Реферат Тақырыбы: Ұсақтау процесінің теориялық негізі Орындаған: Әбдіманап Р. Б. Оқу тобы



жүктеу 58.62 Kb.
Дата06.06.2022
өлшемі58.62 Kb.
#20457
түріРеферат
Ұсақтаудың теориялары
Сүт өнімдерінен туындайтын аурулар

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Аграрлық технологиялар» кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Ұсақтау процесінің теориялық негізі

Орындаған: Әбдіманап Р. Б.
Оқу тобы: ТПП 20-1
Тексерген: Ералиева С. Ж.
Қызылорда қаласы (2021-22 оқу жылы)

Жұмыс мазмұны:



  • Ұсақтаудын міндеті, тәсілдері мен түрлері.



  • Ұсақтаудың физикалы-механикалық негіздері.



  • Ұсақтау теориясының негізі.



  • Ұсақтауға кететін энергия шығыны.



  • Ұсақтағыштардың жұмыс ісинципі және конструкциялары: жақты, білікті, балғалы, шарлы, конусты.

Механикалық күштердің әсерімен қатты денелерді бөлу процесі ұсақтау деп аталады. Ұсақтау процесінде материалдың көлемі сақталады да, оның бөліктер саны және қоршаған ортамен жанасу беті көбейеді. Ұсақтау процесі химиялық және т.б. өндірістерде кеңінен қолданылады.


Ұсақталған материал экстракциялау, жылумен өңдеу және т.б. процестердің өтүін тездетеді және заттардың, жылудың шығындарын азайтады.
Егер ұсақтау кезінде белшектерге белгілі бір пішін беру қажет болмаса, онда бұл процесс ұсақтау, ал егер ұсақтаумен бірге бөлшектерге белгілі бір пішін берілсе, оңда мұндай процесс кесу деп аталады.
Ұсақтау қолданылатын күштердің түріне байланысты: қысу, шағу, сындыру, үйкеу және айыру тәсілдерімен іске асырылады. Іс жүзіңде әртүрлі күштер бір мезгілде қолднылады. Мысалы, қысу және соққылау, соққылау және үйкеу және т.б. Бөлшектердің өлшеміне (размеріне) және материаддың механикалық қасиетіне байланысты ұсақтау тәсілін таңдап алады.
Ірі, орташа, майда ұсақтайтын машиналарды шартты түрде ұсақтғыштар, ал жүқа және аса майда ұнтақтайтын машиналарды диірмендер деп бөледі.
Ұсақтау процесі материал бөлшектерінің арасындағы ілінісу күшін жеңетін сыртқы күштердің әсерінен іске асырылады. Бұл кезде белгілі бір жұмыс атқарылады. Ұсақтау теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі – осы атқарылатын жұмыстың шамасын анықтау. Ұсақтауга жұмсалатын жұмыс мына шамалардан құралады:


  1. Материалдың ұсақталатын бөлшектерінің көлемдік деформациясына жұмсалған жұмыс;



  1. Бөлшектердің өлшемі кішірею салдарынан пайда болатын жаңа беттерді құруға жұмсалған жұмыс;



  1. Ұсақтау машиналары жұмыс істеу нәтижесінде пайда болатын және қоршаған ортаға пайдасыз шығындалатын жылуға жұмсалған жұмыс.

Мұндағы алғашқы екеуі ұсақтаудағы пайдалы жұмсалатын жұмыс болып табылады.

Ұсақтауға жұмсалған сыртқы күштердің толық жүмысы РЕБИНДЕР теңдеуімен өрнектеледі:



    1. - теңдеу

Ірі материалдарды і-дің аз мәндерінде ұсактағанда жаңа беттер пайда болуға жұмсалған жұмыстаң аз болуына байланысты оны есепке алмауға болады. Сонымен бірге, бөлшектің көлемінің өзгеруі оның алғашқы көлеміне пропорционал, ал көлем бөлшек өлшемінің (D3) үшінші дәрежесіне пропорционал екендігін есепке алсақ (1.2) - теңдеуді былай жазуға болады:







Мүнда - пропорционалдық коэффициент.


(1.2)-теңдеу Кик-Кирпичевтің ұсақтау гипотезасын өрнектейді: Ұсақтауға жұмсалған жұмыс ұсақталатын бөлшектін көлеміне немесе массасына пропорционал. Бұл кездегі толық жұмыс ұсақтау дәрежесі аз болған, ірі ұсақтау жағдайына сәйкес анықталады.

Егер материал жоғары үлкен ұсақтау дәрежесімен ұсақталса, онда көлем деформациясына жұмсалған жұмысты, аз болуына байланысты есепке алмауға болады. Онда, бөлшек бетінің өзгеруі оның алғашқы бетіне пропорционал, ал ол бөлшек өлшемінің (D2) квадратына пропорционал болады:




(1.3) -теңдеу


Мұнда k2 – пропорционалдық коэффициент.

(1.3)-теңдеу Риттингер гипотезасын өрнектейді: Ұсақтауға жұмсалған жұмыс жаңадан пайда болған бетке пропорционал. Риттингер гипотезасы ұсақтау дәрежесі жоғары болған (майда ұсақтау) ұсақтауда жұмсалған жұмысты шамалап анықтауда қолданылады.



Химия өнеркәсібінде ұсақталатын материалдардың түрлері өте әртүрлі, сондықтан оларды ұсақтайтын машиналардың түрлері де әртүрлі. Дегенмен, машиналар мынадай жалпы талаптарга жауап берулері керек:


  1. Машиналардың істен шығатың ұсақтағыш элементтерін алмастыру тез және оңай болу керек;



  1. Ұсатылған материалдың бөлшектерінің өлшемдері бірдей және ұсақтағыштың құрылымы ұсақтау дәрежесін мүмкіндігінше тез және оңай өзгертетін болу керек.



  1. Құрғақ материалдарды ұсақтағанда шаң аз шығу керек;



  1. Белгілі дәрежеге дейін ұсақталған материал ұсатқыштан тез шығарылуы керек;



  1. Ұсақтағыштың массасы мүмкіндігінше аз болуы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  • Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов және тб./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. –17 – 34 бет;



  • Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –19 – 43 бет;



  • Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: жоғарғы мектеп, 1976. – 416 б. – 24 – 49 бет.

жүктеу 58.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет