғандырды. 
Балалық өмірдің ең бір қызықты кезеңдері  мектепте өтеді.  Сол  мектептің 
тұлғасы  –  ұстаз.  Ұстаз  шәкіртінің  жан  сұлулығын,  тән  сұлулығын    зерделей 
отырып, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара түсуін қадағалап, қамқорлық 
жасап отыруы тиіс.  
«Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстанды»  құру  біздің  алдымызға  үлкен 
мақсаттар  қойып  отыр.  Ол  жеке  тұлғаның  және  қоғамның  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру. 
Елбасы  өзінің  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  жолдауында  «Дүние  – 
шаруашылық  байланыстары  жүйесіне  белсене  кіріккен  осы  заманғы  белді 
мемлекеттердің барлық дерлік бәрін де «парасатты экономиканың жолына тіккен 
еді»  деп  атап  көрсетті  [1].  Бұл  дегеніміз  –  білім  беру  саласының  қайнар  көзі 
ретінде аса маңызды басымдық әрі қоғамды дамытудың негізі болып отырғанын 
көрсетеді.  Республика  мектептерінде  психологиялық  қызметтің  енгізілуі 
мемлекетімізде 
білім 
сапасына, 
оқушыларды 
жеке 
тұлға 
ретінде 
қалыптастыруына,  жалпы  айтқанда,  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ғылыми  негізінде 
ұйымдастыруына ерекше назар аударуының дәлелі. Мектептегі психолог баланы 
мектеп  қабырғасына  алғаш  келген  күннен  бастап  бітіргенге  дейін  зерттеу 

     
 
 
34 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
жұмыстарын  жүргізеді.  Психолог  өз  жұмысында  әрбір  оқушының  жан  –  жақты 
білімді,  білікті  және  тәрбиеленген  тұлға  болып  жетілуіне  әсер  ететін  барлық 
жағдайларды  қарастырады.  Қазіргі  заман  талаптарына  орай  педагог  –  психолог 
«мұғалім  –  оқушы»,  «оқушы  –  оқушы»,  «мұғалім  –  ата  –  ана»,  «ата  –  ана  – 
оқушы»  қарым  –  қатынастарын  жақсарту,  оның  сапасын  көтеру  үшін  зерттеу 
жұмыстарын  жүргізіп,  оқу  мен  тәрбиенің  бірге  жүргізілуін  қадағалайды. 
Шынында,  жастар  өмірге  деген  тұтынушылық  қарым  –  қатынасты 
қалыптастырып,    тұлғалық  қабілетін,  дарындылығын  және  мәдениетіне  көңіл 
бөлуді  тудырып  отыр.  Мектептегі  психолог  оқу  мен  тәрбиенің  бірлікте  алып 
жүруін  қамтамасыз  етеді.  Тәрбие-  әлеуметтік  ортаның  адамдарының  қарым-
қатынасының  құрамдас  бөлігі,  сонымен  қатар  адамдарды  тәрбиелеу  мен 
жетілдірудің  сыртқы  әсері.Тәрбиенің  ерекшелігі,  ол  басым  бағыттардың  бірі 
болумен  қатар,  қоғамның  адамдар  арқылы  жүзеге  асатын  әлеуметтік 
функциясының бірі болып табылады. Тәрбиенің негізгі ықпалы- тұлғаның жалпы 
бағытын  қамту,  оның  рухани  талап-тілегін  қанағаттандыру.  Талап,  тілектер 
адамгершілік,  ізгілік  ниетте  болса,  соғұрлым  тәрбиенің  мәні  де  ашыла  түседі. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  психологиясын  зерттеу  нәтижесінде  тұлға 
санасындағы бағыттылық пен мақсатымен оның іс-әрекетінің мақсаттылығына да 
байланысты  екенін  анықтады.  Ғылыми  дүниетаным    мен  қоғамдық  моральдіы 
игерген жандар өмірлік мақсатына, іс-әрекеттеріне сенімді болып, өздерін жақсы 
жағынан  көрсете  алады.  Жастардың  жоғарғы  қоғамдық-саяси  белсенділігі 
әлеуметтік сенімділік деңгейіне байланысты. Олар ұжымшылдық, жауапкершілік, 
оқуға, 
білімге, 
ұмтылушылық, 
байсалдылық, 
қарапайымшылдық, 
қарапайымдылық,  ерік-жігердің  мұқалмастығы,  күш  қуаттылық  сапалары  тәне. 
Оқушылардың  қоғамдық    бағыт-бағдары  эмоционалдық  көңіл-күйі  мен  оқу 
процесінде  аңғарылады.  Бұдан  әлеуметтік  тұлғны  тәрбиелеу  олардың  ғылыми 
дүниетанымы және моральдық санасына ғана емес, сонымен олардың іс-әрекетіне 
де байланысты екенін көреміз. 
Мектептегі  тәлім  –  тәрбие  үрдісінде  оқушы  жеке  тұлғасына  нұқсан 
келтірмеу  үшін,  сондай  –  ақ  оның  сапасын  арттыру  үшін  әрбір  жас  дәуірдегі 
жетекші іс – әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін еске алу қажет. Мектептегі 
психолог  пән  мұғалімдер,  сынып  жетекшілері  мен  семинар,  консилиумдарды 
ұйымдастыру  арқылы  бастауыш,  орта  және  жоғарғы  буында  білім  алып  жатқан 
балалардың жас ерекшеліктерін, бұл ерекшеліктердің білімді меңгеруге сондай – 
ақ  тұлғалық  қасиеттерінің  қалыптасуына  әсерін  көрсетіп  беруі  керек.  Әрбір 
буындағы  жетекші  іс  –  әрекет  типіне  негізделіп  тәлім  және  тәрбие  беру 
жұмыстарын алып жүруіне психолог өз бақылауына алады. 
Мектептегі  психологиялық  қызмет  –  баланың  мектепке  болған 
дайындығынан  бастап,  орта  буынға  бейімделу  мәселесі,  сондай  –  ақ  оқушының 
кәсіп  таңдауына  көмек  берумен  аяқталады.  Бұл  жерде  айтып  кететін  бір  нәрсе 
оқушылардың  жүйке  жүйесіне  әсер  ететін  барлық  факторлар  психолог 
бақылауында  болуы  тиіс.  Мәселен,  оқушылардың  бос  уақыты  және  оларды 
пайдалануы.  Мектептегі  психологиялық  қызметтің  тәләм  –  тәрбиенің  орталығы 
болып, жас ұрпақты қоғам талаптарына сай жеке тұлға ретінде жетілдірудегі рөлі 
зор. 
Мектеп  психологы  қайда,  қалай,  қанша  уақыт  жұмыс  істеуі  керек  деген 
сұрақ туындайды. Бұл сұрақты қоя отырып, біз психологтың жұмыс орны мектеп 
екеніне еш күмән келтірмейміз. Психолог өзінің негізгі бақылауларын мектептің 
күнделікті өмірінде жүргізеді. Психологтың жұмыс күні тұрақты емес. Сондықтан 

     
 
 
35 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
оған кешкі уақытта, демалыс күндері жұмыс істеуге тура келеді. Психологтың іс – 
әрекетінің көптеген бағыттары (психотерапевтік, коррекциялық, консультативтік, 
тренинг) спецификалық жағдайларды қажет етеді. Психологтың қалыпты жұмыс 
істеуі үшін, ең аз дегенде, 12 – 15 адамға арналған, телефоны, компьютері, психо 
–  диагностикалық  әдіс  –  намалар  мен  зерттеу  нәтижелерін  сақтайтын  жабық 
шкафы бар кабинет қажет. Қазіргі таңда бұл барлық мектептерде қамтылған. 
Егер  психолог  оқушылармен,  мұғалімдер  және  ата  –  аналармен  жұмыс 
барысында  жабдықтарды  тиімді  пайдалана  алса,  оларды  сатып  алуға  кеткен 
мектеп  ақшасы  өзін  –  өзі  ақтайды.  Бұл  жерде  психологтың  белгілі  бір  топпен 
жұмыс  істеу  уақыты,  берілетін  көмек  түрі  көрсетілуі  тиіс.  Психологиялық 
көмекке зәру адамдар өздері танымайтын, көрінбейтін маманға, арбитр, кеңесшіге 
баруды  жөн  көреді.  Тіпті  кей  жағдайларда  психолог  еш  көмек  бере  алмауы  да 
мүмкін.  Бұл  жағдайда  оның  кеңестері  адамды  сабырлыққа  шақырып,  кез  келген 
жағдайдың  шешімі  болатынын  түсіндіруге  бағытталады.  Көптеген  адамдар 
психологтан  аяушылықты  күтеді.  Психологтың  консультативтік  көмегі, 
медициналық  көмек  сияқты,  қарым  –  қатынас  барысында  пайда  болған 
қиыншылықтардан арылту болып табылады. Оқушылардың өзінде әсіресе өтпелі 
кезеңде  көптеген  мәселелер  кездеседі.  Соған  айтатын,  айтпайтын  кеңестер 
психологтардың қызметіне жүктеледі.   
Мектеп  психологы  іс  –  әрекетінің  өзіндік  бағытының  бірі  –  оқушыларға 
жас  ерекшелік  психологиялық  кеңес  беру.  Оның  негізгі  міндеттері  мыналар 
болып табылады: 
1.
 
Ата – аналардың, мұғалімдердің және тәрбиелеу процесіне қатысатын басқада 
тұлғалардың 
баланың 
психикалық 
дамуындағы 
жастық 
және 
жеке 
ерекшеліктеріне баса көңіл бөлу. 
2.
 
Психикалық  дамуы  бұзылған  және  дұрыс  жетілмеген  балаларды  анықтап, 
оларды мамандарға тіркету. 
3.
 
Психикалық  –  жүйке  аурулары  бар  балалардың  психологиялық  ахуалын 
ескерту, психогигиена және психопрофилактика жайында нұсқаулар беру. 
4.
 
Ата  –  аналар  мен  мұғалімдер  үшін  тәрбиелеудің  қарым  –  қатынастың, 
оқытудың  қиындықтарына  қатысты  психологиялық  –  педагогикалық  нұсқаулар 
жазу. 
5.
 
Баланы отбасында тәрбиелеуге байланысты нұсқаулар жасау. 
6.
 
Арнайы топтарда ата – аналармен, педагогтармен, балалармен жұмыс. 
7.
 
Халықты педагогикалық – психологиялық ағарту. 
Сонымен  қатар  психологтың  әр  бағыт  бойынша  әр  түрлі  әдіс  –тәсілдерді 
қолданап, белгілі бір мақсатқа байланысты қортынды шығаруы тиіс.Соның бірі  - 
Психологиялық диагностика 
Балалармен: 
       - балаларды мектепке дейінгі жаста психологиялық зерттеу
       -  балалардың  оқуға  психологиялық  дайындығын  диагностикалау  (1,5,9 
сыныптар); 
       -  мектепке  дезадаптация  себебін  (әлеуметтік,  жекелей  және  т.б.) 
диагностикалау. 
Ата-аналармен: 
       - бала және ата-ана қатынасын диагностикалау; 
       - сауалнама жүргізу. 
Педагогикалық ұжыммен: 
       - нақты сұраныс бойынша педагогикалық ұжыммен сауал жүргізу; 

     
 
 
36 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
       - тренингтер өткізу; 
       - семинарларға релаксация(босаңсу) жүргізу; 
       - психологиялық сауалнама жүргізу. 
Жалпы психологтың  жұмысының іс-қағаздары 
1. Бір жылға және әрбір тоқсанға жұмыс жоспарын жасау. 
2. Келесі бөлімдер бойынша журнал 
-         дамытушы сабақ; 
-         кеңес беру (жекелей-бала, ата-ана, педагог); 
-         мамандарға бағыт беру. 
3. Дамытушы сабақтар және оқу курстарының бағдарламалары. 
4. Психология бойынша оқу курстарының тақырыптық жоспары және журнал. 
5. Өткізілген іс-шараға мониторнинг жасаудың қорытындысы бойынша анықтама. 
6. Оқушы және сыныптың диагностикалық картасы. 
7. Жыл қорытындысы бойынша есеп және аналитикалық анықтама. 
8. Мектеп жасына дейінгі балалардың папкасы. 
9. Дарынды балалармен жұмыс папкасы. 
10. Ауытқушылығы бар оқушылармен түзету жұмыстары. 
11. ҰБТ- ге түлектермен жұмыс папкасы. 
12. МАБ- ға оқушыларды дайындау. 
Көп жағдайда педагог-психолог күнделікті өз қызметінде Психологиялық кеңес 
беру қызметі жүзеге асырылуы тиіс. Олар балалармен:      
       -  7-17  жас  оқушыларының  мектептік  дезадаптация  сұрақтары  бойынша  (оқу 
және мінез-құлық мәселелері); 
       - мектепке дейінгі жаста балалардың психологиялық дамуы бойынша; 
       - жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби кеңес беру
       - отбасылық кеңес беру. 
Ата-аналармен: 
       -  баламен  өзара  қарым-қатынас  сұрақтары  және  тәрбие  (оқыту)  сұрақтары 
бойынша;  
Педагогикалық ұжыммен: 
       - мектептік және әлеуметтік дезадаптация сұрақтары бойынша; 
       - тұлғалық және кәсіби мәселелер бойынша;   
    Мектеп  жасына  дейінгі  балаға  кеңес  беру  уақыты  30  минутқа  дейін,  кіші 
мектеп  оқушысына  –  1  сағатқа  дейін,  жасөспірім  және  жоғарғы  мектеп 
оқушысына  1,5  сағатқа  дейін.  Бұл  уақытты  бөліп  қарастыруға  болады.  Адамдар 
психологқа өзі шеше алмайтын жағдайлар туындаған кезде барады. Ол жағдайды 
түсінбеген  кезде,  оның  себептері  мен  шешу  жолдарын  таба  алмаған  уақытта,  өз 
мүмкіндіктеріне сенбесе  немесе стресс кезінде болуы мүмкін. 
Психологиялық  кеңес  жағдайында  психолог  өзінің  және  клиентінің 
тұлғалық 
қасиеттеріне 
сүйенеді. 
Сондықтан 
клиентпен 
жұмысты 
қорытындылағанда,  әсіресе  баламен,  оның  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін 
кеміткеннен  гөрі,  асыра  бағалаған  жөн  болады.  Мұны,  әсіресе,  ақпарат 
мұғалімдер  мен  ата  –аналарға  пайдаланған  әбден  дұрыс  [2].  Сонымен  қатар 
педагогтарға,  ата-аналарға  мысалы  стреске  қарсы  әдіс-тәсілдер  пайдалануға 
болады.  Қазіргі  біздің  өміріміз  қарқын  алғандығы  соншалықты,  бұл  жүйкемізге 
әсер  етіп  қоймай,  денсаулыққа  да  ықпалын  тигізуде.  Ғалымдар  қазірге  адамға 
«стресс торына» түсіп қалмауға көмектесетін әдістер мен тәсілдерді ойлап табуға 
еш шаршамайды. Барлығы үшін сауықтыру ережелері:     

     
 
 
37 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
-
 
Аптасына  жарты  күн  Сізге  не  ұнайды  соны  істеңіз:  билеңіз,  жүзіңіз, 
қыдырыңыз немесе саябақ орындығында отырыңыз. Жалпы өзіңізді тек жұмысқа 
беруді тоқтатыңыз; 
-
 
Бір  күнде  кем  дегенде  бір  рет  немесе  одан  көп  ең  қымбат  деген  адамға 
жылы сөздер айтыңыз. Еш күмәнданбаңыз: ол да Сізге солай жауап береді. Біздің 
қатал  өмірде  біреу  өзіңді  жақсы  көреді  деген  ойдың  өзі  санамыздағы  ауыр 
стрестен қорғауға қабілетті; 
-
 
Аптасына  екі  немесе  үш  рет  дене  жаттығуларын  жасаңыз.  Жаттығулар 
шаршататындай болмау керек, егер де жаттығудан соң душ ақжет болса, Сіз бір 
нәрсені дұрыс жасамадыңыз не жеткіліксіз жаттықтыңыз; 
-
 
Көп  су  ішіңіз  (ішімдік  суы  емес).  Денені  жақсы  формада  ұстау  үшін  бір 
күнде кемінде 1-1,5 литр су ішу қажет т.б. [1]. 
Бұнымен    қатар  күнделікті  өмірде  релаксация(босаңсу)  өте  пайдалы  әдіс 
әрі оны меңгеру де оңай – ол үшін арнайы білімнің және табиғат сырының қажеті 
жоқ. Бірақ бір қажетті  шарт  – мотивацияның (түрткінің) болуы, яғни әрбір адам 
не  үшін  релаксацияны  меңгеру  керек,  соны  білген  жөн.  Релаксация  әдістерін 
ертерек меңгеру керек, яғни өте қиын кезеңде шаршау мен тітіркенуге қарсы тұру 
үшін. Сабақ өз кезегімен өтсе, релаксациялық жаттығулар әдетке айналады және 
жағымды  әсерлермен  ассоциацияланады,  оларды  меңгеру  үшін  табандылық  пен 
шыдамдылық  қажет.  Сонымен  қатар  педогогикалық  кеңесе  және  мектеп 
әкімшілігі  тарапынан  семинарларға  қатысып,  релаксация  өткізу  қажет.  Оның 
пайдасы  адам  ағзасына,  стрестің  алдын  алуға,  шаршағанды  басуға  және  көңіл 
күйді көтеруге байланысты қарастырған абзал. 
Біздің көпшілігіміз жан және бұлшық еттік күйзеліске үйренгеніміз сонша, 
оны  табиғи  нәрсе  деп  оның  зияндылығын  ескермейміз.  Релаксацияны  меңгеріп, 
бұл  күйзелісті  реттеуге,  төмендетуге,  әліретуге  болады.  Релаксациялық 
жаттығуларды  жалпы  оөткізуге,  мейлінше  жеке  бөлмеде,  бөтен  адамдарсыз 
орындау  керек.  Жаттығулардың  мақсаты  –  бұлшық  еттердің  толық  босаңсуы. 
Мысалы: Толық бұлшықтық релаксация психикаға жағымды әсер етеді және жан 
күйінің теңдесуіне  қол  жеткізеді. Жаттығуды бастарда бастапқы күйді  қабылдау 
керек: арқамен жату, аяқты екі жаққа қою, қолдар, алақан мен дененің бойында 
жату керек. Бас  сәл ғана артқа кетеді, барлық дене бос, көз жұмулы, тыныс алу 
мұрын  арқылы.Психикалық  ауторелаксация  «идеялық  бостық,  ештеңе  жоқтық» 
күйін  тудыру  мүмкін.  Бұл  айнала  әлеммен  миға  қажетті  демалыс  беретін 
психикалық және ойлау байланыстарын минуттық бұзу болып табылады. Мұндай 
кезде  өте  сақ  болу  керек,  шамадан  тыс  күштеніп,  зорлануға  болмайды. 
Релаксациялық  жаттығулар  әр  түрлі  болады.  Оны  ұжымда  және  жеке  тұлғаға 
қатысты дұрыс таңдап өткізу қажет.  
Мектепте  педагог-  психолог  оқушылармен    әңгіме  жүргізу  арқылы  «ҰБТ 
жағдайына  оқушылардың  психологиялық    мінез-құлқына»  талдау  және  болжам 
жасайды.  Талдау  мен  болжам  нәтижесінде  мектеп  оқушыларының    қолайсыз 
жағдайларға  шыдамсыздығы  және  ауыр  қабылдаулары  анықталғаннан  кейін 
психолог маман оқушыларға арнайы психологиялық курс бағдарламасын құрғаны 
жөн. 
Курс 
бағдарламасы 
оқушылардың 
психологиялық 
даярлығының 
ерекшелігіне,  яғни  ҰБТ-ге  деген  көзқарасы  мен  қатынасына  байланысты 
жасалады.  Түлектерді  Ұлттық  біріңғай  тестілеуге  дайындық  ретінде  тренингтер 
пайдалануға  болады.Тренингтің  топтық  жұмысы  өзіне  тән  бірқатар 
принциптермен  ерекшеленеді.  Олар:  белсенділік  ұстанымы;  шығармашылық 
ұстанымы;  түсіну  ұстанымы;  әріптестік  қатынас  ұстанымы.  Ресейлік 

     
 
 
38 
 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
психологияда тренинг  –  оқытудың немесе әлеуметтік-психологиялық тренингтің 
белсенді  тәсілдерінің  бірі  деген  ұғым  кең  таралған.  Л.А.Петровская  әлеуметтік-
психологиялық  тренингті  «өзара  қатынастағы  білімді,  әлеуметтік  белгілеулерді, 
қабілеттілікпен  тәжірибені  дамытуға  бағытталған  әсер  ету  құралы», 
«психологиялық әсер ету құралы» [3] ретінде қарастырады.  Бұл әдіс балалармен, 
ата-аналармен,  әлеуметтік  топтардың  кәсіби  мамандарымен,  кәсіпорындар  мен 
ұйымдардың  жетекшілермен  жұмыс  істеуде  белсенді  түрде  қолданылып  келеді. 
Педагог  –  психологтың  мектептегі  қызметі  өте  ауқымды.  Соны  жүйелеп, 
жоспарлап  жүзеге  асыру  үлкен  міндет  болып  табылады.  Психологқа  сонымен 
қатар  сырттан  сұраныстар  келіп  отырады.  Оған  жауапкершілікпен  қадағалап, 
уақытысында  орындап  отыру  қажет.  Психолог  өз  қызметінде  жоғарыда 
айтылғандай  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  дұрыс  пайдалана  білсе,  алдына  келген 
мәселеден қиналмай әрқашан уақытысында орындалып, бәрі сәтті жүзеге асады. 
Мектептегі  психологиялық  қызметтің  қызығыда  қиындығыда  бар.  Өз 
мамандығын сүйе білген адам ешқашан қиындыққа душар болмайды.   
Каталог: journals
journals -> Хабаршы вестник
journals -> Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева
journals -> Л-фараби атында ы аза лтты
journals -> Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук
journals -> Казахский национальный
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Казахский национальный
journals -> №4(68)/2012 Серия филология

жүктеу 7.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет