Регистрационный №4188-ж №1, 2016 г



жүктеу 7.79 Kb.
Pdf просмотр
бет14/20
Дата23.03.2017
өлшемі7.79 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Зубова  Л.Ю.  Английские  медицинские  аббревиатуры  как  часть  профессиональной 
языковой  картины  мира  (на  фоне  их  русских  и  французских  аналогов)  –  дисс.  …  канд. 
филол. наук, Воронеж: 2009. - 244с. 
2.
 
Кириллова  Т.С.  Пути  формирования  и  лексические  особенности  английской 
терминологии  подъязыка  медицины  (дерматология,  венерология)  –  автореф.  дисс.  …  канд. 
филол. наук, Пятигорск: 1990. - 17с. 
3.
 
 Кутузова  Н.В.  Лексико-грамматические  трудности  перевода  оригинальной 
медицинской литературы на английский язык: для студентов, аспирантов и врачей, сборник 
в 2 ч. – Спб: СПбГМУ, 2003. 
4.
 
Лахтионова Л.Ф. Практический русско-английский медицинский разговорник – Киев: 
Вища школа, 1980. - 95с. 
5.
 
Лейчик В.М. Терминоведение: предмет, методы, структуры – М.: ЛКИ, 2007. - 256с. 
6.
 
Лукинская О.Н. Воспаление бодра, или особенности перевода медицинских текстов с 
испанского и английского языков // Мосты. – 2006. - № 3. - с.33-36. 
 

     
 
 
115 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
ӘОБ 94(574) 
 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ  МАҚСАТЫ МЕН 
МІНДЕТТЕРІ 
 
Маликова В.Қ. 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 1-курс 
магистранты, Талдықорған қ. 
vera.malikova.87@mail.ru 
 
В  статье  раскрывается  цель  и  задачи  поставленные  перед  Ассамблеи 
народов  Казахстана  на  современного  этапе.  Кроме  того,  рассматриваются 
направления    его  деятельности,  а  также  результаты  достигнутые  за  двадцать 
один  год ее существования. 
The  article reveals  the purpose and  tasks  assigned  to  the Assembly  of  Peoples  of 
Kazakhstan at the present stage. In addition, it demonstrates directions of its activities and 
the results achieved over twenty-one years of its existence. 
«Ассамблея  –  бүкіл  азаматтардың  бүкілхалықтық  өкілдері  мүдделерінің 
инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы». 
                                                                                                          Н.Ә.Назарбаев 
Тірек сөз.Толеранттылық, ұлтаралық, этномәдени, этноқұрылымдар. 
 
Бүгінгі  таңда    қазақ  елі    қабырғасы  қатайған,  ұлттық  саясаты  орныққан, 
сөзіне  халықаралық  қауымдастық  өкілдері  құлақ  асатын  беделді  елге  айналып 
отырғаны  баршамызға  аян.  Еркіндікті  аңсаған  ата-бабамыздың  мақсат-мұраттары 
жүзеге  асып,  Алаштың  ең  асыл  мұраты  -  тәуелсіздікке  қол  жетті.  Қазіргі  таңдағы 
Ұлы  дала  елінің  атқан  егемендік  таңы  ең  алдымен,  алып  та  дархан  даланың  төсін 
қасық  қанымен  қорғаған,  терісі  сөгіле  қызмет  еткен  ата-бабаларымыздың  қасиетті 
күресінің заңды да нақты жеңісінің көрінісі. 
Еліміз  бүгінгі  күні,  еңселі  ел  болудың  даңғыл  жолына  түсті,  әлеуеті  артып, 
дәулеті  еселеніп  отырғаны  әркімге  де  аян.  Біздің  елдегі  бірлік  пен  қоғамдық 
келісімнің  бастауы  -  Қазақстан  халқының  ортақ  тарихы.  Ғасырлар  бойы  тағдыр 
талайына  ұшыраған  халықтарды  құшағына  сыйдыра  білген  қасиетті  Ұлы  Дала 
көптеген  ұлыс  пен  ұлттың  құтты  қонысына  айналған  құтты  мекен.  Соның  дәлелі 
ырысы  мен  ынтымағы  жарасқан,    бірлігі  мен  тірлігі  жарасқан  ел  тарихының 
бөлшегіне  айналған  Қазақстан  халқы  Ассамблеяның  құрылу  мақсатының  түп 
тамыры да осында жатыр. 
Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру идеясы алғаш рет еліміздің Президенті 
Н.Ə.Назарбаевпен  1992  жылы  Тəуелсіздіктің  бірінші  жылдығына  арналған, 
Қазақстан халқының Бірінші Форумында айтылды [1]. 
Есімізді  болса,  тарих  қойнауына  енген  2015  жылдың  басты  оқиғаларының 
бірі  де  бірегейі  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20  жылдық  тарихы.  Ұлт 
Көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты    халыққа 
арналған Жолдауында «Ассамблеяның құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы 
біз  қазақстандықтардың  рухани  күш-қуатын  арттырамыз  және  толеранттылығын 
еселейміз» деген еді. 
Еліміз  егемендік  алғалы  бір  шаңырақтың  астында  140  этнос  пен  17 
конфессияның өкілдері тұрақтылық пен бірлікті сақтап, тату-тәтті өмір сүріп келеді. 
2015жыл  Қазақстан  халқы    Ассамблея  жылы!  Яғни,  татулық,  бірлік,  
бейбітшілік,  келісім  -  ең  асыл  істер  қазақ  елі  үшін.  Қазақстан  азаттығы  мен  
тәуелсіздігін жариялап,  іргесін берік қалағаннан бері осы ұранды ту етіп, өзін басқа 

     
 
 
116 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
әлем  елдеріне    мойындатып  келеді.  Ассамблея  дербес  қоғамдық  институт  болып 
құрылғанына  да  биыл  21  жыл  толмақ.  «Осы  жылдар  ішінде  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының мақсат-міндеттері қандай болды?»- деген сұраққа зерттеуші Ж.Х. 
Джунусова  Ассамблеяның  міндеттері  қойылған  мақсаттардан  туындады  жəне 
келесідей анықталды деп санайды: 
- Қазақстан ұлыстарының рухани жаңаруы мен дамуына жəрдемдесу;    
 - этникааралық сипаттағы мүмкін болатын шиеленістер туралы ескерту жəне 
бірлесіп шешімін табу; 
-  этникалық  сан  алуандықты  ескере  отырып,  қоғамдық-саяси  өмірді  зерттеу 
жəне талдау; 
- ұлттық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
-  этникааралық  қатынастар  тақырыбында  Президентке  нақты,  тəжірибелі 
ұсыныстар беру[2]. 
Ал, бұл сұраққа саясаттанушы Т. Исмагамбетовтың пікірінше, Ассамблеяның 
қызметі келесі міндеттерді шешу үшін бағытталған: 
-  республикада  ұлтаралық  жəне  конфессияаралық  келісімді,  қоғамдағы 
тұрақтылықты сақтау үшін жəрдемдесуге; 
-  Қазақстанның  аумағында  тұратын  ұлт  өкілдерінің  арасындағы 
ынтымақтастық қарым-қатынасын дамытуға мүмкіндік туғызатын, олардың рухани-
мəдени  жаңғыруына  жəне  теңдік  қағидасын  сақтау  негізінде  дамуына  жəрдемдесу 
үшін, мемлекеттік саясатты өткізу бойынша ұсыныстар дайындау; 
- өркениетті жəне демократиялық қағидаларға сүйенетін азаматтардың саяси 
мəдениеттерін қалыптастыру; 
-  мемлекетпен  жүргізілетін  ұлттық  саясатта  əр  алуан  ұлттық  мүдделерді 
есепке алуды қамтамасыз ету; 
-  қоғамда  пайда  болатын  əлеуметтік  қайшылықтарды  шешу  үшін, 
ымыраларды іздеу [3]. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  бірінші  құрылған  күннен  бастап-ақ  елдегі 
ұлтаралық 
қатынастардың  мəселелерін  тікелей  талқылап,  мемлекеттің  бірінші  тұлғасына 
жеткізу мақсатында, сұхбаттасу алаңы болуы үшін жасалды. 
Яғни,  бүгінгі  таңда  Қазақстан  халқы  Ассамблеяның  негізгі  мақсаты  –  қазақ 
халқының  топтастырушылық  рөлін  арқау  ете  отырып,  қазақстандық  патриотизм, 
Қазақстан  халқының  азаматтық  және  рухани-мәдени  ортақтығы  негізінде 
қазақстандық біркелкілікті  және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде 
республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады және бұл іс, 
өз кесегінде жүзеге асырылып жатқаны баршамызға аян. 
Қазақстандағы  барлық  этностардың  рухани  тұрғыда  қайта  жаңғыруы    мен 
дамуын  қамтамасыз  етіп  отырып,  өркениеттік  және  демократиялық  ұстанымдарға, 
мемлекеттік  ұлттық  саясатта  барлық  этностардың  мүддесіне  деген  құрметке 
негізделген  ұларалық  қатнасмәдениетін  қалыптастыру  болатындығы  дәлелденді. 
Осы  мақсатта  барлық  облыстарда  кіші  Ассамблеялар  құрылып,  олардың  сессияға 
260 делегат сайланды. Бірінші сессия отыры „Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен 
келісім  үшін“  1995жылы  24  наурыз  айында  Алматы  қаласында  өтті  және  оның 
құрамына  40  ұлттық  мәдени  орталықтардың  өкілдері  кірді.  Сессия  отырысында  
Қазақстан 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев 
баяндама 
жасап, 
Ассамблеяның 
ұйымдастырушылық құрылымдары мен мақсат-міндеттері белгіленді. 
Ғылыми-тəжірибелік  конференцияда  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 
төрағасының  орынбасары,  профессор,  философия  ғылымдарының  докторы 
Ж.А.Алиевтің баяндамасында, мемлекеттік саясаттың таяудағы болашаққа арналған 

     
 
 
117 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
ең басты міндеттерінің бірі, елде ұлтаралық шиеленістерді болдырмау, стратегиялық 
болашағында – ел азаматтарының азаматтық, саяси жəне мəдени сəйкестендірілуінің 
жиынтығы  ретінде  «саяси  ұлт»  түсінігін  беретін,  ашық  азаматтық  қоғам 
идеалдарына сай келетін  –  этникалық,  əлеуметтік жəне саяси ортақтық  «мемлекет-
ұлттарын» қалыптастыру керек деп айрықша атап өтілді [4, с.125]. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  негізгі    мақсаты  мен  міндеттері  оның 
ұлтаралық  қатынастар  саласында  таяу  перспективаға  арналған  қызметінің  базалық 
және  басшы  бағдарларының  жүйеленген  жиынтығы  болып  табылады.  Олар 
мынандай  принциптерде  түзілген  халықтың  не  мемлекеттің  мүдделерінің 
басымдығы,  заңның  үстемдігі  және  тіліне,  ұлтына,  дініне,қандай  да  бір  әлеуметтік  
топқа  жататынына  қарамастан,  адам  өмірінің  құқықтары  мен  бостандығының 
теңдігі,  ұлттық  мәселені  әділ  шешудің  негізі  ретінде  қоғамның  тұрақтылығы, 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  қалыпты  жұмыс  істеуіне  өзіндік  бөгет  болатын 
іс-әрекеттеріне  қатысты  сөз  айту  мен  пікірлерді  алдын  алу  және  бодырмау  болып 
табылады. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  халқы  Ассамблеяның  негізгі  міндеттері  болып 
табылады: 
1)  этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік  органдармен  және 
азаматтық  қоғам  институттарымен  тиімді  өзара  іс-қимылды  қамтамасыз  ету, 
қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы 
жағдайлар жасау; 
2)  халық  бірлігін  нығайту,  қазақстандық  қоғамның  негіз  қалаушы 
құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту; 
3)  қоғамдағы  экстремизмнің  және  радикализмнің  көріністері  мен  адамның 
және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарына  қысым  жасауға  бағытталған 
әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу; 
4)  азаматтардың  демократиялық  нормаларға  сүйенетін  саяси-құқықтық 
мәдениетін қалыптастыру; 
5)  Ассамблеяның  мақсаты  мен  міндеттеріне  қол  жеткізу  үшін  этномәдени 
және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; 
6)  Қазақстан  халқының  ұлттық  мәдениетін,  тілдері  мен  дәстүрлерін 
өркендету, сақтау және дамыту болып табылады. 
Қойылған  мақсат  пен  міндеттеріміздің  жүзеге  асырылуында  біраз  жұмыстар 
жүргізіліп, жетістіктерін көрсетуде. 
Қазақтардың  мәдени  –  этникалық  дәстүрлерінен  мұра  болағн  рухани 
саладағы  төзімділік  пен  шыдамдылық,  татулық  пен  бірлік  қазіргі  таңда  да, 
келешекте  де  азаматтық  әлемді  сақтаудың  темір  қазығы  болып  табылады.  Бүгінгі 
күнде елімізде 40-тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сандай–ақ 130 ұлт 
пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікті ту етіп, бейбіт өмір сүріп 
жатыр.Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық 
және  аумақтық  ұлттық-мәдениет  орталықтары  құрылып,  жұмыс  істеуде.Олар: 
әзірбайжан,  грек,  ингуш,  неміс,  шешен,  поляк,  т.б.  халықтарының  ұлттық  мәдени 
орталықтары жанында жексенбілік мектептер де жұмыс істеуде.  
Республикамызда: 

 
Өзбек, тәжік, украин тілдерін оқытуда 88 мектеп; 

 
108 мектепте этникалық топтардың 22 тілде сабақтар оқытылады; 

 
30 этникалық тілдерді зерттеу үшіін 195 тіл орталықтары жұмыс жасайды

 
ТВ шоу 7 тілде жүргізіледі; 

 
35-тен астам этникалық газет-журналдар шығарылады.  
Cонымен,  жоғарыда  аталған  мақсат-міндеттеріміз  ұла  дала  елін  қоныстаған 
әрбір ұлттар мен ұлтөкілдерінің ауызбіршілі мен бейбітшілігін, қарым-қатынасы мен 

     
 
 
118 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
әрекеттерін  қамтамасыз  ете  отырып,  ел  бірлігі  мен  тыныштығын  сақтап  отырғаны 
белгілі.  Ендеше,  Қазақстан  халық  Ассамблеясы  халықтық,  саясатүстілік  өкілдіктің 
ерекше  тетігі  ретінде  транспарентті  мемлекеттің  қоғамдық  бақылау  жүйесінде 
маңызды рөл атқаруы тиіс. 
Aссамблея  алдында  бұрынғысынша  этносаралық  қатынастар  саласын 
саясаттандыруға жол бермеу  міндеті  тұр. Біз қай тараптан шыққанына қарамастан, 
ұлттық  радикализмнің  кез  келген  пішінінің  жолын  қатаң  кесетін  боламыз.  Біздің 
қоғамда  қазірдің  өзінде  қандай  да  бір  радикалды  үндеулер  мен  арандатушылыққа 
қарсы  белгілі  бір  иммунитет  қалыптасып  үлгерді.  Бірақ  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы қолын қашанда қоғамның тамыр соғысында ұстап, тиісті мемлекеттік 
органдармен  бірге  алдын  алу  шараларын  қабылдауы  керек.  ҚХА  үшін  оның 
мемлекеттің  ішкі  саясатын  жүзеге  асыруға  қатысуын  қамтамасыз  ететін,  барлық 
этностарды  жалпымемлекеттік  міндеттер  кешенін  шешуге  жұмылдыратын  арнайы 
бағдарлама  жасалатын  болуы  тиіс.  Бізге  Ассамблея  туы  астында  «Үлкен  ел–үлкен 
отбасы»  жалпыұлттық  акциясын  ұйымдастыру  керек,  деді  Нұрсұлтан  Әбішұлы  өз 
сөзінде. 
Eндеше,  алға  қойған  мақсаттар  мен  міндеттеріміздің  орындалып,  елміздің 
әлем  көгінде  еш  кедергісіз  қалықтап  қанат  қағуына,  ел  бірлігі  мен  тыныштығын 
қорғайтын, ұлтаралық татулықты бекем бекітетін батыл да батыр жас ұрпаққа артар 
сеніміміз мол 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Тоғжанов  Е.Л.,  Кан  Г.В.,  Калашникова  Н.П.,  Коробков  В.С.,  Шаяхметов  Н.У. 
Қазақстан халық Ассамблеясы:жиырма жылдық тарих. «ҚАЗақпарат»,2015. 
2.  Джунусова  Ж.Х.  Республика  Казахстан:  Президент.  Институты  демократии.  – 
Алматы: Жетіжарғы, 1996. – 118 с 
3.  Исмагамбетов И. Ассамблея народа Казахстана: статус и возможности // http: 
www.assambleja.kz. 
 4.    Арын  Р.С.,  Иренов  Г.Н.  Этнополитология.  Учебное  пособие.  –  Павлодар: 
ЭКО,2008. – 285 с. 
 
 
ӘОЖ  82-1. 
 
ЖАМБЫЛ - ХАЛЫҚ АҚЫНЫ 
 
Мүлік Д., Давлетпакова М.Ж. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
d.madina96.96@mail.ru
 
 
Бұл  ғылыми  мақалада  ХХ  ғасырда  жыр  алыбы  атанған  Жамбыл 
жырларының  кеңестік  кезеңдегі  және  тәуелсіздік  жылдарындағы  ғылыми 
зерттеулерді  салыстырмалы  түрде  қарастыра  отырып,  ақын  шығармашылығына 
баға берілген.  
Статья  посвящена  актуальной  проблеме  изучения  творчества  Жамбыла 
Жабаева  в  трудах  советских  литературоведов  и  исследованиях  эпохи 
независимости.  Сопоставляя  различные  точки  зрения,  автор  предлагает  свой 
взгляд на специфику произведений поэта.  
The  article considers  valuable works of  great  poet  Zhambyl  Zhabayev  comparing 
scientific  researches  of  his  written  poems  during  Soviet  Union  and  Independent 
Kazakhstan.   
Тірек сөздер: ақын, жырау, жыр, дастан,  зерттеу. 

     
 
 
119 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
 
 «Халық поэзиясының алыбы», «фольклордың білгірі», «айтыс ақыны», «абыз 
жырау»,  «жауынгер  жыршы»,  «жыр  күмбезі»,  «халық  ақындарының  ақсақалы» 
атанған,  өзінің  ғасырға  жуық  уақытын  талантына  жеңдіріп,  қолына  домбырасын 
алып,  ел  мүддесін,  халық  батырларын  жырлаған,  қазақ  халқының  қаныңда  бар 
қасиеттерін  бойына  жинаған  үлкен  талант  иесі,  өмірге  екінші  мәрте  келіп,  қайта 
жаңарған  жыр  алыбы  –  Жамбыл  Жабаев  «XX  ғасырдың  Гомері»  деген  баламаға 
әбден лайық. Гомер Еуропа еліне қандай жаңашылдық алып келсе, Жамбыл атамыз 
да өз елінің ауызша әдебиетін биікке шығарды. Қанат қаққан қырандай суық күнде 
сыналған,  қақаған  күнге  шыдаған  дарын  иесі  не  көрсе  де  халқымен  бірге  көрді. 
Уақыттың  ағымына  бағынып,  қиын  кездерде  өлең-жырларымен,  бай  рухани 
қажырлығымен,  қайтпас  қайсарлығымен,  еліне  демеу  берді.  Екі  уақыттың  елшісі 
іспеттес,  заман  ағымын  жырлаған  халық  ақыны  келер  ұрпаққа  құнды  еңбектерін, 
мол мұраларын қалдырды.  
Қазақ  халқының  ұлы  ақыны  жайлы  жазбаша  деректер  XX  ғасырдың  20-
жылдарынан  бастап  зерттеле  бастады.  Атап  айтқанда,  алғаш  1925  жылы  жарық 
көрген  Ш.Х.Сарыбаевтың  «Халық  әдебиеті  және  жинау  жолдары»  деген 
мақаласында    Жамбыл  туралы  қысқаша  ғана  мәліметтер  келтірілген.  1931  жылы 
С.Сейфуллиннің  «Қазақ  әдебиеті  нұсқалары»  деген  кітабында  Жамбыл  мен 
Құлманбет  айтысының  қысқаша  нұсқасы  берілген.  М.Әуезов  Жамбыл  туралы 
«Ардақты Жәке!», «Айтыс өлеңдері» деген мақалалар мен «Жамбылдың айтыстығы 
өнері»  деген  тақырыпта  баяндама  жазған.  С.Мұқановтың  да  Жамбыл  туралы  екі 
тілде он бестен астам ғылыми мақалалары жарыққа шыққан. Жыр дүлдүлі жөнінде 
бұдан  да басқа С.Садырбаевтың  «Фольклор  және Жамбыл», Н.Төреқұловтың  «Жүз 
жасаған  бәйтерек»,  Е.Ысмайыловтың  «Жамбыл  және  халық  ақындары», 
С.Бегалиннің  «Жамбыл»  (өмірбаяндық  хикаят),  М.Жолдасбековтың  «Жүз  жыл 
жырлаған  жүрек»  т.б.  көптеген  ғылыми  мақалалар  мен  зерттеу  еңбектері  жарық 
көріп жатты. 
Осы  еңбектерге  негіз  болған  мәліметтердің,  ақын  мұраларының  негізгі 
қайнар  көзі  әлбетте  тамыры  терең,  түбі  тұңғиық  зерттеуде  жатыр.  Дегенмен, 
жырауды  көзімен  көрген,  жанында  жүріп,  өлеңін  естіген  дос-жарандары,  өзінің 
арнайы  хатшылары  да  Жамбылтанудың  негізгі  қорлары  болғаны  шындық.  Жүз 
жасаған жүрек Жамбыл жайында жарыққа шыққан еңбектер қаншалықты көп болса, 
ақынның қайталанбас ерекшелігі, шығармаларының құндылығы да соншалықты көп 
болғаны.  Қазіргі  таңда,  әдебиеттану  ғылымында  Жамбылдың  шығармашылығына 
байланысты екі ұдайы пікір қалыптасқан. Оның бірі - Жамбыл толғау дәстүрін кеңес 
заманы  кезінде  жалғастырған  абыз-жырау  десе,  екіншісі-тоталитарлық  биліктің 
қолдауын  көрген,  сталинизмді  жақтаушы  ақын  деген  көзқарас.  Бұл  пікірлердің 
қаншалықты  ойып  алардай  орны  бар  екенін,  шындыққа  жақын  не  алыс  екенін 
анықтау  үшін  ақынның  өз  шығармаларын,  Жамбылды  зерттеген  ғалымдардың 
еңбектерін қарағанымыз жөн болар. 
Есмағамбет  Ысмайылов:  «Қазақтың  көне  әдебиет  нұсқаларында  жырау 
қазақта ақындықтың ең көне түрі болғанға ұқсайды. – Қазақтың әдебиет, фольклор 
дүниесінде  ақын  бір  ғана  жырлаушы  (певец),  әңгімеші  (сказитель)  мағынасында 
жүрмейді,  шығарып  айтушы  (поэт)  мағынасында  да  қолданылады.  Сондықтан  бір 
ақын  деген  сөздің  аумағына  әрі  поэт,  әрі  певец,  әрі  сказитель,  әрі  суырыпсалмалы 
(импровизатор)  ұғымдар  түгел  сиятын  сияқты.  Осы  кең  мағынадағы  ақындық 
қасиет, белгілер Жамбыл сияқты ақындарда толық болады» [1], - делінген. Жамбыл 
өлеңдерінің  көбісі  ауызша  тарағаны  белгілі.  Ақын  мұраларының  ішінде  өлеңнен 
басқа батырлық дастандар, күйлер, айтыстар және толғаулар бар («Замана ағымы», 
«Туған  елім»,  «Менің  өмірім»).  Толғау  да  жырауға  тән  қасиет  екені  белгілі. 

     
 
 
120 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
Жыраулар  өз  замандарының  елеулі  оқиғаларын,  көзбен  көрген  тарихи  кезеңдерін 
жырға қосатын болған.  
М.Жолдасбековтың еңбегінде: «Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа 
мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді. 
...Екіншісі – өле-өлгенше көмейі күмбірлеп, жағы талмаған дария-даңғыл жыраулар 
мектебі.  Мұның  әзірге  біз  білетін  аты  мәлім  түпкі  атасы  -  Сыпыра  жырау.  Оған 
ілектес Шалкиіз, Бұқар, Шөже, Майкөт жыраулар аталады. Сондай жыраулардың ең 
соңғы  үзігі  –  Жамбыл»  [2],  -  деп  баға  берген  болатын.  Жамбылтанудың  негізін 
қалаған  ғалымдардың  пікірлеріне  күдікпен  қараудың  өзі  үлкен    қателік.  Сол 
себептен  «Жамбыл  –  кеңес  заманында  жыраулық  дәстүрді  дамытушы»  деген 
пікірмен келісетініміз анық. 
1936  жылы  социалистік  реализм,  таптық  сана,  коммунистік  идеология 
қазықтай  қағылып,  қалам  еркіндігіне  тұсау  салынған  кезде  ақын  –  жазушыларға 
кеңестік  заманның  жетістіктерін,  коммунистік  партияның  тұлғаларын  жаздырту 
тапсырылған. 
Осыған  орай  ҚР  Президенттік  архивінде  (бұрынғы  Партия  тарихы  архивы) 
сақталған  15  пункттен  тұратын  құжатқа  көз  жүгірткенде  сол  кездегі  идеологиялық 
саясаттың соншалықты солақай екеніне таңқаласың. 
Тезисы 
Письмо в стихах казахских писателей на имя товарища Сталина. 
1.  Армия  казахских  советских  писателей  во  главе  с  великаном  казахской  советской 
поэзии столетним Джамбулом шлет Вам, товарищ Сталин пламенный привет. 
2. б) ... Эту свободу казахскому народу дала партия большевиков во главе С Лениным 
и Вами, дорогой товарищ Сталин. Поэтому столетни Джамбул и другие представители 
казахской  советской  литературы  Вас  товарищ  Сталин,  воспевают  как  богатаря  всех 
богатырей. 
Текст  тезисов  составлен  С.  Мукановым,  одобрен  на  заседаний  Правления  ССПК  от 
7.V-39 г. [3]. 
Жан  дүниесі  өлеңмен  көмкерілген,  сөздері  жүректен  төңкерілген 
ақындардың  атасы  жазбаша  хат  танымағаны,  кирилицадан  хабары  жоқ  болғаны 
белгілі. Көмекші хатшыларының арқасында Жамбыл шығармаларының көбісі қағаз 
бетіне  түсті.  Сол  уақыттағы  солақай  саясаттың  кемшілігінен  берілген  тапсырманы, 
зілді  бұйрықты  орындамасқа  ешкімнің  шарасы  жоқ  еді.  Сол  себептен  хатшылары 
Жамбылға кеңестік, партиялық тақырыптардағы өлеңдерді айтқызған.  
Рафат  Әбдіғұлов  өзінің  берген  бір  жауабында:  «Ғылыми  кітапхананың 
қолжазба қорында Жамбылдың Сарбаспен айтысының мәшеңкеге басылған, қазіргі 
кітаптарға  шығып  жүргені,  одан  кейін  аталған  нұсқадан  үш  есе  үлкен  араб 
жазуындағы  нұсқасы  тұр.  Мәшеңкеге  басылған  нұсқада  қаламсаппен  өзгертілген 
жерлері  бар.  Мәселен,  «орыс»  сөзінің  үстін  сызып  «крестиян»  деп  қойған.  Арабша 
қолжазба  бір  бағанаға  жазылған,  бір  жерлерінде  параллельный  жолдар  бар,  араб 
жазуымен  жазылған,  бірақ  сиясы  мен  қолтаңбаы  басқа.  Қарап  отырсаңыз,  тағы  да 
Жамбылды  советтік  идеологиялық  талаптарға  жақындатуға,  интернационалист, 
атеис қылуға тырысқандары байқалады» [4], - деген. Бұл да бір қолдан өзгертілген іс 
екенін анықтайды. 
Жамбыл Жабаевтың 1940 жылы жарыққа шыққан жинағында «Өтеген батыр» 
жырында мынандай жолдар кездеседі: 
« Бір жұрт бар орыс деген көздері көк, 
Бір жерге бекер қарап тұрмайды тек. 
                                          Келеді осы күнде жерді қаптап, 
                                          Өзінің қайрат-күші, айласы көп. 
                                          Сол келіп шұрайлы жеріңді алар, 

     
 
 
121 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2016     
 
                                           Қаратып тегісімен еліңді алар. 
 
   Көнбесең сөйлеп тұрған сөзіңді алар. 
                                          Жайылған өрістегі малыңды алар. 
                                          Басың байлап, аяғыңа тұсау салар. 
                                          Егер де оныменен қарсы келсең, 
     Бір шыбындай тәніңдегі жаныңды алар!»  
Осындай  өлең  жолдары  ақынның  сөз  бостандығы  өз  еркінде  екенін 
дәлелдегендей.  Ал,  Сталинизмді  жақтаушы,  тоталитарлық  жүйені  мақтаушы  дегенге 
келетін болсақ, ол сол кездегі кеңес заманының талабы, бодандықтың бұғауынан туған 
еріксіз  жырлар  дер  едім.  ҚР  Мемлекеттік  архивінің  қорында  «Подстрочники  стихов 
Джамбула  Джабаева»  деген  қалың  папка  бар.  Ішінде  ақын  өлеңдерінің  жолма-жол 
аудармаларымен  қатар,    ақынның  бірқатар  өлең-толғаулары,  «Менің  өмірім»  атты 
өмірбаяндық  шығармасы,  «Өтеген  батыр»  жырының  екі  нұсқасы  бар.  Соның  ішінде 
«Мен өлмеймін, өрлеймін» толғауының (жүз жиырма жол), «Ақын», «Заманым», т.б. 
бірнеше  өлеңдерінің  еш  жерде  жарияланбағанын  байқадық.  Бұл  да  кеңестік 
идеологияның салдары.  
1937  жылы  «Литературная  газетада»  жарияланған  Жамбылдың  өмірбаянында 
ақын  жаңа,  социалистік  заманды  былай  деп  сипаттайды:  «Жетпіс  жасқа  келгенімде 
жаңа,  жарық  тұрмысты  көрдім.  Мен  батыр,  алып  тұлғалы  Лениннің  атын  естідім. 
Қызыл армияның еңбек жорығын көрдім. Айналамда жаңа өмір жайнап жатты. Өзіме 
жаңа  күш  кіргенін  сезініп,  қолыма  домбыраны  қайта  ұстадым.  Жас  дәуренім  қайта 
келді – ән салдым, жаңа өмірді жырлау үшін қайта тұрдым», - дейді. Жамбыл ғасырға 
жуық  өмірінде  ел  басынан  өткерген  талай  қиыншылықтарды,  қарға  тұмсығының 
батқаның,  сауысқанның  сатқаның  көрген  жыр  иесі.  Заманына  көңілі  толса,  ол  да 
ақынның шабыттануына әсер ететіні сөзсіз.  «Жәкеннің екінші рет дүниеге келгені  – 
1934 жыл», - деп жазады Ғ.Мүсірепов. 
Т.  Сыдықов  Жамбыл  жайында:  «Революцияға  дейін  сый  –  құрметке  от  тілді, 
орақ  ауыздылығына  орай  «бөленсе»,  кеңес  өкіметінің  тұсында  шығармашылық 
қызметіне  қатысты  ел  ықыласына  бөленіп,  нағыз  тыңдаушысын  тапқанына,  өнері 
өлмейтініне  көзі  жетіп,  қайырыла  бастаған  қанаты  қайта  жазылады»  [5],  -  деп  өз 
пікірін білдіреді. Жоғарыда келтірілген құжаттарды алға тартып, Жамбылға қатысты 
екінші  пікірге  де  жауап  қайтардық.  Жамбылды  жан  –  жақты  зерттеп,  жауқазындай 
жазған жырларын, ақындық өнерін, қайталанбас күйлерін, жыр – дастандарын үлгілі 
ұрпаққа үлгі етуіміз парыз. Халқымыздың бір туар тұлғаларын қадірлеуге, еңбектерін 
бағалауға,  айтылған  әрбір  пікірді  саралауға  тиіспіз.  Тәуелсіздігімізді  алып,  бас 
бостандығымыз, қалам - тіл бостандығымыз шексіз болған уақытта еліміздің елдігің, 
батырлардың  ерлігін  жырлаған  ақын  –  жырауларымыздың,  жыршыларымыздың 
еңбектерін  оқырман  қауымға  дәлелді  дәлдікпен,  жаңаша  көзқараспен  жеткізейік. 
Жамбылдай халық ақындарын мақтанышпен дәріптейік және өз биігінен түсірмейік. 
 
Каталог: journals
journals -> Хабаршы вестник
journals -> Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева
journals -> Л-фараби атында ы аза лтты
journals -> Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук
journals -> Казахский национальный
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Казахский национальный
journals -> №4(68)/2012 Серия филология

жүктеу 7.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет